Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіндегі өндірістік тәжірибе есебі
ЖОСПАР
беттер
КІРІСПЕ
3
11. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 5
11.1 Қаржы министрлігінің жалпы ережесі, негізгі функциясы мен міндеттері 5
11.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментінің құрылымы, жалпы ережесі, міндеті
10
22. 2011 ЖЫЛҒЫ 1 ЖАРТЫЖЫЛЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
14
33. ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2012 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ЖОБАЛАРЫ 27
3.1 2012.2014 жж. арналған республикалық бюджет жобасы 27
33.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 . 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
29
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Министрліктің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады. Министрліктің негізгі міндеттері салық, кеден және бюджет саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен мемлекеттік қаржылық статистиканы атқару. Министрліктің құрылымы басшылық, 6 комитет, 21 департаменттен тұрады.
Өндірістік тәжірибенің басты мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
a) Студенттердің министрліктерді басқару мен басты функцияларын, әдістері мен қағидаларын тәжірибеде қолдануға үйренуі;
b) Экономикалық басқару әдістерін ( коммерциялық есеп, баға белгілеу, жоспарлау, бағдарламалық мақсаттық әдістер, қаржы саясаты және т.б. )
c) Өндірістік тәжірибе барысында есеп беруге қажетті материалдарды таңдау мен өңдеу;
d) Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін зерттеу;
e) Алдыңғы қатарлы талдау мен жоспарлау әдістерін қолдануға негізделген өзіндік есептеулер жүргізу, лауазымдық нұсқаны дайындау, бөлімдер қызметін белгілеу;
f) Іскерлік кездесулер тәжірибесіне үйрену, келісімдер мен шарт жасауға қатысу;
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіде өндірістік тәжірибеден өту барысында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының бітірушісі ретінде алдыма бірнеше мақсатміндеттерді қойдым:
Министрліктің басқару құрылымымен, негізгі функционалдық міндеттермен танысу;
Болашақ мемлекеттік қызметкер ретінде ар намыс кодексін жіті ұстануды үйрену, маңызын ұғыну;
Министрдің және басқада мемлекетік қызметкерлердің ісерлік кездесулерді, жиналыстарды өткізуін үйрену;
Құжаттардың дайындалу тәртібі мен ресми түрде әзірленуімен танысу;

1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. 1995 ж. Өзгертулер мен толықтырулар негізінде;
2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексі. 4 желтоқсан 2008ж № 95-IV;
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысымен бекітілген
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2304 Қаулысы
5. www.minfin.kz Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің ресми сайты
6. www.stat.kz Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми сайты
7. 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы

Кіріспе
3
11.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
5
11.1
Қаржы министрлігінің жалпы ережесі, негізгі функциясы мен міндеттері
5
11.2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментінің құрылымы, жалпы ережесі, міндеті
10
22.
2011 ЖЫЛҒЫ 1 ЖАРТЫЖЫЛЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
14
33.
ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2012 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ ЖОБАЛАРЫ
27
3.1
2012-2014 жж. арналған республикалық бюджет жобасы
27
33.2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
29
ҚОРЫТЫНДЫ
36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
37
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Министрліктің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады. Министрліктің негізгі міндеттері салық, кеден және бюджет саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен мемлекеттік қаржылық статистиканы атқару. Министрліктің құрылымы басшылық, 6 комитет, 21 департаменттен тұрады.
Өндірістік тәжірибенің басты мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
a) Студенттердің министрліктерді басқару мен басты функцияларын, әдістері мен қағидаларын тәжірибеде қолдануға үйренуі;
b) Экономикалық басқару әдістерін ( коммерциялық есеп, баға белгілеу, жоспарлау, бағдарламалық мақсаттық әдістер, қаржы саясаты және т.б. )
c) Өндірістік тәжірибе барысында есеп беруге қажетті материалдарды таңдау мен өңдеу;
d) Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін зерттеу;
e) Алдыңғы қатарлы талдау мен жоспарлау әдістерін қолдануға негізделген өзіндік есептеулер жүргізу, лауазымдық нұсқаны дайындау, бөлімдер қызметін белгілеу;
f) Іскерлік кездесулер тәжірибесіне үйрену, келісімдер мен шарт жасауға қатысу;
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіде өндірістік тәжірибеден өту барысында Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының бітірушісі ретінде алдыма бірнеше мақсатміндеттерді қойдым:
oo Министрліктің басқару құрылымымен, негізгі функционалдық міндеттермен танысу;
oo Болашақ мемлекеттік қызметкер ретінде ар намыс кодексін жіті ұстануды үйрену, маңызын ұғыну;
oo Министрдің және басқада мемлекетік қызметкерлердің ісерлік кездесулерді, жиналыстарды өткізуін үйрену;
oo Құжаттардың дайындалу тәртібі мен ресми түрде әзірленуімен танысу;
oo 4 жыл бойында алған білімімді тәжірибеде пайдаланып білу , үйрену, толықтыру;
Жоғарыда аталған міндеттерді іске асыра жүріп тәжірибелік есеп жазуға өзіме қажетті құжаттарды жинастырдым. Сол мәліметтер бойынша өндірістік тәжірибе есебін үш бөлімге жинақтадым. Негізгі бөлімнің алғашқы параграфында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мекемесі туралы Ереже, Басшылықтың құрылымы мен негізгі міндеттері қарастырылды. Яғни, мемлекеттік мекеменің және Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментінің негізгі міндеттері мен құқықтары, мүлкі, қызметтерін ұйымдастыру туралы ақпараттар жинақталған болса, 2 параграфта бюджеттік кодексті негізге ала отырып, Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жан - жақты талдауға тырыстым. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп арқылы бюджеттің еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуы үшін барлық салаларға жеткілікті түрде бөлініп, атқарылып жатқанына көз жеткізуге болады. 3 параграфта Қаржы Министрлігінің 2012 жылға арналған стратегиялық жоспары мен жобаларына тоқталдым.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қаржы министрлігінің жалпы ережесі, негізгі функциясы мен міндеттері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Министрліктің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрліктің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен пайда алып келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттің кірісіне бағытталады.
Министрліктің негізгі міндеттері салық, кеден және бюджет саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен мемлекеттік қаржылық статистиканы атқару , жүргізу бюджеттік есептілікті жасау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу, өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау, меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингін жүзеге асыру болып табылады.
Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
бюджеттік жоспарлау, бюджеттің, бухгалтерлік есеп пен бюджеттік есепке алудың, қаржылық және бюджеттік есептіліктің, аудиторлық қызметтің атқарылуы, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірілуін мемлекеттік реттеу, темекі өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы, кеден ісі, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласындағы саясатты қалыптастыруға қатысу, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;
бюджетке түсетін түсімдерді болжау және мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс түсімдері саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтау;
министрліктің құзыретіне енетін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
мемлекеттік сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық аясында стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
мемлекеттік сатып алу, бюджеттік жоспарлау, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алудың, қаржылық және бюджеттік есептіліктің атқарылуы саласында, кеден ісі, мемлекеттік меншік мониторингі саласында салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету;
Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
жылдық сомаларды қоса алғанда түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;
Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекітілген тәртіппен:
өз құзыреті шегінде атқаруға міндетті болатын нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
мемлекетті органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамамен бекітілген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлер) болады. Министр Министрліктің басшылығын жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап береді.
Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
Министрлікті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
1.2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментінің құрылымы, жалпы ережесі, міндеті
Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (ары қарай департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. (ары қарай министерлік)
Департамент өз қызметін Конститутцияға, Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актісіне, ішкі нормативтік құқықтық актілерге, Министрліктің құқықтық актілеріне, сонымен қатар қазіргі Ережеге сәйкесінше жүзеге асырады.
Департаменттің негізгі міндеттері болып табылады:
1) Департамент құзыретінің аясында нормативтік құқықтық актілерді, салааралық үйлестіруді, республикалық және жергілікті бюджетті жоспарлау аумағындағы әдіснамалық басқарманы, республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуын, бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті, ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды әзірлеу;
2) Бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру аумағындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша Департамент құзыреті аясында ұсынысты орындау;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада міндеттер;
Жүктелген міндеттерге сәйкес Департамент келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) бюджетті жоспарлау аумағындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының Біртұтас бюджеттік сыныптамасын, оның құрылу тәртібін, бюджеттік шығындардың айрықша экономикалық сыныптамасының құрылымын әзірлейді;
3) мемлекеттік бюджеттің атқарылуы аумағындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
4) бюджеттік есеп аумағындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
5) республикалық және жергілікті дәрежедегі ішкі қаржылық бақылау аумағындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
6) бюджет қаражатын басқаруды бағалау әдіснемесін және оның әдіснамалық бақылауын бекітуді, әзірлеуді жүзеге асырады;
7) бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша тұжырымдаманы талдауға қатысады;
8) әдіснамалық басқарманы жүзеге асырады және республикалық бюджеттік жобаның әкімгерімен , жергілікті атқарушы органдармен, Департаменттің құзыретіне кіретін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің сұрақтарымен консультативтік жұмыстарды жүргізеді;
9) бюджеттік тәртіпті реформалау бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға атсалысады;
10) стратегиялық бағыттағы міндеттермен стратегиялық мақсаттардың өзара байланысы тақырыбындағы стратегиялық жоспардағы өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасы немесе стратегиялық жоспарлар жобасы құрамындағы республикалық бюджеттік жобаның әкімгерімен ұсынылған бюджеттік жобалардың көрсеткіштерін талдауға қатысады;
11) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің, облыстық бюджеттердің атқарылуы бойынша уәкілетті органдардың стратегиялық жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасына және стратегиялық жоспар жобасын талдауға атсалысады;
12) Департаментке келіп түскен жергілікті және республикалық бюджеттің атқарылуы және жоспарлануы кезінде туындаған мәселелі сұрақтардың шешу жолдарын қарастырады;
13) Департаменттің құзыретіне кіретін нормативтікқұқықтық актілердің сұрақтарын талдауға қатысады, сол арқылы тұжырымдама дайындайды;
14) бюджеттік тәртіпті жетілдіру бойынша халықаралық тәжірибені үйренеді;
15) мәліметтер және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік Басшылығының тапсырмасы бойынша тұжырымдама дайындайды, Департаменттің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ұсыныстарды, хаттарды қарастырады;
16) Департаменттің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ғылыми конференция, семинарлар ұйымдастыру мақсатында халықаралық қаржы институттарымен және мемлекеттік органдармен бірігіп қызмет етеді;
17) бюджеттік тәртіпті жетілдіру шеңберіндегі бағдарламамен қамтамасыз етуді қалыптастыру бойынша міндеттер қояды;
18) есеп және мәліметтерді сақтау, мәліметтерді Министрліктің архивіне сақтауға өткізуге дейінгі жағдайын қадағалауды жүзеге асырады;
19) дайындалған нормативтік құқықтық актілерді Министрліктің web-сайттына уақытында орна ластыру;
20) Қазақстан Республикасының заңдарымен Департаментіне қойылған басқада функциялар;
Департамент алдына тұрған міндеттермен өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін қойылған заңдық тәртіпте құқығы бар:
мәселелер мен есептер, анықтамалар және басқада құжаттар, Департаменттің құзыретіне кіретін сұрақтарға байланысты Министрлік басшылығы мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларын, Департамент алдына қойылған функцияларын орындауы үшін қажет тұжырымдамаларды Министрліктің басқа бөлімшелерінен алу;
Департаменттің міндеттерін орындауды ұйымдастыру бойынша Министрлік басшылығына ұсыныс жасап, оның қызметін және ұсыныстың қаралуы жөнінде ақпарат алу;
Департаменттің алдына қойылған міндеттер мен функцияларға сәйкесінше мәліметтерді дайындау үшін мамандардың, ведомствоға қатысты ұйымдардың, министрліктің басқа бөлімшелерінің келісімін тарту;
бюджеттік рәсімдер әдіснамасының құзыретінің аясындағы сұрақтар бойынша қойылған заң тәртібінде түсініктеме беру;
қолданылатын жүйе және форма арқылы шетелдерде,Қазақстан Республикасында Департамент қызметкерлерінің біліктілік қабілетін көтеру, соған қоса техникалық көмек және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
басшылықтың тапсырмасымен Министрлікті басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, соның ішінде шетелдік ұйымдармен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен қарымқатынас кезінде таныта білу;
Департаментің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мәжілісті ұйымдастыру және өткізу;
Департаменттің алдына қойылған міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін Министрліктің құзыретінің аясындағы басқада құқықтарды іске асыру;
Департаментті Министрдің келісімен Жауапты хатшы қызметке тағайындап, қызметтен босататын Директор басқарады. Департамент Директорының Жауапты хатшы қызметке тағайындап, қызметтен босата алатын орынбасарлары болады. Департамент қызметі сәйкесінше Министр бекіткен Министрліктің жұмыс жоспары арқылы жүзеге асырылады. Департамент жұмысшыларының құқықтары мен міндеттері олардың біліктілік талаптарынан және атқарылатын міндеттерінен анықталады және қолданылған тәртіпте бекітілген лауазымдық нұсқаулықта нығайтылады.
Департамент Директоры:
1) Департаменттің жалпы басшылық қызметін жүзеге асырады және Департаменттің алдына қойылған міндеттер мен өзінің функцияларын жүзеге асыруына дербес жауакершілікке ие;
2) Министрлік басшылығына құрылым және Департаменттің штаттық кестесі, жұмысшылардың бекітілген саны аясында басқару бойынша ұсыныс жасайды;
3) Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым қатынаста Департаменттің ынтасын танытады;
4) Жедел басқаруды, Департамент жұмысшыларының қызметін ұйымдастару мен үйлестіруді жүзеге асырады;
5) Басқарма басшылары мен Департамент Директорының орынбасарлары лауазымдық міндеттерінің көлемін орнады;
6) Департамент жұмысшыларының біліктілігін жоғарлату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
7) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері жөнінде ережені бекітеді;
8) Департаменттің белгіленген уақытта Президент Әкімшілігінің, Үкімет және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындауын ұйымдастырады , сонымен қатар, Департамент құзыретіне кіретин сұрақтар бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен мәліметтер мен ақпараттар алмасуға қатысады;
9) Департамент жұмысшыларын қызметке алу және қызметтен босату жөніндегі ұсыныстарды Министрлік басшылығына дайындап таныстырады;
10) Уақыттың қадағалануы және басшылықтың тапсырмасы мен міндеттердің орындалу сапасын, орындалу және еңбек тәртібін қадағалауды қамтамасыз етеді;
11) Департаментте құпиялық тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
12) Қойылған тәртіпте Парламенттің, Үкіметтің, Алқаның және Министрліктің әдіснамалық кеңес отырысына, сонымен қатар Министрдің, Жауапты хатшының және вице - министрдің қатысуымен өткізілетін жиналыстарға қатысады;
13) Материалды техникалық қамтамасыз етуді жақсартуға ұсыныс жасайды;
14) Министрліктің басшылығымен қойылған басқада функцияларды жүзеге асырады;
Ұйым, бақылау және Департаментті жұмыспен қамтамасыз ету әрбір жұмысшының өздеріне берілген тапсырманы уақытында және сапалы орындаудың дербес жауапкершілігінен құралады. Департаменттің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Департаменттің атынан бағытталатын құжаттар директордың қолымен немесе оның тапсырмасы бойынша құзыретіне сәйкес оның орынбасарларының қолымен жіберіледі. Директор жоқ уақытта Департаменттің жалпы басшылық қызметін оның орынбасарларының бірі атқарады. Департаменттің штаттық саны мен құрылымын Министрдің келісімімен Жауапты хатшы бекітеді. Құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің міндеттері заңдық тәртіпте бекітілген лауазым нұсқаулығымен анықталады.
2. 2011 ЖЫЛҒЫ 1 ЖАРТЫЖЫЛЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ
Республикалық бюджет 2011 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде отандық экономиканың оң даму үрдісімен атқарылды, қол жеткізілген экономикалық қорытындылар бұған куә. ЖІӨ өсімі 7,1%-ды құрады, өнеркәсіп өндірісі 5,8%-ға, байланыс - 16%-ға. Сыртқы сауда айналымы 2010 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 44,7%-ға өсті.
Қазақстанның 2011 жылығы 1 жартыжылында әлеуметтік-экономикалық дамуының түйінді индикаторларын сипаттайтын статистикалық деректер кестеде келтірілген.
1-кесте
Атауы
2009 жыл
2010 жыл
2011 жылғы 1 жартыжылы
1
3
4
Жалпы ішкі өнім, млрд.теңге
17 007,6
21 815,5
10 108,6 [1]
өткен жылға нақты есептеудегi %-бен
101,2
107,3
107,1
Өнеркәсіптік өнім өндірісінің жалпы өнімінің көлемі, млрд.теңге
8 925,2
11 757,0
7 676,5
өткен жылға %-бен
101,7
110,0
105,8
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млрд.теңге
1 620,3
1 441,0
446,9
өткен жылға %-бен
113,8
88,3
101,5
Көліктің барлық түрлерімен жүк тасмалдау, млн.тонн
2 104,3
2 430,1
1 181,3
өткен жылға %-бен
96,0
115,5
118,9
Байланыс қызыметының көлемі, млрд.тенге
441,4
477,0
259,6
өткен жылға %-бен
108,3
105,0
116,5
Тұтыну бағаларының индексі
өткен жылдың желтоқсан айына, %-бен
106,2
101,7
105,1
орташа есеппен жыл бойы өткен жылға тиiстi кезеңiндегi кезге арналған, %-бен
107,3
107,1
108,4
Халық саны, мың адам
15 999,5
16 433,8
16 553,5
Орташа айлық атаулы жалақы, теңге
67 639,0
77 482,0
82 740
өткен жылға %-бен
111,4
114,6
113,8
Экспорт, млн. АҚШ долл.
43 195,7
59 216,6
44 916,3
өткен жылға %-бен
60,7
137,1
151,8
Импорт, млн. АҚШ долл.
28 408,7
29 760,0
16 642,7
өткен жылға %-бен
75,0
104,8
128,4
Сауда балансының сальдосы, млн. АҚШ долл.
14 787,0
29 456,6
28 273,6
Теңгенiң АҚШ долларына қарағандағы ресми айырбас бағамы:
кезеңнiң аяғындағы
148,4
147,4
146,3
кезең бойынша орташа
147,5
147,4
146,0
Дерекнамасы:
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
Ескерту: [1] жедел деректер
Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы
Отандық экономиканың оң даму үрдісімен салықтық және кедендік әкімшілік жүргізумен бірлесіп республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуын қамтамасыз етті. Мәселен, республикалық бюджетке 2 200,6 млрд. теңге немесе 93,0% түсті. Бюджет шығыстарын мұнайға жатпайтын түсімдермен жабуға байланысты 625 млрд.теңге сомасында немесе барлығы жоспарға 69,4%, ұлттық қордан кепілдік берілген трансферт тарту жоспарға толық қол жеткізе алмау себебі болып табылады.
2-кесте

Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері 1 430,2 млрд.теңгені немесе есепті кезең жоспарына 106,3 %-ды құрады. Жоспардан тыс 84,6 млрд.теңге түсті, оған негізінен ел экономикасының оң даму серпіні, импорт көлемінің өсуі және біржолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті (2-кесте).
Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында салықтық түсімдер 569,7 млрд.теңгеге ұлғайды. Мұнайға салынатын ЭСБ, кедендік әкелу баждарын бөлу тетігін, Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған жеңiл автомобильдердi өткiзу мәселелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының қолданылуын есепке алмай салыстырмалы жағдайларда ұлғаю 262,3 млрд. теңгені құрады (3-кесте).
Кеден одағы елдерінің кедендік баждарды бөлу тетігінің әрекет етуі қосымша 48,7 млрд. теңгені, мұнайға салынатын экспорттық кеден бажын енгізу - 225,6 млрд. теңгені және жоғарыда аталған қаулының әрекет етуі - 33,1 млрд. теңгені қамтамасыз етті.
Кеден одағы нақты нәтиже берді: Ресейге біздің өніміміздің экспорты 60%-ға, Беларуське - 2,3 есеге өсті.
3-кесте

Біржолғы түсімдер және жоспарланбайтын әкімшілік айыппұлдардың түсімдері есебінен салыққа жатпайтын түсімдер бойынша 12,9 млрд. теңгеге және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 3,7 млрд. теңгеге жоспар артығымен орындалды (2-кесте).
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1 459,5 млрд. теңге түсті. Тұтастай алғанда 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық қордың қаражаты 6 535,9 млрд. теңгені құрады. Салық түрілері бойынша Ұлттық қорға түсетін түсімдер. Бұл ретте 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2011 жылғы 1 жартыжылдағы түсімдер 1 734,7 млрд.теңгеге немесе 36,%-ға өсті. Ұлттық қорға түсетін түсімдердің негізгі үлесін (99,5 %) мұнайға бағаның тұрақты жоғары деңгейде болуының арқасында мүмкін болған мұнай секторы ұйымдарынан тікелей салықтардың түсімі құрады (4-кесте).
4-кесте

Республикалық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы
Республикалық бюджет шығыстары 2 397,0 млрд. теңгені немесе жоспарға 97,9%-ды құрады
5-кесте
Республикалық бюджеттің түгел игерілмеген қаражатының сомасы 51,2 млрд.теңгені немесе есепті кезеңге жоспарланған шығыстардың жалпы сомасының бар-жоғы 2,1%-ын құрады. Аталған көрсеткіш 4,5%-ды құраған 2010 жылмен салыстырғанда екі еседен астамға төмендеді.
Республикалық бюджеттің шығыстары бірінші кезеңде Ел басының Болашақты бірге саламыз атты Қазақстан халқына жолдауына және Нұр Отан партиясының съезіндегі берген тапсырмаларын орындауға бағытталды және бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша алынған нәтижелер жылдың қорытындылары бойынша экономиканың 7% дейін өсу мүмкіндігі туралы куәландырады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша Мемлекет басшысының қойған міндеттерін шешу және 2016 жылға 60,0 мың тонна көлемінде ет экспортын қамтамасыз ету үшін республикалық бюджетте 54,5 млрд.теңге сомасында қаражат көзделді, оның 15,0 млрд.теңгесі, немесе 27,6% игерілді. Көрсетіліп отырған мемлекетті қолдау тұтас алғанда ет өндіру бағытындағы ІҚМ асыл тұқымының үлесін арттыруға, азық-түлік сапасын жақсартуға, отандық ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерде сатылатын табынның асыл тұқымын өзгерту үдерісін жылдамдатуға, ауыл шаруашылығы малдарының ішкі генетикалық әлеуетін көтеруге, тауар өндірушілерге сатылған асыл тұқымды төл есебінен жыл сайын жаңа асыл тұқымды шаруашылықтарды құру жолымен мал шаруашылығының асыл тұқымды базасын қалпына келтіруге және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуге (қосымша жұмыс орындарын ұйымдастыруға, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге) ықпал етеді.

2011 жылдың қаңтар-маусым айында ҚР Статистика агенттігінің бағалауы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 446,9 млрд. теңгені құрады, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% артық.

2011 жылдың 1 шілдедегі кезеңінде тұрғындар шаруашылығы үлесі ірі қара малы бойынша 80%, ауыл шаруашылық кәсіпорындары 4,7%, шаруа (фермерлік) қожалықтары 15,3%; қойлар бойынша тиісінше - 64,4; 5,8; және 29,8%; шошқа бойынша - 79,8; 12,9 және 7,3 %; жылқы бойынша - 66; 5,5 және 28,5%, құс бойынша - 49,4; 49,7 және 0,9 % құрады.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында малдың барлық түрі бойынша өсу байқалады.

2011 жылғы қаңтар - маусымда өндірілген ет көлемі 396,5 мың тоннаны құрады және 1,6 %, сәйкесінше сиыр сүті - 2722,3 мың тонна немесе 0,2%, тауық жұмыртқасы - 1906,7 млн. дана немесе 5,5%, қой жүні - 33,3 мың тонна немесе 7,9% өсті.

Малдың және құстың өнімділігі орташа сүт сауылымы 1 сиырға - 0,3% азайып және 1156 кг құрады, орташа 1 тауық-жұмыртқалағышқа жұмыртқа - 0,9 % артып және 111 дананы құрады,1 қойға жүн қырқу 25% өсіп және 2,5 кг. құрады.

Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу

Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға 2011 жылы республикалық бюджеттен 12,8 млрд. тенге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді, оның ішінде көктемгі-жазғы қаржыландыруға 6,4 млрд.теңге және күзгі астық сатып алуға 6,4 млрд.теңге бюджеттік қаражаттар бөлінді. Көрсетілген қаржы есебінен мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту, мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру және ішкі астық рыногін реттеу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден мемлекеттік ресурстарға 500,0 мың тоннаға дейінгі көлемде астық сатып алу жүзеге асырылады.

Аталған шаралардың шеңберінде ағымдағы жылғы 1 шілде жағдай бойынша Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ҰК АҚ-на көктемгі-жазғы қаржыландыруға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден 54 мың тоннаға (1,3 млрд.теңгеге) өтініш келіп түсті, 52,9 мың. тоннаға (1 324,1 млн. теңгеге) шарт жасалды, оның ішінде 43,2 мың тоннаға (1,1 млрд.теңгеге) қаржыландырылды.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге кредит беру

Ағымдағы жылы агроөнеркәсіп кешендегі субъектілерді қолдау үшін республикалық бюджеттен және басқа да көздерден 88,2 млрд. теңге шамасында қаржы бөлінді, оның ішінде 78,0 млрд. теңге бюджет қаржысы.

Бағдарламаның операторы болып КазАгроның еншілес компаниялары - Азық-түлік келісім шарт корпорациясы АҚ және Аграрлық несиелеу корпорациясы АҚ белгіленді.

Ағымдағы жылдың 8 шілде жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы 41,6 млрд. теңге сомаға 221 өтініш түсті, оның ішінде 29,6 млрд. теңге сомаға 165 өтініш мақұлданды, 25,4 млрд. теңге сомаға 130 өтініш қаржыландырылды.

Мал шаруашылығы

2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда республикада ірі қара малдың саны 829,6 мың басқа, яғни 4,4 % және 19 886,5 мың басты құрады, сәйкесінше жылқы - 110,5 мың басқа немесе 6,5% және 1818,1 басты құрады, түйе - 16,1 мың басқа немесе 9,4 % және 188,8 мың басты құрады. Бұл ретте, ірі қара малдың басы 285,3 басқа немесе 3,8 % және 7 213,5 мың басты құрады, шошқа 80,4 мың бас немесе 4,1% азайып және 1886,6 басты құрады, құс саны 936,0 мың бас немесе 2,4% және 37463,2 мың басты құрады.

Су шаруашылығы

Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз сумен қамтудың баламасыз көзі болып табылатын, сумен қамтудың өте маңызды топтық және локальды жүйесінен қызметтер құнын субсидиялау іске асырылады.

2011 жылы аталған бағдарламаны іске асыру үшін 3,8 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1,6 млрд.теңге игерілді.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге, ауылдық жергілікті мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, сумен қамту жүйелері мен гидротехникалық имараттарда техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы қауіпін алдын алу, ақтау, қалпына келтіруге, табиғи нысандардың экологиялық теңдігін сақтауға бағытталған сумен қамту жүйелерін, гидротехникалық құрылыстарды салу және қайта жаңарту үшін Сумен қамту жүйесін, гидротехникалық құрылыстарды салу және қайта жаңарту бюджеттік бағдарламасы іске асырылуда.

2011 жылы республикалық бюджеттен су шаруашылығы нысандарын қайта жаңартуға (гидротехникалық құрылыстар) 20,0 млрд.теңге көлемінде қаржылық қаражат бөлінген.

2011 жылдан бастап осы бюджеттік бағдарлама бойынша Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облыстарындағы су шаруашылығы нысандарының гидротехникалық құрылыстарын қайта жаңарту және қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, қаржыны игеру жоспары бойынша 1 жартыжылдықта 11,2 млрд.теңгені құрады, немесе 100 %.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған Ақ бұлақ Бағдарламасы аясында іске асырылуда. 2011 жылға сумен қамтуға 14,2 млрд.теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған, оның ішінде 24 сумен қамту жүйелерін салуға және қайта жаңартуға 11,2 млрд.теңге бөлінді және 27 жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге - 2,9 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 2011 жылдың аяғына 15 сумен қамту нысандарын пайдалануға тапсыру және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша 23 жобаларды аяқтау жоспарланған.

Аталған шарларды іске асыру кепілденген сападағы ауыз сумен жергілікті мекендерді қамтамасыз ету деңгейін, сондай-ақ республикада әлеуметтік, демографиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру дерегін көтеруді қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен қамту жүйелерін дамытуға нысаналы трансферттер бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 27,5 млрд.теңге бөлінді, сондай-ақ 252 ауыз сумен қамту нысандарының қайта жаңғырту мен құрылысына 26,3 млрд.теңге, 158 жобалық-сметалық құжаттамалардың әзірлемесіне 1,2 млрд.теңге қарастырылған. 2011 жылдың аяғына 119 сумен қамту нысандарын пайдалануға тапсыру және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша 158 жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

2011 жылы ауыл шаруашылығы су пайдалану жүйесінің қызметін жақсартуға бағытталған су шаруашылығы нысандарында күрделі жөндеу жүргізуге, 9 ауыспалы нысандарда күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды аяқтау және 10 жаңа өте апатты нысандарда күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды бастау үшін Шаруашылық аралық каналдар мен гидромелиоративтік имараттардың өте апатты учаскелерін күрделі жөндеу және қалпына келтіру 054 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2,3 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінді.

Инфрақұрылымды дамыту

Автожол саласы

Ағымдағы жылы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын дамытуға 286,9 млрд. теңге қарастырылды. Жалпы алғанда жалпы қолданыстағы автожолдарда, жергілікті желіні қоса алғанда 5 179 км автожолдарды жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 2011 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға 221,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде құрылыс пен қайта жаңартуға - 194,5 млрд. теңге, күрделі мен орташа, ағымдағы жөндеуге, ұстауға, жасылдандыруға, автожолдарды диагностикалау мен аспаптық тексеруге - 27,0 млрд.теңге.

Бөлінген қаражат есебінен жалпы ұзақтығы 912 км Алматы-Астана-Петропавл, Самара-Шымкент, Омбы-Майқапшағай, Астрахань-Атырау-Ақтау-Түркменбашы, Ташкент-Шымкент-Алматы-Қорғас, Актөбе-Мәртүк, Астана-Қостанай-Челябі, Таскескен-Бахты, Шортанды-Бурабай курортты зонасына және АТП ЕЭА кіреберістер автомобиль жолдары учаскелерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін 359 км, сондай-ақ күрделі, орташа жөндеуге 1 238 км жол пайдаланымға еңгізіледі. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 2011 жылы 3 029 км жергілікті желідегі жолдарды дамытуға 65,4 млрд.теңге қарастырылған. (көрсетілген қаражаттар ішінде, трансферттер 30,5 млрд.теңгені құрайды, жергілікті бюджеттен - 34,9 млрд. теңге).

Батыс Еуропа - Батыс Қытай жобасын іске асыруға ағымдағы жылы қаржы жоспарымен 155,5 млрд. теңге қарастырылған. (сыртқы қарыздар есебінен - 131,1 млрд. теңге; бірлесіп қаржыландыру құралдары есебінен - 22,3 млрд. теңге, ішкі көздерінен 2,1 млрд. теңге).

Қазіргі уақытта 2 452 км жаңарту жұмыстары жүргізілетін аумақтың 1 615 км жөнделуде. (Ақтөбе облысы - 317 км, Қызылорда облысы - 811 км, Оңтүстік - Қазақстан облысы - 224 км, Жамбыл облысы - 263 км).

Қазақстан Республикасы аумағында дәліздің толығымен құрылысын аяқтау 2012 жылдың желтоқсанына қарастырылған. Орналастыру мен топырақ құнарлылығын қалпына келтіру 2013 жылы жалғастырылады.

Темір жол саласы

Жалпы темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2011 жылдың I жартыжылдығында 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 %-ға артты және 133,6 млн.тоннаны құрады. Жүк айналымы 3,5 %-ға артты және 102,9 млрд.ткм құрады.

Әлеуметтік маңызы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz