Химияны кіріктірілген модульдік оқытудың тұжырымдамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану факультеті

Химия кафедрасы

Азат Ақерке

Химияны оқытуда кіріктіріп оқыту технологиясын қолдану

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В011200- «Химия» мамандығы

Алматы, 2018ж

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Жаратылыстану факультеті

Химия кафедрасы

«Қорғауға жіберілсін»

«Химия» кафедрасының

меңгерушісі.

Н. О. Мырзахметова

«___» 2018 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Химияны оқытуда кіріктіріп оқыту технологиясын қолдану»

5В011200- «Химия» мамандығы

Орындаған А. Азат

Ғылыми жетекшісі п. ғ. к. қауым. проф. м. а. Ж. Қ. Қуанышева

Алматы, 2018ж

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Дипломдық жұмыс 62 беттен, кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушыларына химияны кіріктіру технологиясы негізінде оқыту әдістемесін жетілдіру.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Мектеп оқушыларын оқытудағы қиындықтарды жою үшін оқыту әдебиеттерін ақпараттық ізденіс және химия-педагогикалық талдау жасау.
  2. Химияны тиімді оқытудың теориялық модель ретінде кіріктірілген модульдік әдістеме құрастыру, кіріктірілген модульдік технологиясын құру және оның ерекшеліктерін белгілеу
  3. Кіріктірілген модульдік әдістеменің құрылымы мен мазмұнын негіздеу, оның тиімділігін бақылайтын педагогикалық эксперимент құру.

Теориялық маңызы: химияны оқытуда кіріктірілген модуль әдісінің болашақта саналы және перспективті әдіснама ретінде қажеттілігі анықталды. Кіріктіріп оқытудың жаңа теориялық моделі калыптастырылып, химияны оқытудың пәнаралық мазмұны құрылып, инвариантты (жылжымалы) және вариативті әдістері құрылды.

Практикалық маңызы: химияны кіріктіріп оқытудың әдістемелік негізі - мектеп мұғалімдеріне, мектеп оқушыларына және болашақ химия мамандарына әдістемелік нұсқау ретінде ұсынуға болады.

Кіріспеде зерттеулер мақсаты, міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы баяндалған.

« Мектепте химияны кіріктіріп оқытудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда мектепте химияны кіріктірілген модульдік әдіспен оқытуды ұйымдастырудың теориялық негізі мен оқытуды іске асырудың мүмкіндіктері қарастырылған. Әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге шолу жасалған.

«Мектепте химияны кіріктіріп оқыту әдістемесінің тиімділігін эксперименттік тексеру» атты екінші тарауда орта мектепте химияны кіріктірілген модульдік әдіспен оқытуды ұйымдастыру түрлері кіріктіріп оқытуға байланысты жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижесі берілген. Химия сабағын өтудің бірнеше нұсқасы келтірілген және бірнеше әдістері мен жолдары көрсетіліп, талданған.

Қорытынды бөлім: к іріктірілген модуль қолданып оқыту әдісі жеке тұлғаны жан - жақты дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық технология, оқушының сабақ үстінде танымдық іс - әрекетін тиімді ұйымдастыру, жеке тұлғаның дамуына және пәнге қызығушылықтарының артуына мүмкіндік береді деген тұжырым келтірілген.

РЕФЕРАТ

Структура дииломной работы:

Степень работы составляет 62 страниц, введение, 2 главы, заключение и список использованной литературы.

Цель исследования: Совершенствование методики преподавания для школьников на основе технологии химической интеграции.

Цели исследования:

1. Информационное исследование и химико-педагогический анализ учебной литературы для устранения трудностей в обучении школьников.

2. Разработка интегрированной модульной методологии как теоретической модели эффективного обучения химии, создания интегрированной модульной технологии и уточнения ее особенностей.

3. Обосновать структуру и содержание встроенного модульного метода, создать педагогический эксперимент для контроля его эффективности.

Теоретическая значимость : дипломной работы состоит в создании методических основ интегративно-модульного обучения химии, разработке концепции и методики интегративно-модульного обучения химии на среднем школе.

Практическая ценность: методологические основы интегрированного обучения химии могут быть представлены как методическое руководство школьным учителям, школьникам и будущим химикам.

Введение описывает цель, задачи и научные результаты исследования.

В первой главе «Теоретические основы для комплексного обучения химии в школе» школа имеет возможность реализовать теоретическую основу и преподавать интегрированное модульное обучение химии. Проведен обзор методологической и научной литературы.

Вторая глава , озаглавленная «Методология экспериментальной химии в школе», обобщает результаты педагогического эксперимента по интеграции модульного метода организации на основе химии. Представлены несколько версий интегративно-модульного обучения химии и проанализированы несколько методов и подходов. Содержание модулей суммируется, и успехи учеников в химии демонстрируются с помощью интегрированных методов обучения.

Вывод: сделан вывод о том, что метод обучения с использованием интегрированного модуля является эффективной педагогической технологией, направленной на всестороннее развитие индивидуальной, эффективной организации учебной деятельности студентов, повышение личной заинтересованности в предмете и развитии.

ABSTRAKT

Structure of dissertation work:

Extent of work makes 63 pages, introduction, 2 chapters, the conclusion and the list of the used literature.

Research objective: Improvement of a technique of teaching for school students on the basis of technology of chemical integration.

Research objectives :

1. Information research and the chemical and pedagogical analysis of educational literature for elimination of difficulties in training of school students.

2. Development of the integrated modular methodology as theoretical model of effective training of chemistry, creation of the integrated modular technology and specification of her features.

3. To prove structure and the maintenance of the built-in modular method, to create a pedagogical experiment for control of its efficiency.

Theoretical importance: the need for the integrated module for training of chemistry as accurately certain and promising methodology. The new theoretical model of in-service education is developed, the cross-disciplinary structure of teaching chemistry, invariant (mobile) and variation methods are created.

Practical value : methodological bases of the integrated training of chemistry can be presented as the methodical management to school teachers, school students and future chemists.

Introduction describes the purpose, tasks and scientific results of a research.

In chapter 1 "Theoretical bases for complex training of chemistry at school" the school has an opportunity to realize a theoretical basis and to teach the integrated modular training of chemistry. The review of methodological and scientific literature is carried out.

Chapter 2 , the entitled "Methodology of experimental chemistry of chemistry of chemistry at school", generalizes results of a pedagogical experiment on integration of a modular method of the organization on the basis of chemistry. Several versions of a course of chemistry are submitted, several methods and approaches are analysed and analysed. The maintenance of modules is summarized, and progress of students in chemistry is shown by means of the integrated training methods.

Conclusion : the conclusion is drawn that the training method with use of the integrated module is the effective pedagogical technology aimed at all-round development of the individual, effective organization of educational activity of students, increase in personal interest in a subject and development.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 7

1 Мектепте химияны кіріктіріп оқытудың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектепте химияны кіріктіріп оқытудың даму тенденциясы . . . 14

1. 2 Мектепте химияны кіріктіріп оқытуды іске асыру мүмкіндіктері . . . 18

2 Мектепте химияны кіріктіріп оқыту

әдістемесінің тиімділігін эксперименттік тексеру

2. 1 Мектепте химияны кіріктіріп оқытуды ұйымдастыру түрлері мен құралдары . . . 34

2. 2 Мектепте химияны кіріктіріп оқытуға байланысты жүргізілген педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі . . . 56

3 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

Кіріспе

Қазіргі кезде оқыту талабы өте жоғары болғандықтан, оқушыларға тек ғана дайын білім беру емес, оларды әр сала бойынша өзекті мәселелермен таныстыру ең басты мақсат болып табылады. Бұл барлық ғылымдарды интеграциялау, яғни кіріктіру ғана қажетті нәтижеге қол жеткізуі мүмкін.

Мектептегі фундаментальды бір мәселе - оқушыларға қоршаған дүние туралы көзқарастарын қалыптастыру, ондағы болып жатқан глобальды мәселелерді көре, түсіне білуге және де оларды шеше алуларына үйрету.

«Интеграция» ұғымы латынның integer - бүтін, тұтас деген мағынаны білдіреді, яғни бұрын бөлініп кеткен көптеген компоненттердің бірігуі. Бұл процесс өзіне қарама-қарсы дифференциациямен диалектикалық бірлікте болады. Олай дегеніміз кіріктірілген және жекеленген процестер бір-бірімен бірікпейді және бірінің соңынан бірі ермейді, олар бірінің ішінен бірі немесе бірі арқылы екіншісі шығады. Егер кіріктірілген компоненттер біртекті болса, онда пәнішілік кірігу, ал әртекті болса пәнаралық кірігу болады.

Интеграция идеясы пәнді оқыту әдістемесі мен дидактика саласына 1960-1970 жылдар арасында енгізілді. Көптеген дидактиктер мен әдіскер-химиктер зерттеулерінде оқу пәндері интеграциясының тиімді құралы жүйелік білімді қалыптастыру мен теориялық қорытындылау тәсілі мен механизмі болып саналатын пәнаралық байланыс көрсетілген [1] .

Оқытудағы пәнаралық интеграция оқушылардың пәндік материалды қабылдауына байланысты артады. Осы тұста интеграцияның негізгі механизмі мен тәсілі пәнаралық болып саналады. Оларды жүйелі және бағытты түрде қолдану көбінесе оқушылардың материалды түсінуі мен сезінуін қамтамасыз етеді және химияны оқытудың тиімділігін арттырады.

Интеграциялық процеске тән ұстанымдар:

  • Объективті алғы шарттар (онтологиялық: бүтін мен бөлшектің, жеке мен жалпының бірлігі, гнесеологиялық, әлеуметтік-практикалық: ғылыми таным-шешімі, пән-практикалық-қолданбалы практикалық есептерді шығарудағы - химия, өндірістік-практикалық-ізгі материалдың химиялық өндірістегі химия және әлеуметтік-химияның ерекшелігіне сай мұғалімнің бірдей жүйелілік әрекеті) ;
  • Бұрынғы бөлінген бір немесе әртүрлі компоненттер;
  • Бұрын бөлінген компоненттердің бірігуі;
  • Біртұтастық.

Оқытудың өмірмен байланысы - дидактикалық негізгі қағидалардың бірі болып табылады және ол педагогтар мен психологтар еңбектерінде арнайы зерттелген. Психологтар оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуін, олардың танымдық және психикалық процестерін дамытатындығын (қабылдау, ойлау, қиял) дәлелдеген болатын.

Сол сияқты зерттеулер көрсеткендей тұлғаның білім, икемділікті меңгеру дәрежесі және оларды әртүрлі практикалық әрекетте қолдануы, олардың әлеуметтік белсенділігінің де маңызды көрсеткіші болып табылады.

Химияны оқыту барысында оқушылар жеке білімдерін практикада қолдана алатындығы, өзін қоршаған дүние туралы ұғымдарды, олардың жүйесін талдай, қорытынды жасай білетіндігі, білімді жаңа жағдайға көшіре алатындығын көрсетті. Бұл химия пәнін оқитын оқушыларда өзіндік және жүйелік ойлаудың қалыптасатындығының дәлелі [2] .

Әртүрлі пәндерді оқытуды келістіруден оларды терең өзара кіріктіруге көшу әртүрлі деңгейде жүзеге асырылады:

  • Пәнішілік интеграция, пәнаралық интеграция, пәндер мазмұнын жақындастыру, жаңа түзілім пайда болуына әкелетін мүшеленген бөліктердің толық бірігуі ретінде - синтез;
  • Бастапқы деңгейі: бір пән бойынша сабақта ұғымдарды, бейнелерді басқа пәндерден алу, яғни «басқа аймаққа кіру» принципі;
  • Тереңірек деңгей: қазіргі жаратылыстану, мәдениеттану, т. б. әдіснамалық негізін құрайтын принциптерді әртүрлі пәндер бойынша сабақтарда қолдану;
  • Өз ерекшеліктері бойынша әртүрлі пәндік білімдерді қажет ететін мәселелер мен құбылыстардың кешенін қарастыру.

Интеграцияның мүмкін болатын жолдары:

  • Пәндердің бір курсқа толық бірігуі, синтезделген курстарды оқыту - толық интеграция;
  • Өзектік бағыттары бойынша жеке пәндердің бірігуі;
  • Оқу бағдарларында объектілер бойынша блок құру.

Интеграциялық процестер жүру барысында интеграциялану механизмін анықтап алған жөн. Интеграциялану механизмі деп бұрын бөлініп кеткен көптеген компоненттердің біртұтастыққа белгілі бір логикалық буындардың бірінен кейін бірінің бірігу жүйесін айтады. Бұлай кіріктіру көп сатылы болады [3] .

Кіріктірілуге дейінгі сатылар:

  • Оқу пәндерінің мазмұны мен оның компоненттерін - дидактикалық жолмен сараптау;
  • Оқу материалдарындағы функционалды, дидактикалық және кәсіби байланысқан компоненттерді жалпылап қорыту;

Кіріктіру сатысы:

  • Құрылымы реттелген, бірақ бөлініп кеткен оқу материалдарын абстракциялау;
  • Функционалды байланысқан компоненттерді одан әрі жалпы қорытындылау;
  • Компоненттерді пәнаралық, конгломерат және синтез түрінде біріктіру (интеграциялау) ;
  • Интеграцияланған компоненттер мазмұнын жүйелеу.

Кіріктірілгеннен кейінгі сатыда жүзеге асырылуы керек:

  • Оқу материалының кіріктірілген құрылымын құру;
  • Жоғары деңгейде құрылымы реттелген кіріктірілген оқу материалының болуы;

Білім берудің интеграциялану мазмұны әлеуметтік және дидактикалық факторлармен қамтамасыз етіледі:

  • Әлеуметтік тапсырысты іске асыру;
  • Ғылымда, білімде, техникада, технологияда және өндірістік экономикада кіріктірілген процестерді бейнелеу;
  • Мектеп курсындағы химияның озық идеяларын іске асыру;
  • Дидактикалық және кәсіби пәнаралық маңызды нысандарды оқу;
  • Әрекеттің тұтас жүйелігін іске асыру;
  • Ғылымаралық жаһандық проблемаларды бейнелеу;
  • Дидактиканың озық заңдылықтары мен принциптерін іске асыру.

Кіріктірілген үрдістер дидактикалық шарттарға байланысты әртүрлі болады:

  • Компоненттердің мазмұнына (фактілер, ұғымдар, теориялар, әдістер, заңдар, проблемалар және т. б. ) жалпылау дәрежесіне;
  • Пән мазмұнының көлеміне (пәнішілік кіріктірілу, пәнаралық кіріктірілу, категориялық синтез) ;
  • Кіріктірілген процестердің аяқталу дәрежесіне;
  • Кірітірілетін пәндердің басымдылығына (гуманитаризациялау; фундаментализациялау; техникаландыру; технологияландыру; экологияландыру) .

Қолдану деңгейіне қарамастан интеграциялық процестердің жалпы құрылымы бар және жалпы әдістеме бойынша көпсалалы механизм түрінде іске асады.

Кіріктірілген технологияны іске асыруда инновациялық тәжірбелердің елеулі маңызы бар. Бұл технологияны ары дамыту арқылы білім берудің жаңа сатысына шығаруға болатынын алдын-ала болжауға нақты сенім бар.

Көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында химияны оқыту әдістемесінің мазмұны баяндалған. Мектепте химияны оқыту мазмұны құрылымында көптеген авторлар жалпы химия, органикалық химия және бейорганикалық химия деп бөліп оқыту тәсілін колданған. Мектепке арналған химия пәнінің кітапшаларында химиялық есептерді шығару тәсілдеріне көбірек мән берілген, себебі химиялық есептерді оқушылардың шығара алуы олардың пәнді қаншалықты игергенінің көрсеткіші болып табылады [4] .

А. А. Макареня, П. М. Завлин өз зерттеу жұмыстарында мектеп оқушыларының химия пәнін оқытуда әдістемелік-теориялық негіздеріне көп мән берген /периодтық жүйе, химиялық құрылым теориясы, т. б/. Білім беру жүйесінде химия пәнін оқытудың сабақтастығы мен үздіксіздігін жоғалтпау үшін химияны пәнаралық кіріктіру барысында теория-концептуалдық негізінде мектеп пен ЖОО ортақ әдістеме арқылы оқыту.

Мектеп оқушыларын дайындаудың басты мақсатына сәйкес ЖОО оқу пәндеріне ұқсас ғылыми-әдістемелік негіздер калыптастырылған (Н. С. Ахметов, А. М. Рахманкина) . Әдістемелік жұмыстың үш түрлі аспектілері айқындалып көрсетілген: ғылыми-теориялық (мазмұны мен деңгейі бойынша оқушыға не және қалай түсіндірілуі керектігі), ғылыми-әдістемелік (түсіндірудің мөлшері, нысаны және тәртібі бойынша), оқу-педагогикалық (оқушылардың берілген материалды меңгеруін арттыру тәсілдері) .

Мектеп оқушыларының ЖОО орнына түсудің неғұрлым маңызды ғылыми-әдістемелік негіздемесін В. П. Гаркунов зерттеген. Ғалымның тұжырымы жалпы орта мектептердің және ЖОО түсер кезде тапсырылатын емтиханға дайындық ретінде ең бірінші оқушылардың химия пәнінен оқып кеткен материалды есіне түсіру арқылы дайындық жасауға көп көңіл бөлу керек.

В. П. Гаркунов оқушыға қойылатын негізгі талаптарды атап өтті, химияны оқыту әдістемесінінің спецификасын ашу арқылы химияны оқыту курсынын маңызды бөлігін ашып көрсетті. Мектепте химияны оқытудың тек әдістемелік ғана емес, сонымен қатар әдіснамалық қиындықтарын ең алғаш В. П. Гаркунов өз зерттеулерінде жақсы көрсеткен. Ғалымның әдістемелік ұсынымдары химиялық нысандардың тек субстанциялық құрылымдық, энергетикалық және кинетикалық жайғасымын ашуда ғана еместігін көрсетті [5] .

Мектепте химияны оқытудың көп жылдық тәжірибесінде Э. Г. Злотников химияны оқытудың мазмұнын құрылымдаудың блоктық-модульдік тәсілін іске асырды. Мазмұн құрылымында ғалым жеке дара іске асатын 4 түрлі модульді атап көрсетті: химияның теориялық негізі, химиялық элементтер, органикалық химия, химиялық есептердің шешімі.

Химияны оқыту технологиясында қолданылып жүрген әдістермен қатар, әсіресе қорыту әдістерін жүйелеу және интеграциялау да кең түрде пайдаланылып жүр.

Химияны оқыту тәжірибесі мен теориясында осы пәнді үйретудің кіріктіру-модульдік оқытудың теориялық-әдістемелік негіздерін әзірлеудің алғышарттары ұсынылған. Химия оқыту әдіснамасында кіріктірілген модульдік тәсілін химия пәнін даярлауда қолданылмауы тек әлі де шешілмеген теория-әдістемелік негіздің қаланбауына қатысты қиындықтарға байланысты:

  1. Кіріктіріп оқытудың мазмұны мен құрылымының химияны оқытуда анықталмауы.
  2. Оқушының химияны кіріктіріп оқытқанда білімі мен икемділігін анықтайтын қорыту, жүйелеу әдістерінің және кіріктіру әдістерінің жоқтығы.
  3. Химияны оқытуда кіріктірілген модульдік технологияның жоқтығы және оның іске асырылмауы.
  4. Химияны оқытудың кіріктірілген модульдік технологиясында нәтижені бақылау және бағалаудың жоқтығы.

Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесінде колда бар алғышарттардың барына қарамастан әдістемелік негіз және кіріктірілген модульдік оқыту технологиясын - ғылыми мақсат ретінде танылмағандығы.

Химияны оқытудың жеке компоненттері баяу түрде жетілдірілуі немесе кіріктіру технологиясы негізінде мүлдем өзгерілуі мүмкін. Тек жетілдірудің жаңа екінші түрін тек кіріктіру технологиясы ғана оқушының білім алу қажеттілігін өзінің талабы мен қызығушылығына сәйкес іске асыра алады. Тек кіріктіру технологиясы бойынша мектеп оқушысы дербес және өз бетімен алдында ұғынған, материалды толық меңгерген, оқудың химиялық және кәсіби маңыздылығын түсіне отырып, өзін интеллекті түрде дамыта алады. Сонымен катар, бұл технология оқушының білімін мұғалім тексеру арқылы оқуды субьектіліктен - тепе-тең субьектіге, өзін жеке тұлға ретінде дамыту, іс әрекетін логикалық нақты- кіріктіру ойлау тәсілі негізінде дамыта алатындығы анықталды [6] .

Бұл зерттеудің өзектілігі - химия сабағын өткенде кіріктірілген оқыту технологиясын қолдану қиындықтары тек ғылыми тұрғыда ғана емес сонымен қатар әлеуметтік (мұғалімнің мамандығын саналы түрде өзінің оқу материалын таңдауы) тұрғыда да байқалатындығы.

Зерттеу келесі карама-қайшылықтарды шешу үшін:

  • әлеуметтік қажеттілікке дейін мектеп оқушысының маман болғанға дейін жеке тұлға құзіреттілігіне сай дамуы;
  • химия пәнінің дәстүрлі тұрақты мазмұны мен бейімделудің қажеттілігін және оқушының жеке білім талабы мен мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету;
  • химияны дәстүрлі оқыту әдістемесі мен білім берудің үздіксіздігін, сабақтастығын, жаңартылған кіріктіру технологиясын іске асырудың қажеттілігі;
  • білім алушының сабақты қабылдауының жеке қарқыны мен жалпы әдістемесі;

Химияны оқыту әдістемесінің жоғарыда көрсетілген - өзектілігі, теория мен әдістемесінде шешілмеген химиялық мақсаттармен қарама-қайшылықтар осы зерттеу жұмысында анықталды.

Зерттеу мақсаты - мектеп оқушыларына химияны кіріктіру технологиясы негізінде оқыту әдістемесін жетілдіру.

Зерттеу нысаны - орта мектептің химия пәнін кіріктіру технологиясы негізінде оқыту үрдісі.

Зерттеу мақсатына сай келесі гипотеза ұсынылды: химияны мектепте оқыту үрдісі арқылы білім алу кіріктіру технологиясына негізделсе оқушыға тиімді болады.

Жетекші принциптері - үздіксіздік, бағыттылық, сабақтастық, кіріктірілген және модульділік.

Зерттеудің мақсаты мен гипотезасына сай зерттеудің міндеттері айқындалды:

  1. Мектеп оқушыларын оқытудағы қиындықтарды жою үшін оқыту әдебиеттеріне ақпараттық ізденіс және химия-педагогикалық талдау жасау.
  2. Химияны тиімді оқытудың теориялық модель ретінде кіріктірілген модульдік әдістеме құрастыру, кіріктірілген модульдік технологиясын құру және оның ерекшеліктерін белгілеу.
  3. Кіріктірілген модульдік әдістеменің құрылымы мен мазмұнын негіздеу, оның тиімділігін бақылайтын педагогикалық эксперимент құру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Модульдік оқыту технологиясын Көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Химияны оқыту әдістемесі
Пәнаралық байланыстар
Модульдік оқытудың модульдік технологиясы
Химияны оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолдану әдістемесі
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz