Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері


Кіріспе . . .
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері
- Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері.
- Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері.
- Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы.
КІРІСПЕІІ. Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие беру әдістемесі
2. 1. Математика сабағының патриоттық тәрбиелік мүмкіншілігі.
2. 2. Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда патриоттық тәрбие берудің формалары мен әдістемесі.
2. 3. Бастауыш сынып оқушыларына математика пәні арқылы патриоттық тәрбие беру тиімділігінің педагогикалық шарттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды "Отаным, елім"- деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы - бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауының "Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде: " . . . біздің балаларымыз бен немерелеріміз . . . бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" - деп үміт артып отыр. Сондықтан жастарға патриоттық тәрбие беруді, яғни елжандылыққа тәрбиелеуді тәрбиенің негізі қаланатын сонау отбасынан, бастауыш мектептен бастау керек.
ҚР Білім және ғылым министрі Ж. Қ. Түймабаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында Қазақстанды жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарды саралап, отыз бағытты белгілегенін, осылардың қатарында білім және ғылым саласына да баса назар аударылғанына тоқталып: “Білімнің іргетасы мектепте, әсіресе бастауыш сыныпта қаланады деген қағида өте дұрыс. Мен мұны қолдаймын. Әр мұғалім алдында отырған ұл-қыздың тағдыры маған сеніп тапсырылған дегенді естен шығармаса, бүгінгі ұрпақ ертең мәуелі бәйтеректей биік өседі.
- Біз көбіне білім беруді жиі айтамыз да тәрбиені қаға берісте қалдырып жүргендейміз. Осы жерде Әл-Фараби бабамыздың тәрбиесіз берген білімнің қайыры болмайтыны туралы айтқан сөзі ойға орала береді.
- Иә, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов те “Ұлт болам десең - бесігіңді түзе” деген ғой. Бесік киелі ұғым, сол арқылы қаламгер тәрбиенің тәлімді болуын алға тартады. Бізге жүктелген қарыз бен парыз ұрпақты өрелі етіп шығару. Басты мәселе оларды жан-жақты дамыған тұлға дәрежесінде тәрбиелеу. Ел алдындағы жауапкершілігін ұғындыру, өзін-өзі тануына жол ашу. “Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы” Үкіметтің 2006 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысы, Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы” - өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, ой-өрісін жетілдіруге, әсіресе оқушылардың өнеге өресінен көрінуіне, ана сүтімен бойына дарыған, мемлекеттік мәртебеге ие ана тілін, өзге де тілдерді, қазақ және шетел тарихын, ұлттық құндылықтарды игеруге, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың салттары мен дәстүрлерін құрметтеуге негізделген.
Отанымыздың территориясының бүтіндігін сактау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекетімізге қауіп төндіретін кез-келген сыртқы және ішкі күштерге карсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай, патриоттық тәрбие мәселесі - адамзат тарихының өн бойында ұрпақтан-ұрпақка жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандыктан мектеп оқушыларының бойында Отанға сүйіспеншілік қасиетті дарыту көкейкесті мәселе болып отыр.
Қазакстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің міндеттері: . . . азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Рсспубликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуте, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу" десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында "тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патрмотизм, азаматтык, ізгілікті интернационализм негізінде құру"- керек екендігі көрсетілген. Бүгінгі қоғам талаптарын қанағаттандыратын, өсіп келе жатқан жас буындарды тәрбиелеуде ұстанатын бағыт-бағдар мен патриотизмнің тұғырнамасы айқындалуы керек.
Еліміздің тәуелсіздік, егемендік алуымыздың өзі жастардың патриоттығынан еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктен келіп туындады.
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келеді. Одан "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанса да жөн
Қазақ халқының біртуар ұлдары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, М. Шоқай, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, Б. Майлин т. б. өз ұлтының нағыз патриоттары екендігін сөзімен де, ісімен де дәлелдеген ұлы тұлғалар. Олар ұлт азаттығын, оның өркениетті ел болуын көксеп, жастарды елін сүюге, ұлтын қадірлеуге, отанын қастерлеуге шақырған.
Бірқатар еңбектерде оқушылар патриотизмін халық педагогикасының ерлік дәстүрлері негізінде, майдангер жазушылардың еңбектері негізінде қалыптастыру мәселелері зерттеледі, мысалы, Б. Момышұлы, Ә. Нұршайықов, Қ. Қайсенов, Ә. Шәріпов шығармаларында патриотизмнің Ұлы Отан соғысындағы өшпес үлгілерін жастарға өнеге етіп бір көрсетсе, екінші бір жақтан "патриотизм" ұғымының мәні мен мазмұнын өрелі ой-толғауларында жеткізуге ұмтылған. Заманымыздың белді ақындары М. Мақатаев, О. Сүлейменов, М. Шаханов т. б. шығармаларын көкіректегі қайнаған патриотизмнен туынлаған жалынды толғаулар деуге болады. Олар - жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің сарқылмас бұлағы. Бұл ақын-жазушылар өз шығармаларында кейде ашық, кейде көмескі түрде тәуелсіз ел болуды аңсап, қазақ халқының бойында ұлттық патриоттық сезімді оятуға ұмтылды, ал қазіргі біздің күніміз оның күәсі.
Қазақстан мектептерінде Кеңес Одағы кезінде өсіп келе жатқан жас буындарда патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты жеткілікті тәжірибелер жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын зерттеу, танып білу, оның нәтижелерін нарықтық экономика жағдайында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын бағыттарын қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр: - мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік аспектілері, мақсат-міндеттері, мазмұны Ю. К. Бабанский, Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Э. И. Моносзоп, В. А. Сухомлинский т. б. зерттеулерінде дәлелденген;
- жастарды патриотизмге тәрбиелеудің ғылыми-теориялық, әдістемелік тұстарын Э. Г. Абрамян, М. Г. Агаев, Н. Н. Агеенко. С. М. Ахмедов, О. Бозоров, С. Дустов, С. А. Каримбеков, И. Н. Качура, Н. С. Киямов, Ж. К. Коидзе, С. Е. Лещинская, Ш. А. Шарапов т. б. зерттеу жұмыстарында қарастырған;
- Қазақстанда білім беру саласының даму тарихы мен ұлттық тәлім-тәрбие саласының әр түрлі проблемаларына қатысты Т. Тәжібаев, Қ. Бержанов, С. Мусин, А. Сембаев, Қ. Құнантаева, Б. Мұқанова, Г. М. Храпченков, Э. А. Урунбасарова т. б. қарастырған:
- әдебиет, физика, математика, пәндерін оқытуда оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуді сабақта және сабақтан тыс жұмыстар аркылы жүзеге асыруды А. К. Ахметов, К. Г. Қожабаев, Е. Жұматаева, соғыс жылдарында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мен ұлттық жауынгерлік дәстүр, Әлия мен Мәншүк ерліктері аркылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруді С Ешіманов, С. Т. Иманбаева, Д. С. Құсайыновалар өз зерттеулеріне арқау етіп алған;
- оқушыларға әлеуметтік-азаматтық және интернационалдық тәрбие мәселелерін Ж. А. Мақатова, Н. И. Қойшыбаева, И. А. Меликова қарастырса, Қазақстан мектептерінде жоғары сынып оқушыларын әскери-патриотизмге тәрбиелеудің дамуын С. Нұрмұқашева, Кеңес дәуіріндегі патриотизмнің дамуына ақпарат құралдарының ықпалын Л. Ахметованың ғылыми зерттеу жұмысынан кездестіреміз.
Қазақстанда жаңа демократиялық құрылым жағдайында оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде аса маңызды қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері және Отанымыздағы ұлт саясатына қатысты келесі ой-пікірлер, осыған орай қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуынан туындап отырған "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" секілді ұғымдардың педагогикалық мәні бар.
Жас буындардың патриоттық тәрбиесі педагогикадағы аса бір күрделі де өзекті мәселе. Ол интернационалдық тәрбиенің, ұлттық сана-сезім мен құндылық бағдарды, арман-тілекті қалыптастырудағы ерекше мәселелермен бірлікте болады.
Педагогикалық зерттеулерде окушыларды өнер арқылы патриотыққа тәрбиелеу мәселелеріне де аса мән беріледі. Тұлғаның идеялық -адамгершілік қасиеттерін, оның патриоттық сезімі мен сенімін қалыптастырудағы өнердің рөлін бірқатар философтар, әлеуметтанушылар, педагогтар зерттейді.
Дей тұрғанмен, психологиялық, педагогакалық әдебиеттерге және озық педагогикалық тәжірибеге жасаған талдау, математика пәні сабағы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мәселесі бүгінгі таңға дейін тәрбие теориясында да практикасында да өз деңгейінде зерттелмеген, нақтырақ айтқанда, математика пәнін оқыту арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіңдіктері анықталмағанын, бірегей жүйесінің жасалмағанын, тиімді әдіс-тәсілдерінің, ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жасалмаған көрсетеді.
Демек, оқушылардың патриоттығын қалыптастыруға деген көзқарасы мен мектептегі патриоттық тәрбиенің жағдайы арасында математика пәнін оқыту арқылы патриоттық тәрбиенің мүкіндіктері мен оларды мектеп практикасында кең көлемде қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылыц анық байқалады. Осы мәселенің тиімді педагогикалық жолдарын іздестіру менің зерттеуімнің басты мәселесін айқындауға және тақырыпты “Бастауыш сынып математика сабағында оқушыларға патриоттық тәрбие беру” деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеу объектісі : оқушылардың патриоттық тәрбиесі.
Зерттеу пәні : математика пәні сабағы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық төрбие беру үдерісі.
Зерттеудің мақсаты : математика пәні сабағы арқылы бастауыш сынып
оқушыларына патриоттық тәрбие беруді теориялық тұрғыда дәлелдеу және
адістемесін жасау.Зерттеудщ болжамы : патриоттық мазмұндағы математика пәні сабағы
арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің
тиімділігі артады, егерде: патриоттық мазмұндағы тарихи мұрағат құжаттары және озық тәжірибелердің оқушыларға сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттерде жүйелі бірізділікте меңгертілсе; математикалық есептерде нақты өлшемдер арқылы арнайы өткізілсе; оқушыларға математика пәні сабағында белсенді шығармашылықты қамтамасыздандырылса. Өйткені бұның бәрі, біріншіден, оқушылардың патриоттық мазмұндағы математика пәні сабағына саналы көзқарасы мен қызығушылығын арттырады, екіншіден, оларды бейнелі ойлауға дағдыландырады, ұлттық сана-сезімін, адами қасиеттерін қалыптастырады.Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесінің мәні мен
мазмұнын ашып көрсету.2. Математика пәні сабағы арқылы бастауыш сьшып оқушыларының
патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін негіздеу.3. Математика пәні сабағы арқылы бастауыш сынып оқушыларына
патриоттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын айқындау.Жетекші идея : математика пәні сабағы - ұлттық патриотизмді, ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың жетекші құралы.
Зерттеудің көздері болып Қазақстан үкіметінің ресми материалдары (Зандары, Конституциясы, Қаулы - қарарлары, баяндамалары және т. б. ), Білім және Ғылым министрлігінің халық педагогикасы идеяларын пайдалану туралы түжырымдамалары, бағдарламалары, оқулықтары, шет ел және қазақстандық ғалымдардың (философтар, тарихшылар, педагогтар, психологтар, фольклористер, мәдениеттанушылар, әдебиеттанушылар) ғылыми еңбектері, мектептің оқу-тәрбие процесінің қүжаттары, мұғалімдерінің математика пәні материалдарында патриоттық тәрбиеде пайдаланудағы озық төжірибелері, сондай-ақ автордың жеке басының педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі саналады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге (тарихи, философиялық, филологиялық, әлеуметтану, психологиялық, педагогикалық) оку-тәрбие үдерісі құжаттарына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді математикалық түрғьвда өңдеу.
Математика пәні сабағы арқылы бастауыш сынып окушыларының
патриотизмін тиімді қалыптастыру мынадай шарттарды ескерумен
қамтамасыздандырылады: бастауыш сынып окушыларына математикалық білімді меңгертуде жүйелі түрде мақсаттылықпен педагогикалық ықпал
жасау; патриоттық мазмұндағы математика пәні сабағымен танысу процесінде
оқушылардың идеялық-адамгершілік білімі мен математикадан білім, білік, дағдыларының дамуы бірлігін ескеру; математика пәні сабағын қабылдау барысында алған әсерлі сезімін дамыту; бастауыш сынып окушыларының сыныптан тыс тәрбие жүмысына қажетті патриоттық бағыттағы математика пәні сабағын сұрыптау; оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін қалыптастыруда белсенді-шығармашылықты қабылдау мен эмоционалдық-бағыттық саланың бірлігін қамтамасыздандыру."Бастауыш сынып оқушыларына математика сабағында
патриоттық тәрбие беру" атты бірінші тарауда
"патриотизм өзара байланысы зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастырылады, бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесінің мазмұны, математика пәні сабағының оқушылар патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалады."Математика пәні сабағы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесі " атты екінші тарауда сыныптан тыс тәрбие процесінде бастауыш сынып оқушыларының математика пәні сабағы арқылы патриотизмін қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері негізделеді.
І Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері
- Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері.
Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сиапттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыққа шалуға дейін баруынан көрінеді. әңгіме болып отырған мәселенің маңыздылығы соңғ уақыттары “ұлттық патриотизм ” және “қазақстандық патриотизм” деген тақырыптардың жиі- жиі көтерілуінен- ақ аңғарылса керек.
Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім.
Патриотизм - Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына, жеріңнің игілігіне қуана білу., ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет-әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат. Патриотизм- санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.
Жоғарда айтып өткеніміздей, патриотизмдердің ең алғашқы шарты- мемлекеттік рәміздерге - туға, елтаңбаға, әнұранға құрмет. Өйткені, оларда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған. Қазақстанның әнұраны орындалған шақта чемпион аталған спортшыларымыз сағыз шайнап тұрмай, ұлттың ұлы музыкасына қосылып, көзінен жас моншақтап тұрса, бүкіл елдің мәртебесі әсері күмәнсіз. Осы мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт- бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып өз іс- әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылады.
Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағының құрамында болған ұлттармен ұлыстар арасында ерлік көрсету көрсеткіші жағынан қазақтардың шоқтығы биік. Ресми деректерге сүйенсек, қырқыншы жылдардың қырғынына қатысқан қазақ ұлты перзентінің жүзбіріне Кеңес Одағының батыры атағы беріліпті. Яғни, жалпы көрсеткіш бойынша, Одақтың негізін құраған үш славян халқы мен еврей және татарлардан кейінгі орындарда қазақтар тұр. Өктемдігі жүріп тұрған ұлттың кейбір өкілдерінің тарапынан болған кейбір әділетсіздіктерді солақай саясатты есепке алсақ, халқымыздың қаһармандығы күмәнсіз. Бұл- патриоттық тәрбиенің жемісі. Оның ішінде ізгілікке, адамсүйгіштікке, парасаттылыққа негізделген идеяның игілігі. Егер патриотизм деген қасиетті ұғым жекелеген адамдардың, топтардың, тіпті, тұтас этностық немесе діни бірлестіктің эгоизмімен пайда табу мақсаттарына пайдаланылатын болса, оның зардабы ұшан теңіз.
Өткен ғасырдың пешенесіне бұйырған екі бірдей жаһандқ соғыстың аралғындағы Германияның мысалы жоғарыдағы пікірімізге көрнекі дәлел бола алады. Алғашқы дүние жүзілік соғыстың айып құнын көтеріп, экономикасы туралы қалған елді дер кезінде ұсынылған ұлттық идея- немістік патриотизм жедел топтастырып халық шаруашылғын қалпына келтіріп, қарштап дамуға жеткізді. Ұлтшл патриотизмнің жаппай қанат жаюы нәтижесінде шарықтау шегінде фашизмге айналған бұл идея өзі дүниеге әкелген державаны ақыры күйретіп тынды. Өткен ғасырдң алғашқы жартысында жапон импереализмі туралы да осындай тұжырым жасауға болады. Сондықтанда белгілі қоғам қайраткері Джонсон патриотизм ұғымын жеке мүддеге бағындырғанда жайлы “Оңбағанның ең жеткен жері- патриотизм” деген қанатты сөз айтқан.
Әрине, жоғарыдағыдай жағдай негізінен белгілі бір ұлт өкілдері басымдылық танытатын елдерде орын алатын белгілі. Ал, басқаларға өктемдік жүргізбек түгілі өгей баланың күйін кешіп, тілі мен діні, ділі қағажу көріп келе жатқан қазақ тәрізді ұлттың атын иеленген республика патриотизм қалай дамып ұлттық идея қандай негізде ілгерілеуі керек деген заңды сұрақ туады. Яғни, елдегі эпостқ топтардың тарихи сабақтастықтарына һәм мұқтаждықтарына нұқсан келтірместен жалпы халықтық ортақ мүддеге жұмлдырудың жолы барма? Ия, бар дейміз. Бұл үшін қазақтар ең алдымен өзінің тарихи сабақтастығымен мұқтаждғына нұқсан келтірмей, басқалар үшін де толыық жауапкершілікті өз мойнына алу керек. Республиканы мекендейтін ұлттар мен ұлыстар өкілдері қазақстандық қоғамның қазақ халқы төңірегіне топтасуы қазіргі уақыт алға тартып отырған қажеттілік екенін саналықпен түсінуі және түйсінуі керек.
Интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеу- күрделі педагогикалық үрдіс. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жету қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүниетанымының өсуіне жағдай жасады.
“Қоғамда Қазақстан- біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек ”- деген Елбасмыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір.
Қай ұлттан шыққанына қарамай, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы құрамдағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер әлемде аз емес. Сонымен қатар, бұл елдерде патриотизм сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан.
“Патриотизм”, - деген болатын Б. Момышұлы, Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман- саулығының қоғамдық- мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизмге мемлекет деген ұғымды, жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасты білдіреді.
Патриоттық сезім жалпы адам баласына адами түйсік- қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, қамқорлықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттап- қолдауын пайымдайтын көрсеткіші болып табылады.
Қазақ совет энциклопедиясында “Патриотизм дегеніміз (грек patriotes-отандас, patrio-отан туған жер) отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш пен қуаты білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет- ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизим элементтері ерте заманнан қалыптаса бастады”- деп атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балалардың, жасөспірімдердің оқу- тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу- тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие салаларының бірі- патриоттық тәрбие. Қазақстан Республикасы көп ұлтты іргелі ел.
Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу бір кезеңдік іс емес. Патриоттық тәрбиені қалыптастыру процесінің өз идеологиясы және айқын жүйесі бар. Мектептерде жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандықтарын баяндау арқылы жүзеге асырылады. Қобынланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Көкше, Баян батыр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар- қазақ халқының есінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz