Қазақ әдебиетінің тарихы


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҰЫЗДАР ПЕДАГОГОИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Ясымбек Айдана Ясымбекқызы

«БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

«6M011700-қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін жазылған магистрлік диссертация

Ғылыми жетекші C. И. Сәкенов ф. ғ. д. профессор м. а

Кафедра меңгерушісі Н. С. Балтабаева PhD доктор

«Қорғауға жіберілді» 2019 жыл

Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

PhD доктор Н. С. Балтабаева

Алматы 2019 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ - КӨРКЕМДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

1. 1 Аңыздық прозаның танымдық-көркемдік мәні

1. 2. Балаларға арналған ертегілік прозасы үлгілерінің көркемдік - танымдық ерекшелігі

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Балаларн әдебиеті - тәрбиенің үлкен құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген әдебиеттің үкілі үлгілері- мәдени мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол-ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызғы болып, жанды жалындататын, қиялды қияындататын, ақыл сананың айшықты көрністерін бейнелейтін, киелі мұра. Әдебиет мұрасы арқылы жан - дүниеміз тазарып, ұрпағымыздың өркениеті өсе түспек.

Қазақ әдебиетінің өскелең бір саласы - ол балалар әдебиеті. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Балалар әдебиеті алғашында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып отырды. Кейін XIX ғасырда өзінің ерекшеліктерінің арқасында дербес пән ретінде қарастырыла бастады. Совет заманында балалар әдебиеті тәлім-тәрбие мен білім ошағына айналды.

Ең бірінші жұмысымыздың барысын Елбасымыздың «Бала тәрбиесі - бұл ата-аналардың ерекше азаматтық борышы» деп Н. Ә. Назарбаев айтқандай бала тәрбиесі қашанда маңызды міндеттердің бірі болып табылады. [1]

Баланың болашағы ол елдің, ұлттың келешегі. Келешегіміз жарқын болу үшін ең алдымен біз ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға қойғанымыз абзал. Оны баланың дүние есігін ашқан сәттен бастап, рухани азық бере отырып, оқып, тыңдап, көріп жүрген дүниелеріне мән беру керек. Мектепке дейінгі, мектептен кейінгі өмірі арқылы білім алып отқан ошақтарға аранайы оқулықтармен жұмыстар жасап, баланың танымдық қасиетін өсіру жолында жұмыстар жүргізіп отырған дұрыс. Балаларға араналған халық прозасы осы жұмыс барысында ерекше орынға ие. Себебі, халық жасаған дүние арқылы бала, өзіне алар салт-дәстүр, тарих, мәдениет, адамгершілік, даналық, эстетикалық болмыс, жігерлік т. б. айта берсек бар рухани азық осы халық прозасында. Халықтың даналығын тыңдап, көріп өскен бала, еліне, жеріне жанашыр болатыны хақ. Олай болса, «Балаларға арналған халық прозасының танымдық-көркемдік ерекшеліктері» атты жұмыс барысында өнегелі ұрпақ тәриелеуге оразан зор үлес қосатындай етіп дайындау.

Балаларға арналған халық прозасын зерттеп оның сырын ашу шын мәнінде де оңайға соқпасы белгілі. Осыншама жауһардың қойнауына жасырынып жатқан құпияның бағасы қашан да биік болмақ.

Қазақ балалар әдебиеті қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Біздегі балалар әдебиеті кейбір еуропалық елдердегідей арнайы салаларға жүйеленіп жазылуы мүмкін. Бірақ, сол халықтың, сол ұлттың мол рухани қазынасы аралас жүреді. Аралас жүре отырғын алғын бөбек, бүлдіршін жаситы сұлулыққа құштарландыратын, отансүйгіштік, ерлік рухына ұмтылдыратын, тәрбиешілік қызмет жасай юіледі. Қазақ балалар әдебиетінің де тағдыры осыған ұқсас. Қазақта «Балаларн әдебиеті» деген ұғым ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басына дейін бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына мүлдем жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын, жыраулар поэзиясының бәрі тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз болша бастауы ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында басталды. ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдары қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды. Оған «Жалын-жастар, «Балауса» - балалар баспаларының ашылуы дәлел бола алады. Ал, «Балдырған», «Ұлан» газеті, журналдары-ежелден балалар әдебиетінің көрігі болып келеді.

Сөз өнеріне, көркем дүниеге айналған фольклор жанрларының басты функциясы - эстетикалық, тәрбиелік болып келеді. Ол жанрлар шығармаларында өмірді бейнелеу тікелей танымдық мақсат көздемейді, керісінше, адамды иландыру, сол арқылы тыңдаушығы үлкен әсер ету мақсатын көздейді, оны ләззатқа бөлеуге тырысады. Қазақ халық прозасының ерегі жанры түгелдей осындай қызмет атқарады. Көркем фольклор ретінде ертегі өмірді, болмысты танып-білу ниетімен айтылмайды. Фольклорды зерттегенде оның танымдық түрін де, көркем түрін де жан-жақты сатылай талдап қарастыру қажет. Өлай жасамағна күнде жанрлардың нақты теориясын жасау мүмкін емес, көркем түрледің даму заңдылықтарын ашу да қиын. Мысалы, көркемдігінен гөрі танымдық қызметі басым прозалық жанрларды осы уақытқа дейін қазақ фольклортануында зерттелмей келуі - жоғарыда айтқан принципті сақтамаудың салдары. Соның нәтижиесінде бізде әлі күнге дейін қазақ халық прозасы жанрлық тұрғыдан зерттелмей келеді, жанрлар ғылыми саралауға түскен жоқ, олардың ішкі даму заңдылықтары мен тұрақты белгілері айқындалған жоқ. Ал белгілі бір жанрдың табиғатын, көркемдік ерекшелігі мен заңдарын білмей тұрып, ол жанрға жататын әңгімені объективті түрде және дұрыс бағалану қиынға соғады. Себебі қай уақыт болса да бір заттың ерекшелігі, жалқылық қасиетті тек жалпымен, ортақтықпен байланыста ғана анықталады. Фольклорда, тегінде, жеке адамның характері көрсетілмейді. Онда жеке адамның өмірлік жолы баяндалады. Осы тұрғыдан келгенде, әсіресі, прозалық фольклор өте мәнді материал береді. Мәселен, ертегіде бас кейіпкер өз ортасынан дара алынып көрсетіледі: ол қалыңдығын іздеп, тау-тасты кезеді, демек, ертегі кейіпкері өзін қоршаған дүниемен ерекше қатынаста бейнеленеді, тіпті ол бүкіл маңайдағы тылысым күштерге, бейтаныс қауымға қарсы қойылады. Бірақ, соның өзінде де, оның мінез-құлқы ашылмайды, тек басынан кешкен оқиғалары әңгімеленеді. Шығарманың барлық назары кейіпкердің іс-әркетіне аударылғандықтан бір мезетте оның ауылындағы, ел-жұртындағы оқиғалар баяндалмайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі мен өзектілігі. Балаларға арналған халық прозасы бұған дейін тұтас тұрғыда алынып, жүйелі түрде қаарастырыла қойған жоқ. Сол себепке байланысты балалар шығармаларына байланысты көткерілген мәселелерде жан-жақты талқыланып, жүйелеу, сарланады. Бүгінгі таңда балалар әдебиеті де терең зерттелуді қажет ететіндігін көрсете келіп, оның қалыптасуына, дамуына, тарихи деректерге қатысты жоба-ұсынысымызды ортаға салдық. Балалар шығармаларының ел ішіне ауыздан ауызға көшіп таралғандығын да ескере отырып, көпшілігінің өңдеу мен өзгертулерді басынан өткізгендігін аңғарттық.

Қай халықтың фольклорын алып қарасақ, прозалық жанры жеке бір үлкен топ құрайтыны, бірақ оның әлі күнге дейін айтарлықтай зерттелмей келе жатқаны жайында ғалым фольклористер ертеден­ақ жаза бастаған болатын. Мысалға, Еуропа оқымыстылары А. Иолесс, К. Сидов, А. Весельский, А. Никифоровтардың халық прозасын жүйелеп, саралауға арналған еңбектерін атауға болады. [2] Осы еңбектерді және орыс халық прозасына, оның ішінде ертегіге жатпайтын тобына арналған зерттеулерді шолып шығып, К. В. Чистов 1964 жылы былай деп жазды: «Фольклортану ғылымында халық прозасының жанр лары әлі күнге дейін сараланбаған, оларды атайтын терминдер халықаралық дәрежеде жүйеленбеген . . . Ертегіден басқа жанрлардың сюжеттік құрамы ойдағыдай анықталмаған, әрі есепке алынбаған, әпсана­хикаяттардың, әңгімелердің көптеген циклдері зерттелмеген»[3, 8-б] . 1934 жылы неміс ғалымы К. Сидов халық прозасының ер тегіден бөлек жанрларын айтылуына қарай хабар (Сһrо nіk notіzеп), естелік (Меmогаt) және әңгіме (ҒаbuІаt) деп үшке бөлген. Бұл терминдер халықаралық фольклортану ғылымында кеңінен қолданылып кетіп оларға жанрлық ұғым берілді. Швейцар оқымыстысы М. Люти мен чех ғалымы О. Сироватка халық прозасын ертегілік және аңыздық деп бөлгенде, айтушы мен тыңдаушылардың шығармаға сенетіні, сенбейтіні негізге алынбау керек деген пікір айтады. Олардың ұсынған шарты бойынша, мәселен, ертегіге жатпайтын прозаны адам мен о дүниенің арасындағы қатынас негізінде жіктеу керек, ал ертегіні саралауға кейіпкердің даралануы, аластануы, («индивидуализм», «изоляция» персонажа) ескерілуі қажет. [4, 114-117б] Мұндай шарттары ғылыми жағынан дәлелсіз. Орыс совет фольклортануында халық прозасының ертегіге жатпайтын жанрларын зерттеу ісі 50­60 жылдардан бастап қолға алынды. Бұл ретте В. Я. Пропптың, Л. Е. Элиасовтың, Л. И. Емельяновтың, С. Н. Азбелевтың, В. П. Аникиннің, Н. И. Кравцовтың, К. В. Чистовтың, т. б. еңбектерін атауға болады. [5, 378-386б] Бұл зерттеулер жалпы фольклортану ғылымы қабылдайтындай саралау жүйесін жасамаса да, белгілі бір заңдылықтарды ашып, әр прозалық жанрды комплексті жүйеде зерттеу қажеттігін көрсетті.

Осы тұрғыдан алғанда, қазақ ғалымдары да өз халқының халық прозасы үлгілерін зерттеуде елеулі жұмыстар атқарды. Мысалы, қазақ ертегілерін М. Әуезов, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Тұрсынов, С. Қасқабасев т. б. ғалымдар арнайы зерттеді. М. Әуезов қазақ ертегілерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, тарихи даму жолдарын зерттеді, ертегілердің әдебиет тарихынан алатын орнын анықтады. «Ертегілер» атты ғылыми еңбегінде қазақ ертегілерін жан-жақты алып тексереді, мазмұнына қарай тақырыпқа бөледі, көркемдік ерекшеліктерін анықтайды. Қазақ ертегілері (төрт мыңға жуық) сан алуан. Оларды кезінде бірқатар ғалымдар хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты еретігілер, шыншыл ертегілер деп бірнеше топқа бөлген болатын.

Қазақ филологиясында «халық прозасы» деген терминдік ұғым жоқ. Бұл заңды да. Өйткені «халық прозасы» деген ұғым әлемдік фольклортану ғылымының өзінде бертін (1950­1960 жылдардан бастап), яғни «Халық прозасын» зерттеушілерді халықаралық қоғамы құрылғаннан кейін қолданыла бастады. Дүние жүзі фольклортануында қалыптасқан түсінік бойынша, халық прозасына фольклордың қара сөзбен айтылатын барлық түрі кіреді.

Сонымен қатар, қазақ халқының фольклортануында халық прозасын жанрға салмай, түгелімен «ертегі» деп ұғу қалыптасып кеткен. Мысалы, қазақ фольклорына арналған М. Ғабдуллиннің оқулығында былай деп жазылған: «Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлеміз. Солардың ішінде бастылары: а) қиял­ғажайып ертегілер, ә) хайуанаттар жайындағы ертегілер, б) тұрмыс­салт ертегілері және аңыздар»[6, 103-б] . Көріп отырғанымыз: ертегі жанрына аңыздар да кіріп кеткен. Бірақ не себепті бұлай істелгені кітапта айтылмайды. Сондықтан жанрлық саралауда автордың шарты белгісіз. Оны мынадан да көруге болады. Осы еңбегінде ғалым жаңағы аталған ертегілер тобынан аңыз­әңгімелерді жеке бөліп атайды да, оған Алдар көсе, Асан Қайғы, Жиренше шешен туралы шығармаларды жатқызады. М. Ғабдуллин қазақ халық прозасында ертегіден өзгеше жанр бар екендігін аңғарып, М. Әуезовтің пікірімен қосыла отырып, оны аңыз­әңгіме деп атайды. Бұл жанрды жіктеудегі ғалымның критерийі - шығарма оқиғасының шындығы, өмірде болғандығы. Бұл да М. Әуезовтің пікірінен шыққан. М. Әуезов 1927 жылы жарыққа шыққан кітабында, кейін 1939 жылы Л. Соболевпен бірігіп жазған еңбегінде, одан соңғы зерттеулерінде де ертегі жанрын арнайы қарастырып, оның ішкі жанрларын сипаттап берген еді. Сондай­ақ ол кісі халық прозасында ертегінден басқа бар екенін анықтап, оларды бірде аңыз ертегілер, бірде аңыз әңгімелер деп атаған. 1948 жылы жазған еңбегінде М. Әуезов қазақ ертегісін классификациялау мәселесінде Еуропа мен Ресей ғалымдарының тәжірибесіне сүйену керектігін айта келіп былай деп жазады: «Ендігі тереңдеп тексерулерде қазақ ертегісін де сол Аарне каталогына салыстырып, сол әдіспен зерттеп ұғынуымыз керек.

Халық прозасын көп уақыт бойы арнай зерттеген ғалым К. В. Чистов порозалық жанрларды жіктеп, саралаудың негізгі принципі - әлеуметтік тұрмыстық функциясы деп есептейді. Осы негізінде ол кісі бүкіл халық прозасын екіге бөледі: а) эстетикалық функциясы айқын жанрлар (еретгінің барлық түрі, мысал, өтірік өлең, анекдот), ә) эстетикадан басқа қызмет атқаратын жанрлар, (аңыз, әпсана, хикаят, әңгіме, хикаят) [7, 5-б] .

Осы тұрғыдан алғанда, қазақ ғалымдары да өз халқының халық прозасы үлгілерін зерттеуде елеулі жұмыстар атқарды. Мысалы, қазақ ертегілерін М. Әуезов, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Тұрсынов, С. Қасқабасев т. б. ғалымдар арнайы зерттеді. М. Әуезов қазақ ертегілерінің идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, тарихи даму жолдарын зерттеді, ертегілердің әдебиет тарихынан алатын орнын анықтады. «Ертегілер» атты ғылыми еңбегінде қазақ ертегілерін жан-жақты алып тексереді, мазмұнына қарай тақырыпқа бөледі, көркемдік ерекшеліктерін анықтайды. Қазақ ертегілері (төрт мыңға жуық) сан алуан. Оларды кезінде бірқатар ғалымдар хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты еретігілер, шыншыл ертегілер деп бірнеше топқа бөлген болатын.

Keйiнгi жылдapы М. Әyeзoв өзi aнықтaп, жiктeгeн жaнpынa тepминдep жacaп, oлapғa ұғымдық мaғынa бepyгe тaлпынды. 1957, 1959, 1961 жылдapы жapық көpгeн eңбeктepiндe oл хaлық пpoзacы жaнpлapын aтay үшiн бip тoп тepминдepдi қoлдaнды. Әcipece, epтeгiдeн бaсқa пpoзaлық фoльклopды aтaғaн тepминдepдi көңiл ayдypapлық: aңыз, aңыз epтeгiлep, жұмыcшы нaқылдapы, өмiрбaяндық әңгiмeлep - «бoлғaндap», aнeкдoт әңгiмeлep. Aталғандардың ішінен бір тобы мағынасы жағынан нақтыланған. Жұмыcшы нaқылдapын ғaлым opыcшa «сказы» дeгeн, өмiрбaяндық әңгiмeлep «бoлғaндapды» opыcшa «быль» дeп aнықтaғaн. Жәнe бұл жaнpлap қaзaқ фoльклopындa кeш пaйдa бoлғaн дeп eсeптeйдi зepттeyшi. Aл тepминдepдiң eндi бip тoбы - aңыз әңгiмeлep, aңыз epтегілер, әңгiмe ертeгiлер. Мaғынacы жaғынaн aйқындaлмағaн, бәpi «aңыз» («легенда») ұғымындa қoлданылaды. Бiздiңше, aлдыңғы тoптың дa, кeйінгi тoптың дa қaбылдayға бoлатындapын aлып, олapға бeлгiлі бip нaқты мaғына беpy кepек. Егep бiз бұл icке ынтaмен, жанaшырлықпeн қaраcақ, хaлық пpoзасының бapлық жaнpларына aт қoйып, айдap тaға алaмыз. Мұны біздің бүгінгі ғылымымыз, халық прозасын зерттеудің зәрулігі қажет етіп отыр. 1957 жылы М. Әуезов пен
Е. Ысмайловтың: «Ғылым дүниесіндегі ертегіні түр, жанр жағынан жіктеу әлі белгілі бір жүйеге түсіп қалыптасқан жоқ . . . Әрине, бұл жіктеуді түпкілікті белгілі бір әдебиет заңы деп санамаймыз, қолда бар материалға сүйеніп айтқан алғашқы тексерудің, бақылаудың қорытындысы ғана», - деп айтқан сөзі әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Фольклордың прозалық жанрлары бүгінге дейін ғылыми жіктеуге толық түскен жоқ. Біршама зерттелді деген ертегілік прозаның өзі де жанрлық тұрғыдан зерттеліп біткен жоқ. Аға буын фольклористердің еңбектерінде ертегі жалпы сипатталып зерттелді де, тек 70 жылдары ғана ертегінің іщкі жанрлары жеке зерттеле бастады. Алайда, бұл зерттеулерде тек қиял-ғажайып ертегі мен тұрмыс-салт ертегі жеке жанрлар ретінде қарастырылды, оларға шығу тегі мен жанрлық сипаты, өзіндік ерекшеліктері, образдар жүйесі мен поэтикалық зерттелді. Сондықтан жалпы жанрлар теориясы мен фольклорлық проза жанрларын жүйелеу, саралау мәселелері назардан тыс қалды. Тек 1968 жылы орыс тілінде жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихында» ғана халық прозасын бір жанрлық жүйе тұрғысында қарастыру нышаны болды [8, 203-210б] . Онда да бүкіл халық прозасына арналған тарау «Ертегілер» деп аталып, ертегіге жатпайтын прозалық жанрлар арнайы тараумен бөлінбеді. Дегенмен, олар бұл кітапта «былички, предания, легенды» деген атпен арнаулы түрде қарастырылды. Рас,
Е. Костюхин жалпы фольклорлық жанрлар теориясына бармайды және бөлектеніп алынған жанрларды классификациялау принциптерін де ашып, анықтамайды. Автор аталған үш жанрды оқшалауда орыс фольклортану ғылымының тәжірибесіне жүгінеді де, оларды саралау критерийі етіп шығармаға елдің илану, иланбау дәрежесін алады. Бұл бір жағынан дұрыс. Өйткені аңыздық проза шығармаларын ел ақиқат деп қабылдаған, себебі олардағы қиял көкемдік шарт емес, халық түсінігінің сәулесі ретінде көрінеді. Ертегіге жатпайтын халық прозасы жөнінде фольклорист
Е. Тұрсыновта арнайы мақала жазды [8] . Бірақ оның еңбегі халық прозасының барлық жанрын қамтымайды және фольклор жанрларына байланысты жалпы теориялық мәселелерді қарастырмайды. Аталған мақалада тек жануарлар туралы аңыздар мен әңгімелер сөз болады. Автор оларды жіктеуде шығармалардың логикалық-мағыналық құрылымын (логикосемантическая структура) негізгі принцип етіп ұсынады. Сөйтіп, ол хайуанаттар жайындағы қазақ халық прозасын себепті әпсана-хикаяттар (этиологические легенды), аспани әпсана-хикаяттар (космогонические легенды), түсіндірме әпсана-хикаяттар (объяснительные легенды), шежірелер (генеалогические легенды), аңыздар (предания), жай әңгімелер (бытовые рассказы) деп бөледі. Алайда, әр аталған жанрға анықтама бергенде, автор жалпы дұрыс бағыт ұстағанмен, аңыз бен әпсана-хикаяттар ара жігін еске алмаған, оның үстіне этиологиялық әпсана-хикаятқа мифті қосып жіберген. Шынтуайттап келгенде, әр түрлі аң мен құстардың пайда болуы, олардың мінез-құлқы мен ерекшеліктері туралы шығармалар миф болып саналады. Сондай-ақ аспан әлеміндегі құбылыстар, ай мен күн, жұлдыз жайындағы шығармалар да миф қатарына жатады. Мифке кейбір рулардың шығу тегі туралы шежірелер де кіреді. Демек, ертегіге жатпайтын проза тобын саралап, жіктегенде тек қана логикалық-мағыналық мазмұнға сүйенуге болмайды. Бұдан шығатын қорытынды - халық прозасын жанрларға жіктегенде бір ғана шартқа жүгінуге болмайды, яғни критерий етіп бірнеше факторды алу қажет. С. Қасқабасов қазақ халық прозасының жанрлық құрамын анықтауға арналған мақаласында басты принцип ретінде айтылып отырған шығармаға жұрттың сену-сенбеуін алады[9, 24-29б] (62) . Бұл - бір ғана шарт. Сонымен қатар басты критерийлер болып жанрдың функциясы мен көркемдік қасиеті де саналады ғой. Бірақ зерттеуші мақаласында мұны ескермеген. Дегенмен, ескерте кететін нәрсе: бұл мақалада автор қазақша миф бар деген пікір айтады және прозалық жанрларға терминдік атау беруге тырысады. Алайда, ол ұсынған терминдер әлі ойластыруды қажет етеді. Сондай-ақ ертегілердің ішінде батырлық ертегі мен новеллалық ертегі бар, соларды зерттеу керек деген пікірді алға тартады.

Қазақ балалар прозасының ішінде кейбір жанрлық түрлер үлкендерге де, балаларға да ортақ болып келеді. Олар: фольклорлық балалар поэзиясының үлкен жанрына жататын батырлар жыры және ертегілер, аңыз әңгімелер. «Ауыз әдебиетінің кез келген жанрларынан балаларға үлгі боларлықтай, тәрбиелік маңызы зор шығармаларды көптеп кездестіреміз. Бірақ олар балалардың өзіне ғана арналған, болмаса балалардың өз творчествосының нәтижесінде пайда болған ауызша сөз өнерінің белгілерін сипаттай алмайды»[48] .

Демек, ертегілердің ішінен балалардың өзіне ғана арналған түрлерін анықтау оңай шаруа емес. Халық ертегілерін уақытында М. Әуезов қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілер және шыншыл ертегілер деп қарастырған болатын. Шыншыл ертегілерді салт ертегілер, күлдіргі ертегілер, аңыз ертегілер және күй аңызы деп жіктеді. Кейіннен «Ертегілер» еңбегінде хайуанаттар жайындағы ертегілер мен қиял-ғажайып ертегілерінің қатарында салт ертегілерін атайды да, салт ертегілерін тұрмыс-салт ертегілері, күлдіргі ертегілер, аңыз ертегілер деп бөледі[49] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
Қазақ фольклортану ғылымының тарихы, даму кезеңдері фольклор табиғаты мен тарихы туралы әр кезеңдердегі пікір-тұжырымдар
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz