Балалар психологиясының зерттеу әдістемесі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау. Балалар психологиясының ғылыми-теориялық негіздері
1.1. Балалар психологиясы пәні зерттейтін ғылыми-теориялық
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуына әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ тарау. Балалар психологиясының зерттеу әдістемесі
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаланың жас кезеңдерінің психологиялық зерттеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Бала психологиясы пәнінің зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе
Білім беру туралы Заң — Республика азаматтарының білім алуға конститутциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері ба.
Біздің елімізде балаларға мектеп жасына дейін коғамдық тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді. Балабақшалар халық ағарту жүйесіндегі алғашқы буын ғана емес, оларға басқа да оқу-тәрбие мекемелерімен қатар біздің қоғамдык құрылысымызға сай келетін баланың жеке басын, оның әлеуметтік бағдарларын қалыптастыру жауапкершілігі де жүктелген. Мектеп жасына дейінгі бала психологиясы туралы оқу құралы студенттер мен оқушылардың жалпы психология ұғымдарының жүйесімен күні бұрын таныс болуын көздейді. Ұғымның жаңа түрін енгізе отырып, текстің алдын ала даярланбай-ақ қабылданатындай болуы үшін автор әр кезде оның мән-мағынасын түсіндіріп отыруға тырысты.
Оқу құралының негізіне советтік балалар психологиясында қалыптасқан баланың дамуының психикалық теориясы алынды. Ал бұл теория психикалық қасиеттер мен қабілеттілікке әлеуметтік мұрагерлік туралы, жеке адамның адамзат жасаған материалдық және рухани мәдениетті игеруі туралы маркстік қағидаға сүйенеді. Баланың психикалық дамуында тәрбие мен оқытудың жетекші ролін анықтауға және осы даму барысындағы баланың әр түрлі іс-әрекетінің принципті мәнін талдауға зор көңіл бөлінген.
Баланың туған кезеңінен бастап неғұрлым есею шақтарына ауысуына қарай материалды түсіндіру бала психикасының үдемелі дифференциациясына сәйкес барған сайын жіктеліп беріледі. Бұл оқу құралының құрылымындағы жетекші идея — балалардың әлдебір дара психологиялық ерекшелігін емес, негізгі пәні оның психикалық дамуы болып табылатын бала психологиясын ғылым ретінде ашып көрсету, осыған сәйкес психикалық дамудың әрбір кезеңін, әрбір жағын баяндағанда даму процесінің, өзінің шығатын алғышартын, оның жағдайын, негізгі бағытын, онда пайда болатын жаңа құрылымдар мен соңғы нәтижесін сипаттайтын бірқатар мәселелер басты орын алады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты сипаттама материал даму процесін түсінуге лайықталып енгізілген.[1]
Кітапты жазу барысында Л, С. Выготскийдің, С, Л. Рубинштейннің, А. Н. Леонтьевтің, А. В. Запорожецтің, П. Я. Гальпериннің, Д. Б. Элькониннің, Л. И. Божовичтің жәке олардың әріптестерінің, сондай-ақ басқа да көптеген совет психологтарының зерттеу еңбектері кейінен пайдаланылды. Бала психологиясының шетелдік көрнекті өкілдері В. Штерк, К, Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер, т. б. еңбектеріндегі материалдар да еңгізілді.
Зерттеудің мақсаты: Балалар психологиясы пәнінің шұғылданатын мәселелерімен даму тарихына жалпы шолу.
Зерттеудің міндеттері: Балалар психологиясы пәнінің жалпы шұғылданатын мәселелерімен даму тарихын дамытудың ғылыми теориялық негіздерін анықтау.
Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі бала.
Зерттеудің пәні: Балалар психологиясы.
Зерттеу әдістері: Балалар психологиясы пәнінің жалпы шұғылданатын мәселелерімен даму тарихына байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
Балалар психологиясы пәнінің жалпы шұғылданатын мәселелерімен даму тарихын анықтауда қазіргі қолданылып жүрген оқу құралдарымен мен тәрбиешілер тәжірибесін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-тарау. Балалар психологиясының ғылыми теориялық негіздері
1.1. Балалар психологиясы пәні зерттейтін ғылыми-теориялық мәселелер
Балалар психологиясы балдырғанды зерттейді. Алайда баланы зерттейтін басқа ғылымдар да бар. Олардың әрқайсысы өзінше, өзінің ерекше жағынан зерттейді.
Балалар психологиясы балдырғанның басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан ләззат ала білетін ересек адамға қалай айналатынына көңіл бөледі.
Жас балдырған үлкен адамға ұқсаңқырамайды. Мәселе оның білімін үлкендердің білімімен салыстыруға болмайтындықтан да емес. Қарапайым күнделікті бақылауларынан баланың сезінуі, ойлауы үлкен кісілердей емес екендігін білеміз. Сәбидің сезімдері күшті, бірақ көбіне тұрақсыз болулары мүмкін. Бүгін құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Үлкендердің астарлап сөйлегенін балалар түсіне бермейді. Жас бала өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды.[2]
Баланың қолынан келмейтіні көп. Бірақ біз тек сәбидің әлі де қолынан келмейтініне, әлі де істей алмайтынына ғана көңіл аударар болсақ, онда біз ересектерге тән жаңа қасиеттердің, сапалардың қайдан пайда болатынын ешқашан түсінбес едік. Сондықтан баланың бойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау әлдеқайда маңызды.
Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады әрі қуанышқа бөлейді. Ол бүгін кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды. Ілкіде басын жерден шаққа көтеретін ол, екі айдан кейін отырып, шылдырмақтармен ойнайды, ал тағы да бірнеше айдап соң тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл қадам сенімсіз, тәлтірек болғанымен, ең маңыздысы оның бастауында, оның алдынан жаңа кең байтақ дүние — бұрын ол алғаш бесіктің тал қоршауының (манеждің) ішіңде отырғаң кейде ойына кіріп те шықпаған жаңа дүние есігін ашты. Міне, ол түрліше дыбыстар да шығарады. Енді бір-екі айдан соң бөбекке ғана тән былдырды есіткен боламыз. Тағы да бір сыпыра күндерден кейін ата-анасының ет-бауырын елжіретіп ма-ма-ма, ба-ба-ба дегенді айтады. Содан сон, сәби мама деп те, папа деп те, бер деп те, ал деп те айта бастайды. Әлі де сөз қоры аз болғанымен, бұл жердегі ең бастысы оның сәйлеуді бастағаны, оның адамзат тілінің бай қазынасына жол ашқаны.
Үлкендер кейде баланың ақылына таң қалады. Шынында бұл жердегі кұпия ақылда емес, табысқа тез жетуде, бала кеше қолынан келмегенді бүгін үйреніп үлгермегендігінде жатыр. Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында, іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы, қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі, ойланып атқарылатын қимылға ауысуы, сөйлеуді игеруі дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы, міне, осылардың бәрі сәбидің дамуын сйпаттаитын фактылар. Бұлар бала психологиясының қорытынды шығару үшін пайдаланылатын материалы болып табылады. - Жеке балалардың дамуындағы өзгешеліктерге, олардың өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бүкіл сәбилердід бәріне, ортақ қасиеттер болады. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді.
Жаңа туған сәби қандай болады? Ол — бағым-күтімсіз бір күн де өмір сүрерлік қабілеті жоқ, өздігінен қозғала да алмайтын, тарақтану да қолынан келмейтін, айналасымен қарым-қатынас жасауға да мүлдем дәрменсіз тірі жан.
Енді мына біздің алдымызда үш жасар- бала делік. Бұл — -өзінің ерекше ішкі- дүниесі, өзіндік тілегі, әдеті, талғамы бар, кей жағдайда өз дербестігін көрсетіп, оны табаңдылықпен сақтай алатын адам, Ол жүруді, қолын сілтеп әр түрлі қимыл жа сауды ғана емес, сонымең бірге киімдерді, ыдыс-аяқты, мебель ді, қарындашты, кішкене күрекшені, адам жасаған басқа да көптеген дүние-мүлікті қолдану тәсілдерін де игереді. Үш жасар бала сөйлей біледі, 1000-нан астам сөз біледі, грамматикалық жағынан байланысқан сөйлемдер құра алады, айналасындағылардың бәріне қызыға қарап, сан түрлі сұрақ қояды. Ойнаған кезде көбіне үлкендерден көргенін істеп, соны өзінше қайталайды. Ақыл-ойының жетілуі жөнінен ол ең, бір дамыған жануарлардан әлде қайда озық. Адамға ұқсас маймылдардың өздері шеше алмайтын міндеттерді шешу балаға қиындық келтірмейді, ол ойлаған кезде өзінің жартусыз тәжірибесін ғана емес, үлкендердің біртіндеп үйреткендерін де пайдаланады.[3]
Тағы да төрт жыл өткен соң бала мектеп есігін ашады. Бұл кездегі өзгеріс үш жасар уақыттағыдан әлдеқайда басым. Балабақша түлегі-адамзат қоғамының кішкене мүшесі. Олардың алдынан адамзат қылығы мен өзара қарым-қатынасының кең жазирасы ашылған. Ол өз іс-әрекетін құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерімен үйлестіруге, қиын жағдайда жолдасына көмектесуге, моральды қарапайым нормалары тұрғысынан баға беруге үйренген. Оған адамның көңіл күй толғаныстары түсінікті. Бала енді тек мейлінше күрделі іс-әрекеттерді орындауға емес, өз ойларын ойын, сурет салу, құрастыру кездерінде дербес жүзеге асыруға қабілетті. Ол бірқатар білім, іскерлік пен әдеттерді игереді — санауды (кем дегенде, онға дейін), қарапайым арифметикалық есептерді шығаруды үйренеді, әріптермен танысады.
Оның қабылдауы, есі, ойлауы ырықтылықты, басқаруды игере бастайды. Өз-өзінен қызықты, тартымды ғана емес, сонымен бірге әлдебір мақсатқа жету үшін (құрбыларының қолдауына ие болу, тәрбиешінің мадақтауын есту үшін) үйрену қажет нәрселерді де тыңдау, көру, есте сақтау, ойластыру мүмкіндігі пайда болады.
Бұл өзгерістердің бәрі кездейсоқ емес, өзінің себептері бар заңды сипаттағы нәрсе. Егер кейбір балаларда бұл процесс басқаша жүрсе, онда дамуда ауытқушылық бар деуге — дамуының озық жүруі, кенже қалуы немесе дұрыс еместігі туралы олардың да әрдайым белгілі бір себептері бар екенін айтуға— болады. Даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру — балалар психологиясының маңызды міндеті, балалар психологиясы тек балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Бойының өсуін, салмағының, артуын, дене пропорциясының өзгеруін нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін — дамудың осы жақтарының бәрін жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.
Әр түрлі жастағы балалар, олардың психикалық даму тұрғысынан алғанда да алдымен іс-әрекеттің оларға тән әрі лайықты түрлеріне қарай өзара ерекшеленеді. Мәселен, бір жасар сәби негізінен қолына түскен нәрсені соғып, сілкілеп, бір ойыншықты екіншісінің үстіне қойып, ұрғылап қимыл жасаса, мектеп жасына дейінгі бала құрастырумен шұғылданады, текшелерден үй тұрғызады, сурет салады, жапсырады, ойын үстінде қоршаған өмір оқиғаларын, сүйікті ертегілер сюжеттерін қайта жасап жаңғыртады.[4]
Психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық процестер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтық еріктің - басқаруының бастапқы формаларының пайда болуы, өзгеруі және жетілуі құрастырады. Мысалы, екі-үш жасар балалар өздерінің іс-әрекеттерін ойша жоспарлай алмайды. Олар теоретиктер емес, практиктер: бала шкаф астында кептеліп қалған ойыншық атты бар күшін сала жұмсайды. Оны басқа жағынан қозғаса оңай суырып -алуға болатынын біле бермейді. Пайда болған міндеттерді балалар заттармен қимыл жасау процесінде шешеді. Міне, бала стол үстіне секіріп шығып кеткен допты алуға тырысады. Қаншама, ұмтылғанымен қолы жетер емес. Қасында сызғыш жатыр. Соны қолына алады, айналдырып қарайды, столға ұрып көреді. Допқа тиіп кетіп еді, ол домалай бастайды. Иә, енді бала сызғышты саналы түрде жұмсайды. Доп домалап жерге түсті — мақсат орындалды.
Екі-үш жылдан кейін балалар алдын ала күрделі емес ойын сюжеті нендей роль атқаратынын, ойыншықтардың қайсысы кім алатынын өзара ойласып келісе, ойын материалын, рольдерді бөлісе алады. Баланың күрделі құрылыстарды (қуыршақ тарға үйлер, машиналарға гараж) дұрыс жоспарлайтынын, олардың аумағының мақсатқа сай болуы керектігін түсінетінін (гараж болса, ішіне ойыншық машина сиятындай болатынын) жиі көруге болады. Мұның бәрі іс-әрекет үстінде ойлаудағы практикалық, іс-әрекетке бағыттап, жөнге келтіре бастайтын ақылмен ойлауға өту болып отыр.
Ақырында, сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ,— бұл-баланың жеке басының қалыптасуы басталатын шақ.
Жас баланың мінез-құлқы қысқа мерзімді, итермелеуші тілектерден түрткі алып, кездейсоқ жағдайларға тәуелді болады. Міне, ол анадай жерде тұрған фарфор ыдысқа ынтыға ұмтылды, алайда үлкендер, ыдысты сындырып алар деген қауіппен көрінбейтін басқа жерге қойса болды, балдырған бұрынғы ойын ұмытып, әткеншекке тербелу немесе қолына түскен ойыншықты соққылап ойнаумен айналысып кетеді. Бұл жерде біз баланың жеке басы туралы жақсы не жаман деген пікір айта алмаймыз. Ал, мектеп жасына дейінгі бала болса, әңгіме басқа. Оның қылықтары жекелеген тілектен, талап-ниеттен емес, белгілі мотивтер жүйесімен белгіленеді. Бес жасар бала текшелермен ойнап отыр делік, оны бірдей уақытта құрбылары көшеге шығуға шақырады, ал әжесі оның әлдебір шаруаға көмектесіп жіберуін сұрайды. Әрине, оның көшеге шыққысы келіп-ақ тұр бірақ алдымен текшелерді жинап, жәшігіне салады, содан соң тездетіп әжесінің өтінішін орындайды да көшеде күтіп тұрған балаларға барып қосылады. Бұлай болмауы да мүмкін балалар түрлі тәрбие алады ғой. Алайда ең маңызды мәселе өзінің бір талабын екіншісіне жеткізіп баланың саналы түрде іс-әрекет жасауға қабілетті болуы. Келтірілген мысалдар бала психологиясы пәнінің мәнін ашуға мүмкіндік береді. Бала психологиясы — балдырғанның психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық процестерінің және сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым. [5]
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуына әсер етуші факторлар
Тәрбие психологиясы туралы жалпы түсінік. Тәрбие кез келген қоғамның маңызды функциясын құрайды. Дамыған социалистік қоғамда коммунистік дүниетанымы биік адамгершілік қасиеттері бар, терең идеялы, сенімді, қоғамдық белсенді, болмысқа творчестволық көзқараспен қарайтын жаңа адамды жеке адам ретінде тәрбиелеу басты мақсат пен міндетке айналып, коммунистік қарым-қатынас құрудың маңызды шарты болып табылады.
Бұл міндетті шешу қазіргі психологиялық-педагогикалық білім жүйесінде талданған ғылыми принциптерде іске асырылады және оларды үнемі теориялық жағынан дамытып отыруды көздейді.
Тәрбие психологиясын зерттеудегі маңызды мәселелердін ішінде жеке адамды онтогенезде қалыптастырудағы негізгі деректерді, заңдылықты, кезеңдерді, шарттарды, механнзмдерді және ерекшеліктерді ашу басты орында тұр. Бұл мәселелер даму үстіндегі адамның іс-әрекеттерінің түбегейлі проблемаларын, оның санасы мен жеке іс-қимылын жетілдіру тұрғысынан зерттеледі. Зерттеушілердің назары бірнеше міндеттерді шешуге бағытталады.
1. Жеке адамдарды белсенді мақсатка бағыттап қалыптастыру мүмкін бе? Бұл тұста ғалымдардың дүниетанымдық көз-қарасы, жеке адам мәні, алдымен, оның қалыптасуы мен дамуындағы әлеуметтік әрі биологиялық бастаманың қарым-қатынасы, неғұрлым дәл шектеледі.
2. Жеке адамның адамгершілік өрісін қалыптастырудағы заңдылықтар мен механизмдер мүмкіндіктері, шарттар және бұл процеске белсенді ықпал жасау механизмдері қандай? Бұл сәттерді талдауда совет психологиясы адам іс-әрекетінің мәні және оның құрылысы мен өзгерісі туралы маркстік қағидаларға негізделеді.
3. Жеке адамды қалыптастыру процесіне ықпал жасауда зерттеу мен ұйымдастыру жүйесінің принциптері мен шарттары қандай? Бұл тұрғыда әрбір дәуірге тән психикалық дамудын жас шағы кезеңдеріне бөлу іс-әрекеттің жетекші типтері туралы совет психологиясы ғылымының қағидалары аса маңызды орын алады.
4. Жеке адамды психологиялық қайта құрудың аса мол мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін тиімді формалары, шарттары мен тәрбиелеу процестерін ұйымдастыру мүмкіншілдіктері қандай? Олар біздің қоғамның жағдайында тәрбиелеудін негізгі мақсаты — жеке адамдардың коллективтік сапасын қалыптастыру, олардың іс-әрекеттерін қоғам мүддесіне бейімдеумен айқындалады.[6]
Тәрбие психологиясы педагогикалық процесті мақсатты түрде ұйымдастыру тұрғысында жеке адамды қалыптастырудағы психологиялық заңдылықтарды зерттейді.
Тәрбие психологиясы тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс ретінде қарастырады.
Жеке адамның моральдық-еріктік өрісін, адамгершілік санасын, адамгершілік түсініктерін, ұғымын, принциптерін, сенімдерін, қылығының адамгершілік негіздерін, адамгершілік сезімдерін басқа адамдарға, қоғамға деген қарым-қатынасын білдіретін мінез-құлық тәсілдері мен әдеттерін қалыпастырудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, тәрбие психологиясы даму үстіндегі жеке адамды белсенді жобалауды, қазіргі балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың принциптері, шарттары мен ерекшелігінін жалпы зандарын табады.
Тәрбие психологиясы оқушылардың тәрбие ықпалы жағдайындағы психикалық іс-әрекеттері заңдылықтарын шәкірттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық негізін аша отырып, осы механизмдердің жеке адам қасиетін қалыптастырудағы ықпалын зерттейді.
Тәрбие психологиясы кейбір психологиялық өзгешеліктердің тежелуі және қайта құрылуларын жаңадан пайда болуын және даму процестерін қарастырады. Міне, сондықтан да баланың жаңа психологиялық мүмкіндіктерін жасауға бағытталу, Л. С. Выготскийдің пайымдауынша, баланың психақалық дамуынан кенже қалмай, қайта оны ілгері бастыртып. өз сонына ертіп, мақсатқа бағыттай ұйымдастырып, басқарып отыратын тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға мүмкіншілік туғызады.
Жеке адамды онтогенезде мақсатты түрде қалыптасғырудағы айқын заңдылықтарды табу балаларды тәрбиелеуді ғылыми негізде құруды, сонымен бірге психологиялық теорияның даму базасын жасауды қамтамасыз етеді.
Психологиялық білімнің негізгі саласы ретінде тәрбие психологиясының басты ұйымдастыру кезеңі — жеке адамды онтогенезде белсенді мақсатты түрде қалыптастыру мүмкіндіктері туралы кағида. Бұл советтік психология ғылымының қоғамдық ролі мен өскелең адамның жеке басын қалыптастырудағы генотиптік, яғни жеке адамның қалыптасуындағы әлеуметтік жеке биологиялық арақатынас проблемаларының орнын бағалау көз-қарасымен анықталады.
Жеке адамның қалыптасу шарттары жөніндегі биологиялық және әлеуметтік арақатынасы туралы мәселе — жеке адамды түсінудегі шешуші мәселе.
Бұл мәселенің принциптік маңызы былай түсіндіріледі, әлеуметтік жағдайдың жетекші ролін мойындау жеке адамның дамуына қоғамның белсенді ықпал ететінін көрсетеді, жан-жақты өсіп өнуіне бөгет жасайтын әлеуметтік себептерді жоюға бағдарланады. Ал адамның биологиялық болмысының анықтаушы ролін мойындау — жеке адамды қалыптастырудағы қоғамның ролі тек қана адамның хайуандық бастамасын білдірмеумен шектеледі деген ұғымға тең.[7]
Бірақ қазіргі заманғы мәдени-тарихи процестін, ерекшеліктері және ғылыми білімдердің даму деңгейі капиталистік елдерде де жеке адамның әлеуметтік табиғаты идеясын қабылдап, талдайтын ғалымдардың саны өсуін туғызып отыр. Алайда дүние-таным позициясынын, таптық сабақтастығы көптеген батыс психологтарының жеке адамды дамытудағы әлеуметтік факторлардың ролі мен мәнін дұрыс түсінбеушілікке әкеліп соқтырды. Қазіргі заманғы кейбір буржуазиялық теориялардың адамды дамытудағы әлеуметтік факторларды мойындағанымен оны шын мәнінде жалан түрде түсінетіндігін еске алу қажет. Кезінде Л. С. Выготский буржуазия психологтары баланың жеке басы әлеуметті, бірақ әлеуметтіліктің өзі организмдердің биологиялық ықпалында болады деген қарапайым схема бойынша әрекет отырып әлеуметтікті биологиялық ықпалдың жай түрі ретінде ашып беретінін атап айтқан болатын.
Советтік психология ғылыми жеке адам ретіндегі адам туралы маркстік-лениндік теория негізінде жеке адам дамуын табиғилық пен қоғамдықтың күрделі диалектикасын ашып берді. Ерекше жеке адамның мәнін,— деп атап көрсетгі
К. Маркс— оның сақалы емес, оның қаны емес, оның абстракциялық дене табиғаты емес, оның әлеуметтік сапасы құрайды.... Адамдар, маркстік түсінікте, жағдайлар мен тәрбие өнімінің мәні. Индивидте қалыптасқан қабілеттердің бәрі құрамы мен осы жағынан басқа индивидтермен қарым-қатысымен және олардың тарихын иемденумен анықталатын өмірлік білім болып табылады.
Қазіргі заманғы ғылымның жетістіктері, атап айтқанда, совет ғалымдарының — философтарының, психологтарының, педагогтарының, физиологтарының және генетиктерінің еңбектері (П. Я. Гальпериннің, Н. П. Дубининнің, Л. В. Занковтың, Э. В. Ильенковтың, Б. М. Кедровтың, А. Н. Леонтьевтің, А. Р. Лурийдің, А. В. Петровскийдің, С. Л. Рубинштейннің, Б. М. Тепловтың, Д. Б. Элькониннің және басқалардың) — В. И. Лениннің адамның тіптен биологиялық қасиеттерінің өзі де әлеуметтік жағдайдың ықпалымен өзгеріп отырады деп аптқан қағидасының шын мәнісінде дұрыс екенінің айғағы. Тек қана әлеуметтік ортада, мақсатты түрде тәрбиелеудің процесінде адам әлеуметтік мінез-құлқының программасы, жасалады, адамның жеке басы қалыптасады.
Психикалық дамуда тұқым қуалаушылықтың адамның жеке басы ерекшеліктеріне тигізетін әсерін анықтау үшін егіз туған балалар да зерттелген. Егіздер бір жұмыртқалас және әр жұмыртқалас болады. Бір жұмыртқалас егіздердің барлық тұқым қуалау қасиеттері бірдей, өйткені олар бір ұрықтық қлеткадан тарайды. Ал, әр жұмыртқаластардың тұқым қуалауы әр түрлі. Егіздерді зерттеу тестер әдісінің көмегімен жүргізіледі: бір жұмыртқалас және әр жұмыртқалас егіздермен тестік есептерді шешуде жұп аралық ұқсастық дәрежесін анықтайды. Әдетте (өне бойы болмағанымен) бұл- ұқсастық бір жұмыртқалас егіздерде, тіпті бір жұмыртқалас егіздер нәресте кезінен бастап әр түрлі семьяда тәрбиеленгеннің өзінде, әр жұмыртқаластарға қарағанда ұқсастық көбірек болады. Бұл мәліметтер, бір жұмыртқалас егіздердің дамуындағы әр жұмыртқаластармен салыстырғанда басқа себептермен тұрса да, тұқым қуалаушылық психикалық дамудың жеке-дара ерекшеліктеріне әсер ететінін керсетеді. Бұған себеп, мысалы бір жұмыртқалас егіздердің сырттай мықты ұқсастығы, бұл оларға айналасындағы адамдардың бірдей қарым-қатынас, яғни бірдей тәрбие жағдайын жасауға көмектеседі. Өсіп келе жатқан адам үшін оның үлкендер мен өз құрбылары арасындағы орын ең маңызды роль атқарады. Баланың қалыптасатын әдеттері, мінез-құлық белгілері, ынтасы мен ақыл-ой сапалары оның қоғамдық қарымтқатынас жүйесінідегі жағдайына байланысты. Бір жұмыртқалас егіздердің психикалық дамуының ұқсас болуына олардың куаты мен мүмкіндігінің бірдейлігі де жағдай жасайды. [8]
Балалардың психикалық дамуының түрліше болуына, олардың қабілеттерінің қалыптасуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс жағдайындағы, тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Бір жұмыртқалас егіздернен, яғни тұқым қуалаушылығы бірден балалармен жүргізілген зерттеудің нәтижелері осыны дәлелдейді. Ол үшін бес жарым алты жасқа дейінгі бес егіздер іріктеліп алынған. Олар арнаулы балабақшада тәрбиеленді. Барлық балалар егіздің бір сыңары бір топқа да, екіншісі басқа топқа енетіндей етіліп, екіге бөлінді. Топтар бөлек үйге орналастырылды, ойнайтын, оқитын жерлері де бөлек болды, бір-біріне тек серуендеу кезінде ғана қатынасты.
Балаларды оқытуда әр түрлі әдістер пайдаланды. Бір топта құрастыру ойындарын ұйымдастырып, текшелерден (сондай текшелерден жасалған үлгі бойынша) құрылыс тұрғызуы керек болды. Екінші топтың балалары бөлшекке бөлінбейтін текшелерден жасалған үлгі бойынша, яғни бала әрбір кезде құрастыру шешіміне қажетті тәсілдерді өздігінен іздеуі, құрылыстың қандай да бір бөлімі қандай элементтерден құралған болаалатынын талдауы, қол жеткен нәтижені үлгімен үнемі салыстыра отырып, осы элементтерді талдауы және араластырып құрастыруы керек.
Әрбір топта бес-он сабақ өткізілген соң барлық балаларға байқау есептер берілді. Олар бөлінетін және қажетті ұсақ-түйектері жоқ (бірақ басқа ұсақ-түйектермен ауыстыруға болатын) бөлінбейтін үлгілер бойынша құрылыс, ойлауы бойынша еркін құрылыс салулары және көптеген арнаулы тапсырмалар орындаулары керек болды. Олар орындауы әр түрлі фигураларды кезбен егжей-тегжей талдауды және ойша кеңістікте елестетіп мөлшерлеуді мысалы, текшелерден салған үйді ойша аударып-төңкеріп оның суретін салуды талап етеді.
Барлық байқау тапсырмаларын орындауда тұтас үлгімен құрылыс салумен айналысқан топ балаларының артықшылығы бірден көзге түсті. Бұл артықшылық тіпті бөлінетін үлгілермен құрастырған кезде де, яғни екінші топ үнемі жаттыққан іс-әрекетте де көрінді. Құрастыру ойындары мейлінше творчестволық сипат алған топтағы балалар құрылыстың элементтерін көзбен мөлшерлеуге, олардың арақатынасын, олардың формаларын қабылдауда үлкен дәлдікке жетті. Құрылыс жоспарлы сипат алды. Құрылысты салмастан бұрын балалар үлгілі мұқият қарап, өлшеп, құрастырып, байқап көріп, содан кейін ғана тапсырманы орындауға кірісті. Басқаша айтқанда, тапсырманы орындауға кіріспес бұрын олар бірсыпыра бағдарлау жұмысын жүргізді, міндетті (қолда бар тектеішлердің көмегімен үлгіні шығаруды) шешудің мүмкін жолдарын (текшелерді орналастыру варианттарын) салыстырып көрді. Сөйтіп, асырып айтпағанның өзінде, балалар құрастыру іс-әрекетіне белгілі қабілеттілікті игерді, ал бұл қабілет басқа жолмен үйретілген егіздің екінші сыңарында жоқ болып шықты. Бұл қабілеттілік бөліп қабылдау мен кеңістікте елестетуді мөлшерлеуді талап ететін құрастырылмайтын басқа да бірқатар байқау есептерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік берді.
Психикалық даму қарқынындағы айырмашылықтар сияқты, жеке-дара психологиялық сапалардағы айырмашылықтар да өзінің шығуымен алдымен өмірдің және бала тәрбиесінің әлде бір ерекшеліктеріне борышты. Бірдей дерлік жағдайда (бір семьяда, бір балабақшада) тәрбиеленген балалардың тұрмысын бақылау кезінде екі баланың тұрмысы мен тәрбиесінде нағыз тендік болмайтыны және бола алмайтыны ескеріле бермейді. [9]
Бір баланың психикасына терең әсер ететін, назарын аударатын уақиғалар есепке алынбайтын, көбіне кездейсоқ жағдайлардың көптігіне байланысты екінші бала үшін еленбей жай ғана өте шығады. Тіптен нәрестенің дүниеге көзқарасында, қоршаған ортаның әсеріне талғап қараушылық байқалады және осыған байланысты белгілі бір іс-әрекеттің түрлі балалар үшін түрліше маңыы болады. Баланың жасы үлкейген сайын оның талғап қараушылығы ата түседі. Оның үстіне қоршаған ортаның әр балаға, тіпті ата-ананың егіздерге көзқарасы бірдей бола бермейді. Бір сөзбен айтқанда, жалпы әлеуметтік ортадан әрбір бала үшін өзінің шағын ортасы қалыптасады. Осы ортаның ерекшелігі оның психикалық дамуының жеке-дара ерекшеліктерін айқындайды. Баланың психикалық дамуында оның іс-әрекетінің шешуші манызы бар екені бізге белгілі. Бірақ әрқашан және тең мөлшерде бірдей іс-әрекетпен ғана айналысатын екі бала бола ма?
Тіпті кішкентай егіздердің өзінде де бұлай болмайды. Бірі санап жаттығуды, екіншісі текшелерді калауды ұнататын екі балада бірдей психикалық сапалар қалыптасады деп күтуге болмайды.
Психикалық даму саласында балалар арасындағы айырмашылықтар әр түрлі болады. Олардың бәрі де тұрмыс пен тәрбие процесінде пайда болып дамиды. Туа пайда болатын бірде-бір жеке-дара пскхологиялық ерекшелік жоқ. Бірақ балада әлде-қандай психикалық сапалардың қалыптасу жолы және белгілі дәрежеде осы қалыптасудың нәтижесі табиғи ерешелікке тәуелді болуы мүмкін. Кейбір сапалар үшін (мысалы, темперамент) бұл тәуелділік мейлінше мол, басқалар үшін (мінез-құлық белгілері, қабілеттілік) одан асырақ, ал үшіншілер үшін (ынта, білім) мүлдем болмайды.
Тәрбие процесінде жеке-дара психологиялық ерекшеліктерді ескеру дегеніміз әр баланың жеткілікті дәрежеде психикалық дамудың жоғары сатысына көтерілуін қамтамасыз ете отырып, тәрбиелік қызметті осыған ыңғайластыру ғана емес, сонымен бірге баланың дамуына батыл араласу, білімге бастаған жақсы қасиеттерді қолдау және қолайсыз мінез-құлықты түзету. Бала-бақша мен яслилердің тәрбиешілері, міне осы міндеттерді шешуі тиіс. [10]

2.1. Мектеп жасына дейінгі балаланың жас кезеңдерінің психологиялық зерттеу жолдары
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердік пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. [11]
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың анналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л. С. Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеді.
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, балалар қоғамының құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейнгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз менін және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін оның формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай психикалық дамуы жалпы дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандар жоғарырақ болады.
Мектеп жасына денінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Оның баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да сақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бір-сыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольде көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай сонымен бірге баланың өзіндік сапасы да жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған коллектив піріне қарап бағдар алу баланың әлеуметтік сезімдерін топқа ілесу, басқаға жаны ашу т. б. қабілеттерін қалыптастырады.[12]
Сонымен, егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың осы тобының талаптарына және өзінің жеке-дара қабілеттеріне сан ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты тандау балалардың
жалпы құрамына және өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-тестеуді ұнататын, сондай-ақ тасада қалып қойғанды дұрыс көретін балалар да болады. Баланың ойында алатын орны онан пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.
Мектепке дейінгі шақта. балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамнын дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда, бұл кұбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талапталуын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады. [13]
2.2. Бала психологиясы пәнінің зерттеу әдістері
Кез келген ғылымның негізі фактыларды зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды. Әр ғылымның әдісі оның өзі зерттейтін пәніне, нені зерттейтініне байланысты. Балалар психологиясының әдістері — баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.
Былай қарағанда, осы фактылар бізді барлық жағымыздан қоршап тұрғандай. Әрбір ана, әрбір тәрбиеші баланың дамуын қадағалап отырады және бұл дамудың барысын айтып, көптеген мысалдар келтіре алады. Бірақ, әдеттегі әсер кезінде басты мәселе екінші кезектегі ұсақ-түйекпен, болжам мен жорамал нақты фактылармен араласып кетеді. Ал ғылым бақылаушының жеке басының әсеріне байланыссыз жасалған және тексеруге болатын: кез келген басқа зерттеуші қайта ала алатын сенімді де объективті фактілерді қажет етеді.
Атап өткеніміздей, балалар психологиясы балалардың психикалық дамуын зерттейді. Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі жолмен: яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістері болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін.[14]
Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері — бақылау және эксперимент.
Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланың мінез-құлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып қадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай: есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқының қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады.
Өзін бақылап жүргенін бала сезбеуге тиіс. Әйтпесе ол табиғилығын және еркіндігін жойып алады да, оның мінез-құлқы өзгеріп кетеді. Сондықтан бақылауды бала үйреніскен, баламен күнделікті болып жүрген адамның жүргізгені дұрыс. Бала психологиясына кейде жасырын бақылау да қолданылады. Ол үшін бала орналасқан бөлме мен бақылаушы отырған бөлменің екі арасына бір жақты көруге ғана арналған ерекше әйнек орнатылады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге ұқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да пайдаланылады.
Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындағы сыртқы белгілерді ғана: оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылдарын т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, соның астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлерде қызықтырады. (Әйткені белгілі бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz