Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу


КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. Поэзия қазақ халқы үшін сұлулықпен егіздес ұғым тәрізді. Поэзиядағы бейнелі, өрнекті сөздер әлдеқандай бір ерекше сұлулап сөйлеуге әуестіктен емес, эстетикалық сезімнен, образды, бейнелі ойдан, дүниені ақынша, суреткерше қабылдаудан туады. Өлеңге, өлеңмен жазылған шығармадағы әрбір суретке, әрбір сөзге поэзиялық сәулет, поэзиялық нәр, көрік беретін нәрсе - ақындық ой-сезімнің тереңдігі мен көркемдігі. Өлең сөз кестесіндегі, поэзия тіліндегі көп ерекшеліктерді дұрыс түсіну үшін ақындық ойдың, көркем ойдың өзгешелігін, дүниені эстетикалық жағынан қабылдап, танудың өзгешелігін жақсы ұғу шарт.
Поэзия біздің төл әдебиетімізде көнеден келе жатқан жанр болуымен қатар, әлі күнге дейін жетекші жауынгер жанр ретінде танылып келген өміршеңдігімен ерекшеленеді. Көл жағалап көп кешкен қазақ халқының бар тыныс-тіршілігі кең даласымен үзілмес байланыста болған. Табиғат, қоршаған әлемнің сұлу сәулеті мал баққан көшпендінің қиялын оятып, жоғары әлемге деген қызығушылығын оятқан. Көркем сөзбен көрікті ой иелері ақындар да талмастан жырына қосып отырды. Сол себепті біздер қазақ поэзиясындағы символдың атқарар қызметін зерттеуді қаладық. Сөз өнерінің күрделі көркем айшықтарының бірі болып табылатын, бірегейінен саналатын символдың әдеби тілдің астарлы сыры ретіндегі қызметін поэзиямыздың кешегі және бүгінгі мысалдарына сүйене отырып, жан-жақты қарастыруға тырыстық.
Қазақтың ықылым замандардан жоғалмай ғасырдан-ғасырға жеткен, ұрпақтан-ұрпаққа аманатталған асылдың сынығы, көненің көзі болған асыл мұралары бар. Ол халқымыздың әдеби, мәдени, рухани мұрасы. Мәңгілік мақтан ететін, ұлттық тәрбие-тағылымыздың діңгегі, өнеріміздің алтын қазынасын құрайтын өсиет-өнегеге толы ел аузындағы аңыздар, дастандар мен жырлар, түйдекті термелер мен толғаулар әсіресе, халық поэзиясының інжу-маржандары әлі күнге дейін және әр қайталап оқыған сайын таңдай қақтыра тамсандырады, тағылымына табандырады. Солардың бүгінімізге дейін аман-есен жетіп, мақтануымызға айналуында түп-тамырын ілкі орта ғасырлардан алатын қазақ жазба әдебиетінің (V-ХІV ғ. ғ. ) маңызы зор. Одан әрі сонау ХY-ХYІІI ғасырларда ұлттық мәдениетіміздің ірге тасы қаланып, беки бастады. Жалпы түркілік ортақ арнадан бөлініп дербестікке бет алған қазақ әдебиетіндегі сөз өнері сол кездің өзінде-ақ соны сипатта қалыптасты. «Өнер алды қызыл тіл, тіл шұрайы - қызыл тіл» деген қанатты сөз бабалардан бізге бекерге қалмаған. Толқуы көп он тоғызыншы ғасырда мәрмәрмен мүсінделген ммақамдары арқылы адамдық және ақындық бейнесіне өзі өлмес ескерткіш соғып кеткен Махамбет, Дулат пен Шортанбай, Мұрат, ақырында ұлы дана, кемеңгер Абай бар. Біздің ұлттық, халықтық поэзияның дәстүр-мұралары, міне, осындай өр қазақ перзенттерінен қалған.
Айтыс ақындары мен сал серілердің де орны бөлек. ХХ ғасыр басындағы ақындар легі өз алдына. Қазақ поэзиясы осылай дамыл алмастан дами берді. Жаңа тынысты поэзия тарихын Ж. Жабаев пен Н. Байғаниннен бастап, А. Жұмағалиев, Қ. Аманжолов, М. Әлімбаев, Ж. Молдағалиев сынды есімдердің алуан шоғыры бедерледі. «Алдыңғы толқын-ағалар, кейіні толқын-інілер» соңынан ерген ұрпақтың да ақындық тұлғасы көңіл қуантады. Ә. Сәрсенбаев, Ә. Тәжібаев, Қ. Мырзалиев, М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Т. Айбергенов, Ж. Нәжімеденов, Қ. Жұмағалиев, М. Шаханов, т. б. толқындардан кейінгі толқындар: Исраил Сапарбаев, Иранбек Оразбаев, Күләш Ахметова, Марфуға Айтхожина, Әбдірахман Асылбеков, т. б. Олардың дәстүр-үрдісін үлгі ететін қалам иелері: Гүлнар Салықбаева, Бауыржан Жақыпов, Нури Муфтах, Әубәкір Смайылов, Баян Бекетова, т. б. Ақындардың барлығының есімдерін бұлайша сапырыстыра санамалап шығу әсте мүмкін еместігі тағы белгілі. Диплом жұмысымыздың өзегі символ болғандықтан осынау көрнекті де көрікті құбылту түрінің кейінгі буын ақындары шығармашылығында да өзіндік бағыт алып, бейне тауып жүргеніне қуанатынымызды да айта кеткеніміз жөн.
Қай ақынның болмасын пікір-толғаныстары сол замандағы қоғамдық ой-санамен, ұлттық мүддемен ұласып жатады. Сөйтіп, ақын ойы, жыры өз замандастарының көңіл-күй, арман-тілегімен, сол арқылы бүкіл қауымның идеялық-эстетикалық мұрат-аңсарымен ұштасып, жалғасары хақ.
Символ деген ұғымды «әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне» [1, 183 б. ] деп қарастыруға болады. Жалпы, символ туралы алдағы тарауда кеңінен өрбіткенде көбіне орыс пен батыс ғалымдарының пікірлеріне жүгінеміз. Қазақ поэзиясында ұлттың өзіндік терең пәлсапалық пайымдары барынша айқын көрініс тапты. Осы орайда, Е. В. Ермилова былай деп жазады: « . . . Стремление поэта к предельно обобщенному показу исторической судьбы нации обусловило мышление образами-символами». Зерттеушінің көрсетуінде, ақында «символ - ойдың шешуші сәті болып табылады». Сонымен, қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін зерделеуде, әсіресе, ХХ ғасырдың басы мен 60-90 жылдардағы ақындар шығармашылығынан іріктеп алып қарастыруды осы жұмысымызда мұрат еттік.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі мен өзектілігі. Әдебиеттану ғылымында символ туралы Л. Тимофеев, Е. В. Ермилова, А. И. Белецкий, Рене Уеллек, Остин Уоррен, А. Белый, Н. Венгров, Е. И. Богомолова, Т. К. Жаров, М. М. Кедрова, У. Сомерсет Моэм, А. Блок, К. Д. Вигиневский, В. Н. Волошинов, М. Пришвин, Н. К. Гей, М. Б. Храпченко, Г. Л. Абрамович, П. Палиевский, Г. З. Шашкина, т. б. орыс және батыс ғалымдарымен бірге Қ. Жұмалиев, З. Қабдолов, З. Ахметов, Ш. Елеукенов, т. б. қазақ ғалымдарының зерттеу еңбектерінде тұжырым, пікірлер бар. Мейлінше талданып, анықтамасы берілген. Және де әр түрлі пікірлердің тоғысар түйіні де бір. Осы аталған ғалымдардың тұжырымдарын жұмысымыздың бірінші бөлімінде келтіре отырып, оны қазақ поэзясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін зерделегенде басшылыққа алдық. Ал қазақ ақындары мұраларындағы көркемдік компоненттер де барынща зерттелді, және де зерттеле бермек. Көркемдік құрлдардың ішінде осы символдың қызметіне қатысты, яғни, қазақ ақындарының поэзиясындағы символды бөлек алып арнайы қарастырылған зеттеу жоқтың қасы. Міне, сондықтан да ақындардың бізге жеткен бүкіл көркем дүниелерінің ішінен өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік жағдайымен бірлікте алып, салыстыра қарау, жаңаша көзқарас тұрғысынан ой тереңдігін зерделеу, көркемдік деңгейінде символды қолданудағы ерекшеліктерін зерделеу қазіргі қазақ әдебиеттанудың алға қойған міндеттерінің бірі деп ойлаймыз. Ендеше, аталмыш жұмыс тақырыбының өзектілігі де осы айтылған міндеттер ауқымынан туындаса керек дегіміз келеді.
Зерттеу жұмыстың мақсаты. Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
- символ мен символизмнің өзара айырмашылықтарына тоқтала отырып, жалпы қазақ поэзиясындағы символ көріністерін қарастыру;
- ХХ ғасырдың басындағы ақындар поэзиясындағы символизм сарынының нақты көрініс табуын жүйелі түрде саралай отырып, орыс символистерімен салыстыра бағамдау;
- Мұқағали Мақатаев, Исраил Сапарбаев поэзиясындағы символға ерекше назар аударып, олардағы символизмнің ерекшелігін, өзіндік табиғатын ашып айқындау.
Бітіру жұмыстың теориялық және методологиялық негізіне А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұмалиев, З. Қабдоллов, З. Ахметов, Ш. Елеукенов, Р. Нұрғали, Т. Кәкішев, Р. Сыздықова, Б. Жетпісбаева, Б. Қанарбаева, т. б. қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті ғалымдарының пайымдаулары мен пікірлері басшылыққа алынды.
Бітіру жұмысының зерттеу әдісі. Зерттеу жұмысының барысында талдау, баяндау, жүйелеу, жинақтау және салыстыру, түсіндірмелі әдістер қолданылды.
Зерттеудің құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 CИМВОЛ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СИМВОЛИЗМ КӨРІНІСІ
Поэзияны үлкен құлып десек, оны ашатын алтын кілт ақын жүрегі екені белгілі. Халық қалаулысы болуы ақынның тіл шешендігімен ғана емес, халық тұрмысының шындығын суреттеу, қуанышына бірге қуану, қайғысына бірге қайғыру. Тілдің көркемділігі - ойдың да көркемділігі деген сөз. Тегінде мұндай көркем сөздер мен ойлар әуедегі ауадан сүзіліп алынбаса керек, ол ақынның сөйлеуге әуестігінен де тумайды. Өлеңдегі биік бейнелі ой, түпсіз терең сезім дүниеге ақын көзімен қараудан, өмірдегі оқиға-болмыстарды суреткерше қабылдай білу қабілітінен туады. Ақындық ой-сезімінің тереңдігі мен көркемдігі өдеңмен жазылған шығармадағы әр сурет пен әрбір сөзге сәуле дарытады, сән береді, сәулетін сыйлайды. Әйгілі сыншы В. Г. Белинскиидің «Ақын образбен ойлайды, ол шындықты дәлелдемейді, оны көзге елестетіп көрсетеді» деген белгілі қағидасы өлен сөзінің ерекшеліктеріне не нәрсенің, қандай құбылыстың болмасын ішкі-сыртқы қасиеттеріне ұқсас және ерекше сын-сипаттарына жалпылық және жалқылық себеп салдарына қарай зерделеуге байланысты туса керек. Бұл қағидасын Белинский өзінің «Поэзия тегіне және түріне қарай бөлу» деген еңбегінде былайша дамытады: «Поэзияның өзге шығармалары секілді лирикалық шығармада ойды сөзбен жеткізеді. Бірақ, ол ой тікелей бой көрсетпей, адамның дүниені сезіну арқылы аңғарлылады да ол туғызған елес - көріністі белгілі, үйреншікті ұғымдармен айқын, анық етіп айтып беру қиынға соғады. Мұның өте-мөте қиын болатындығы - таза лирикалық шығарма сурет - картина тәрізді, алайда ондағы негізгі нәрсе - картинаның өзі емес, біздің көңіліміздегі ол туғызған сезім» [2, 13 б. ] .
Лирикалық шығарма деген сөз Белинскийдің бұл ережесінде бекерге аталған жоқ. Демек, бейнелілік пен суреттілік поэзия жанрындағы лирикалық өлеңдерге көбірек тән деген сөз. Поэзия, лирика сөздерінің өзінен көркемдік, әсемдік деген мағына сыры өсіп тұрған жоқ па. Өлең-жүрек нәрестесі, терең де нәзік сезімнен тұған нәресте, шеменді шеріп шырылдатып тұрып өлеңмен шырқырататын шарана. Ұлы Абайдың бір ғана «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңін алайықшы. «Сәулесі суда дірілдеген желсіз тунгі жарық ай . . . Өзені тасып күрілдеген ауылдың жанындағы терең сай . . . Өзді-өзі сыбырласқан қалың ағаш жапырағы . . . Көкке малынған, жасыл жапқан жер топырағы . . . Айтпаққа үрген ит . . . дурсіл қаққан жүректер . . . ». Осылардың бәрін қалай сырлы, сәнді етіп суреттеген десеңізші ұлы Абай. Мұрныңа жазды күнгі жанға жайлы айлы түннің қоңыр салқын самалының самал иісі келеді. Өлең тілінің жүрекке осылай жетуі, жанды толқытуы оны құрап тұрған бейнелеу құралдарына байланысты.
Поэтикалық сөздің алдымен образға дейінгі дамуына тоқталып өтейік. Образ жасау үшін ақын ең алдымен сөз шеберханасында біраз еңбектенуі қажет. Көркем сөз жасау, әрине, шабытты (әсіресе, ақындар үшін) талап етеді. Сөз шеберханасы туралы А. И. Белецкий өзінің «В мастерской художника слова» деген еңбегінде былай дейді: «Источником поэтического творчества, является род душевного экстаза, современи платонского сократа называемый вдохновением, «манией», как пифией, и поэт начинает вещать, как вещают пророки: ясно, что не о мастерской, а о храме должна бы идти реч» [3, 13 б. ] . Сөз туралы, көркем сөз бен образ туралы Л. Тимофеев [4], А. Блок [5], К. Д. Вигиневский [6], Н. К. Гей [7], М. Б. Храпченко [8], Г. Л. Абрамович [9], Г. З. Шашкина [10], М. Пришвин [11], т. б. орыс және батыс ғалымдарының еңбектері баршылық. Мәселен, бір-екі пікірлерге тоқталып өтсек, сөзге қатысты А. Блоктың мынадай керемет пікірі бар: «Всякое стихотворение - покрывало, растянутое на остриях нескольких слов. Эти слова светятся, как звезды. Из-за них существует стихотворение» [5, 84 б. ] . Ал М. Пришвин «сөздер . . . сиқырлы бишілер» [11, 549 б. ] деп сөзді бишілерге балайды.
Жалпы, сөз туралы біраз мәліметті А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінен де кездестіруге болады. Негізінен ғалым бұл еңбегінде жеке сөздің өзіне арнайы тоқталып, анықтама берген емес. Бірақ сөз жайлы өзінің ойларын кейбір жерлерде байқатқан. «Сөзден жасап сөз шығару деген жұмыс әркімнің қолынан келе бермейді» [12, 343 б. ] деп бірнеше дәлелдер келтіреді.
Көрікті ойдан көркем сөз шығады дегендей, ақындардың көрікті ойы ерекше көркемсөз әлемін тудырады. Яғни, көркем сөз алдымен санада көрініс табуы керек. З. Қобдолов та «Көркем сөз - көрікті ойдың көрінісі, құнды сөз құнарлы ойдан ғана туады» [13, 201 б. ] деген болатын.
Енді образ сөздің мағынасына келсек, орыс зерттеуінде былай делінген: «Образ художественный, категория эстетика характерезующая особый, рисущий только искусству способ освоения и преобразавания действительности» [14, 252 б. ] . Бұл тарапта Н. К. Гей, П. Палиевский, М. Б. Храпченко, Г. Л. Абрамович, Г. З. Шашкина сияқты орыс ғалымдарының құнды пікірлерінің бар екенін айтуға болады.
Қ. Жұмалиев образ сөзі әдебиетте екі түрлі қолданылады дейді. «Біріншісі, көркем сөз мағынасында, екіншісі адам образы - тип мағынасында» [15, 47 б. ] дей келіп, көркем сөз мағынасындағы образға теңеуді, эпитетті, троп пен фигуралардың түрлерін жатқызады. Ал М. Б. Храпченко көркем образды, көп жағдайда, адамның рухани мәдениетін байытушы деп қарайды. Оның айтуынша: «көркем образ - бұл адамның рухани мәдениетін байытатын шығармашылық жаңалық» [8, 69 б. ] . Олай болса, көркем образға қатысты символ мәселесіне назар аударайық.
Символ дегеніміз - санадағы күйзелістер моделі есебіндегі образ. Жан күйзелістерін символдар арқылы беру әдісі - символизм деп аталады. «Өмір құпиясын», құбылыстың көпмағыналылығын ашатын образ ретіндегі символдық образ бен идеяның тек сыртқы жамылғысы болып, «сыр» жасырған образдың ара жігін ажырату өте күрделі.
Символ туралы Е. В. Ермилова «болмыстың түрлі қырының бірлігі және жанды байланысы» [16, 17 б] десе, А. И. Белецкий «Возбудитель смутного рядаранобразных представлений» [3, 28 б. ] деген анықтама берген. Американдық ғалымдар Рене Уеллек және Остин Уоррен образ-метофора-символ-миф деген терминдер тізбегін қарастырады [17, 90 б. ] . Ал З. Қабдолов символды троптың бір түрі деп есептейді [18, 235 б. ] . Сонда символ да образ, бірақ символ категориясы образдың өз шеңберінен шыққандығын, басқа бір тың мағынаның (образбен кіріскен, бірақ образдың емес) бар екенін көрсетеді.
Символистер «өмірдегі мәнді нәрселердің арасындағы байланысты түсініп, тануға ұмтылады». Олар үшін символ белгілі бір заттан, құбылыстан алынған әсерді сипаттайтын сөз емес. Сондай-ақ суреткер жаны тағдырының объектісі де емес. Демек, символ заттың реалды мәнін белгілейді.
Символизм бағытының эстетикалық қағидасы ретінде «символдың» бірегей концепциясын тұжырымдау өте қиын. Символдың негізгі берер мағынасы - соңына дейін түбегейлі ашылмаған мазмұнды беретін көркем образ болып табылады. Бірақ бұл анықтама символизмге толық түсініктеме бере алмайды, себебі ол - өте жалпылама және кез келген поэтикалық образға қатысты айтылады.
Символизм бағытының эстетикалық қағидасы ретінде «символдың» бірегей концепциясын тұжырымдау өте қиын. Символдың негізгі берер мағынасы - соңына дейін түбегейлі ашылмаған мазмұнды беретін көркем образ болып табылады. Бірақ бұл анықтама символизмге толық түсініктеме бере алмайды, себебі ол - өте жалпылама және кез келген поэтикалық образға қатысты айтылады.
Символистер «өмірдегі мәнді нәрселердің арасындағы байланысты түсініп, тануға ұмтылады». Олар үшін символ белгілі бір заттан, құбылыстан алынған әсерді сипаттайтын сөз емес. Сондай-ақ суреткер жаны тағдырының объектісі де емес. Демек, символ заттың реалды мәнін белгілейді. Символист-суреткер ақиқат болмыс (действительность, реальность) образдарын «санада болып жатқан күйзелістерді түсіну үшін» пайдаланады.
Символ дегеніміз - санадағы күйзелістер моделі есебіндегі образ. Жан күйзелістерін символдар арқылы беру әдісі символизм деп аталады. «Өмір құпиясын», құбылыстың көпмағыналылығын ашатын образ ретіндегі символдық образ бен идеяның тек сыртқы жамылғысы болып, «сыр» жасырған образдың ара жігін ажырату өте күрделі. В. Ивановтың «құбылыстар әлеміне терең бойлау ғана идеяны түсінуге мүмкіндік береді» деген қағидасына сүйене отырып, мүлдем басқа қорытындыға жасаймыз: сырттай қарау, бақылау шындықтан бастау алмайды, шындық арқылы, көзге көрінетін зат арқылы шексіздікке, көрінбейтін затқа ұмтылады. Құбылыстың мәні жасырын дегеніміз - құпия әлемнің сәулесі ғана.
Символдың мазмұнды бейнелеу үшін метафораға, аллегорияға, иероглиф-белгіге айналуы - символизмді қарабайырландырып жібереді. Себебі бұл образ тұтастылығын жойып, шартты символдық «жаргонның» пайда болуына әкеліп соғады. Символизм әуел бастан-ақ «теургиялық», өмірді өзгерте алатын рөлге ие болуға ұмтылды.
Cимволизм Европадағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы әдеби-көркем бағыт болып табылады. Бұл бағыттың негізінде тұрған ақындар: А. Рембо, С. Маллерме, П. Верлен, т. б.
Символизмнің теоретикалық негізі А. Шопенгауэр және Э. Гартманның идеялистік философиясы болғандықтан, «символизм примущественно был устремлен к художественному ознакомлению «вещей в себе» и идей, находящихся за пределами чувстенных восприятий» [14, 379 б. ] . Көрнекті символистердің бірі А. Белый өнердегі символизмнің басты белгісін « . . . сремление воспользоваться образом действительности как средством парадачи переживаемого содержание сознания» дейді.
Жалпы алғанда, символизм - өнер шегінен асатын құбылыс. Символизм бағыты қазақ әдебиетінде жаңа, тың жол салды. Бұл туралы Ш. Елеукенов те « . . . символизм қазақ поэзиясында үлкен олжа салды деуге саяды. Символизм арқасында қазақ өлеңінің бұған дейін ашылмаған қырлары ашылды» [19, 204 б. ] деп қарастырған болатын.
Символизм туралы Е. В. Ермилова: « . . . символизм с самого начала и не хотел ощущать себя литературным направлением, пришедшим на смену другому . . . Он не хотел ограничиваться постановкой чисто литературных проблем, не хотел быть, только искусством» [16, 5 б. ], - дейді. Бұл орыс символизіміне қатысты айтылған сөздер, бірақ біз шынында символизмге «белгілі концептуалдық-эстетикалық плотформаға негізделген» [20, 31 б. ] бағыт ретінде қараймыз. Ал А. Белый «символизм - дүниетаным» деген болатын. Н. Венгровтың айтуы бойынша символизм - «шын поэзия, көркем символдардың өнері» және тек символизм «делает самый стиль, самое художественное вещество поэзии одухотворенным, прозрачным, насквозь проссвечивающим . . . » [21, 75 б. ] .
Орыс символизмінің эстетикасына көңіл бөлген В. Асмус «Повышенный интерес к «фактам искусство» и прежде всего к тому «факту» его, каким является форма, бесспорно чрезвычайно характерен для символизма» . . . » дей келіп, символизм эстетикасы жайында «отрицает искусство ради искусства, отвергает эстетизм и поиски форм ради форм» [22, 562 б. ] дейді.
Сонымен символизм - бұл әдебиет пен өнердегі бағыт. Осы бағыт бойынша, суреткерлер өмірді символ арқылы тануға тырысқан. Сол арқылы күнделікті өмірден, дүниеден жоғары, әрі қарай жетуге тырысқан. Ал символ дегеніміз не?
Көптеген әдебиет зерттеушілері символды троп деп алса, символистердің өздері символды «принципиально противостоит тропу - как неразложимое единство «лишенное оттенко» переносного смысла» [16, 14 б. ] дейді. Тіпті, символдың метофораға, аллегорияға, иероглифке, басқа мазмұнды беру үшін таңбаға айналуын символизмді қауіп ретінде қарайды. Ал Е. И. Богомолова, Т. К. Жаров және М. М. Кедрова аллегоияға анықтама бере отырып, «однако принципиальной разницы между аллегорией и символом нет» [23, 345б. ] дейді. Символды түсіндіруде аллегориямен байланыстырады.
Символ туралы З. Ахметов былай дейді: «В поэтических символах характеристика явления дается с помощью образа условного, так сказать, в форме поэтического намеке. Этим определяется, с одной стороны, то что поэтическая мысль не высказывается с предельной точностью и конкретностью, с другой стороны, именно блогодаря этому образ - символ отличается необычайной емкомьте содержания» [24, 7-8 бб. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz