Тілді меңгеру тәжірибесіндегі мобильді қосымшалардың топтастырылуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
ЗАМАНАУИ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ M-LEARNING: ӨЗГЕ ТІЛДІ МЕҢГЕРУ ТӘЖІРИБЕСІ

АНЫҚТАМАЛАР 6
КІРІСПЕ 7
1 ТІЛ МЕҢГЕРУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ M-LEARNING ТЕХНОЛОГИЯСЫ 11
1.1 M-learning технологиясының қалыптасуы мен дамуы 11
1.2 Оқу үдерісінде M-learning технологиясын қалыптастырудың заманауи талаптары 21
2 МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ 30
2.1 Тілді меңгеру тәжірибесіндегі мобильді қосымшалардың топтастырылуы 30
2.2 M-learning технологиясы негізінде тіл меңгеруде пайдаланылатын қолданыстағы мобильді қосымшалар 47
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 58

АНЫҚТАМАЛАР

АКТ құралдары (Ақпараттық коммуникациялық технологиялар) - микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз.
Бихевиоризм (ағылш. behaviour - іс-әрекет) - іс-әрекет дағдысының мәні мен адам психологиясындағы кызметін түсіндіру.
Геймификация (ағыл. game - ойын) - бұл түрлі сервистер мен мобильді қосымшалар өз өніміне бұқараны тарту, қызықтыру және басқа да мақсаттарда ойын индустриясы, механикасын пайдаланады.
Конструктивизм - адамды қоршаған материалдық ортаны жобалаудың жаңа әлеуметтік-функционалдық міндеттерін айқындайтын кеңес өнерінің 1920 - 30 жылдарындағы бағыт.
Когнитивизм - адам ақыл ойын, олармен байланысты менталды процестерді зерттеу объектісі етіп алған ғылымдарға бағытталады.
Инновация (ағыл. innovation - жаңалық жарату) - ғылыми техникалық прогрестің жетістігі нәтижесінде жаңа техника мен технология.
Эмпирикалық әдістер - бұл топқа енетiндер: бақылау мен өзiндiк бақылау, экспериментальды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) əдiстер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, əңгiмелесу əдiстерi; шығармашылық, iсəрекет өнiмдерiн талдау əдiстерi; өмiрбаянымен танысу əдiстерi.
Blended learning (аралас оқыту) - оқушының өздігінен, он-лайн және оқытушымен бірге дәстүрлі білім алуы.
Е-learning (электронды оқыту) - интернет және мультимедиа көмегімен оқыту.
M-learning (мобильді оқыту) - мобильді құрылғылардың көмегімен кез келген уақытта, кез келген жерден білім алу технологиясы.

КІРІСПЕ

Заманауи технологиялардың күн санап дамуы - оқыту технологиясының да сапасын арттыруда. Осы күнге дейін оқыту технологиясы аясында интерактивті тақталар, тілді оқытатын компьютерлік бағдарламалар, электронды сөздіктер, көрнекілік презентациялар, оқытудың мультимедиялық, аудио, бейне құралдары, web-бағдарламалар қарастырылып келді. Оны ғылыми тілмен e-learning деп атап келді. Заман талабы мен ағымына орай бұл ұғымға m-learning термині де ілесті.
Жиырмасыншы ғасырдың басында, яғни 2000-2001 жылдарда алғаш рет ағылшын тілді ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде мобильді оқыту (m-learning) туралы айтыла бастады. M-learning терминін алғаш электрондық құрылғылардың көмегімен жүзеге асатын жаңа оқыту технологияларын зерттеген шетелдік әдіскерлер енгізді. Уақыт өте келе, біздің еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттандыру, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және электронды оқыту жүйесін жасау, енгізу бағдарламаларын іске асыру кезеңінде мобильді оқыту мәселесі талқыланып, тіпті жекелеген педагогтермен қолданысқа енгізіле бастады. Мобильді құрылғылардағы оқушыларға қызықты қолжетімді түрлі оқыту бағдарламалары мен қосымшалары және сенсорлық интерфейспен жабдықталған құрылғылар білім алудың қосымша көзіне айналды. Оқушылардың білім сапасын арттыруға және білім алу мүмкіндіктерінің кеңеюіне ықпал ететін бұл құрылғыларды білім беру технологиясына айналдыру әлемдік педагогика саласының мәселесіне айналды.
Мобильді оқыту құралдары кез-келген тасымалданатын ақпараттарды қамтиды. Қандай да бір портативті құрылғылардың бірі ғаламтор жүйесіне қосыла алса, сұрақтарға жауап беру, талқылауларда белсенділік таныту, пікір қалдыру мүмкіндігі болса болғаны. Осы жерде m-learning мақсаты айқындалады: оқыту үдерісін мейлінше қолайлы, қолжетімді және персоналды ету.
M-learning-ті қазіргі кезде көп қолданудың реті мобильді қосымшалар есебінен болып отыр. Себебі, тек мобильді қосымшалар ғана смартфон сатып алуға және телефон мен ғаламтордың қолданылуына түрткі болуда. Мәселен, статистикаға сүйенсек, 2013 жылы қосымшаларды таратудан ең алғашқы орындарды иеленіп жүрген App Store мен Play Market-тің жасап шығарған қосымшалар саны 700 000-нан асады, бұл өзге де қосымша жасап шығарушыларды есептемегендегі санақ. Мінекей, осындай өсімнің өзі - мобильді технологияны пайдалану мен өндіру жұмысын ұлғайтуда.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру, инновациялық технологияларды енгізу.
Шет тілдерді үйрену ешқашан өзектілігін жоймайды. Акпараттық технологияларды шетел тілін оқытуда кеңінен колдану арқылы білім алушыларға жан-жақты жол ашып, мемлекеттің Үш тұғырлы тіл саясатының жүзеге асырылуына үлес косуға болады. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруге игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат - шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру. Шет тілі - қазіргі заман талабына сай, қоғамның әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі болғандықтан әрбір жас азаматтың алдында шет тілін еркін игеріп, өзінің қоғамдағы орынын табуға, өзі өмір сүретін ортаға пайдасын тигізуге ұмтылуы қажет.
Рухани жаңғыру бағдарламасынан кейін 2017 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның басты мақсаты - орта мерзімді келешекте цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді келешекте Қазақстан экономикасын болашақтың жаппай цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау (Цифрлық Қазақстан бағдарламасы). Осы тұрғыда диплом жұмысы бойынша қарастырылған өзге тілдерді үйренуге арналған мобильді қосымшалар жаңа ақпараттық технологиялардың қатарына енеді. Сондықтан да аталмыш оқу үдерісіндегі M-learning тақырыбы диплом жұмысының өзектілігін нақтылай түседі.
Зерттеудің нысаны: оқытуда қолданылатын M-learning технологиясы.
Зерттеудің пәні: M-learning технологиясын өзге тілді меңгеру тәжірибесінде қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: тіл меңгеру тәжірибесінде M-learning технологиясы негізінде қолданылатын тиімді мобильді қосымшаларды анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
oo m-learning технологиясының өзге тілді меңгеру тәжірибесіндегі қалыптасуы мен дамуын негіздеу;
oo оқу үдерісінде M-learning технологиясын қалыптастырудың талаптарын айқындау;
oo тілді меңгеру тәжірибесінде қолданылатын мобильді қосымшаларды топтастыру;
oo m-learning технологиясы негізінде тіл менгеруде қолданылатын мобильді қосымшаларға эксперимент жүргізу.
Зерттеудің материалдары: жалпы 160 тіл үйретуде қолданылатын мобильді қосымшалар, оның ішінде 52 жаңа сөздерді жаттауға, 43 грамматиканы меңгеруге, 35 тыңдалымды дамытуға, 30 лексиканы меңгеруге бағытталған мобильді қосымшалар қарастырылды.
Зерттеудің дереккөздері ретінде шетел ғалымдарының тіл меңгеруге арналған қолайлы мобильді қосымшалар тізбегі және www.oxfordinternationalenglish.com, www.lingualift.com, www.educationalappstore.com, www.fluentu.com парақшалары ұсынған мобильді қосымшалар тізбегі зерттеудің дереккөзі ретінде қолданылды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: жұмыста жалпы зерттеулерге тән бақылау, сипаттау, жинақтау, іріктеу, топтастыру, жүйелеу, экпериментті тәжірибе әдіс-тәсілдері қолданылды. Мобильді қосымшалар іріктеу әдіс-тәсілі арқылы анықталды. Сонымен қатар, онлайн сауалнама жүргізілді. Алынған нәтижелерге есептік талдау жасау арқылы түрлі талаптар негізінде тиімді мобильді қосымшалардың тізбегі анықталды.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін қазақстандық зерттеушілердің (Сапаргалиева М.Е., Тулегенова Э.Б., Жалмұханова У.М., Рахматуллина З.Ж.) ресейлік зерттеушілерінің (Спесивцева А.В., Потапчук О.К., Нефёдов И.В., Попова К.А., Голицына И. Н., Куликова Н.Ю., Кобзева В.А., Ярославцева М.В.) және шетел зерттеушілерінің (Camacho M., Tofler A., Johnson L., Adams S., and Cummins M., Huotari K., Hamari J.,) еңбектері құрайды.
Алынған нәтижелер. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде:
oo оқу үдерісінде M-learning технологиясының қалыптасуы мен даму кезеңдері анықталды. Олар: І кезең - қалыптасу кезеңі (2001-2005жж.); ІІ кезең - даму кезеңі (2005-2013жж.); ІІІ кезең - жаңа кезең (2013 ж. бастап).
oo оқу үдерісінде M-learning технологиясын қалыптастырудың заманауи талаптары анықталды;
oo қолданушылардың тілді меңгеру тәжірибесіндегі мобильді қосымшаларды пайдаланатындығын немесе пайдаланбайтығын анықтап, олардың ішінде қолданысқа ие үздік 10 мобильді косымшаны анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, диаграмма түріндегі нәтижеге қол жеткіздік. Сауалнамаға 240 респондент қатысты, олардың басым көпшілігі 16-25 жас аралығындағы жастар, қазақ аудиториясы. Сауалнамада 172 респондент шет тілін меңгеру мақсатында мобильді қосымшаларды пайдаланамын жауабын таңдаса, 68 респондент шет тілін меңгеру мақсатында мобильді қосымшаларды пайдаланбаймын жауабын таңдады. Пайыздық көрсеткіштерге келер болсақ, яғни шет тілін үйрену үшін мобильді қосымшаларды қолданушылар саны 72%, ал қалған 28%-ы бұл мақсатта мобильді қосымшаларды мүлдем қолданбайды. Бұл сауалнамадан қолданушылардың өзге тілді меңгеру мақсатында мобильді қосымшаларды белсенді пайдаланатынын байқаймыз. Қолданушылардың тіл меңгеру мақсатында қандай мобильді қосымшаларды белсенді пайдаланатындығын анықтай келе, үздік 10 мобильді қосымшаны анықтадық. Олар:
1. Lingualeo
2. Duolingo
3. Drops
4. Wordreal
5. Visual Vocabulary
6. EWA
7. Aword
8. Lingvist
9. Английский 4 You
10. Emister
- m-learning технологиясы негізінде тіл меңгеруде пайдаланылатын мобильді қосымшаларға эксперимент жүргізу арқылы тиімді мобильді қосымшалар тізбегін ұсындық. Мобильдің қосымшалар ішіндегі ағылшын, неміс, француз, испан, итальян тілдерін меңгеруге арналған ең қолайлы қосымша - "Duolingo". 120 миллион қолданушылары бар, оның 10 миллионы - орыстілді аудитория. Ағылшын тілінің грамматикасын және лексикасын дамытуға арналған қолайлы мобильді қосымша - "Lingualeo". Күнделікті жаңа сөздер жаттауға бағытталған тиімді мобильді қосымша - "Easy Ten". Тыңдалымды дамытуға арналған - "BBC News", айтылымды дамытуға арналған - "English Pronunciation" мобильді қосымшасы.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы анықтамалардан, кіріспеден, негізгі 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, пайдаланылған материалдар мен дереккөздерден тұрады.

1 ТІЛ МЕҢГЕРУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ M-LEARNING ТЕХНОЛОГИЯСЫ

0.1 M-learning технологиясының қалыптасуы мен дамуы
Елу жылда, ел жаңа дегендей еліміз жаңарып, егеменді ел болдық. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз. Сонау өткен ғасырларға көз жіберсек, бастарынан неше түрлі қиындық, зобалаңдар өтсе де қайран біздің ата-бабаларымыз ана тіліміздің байлығын кейінгі ұрпақтарына саф алтындай таза күйінде табыстады. Шетел тілін жаңаша оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Оқытушылардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады. Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады. Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т.б. Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым- қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақылау мүмкіншілігіне ие болады.
Инновация дегеніміз тек қана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу - тәрбие үрдісіне қолдана білу. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық-электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық-электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.
Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Ал ағылшын тілін саналы түрде меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру бір жылғы мәселе емес, сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда, оқушы бойындағы қабілеттерді анықтап, ары қарай жетілдіруде, жеке тұлға қабілетін дамытуда қандай технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолданған дұрыс деген сауал туындайды. Осы сауалға жауапты Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан табуға болады. ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру [1,1-2]. Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуникативтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді. Оқушылардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы оқушылардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. [2,135]
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау [3] деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Мектепте Ағылшын тілі сабағын үйымдастырудағы ең басты міндет сабақ жоспарын құру және қазіргі заман талабына сай жаңа педгогикалық, инновациялық технологияларды енгізу болып отыр. Осы трансформация нәтижесі ақпараттандыру және жаңа эволюциялық үдерісінің бастамасы интернетті дамыту болды.
Міне бірнеше жылдан бері, біз aқпараттық дамыту технологияларысыз сабағымызды елестете алмайтын болдық. Себебі АКТ-ны пайдалану біздің ең қажетті көмекші құралымызға айналды. Ағылшын тілі сабақтарына қажетті көрнекі құралдар, балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру бағытында ұйымдастырылатын диалогтер, бейне роликтер, видеоларды көресту үшін АКТ-ның көмегіне жүгінеміз. Мектепте оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқыту процесін жандандыру, танымдық, оқушылардың ақыл-ой және тәуелсіз белсенділігін арттыру үшін мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар тәрбие жұмысының нысандары мен әдістерін өзгерту ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай оқу парадигмасын айналдыру және байытуға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы және интеллектуалдық қабілетін, қиялын, сөйлеу және шығармашылық дамытады.
Ағылшын тілін сабақтарында компьютерлік технологияларды қолдану, білім беру және оқытудың әр түрлі нысандарын пайдалану, іске асыруда жоғары шығармашылық факторына айналып отыр. Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Кез-келген мұғалім компьютерді, интернет желісін пайдалана білуі керек. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология ағылшын тілін дамыту мақсатына қол жеткізудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Егер мұғалім компьютерді қолдана білсе болғаны, оның оқу процесін жандандыру және оны одан жарқын және серпінді жасауға бірегей мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда, көптеген дерлік мектептерде компьютерлік техника жеткілікті және мультимедиялық жүйелер, интерактивті тақта, интернетке тегін қол жеткізе алады. Заман талабына сай күнделікті сабақ барысында бейне және аудио- құрылғыларды, теледидарды, компьютерді, электронды оқулықты, интерактивті тақтаны қолдану оқушылардың тілді үйренуге деген белсенділігін арттырып, ең бастысы олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Тілдің үш тұғырлылығын дамыту және қолданыс аясын кеңейтуде оқытудың жаңа технологияларының ықпалы зор. Осы тұрғыда арнайы технологиялық ақпараттық құралдар негізіндегі педагогикалық технологияларды біз ағылшын тілі сабақтарында да кеңінен пайдаланамыз. Олардың қатарына интерактивті тақта, интернет ресурстарымен жұмыс, мультимедиялық кітапхана, қашықтан жүргізілетін сабақтар, диспуттар мен тренингтер. Жаңа технологиялар білім беру мен тәрбие жүйесін бірдей қамтуымен ерекшеленеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - педагогикалық іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден-бір жолы.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп келе жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі [4] деп атап көрсетті.
Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді. Барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз- мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі -жаңа технология негіздері болып табылады.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, білімділер қатары көбейері анық. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.
Электрондық білім беру термині ғылыми жарияланымдарда оқу қызметі сияқты түсіндіріледі, бірақ ғалымдар оның мағынасын әр түрлі түсіндіреді: бір ғалымдар қашықтан оқытудың синонимі ретінде, басқалары - дербес түрде білім алу, ал үшіншісі - инновациялық білім беру түрінде қарастырады. Бұл барлық түсіндірмелердің негізгі мағынасы компьютерлерді, жергілікті немесе ауқымды интернет желісінде пәнге бағдарланған сандық оқу контенттерін кейстік, желілік, интернет технологияларды, синхрондық жеткізу әдістерін қолданғанда ғана электрондық білім беру жүзеге асырылатындығын білдіреді.
Қазақстанда электрондық білім беруді Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі ретінде анықтау жоспарланған және білім беру жүйесінде оқытудың жаңа парадигмасына көшу механизмі ретінде қарастырады. [2]
Электронды оқытудың негізі - ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) негізінде білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Бәсекелестікке қабілетті дамыған шет елдердің білім беру жүйесіне қарағанда, мысалы, Ұлыбританияның Үкімет аясында Ұлттық жүйеде білім беру бағдарламасында 1998 жылы барлық мектептер кең жолақты интернетке қосылу модемін қолдануға өтті, осы кезде оқушылардың компьютерге байланысының көрсеткіші 5:1 қатынасын көрсеткен. Үкімет мұғалімдерді қайта даярлау және олардың біліктілігін жетілдіруге, оқу бөлмелерінде үйренудің тікелей жолына, on-line режимінде оқып-үйренуге қаражат бөлген. Оn-line режимінде оқыту бағдарламасы Үкімет оқытушылар мен оқушылар үшін мектепте қажетті сандық білім беру мазмұнына үлкен талаптар мен міндеттер қойған. АКТ құралдарын қолдану қызметтері мен компьютерлер арқылы СD, DVD сандық теледидар және порталдарды пайдалануға болады. Барлық материалдар стандарт сапасына нақтылы сәйкес келген. Нәтижесінде 11 мың сандық мультимедиалық ресурстар қоры құрылды, онда 300 білім беру базасы жасалынған. Ал, білім беруді ақпараттандыру ТМД елдерінде мемлекеттік саясат, мемлекеттік бағдарламаны қабылдаумен анықталады:
Ресейде - Біртұтас ақпараттық білім беру ортасын дамыту (2001-2005 жылдар), Білім беру жүйесін ақпараттандыру (2006-2008 жылдар) Федеральды мақсатты бағдарламалар;
Беларуссияда - Білім беру жүйесін ақпараттандыру (1998-2006 жылдар), Республикалық бағдарламасы, Білім беру жүйесін ақпараттандыру кешені 2007-2010 жылдар, Электрондық оқулық 2007-2010 жылдарда арнайы салалық бағдарлама;
Украинада - Ұлттық ақпараттандыру бағдарламасы туралы заң (1998 жыл), Қашықтан оқыту жүйесін дамыту бағдарламасы(2004-2006 жылдар), Білім беру мен ғылымдағы АКТ бағдарламалары;
Әзірбайжанда - Әзірбайжан Республикасының дамуында АКТ-ның Ұлттық стратегиясы (2003-2013 жылдар), Әзірбайжан Республикасының 2008-2012 жылдар білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы [5,16-18].
Осындай көптеген алыс және жақын шет елдерде электронды оқыту жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып, білім беру жүйесіне еніп, жас ұрпаққа беретін білім сапасына оң ықпалын тигізгендіктен, бұл е-learning жүйесі қазақстандық білім жүйесіне де еніп жатыр.
Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады [6,87].
Электронды окытудың ажырамас бөлігі ретінде қазіргі таңда M-learning немесе mobile learning деп аталып жүрген мобильді оқытуды ерекше атап өтсек болады. Мобилді оқыту және е-learning түсініктері жиі шатастырылады. Сол себепті электронды оқытудан мобилді оқытудың айырмашылығын тоқталайық. Олардың арасындағы айырмашылықтарды қарастырайық. Ең алдымен, мобилді оқыту өзінің автономдылығымен сипатталады. Мобилді оқыту көбінесе бейресми. Осы аталғандардың арқасында оны электронды оқытудан ажыратады. Сонымен бірге, мобилді оқыту - қатысушыларына қай жерде және қашан оқитындығына байланысты кең еркіндік ұсынады. Мобилді оқыту электронды оқытуға қарағанда тез әрі ширақ жүреді. Мобилді оқытуға арналған контент шағын, сыйымды және орынды бөліктермен беріледі, әрбір бөлік нақты сұраққа қатысты болады. Сондықтан, мобилді оқыту классикалық электронды оқытуға қарағанда жоғары өнімділікті қолдауға бағытталған.
Моbile - ағылшын сөзі, қозғалмалы, икемді деген мағынаны білдіреді. Мобиль - адам әрекетін жеделдететін, қандай да бір затка шапшаң қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылғы.
Мобильді оқыту термині кашықтықтан білім беру ұғымымен тығыз байланысты. Мұнда оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасы қашыктықтан жүзеге асырылып, оку үдерісіне тән компоненттер (мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілі, ұйымдастыру формасы, окыту кұралдары) түгел қамтылады.
Мобильді оқытудың тарихына көз жүгіртіп көрейік. Бүгінгі күні мобильді технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Олар бізге уақытымызды үнемдей отыра, ақпаратқа тез әрі жеңіл қол жеткізуге мүмкіндік туғызды. Егер күнделікті өмірде мобильді технологияларды қолданудың артықшылықтары көп екені даусыз болса, ал оқыту жүйесіне оны енгізу туралы мәселе әлі ашық. Мобильді технологияларды шет тілдерін оқыту жүйесіне енгізу мәселесі әзірше қалыптасудың алғашқы кезеңінде.
Жиырмасыншы ғасырдың басында, яғни 2000-2001 жылдарда алғаш рет ағылшын тілді ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде мобильді оқыту (m-learning) туралы айтыла бастады. M-learning терминін алғаш электрондық құрылғылардың көмегімен жүзеге асатын жаңа оқыту технологияларын зерттеген шетелдік әдіскерлер енгізді [7,90]. Уақыт өте келе, біздің еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттандыру, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және электронды оқыту жүйесін жасау, енгізу бағдарламаларын іске асыру кезеңінде мобильді оқыту мәселесі талқыланып, тіпті жекелеген педагогтермен қолданысқа енгізіле бастады. Мобильді құрылғылардағы оқушыларға қызықты қолжетімді түрлі оқыту бағдарламалары мен қосымшалары және сенсорлық интерфейспен жабдықталған құрылғылар білім алудың қосымша көзіне айналды. Оқушылардың білім сапасын арттыруға және білім алу мүмкіндіктерінің кеңеюіне ықпал ететін бұл құрылғыларды білім беру технологиясына айналдыру әлемдік педагогика саласының мәселесіне айналды.
Алғаш рет оқыту жүйесінде мобильді құрылғылар Америка университететінде 20 ғасырдың 80 жылдарында қолданылған болатын. Бірақ ол уақытта интернет желісі мен мобильді технологиялардың дамымаған болғандықтан бұл кең қолданысқа ие болмады. Ал қазір мобильді технологиялардың дамуының шарықтау шегі кезінде оны оқыту жүйесіне енгізу мәселесі өзекті бола бастады.
Мобильді қосымшалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін тек шетелдік зерттеушілер емес (Агнес Кукульска-Хьюм, М. Алли, Д. Тракслер), орыс зерттеушілері де (Авраменко А.П. Куклев В.А., Попова С.Н., Титова С.В.) зерттеу үстінде. Қазіргі кезде мобильді технологиялардың маңыздылығы күннен күнге артып келеді. Оны осы мәселеге арналған әр түрлі семинарлар мен конференциялардың жыл сайын көптеп өткізіліп жатқанынан байқауға болады. Алғаш рет конференция 2002 жылы өткізілді, содан соң жыл сайын әлемнің түкпір түкпірінде түрлі конференцилар өткізіле бастады. Соңғы конференция Кипрда, Ларнак қаласында 2017 жылы өтті. Ол жерде мобильді оқытудың дамуы және болашақ трендтер талқыланды [8].
Мобильді окыту нетбук, смартфон, сенсорлык дисплейі бар планшетті компьютер жэне т.б байланыс кұралдарын пайдалану аркылы жүзеге асырылады. Осындай ақпараттық технология құралдарының жана заман талабына сай байланыс кұралдардың көмегімен өз кезегінде фотоаппарат, видеокамера, аудио жэне видео ойнатқыштар, диктафон, суреттер мен иллюстрациялык материалдар, электрондық оқулықтар мен оқу-құралдары, мультимедиялық оқулықтар, электрондық кітапхана, электрондық энциклопедиялар мен сөздіктер, анықтамалар, тестік бағдарламалар мен акпараттык сайттар, электронды пошта, әлеуметтік желілер, офис пакеті жэне т.б. мультимедиялық қосымшалар арқылы шетел тілдерін жылдам әрі қызықты етіп үйретуге болады [9, 98].
Мобильді оқытуды техникалық тұрғыдан қолдауды 3G, 4G, Wi-Fi, GPRS, HTML 5 жүргізеді, ал ғаламторға WCDMA, GPS, GSM, LTE, т.б. жүйелер арқылы қосылуға болады. Қазіргі таңда көпшілігі портативті құрылғыларды пайдаланады, оның көп бөлігін Android жүйесі арқылы іске асатын смартфондар құрайды, одан кейінгі бөліктерін iOS, Windows Phone, Symbian және т.б. жүйелер арқылы жұмыс істейтін мобильді құрылғылар толықтырады.
M-learning-ті қазіргі кезде көп қолданудың реті мобильді қосымшалар есебінен болып отыр. Себебі, тек мобильді қосымшалар ғана смартфон сатып алуға және телефон мен ғаламтордың қолданылуына түрткі болуда. Мәселен, статистикаға сүйенсек, 2013 жылы қосымшаларды таратудан ең алғашқы орындарды иеленіп жүрген App Store мен Play Market-тің жасап шығарған қосымшалар саны 700 000-нан асады, бұл өзге де жасап шығарушыларды есептемегендегі санақ [10,6]. Мінекей, осындай өсімнің өзі - мобильді технологияны пайдалану мен өндіру жұмысын ұлғайтуда. Дегенмен, мұндай технологиялардың кешеуілдеп дамуы Орта Азия халықтарына, соның ішінде Қазақстанда да білінуде. Себебі, қазақ тілінде жасап шығарылған қосымшалар саусақпен санарлық қана.
ЮНЕСКО ақпараттық технологияларға оқыту Институтымен 2010 жылы жарық көрген Сапалы білім мен әлеуметтік дамуға мобильді оқыту бағдарламалық құжатында қазіргі педагогтер мен оқушылардың арасында сұранысқа ие мобильді құрылғыларды оқыту үдерісіне оңтайландыру жолдарын қарастыру мәселесі қарастырылды [11,190].
Мобильді құрылғыларды теориялық және практикалық мақсатта пайдаланылуы, мобильді білім беру ресурстарын жасау мәселелері бірқатар шетелдік ғылыми орталарда зерттеліп, қызу талқыланды. Осы мәселені дамыту саласында 2005 жылдан бастап Европада Мобильді оқыту (International Conference Mobile Learning) Халықаралық конференциясы, 2002 жылдан басқа "MlearnCon" Халықаралық конференциясы, 2007 жылдан бастап Англияда "The Mobile Learning Network Project" (MoLeNET - мобильді оқыту жүйесі) Халықаралық конференциялары үнемі өткізіліп келеді. Мақсаты - мобильді оқыту технологияларын жасау және тарату, әлем мектептері мен колледждері үшін біртұтас виртуалды мобильді оқыту жүйесін жасау болып табылады. M-learning технологиясының қалыптасуы мен даму кезеңдеріy ІІІ кезеңге бөліп қарастыруға болады:
oo І кезең - қалыптасу кезеңі (2001-2004жж.). Қалыптасу кезеңінде алғаш рет "m-learning" термині пайда болып, анықтамалар берілді. Мобильді оқыту электронды оқытудың ажырамас бөлшегі деген түсінік қалыптасты.
oo ІІ кезең - даму кезеңі (2004-2013жж.). Бұл кезеңде оқыту мақсатындағы мобильді қосымшалар көптеп пайда болды және оқыту жүйесіне біртіндеп ене бастады.
oo ІІІ кезең - жаңа кезең (2013 ж. бастап). Жаңа кезеңде мобильді қосымшалардың бәсекелестік пайда болды және қазір де бәсекелестік бар. Өйткені қолданушылар саны айтарлықтай күннен күнге көбейіп жатыр [12].
Мобильді оқытуды білім саласына енгізу жобаларын жүзеге асыруда түрлі мобильді құрылғылардың: смартфондар, mp3 плеерлер, планшеттер, дауысты құралдардың дидактикалық мүмкіндіктері зерттеліп, білім алуға оңтайландырыла бастады. Мысалы: американдық "Mobile Learning Environment Project" (The MoLE - мобильді оқыту ортасы) жобасы мобильді оқыту технологияларын түрлі пәндерді оқытуға бағыттап мобильді білім беру ресурстарын құрастырды және оны меңгеруге арналған қолданылу әдістемесімен бірге бірыңғай платформа жасап, қолданысқа енгізді. Осы істеліп жатқан жобалар әлемнің білім беру жүйесінен электронды оқыту, мобильді оқытуды қалайда тиімді оқыту технологиясына айналдыруды талап етті. Шешуді талап ететін мынадай мәселелі сұрақтар туындады:
Біріншіден, мобильді оқыту дегеніміз не?
Екіншіден, қазіргі білім беру жүйесінің деңгейлері мен компоненттеріне (теориялық- әдіснамалық негіздері, мақсаттары мен мазмұны, әдіс-тәсілдері мен құралдары, технологиялары мен формалары, оқыту әрекетінің түрлері) қандай өзгерістер енгізу керектігіне зерттеулер жасау;
Үшіншіден, мобильді құрылғылардың қасиеттерін, дидактикалық қызметін, оқу үдерісіне кіріктіру шарттарын анықтау.
Технологиялық ерекшелігі мен дидактикалық мүмкіншілігіне байланысты Мобильді оқыту туралы ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама келтірілген. Мысалы, MoLeNet жобасы мобильді оқыту ұғымын - оқушының білім алуына оңтайландыру және қолдау көрсету үшін, ақпараттармен жұмыс істеуін қанағаттандыратын, оқу әрекеттерінің тиімділігін арттыруға пайдаланылатын портативті, сымсыз, ыңғайлы және қолжетімді құрал деп қарастырады.
Мобильді оқыту - білім беруде педагогтердің жұмысын жеңілдетуші, мүмкіндіктерін кеңейтуші, білім тереңдігін күшейтуші технология және негізгі оқыту формасына қосымша көмекші құрал деп те қарастырылады. Дж. Тракслер Мобильді оқыту -- дәстүрлі оқыту үдерісін өзгертеді, оқу материалдарының берілуін, оған қолжетімділікті түрлендіреді және сана мен менталитеттің жаңа формаларын қалыптастырады [13] деп жаңаша тұжырымдайды. Осы саланы зерттеп жүрген ғылыми орта: ...заманауи білім беру жүйесін мобильді оқытумен кіріктіру өз уақытында (just-in-time), жеткілікті деңгейде (just enough) және жеке тұлғаға (just-for-me) бағытталып жүріп жатқан үдеріс, - деп санайды. [14]
Мобильді оқыту қашықтықтан оқыту ұғымымен тығыз байланысты. Себебі, оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас формасы қашықтықтан (оқушы - объект, оқытушы - субъект) орындалады, оқу үдерісінің компоненттері (мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілі, ұйымдастыру формасы, оқыту құралдары) толық қамтылады. Мобильді оқытудың оқыту формасының қашықтықтан оқытудан өзгешелігі, мобильді оқыту технологиясы оқу үдерісін нақтылайды, яғни оқушы өзінің білім алуына қатысушы белсенді (білім беру үдерісінде оқушы - субъект).
Осы қасиеттері мобильді оқытудың электронды оқыту (е-learning) мен аралас оқытудан (Blended learning) еркешелігін сипаттайды. Мобильді оқытудың дидактикалық принциптері: мультимедиялығы, құрылымдылығы, модульдылығы, интерактивтілігі, қолжетімділігі. Аралас оқытудан (Blended learning) айырмашылығы ретінде мобильді оқытудың жеке тұлғаға бағытталуы мен формальды еместігін айта кеткен жөн. Сонымен, Мобильді оқыту деп - мобильді құрылғылардың көмегімен кез келген уақытта, кез келген жерден білім алуды айтамыз.
Біздің елімізде қазір мобильді оқыту электронды оқытудың қосымша формасы ретінде қолданылуда. Бірақ қолданылу аясы әлі де болса қажетті деңгейде емес. Оған себеп:
1. сапалы білім беретін контенттердің жеткіліксіздігі және оны іске асыруға қажетті алғы шарттардың жеткіліксіздігі;
2. жаппай білім алуға пайдаланылатын біртұтас жүйенің жасалмауы;
3. желілік байланыс қызметінің бағасының жоғарылығы.
К.Д. Ушинский ...әр педагогтің, өз білімін жетілдіріп, бірсарынды сабақ беруден гөрі, инновациялық технологияларды күнделікті пайдалануы заман талабы [15,47] деген. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Білім берудің нәтижелі технологияларын сараптап, әлемдік іс - тәжірибелер зерттеліп, мектеп өміріне енгізу - басты мақсат.
Мобильді құрылғыларды қолдану неліктен тиімді:
- оқу үдерісіне қатысушылар: оқушылар өзара және оқытушы үйреншікті, ыңғайлы құралдарымен әрекеттеседі;
- сыныпта бірнеше компьютер қойғаннан гөрі, қолда бар мобильді құралдарды пайдалану ықшам және тез;
- мобильді құрылғыларда жүктелген электронды контенттермен жұмыс істеу, қағаз оқулықтар мен компьютерді қолданудан гөрі жеңіл және жылдам. Стилус немесе сенсорлық экран арқылы жұмыс істеу клавиатураны қолданудан ыңғайлы;
- мобильді құрылғыларға арналған кроссплатформалық қосымшаларды (WhatsApp, Viber, Telegram) пайдалану арқылы оқушылар мен оқытушы ортақ істелетін тапсырмамен жылдам бөліседі, топ ішінде ақпараттарды бір мезгілде және әркім өзінше өңдей алады;
- кез келген уақытта, кез келген жерден білім алуға мүмкіндік бар;
- жаңа технологиялық құрылғылар: смартфондар мен заманауи гаджеттер оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады.
Неліктен мобильді оқытуды енгізу білім беру үшін тиімді:
- мобильді оқыту - жеке тұлғаға бағытталған. Оқушылар өздерінің қойған мақсаттарына сәйкес, қажеттілігін қанағаттандыратын білім мазмұнын таңдау мүмкіндігіне ие болады;
- білімді меңгеруге икемді құрал арқылы, жылдам қол жеткізу оқушының еңбегін өнімді етеді;
- өзінің сұранысын қанағаттандыратын контентке жылдам қол жеткізу. Оқушылар сабақтан тыс уақыттардарын тиімді пайдаланады, мобильді құралдары арқылы алыстан бірлесіп білім алуға мүмкіндік бар.
Мобильді оқытудың кемшіліктері қандай:
- мобильді құрылғылардың экраны шағын, бұл берілетін ақпараттардың түрлері мен сандарын шектеуі мүмкін;
- мобильді құрылғылардың батареялары үнемі жұмыс істеп тұруы керек, ақпараттарды сақтау уақытында және дұрыс орындалмаса, жоғалып кету қаупі бар;
- компьютерлер мен ноутбуктерге қарағанда сенімділігі төмен;
- 3G және 4G технологиялары енгізілсе де графикалық ақпараттармен жұмыс істеу әлі де болса қолайлы емес;
- мобильді құрылғылардың мүмкіндіктері үнемі жетілдіріліп отыратындықтан, олар тез ескіреді;
- бір уақытта аудиторияда сымсыз желіні қолдану, пайдаланушылар санының өсуі құрылғылардың ақпаратты өткізу қабілетін төмендетеді;
- мобильді құрылғыны үздіксіз қолдану денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.
Жоғарыда көтерілген мәселелер болашақта мобильді оқытуды дамытуда оны өндірушілер, мобильдік қызмет көрсету саласы білім беру индустриясы мамандарымен бірлесіп жұмыс істеуіне ықпал етеді. [16,46]
Мобильді оқыту білім беруді негіздемейді, керісінше өздігінен білім алу қабілеттілігін арттыруды көздейді. Осы мақсатта интерактивті смартфондық бағдарламалар, аудиовизуалды материалдар мен интернет желісіндегі түрлі акпараттық контенттер арқылы білім алушының шетел тілін кез-келген ортада, кез-келген уакытта үйренуіне мүмкіндік туады.
Біз өз тәжірибемізде шетел тілін үйрету барысында мобильді құрылғыларды, оның ішінде смартфон бағдарламаларын қолдану арқылы көптеген жетістікке жетуге болатынына көз жеткіздік. Шетел тілін халықаралық тіл, мәдениет пен әдебиет тілі, шетел азаматтарымен қарым-қатынас тілі ретінде үйренушінің қызығушылығын арттырады. Мобильді кұрылғылардың ішінде ұялы телефон, яғни смартфондарды сабақ барысында, әсіресе шетел тілдерін үйретуде өте тиімді пайдалануға болады. Смартфонның баска құрылғылардан артықшылығы ең алдымен, оның қолжетімділігі. Қазіргі кезде білім алушының барлығы да күнделікті өмірде соңғы үлгіде жасалған, интернет желісімен қамтылған смартфондарды пайдаланады. Екіншіден, смартфондар көптеген техникалык мүмкіндіктерге ие. Атап айтсақ, байланыс құралы, WI-Fi, мәліметтерді мобильді тасымалдау (GRPS, 3G, 4G) фотовидео камера, диктафон, офис пакеті, әлеуметтік желілер, ақпаратты енгізу функциялары және т.б. [17]

1.2 Оқу үдерісінде M-learning технологиясын қалыптастырудың заманауи талаптары
Қазіргі білім берудің мақсаты - білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке, яғни ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, Отанның дамуына әлеуметтік, экономикалық жағынан зор үлес қоса алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл орайда мемлекеттік білім беру стандартын сапалы жүзеге асыру, білім беру жүйесін жетілдіру, жаңа aмобильді технологияны оқу үдерісіне енгізу жеке тұлғаның дамуына оң әсер етеді:
- мұнда оқу үдерісіне қатысушылардың еркіндігін қамтамасыз етеді;
- білім беру ұйымдарынан тыс оқу үдерісіне қатысуға, білімді өз бетінше жетілдіруге мүмкіндік береді;
- мүмкіндігі шектеулі жандар үшін үздіксіз білім алуға мүмкіндік жасалған;
- мобильді құралдарды пайдалану, оқу материалдарына жылдам қол жетімділік, экономикалық тұрғыдан тиімді;
- білім алушылар арасында сымсыз технологиялар арқылы (WAP, GPRS, EDGE, Bluetooth, Wi-Fi) байланыс оқу қажеттілігін қанағаттандыратын орта;
- мультимедиялық ақпараттар оқушылардың есіне жылдам сақталады және олардың білім беру үдерісіне қызығушылығын арттырады.
Шетел тілін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде енуі және мобильді қосымшаларды қолдану
Үлестірілген ақпараттық жүйелер
Мобильді қосымшаларды әзірлеу процесі
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Шет тілін үйренуге арналған қосымша
GPS жүйесінде қолданылатын ақпараттық технолгияларға жалпы талдау
Телефон орналасу үлгісі
Тіл білімі және оның зерттеу нысаны
Аудио оқыту құралы ретінде
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
Пәндер