Дәстүрлі түрік дүниетанымының қазақ мәдениетіне әсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
1. Түрік тілдес халықтарының дүниетанымы

Лекция жоспары:

  1. Түркі тілдес халықтарының дүниетанымы және мәні.
  2. Түркі тілдес халықтарының мәдени ерекшеліктері.
  3. Туркі халықтарының дүниетанымы және өркениет.

Дәстүрлі туркілік дүниетаным - бүгінгі ұлттық-мәдени ұстындарымыздың негізі. Жалпы дүниетаным деп өмірдің, әлемдегі болмыстардың, адамның мақсаты мен мәнін, оның құндылықтар әлемін тұтас қамтып тануға бағытталған ғарыш туралы біртұтас әмбебап (универсалдық) көзқарасты айтамыз. Ал дүниетанымдық категорияларды тарихи және мәдениеттік қабаттарына қарай дәстүрлі, түркілік (ұлттық), діни және т. с. с. деп жіктеуге болады. Сондьщтан біз осы дүниетанымдық категориялардьщ ішіндегі дәстүрлі түркілік дүниетанымның мәні мен маңызы, оның қазақ философия-сындағы орны мен негізгі ұстындары туралы сөз қозғаймыз.

Дүниетанымдық категориялардың ішіндегі мәдениеттік, яғни түркілік дүниетаным қабаттарына халықтың табиғи әрі тарихи тәжірибесімен анықталатын дүниетанымдық әмбебаптар жүйесі де кіреді. Барлық халықтың (ұлттық) мәдени тұтастығы мен табиғи ерекшелігіне сай әлемнің жаратылуы (космогония), ғарыштың құрылысы - әлемді елестету құбылысы (космология), кеңістік (отан, жер, су) пен уақыт, адам және оның әлемдегі орны, жақсылық пен жамандық, жан мен тән, өмір мен өлім және т. с. с. дүние-танымдық құбылыстарды кескіндейтін ұғымдары мен түсініктері бар. Дүние-танымдық құбылыстар мен құндылықтарды, негізгі ұстындар мен категорияларды мифологиялық, философиялық және т. б. тұрғыдан толғау деңгейі сол халықтың мәдениеті, ойлау жүйесі мен дүниетанымдық ерекшеліктерінің көрсеткіші болып табылады.

Дәстүрлі дүниетаным барлық халыққа тән құбылыс ретінде әрбір ұлттық мәдениеттің дамуы мен түлеуі қабаттарында маңызды функцияға ие. Басқаша айтар болсақ, дәстүрлі дүниетанымдық ұстындар мәдениеттің трансформациялық және трансляциялық түлеу процестерінде негізгі тұғыр қызметін атқарады. Бұл жерде трансляция, яғни "тасымалдау" деп, әрбір мәдениеттің белгілі бір уақыт шеңберінде, ғасырлар белесі мен тарихи кезеңдерінде өз ұстындарының формалық қабаттарын ұрпақтан-ұрпаққа беру құбылысын айтады. Трансляцияның негізгі қызметі мәдениеттің дүниетанымдық, құндылықтық және тілдік қабаттарын тұтастандыру мен өзара тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Ад мәдениеттің мазмұндық жағынан түлеуін - қайта қалыптасу (трансформация) деп атайды. Трансформацияның қызметі - мәдениеттің дәстүрлі қалыбынан, яғни шарасынан асуын қамтамасыз ету. Міне, мәдениеттік-дүниетанымдық тіршіліктің даму динамикасы диалектикалық тұрғыдан осы жолдар арқылы жүзеге асып отырады. Бұл жерде дәстүрлі түркілік дүниетанымның мәдениеттің әрбір түлеу сатыларындағы негізгі өзгермейтін ұстындарды (архетиптерді) сақтаушы әрі мәдениеттің трансформациялық және трансляциялық процесіндегі негізгі түғыр ретіндегі қызметін көреміз.

Дүниетанымның негізі ұстыны - мәдениет болса, мәдениеттің күретамыры оның тіршілігі мен қалыптасуына қажетті құндылықтар жүйесін реттеуші күш - дін болып табылады. Басқаша айтар болсақ, мәдениеттің дүниетанымдық құндылықтары тікелей трасцендентальды киелілікпен, яғни Ұлы Тәңірмен үндестікте болғандағана тұрақты құндылықтық сипатқа ие бола алады. Ал осы құндылықтарды тұтастандырып реттеу, яғни үйлестіру қызметін сенімдік-діни институттар атқарады. Осы негізге сүйене отырып қазақ философиясының тарихи, мәдениеттік-ділдік қабаттарын "исламнан бұрынғы және исламнан кейінгі" деп шартты тұрде екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Яғни дәстүрлі түркілік дүниетанымның ділдік негізі болып табылатын Тәңірлік діні исламнан бұрынғы қазақ философиясының негізгі ойлау жүйесінің ұстындық желісі болып табылады. Осы концепцияны Д. Кішібеков "Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең" атты еңбегінде мәдениеттік-тілдік қырынан ашып көрсетеді. Ол аталмыш еңбегінде: " . . . Қазақ тілінің қалыптасуының бірінші кезеңіне рулық сана, Тәңірлік сенім, тайпалық қарым-қатынас, әдет-ғұрып негізіндегі тіл ауыз әдебиеті жатады, ал, екінші кезеңіне болса, ислам діні енгеннен кейінгі Ақ Орда, Алтын Орда мемлекеттері қалыптасқан Қорқыт Ата, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иасауи, Дулати, Кодекс Куманикус дәуірі жатады" - деп, жоғарыдағы ойымызды бекіте түседі. Ал ойлау мен тіл мәдениет пен дүниетанымның қалыптасу тарихы арасындағы үндестік пен қалыптасу құбылыстарының ерекше тұтастықта болатындығын философ І. Ерғалиев: " . . . Адам дүниенің танымдық та, руханилық та жақтарына тіл арқылы енеді . . . " деп соны ой-таразысымен салмақтай түседі. Ақиық ақын С. Сейфуллин өз кезінде: " . . . Қазақ арасына жазба әдебиетін таратқан - Түркістаннан шыққан қожалар. Ол кезде қазақтың арасына көп таралғаны - Қ. А. Иасауидің кітабы. Біздің қазақ ақындары соны еліктеп кеткен" - деген тұжырымы арқылы әдебиеттегі жанрлардың қалыптасуындағы және дүниетанымдық қабаттар мен кезеңдерді анықтаудағы Иасауидің хикмет дәстұрінің маңыздылығын анық көрсеткен.

Дәстүрлі түркілік дүниетаным - ойлау мен тіл, мәдениет пен дүниетаным арасындағы өзара үндестік заңдылықтарын реттейтін ұлттық-мәдениеттік дүниетанымның алғашқы тарихи типі. Сондықтан, ұлттық дүниетанымның негізі болып табылатын мәдениеттің қалыптасуы және түлеу құбылысын тікелей ана тілмен тұтастықта қарастыру - осы саладағы зерттеулердің басты шарты болуы керек. Сонымен қатар дәстүрлі түркілік дүниетаным - исламнан бұрынғы тарихи, мәдениеттік қабаттардағы тілдік, ділдік және ойлау құндылықтарының жиынтық болмысы.

Негізінен дәстүрлі дүниетанымға түркілік сипат беріп, оны басқа мәдениеттерден оқшаулап тұратын категориялық, құндылықтық құбылыстар мен символдық ойлау ұстындары дәстүрлі түркілік дүниетанымның ерекшеліктері болып табылады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы адамды қанаттандырып, "дін - адам -қоғам" немесе "Тәңір - адам - әлем" шеңберінде қалыптасқан құндылықтар мен құбылыстардың, ұғымдық ұстындардың формалық және мазмұндық тұрғыдан қалыптасу және түлеу процестері әлі де толық зерттелмей келе жатқан проблемалардың басында тұр. Бұл - дәстүрлі түркілік дүниетанымның қазақ мұсылмандық түсінігі негізінде қалай және қандай (трансформациялық) мазмұндық құбылыстар мен тәсілдер арқылы жаңғырғанын анықтаудың басты шарты болып табылады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, діни-философиялық және тарихи-тәжірибелік танымдардың кешенді жиынтығынан тұратын дәстүрлі дүниетаным барлық халықтарға тән ортақ ерекшелік ретінде адамзат тарихында "құдайлық киелілік" ұғымы төңірегінде қалыптасқаны сияқты, дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізгі ұстындары да Тәңірлік діни танымнан бастау алған. Бұл ойлау жүйесі бойынша адамның және оны қоршаған ортаның негізі, яғни ғарыштың "иесі" мен "киесі" - Тәңір. Мысалы дәстүрлі түркілік дүние-танымда кек аспан киелі, өйткені ол - Тәңірдің мекені әрі сипаты; "жер мен су" қасиетті, өйткені ол - Тәңірдің құты, несібесі; ел-халық қастерлі, өйткені олар - Тәңірдің жердегі аманаты; қаған (хан) киелі, өйткені ол - Тәңірдің еркін білдіруші және оньң аманаты болып табылатын елдің иесі, сақтаушысы, және т. б. болып киелілік қатары жалғасып кете береді. Яғни дәстүрлі қоғам адамын қоршаған орта - тек физикалық әлем ғана емес, Тәңір арқылы мәні ашылатын киелі әлемдер жүйесі болып табылады. Осындай "ие мен кие сенімінің" дәстүрлі қоғам адамын тікелей Тәңірлік жаратылыс бастамаға ұластыру құбылысы арнайы категориялық-танымдық, образдық-символдық ойлау стилімен берілген. Мұнда алғашқы "Тәңірлік бастаманы" белгілі ритуалдық әрекеттер арқылы қайталау немесе еске алу ақиқат ретінде қабылданады. Осы "ақиқатқа қайта оралу" уақытын "циклдік уақыт" дейміз. Циклдік уақыт - дәстүрлі түркілік дүниетанымның басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

Дәстүрлі түркілік дүниетанымда "Тәңірлік бастама немесе Тәңірлік ақиқатқа" ұласудың кеңістігі - адамның кіндік қаны тамған туған жері. Өйткені дәстүрлі қоғам адамының туған жері- алғаш Тәңірлік жаратудың жүзеге асырылған уақыты мен кеңістігінің қайталанған жері, әрі Тәңір тарапынан берілген құт. Тәңірдің құтының шоғырланған жері - "Жерұйық". Ежелгі түрік аңыз-әпсаналарында Жерұйық "орталық, кіндік" мағынасындағы символдарымен берілген. Дәстүрлі қоғам адамының Тәңірмен байланыс құруы тікелей рухымен емес, Жерұйық арқылы жүзеге асатын. А. Инан, Б. Өгел сияқты түркітанушы-ғалымдар Жерұйық сөзін "бақыт", "тыныштық" үғымдарымен тұтастықта қарастырады.

Демек, Желмаямен шартарапты кезген Қорқыт пен Асан Қайғының елі үшін Жерұйық іздеуі - утопия емес, дәстүрлі түркілік дүниетанымның ділдік-ойлау әлемінің ақиқаты. Жерұйық - әлі күнге дейін тарихи функциясын жоғалтпаған дәстүрлі түркілік дүниетаным космологиясының негізгі ұстыны әрі Тәңірге барар "орталық жолдың" рәмізі. Қазақтың қасиетті қара шаңырағы -киіз үйі де әлемнің кіндігіне тігіледі. Олай болса, киіз үйдің құрылысы "алғашқы Тәңірлік жаратылыс" ақиқатының сыры мен дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізгі ұстындарының мәнін өзімен бірге сақтап келеді деген сөз.

Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы адам Тәңірлік бастаманы жалғастырушы қаған (қам-қаһарман) арқылы немесе аталар тарапынан салынған сара дәстүрді, әдет-ғұрыптарды саналы тұрде жаңғыртып отыруы арқылы ақиқатқа ұласады. "Түріктің Тәңірі" аталар жолын, дәстүрін, яғни дінін белгілеп берген. Осы жолды сомдап, нақтылау үшін де дәстүрлі қоғам адамы өз әлемін -құндылықтық және құбылыстық рәсімдер мен ритуалдық салт-жоралар, сенімдік жүйе мен табу, образдық-символдық ойлау стилін қалыптастырған болатын. Дәстүрлі дүниетанымдағы нақты тарихи уақытқа қарсы тұру, о бастағы периодикалық-циклдік "ұлы уақытқа" қайта оралу үшін жасалған ұмтылыс, ежелгі "уақыт ұғымына сыймайтын кезеңді сағынуды" білдіреді. Осы ұмтылыс пен сағыныштың негізгі мұраты - бақыт. М. Элиаде, уақыттың жоққа шығарылуын дәстүрлі қоғам адамының діни дүниетанымдық санасының метафизикалық нәтижесі деп бағалайды. Яғни дәстүрлі түркілік дүниетаным адамы әр түрлі апат, соғыс, қиын-қыстау күйзелістен құтылудың жолын, яғни бақытты алдағы уақыттан емес, керісінше, "алғашқы жаратылыс уақытына" оралудан күткен деуге болады.

Бүгінгі күн тұрғысынан осы ерекшелікті таразылап көретін болсақ, дәстүрлі қоғам адамы ғарыштың ырғағымен үндестікте, әрі уақытқа қарсы әрекет етсе, бүгінгі қоғам адамының өзін тек қана тарихпен байланыста бағамдайтындығын байқауға болады. Дегенмен, дәстүрлі қоғам адамы үшін ғарыштың өзіндік тарихыт бар. Бұл тарих Тәңір жаратқан метафизикалық болмыстар немесе мифологиялық қаһармандар тарапынан жүйеленіп қойылған. Бірақ ғарыштың (космостың) және дәстүрлі қоғам адамының тарихы- аңыздар арқылы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен "қасиетті тарих". Бұл жердегі қасиетті тарих - алғашқы миф дәуірінің бүкіл құбылысын қайта жаңғыртып отыратын рәсімдер үшін үлгі (модель) ретінде алынып, үздіксіз қайталанулардан тұратын тарих. Дәстүрлі қоғам адамы өзінің осы тарихи құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді "сөз" (логос-калам) деген құдіретті күш арқылы жүзеге асырған. Өйткені дәстүрлі қоғам адамының ойы мен тілі толығымен нақтылы (конкретті) табиғатқа ие. Яғни мифологиялық ойлаудың логикасы қазіргі заманғы ғылыми ойлаудың логикасындай нақтылық табиғатта болған. Бұл жердегі өзгешелік сападағы процестер арасындағы сапалық өзгешелік емес, қолданған құралдар арасындағы өзгешелік болып табылады. Түрік ойшылы Х. З. Үлкен ежелгі түркі философиясын (хикмет-даналықты) тікелей алғанда ешқандай да бір тұлғаның жеке үлесі бола алмайтындығын, оның бүкіл бір ұлттың немесе халықтың мінез - құлқынан және табиғатынан туындайтын практикалық - моральдық философия ретінде қарастырады. Бұл философия дүниетанымдық дәстүр жағынан космогонияға жақындаса, әрекет- дәстүрі жағынан ахлақ (этикалық-моральдық) теориясы болып табылады. Бұл жерде Х. З. Үлкен В. В. Бартольдтың "кез келген халықтың психологиясын танудың кілті оның дінінде жатыр" деген ойымен төркіндес, қай халықтың болмасын мінез-құлқын, моральдық-этикалық жүйесі мен құндылықтарын тану үшін оның рухани күретамыры болып табылатын философиясына үңілу керектігіне тоқталады.

Батыстық түркітанушы Ж. П. Ру мен М. Элиаденің түркілердің мәдени-дүниетанымдық ұстындарына берген тұжырымдары біршама ықшамды әрі нақтылығымен ерекшеленеді: " . . . Патриархалдық ерекшеліктер басым, отбасында еркектің орны мен рөлі үстем. Қандастық-генетикалық туысқандықтың негізі берік қаланған. Экономикалары аңшылық пен мал шаруашылығына негізделген көшпелі мәдениет. Діни тұрғыдан "ұлы көк Тәңірі" сенімі өте маңызды. Дәстүрлі қоғамда Тәңірдің елшілерінің (қаған, қам) рөлі үстем, оларға өте үлкен мән беріледі. От - қасиетті, аттың да діни маңызы мен қоғам өміріндегі орны ерекше. Жеке меншік басты рөл атқарады. Көне түркілерде "жанның мәңгілігі" сенімі қуатты болғандықтан да аталардың аруақтарына тағзым етіледі" - деп, бір-бірін толықтыратын, дәстүрлі түркілік дүние- танымның ерекшеліктерін анықтауға тырысқан.

Тұрік философы Х. З. Үлкен де ежелгі түркі философиясының ерекшеліктерін көне үнді, грек және иран философиясымен салыстыра зерттеп, түркілердің үнділер сияқты томаға тұйық, жабық, мистикалық табиғаттағы ұлт еместігін, көне гректер сияқты табиғат пен космостық жүйеге (низам-и алам) тұтқын, тағдырға оңай мойынсүнатын ұлт еместігін айтады. Түріктер әр түрлі мәдениет және өркениеттер арасындағы екі жақты сұхбаттың арқасында, өте терең реалистік дүниетанымға ие болған. Осы болмыстық жүйенің бұзылуы адамның тіршілігі мен рухындағы тепе-теңдік пен үйлесімділіктің әлсіреуінен болатындығы сияқты, адамның ішкі үйлесімділігінің бұзылуы да жалпы тұтастықты ыдыратуы ықтимал. Осылайша болмыс пен адам арасында екі жақты байланыс, бірлік, тұтастық бар. Міне, Бұл тұрғыдан қарастырғанда болмыс адамға және адам болмысқа тәуелді болмай, тәжірибелік тіршіліктің негізі осылардың бірлігінен туған үйлесімділіктің көрінісі болып табылады. Адам құтты әрі бақытты болуы үшін осы бірлікті сақтай білуі тиіс. Бірақ бұл бірлікті сақтау көне грек философиясындағыдай космостың құдіретті, өзгермейтін мәртебелеріне бағыну немесе оған қайшы келетін құмарлықтарды жою емес. Өйткеніт түркілік космогонияда космостың "көк пен жердей" алыс мәртебелері жоқ.

Түркілік дүниетанымда жоғарыдағы үндестік пен бірлікті қамтамасыз етіп, бақытқа жету үшін дана, батыл, әрі қанағатшыл болу керек. Бұл құндылықтардың ең бастысы - батырлық пен еркіндік. Дәстүрлі дүниетанымда тағдыр - пәлекет әкелетін қара күш емес, керісінше осы дүниедегі тіршілікте түзелтуші, арылтушы сипатқа ие, адамдарды жамандық әрекеттерден тыйып, жақсы әрі парасатты ойлар мен істердің үстемдік етуіне ықпал етіп отырады.

Түрік Тәңірінде негізінен "қасиетті үйлену" (гиорогамия) атымен жоқ, яғни түріктің Тәңірі Ассирия, Вавилония, Грек және Рим Тәңірлері секілді әйел Тәңірлермен үйленбейді. Бұл ерекшелік түркілік менталитетке, тіл логикасына да тікелей ықпал еткен. Мысалы, басқа көптеген тілдерде кездесетін "средний род, мужс-кой род, женский род" сияқты айырмашылық жалпы түркі (қазақ) тілдерінде кездеспейді. Өйткені, түркілік дүниетанымда космос біртұтас үйлесімділікте қабылданады. Сондықтан да жыныстық тұрғыдан әйел-еркек деп бөлектеу құбылысы олардың дініне, діліне, тіліне де жат нәрсе. Иасауидің ілімінің негізінде ғибадат жүйесі мен алақа зікірінде әйел мен еркек теңдігі сақталған. Бұл құбылыс дәстүрлі түркілік дүниетаным ерекшелігін туындайды.

Жалпы түрік мәдениетін өзіндік ерекшеліктеріне қарай мынадай топтарға бөлуге болады:

  1. Енесей қырғыздарының мәдениеті
  2. Қыпшақ -қимақ мәдениеті
  3. Алтай түркілеренің мәдениеті

Жүргізілген ғылыми зерттеулер мен қол жеткізген нәтежелерге қарағанда түркілер 4000 жылдық тарихы бар. Түрік атауы кезінде тарих сахнасынан орын алған Түрік мемлекеттері арасында айтарлықтай кеңінен қолданылмаған. Түркілер тарапынан құрылған бірнеше мемлекет, сол мемлекетті басқарған династия немесе мемлекеттің негізін қалаушыларының атауымен атаған. Тарихи деректерге жүгінсек, түрік атауын алғаш рет Көктүрік VI ғасырда (552ж) қолданылған. Ал түрік атауының мағынасы туралы алғаш пікірді ғалы А. Вамбери айтқан болатын.

Тарихта Қытай, Үнді, Парсы, Араб және Батыс мәдениетмен ұштастырып, олармен аралас - құралас өмір сүрген түркілердің өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпаған. Әрдайым төл - тума мәдениетін жалғастырып отыруын, олардың өзіндік және күті мәдениетке ие болғандығының нәтежесі деп білуге болады. Әсіресе Шығыс пен Батыс сауда қатынастарының жандануына байланысты және түркілердің ислам әлемінің құрамына тартыла бастағанынан кейінгі кезде белең алған түрік ислам өркениетінің Батыс әлеміне еткен ықпалы батыс ғалымдары, миссионерлері мен саясатшыларының зерттеулеріне арқау болды.

Атақты зерттеуші В. Шмидт ежелгі түркілердің діні мен мәдениеті жөнінде олардың Азия ғұндары дәуірінен бастап, "монотеизмге бағытталған дамыған дінге" ие екендігін айтса, екінші бір автор А. Нұрғали ғұндардың "Тәңір" деп аталатын киелі құдіретке табынғандығын, билеушілерін "Тәңірқұт" деп атап, оған бас игендігіне назар аударған. Түріктерде Тәңір түсінігі мен ғарыштық жүйе ұғымы бір. Сондықтан дәстүрлі түркілік дүниетанымды универсализм ретінде қарастыруға болады. Дәстүрлі түркілік дүниетаным өзінің болмысын синтез немесе симбиоз тұрінде сақтап келеді. Мұның типтік мысалдарын қазіргі қазақ наным-сенімдерінен көруімізге де болады. Тұрақты ұстындар мен әрдайым дамыған функционалдық элементтердің өзара үйлесімділігі және байлығымен танылған дәстүрлі түркілік дүниетаным көбінесе эпистемиологиялық және эмпириялық тұрғыдан болмысты танудың "үштік әлем", "үштік ойлау" түсініктері төңірегінде көрініс береді. Үштік әлем ұғымы Орхон-Енесай жазуларында "жоғарыда зеңгір көк пен төменде йауыз (қара) жер" осы екеуінің арасында "адам баласы жаратылғанда" тұрінде кездеседі. Үштік әлем құбылысын зерттеген Г. Дюмазиль 1938 жылы тұңғыш рет үнді-еуропалықтардың алғашқы қауымдарында "дін басы", "жауынгер", "өндіруші топтар" мәселесін қарастыратын "үш функция теориясын"қалыптастырған. Ол осы үштік функциясының үнді-еуропалық қауымдарды басқа қоғамдардан ерекшелейтін қасиет екендігін көрсеткен. Ол дін адамдары, жауынгерлер мен өндіруші топтар негізінде қалыптасқан үштік құрылымдық жүйенің үнді-европалық қоғамдардың мәдениеті мен психологиясының барлық қабаттарында көрініс беретіндігіне нақты дәлелдер келтіреді. Осы үштік функция теориясының мәнін ашуда Ә. Кекілбаев өзінің "Әйтеке би" атты мақаласында қазақтардағы "Ұлы жүзге қауға беріп малға қой, Орта жүзге қамшы беріп дауға қой, Кіші жүзге найза беріп жауға қой" деген ел аузында әлі күнге сақталып келе жатқан үштік өлшемге құрылған саяси-тәжірибелік қағиданы өндірістік тәсіл ретінде көрсетсе, Қ. Бейсенов өзінің "Қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдістері" атты еңбегінде мұны "диалектикалық ой кешу тәсілінің үштік өлшемі" немесе "үштік қағидатриада" ретінде анықтаған. Негізінен Бұл үштік өлшем дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы "әскери және мемлекеттік құрылым" ерекшелігін көрсетеді.

Бұл мәселені зерттеуші Е. Ерғалиев та өзіндік соны арнамен түйіндейді. Оның ойынша, түркілік дүниетанымның темір қазығы, негізгі мәселесі - Адам мен Әлемнің біртұтастығы. Шындығында да түркілік дүниетанымда адам әлеммен тұтастықта болғанда ғана бақытқа жетеді. Сонымен қатар Бұл тұтастық түркілік дүниетанымның мистикалық-натуралистік табиғатын да көрсетеді.

Дәстүрлі түркілік дүниетанымда Тәңір де, адамның рухы да, табиғат та мәңгілік өлмес сипатқа ие болмыстар. Уақыт (көне түрік тілінде уақыттың орнына "от" сөзін қолданған) - мәңгілік қайталанулардан тұратын тыныштық, бақыт сыйлайтын киелі ұғым. Тәңірдің еркін білдіретін қамдар мен қағандар универсалдық үндестікке сай әрекеті үшін дәстүрлі қоғам адамын алғыс-бата (алқыш) беру арқылы қолдап отырады. Мысалы, перзенті жоқтар тікелей үлкен ақсақалдардың алғысы арқылы Тәңірден тілегіне жете алады. Оның тағдыры дәстүрлі қоғам әлемімен үндестікте болуына байланысты. Дәстүрлі түркілік дүниетаным адамы өз тағдырын осы дүниеде-ақ өзгерту мүмкін-дігіне ие. Тәңір - қағида, заң, тәртін, қүдірет, кие және ие болып табылады. Бұл жағдайда адам "Тәңір - әлем - адам" біртұтас компоненттерінің маңызды бір бөлшегі. Басқаша айтқанда, адам моральдық тұрғыдан осы біртұтас әлемнің бөлшегі ретінде оның тұтастығын сақтауға міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері
Қазақтың ұлттық дүниетаным ерекшелігі
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Ежелгі түркі халқының байырғы кезеңдердегі өмірге деген көзқарастарының негізі
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қазақ философиясында
Ұлттық сананы қалыптастыру
Түркі мәдениеті. Қазақ философиясының және дүниетанымының қалыптасуына түріктердің мифологиялық ағымдарының әсері
Көне түріктердің діні
Қазақ философиясының төл тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz