Тілдік бірліктер және сөйлеу мәселесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
Кіріспе: Кіріспе
3-5: 3-5
: 1
Кіріспе: Тілдік бірліктер және сөйлеу мәселесі
3-5: 6-20
: 1. 1
Кіріспе: Функционалды тіл білімінің лингвистикадағы орны
3-5: 6-9
: 1. 2
Кіріспе: Сөйлеу түрлері және олардың прагматикалық аспектісі - Диалог (Гүлжайна) ; Диалогтың практикалық жағын (Жанар Қ. Қарастырады) . Прагматический аспект речи (кестені аудару) ; 25-34 беттен аудару, бәрін алмау, тек керекті жерлерін аудару
3-5: 6-10
: 1. 3
Кіріспе: Сөйлемнің коммуникативтік және айтылыстың прагматикалық түрлері Жанар Қ. Аудару
3-5: 11-20
: 2
Кіріспе: Тіл біліміндегі сөйлеудің реттелуінің тілдік механизмдері және дискурс мәселесі
3-5: 21-56
: 2. 1
Кіріспе: Сөйлеудегі субъектілі-объектілі қатынастардың жақтық маңызы 69-109 (субъект, объект, адресант, адресат, диктема, айтылыс, 79-84 бб. аудару, толық түрде; 3. 2. 3-ті қарастырып өту, керекті жерлерін қысқаша аудару -Жанар Қ. )
3-5: 21-30
: 2. 2
Кіріспе: Сөйлеудің реттелуінің стратегиясы мен тактикасы (әдіс-тәсілдері) Гүлжайнаға аударуға
3-5: 31-40
: 2. 3
Кіріспе: Дискурстың талдау негіздері (Қалиұлының мақаласын алу; жалпы дискурс туралы қазақстандық ғалымдардың мақалаларын іздеп, қосу)
3-5: 41-56
:
Кіріспе: Қорытынды
3-5: 57-59
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
3-5: 60-61

Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тілдік білім-тілдік мәдениет-тілдік тұлға үш тағаны бүгінгі таңда түбірлі түзетуді талап етеді. Бәрінен бұрын коммуникативтік тұлғаны қалыптастыру негізі болып табылатын тілдік тәрбие туралы айту керек. Нақ тәрбиенің (оқыту емес, білім беру емес) қажеттілігі туралы жазылған пікірлерге сүйенер болсақ, оқытудың мазмұндық, коммуникативтік басымдығы ретінде, бірінші кезекте сөйлеуші мен жазбаша жұмыста қатысым практикасында қажеттіні үйрету тұрады. Лингвистикалық білім берудің басты мақсаты - коммуникативтік тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру. Қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі - сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, қатысым біліктілігін қалыптастыру (тек қана сөйлеу, өзгені тыңдау ғана емес), өз көзқарасын мәнерлі жеткізуге, пікірталасқа қатысуға, тілді еркін меңгеруге алғы шарт жасау. Тілдік тәрбие жүйесін жетілдірудің болашақты жолдарының бірі - лингвистика ғылымының жетістіктерін ұтымды пайдалана білу. Оқытудың фцнкционалдық, коммуникативтік бағытының күшеюі қазіргі лингвистиканың осы бағыттағы дамуының нәтижесіне де байланысты.

Жұмыстың өзектілігі тіл біліміндегі коммуникацияны жүзеге асырушы сөйлеу түрлерін (диалог, монолог), сөйлем, дискурс және мәтінді функционалды грамматика аясындағы коммуникативті-прагматикалық аспектісін қарастыру болып табылады.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қызметтік грамматика: коммуникативті- прагматикалық таным.

Зерттеу жұмысының пәні. Қызметтік грамматиканың

Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері

Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде 2014-2018 жылдар аралығында жарыяланған ҚазҰУ Хабаршысы,

Зерттеу жұмысының әдістері

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық негіздерін функционалды тіл білімі(Д. А. Әлкебаева, С. М. Иманқұлова, А. Т. Аширова), сөйлеу түрлері (А. Қ. Айтбенбетова, Г. С. Имангалиева, Д. Б. Абдыкаримова) прагматикалық аспект(Ғ. Шәрібжанова, Қ. К. Кенжеқанова, Т. В. Булыгин, Ғ. Ж. Тұңғышбаева, И. П. Сусов, З. Ш. Ерназарова, С. С. Искакова), дискурс мәселесі(Б. Қалиұлы, Қ. К. Кенжеқанова, М. Я. Блох, Н. Д. Арутюнова), т. б. қазақ және орыс ғалымдарының еңбектері, сөздіктер(«Саяси түсіндірме сөздік», «Орысша-қазақша түсіндірме сөздік», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», т. б. ) құрады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Жұмыс ғылыми талдаудың сипаттау, жинақтау, салыстырмалы әдістерінің кешенді түрде қолданылуы негізінде орындалды

Зерттеу жұмысының жариялануы. Диплом жұмысының тұжырымдары мен материалдары бойынша екі мақала жарияланды. «Қызметтік грамматиканың тіл білімінде зерттелуі» тақырыбындағы мақала ПМПУ-дің Педагогикалық Хабаршысының №4 - 2018 ж. санында жарияланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Тілдік бірліктер және сөйлеу мәселесіФункционалды тіл білімінің лингвистикадағы орны

Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғұлама ғалым А. Байтұрсыновтың тілге қатысты айтқан: «Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдығанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәрін жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды» [1, 141] деген тұжырымы тіл мен оның қолданыстық жағын, терминмен айтқанда, тіл мен сөйлеудің арақатынасын айқын сипаттап тұр. Адам тілдік құралдарды қолданған кезде қажетіне, коммуникативтік мақсатына сай таңдап, икемдеп пайдаға жаратады. Бастысы - жұмсай білетін адамы табылса, тіл өз міндетін толыққанды атқаруға жарайды. Бұл бүгінгі лингвистикалық зерттеулерде басымдыққа ие болып отырған тілдің қызметін, сөйлеуді, ғылыми парадигма бойынша антропоцентристік бағыттың тіл мен адамды бөліп жармай, өзара тығыз бірлікте алып қарауға негізделген басты ұстанымына толыққанды сай келеді. Осы тұрғыдан алғанда, тіл мен сөйлеу мәселесі, тілдің қызметтік сипаты қазақ тілтанымында өткен ғасырдың басында-ақ ғалымдар назарынан тыс қалмаған деп нық сеніммен айтуға әбден болады.

Грамматика саласы - тіл ғылымының ішіндегі ең негізгісі. Тілді үйренуде болсын, сауат ашуда болсын, тілдердің типологиялық ерекшеліктерін табуда болсын, тілдің немесе ондағы жеке бірліктердің жұмсалымын анықтауда болсын, грамматиканы аттап өту мүмкін емес. Осыған байланысты жалпы тіл білімінде грамматикалық зерттеулерге кеңінен көңіл бөлінеді. Оның тарихы сонау ежелгі үнді философтарының еңбектерінде жалғасын тауып, бүгінгі күнмен ұласып жатады [2, 5] .

Грамматиканы зерттеудің осындай ұзақ жолында біріне-бірі ұқсамайтын немесе бірін-бірі толықтырып тұратын бірнеше бағыттағы мектептер пайда болды. Бұл мектептер мен теориялық бағыттар ең алдымен, зерттелу әдісіне қарай дәстүрлі (тұлғалық) және (қызметтік) болып екі топқа жіктеледі. Дәстүрлі грамматика тіл жүйесін «құралдық көрсеткіштен мағынаға» қарай зерттесе, қызметтік грамматика «мағынадан құралдық көрсеткішке» қарайғы бағытта қарастырады.

Грамматика теориясы өзінің тарихи даму барысында үш кезеңнен өткендігі белгілі: дәстүрлі, құрылымдық және генеративтік. Бірақ грамматикалық теорияларды бұлай етіп топтау шартты. Өйткені, үш теориялық топтың әрқайсысының ішінен бірнеше ғылыми мектептер мен әдістемелік бағыттар тарамдалып шығады. Тілді қызметтік жағынан қарастыру сөйлеу теориясының (теория речи) қалыптасуына негіз болды. Одан қызметтік (функционалды) стилистика, қызметтік грамматика, тілді үйрету кезінде қызметтік әдіс сияқты бағыттар өрбіп шықты [2, 8] .

Иә, қызмет туралы дәстүрлі грамматикада да айтылады. Бірақ, ондағы зерттеу әдісі деңгейлеп бөлу болғандықтан, тілдік бірліктің өзі құрамына енетін деңгейдің шеңберіндегі қызметі ғана сөз болады.

Функция дәстүрлі грамматикада көбінесе жеке тіл бірліктерінің сөйлемдегі атқаратын қызметі тұрғысынан түсіндіріліп, сөйлем мүшесі болумен байланысты айтылады. Әдетте дәстүрлі грамматикада нақты бір тілдік бірлік бір ғана қызмет атқарады деп қаралады. Мысалы, қазақ тілі оқулықтарында -дай, -дей қосымшасы сын есім тудырушы қосымшасы болып анықталған. Бұдан біз қосымшаның сөз тудырушы қызмет атқаратынын көреміз. Бұл сияқты тілдік формаларды бір ғана қызметке байлайтын тұжырымдар дәстүрлі грамматикаға тән. Десек те, қазақ тіл білімінде әрбір тіл бірлігінің қолданыста түрлі мағынаға ие болып, соған сәйкес түрліше қызмет орындауы жайында айтылған пікірлер аз емес. Бұл мәселелерге байланысты ғылыми зерттеулер мен ғылыми мақалалардың тақырыптары функция ұғымымен байланысты беріліп жүр. Атап айтқанда, Ы. Маманов «Функциялық қосымшалар», Қ. Шаяхметов «Екі функциялы аффикстер», А. Жаңабекова «Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері» т. б. Исаев қосымшаларға классификация жасаған сызбада сөзжасам қосымшаларының бір тармағы етіп, функциялық қосымшалар (-дай, -ша, -сыз, -да, -шы) дегенді қосады. Сонымен қатар қазақ тілі оқулықтарында функция ұғымының мәні жете түсіндіріле бермейді. Тіл бірліктерінің сөйлемдегі қызметі ме, сөзжасамдық, формажасамдық қызмет пе, мағына ма бұл жағы айқын емес [2, 9] .

Функционалды грамматика аты айтып тұрғандай, сөйлеу деңгейінде болатын құбылыс. Ол тіл бірліктерінің сөйлемдегі амал әрекеттерін анықтайды. Функционалды грамматикада функция ұғымы арнайы зерттелуге тиісті мәселе. Функционалды грамматика функцияны жеке тіл бірліктерінің қызметі тұрғысынан емес, тұтас сөйлем функциясы тұрғысынан сипаттайды.

Қызметтік грамматиканы бұрын мүлдем болмаған, тіптен жаңа бағыт деуге де болмайды, өйткені, ол дәстүрлі зерттеулердің нәтижесін негізге алады. Десек те, оның өзінің арнайы зерттеу нысаны бар бүгінгі ғылымдағы ерекше бағыт екендігі анық [2, 9] .

Тілдің қолданыстық сипатына қатысты тұжырымдар тілдегі функционалды бағыттың негізін құрайды десек, оның нышандары өткен ғасырдың бірінші жартысында жарық көрген қазақ лингвистері А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов және С. Аманжолов зерттеулерінде де айтылып, айқын көрініс береді. Бұл аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің негізін ғана салып қойған жоқ, ондағы ғылыми бағыттарды да айқындап берді. Солардың бірі - тілдегі қызметтік (функционалдық) бағыт.

Сөз сөйлеудегі функция табиғаты өте күрделі. Дәстүрлі грамматика белгілі қалыптасқан грамматикалық жүйенің негізі бола отырып, оның болашақтағы дамуының жаңа сатыларын, негіздерін үйретеді, бұрынғы дәстүрлі грамматика бірқалыпты сол күйінде қалып қоймайды, яғни тілдің дәстүрлі грамматикадан, функционалды грамматикаға бет алуының алғы шарттарын негіздейді. Функционалды грамматика тілдің дәстүрлі жүйесінің негізін нысанаға ала отырып, сөйлеу үдерісінде сөйлеу актілері бойынша қандай функция атқарады немесе атқарып тұр деген мәселені тануға, соны оқып-үйретуге, меңгеруге талап қояды. Сондықтан функция терминінің маңызын ашу мен оның түрлерін анықтау, маңызды құбылыс ретінде тану оның маңызды сипатын айқындауда басты міндет ретінде алынады [3, 46] .

Функционалды грамматика мәселесі, ғылыми-теориялық базасы нені зерттейтіні, функционалды грамматика дегенді қалай түсінуге болады, тағы да басқа толып жатқан мәселелерге қатысты ғылыми концепциялар ұсыну қазіргі қазақ тіл ғылымының басты міндеттері болып саналады [3, 74] .

Функционалды грамматика тілдік жүйеден алынған білім дағдыларының әмбебаптық күрделі болмысын, жалпы оның табиғатын қайта негіздеуге үйретеді. Қазақ тілші ғалымдары А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев сонымен қатар шетелдік және орыс ғалымдарының дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың негізгі категорияларын ғылыми тұрғыдан жүйелеген А. В. Бондарко, Г. А. Золотовой, Р. Якобсон, И. Я. Харитонова, В. Ю. Апресян, Е. С. Кубряковa, Н. В. Берницкая, Е. И. Панин, Н. Н. Болдырев, F. Wood, H. Sweet, H. Poutsma, S. Harman, M. Ganshina, B. A. Ilyish, C. N. Leech, M. Y. Blokh және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін атауға болады [3, 74] .

«Функция» терминінің мағынасы туралы лингвистикада сан алуан анықтамалар кездеседі. Атап айтқанда, «тіл қызметі», «функционалды стиль», «функционалды грамматика» т. б. Шындығында, бұл терминнің референциясы өте терең, аса маңызды, сондықтан, оның мәнін нақтылап түсіндіруді қажет етеді. Функция терминінің басты референциясы сөйлеу актісімен байланысты. Функция терминінің қызметі лингвистиканың қай саласына, қандай тілдің сипатын тану үшін қолдануға байланысты анықталып отырады. Мысалы, тіл ғылымында тілдің қоғамдық қызметі; тілдің коммуникативтік қызметі; тілдің байланыс орнатушы қызметі; тілдің эмотивті қызметі; тілдің прагматикалық қызметі; тілдің эстетикалық қызметі деген қолданыстар жиі ұшырасады [3, 42] .

«Функция» (қызмет, жұмсалым) ұғымы дәстүрлі грамматикада көбінесе жеке тіл бірліктерінің сөйлемдегі атқаратын қызметі тұрғысынан түсіндіріліп, сөйлем мүшесі болумен байланысты айтылады. Мәселен, дәстүрлі тұрғыдан «Бала үйден шықты» деген сөйлемде «бала» - бастауыш, «үйден» - пысықтауыш, «шықты» - баяндауыш қызметін атқарады деп талдаймыз.

Сонымен қатар, қазақ тілі оқулықтарында «функция» ұғымының мәні жете түсіндіріле бермейді. Тіл бірліктерінің сөйлемдегі қызметі ме, сөзжасамдық қызмет пе, формажасамдық қызмет пе, мағына ма - бұл жағы айқын емес [2, 61] .

Функционалды грамматика, аты айтып тұрғандай, сөйлеу деңгейінде болатын құбылыс. Ол тіл бірліктерінің сөйлеудегі амал-әрекеттерін анықтайды. Функционалды грамматикада да «функция» ұғымы - арнайы зерттелуге тиісті маңызды мәселе.

Функционалды грамматика «функцияны» жеке тіл бірліктерінің қызметі тұрғысынан емес, тұтас сөйленім қызметі тұрғысынан сипаттайды. Семантикалық мағына тұтас айтылым (высказывание) арқылы көрінеді. Бұл жағынан алғанда, «функция» тұлғалық грамматикада - «қызмет» түрінде анықталса (тіл бірліктерінің қызметі), функционалды грамматикада - «жұмсалым/қызмет» ұғымына жақын. Бұл екі ұғымның аражігін функцияны құрылымдық және семантикалық қызмет түрлеріне бөліп қарастыру арқылы ашуға болады [2, 62] .

Қызметтік (функционалдылық) лингвистика құрылымдық лингвистикадан туындап, құрылымдық әдістердің шектеу шеңберінен шығып, тілдің табиғатына деген көзқарасты жеңілдетті. Функционализмнің негізгі идеясы - тіл белгілі бір міндеттерді шешу үшін адам пайдаланатын құрал ретінде танылды. Тіл автономды құбылыс еместігі, оны адам ойлауының жалпы қасиеттерімен (мысалы, адамның когнитивті жүйесі) және адам қарым-қатынасының ерекшелігімен байланысты қарастырды. Тілдік формаларды түсіндіру үшін тілдік емес құбылыстар алынды. Бұл бағыт тілдің семантикасын зерттеуде (мысалы, сөздің мағынасы, құрылымдары, грамматикалық категориялары), тілдік жүйенің тарихи өзгеруі мен тілдік вариативтілік (географиялық, әлеуметтік, дербестік және т. б. ), сондай-ақ сипаттамалы лингвистиканың дамуы мен лингвистикалық типологияны зерттеуде (барлық адамзат тілдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттеу) үлкен үлес қосты. Лингвистиканың бұл бағытында үлес қосушыларға: Эдвард Сепир, Роман Якобсон, Эмиль Бенвенист, Джозеф Гринберг, Джон Лайонз, Чарльз Филлмор, Игорь Мельчук, Талми Гивон, Джоан Байби, Анна Вежбицкая, Роберт Диксонды және т. б. жатқызуға болады. Орыс тіл білімінде қызметтік (жұмсалымдық) бағыттың қалыптасуына академиялық және университеттік қолданбалы зерттеулер негіз болды. Академиялық бағыттың бір тармағы - Г. А. Золотова, М. В. Всеволодова бастаған коммуникативтік синтаксис мәселелері. Ал университеттік бағыт орыс тілін үйрету курстары ізденістерінің нәтижесінде қалыптасқан [4, 65] .

Ал қазақ тіл білімінде тілдің құрылымдық жүйесі негізінде функционалды грамматиканы әртүрлі аспектіде қарастыру А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов еңбектерінде көрініс тапты. Кейін функционалды грамматиканың негізгі түсініктері Е. Н. Жанпейісов, З. К. Ахметжанова, С. Құнанбаеваның еңбектерінде берілді. Сонымен қатар ғалымдар Қ. Рысалды, Б. Қапалбеков, Б. Шалабай, Д. Әлкебаева, Т. Әбдіғалиева, О. Жұбаева, С. Сәдуақасұлы, А. Жаңабекова, М. Жолшаева т. б еңбектерінде осы саланың негізгі ұғымдары мен категориялары туралы, функционалды-коммуникативтік табиғаты, жалпы функция атқаратын тілдік бірліктердің сөйлеу кезіндегі мағынасы мен қызметі толығырақ зерттелді. Қазақ тілінің функционалды грамматика мәселелерін жүйелеу үшін қазақ тілші ғалымдары бірнеше бағытта зерттеулер жүргізіп, ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес функционалды-семантикалық өрістегі ұғымдар мен категориялардың мазмұн межесі мен тұрпат межесін, функционалды-семантикалық өрістерді құрайтын тілдік құралдардың ұлттық табиғатын, ерекшеліктерін анықтады [4, 76] .

«Қазақ тілінің функционалды грамматика мәселелерін жүйелеу үшін қазақ тілші ғалымдары бірнеше бағытта зерттеулер жүргізіп, ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес функционалды-семантикалық өрістегі ұғымдар мен категориялардың мазмұн межесі мен тұрпат межесін, функционалды-семантикалық өрістерді құрайтын тілдік құралдардың ұлттық табиғатын, ерекшеліктерін анықтады» [4, 89] .

Қазіргі функционалды грамматиканың мақсаты тілді тар шеңберде шектемей, түрлі тілдік құралдар мен амал-тәсілдер арқылы анықтап, ұғымның мәні мен мазмұнын, сөйлеу кезінде жағдаяттармен байланысты қарастырып, олардың басқа да ұғымдық категориялардың аясында көрінетін мағыналық-мазмұндық сипатын ашу болып табылады. Сөйтіп тілді тілдік құбылыстың табиғатын барынша терең, толық түсінуге жол ашады.

Кейбір ғылыми әдебиеттерде қызметтік сөзі «функционалды», «жұмсалымды» сөздерімен берілген. «Қызметтік грамматика» тіл жүйесін «мағынадан құралдық көрсеткішке» қарайғы принцип бойынша қарастырады. Тіл білімінде мұны ономасиологиялық (атаулық) бағыт деп атайды. Бұл бағыт Ю. С. Масловтың аспектологиялық зерттеулерінен бастау алып, оның шәкірті А. В. Бондарконың көп жылғы ізденістерінің нәтижесінде қазіргі тіл білімінде қызметтік (жұмсалымды) грамматиканың жетекші мектептерінің біріне айналып отыр [4, 96] .

Бұл бағыт тілді оқытуда да, тиімді нәтиже бере бастады. Мысалы, жаңа бағыттағы қазақ тілі оқулықтарының авторы, профессор З. С. Күзекованың еңбектерінде [5, 37] «мағынадан - тұлғаға - функцияға» жүйесі арқылы тіл жүйесінің концентрлік моделі құрылып, тілді түрлі аспектілері бойынша жан-жақты ашу өз жемісін бере бастады. Сонымен қатар осы бағытпен бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді.

  1. Сөйлеу түрлері және олардың прагматикалық аспектісі

Тілдік қатынасқа түсу үшін белгілі бір сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемді қолданамыз. Осылайша, адам тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіреді. Демек, тілдік бірліктердің сыртқа шығып, қолданыста жүзеге асып, адамдар арасында қарым-қатынас жасауда көрініс табу формасын сөйлеу деп айтамыз. Сөйлеу - ойдың тілдік құралдар арқылы сыртқа шығуы.

Қазақ ғалымдарының ішінде сөйлеуге қатысты алғаш пікір айтқандар - А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов.

А. Байтұрсынов өзінің «Тіл - құрал» атты еңбегінде: «Сөйлеу - адамның белгілі бір мәселеге қатысты толық, түсінікті ойын білдіреді», - деп атап өткен [] .

Ал Қ. Жұбанов: «Сөйлеген адам өзіне сөйлемейді, басқа біреуге сөйлейді. Мен не деп сөйлесем де, басқа біреуге өзімнің ойымнан хабар беру үшін сөйлеген болам. Сөйлеудегі мақсат - біреудің екінші біреуге өзінің ойын білдіруі», - деп өз пікірін білдіреді [] .

Сөйлеу « речь, говорение» - адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу үдерісі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б. ) сай түрліше құрылады. Сондықтан сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, cөйлеу сол құралдың нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б [6, 47] .

Пікірлесудің қандай да бір түрлері болмасын, барлығы сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.

Сыртқы сөйлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Ал ауызша сөйлеудің өзіне диалог пен монолог жатады. Диалогқа лингвистикалық әдебиеттерде келесідегідей анықтамалар ұсынылған.

Диалог - екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады) . Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді [6, 36] .

Диалог - (гр. διάλογος ) екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма [7, 36] .

Диалог - ғылымда танымдық үдерістің іздеген нәтижеге әртүрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс үдеріс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінің идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады [8, 19] .

Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және «мазмұнды» яғни ұзын, көп сөйлемді болуы мүмкін.

Диалог пен оның ерекшеліктері туралы алғашқы пікірлер А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбановтардың еңбектерінде айтылса, кейінірек М. Балақаев, М. Серғалиев, Б. Шалабаевтың көркем мәтін мен оның стиліне қатысты еңбектерде диалогтың бірқатар ерекшеліктері ашыла түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік бірліктің лексикалық мағынасы
Қазіргі қазақ тіліндегі қатысымдық бірліктер: когнитивтік аспектісі
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау
Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ АУДАРУ
Контаминацияның қазақ тіл білімінде зерттелінуі
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Афаризмдер мен фразеологзмді аудару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz