Жазушы шығармаларын оқытуды интеграциялаудың жолдарын анықтау


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті

6М011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Нүсіп Гүлжан

М. Мағауиннің прозасындағы түркілік таным және оны оқытуды интеграциялау

Ғылыми жетекшісі: Әбдіқалық К. С., профессор

Кафедра меңгерушісі: Балтабаева Н. С., PhD доктор

Алматы, 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I. М. МАҒАУИН ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮРКІЛІК ТАНЫМ . . . 6

1. 1. Жазушы шығармаларындағы ұлттық құндылықтар . . . 6

1. 2. М. Мағауин туындыларындағы түркілік таным көріністері . . . 23

II. М. МАҒАУИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ . . . 44

2. 1. Білім беру жүйесінде оқытуды интеграциялаудың маңызы . . . 44

2. 2. Прозалық шығармаларды оқытуда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндермен интеграциялау . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 80

КІРІСПЕ

Зерттеудің сипаттамасы: Мұхтар Мұқанұлы Мағауин қазақ әдебиетінің төрінен ойып орын алатын жазушыларымыздың бірі. Ол - қазақ әдебиетін ғана емес, қазақ тарихын да түбімен қопарып, қайта жасауға кірісіп кеткен, тарихшы болмаса да қазақ тарихындағы олқылықтардың орнын өзінше толтыруды, қатесін түзетуді өзіне борыш санаған ұлт жазушысы. Оның әрбір шығармасы тікелей немесе астарлы түрде халықпен, оның тарихымен астасып жатыр. Өз шығармашылығынан бөлек тарихта өткен ақын, жыраулардың өлеңдерін жинап, қазақ әдебиетінің қорына өлшеусіз үлес қосты. «Әлденеше ғасырлық тарихы бар көне қазақ әдебиетінің толыққанды шежіресін жасап шығу - болашақтың ісі» [1, 182] - дейді жазушы. Осыны басты нысанасы етіп алған жазушының мақсаты айқын көрінеді. Ұлттың қамын жеп, ұлттық рухты ең бірінші орынға қойып жүрген жазушының «Аласапыраннан» бастап соңғы шыққан деректі тарихи хикаясы «Шыңғыс ханға» дейін ұлт мүддесі үшін қызмет етіп келе жатқанын байқауға болады. Руханият мәселесі шығармаларында аз қарастырылмайды. Халықты кемелдендіру жолында жүрген жазушының руханиятты аттап кетпесі айтпаса да анық. Көзбен көрген оқиғаларын, үлкендерден естіген естеліктерін ескіртіп алмас үшін қағаз бетіне түсіріп, халықтың рухани әлеміне, ұлттың рухани байлығына айрықша үлес қосып жүр. Бар білгені мен көргенін мұра ретінде жазып қалдырсам деген мақсатын аңғару да қиын емес.

Жалпы қазақ халқы - өзінің түп тамыры ежелгі Түрік елі болғандығын мақтан тұтатын, олардың қасқырдан тарадық деген аңызына сенетін халық. Ұлы Көк Түрік мемлекеті, олардың арғы аталары сақ, ғұн мемлекеттері де өз дәуірінде өте күшті, жауынгер халық болғанын, олардың батысқа дейін жорық жасап жарты дүниені өзіне қаратқан ел болғанын білеміз. Осы түбі бір түріктердің салт-дәстүр, әдет-ғұрып, таным-түсінігі бүгінгі күнге жеткен халықтардың болмысынан анық байқалады. Мұхтар Мағауиннің туындыларында мұндай сәйкестіктер аз кездеспейді. Зерттеу барысында ұлттық рухты алғашқы орынға қоя отырып сан түрлі сюжеттер мен образдарды қалыптастырған жазушының «Шақан-Шері», «Тазының өлімі», «Көкбалақ», «Сары қазақ», «Жаздыгүн шілде болғанда», «Ұлт-аралық жанжал» және «Құмырсқа қырғын», «Көк бөрі», «Қыпшақ аруы», «Жүсіптің қызы Светлана», «Қара қыз», «Қисық ағаш», «Ер Тарғын» ерлік жыры, «Тазының өлімі», «Өлі мен тірі», «Салах-ад-Диннің үкімі» атты шығармалары талданды. Тәуелсіздікке дейін де одан кейінгі алғашқы онжылдықта жазылған жазушының шығармаларында сол кездің ең басты мәселелері қамтылғаны сөз етіліп, еліміздің нық тұрып кетуіне тілекші болған қаламгердің басты идеясы жан-жақты талдауға алынады. М. Мағауиннің ұлт тағдырына қатысты мәселелерді шығармаларында бірде астарлап, бірде ашық түрде жеткізудегі шеберлігі де ашып көрсетіледі. Сондай-ақ, рухани құндылықтарды ұлттық таным тұрғысынан дәріптеудегі өзіндік қолтаңбасы бар жазушы екеніне айқын көз жеткізіледі. Әрбір шығармасы қазақ халқының тамыры тереңде жатқан дәстүрімен, наным-сенімімен, ежелгі түрік халқының рухани қазынасымен астасып, солардан нәр алған әдеби туындылар. Осы шығармалардың өн бойындағы түркілердің таным-түсінігі шығармаларында қалай көрініс бергені зерттеле отырып, шығарманың идеясы, автордың қандай мақсат тұтқаны талданған.

Ұлттық таным, түркілік таным туралы сөз қозғалған жерде ұлтшылдық, ұлтқа қызмет сияқты ұғымдардың қатар жүретіні анық. Мектептегі әдебиет пәнінің оқытылуының негізгі мақсататтарының бірі - ұлттық рухты қалыптастыру. Диссертациялық жұмыста осы ұстанымды негізге ала отырып, М. Мағауиннің шығармаларын интеграциялау жолымен мектепте оқыту жолдары қамтылған. Интеграция, яғни пәндерді кіріктіру арқылы әдебиетті басқа пәндермен байланыстыра отырып сабақ өткізудің тиімді жолдары зерттелді. Әдебиет гуманитарлық білім саласына жатқанымен оны кіріктіру тек осы саламен ғана емес, математика, жаратылыстаруға кіретін пәндермен де байланыс орнатуға болатынын дәлелденеді.

Осындай көптеген мәселелер диссертациялық жұмыс барысында талданып, жазушының түркілік таным аясында жазған шығармалары қамтылған. Зерттеу жұмысы барысында қазақ әдебиетіндегі ұлттық таным, түркілік таным туралы ғалымдардың пікірлеріне, берген анықтамаларына сүйене отырып М. Мағауиннің прозасындағы дүниетаным, нақтырақ айтқанда, түркілік таным мәселелері және оны мектеп бағдарламасы бойынша басқа пәндермен кіріктіріп оқыту туралы сөз қозғамақпын.

Зерттеудің өзектілігі: Диссертациялық жұмыста қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің прозасындағы түркілік танымның көріністері талданып жазылған. Әңгімелерінде кездесетін көне түріктердің дүниетанымының бүгінгі қазақ танымымен ұқсастықтары, наным-сенімдерінің қазақ ұлтында сақталып қалған қалдықтары сөз етіледі. Қазіргі таңда жазушының шығармаларының көп бөлігі зерттелген. Алайда, Мұхтар Мағауиннің прозалық шығармаларындағы түркілік таным мәселесі бұған дейін қарастырылмаған. Әрі оның шығармаларын интеграциялау жолымен оқытуға байланысты көптеген пәндермен, оның ішінде жаратылыстану бағытындағы пәндермен байланыс жасалып, мектеп бағдарламасы бойынша сабақ жүргізуге болатын байланыстарға зерттеулер жасалған. Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі де осында.

Зерттеу нысаны: М. Мағауиннің прозалық шығармаларын түркілік таным тұрғысынан зерттеу және оны мектепте кіріктіре оқытудың жолдарын қарастыру. Осыған байланысты жазушының 2002 жылы «Қағанат» баспасынан жарық көрген он үш томдық шығармалар жинағы және «Атамұра» баспасынан шыққан «Қыпшақ аруы», «Тазының өлімі», «Шақан шері» және «Көкбалақ» жинақтары, сонымен қатар, мектеп оқулықтары алынды.

Зерттеу мақсаты: Мұхтар Мағауиннің прозалық шығармалырындағы таным мәселесін жан-жақты зерттеп, осы тақырыптың көтерілу себептерін айқындау әрі оны мектепте оқытуды интеграциялау жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні: Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәндері бойынша зерттеулер жүргізілді.

Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

- Жазушының образ бен сюжет жасауда шынайы бейнелеуінің ерекшеліктерін айқындау;

- XX ғасыр соңындағы проза жанрындағы заман шындығының көріністерін айқындау;

- Жазушы әңгімелерінің тақырыптық ерекшеліктерін таныту;

- Әңгімелерінің әлеуметік құндылығын саралау;

- Интеграциялық оқытудың тиімді жақтарын анықтау;

- Жазушы шығармаларын оқытуды интеграциялаудың жолдарын анықтау.

Зерттеу әдістері: М. Мағауиннің прозалық шығармалары негізінен тарихи-салыстырмалы талдау, салыстыру, жүйелеу, тұжырым жасау, жинақтау түрінде зерттеу негізгі нысана етілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жазушының шығармалары бұрын-соңды түркілік таным тұрғысынан зерттеу көрмеген. Әрі оның шығармаларын мектепте оқытуды интеграциялау тақырыбында да зерттеу жұмыстары жоқ. Жұмыстың жаңалығы осыда.

Зерттеудің сарапталып сыннан өтуі: зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытындылары бойынша отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда 4 ғылыми еңбек жарияланды. Соның ішінде бір мақала «Алаш мұрасы және Қазақстан қоғамындағы рухани жаңғыру: сабақтастық мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақалаларының жинағына, Алматы, 13 желтоқсан, 2017 ж. ; екіншісі: Innovation and global issues in social sciences platform конференциясының мақалалар жинағына, Анталия қаласы, Түркия. 26-19 сәуір, 2018 ж. ; үшіншісі: «V Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы» материалдарының жинағына. Алматы қаласы, 11-13 қазан 2018 ж. ; төртіншісі: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің хабаршысына жарияланды. Алматы қаласы, «Қыздар университеті» №4(76) 2018. ISSN 2306-5079.

Бітіру жұмысының теориялық және методологиялық негізіне Ғ. Мүсірепов, Т. Жұртбай, А. Ісмақова, М. Жолдасбеков, Қ. Жұмаділов, С. Әшімбаев, Қ. Сартқожаұлы, Ә. Қоңыратбаев, С. Қасқабасов, Н. Келімбектов, А. Қыраубаева, Балтабаева Г. Және т. б. қазақ ғалымдарының пікірлері басшылыққа алынды.

Диссертация құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. М. МАҒАУИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТҮРКІЛІК ТАНЫМ КӨРІНІСТЕРІ
  1. М. Мағауин шығармаларындағы рухани құндылықтар

Ұлттың қамын жеп, ұлттық рухты ең бірінші орынға қойып жүрген бүгінгі жазушыларымыздың бірі - Мұхтар Мағауин. Жазушының «Аласапыраннан» бастап соңғы шыққан тарихи деректі хикаясы «Шыңғыс ханға» дейін ұлт мүддесі үшін қызмет етіп келе жатқанын байқауға болады. Оның шығармаларында руханият мәселесі аз қарастырылмайды. Халықты кемелдендіру жолында жүрген жазушының руханиятты аттап кетпесі айтпаса да анық. Көзбен көрген оқиғаларын, үлкендерден естіген естеліктерін ескіртіп алмас үшін қағаз бетіне түсіріп, халықтың рухани әлеміне, ұлттың рухани байлығына айрықша үлес қосып жүр. Бар білгені мен көргенін мұра ретінде жазып қалдырсам деген мақсатын аңғару да қиын емес. Бұл қаламгер туралы Ғ. Мүсіреповтің «Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы әрі от-жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ көрсетеді. Тіліміздің оралымдығын тереңдетуге қосқан үлесі де аз емес», - деген тұжырымды пікірі ұлт намысының айнасы деуге лайық М. Мағауинге берілген шынайы анықтама еді. Үлкен прозашы болумен қатар М. Мағауин - әдебиет тарихын зерттеуші көрнекі ғалым да. 1960 жылдардың аяғына дейінгі кезеңде зерттеушілеріміз қазақ әдебиетінің тарихын XVIII ғасырда өмір сүрген Бұқар жырау Қалқаманұлынан бастап келсе, М. Мағауиннің 1969 ғасырда өмір сүрген Бұқар жырау Қалқаманұлынан бастап келсе, М. Мағауиннің 1969 жылы жарық көрген «Қобыз сарыны» атты зерттеу еңбегі бұл көзқарасты бұзып, оны үш ғасыр арыға жылжытты. Сөйтіп ол жан-жақты зерттеушілігі мен жанкешті еңбегінің арқасында әдебиет тарихына Қазтуған жырау, Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа сияқты жырауларды да дәлелді түрде әдебиет тарихына енгізуге белсене атсалысты. Мұнан кейін осы бағыттағы зерттеулерін тереңдете түсу нәтижесінде ол құрастырып, түсініктемелерін жазған «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Поэты Казахстана» сияқты кітаптары жарық көріп, халқымыздың рухани игілігіне айналды. Жазушының өз кезінде назар аударған шығармаларының бірі - екі кітаптан тұратын «Мен» деп аталатын өмірбаяндық шығармасы. Мұндағы жазушының шығармашылық жолындағы ізденістері, азаматтық есеюі, мақсат-мүдделері өршіл рухқа баулиды. М. Мағауин шығармашылығы жайлы шағын ойды қорыта келіп, жазушының қазіргі қазақ әдебиет тарихында белгілі бір орынға ие екендігі туралы тұжырымды пікір түюге болады.

Кез келген жазушы өзінің жазу стилімен, жанрымен, қозғайтын тақырыбымен, идеясымен өз оқырманын тауып жатады. Ал жазушы шынайы халық жағдайын ойлап жазса, онда оның оқырманы - сол тілде сөйлейтін және оқитын барлық адам. Мұндай жазушы халықтың жазушысына айналары сөзсіз. М. Мағауинді де халық жазушысы деп сенімді айта аламыз. Оның шығармаларындағы кейіпкерлерінің ойы, сөзі, іс-әрекеті қазақтың типтік бейнесін береді. Яғни әр кезеңдегі белгілі бір мәселелерге орай орын алған оқиға барысындағы қазақтың ішкі толғанысы, жан айқайы, сол ойының сыртқа берілуі, бәрі де қазақ қоғамының айнасы іспеттес. Сырттан бақылаушы ретінде өз ойымен оқырманға бағдар көрсетеді әрі адамдардың өзіне бағытталған іс-әрекетке қалай жауап қайтаратынын, халықтың санасы қандай деңгейде қабылдайтынын көрсете отырып әр кейіпкері арқылы сан түрлі образдарды жасаған. Бір қырынан алып қарағанда оның шығармалары психологиялық зерттеу жұмысы сияқтанады. Олай деуімнің себебі, әр шығармадан өмірде кездесетін типтік образдар бейнесін немесе басқа да адамдар кейпін дәл сол қалпында көреміз. Тарихи, замануи шығармалары оқушы адамды ойландырмай қоймайды. Жазушылардың түпкі мақсаты да осы. Қоғамға туындысы арқылы, соның ішіндегі сараланып шаққан сөздері арқылы жол көрсету, бағыт беру. Мағауиннің шығармашылығы туралы жазушы, профессор Т. Жұртбай мынадай ойын білдірген екен: «Шығармашылығын - зерттеуге, талдауға, әртүрлі өлшемдер мен көзқарастардың екшеуіне салуға болар, бірақ, енді оны қазақ руханиятының кеңістігінен, көркем уақытынан, таным тарихатынан, қазақ қоғамының болмысынан ешқашан да алып тастай алмайсың. [2, 185] »

М. Мағауин - қазақ әдебиеті үшін ғана емес, жалпы түрік жұрты үшін еңбегін сіңіріп келе жатқан жазушыларымыздың бірі. Оның Аласарыпан тарихи роман-дилогиясы үшін 1984 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілген. Қазақcтaнның Xалық жазушысы, Түркияның Халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері. Мұхтар Мағауин - алғашқы шығармаларымен-ақ әдеби қауым мен оқырман жұртшылықтың назарын өзіне аудара білген қаламгер. Алғаш рет баспасөз бетінде 19 жасында көрініп, содан кейін-ақ оқырман назарына жиі ілініп жүрді. Жас жазушының «Жаңылысу», «Ақша қар», «Көкмұнар» сияқты көркем туындылары айналдырған үш-төрт жылдың ішінде-ақ жазылып, ізі суымастан жарық көріп үлгерген шығармалар. Әдебиет тарихы ғылымындағы тұңғыш еңбегі - «Қобыз сарыны» атты кітабы болатын. Сол кезден-ақ жазушы ұлтының тарихын қазбалап, қайта қалауға кірісіп кеткен. «Ақша қар» атты алғашқы әңгімелер жинағы да сөз қадірін түсіне білетін оқырман қауым үшін бағалы дүниелердің бірі болды. Шағын әңгімелері арқылы өзіндік көркемдік стилін, жазу машығын ашып көрсетті. «Тіленші», «Кешқұрым», «Ватерлоо көпірі», «Алтыбақаннан соң», «Тарпаң», «Қияндағы қыстау», «Күтпеген кездесу», «Тұлымханның баласы», «Қияндағы қыстау», «Алтын тіс», «Шеше», «Өткінші», Тәртіпті азамат», «Коммунистік реализм» және тағы да басқа әңгімелерінің көркемдік сапасын ерекше атауға болады.

Қаламгердің қалыптасқан, өзіне ғана тән жазу стилі, сол стилі арқылы жеткізетін түйінді ойы бар. Оның шығармаларында көрінетін идея қазақтың тарихы 550 жыл бұрын бастау алады деген пікірді толығымен теріске шығарады. «Дербес, қазақ атымен аталатын әдебиеттің өмір сүруі - XV ғасырдың орта шенінен басталады» [1, 16] дейді М. Мағауин Қазақ хандығының құрылуын алға тартып. Бірақ қазақтың әдебиетінің бастауын сонау Түркі қағанаты, одан бұрынғы сақ, ғұндармен байланыстырады. «Əлі күнге, қазақ əдебиетінің тарихы қайдан басталады, көне дəуір əдебиетін зерттеу қажет пе, жоқ па деген ескі əңгімені көңірсіте бергенше, бізге де осындай едік, ерлік істерге кірісетін кез келген секілді. Жоғарыда аталған үш том, алты кітаптық «Қазақ əдебиетінің тарихын» да қайта жазатын уақыт жетті. [3, 14] » деп жазады ғалымдар «Көне түркі әдебиеті туралы зерттеулер» жинағында. Бірақ қазіргі кезде Күлтегін заманын былай қойғанда, тіпті хандық дәуірдегі әдебиет толыққанды зерттеліп, реттеліп болған жоқ. «Қобыз сарыны», «Алдаспан» секілді ақын-жыраулардың шығармаларын топтастырып, жинақ етіп шығаруының бір себебі - осы. Бұл - оның төл әдебиетімізге қосқан баға жетпес қазынасы.

« . . . ескіден жеткен мұралардың көпшілігінің қазіргі түрік халықтарының қайсына тиесілі екенін дәп басып айта алмайды. Бұл мүмкін де емес. Сондықтан орта ғасырлардан қалған түрік ескерткіштері қазіргі қазақ, татар, анадоль-түрік, өзбек, қырғыз, ноғай, түркмен, т. б. туыстас халықтардың бәріне ортақ әдеби мұра, солардың бәрінің де әдебиетінің басы болып есептеледі. » [4, 4-б. ] Осындай көзқарасын негізге ала отырып жазушы өзі атаған халықтарды бір-бірімен туыс етіп көрсетеді. Халықтардың туыстығын дәлелдейтін негізгі құралдар - олардың тілі мен әдебиетінің ұқсастығы немесе бір болуы. Осылайша жазушы түркі тектес халықтарды біріктіруге өзіндік үлесін қосып жатыр.

Түркі елдерінің басқосуы болған жерде туыстығымызды атамай, тарихымызды еске алмай сөзін бастамайды: «Мың жылдық ежелгі ескерткішімізде айтылғандай: «Түріктің көктегі тәңірі, қасиетті жер-суы: «Түрік халқы құрымасын депті, ел болсын!» - депті. Ендігі міндет, сол елдің іргесін бекіту, қайта көтерілген халқымыздың бақытын баянды ету. » [5, 223] Барлық сөзі мен іс-әрекеті ел үшін еңбек етіп жүрген азаматқа тән қасиетті көрсетеді. XX ғасырдың басында Алаш азаматтары қазақтың көзін ашып, санасын ояту жолында жұмыс жасаса, қазіргі кезде дәл осы іспен М. Мағауин айналысып жүр. Әрбір шығармасында түрік халықтарының дүниетанымы, көзқарасы байқалып тұрады. Ұлы түріктердің ұрпағы екенімізді айқайлап айтпаса да көңілге қонарлықтай етіп жеткізеді. Қазақтың тарихын қазақ өзі зерттемеген, сондықтан оны қайта жазып шығуды шарт санайды. Осы ойы арқылы ол жазулы тарихымыздағы олқылықтардың көп екенін байқатады. Қазақ жеріндегі халықтарды аяусыз қырып-жойды, қанға тоймай Еуропаға дейінгі жерді жаулады деп келген Шыңғыс хан туралы төрт томдық тарихи шығарма жазды. Әрі оның негізгі айтпағы: Шыңғыс хан - түрік тектес халықтың ұлы деген ой.

Қаламгер де уақыт перзенті, сол уақыттың елеулі де айтулы оқиғаларын шығармаларына арқау ету - оның қаламгерлік парызы саналады. [6, 299-б. ] М. Мағауиннің шығармашылығы осы ұстанымға сай келеді. Ол өз заманының жыршысы, өткеннің жоқтаушысы. Тек жоқтап қана қоймай, олқылықтардың орнын толтырумен айналысуда. Өзі айтқандай, Тәңір оған талант беріп, ерекше тағдыр жазған. Ол осы өмірге белгілі бір миссиямен келген. Сол миссияны орындау - оның негізгі шаруасы. « . . . М. Мағауин бүгінгі қазақ прозасының жаңаша тынысын ашты деп мойындауымыз керек. Бұл жаңашылдық тек бір Мағауиннің, бүгінгі біздің заманадастарымыздың үні ғана емес, бұл Мағауин-әдебиеттанушы, Мағауин-тарихшы, Мағауин-өнертанушының үні, яғни, XXI ғасырдың Алаш атты елдің шынайы өкілі ретінде қазақтың намысын жоқтаған ердің үні[7, 116] . »

Кез келген шығарма көркемдік ерекшелігі арқылы өзіне тартатыны белгілі. Бірақ шығарманы толық түсініп, барынша сүйсініп оқуға бұл жеткіліксіз. Шығармада түйіп алар ой болмаса, оған кеткен уақыт зая кеткен болар еді. Жазушының ең басты назар аударар тұсы да осы. Ол шығармаларында ауыл, қала тұрмысын, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдырын психология-философиялық тереңдікпен бейнелейді. «Аласапыран» тарихи романында қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (XVI-XVII ғ. ) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет - ұлттың жаны
Жолбарыс аулау - қазақтың ата дәстүрі, машықты өнері
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ОҚУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІНДЕ АРТТЫРУ ТИІМДІЛІГІ
1 сыныптарда математика пәнін интеграциялап оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері
Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
Жалпы білім беру пәндерді зерделеу емес, тұлғаны пәндермен дамыту
Интеграция жүйелі білім беру ретінде
Мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқыту жолдары
Әдебиетті тереңдетіп оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz