Есепті шығару жолы


КІРІСПЕ
Жаңа үшінші мыңжылдықта алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік деңгейде, ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді дамыту жолдарын қарастыруда. Қазақстанның болашақ дамуына арналған «Қазақстан-2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел экономикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алуы қажеттігіне баса назар аударылған.
Бұл міндеттердің шешілуі оқу үрдісінде оқушылардың танымдық ізденімпаздығының қалыптасуына тікелей байланысты.
Қоғам сұранысына сай, жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесі үшін химия сабақтарында олардың танымдық ізденімпаздығын дамытуға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесін жасаудың мәні зор. Қазіргі таңда оқыту үрдісін жоспарлау, қолдану және бағалаудың тиімді әдістерін ұсынушы жаңа педагогикалық түрлері көп. Олардың негізгі мақсаты - білу өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру қоғамдағы әлеуметтік терең өзгерістер өмірден өз орнын таба алатын, қиындықтардан қорықпай, оны шешудің тиімді жолдарын табатын білікті, іскер, шешімді тұлғаларды қажет етіп отыр. Ол үшін оқушы білімді өз бетімен алып, шығармашылықпен істей алатын оқу үрдісі қажет.
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады.
Эксперимент есептерді шығару барысында ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцийдің «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздерін мақсатқа ала отырып эксперименттік есептерді шығару сабақтарда оқушылардың танымдық біліктерін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Ұсынылып отырған дипломдық зерттеу қазіргі қоғамдағы маңызды педагогикалық және жоғары тәрбие беру проблемаларының бірі ретінде танылатын эксперименттік есептерді химия сабағында қолданудың мәселелерімен тікелей байланысты. Сондықтан бұл еңбекте бүгінгі күнге дейін әлі шешімін таппаған эксперименттік есептер шығару арқылы білім деңгейін жоғарылату мазмұнын зерттеп, оның тиімді жақтарын ұсыну мақсатында қарастырылып отыр [1] .
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармышылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т. б. ) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімнің сапасы - мұғалім білімділігі мен біліктілігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.
Қазіргі оқытудың ең маңызды міндеттерінің бірі - жұмысты орташа оқитын оқушыға бағдарлаудан бас тарту да, әр тұлғаның ұтымды дамуына жағдай жасау болып табылады. Білім мен біліктің жиынтығы ғана маңызды емес, ең маңыздысы оқушыларды өздігінен білім алуға, шынайы өмірді қайта құруға, оны белсенді пайдалана білуге үйрету екені белгілі. Осыған байланысты алған білімін түсіну проблемасы ерекше көкейтесті болып отыр.
Дидактикалық әдебиетте оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту білімді түсінуін қалыптастыру шарттарының бірі ретінде көрсетілген. М. Н. Скаткин мен И. Я. Лернер: «білімді түсіну оны дәстүрлі емес жағдайда қолдана білуден, эксперименттік есептерді шығарудан көрінеді, » - деген болатын. Осы орайда, эксперименттік есептерді оқушылар жүйелі түрде шығарып отыруы қажет екенін бұл авторлар атап көрсетеді, сонда ғана олардың білімдері берік болады. Химияны оқыту әдістемесінде ( С. Г. Шаповаленко, Ю. В. Ходаков, М. Я. Голобродько, В. Н. Давыдов, Н. А. Титов, П. А. Оржековский) оқушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға арналған бірқатар зерттеулер бар. Бұл үшін негізгі құрал ретінде эксперименттік есептер қолданылады. Әдістемеде төмендегідей көзқарас кеңінен тараған: эксперименттік есептерді шығару үшін ең қажетті шарт оқушылардың берік, өздері түсінген білімдерінің болуы (Р. Г. Иванова, А. Г. Иодко және т. б. ) . Алайда, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін химиядан эксперименттік есептердің бүгінгі күнге дейін ролі зерттелген жоқ.
Сонымен, дидактика ғалымдардың атап көрсеткеніндей білімді түсінуі үшін эксперименттік есептердің мүмкіндіктері мен осы мүмкіндіктерді жүзеге асыруға арналған химияны оқыту әдістемесінің теориясында зерттеулердің болмауы арасында қайшылық қалыптасып отыр [2] .
Бұл зерттеудің басты мәселесі химиядан эксперименттік есептерді шығару арқылы оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуға ықпал ететін педагогикалық жағдайларды анықтау болып табылады.
Зерттеу мақсаты:
Химиялық эксперименттер арқылы, эксперименттік есептер шығару арқылы оқушылардың білім деңгейін жоғарылату; оқу-танымдылық қызметін ынталандыру-дәлелдеу (мотив) ; оқу-танымдық процессінің тиімділік қызметін бақылау және өзіндік бақылау; оқу-танымдылық процессін ұйымдастыру жәңе іске асыру қызметі.
Орта білім беруде химиялық эксперименттерді жүргізуде әдістемесін ұсыну; зерттеуге байланысты ұсыныстар мен әдістемесін педагогикалық эксперименттен өткізу, қорытындысын жасау; жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын мәселелерін ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеу; химияны оқытуда оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыру мәдениетін қалыптастыратын әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
1. Білім деңгейін жоғарылату проблемасы бойынша, сол сияқты, оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету проблемасы бойынша отандық әдебиеттерге талдау жасау;
2. Оқушылардың эксперименттік есептерді шығаруы барысында олардың білім деңгейін жоғарылату үшін әдістемелік тәсілдерді жасау;
3. Ұсынып отырған тәсілдердің тиімділіктерін салыстыру барысында оқушылардың білім деңгейін жоғарылатудағы эксперименттік есептердің ролін анықтау.
Қойылған міндеттерді шешу барысында төмендегі зерттеу әдістері қолданылады: тақырып бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; оқушыларды бақылау; тәуелсіз сараптау әдісі; мұғалімдермен әңгімелесу; педагогикалық эксперимент.
Зерттеу объектісі мен заты: Дипломдық зерттеудің объектісі - мектеп. Оның ішінде жоғары буын оқушылары: 9-сыныптағы химияны оқыту үрдісі.
Эксперименттік есептерді химия сабағында қолданудың әдіс-тәсілдерін жинау, зерттеу, бағалау және оларды тиімді қолдану мәселелері зерттеу жұмысының затын құрайды.
Зерттеудің методологиялық және әдіснамалық негіздері.
Дипломдық зерттеудің әдіснамалық базасы химия сабағында эксперименттік есептерді дәстүрлі сабақтармен салыстыра қолдана отырып, олардың оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуда алатын орны анықталды. Зерттеудің теориялық негізі жалпы эксперименттік есептер, эксперименттік есептерді шығаруды оқушыларға үйрету тәсілдері және т. б. салалардағы ғылыми еңбектерге құрылған.
Зерттеу базасы. Алматы қаласы, Түрксіб ауданына қарасты №59 мектеп гимназиясы.
І. ӘДЕБИ ШОЛУ
- Химияны оқыту үрдісіндегі химиялық эксперимент
Химияны оқытудағы маңызды рөлді-оқу процесінің құрамдас бөлігі химиялық эсперимент алады.
Химиялық эксперименттің негізгі қасиеті әрбір ғылыми түсінік логикалық түрде қойылған тапсырмадан көрініп, практикалық түрде меңгерілуі керектігінде.
Тану - нақты денелерді, құбылыстард, процесс, фактілерді сезіну мен қабылдаудан басталып, меңгерілу мен абстрактілуге өтеді.
Химиялық түсінік - бұл қабылдау негізінде қалыптасатын, химиялық құбылыстар мен процестердің белгілері жайындағы сәйкес біліктілік. Олардың анализі оның қасиетін тануда мүмкіндік беріп, осының негізінде химиялық заңдылықтар орнатылады.
Химиялық эксперимент - химияға қызығушылықты арттырып, өзін-өзгілікті қалыптастырады, яғни экспериментті орындау процесі кезінде оқушылар жұмыстың практикалық біліктілігіне қол жеткізіп қана қоймай, өз білімін шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады.
Түрлі химиялық эксперименттерді пайдалана отырып, мұғалім теориялық білімді нақтылап, практикалық біліммен байланыстыруға үйретеді. Химиялық эксперимент оқушыларға фактілерге негізделіп, теориялық түрде алынған химиялық түсініктерді тәжірибе арқылы дәлелдеп көз жеткізеді.
Химиялық эксперимент оқушылардың ойлануын, біліктілігін арттырады, оны алынған нәтиженің дұрыстылық критерийі ретінде қарастыруға болады. Эксперимент жиі жағдайда қабылдаудың негізі болып келеді, онсыз продуктивті ойлану іскерлігі жүрмейді. Ойлауды дамытуда экспериментпен, практикамен біріге отырып, маңызды ролді теория алады.
Эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың химиядан үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай, сондай-ақ кейін де өздік ізденістерінде қолдана алады.
Химиялық эксперимент бірнеше кезеңдерде жүргізіледі:
- тәжірибені қоюды түсіндіру
- жоспарлау мен жүргізу
- алынған нәтижелерді бағалау.
Эксперимент алдын-ала білімге сүйеніп жүргізіледі. Тәжірибені теориялық меңгеру оның қолданылуына әсер етеді. Қабылдау-мақсаттылыққа, белсенділікке апарады.
Экспериментті жүргізу гипотезамен байланысты. Химиялық экспериментке оқушыларды араластыру олардың ойлау қабілетін арттырып, жаңа білім игеруге септігін тигізеді.
Химиялық эксперимент проблемалық жағдайдың тууына да, оның шешілуіне де жағдай жасайды. Сәйкесінше, эксперимент оқушылардың білімін арттыруға септігін тигізеді, ал оқытушы оқушылардың ойлау процесін қадағалап отыруға мүмкіншілік алады [2, 3] .
Химия бағдарламасы химиялық экспериментті кең көлемде пайдалануды ұсынады-демонстрация, зертханалық тәжірибелер, практикалық сабақтар және экспериментік есептер:
- Химиялық эксперимент-түрлі дидактикалық функцияларды түрлі формада, түрлі оқыту әдістерімен сәйкестендіріп орындай алады.
- Химиялық эксперимент оқушылардың өзін-өзділігін біртіндеп дамытатын принципке негізделген жүйеден тұрады: демонстрациялық құбылыстардан, фронтальді зертханалық тәжірибелерді оқытушы басқару мен жүргізу, практикалық тапсырмаларды орындаудағы өздік жұмыс және эксперименттік есептер шығару қарастырылған.
- Демонстрациялық экспериментті жүргізу оқушылардың түрлі химиялық құбылыстармен, олардың арасындағы өзара байланыстылық- пен, заңдылықпен, құрылғы мен қондырғылармен жұмыс істеу принциптерімен, жүріп жатқан процестермен терең танысуларына мүмкіндік береді.
- Демонстрациялық эксперимент әртүрлі мақсаттарда жүргізіледі, мысалы, қандай да бір теориялық жағдайды меңгерудегі бастапқы этап ретінде көрсетілуі мүмкін (электролиттік диссоциация сатысының жағдайға тәуелділігі), мұғалім «диссоциация дәрежесі ерітіндінің концентрициясына тәуелді ма?» деген сұраққа жауап сұрайды. Осылайша концентрлі және сұйылтылған сірке қышқылының электр өткізгіштігіне демонстрациялық тәжірибе жүргізіледі. Тәжірибе нәтижелерін салыстыра отырып, оқушылар электролиттік диссоциация дәрежесі ерітіндінің концентрациясына тәуелді екенініне және ерітінді сұйылтылған сайын диссоциация дәрежесі жоғарылайтынын байқайды. Демонстрациялық эксперимент мұғалім айтқан теориялық жағдайдың дұрыстығын дәлелдейді.
Мысалы, кейбір тұздарды жаққанда ұшкыш қышқыл бөлінетіндігіне дәлел ретінде, мұғалім нитраттардан азот қышқылын алып, оның спецификалық қасиеттерін көрсетеді немесе металдардың химиялық қасиеті жайлы айта отырып, металдардың бейметалмен және сумен әрекеттесуін көрсетеді.
Сонымен қосa мұғалім эксперименттің мақсатын дұрыс қоя білуі керек. Түсіндіру арқылы алынған нәтижелерді анализдеп, теория мен тәжірибелік нәтижелердің өзара байланыстылығын көрсету қажет.
Зертханалық тәжірибелер мен сарамандық жұмыстарды жүргізе отырып, оқушылар химиялық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеп, олардың нақтылығына көз жеткізеді, осылайша олардың біліктіліктері артады. Кейбір тәжірибелерді жүргізу кезінде шығармашылық бағыттары оянады-білімді жаңа бағытта шыңдау [4, 5] .
Бұл химияның әрбір бөлігінен алынған білімнің қайталанылуына, бекітілуіне, тереңдетілуіне, кеңейтіліп, жүйеленуіне себебін тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларда реагенттер мен құрылғыларды қолдана білудегі біліктіліктіліктері мен дағдылары қалыптасады. Осының бәрі оқушылардың политехникалық дайындықтары мен теориялық білімдерін арттырады.
Эксперименталды тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар өздерінің біліктілігі мен дағдыларын жаңғыртып, теориялық білімдерін нақты тапсырмаларды шешуде қолдана білуге дағдыланады. Сондай-ақ, оқушыларға үй тапсырмасы ретінде де тәжірибелік жұмыстар беруге болады. Үй тапсырмасына берілген тәжірибелер мен бақылаулар қарапайым эксперименттерден тұрады, мұғалім тарапынан қадағалауды талап етпейді. Мұндай тапсырмаларды орындау біліктілік пен алынған білімді өз бетінше жаңғыртуға уйренуге дағдыландырады.
Бақылау-біліктілікті арттыру әдісі ретінде химиялық экспериментті жүргізуде кең қолданылады. Оқушылардың шығармашылығы мақсатқа бағытталып, тапсырманы нақты қоя білуде, оны орындай білуде белсенділігін арттырады. Мысалы, егер оқушылар мыс (ІІ) сульфатының электролизін бақылайтын болса онда маңыздысы-тұз түсінің өзгеруі, электродта қызыл дақтың, ауа көпіршіктерінің пайда болуын бақылайды. Эксперимент нәтижелерін оқушылар теориялық ақпаратпен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізеді.
Тәжірибелік бақылауда, сондай-ақ эксперименттік тапсырмаларды орындауда барлық анализаторлар функцирленеді. Осылайша, оқушылар түс, иіс, дәм, тығыздық, зерттеліп жатқан заттың тағы да басқа қасиеттерін анықтап, олардың табиғатын тани алады.
Нақты сұрақты бекітуде эксперимент - сабақтың маңызды бөлігі болуы керек. Оқушылар эксперимент не үшін қойылатынын, қандай теориялық жағдайды дәлелдейтінін, қандай сұраққа жауап беретінін білуі керек. Мысалы, металдардың химиялық қасиетін түсіндіре отырып, мұғалім «Барлық дерлік металдар сумен әрекеттесе бере ме?» деген сұрақты қояды. Мұғалім орындаған демонстрациялық тәжірибеден кейін, оқушылар өздігінен қорытынды шығарады: кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдар сумен әрекеттеседі.
Эксперимент нәтижелерін анализдеу-тәжірибе барысында қойылған сұраққа жауап алу, себептер мен жағдайларды нақтылау үшін өте маңызды. Сонымен қоса, дұрыс ұйымдастырылған эксперимент дисциплинаның сақталуына тәрбиелейді, шығармашылық инициативтің дамып, жеке меншіктерге ұқыптылықпен қарауға тәрбиелейді. Зертханадағы жұмыс жағдайы, ондағы ұқыптылық та оқушылырға тәрбиелік жағынан әсер етіп, дисциплинаның сақталуына септігін тигізеді. Зертханада үнемі тазалық сақталуы керек; құрылғылар мен реактивтердің сақталу жүйесі қатаң түрде орындалуы керек; қатты заттар - топ бойынша, ерітінділер - қосылыстардың негізгі класы және катион, анион бойынша; органикалық заттар- қосылыстар класы немесе фунционалдық топ бойынша арнайы химиялық шкафтарда сақталуы қажет. Шкафтарда ыдыстар мен құрылғылар орын орнымен орналасуы керек.
Орындалатын эксперименттік жұмысқа алдын ала жүйелі түрде теориялық дайындық оқушыларда қызығушылықты оятады, яғна олар сабақ кезінде белсенділік танытады. Жұмыстың барысын дұрыс түсіну, сондай-ақ орындалған жұмыстың дәптерге дұрыс, талап бойынша толтырылуы да оқушылардың тәжірибелік біліктіліктерінің дұрыс қалыптасуына себеп болады.
Оқушылырда өздеріне деген сенімділікті арттырып, қиыншылықты жеңу үшін жұмыстың дұрыс орындалып, күтілген натижелерді алуларына жағдай жасау қажет. Сондай-ақ, дифференциалдық көмек көрсетудің де мыңызы зор: әрқайсысының жұмысын бақылау, қалай жоспарлап, қалай жұмыс жасап жатқандарын, экспериментті жүргізу техникасын мен біліктіліктерін қалай пайдаланып жатқандарын, құбылыстарды түсінулерін, қорытындылауларын бақылап, толықтырып отыру қажет. Әр оқушы материалды өздігінен, құбылыстарды теориялық білімдерімен ұштастыра отырып, соған сәйкес қорытынды жасай білуге дағдыландыру керек. Сонымен қоса, тәжірибе орындау кезінде рективтер мен құралдарды қолдану тәртібін жетік меңгерулері қажет. Әсіресе жұмыстың орындалу техникасына көп мән берілуі тиіс: қалай заттарды еріту керек, ерінділерді қандай ыдыстарда қыздыру керек, индикатор ерітінділерді қосу, тағы да басқа жағдайларға мән берілуі тиіс. Көрнекі жерге техникалық қауіпсіздік ережесі ілулі болу керек, және әр бәр оқушы онымен таныс болулары және сол талатарды сақтулары тиіс. Бұл бағыт ұйымдастырушылық пен тәртіпке үйретеді. Химия сабағында экспериментті жүйелі түрде өткізіп отыру фактілерді бақылауға, теориялық білім көмегімен оларды түсіндіре білуге, эксперименттік біліктілік пен дағдыларын арттыруға, жұмысты жоспарлай білуге, өз бетінше жұмыс істеуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық іскерлігін арттыруға үлес қосады [6, 7] .
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Әдіс (метод - грек сөзі «metodos» -теория, ілім, зерттеу жолы) - көздеген мақсатқа жетудің ыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану - жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.
Оқыту әдісін тек оқытушының ғана іс-әрекеті, немесе соның ғана қызметі деп түсінуге болмайды, ол оқушы мен мұғалімнің бірліктегі мақсатқа жету жолындағы ізденісі, іс-әрекеті. «Метод-әдіс» деп те аталып жүр.
Әдістің құрам бөлігі әдістемелік тәсіл немесе әдіс деп те айтылады. Әдіс-методты іс-әрекетті жүзеге асырудың бір жолы. Әдіс әр түрлі әдістердің ұштасып келуі. Химиядан өткізілетін сарамандық сабақтардың негізгі әдісі-сынақтәжірибе болса, ал әдіске -мұғалімнің қосымша түсіндіруі, оқулықтағы дайын ереже нұсқауларды пайдалануы жатады. Сөйтіп әдістің кейбіреулері сабақ үрдісінде әдіске айналып, ал кейде әдіс басқа бір жағдайда материалды өткенде методқа айналуы мүмкін.
Оқыту үрдісінде қолданылатын методтар мен әдістердің арасындағы өзара байланыстылық бар. Дидактика оқыту методы мен ғылыми таным методын тығыз бірлікте қарастырады. Өйткені оқыту ісі оқушының танымдық іс-әрекетіне, тікелей байланысты, сол арқылы жүзеге асырылады, олай болса, оқыту әдісі -жалпы таным әдісінің бір бөлігі, ал таным әдісі - философияның әдіснамалық ғылыми негізі. Әдіснама құрылысты білдіруге бағыт береді, ол - дүниетану үрдісі. Оқыту әдісі де танымдық мақсатты шешуге қызмет етеді, олай болса, ол да ғылыми таным әдісі сияқты логикалық ойлаудың талдау мен синтезі, қорытындылау мен дерексіздендіру бірлігі.
Оқыту әдісі - оқушылардың ғылыми-зерттеу әдісін түсінуге, керекті әдебиеттерді пайдалана білуге, байқампаздыққа, зертханалық сынақтәжірибе қою техникасын меңгеруге үйретеді.
Педагогикалық технология - оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығы немесе мұғалімнің нақты іс-әрекетіне байланысты және алдына қойған мақсаттарға жетуіне бағытталған белгілі ретпен орындалатын іс-шаралар. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі бар, яғни қойылған мақсатқа жету мүмкіндіктеріне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру [8, 9] .
Оқушылардың білім қоры артқан сайын, іскерлігі мен жұмыс дағдысы жетілген сайын, оқыту әдістері де жетіле түседі және олардың түр-түрі қолданылады. Оқыту үрдісін жетілдіре түсудің негізгі бағыты - оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілетін көтеру, өз беттерінше білім алуға талаптарын дамыту мен нығайтуды көздейді. Оқыту әдісін дамытуға әрбір қоғамдық формацияларда үлкен мән беріп, өзгеріске ұшырап, қоғамның дамуына қарай қызмет етіп келеді, ол өз алдына бір мәселе.
Химияны оқытуда оқушылардың меңгерген теориялық білімін зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланыстыра бекітудің маңызы өте зор. Себебі оқушының теориялық білімі зертханалық тәжірибелер арқылы бір зат екінші затпен қосылғанда қандай заттар түзілетінін, нәтижесінде байқалатын құбылыстың химиялық мәнін түсінуге қызмет етсе ғана сақталады. Сондай-ақ, тәжірибелер теорияның негізін, мазмұнын ашуда тиімді. Оқушыларды да химия пәніне аса қызықтыратыны - қызықты, сиқырлы тәжірибелері.
Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше. Сондықтанда, еліміздің болашақ ұрпақтарына заманымыздың талабына сай сапалы білім беру жүйесі дамып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz