Абайдың барлық өлеңі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақтың әлеуметтік өмірінің даму процесінде болсын, әдебиет тарихында болсын Абайдың орны ерекше екені жұртшылығымызға мәлім. Қазақ әдебиеті тарихында басқа ақындар бір төбе де, Абай бір төбе. Өйткені Абай еңбектері өзіне шейінгі, өз кезіндегі алдағы әлеуметтік ой - сананың ғана асқар шыңы болып қойған жоқ, сонымен қатар, қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби стиль, өлең құрылысы, поэтик тіл олардың да асқар шыңы болды. Абайдан кейінгі қазақ әдебиеті Абай бастаған жаңа арна, жаңа жолға түсті. Демек, Абайды білу, Абайды тану, бүкіл қазақ әдебиетінің даму жолдарын білу, XIX ғасырдағы әлеуметтік ой - сананың барысын аңғару болып шығады. Сондықтан, жалпы Абай еңбектерін, оның бір саласы - тілін зерттеудің тарихи үлкен мәні барлығы сөзсіз. Бұл еңбекте Абай шығармаларының бір - ақ жағы, яғни, Абайдың поэзиясының жанры ғана алынып отыр. Әңгіме, негізінде, тек осы поэзия жанрының көлемінде болмақ. Ұлы ақынның шығармаларының басқа жақтары бұл еңбекте сөз болса, олар тек негізгі мәселеміз - жанрды айқындау үшін, сонымен байланысты ғана айтылмақ.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі мен өзектілігі:

Негізгі тақырып - Абай поэзиясының жанры делінді, бұлай шек қоюымыздың екі түрлі себебі бар: біріншіден, Абайдың жиырма жылдық еңбегінің көбі өлең. Қарасөздері аз. Олардың өзі де көркем қара сөз емес, - публицистика, әр түрлі өмір мәселелері туралы жазылған философиялық ғылыми трактаттар.

Екіншіден, бұл жұмыстың өзектілігі Абайды не үшін қазақтың әдебиет тілінің негізін салушы дейміз, оның себебі не, Абай қазақ әдеби тіліне не берді, не жаңалық енгізді, оның жолдары қандай?- деген мәселелердің бетін ашу болғандықтан, бұл жайттар, Абайдың алдындағы ауыз әдебиеті, тарихи әдебиет, өз тұсындағы әдебиеттерде не бар, не жоғын айқындап, солармен салыстыра зерттеуді талап етеді. Ал, Абай өлеңдерін салыстыру үшін алынған қазақтың ауыз әдебиеті, жырлары, тарихи әдебиет - бәрі де өлең.

Бітіру жұмысының өзектілігі де осында.

Диплом жұмысының мақсаты: Бұл диплом жұмысының мақсаты:Ұлы ақын Абай өлеңдерінің құрылысын зерттеп, қазақ әдебиетіне енгізген жаңалықтарының бетін ашe, қысқасы дана ақынның ұлы еңбектерінің әр жағынан тану, өз кезіндегі әлеуметтік жағдай әдебиет, мәдениет даму сатыларын ескерте отырып, ғылыми баға беруге күш салады. Сонымен қатар, бұл еңбекте Абай поэзиясының тілі оған шейінгі әдебиет нұсқаларының тілімен салыстыра зерттелініп жасалды.

Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде Абайтану саласында еңбек еткен ғалымдар: А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, Қ. Мұхамедханұлы, З. Ахметов, Т. Кәкішев, Ш. Елеукенов, М. Мырзахметұлы, Р. Сыздықова, С. Қирабаев, Қ. Мәдібаева және т. б. ғалымдардың пікірлері бізге бағыт-бағдар сілтеді.

Бітіру жұмысының зерттеу әдісі. Ұлы ақын Абай Құнанбаев шығармаларын салыстыру, жинақтау, талдау, аудару, жүйелеу және оны түсіндіру түрінде зерттеу негізгі нысана етілді.

Бітіру жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1. 1Абай поэзиясының жанрлық сипаты

Абайға дейін қазақтың бай ауыз әдебиеті, тілі өріс ала Абай-қазақ поэзиясының сөзсіз бір биік асқар белі. Қазақ поэзиясына тұйықтан жарып шын мәнді поэзияның тұңғыш есігін ашты. Әдебиет тарихымызда поэзияның айқын жолдарын салды. Ол жол қазіргі әдебиетімізде де сайрап жатыр. Пушкинге дейін орыс поэзиясы халық әдебиетінің сарынынан етек алып шыға алмаса, Пушкин орыстың үлгілі поэзиясының кілтін бұрады. Тетігін тауып кілт бұралғасын, поэзия еркін құлашын жайды. Абай Пушкинмен замандас болмағанмен, Пушкиннің әдебиет мәні Абай заманына сәйкес. Іргесі берік, феодал қоғамына сауда капиталының шеті көріне бастаған дәуірдегі жағдай Пушкин заманында Ресейде кез келсе, қазақ жағдайында айырмасымен Абайға кез келді. Сондықтан Абайдың Пушкинмен пікірі қосылып, олардан көп оқып, көбірек ала білген. Өзіне тұспа-тұс жақын келген Некрасов, Салтыковтерден алмаған. Неге десеңіз, Некрасовтар капитализм өсіп, белең алған кезеңдегі бұқарашыл ағын еді. Абай бұдан алыс еді. Қазақ поэзиясына Абай Пушкиндей төңкеріс жасады ма?Жасай алды. Абай да өзіне-алмай тұйыққа тіреліп тұрса, Абай ол тұйықты жазды. Өзінің поэзиясына жаңадан өріс іздеді. Ол қамала беретін тұйықтан құлашын жайып, қанаты талмайтын жазыққа құлаш ұрды. Ол шыңнан аспанға өрмелеген жоқ, жазықтан шыңға өрмеледі. Жазықтан поэзияға сара-жол салып аспандады. Сондықтан Абай қазақтың нағыз көркем поэзиясының басы десек дұрыс болар еді.

Енді Абай поэзиясының ерекшеліктеріне тоқтайық. Абай өлеңдеріне, өзіне дейін болған қазақтың ауыз әдебиеті түгелдей кіреді. Ауыз әдебиетте бар 11 буынды қара өлең, жыр, тақпақ, терме, толғау, мысалдау, арнау, даттау, ақыл-нақыл, үгіт, жоқтау, жұмбақ, мақалдау түріндегі өлеңдердің бәрі бар. Бұл жағынан қарағанда Абай қазақтың нағыз әдебиетінің жуан ортасында қайырылады. Қазақтың бұрынғы поэзиясының ұзын арқауы осы 11 буынды өлең болып отырса, Абай поэзиясының да ұзын арқауы-осы 11 буынды өлең.

Абайдың ең тәуір деген өлеңдері де, поэмалары да осы өлшеумен жазылғаны көрінеді. Абайдағы өлеңнің екінші өлшеуі-жыр, тақпақ, терме, соның бір мықты қазығы сияқты. Қазақтың әнге келтіріп айтатын өлеңінің көбі-11 буынды өлең. Осы 11 буынды өлеңнің өлшеуін Абай өте көп қолданған, оның өлеңдерінің негізі, осы қара өлең. Абайда 16 өлеңнің мөлшері болса, бірінші орынды 11 буынды алады. Абайдың барлық өлеңі-210. Соның 84 өлеңі 11 буынмен жазылған. Оның үстіне бұл өлеңнің ұйқасуын 4 жолмен қайырып тоқтатпайды. Бір келкі ұйқаспен созып, 30-32 қатарға дейін апарады. Мысалы:Қалың елім қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузына түсті мұртың - деген үйлес пен қатарын жазбай отырып:Пыш-пыш демей қала ма?Ол да астыртын!-деп 30-жолымен бір-ақ аяқтайды. Бұған Абайдың өлеңге еркін, сөзге қысылмай, айтайын деген ойын бір-ақ кестелі ұйқасымен іркілмей айтып бере алатындығын көрсетеді. «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» дегенөлеңі елу жолдан, Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек»деген өлеңі бір түрлі сергек үйлес пен қырық төртінші жолдан өлеңдері. Бұл өлеңдерде Абайға дейін халық әдебиетінен, билер сөзінен, шешендер сөзінен толғау, арнау, жоқтау сияқтылар жырлар да үлкен орын алған. Абай бұл өлшеуді де поэзиясында көп қолданған. Абай өлеңдерін үгіт өлеңдері мен нағыз лирикаға айырып екіге бөлсек, үгіт жырлары осы жыр, тақпақ түрінде айтылады.

Ғылым таппай мақтанба!

Орын таппай баптанба!

Құмарланып шаттанба,

Ойнап, босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол!

Бес нәрсеге асық бол

Тілен, өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз.

Бұл терменің үгіт түріндегісі.

Мұнда жырдың сыртқы дәлдігін, тармақтарының бірдей қатар келіп отыруын, ұйқасымдардың бір қалыптасуын ескермейді, айтатын ойын көпке жеткізу мақсатын алға тұтады. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деген тақпақ үлгісімен жазылған. Ол-даттау жыры. Сол кездегі ақынның өзіне жақпаған, өмірде оғаш көрінген жаман қылықтарды әшкерелеп даттап отыр. Әбдірахман өлгенде жазған жоқтау жырларының бұрынғы ауыз әдебиетінде бар жырдан айырмасы жоқ.

Арғыатасы қажы еді,

Бейістен тартқан шербеті.

Жарықтықтың өнері

Айтуға тілді тербетті.

Балалық ақыл жасынан,

Қозғапты, тыныштық бермепті.

Тағы осы ретте қайталап келе береді. Жыр өлеңдері, әдетте 7-буыннан аспайды. Жыр түрімен жазылған өлең 36(«Жаз Антпен тарқайды», дегенөлең бұған кірмейді) Енді Абайдың «Жаз»деген өлеңі туралы бір-екі сөз. Абайға дейінгі халық әдебиетінде де, Абайдың жыр үлгісімен жазылған өлеңдерінде де «Жаздай»шебер жазылғаны жоқ. Бұл өлеңде Абай сөзді ойнатып, ырғаққа билетіп, дауыс толқындары да бірыңғай шығып, ұйқастарында ешбір олқылық білінбейді, жорға аттың жүрісіндей ырғалып, тайпалады да отырады.

Мына: Жазды күні шілде болғанда,

Көк орай шалғын бәйшешек.

Ұзарып өсіп толғанда

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда:

Шұрқырап жатқан жылқының

Ат, айғырлар, биелер,

Бүйірі шығып ыңқылдап. -деген өлеңді бастап оқып жібергенінде, өзіңді еріксіз ерітіп, еліктіріп үйіріп ала жөнеледі. Жүрісті жорғаға мініп алғанда, қамшы салғызып, тізгінін қаққызбайды, желіп жөнеледі. Тізгінді тежеп жүрісіне сүйсініп, жаның жай тапқандай болады. Баратын жеріңе жетпей жорғаның басын тартпайсың ғой. Сол сияқты «Теп-тегіс айналасы жұмыр келген»бұл өлеңді сондай қызығып, сүйсініп оқисың. Өлеңнің ұйқастары 2-3-4 жолдан бір аспайды не кемімейді. Абай өлеңдерінің ішіндегі көтеріңкі, серпімді рухпен жазылған шаттық жағдайды жалғыз ғана өлеңнің мағынасынан ғана емес, ырғақ, дауыс толқыны, ұйқасымның өзінен көрініп отыратын өлең. Сондықтан «Жазды»өз алдына бір түр етіп алдық!Бұл өлеңдегі сөздің көпшілігі-қимылды, істі көрсеткен етістік. Оның үстіне түс, бояу мен дыбысты да бірдей келтіргендіктен, салқын қанды баяу өлеңдей емес, желпіндіріп отыратын жанды (динамичный) өлең. Онан соң қайталап келген сөздер (2 рет қайталаған сөздер) орнымен қайталаған. Мысалы: «Ақ білек, ақ көйлек», «көк орай, көк құсы», «Жас бала, жасы үлкен», «күн, күннің»деген сияқты. Бұл қайталауда өлең ешбір әлсіремейді. 6 рет қайталап айтылған көмекші етіс «деп» кей жерінде орынсыз қайталанғаны байқалады. «Бай байғұсым десін»деп, басынан мүдірмей оқып келе жатқанында, осы араларына сәл кідіріп қаласың! Барлық қайталаған 29 сөзді шығарып тастағанда, 155 сөз-тыңнан қолданылған сөздер. Мұнда демеу, жалғаулық, септеу, жалғау, үстеулер сөз есебінде алынған жоқ. Сөзді түйіп айтқанда, «Жаз»өлеңі Абайдың бұрын соңды қазақ поэзиясында ерекше шеберлікпен жазылған өлеңі дейміз. Енді тоқталатын өлеңдеріміздің көбі-Абайдың өзіне дейінгі ауыз әдебиетте болмаған поэзияға кіргізген жаңа өлшеулеріӨлеңдер шумағы, өлшеуі, ырғақ, бунақтары жағынан қара өлең мөлшерінен айырылады «Әсетке» деген өлеңі әлгі 8 буынды «Жаз» өлеңіне қарама-қарсы жазылған. «Жаз»өлеңінің ырғағы өзіңді ілгері алып қашып жорғалап отырса, бұл өлең шабан аттай жортақтайды. Шалқалап кейін серпіп жатыр. Әдетті қазақ сөзінде екпін сөздің ақырғы буынында келсе, бұл өлеңде ақырғы буынға таяу буында.

Ақыл жоқ, қайғы жоқ онда,

Есі жоқ, теріс пе оң ба?

Тіленіп, телміріп ізденер,

Тиын ба яки бір сом ба?

Кісімсіп, белгіл

Біреуге сондай-ақ күлгіш.

Бұлықсып, бұлданып босқа,

Өзімшіл, оңбаған шерміш.

Бұл екі шумақты өлең.

Екпін үлгісі:үйлескен а, а, а жолдарының бәрі де екпін біркелкі. Аяқталған соңғы буын екпінсіз. Өлеңді мұндай тартыншақ ырғақпен келтіріп жазу Абайға дейінгі әдебиетте болмаған. Бұл ырғақтың өзі белгілі бір мағына береді. Ол мағына өлеңнің өзінде айтылып тұрған негізгі пікірге сәйкес. Сондықтан буын ырғақтары, дыбыс күйлері өлеңнің сыртқы құрылыстары Абай поэзиясында мағынамен қалыптасып ұштасып жатады.

Абайдағы бесінші өлеңнің өлшеуі:

Жүрегі айна көңлі ояу,

Сөз тыңдамас ол баяу.

Өз өнері түр таяу,

Ұқпасын ба сөзді

Әр жол 8 буыннан. Екпін ақырғы буында. Өлеңнің ырғағы не көтеріңкі, не басыңқы емес. Баяу бір қалыпта келе жатып 4-жолда тоқтап тынады. Ырғақтың жүрісі шапшаң болмаса да, ақырын жүрістің өзінен қанаты талып шкаршағандай 4-жолда кілт тоқтап тұра қалады. Бұл енді-Абайдың ызалы ойға бет алған дәуірінің басы. Өлеңнің мағынасымен бірге ырғақ, рухы да бәсеңдеп, идеясындағы ұлы сарынның жолына түседі. Бұл өлеңнің түрі Абайдан кейін әдебиет дәуірінде де осы күнгі әдебиетімізде өте аз қолданған. Әлі өрістеп орын алған жоқ. Алтыншы өлеңнің өлшеуі-«Сегіз аяқ»:

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп.

Шымырлап бойға жалынған.

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сөйлеймін десең өзің біл.

Қайғылы сарын күйі жүректен қалғып шығып, қалғып сорғалап аспанда өрлеп барып, қайта жайылып бәсеңдейді. Тұла бойды шымырлатып балқытады. Күйдің пернесі қайталап тартылғандай дауыс толқыны бір көтеріліп өрлеп өрістей, тағы басылып тынғандай болады. Бірақ жаңғырық күйі тыньбастан іле шала іркілген түйдек толқыны бір шапшып жарға ұрылғандай шаңқ етіп, беті қайтады, жаралы болған жан тәрізді өзін мойынсұндырып, әлсіреп, әлі бітіп барып тоқтайды!Өлеңнің ырғағы, дыбыс толқындары (әні өз алдына және бар) «Сегіз аяқтың»осы сарын күйін күшейте түседі:тағы ырғақ пен мазмұнның ән күйіне бірлігі келіп шығады. Өлеңнің бунақ, буындары ешбір ауыспайды. 11 буынды қара өлеңде Абай өлеңдерінің бунақ, буындары бір шумақтың ішінде әлде неше рет ауысып отырса, мына ұйқас, буын, ырғақ дәлдігінқатты ұстайды.

Жетінші өлеңнің өлшеуі: «Қор болды жаным». Енді бұл өлең бүтіндей құлап түскен. Еш бір көтеріліп серпіле алмайды. Шаршап, талығып, аяғы нәзік әлсіреген үнді дыбыс пен тоқтайды да, сәл серпіліп, сілкініп бойын жазбақ болып, өзін қалыптағы ырғақта тербетеді. Бірақ ауыр салмақ зілді көтеріп, өзін-өзі жеңіл билей алмайды. Дауыс толқыны ырғақта дірілдеп, тәлтіректеп тоқтайды.

Қор болды жаным,

Сенсіз де менің күнім.

Бек бітті халым.

Тағдырдан келген зұлым.

Тағдыр жетсе Алла,

Не көрмейді пенде.

Бұл өлеңде буын, бунақ, өлшеулер артық не кем болмайды да, дәл келіп отырады. Екпін сөз аяғында келіп тұрса да, басыңқы болып, төмен түсіп кеткендіктен, екпін күші «н, м»дыбыстарының ықпалдымен әлсіреп жойылып кетіп отыр. Сондықтан тиянақты болып тұрған екпін сарын күйге балқып тірек таба алмайды. Бұл өлеңнің түрі Абайдан кейінгі ақындарда да кездеседі. Бірақ буынға буын, ырғаққа ырғақ дәл келерліктей емес. Ұзын ырғақ үлгісі ғана.

Сегізінші өлеңнің өлшеуі.

«Меніне етесің?

Сен мені не етесің?

Мені тастап, өнер бастап,

Жайына және алдап, арбап

Өз бетіңмен сен кетесің

Неге әуре етесің?

Қосылыспай, басылыспай;

Бойыңажәне жаттан, бай тап

Өмір бойы қор етесің!

Абай өлеңдерінің ішіндегі техникасы күшті өлеңнің бірі. Өлеңнің кестесін, мәнерін бұзбастан шығаруға ақын өте көңіл бөлген. Әрбір шумақ, әрбір ырғақ, буындарын бытыстырмай, заңды етіп алып отрыған. Мұнда әлгі жаншылып, қайғыға гүл болған көңіл күйі қайта серпіліп, өмір қиясына құлаш ұрады. Бірақ өмірдің соқпағы бой» бермейді. Өмір соқпағымен алысады. Аласұрады. Өлең ырғағы, буын, бунақ өлшеулері, тақталары да біркелкі келмей, әр мөлшерде келуінің өзі -өлеңнің өмір соқпағынан серпіліп шыққан сарын күйді көрсетеді. Ұйқасып келген тармақтардың буын саны бірдей емес.

Тоғызыншы өлеңнің өлшеуі: «Татьяна, Онегин»жырлары. Бұл орыс әдебиетінде Пушкин заманынан бері қалыптанған түрі. Абайға дейінгі әдебиетімізде болмаса, Абайдан кейінгі әрбір ақындардың өлеңдерінде бар.

Таң ғажайып бұл қалай қат. -а

Мағынасы алыс, өзі жаз. - в

Сөзі орамды әр түрі жат. - а

Және әдепті және рас -в

Осы айғыс - ұйғыс үйле өлшеуімен жазған өлеңі - 50. Қара өлең түрімен жазғаны 84 - едіғой. Онан кейінгі 2 - орынды осы алады. Үшінші орында жыр, тақпақ өлеңдері - 36. Бұл өлеңнің екпіні ылғи нық келіп отырады. Ырғақтары дауыс толқыны, әуені көтеріңкі де, түсіңкі де емес, түзу қалыпта таразының тең басқан екі жағындай ырғалып шайқалады да тұрады.

Оныншы өлеңнің өлшеуі: «Бар секілді». Бұл өлеңі ойдағы арманды ашық үгіт түрінде білдірген. Төңіректі атпен шоқытып жүріп болып, бір түсейін деген сарынды көз алдыңа елестетеді. Өлеңнің ырғағы да, ұйқастың қатарласып келуі де аттың жорғасындай емес, жортағысындай болып отырады.

Бай сейілді,

Бір бейілді,

Елде жақсы қалмады,

Елдегі еркек,

Босқа селтек;

Қағып елін қармады

Немесе

Бойы былғаң,

Сөзі жылмаң,

Кімді көрсем, мен сонан,

Бетті бастым,

Қатты састым

Тұра қаштым жалма - жан. Әуелгі шумақ 5 буыннан 7 буынмен қайырылады. 2-шумақ 4 буынмен ұйқасып 7 буынмен қайырылады. Абай мұндай өлеңнің мөлшері мен жан күйіктерін, ішкі қасірет қайғыны ашшы тіл мен еш уақытта жазбаған. Себебі өлеңнің тыныштықты бұзатын ырғағы, ызалы жүректің нәзік тербеліп қана ақырын күйін шертетін өлшеулеріне жақындайды және ақынның жанын жай таптырмайды. Соның үшін өлеңнің сыртқы құрылысын, жүректің күйін шертуге, ішкі пікірді түйіп, сыртқа шығарып айтуға сәйкестей білген. Осы күнгі әдебиетімізде бұл үлкен орын алған. Бұ да Абай жасаған түр. Онан кейін:

Ем таба алмай,

От жалындай

Толды қайғы кеудеге.

Сырласа алмай,

Сөз аша алмай

Бендеғе! -деген өлеңінің өлшеуі де ос оныншы түрге кіреді. Тек айырмасы 6 - жол3 - жолмен бірдей 7 буын болып келмейді. Он бірінші өлеңінің өлшеуі: «Ақылбайға»

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көкірегінде көп жұбаныш,

Гүлденіп ол өлкесі.

Еркелік жетті

Ер жетті

Не бітті?

Оқытарсын молдаға оны.

Үйретерсің әр нені.

Медеу етіп ойы соны

Жаны тыныштық көрмейді.

Жасында күтті

Дәме етті

Босқа өтті!.

Құрысқан бой шаршап жалыққандықтан жазыла алмайды. Екпін де, ырғақ та ілгері өрге қарай өрістеп көтерілмейді. Иықтан кері тартып, етекті шегелеген ауыр зіл бар. Ол ағынды шаршатқан, талыққан бойдан, күйінген, назаланған ойдан қанша көтеріліп, жазылып күй шертуіне болмайды. Ақырында өзін - өзі еріксіз айналмаға отырып, басы айналғандай, жүрегін басып, шекесін ұстап, не бітті деген әлсіреп шыққан үнді есітеді. Өлеңнің кестесі бірыңғай заңдылықты бұзбайды. Абайдың бұл өлеңінің түрі - өзінде осы жазылған бір-ақ өлең.

Кейінгі поэзиямызда да орын алмаған.

Он төртінші өлеңінің өлшеуі: «Ақыр заман жастары». Бұл өлең-айқыш-ұйқыш өлеңінің 7 буынмен жазылған үлгісі.

Заман ақыр жастары,

Қосылмас ешбір бастары.

Біріне бір қастыққа

Қойнына тыққан тастары.

Бұл өлеңнің өлшеуімен 15 өлең жазылған. Өлеңнің ырғақ күйі ширақ, балқып, ерітіп еңсе түсіп кетпейді. Жастардың салқын қанды жайда отырып, ащы тіл, улы сөзбен шенейді. Кейін қазақ әдебиетінің әр кезіндегі ақындардың өлеңдерінде көп қолданылған.

Он үшінші өлеңінің өлшеуі: «Қызарып, сұрланып» немесе «Көзімнің қарасы». Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы.

Кетпейді ішімде

Ғашықтық жарасы.

Бұл 11 буын қара өлең үлгісіндегі әлгі «Заман ақыр жастарынан»да қысқа 4 жолы 6 буыннан құралған.

Қызарып, сұрланып, дүрсілдеп жүрегі.

Өзгеден ұрланып, өзді - өзі керегі.

Әр тақтадағы бңуын ырғағы ақырғы буынға түспеген дауыс толқыны, екпін де жол ортасында, орта буындарда. Сондықтан ырғағы бірыңғай құлашын жайып серпіп отырады. Не кібіртіктеп тұрып та қалмайды. Тербеліп, шайқалып, көңілдің шақ қана ермегі пайда болады. Бірақ өлең Абайдың өзі айтқандай айналасы «теп - тегіс жұмыр келген», 6 буындымен жазып отырса да көп пікірді сыйғызып айтады. Бұл өлеңнің түрі кейінгі әдебиетте бар. Бірақ көп емес.

Он төртінші өлеңнің өлшеуі: «Қатыны мен Машақпай», «Сегіз аяқ», «Сен мені етесің»деген өлеңдерінен, кейінгі құрылысы өте қиын келген өлеңнің бірі. Бұл түрмен Абай бір-ақ өлең жазып кеткен. Кейін онысын заңдандырып, өзі еліктеп күшейтіп әкетпеген.

Сырмақ қып астына, байының тоқымын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Ілияс Жансүгіров. Абай кітабы
Абайдың өлеңдерді аударғандағы аудармашылық таланты
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Абайдың лирикалық өлеңдерінің тілі
Абай өлеңдері тілінің зерттелуі
Абай - лирик ақын
Сегізінші өлеңнің өлшеуі
Алғашқы Абайтанушылар
Абай шығармаларын мектепте оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz