ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетінің тарихында еліміздің тәуелсіздік арнасына түскеннен кейінгі кезеңі өзіндік даму бағытымен, көркемдік ізденістерімен ерекшеленеді. Тәуелсіздік әкелген өзгерістерді, рухани әлеміміздегі желісі үзілмеген тарихи сабақтастықты, азат сана тудырған айшықты оралымдарды осы кезеңдегі ақындар шығармашылығынан айқын аңғарамыз. Тың тыныс, соны серпінді байқаймыз. Әрине, ұзақ жылдарға созылған азаттық таңын аңсау мен оған жету жолындағы қоғамдық күрестердің һәм олар туындатқан тарихи оқиғалардың төл поэзиямызға тигізген әсері ерекше екендігі сөзсіз.
Диплом жұмысында тәуелсіздік жылдарындағы қазақ жастар поэзиясының даму үрдістері, қазіргі поэзияның көркемдік тұтастығы мен бейнелеу құралдары, идеялық-мазмұндық ізденістері жан-жақты талдау нысанына айналған. Тәуелсіздігімізді алған жылдардан бастап, жастардың поэзияға деген көзқарасына өзгерістер ене бастады. Еркіндік келгелі еркін өлеңдер жазылды. Мемлекет тарихында поэзия тарихының мол қолданылған кезі XX- ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың басы. Оған дейінгі ақындардың жырларында партиоттық рух басым болып, Тәуелсіздікті аңсаудан туған жырлары үстемдік құрды. Бәрібір де елде бостандық болмаған соң жыр жазуда ақындар қысылды. Ал Тәуелсіздік Мемлекеттің маңдайына тағылғалы бері жас ақындар постмодернизмдік бағыттар ұстанып, тарихта мүлде болмаған еркін, шынайы, жүрекке жетер жырлар дүниеге келді. Ақындар ешкімнен, ештеңкеден тайсалмастан міз бақпай ғажап жырлар жазды. Сәйкесінше жырға іңкәр жандар шөлін қандырды. Ақындар саны да көбейе түсті. Басшылыққа алған әлеуметтік тақырыптары да өзгеше болды.
Зерттеу жұмысының өзектілігін Тәуелсіздік жылдарындағы жастардың поэзиялық туындыларын жан-жақты талдап қарастырылуымен сипаттап көрсетуге болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың басты мақсаты - Тәуелсіздікке дейінгі қазақ поэзиясы мен Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының көркемдік сипаты мен жанрлық поэтикалық-мәтіндік ерекшеліктеріне жан-жақты салыстырмалы зерттеу жүргізу. Тәуелсіздік жылдарындағы жастардың поэзиялық шығармалардың поэтикалық ерекшеліктерін пайымдау, жекелеген ақындар шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихынан алар орнын анықтау. Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер алға қойылды: дәстүр дегеніміз бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын, тарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен іс-әрекеттірінің рухани негізі болып табылады. Мұның өзі көркемдік дәстүр жалғастығына да тікелей қатысты болып келеді. Өйткені әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп, оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдайға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері:
Біріншіден, қазақтың өз атымен аталатын жазба әдебиеті поэзиясының ажырамас бөлігі, ұлттық болмысты асқақтатар жырлардың табиғи жалғасы, солардың кейінгі кезеңдерге жетілген жаңа үлгілері, тарихи даму нәтижесінде көтерілген асқар биігі екенін дәлелдеу.
Екіншіден, сақтар мен ғұндар дәуіріндегі ерлік дастандары және сонау Түрік қағанаты (VІІІ-ғасыр) тұсында тасқа қашап жазылған Күлтегін батыр, Білге қаған және Тоныкөк жөніндегі жырлар мен қазақтың батырлық жырлары арасында ғасырлар бойы үзілмей, жалғасып келе жатқан байланыс бар екенін ашып көрсету.
Үшіншіден, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Ахмет Яссауи, Құтб сияқты шайырлар шығармасына өзек болған ислам дінінің гуманистік, адамгершілік идеялары, мораль, этика саласындағы ой-пікірлері бертін келе қазақ жастар поэзиясынан өз көрінісін тапқанын, әрі тарихи жағдайда одан әрі дами түскенін әдеби деректер негізінде талдап айту.
Төртіншіден, қазақ поэзиясының мазмұн мен форма, жанр мен стиль жағынан жетіле түсуіне едәуір ықпал еткен назира дәстүрін, осы дәстүрде жазылған бірқатар дастандарды талдап, көркем сөз өнерінің осы проблемасы бойынша өзіндік пікір айтуды мақсат еткен.
Зерттеудің нысаны: Тәуелсіздік тудырған ақындардың туындылары, Отан саған жыр өрімін ұсынам атты жыр-жинақ, баспасөзде жарияланған ауыз әдебиеті үлгілері.
Зерттеудің міндеттері: Өткен ғасырға қарағанда жаңағасырлықтардың туындыларының өзгешеліктерін айқындау;
Тәуелсіздік жырлары дүниеге келген жырлар әдеби үлгінің ең озығы екендігін аңдату;
Тәуелсіздік кезеңіндегі жас ақындардың шығармашылығын тәуелсіздік кезеңіне дейінгі ақындардың шығармашылығымен салыстыру.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты поэзиялық туындыларға тақырып бойынша теориялық талдау жасау, талдау жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, қорыту.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ жастар поэзиясындағы ұлттық болмыс
ХХ ғасыр қазақ қоғамы үшін алуан түрлі өзгерістерге толы болды. Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрімді тудырған екі ғасыр тоғысын қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып терең зерттеп, толғана жазған ақындар легі " ХХ ғасырдың орта кезі, екінші жартысында Абай кезінде болған жағдайларды білу үшін сол кездегі жалпы Қазақстанның тарихи хәлін еске алу керек", - деп жазды. Бұл кезең - қазақ жұртшылығының Ресей империясының бодандығына біржолата босаған кезі еді. Осы кезде қазақтың дәстүрлі дүниетанымы сыни көзқарастың нысынына айналды. Қазақ қоғамының дәстүрлі құндылықтарының сынға ұшырауы ХХ ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басында өмір сүрген қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің шығармашылығында анық көрініс тапты.
Қазіргі күнде жалпы жұртқа қол жетімді өткен ғасырлық қазақ әдебиеті үлгілерінің мол мұрасы жетерлік. Әдебиетті дүниеге әкелушілердің өмірі мен жазған еңбектері жас толқынға ғұмырлық сабақ, мәңгілік мұра.
Иә, поэзия - жанның емі, жүректің тазалығы десек, әлі кірбің түсіп үлгермеген көңілдерді мөлдір өлеңмен мұнтаздай қалпында сақтап келе жатқан әр ақынға құрметім шексіз. Біздің ғасырымызда жырға іңкәр жандарға үлкен құрметпен қарауға тиістіміз. Өйткені ғасырымыз рухани құндылықтарға атүсті қарайтын адамдарға толы. Бұл жағдай қоғамымызды қатігездендіріп барады. Құлақ естіп, көз көрмеген сұмдықтардың куәсі болып, жүректер мен жүйкелерге күн санап емес, сағат санап салмақтар түсуде. Міне, осындай мезгілде поэзия мен өмір сүрудің маңызы айтпасақ та түсінікті. Поэзия - адам жанын ізгілікке, тазалыққа бастайтын ғылым екенін ескерсек, қазіргі сәтте жыр жазатын жастарды қоғам болып қолдауға тиістіміз. Поэзия - ақынға берген құдайдың сыйы. Құдайдың берген сыйын кім кие тұтса, сол нағыз ақынға айналады. Ал кие тұтпаса, жай қатардағы өлеңшінің бірі болады. ХХ ғасырдың басында орталық Қазақстанда туып, ұлтының туелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары -- Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сәдуақасов, Ж. Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тәуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған еді. Ендігі кезекте Тәуелсіздік орнағаннан кейін қазақ поэзиясы қандай арнаға бұрылды, Қандай тың өзгерістер алып келді деген сұрақтар жанды қажайды.
Қазақ лирикасының жаңашылдығы сөз болып, қазіргі лириканың жай-күйі, ұлттық рухтың, қазіргі ақындардың поэзиядағы азаматтық ұстанымдары жайлы айтылады. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашыл бағыттар сараланып, қаламгерлер шығармашылығы ғылыми, әдеби-теориялық тұрғыдан зерттелінді. Дәстүр мен жаңашылдықтың жаңа дәуірдегі көрінісіне талдау жасалынды. Дипломдық жұмысты жазу барысында қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашыл бағыттар сараланып, қаламгерлер шығармашылығы ғылыми, әдеби-теориялық тұрғыдан зерттелінді. Дәстүр мен жаңашылдықтың жаңа дәуірдегі көрінісіне талдау жасалынды. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - қазіргі қазақ лирикасындағы көрнекті қаламгер шығармашылығының бет-бейнесін ашу, жаңашылдықты анықтау, қазіргі лириканың өзіндік ерекшеліктерін тану, туындылардың қазақ әдебиеті тарихындағы орнын белгілеу болып табылады. Дипломдық жұмыста қазіргі қазақ лирикасының жаңашылдығы сөз бола отырып, тәуелсіздік алған тұстан бері қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбамен, үнмен келген ақындар легінің шығармашылығына ден қойып, қазіргі белгілі ақындарымыз Бауыржан Бабажанұлы, Жарас Сәрсек, Әділ Ботпанов, Маралтай Райымбекұлы Әмірхан Балқыбек, сынды ақындардың үнімен шығармалары талданады. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдықты зерттеуге бағытталған бұл жұмысты жоғары және арнайы оқу орындарында, мектептерде, жекеленген ақындар шығармашылығымен таныстыруда қосымша материал ретінде пайдалануға әбден болады.
Қазақ әдебиетінің тәуелсіздік дәуірі өзінің даму арнасымен, бағытымен ерекшеленетін, өз дәуіріне сай үні бар қаламгерлерді тудырған ғажап дәуір. Бұл дәуір әдебиеті азаттық таңының әсем шуағына шомылып, шаттығына кеңеліп, тәуелсіздік деген ұлы ұғымның шырқау шыңына шыққан асқақ бейнесін сомдайтын, айқын көрсететін туындылар толқынының бейбіт шеруі іспеттес десем артық айтқаным емес-ау, сірә?! Қаламгерлер шығармашылығы тек өз дәуірінің ғана емес, өзіне дейінгі дәуір әдебиетімен сусындап, солардан нәр алып, жаңа дәуірге сай шығарма жазып, қазақ әдебиетінің алтын қазынасын толықтыра түскені байқалады.
Әдебиет - дүниенің дүрмегін қабылдаудың ең көркем жүйесі десек, адам әдебиетті жасаушы. Өз қоғамының айқын бейнесін, дәуірінің бет алысын жүрегімен қабылдап, жанымен жыр жазатын адамды әдебиетте ақын дейді. Сол себептен де Әр дәуірде болмай ма бір әпенді?! деп ақындар жырлағандай әр дәуірдің өзіне тән әдебиеті болады. Әдебиет үнемі дамып, жаңаша күйге түсіп отырады. Қазақ әдебиеті тарихының әр дәуіріндегі поэзиясының өзіндік үні болды. Сонау түркі заманынан бастау алатын қазақ поэзиясы өз заманында тақырыптық-идеялық, көркемдік жағынан сүзгіден өткізіліп, жаңартылып, сараланды, толықтырылды. Дәстүрлі поэзия өкілдерінің өнегелі өлең үлгісі кейінгі ақындар поэзиясында көрініс тауып, сонымен қатар жаңа өлең үлгілері туды. Поэзияда дәстүр жалғасып, жаңашыл өріс те кеңінен ашылды. Осылайша қазақ поэзиясы қоржыны толыса берді.
Қазақ әдебиеті қай кезеңде болмасын өзіне дейінгі ұлттық әдебиетіміздің бар асылын, үлгілі дәстүрін ала отыра дәуірге сай жаңа көркемдік мүмкіндіктерді ашты. Әсіресе, мұндағы жыраулар әдебиеті мен зар заман әдебиетінің, асқарлы Абай өнегесінің құнарлы болғанын айтқан дұрысырақ. Әдебиеттің әр кезеңінің табалдырығын шығармашылық талаппен аттаған жас ақын-жазушылардың қай-қайсысы да осынау бір ұлт әдебиетінің қайнар көздерінен нәр алып барып түрлі ізденістерге бой ұрды. Дәстүрлі жалғастыру мен жаңашылдыққа ден қою ой-сана тұтастығына, идеялық-көркемдік бірлікке алып келді. Бәрін біріктірген ортақ ұлы мақсат - ұлттық сананы оятып, азаттыққа қол жеткізу болатын.
Белгілі бір дәуірде өмір сүрген суреткерлер шығармаларында болжалды идея үнемі бірыңғай күйде көрініс таппай, сан-салалы көркемдік шешімдер арқылы бой көрсететіні ақиқат. Әрбір әдеби бағыттың, көркемдік әдістің өз шеңбер шегі, шектеулі мүмкіндіктері бар. Әрбір үлкен суреткердің айқындалған бағыты бар, ол сол өзі ұстанған бағыт жолында еңбек етеді. Бұл бағыттарды біріктіретін бір-ақ ұстаным бар, ол - ұлттық болмыс [].
Ұлттық рух, болмыс жолындағы күрес белгілі бір дәуірде идеяға айналады. Барлық адамзаттың күш-жігері мен мүмкіндік-қабілеттері сол идея айналасында қызмет етеді. Осылардың ішінде әдебиет өкілдері идеяны жүзеге асыратын бірден-бір күш иелері болып табылады. Әдебиет те, әдебиет тарихы да, әдебиет өкілдері де қоғаммен тығыз байланыста өмір сүреді.
Біз шығармашылығын сөз етіп отырған ақындар тәуелсіздік дәуірінің, ата-бабамыз аңсап кеткен азаттыққа қол жеткен күнде ғұмыр кешіп жатқан ұрпақтары. Сондықтан Тәуілсіздік тұсындағы жастар поэзиясының - тәуелсіздікті сақтау, құрметтеу, бағалау идеясымен астасып жатыр. Негізінен тәуелсіздік идеясы сонау көне түріктер заманынан бастау алып, күні кеше қол жеткен нағыз тәуелсіздік дәуіріне дейін жалғасып келді. Біз үшін ұлттық жетістігіміздің ең қымбаты да осы - тәуелсіздікке қол жеткені.
Ақындар өздерін қоршаған ортадан бөлектеніп кете алмайды. Әйтсе де олар өздерін жалғыздықта сезінетіні рас. Олардың болмысы бөлек болғанмен, жан дүниесі мына әлеммен астасып жатады. Жырына арқау, жанына жылу болар қажеттісін бәрібір біз бен сіз өмір сүріп отырған аппақ әлемнен іздейді. Ондағы әлеуметтік, саяси, қоғамдық қала берді махаббат мәселелерінен сырт қалу - ақынға жат құбылыс. Әуел бастан ақынның бір қызметі - халықтың жоғын жоқтау болатын. Сондықтан заман бейнесін, сіз бен біздің осы замани бейнемізді, тіршілігімізді өлең өрнектейді.
Жаңа ғасыр поэзиясындағы қазақ қоғамындағы ең үлкен тарихи оқиғаның бірі тәуелсіздік алуымыз болғандықтан ақындардың поэзияға деген көзқарастары да өзгере бастады. Ендеше осы нағыз тәуелсіздікті жырға қосу осы дәуір поэзия өкілдеріне бұйырған бақыт қана емес тақырыпта еді. Бұған дейін еркіндікке, азаттыққа аңсарымыз ауған болса, енді соған жеттік, енді соны бағалау жолдарын қарастыруымыз, тәуелсіздіктің тарихын, бағасын ұрпақ санасына сіңіруіміз керек деген ұстаным ақындар шығармашылығынан ауық-ауық көрініп тұрды. Тәуелсіздік қазақ поэзиясында ең көп жырланған тақырып десек те, оны еркін де тәуелсіз жырлау осы кезеңнің жемісі болып отыр. Өйткені қазақ елі соғыстан, бодандықтан құтылған бейбіт ел ретінде өмір сүріп отырғаны енді ғана. Жетпіс жыл бодандықтың қамытын киген тұстағы поэзияда, әрине, бұл тақырып жырланған еді, алайда тәуелсізбін,биікпін деп айқайлайтындай қауқарлы емес едік. Тек қазақтың даласын, қазақты жырладық, әлденеге көңіл толмай, еркіндікті сағындық. Ал нағыз тәуелсіздік қазақ жастар поэзияның пәрменді тақырыбына енді айналды. Бүгінде ақындарымыз ешкімге жалтақтап, қорықпайды. Көңілге түйгенің, жүректің дегенің жырлайды. Өйткені бұрынғыдай сұсты семсерлі цензура жоқ. Ешкім жағаға жармасып тұрған жоқ.
Сонымен тәуелсіздік тұсындағы жастар поэзиясындағы ұлттық болмыс
Светқали Нұржановтың сәулелі жырларынан туындады.
Бәріне еркін барып, еркін келем,
Жанымнан тәтті үміттің дертін көрем.
Мен жазар жырды теңдеп жетті бір күн,
Бура-бұлт шудалары желкілдеген.
Елімнің еркіндігі жауды маған,
Шашу ғып қайта шашты тауды далам...
Бақыты сыйлап кеткен бабалардың,
Қалқаның жанарынан жаудыраған[1, б. 9] деген жолдарда ұлттық болмыс еркіндік сөзімен ауыстырылып, лирикалық жанр мен патриоттықтың қосарлануы арқылы туындаған.
Ал Есенғали Раушанов туған жерге деген риясыз сезімін мынандай жыр жолдарымен жеткізген.
Менің ата мекенім - менің жаным,
Жаныма жара түссе, көңіл жарым.
Жеткізіп бір кісідей айта алмадым
Білсем де мың кісідей оның зарын..[2, б.9]
Соңғы жолдарындағы Білсем де мың кісідей оның зарын деген жолдарда қанша қайғы, қан мен тер, дерттің жатқанын дереу сезіне қоясың. Өлеңнің мықтылығы да осында.
Ал Тәуелсіздік жылдарындағы ақын қыздардан Марфуға Айтхожина ұлттық болмысты лирикалық жанрда жеткізуде оқ бойы озық тұрды.
Сенен өзге --
Жақынды мен таппадым,
Содан болар шаужайыңа қақпадым.
Сұлу аттай сүзілдіріп жалынды,
Ертелі-кеш бір өзіңді баптадым[3, б. 10]- деген өлең жолдарында ер-азаматтың бейнесі секілденіп, бостандықты, еркіндікті, азаттық таңың жырлап тұр. Оқырманға бірдей майдай жағатын, жүрекке жылу сыйлайтын жақсы жыр.
Ал Тәуелсіздік жылдарының екінші он жылдығында поэзияға қалам тербеп, ақын деген арлы аты бүкіл елге тараған ақын Қалқаман Сарин ұлттық болмысты жырға былай қосты.
Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің![4, б. 10] -
деген жыр жолдары Қалқаманның шексіз бақытты екенін көрсетсе, ал Әлібек Шегебайдың Қабірден хат өлеңі тәуелсіздіктің өзің аласапыран күш ретінде көріп, рухына тағзым етеді.
Тәуелсіздік - Қазақ үшін ғажап құт,
Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.
Бөрі мінез Бабалардың арманы -
Айналайын, алтын қанат - Азаттық![5, б. 10] - деп монолог түрінде жазған.
Өзіңнің отты һәм түсініксіздеу жырларымен халық арасына танымал болған Ақберен Елгезектің өзі жырларына ұлттық болмысты, еркіндікті, бостандықты қоспай тұра алмады.
Қан төгілді, қызыл жалау құлады,
Қатып қалды жас өркеннің бұлағы.
Құрбандығың қабыл болды, қазағым,
Жалп-жалп еткен сөнбесінші шырағың![6, б. 10] десе кейінгілерден Алмас Темірбай есімді жас ақын Желтоқсанда ай туады солынан деп табиғи құбылыстың өзіне өзгеріс енгізу арқылы, еліне, жеріне, Отанына деген ыстық сезімін суреттейді. Ардың өзің жылатып, ұятты ұялтып, намысты бір бұрышқа тұрғызып қояды. Айдың оңынан тууы жолында бәріне баруға даяр қазақ елінің ұлтжанды азаматтары туралы төмендегідей жыр жолдарын дүниеге әкеліп, поэзия есімді бойжеткенге бас игізеді.
Айға қарап
Ар жылайды, жыласын,
Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың!
Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім,
Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?!
... Жылап тұрып, Жақсылыққа жорығам:
Алты Алашым адаспағай жолынан!.
...Жылдың соңы... Кімнің соры?
Сақтай гөр!
Желтоқсанда Ай туады солынан...[7, б. 11]
Жалпы Желтоқсан оқиғасының ащы шындығын білу, ол оқиғаның тарихтағы орнын бүкпесіз, боямасыз беру мәселесі осы күнге дейін ел тарихындағы ең ауыр трагедиялы проблематиканың қатарына жатады. Әйткенмен дәл соның шынайы бағасын біліп, Тәуелсіздік құрбандарын,ер жүректі батырларының ерліктерін дәріптеу - кешегі және бүгінгі жастарды ұлтжандылыққа, саналылыққа, өжет рухқа ие болуға тәрбиелейтіні бесенеден белгілі. Әдебиеттің бірден-бір тұнып тұрған тәрбиелік қуатын осындайда пайдаланамыз. Бұл өткенге қарап, ескіні қозғап, іріткі іздену емес, тарихи шындықты жоққа шығармау, сақтау.
Тегеуріні темір үзердей жырлары бар алтынкөпірліктердің алғы шебінде тұрған Темірғали ақынның ұлттық болмыс деп айқай сап тұратын жырлары қай қазақты болсын емірентпей қоймайды. Оның өлеңдеріне ертеңгі күнге деген үміт, бүгінгі күнге деген шүкіршілікпен қатар, өткен күнімізге деген орны толмас өкіні, жанын жеген уайымы, кеудесін қажаған сұмдығы бар. Мәселен, Сахна өлеңі сол бір жылдардағы Тәуелсіздік алаңын сахнағып айтып тұрғандай.
Сахнаға қарап едім биіктен,
Күлкің қайда, құтылмадым күйіктен.
Мен емес ем шаттығынан безінген,
Күлсем болды, қан тамады көзімнен,[8, б. 11] -
дейді. Неге ақынның көзінен жас емес, қан тамады? Себебі, сол заматта ұлттың басынан өткен озбырлық көзден қан тамызбай қоймайды. Бұл биологиялық жағынан бұзылу емес, Мемлекеттік бұзылудың айқын көрінісі. Мына біздің заманда,
Жақсы да бар, жаман да.
Көргеніміз - көркіміз,
Шүкіршілік әманда, [9, б. 11] -
деген ақын, келесі бір өлеңінде қуанышын жасыра алмай, Тәуелсіздіктен кейінгі күнге шүкір етіп, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны қоғамның болуы тиіс болған ұлттық болмысы ретінде ғана қабылдап жыр жазады. Бұл өлең де мағына мен қатар мәннің ең үлкені жатыр. Сондықтан да өлең мән деп аталады.
Мен кеше,
Бір сәбиді жұбаттым, Қолына
Күлше беріп қуанттым. Өйткені ол адам ғой,[10, б. 11] - деп басталатын өлеңнің болмыс-бітімінде мазасы қашқан, жылаған халықты бала образында суреттеп, Күлше беріп қуанту еркіндік, бостандықпен сүйеншілеу деген сөздердің баламасы. Екі мағынада да әсерлі әрі сүйкімді. Қалай түсінем десеңіз, өз еркіңіз.
Міне осылай, уақыт, Қанатында самғаймын, Өзімді өзім жұбатып, Өзімді өзім алдаймын. Өйткені мен де адаммын, - деп аяқталады. Иә, расында біреуге жақсылық жасасақ қайтарымын күтпей, оның адамдық борышымыз екенін есте ұстағынымыз абзалырақ секілді.
Қазақты сүю, оның тіршілігін құрметтеу, тарихын бағалау, бүгінгісіне шүкірлік етіп, келешегіне сену, қазақтың аталардан жалғасқан салт-сана, дәстүр-жоралғысын естен шығармай, ұрпаққа аманаттау - міне бұлардың бәрі ұлттық рух қалыптастыру жолындағы ақынның азаматтық ұстанымына тікелей қатысты. Өз ұлтын сүйіп жарытпаған адам, ол ұлт үшін еңбек ете алмақ емес. Сондықтан да қашанда ұлттық рух пен азаматтық ұстаным, міндеттерді бірлікте қарастырамыз. Жақсысы болсын, жаманы болсын қазақтың мәселесін көтеріп, халықтың мұң-мұқтажына ортақтасу - ақынға да, азаматқа да парыз.
Қазақтың ақындары қашанда бұрынғы өткен ата-баба аруағына тағзым етіп, олардың ерліктерін жырына арқау етіп отырған. Сол арқылы халық тарихы қай дәуірде де ұрпаққа жетіп отырды. Асылзат Арыстанбековтың да осындай өлеңдері бар. Оның Кенесары және Мен, Кенесарының аруағына мұң шағу өлеңдерінде Кенесары атасына:
Жылжиды уақыт, ай құлап, көкте сөнбес күн,
Боркемік ұлмен белдесе кетсе жеңбес кім.
Ұрпағын сатып, ұртын майлаған мәңгүртті,
Сенен тараған ұрпақ деп айтсам, сенбессің.
Нәпсіге тежеу салатын кім бар тағат қып,
Осыдан талай науқастың түрін тараттық.
Тірлігі түнде, етегін сатқан әйелден,
Өзіңдей тұлға туат деп айту ағаттық,[11, б. 12] -
деп қоғами, адами мәселенің қазақтың жанжарасына айналып кеткенін, Кенесарыдан тараған ұрпақтың ұсақталып кеткенін, бабалар аманатын аяқасты етіп жүрген пендауи тірліктің барын жасырмай жайып салады. Сол арқылы бұл мәселе ақын жанын ауыртатынын көрсетеді.
Өз бойында бар өзгеше талантымен көзге түсіп жүрген ендігі бір жас ақын Ұларбек Нұрғалымұлы. Ол Керіағыс өлеңінде:
Жылдар өткен шудасынан шұбырып,
Менде тұғын нар бойындағы ірілік.
Айдаһарға жебе тартып құлатқам,
Домбырамның шанағынан суырып,[12, б. 13] - деп қазақтың ұлттық аспабы домбырасын өлеңге қосып тұрып, Айдаһарды отаршыл елдің образында алып тұрғандай әсер қалдырады.
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзия арнасына 2015 жылдары келіп қосылған бір топ буын ұлттық болмысты өзгеше суреттейді. Жастар поэзиясынан Нәзіктікке, сыршылдыққа, сонымен қатар, еркіндік пен өрлікке құмарлық байқалады. Алдыңға аға буынның, бұрынғы алаш ізінің жалғастырушысы бола алатынына жастар жыры сенімділікті байқатады. Өрлік пен еркіндік жайлы Қ.Ағабектің өлеңінде:
Бәрін бірдей көрсемдағы жер-жүздің,
Ізін басам Алаш дейтін шерлі іздің.
Еркіндігін ешкімге де бермейтін,
Елім дейтін ер қызбын!!![13, б. 13] - деп, бабалардан жалғасты күрескерлік рух байқалады. Сонымен қатар А. Айдарбекова Тәуелсіздікке деген көзқарасында шүкіршілік басым.
Алға қарай бастайды көш-қып бір ән,
Шежіремді жылатса шайпар едім.
Ұйқыдан азан даусын естіп тұрам,
Ана зарын естісем қайтер едім, -деп, асқан азаматтығын көрсетеді.
Дипломдық жұмыста байқағандарыңыздай Тәуелсіздік кезеңінде жастар поэзиясынан ұлттық болмыс есіп тұрады екен. Өйткені қазіргі жастар поэзиясында еркіндік бар. Ол еркіндік әрбір талаптың өлең жолдарынан бой көрсетеді. Экзистенция фрустрациясына көбірек ұрынып, нигилистік философияға әуес болуды бір жағынан рухани жетістік деп қараған да жөн шығар. Өйткені ішкі жалғыздықтың жанайқайын құрғақ байбалам емес, тегеурінді сөз, тосын оймен жеткізу - интеллектуалды тазалық екенін сау қоғамның есті адамдары әлдеқашан айтып кеткен. Қазіргі қазақ жастар поэзиясының барынша мақтауға лайықты тұстары шаш етектен. Өйткені, олар өлең құрылысы мен идеяны жеткізу жолдарын ерте меңгеріп, әдебиетте эксперимент жасап та үлгерді. Мысалы, Тыныштықбектегі бар сарынды Ақберен Елгезек пен Азамат Тасқараұлынан жиі байқайтынбыз. Ал аздаған жыл сырғып, уақыт өте келе олардың поэзиядағы өз жолдарын, яғни стилін тауып та алды. Сондай-ақ Ерлан Жүністі де экспериментшіл ақын деуге болады. Ал Ұларбек Байтайлақтың жырларынан Күлтегін, Тоныкөк жырларындағы өрлік пен жыраулар поэзиясындағы ұлттық рух жаңаша бой ұрады. Қалай болса да болашаққа үлкен мұра қалдыратын қазақ жастар поэзиясы ертеңгі аға буынның ізін басар лек екенін ұмытпайық. Бұл тізім жалғаса беретіні де анық. Өйткені, дүние есігін өлеңмен ашқан жұрттың өмірін өлеңге арнаған жастары толастамайды.
Сонымен қатар қазіргі жас ақындар поэзиясында рухани құндылықтың әспеттелуде байқалады. Қай ғасырда болмасын рухани мұра, рухани құндылық - ұлтты ұлт ретінде қалыптастырып, ұлт ретінде өмір сүруінің кепіліне айналған тарихи дүние. Ұлттық болмысты жалау еткен әдебиеттің дамуына сыртқы және ішкі факторларлың әсер еткенін білеміз. Бұл ретте қоғамдық қоршаған ортаның маңызы өте зор. Сыртқы факторлар ретінде ата-бабамыз ертеден аңсаған егемедік, азаттық. Ал ішкі факторлар олар саяси-әлеуметтік жағдайдың тұйыққа тірелуі, адамдардың, соның ішінде шығармашылық субъектілерінің өздерінің әлеуметтік жағдайларының нашарлауы тәуелсіздіктің ішкі жағындағы көрсетсе керек. Ақындармыз сыртқы факторларды отырып, олардың трансформациялануы арқылы жаңа туындыларды дүниеге әкелді. Осыдан барып жалпы поэзиялық шығармаларды жайлаған мұңлы сарын, қиналыс дүниеге келді.
Ақындардың тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі қоғамда көрініс алған әлеуметтік тұрмысты, ұлт тағдырын, халық жағдайын баяндайды Аталған өлеңнен ақынның азаматтық тұлғасы мен позициясы айқын көрінеді. Қоғамның мұндай ашық сипатты суретін жиырмасыншы ғасырдың басындағы алаш ардақтыларының жазып қалдырған шығармаларынан көреміз. Өткен ғасыр басындағы қазақ зиялылары төңкеріске дейін және одан кейінгі халық өмірінің барлық тұсын ашық айтуға тырысты. Жоғарыдағы ақындардың өлеңіндегі қоғам шындығының суреті Мағжан ақын жазған қазақ өмірінің суретімен ұқсас екенін байқаймыз пен күйзеліс, қатулы қабақ-күй пайда болды.
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ жастар поэзиясындағы әлеуметтік тақырыптар
Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылғы атаулы күннен жаңа қоғамдық дәуір, жаңа тарихи кезең басталды. Осыған орай, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының мақсат-мұраты, тыныс демі, өрнек айшықтары да жаңаша, өзгеше болып қалыптасқаны заңды болатын. Алдымен кешегі Кеңестік замандағы идеалогия келмеске кетті. Тәуелсіздік мұраттарын тәуелсіздік алғаннан кейін қалай жырлау керектігі жөнінде қалыптасқан қағида, дайын қалып жоқ -тұғын. Қазақ поэзиясы өзінің дәстүрлі даму арнасынан ауытқымаса да, мазмұндық, көркемдік, идеялық жаңа шешімдер табуға ұмтылды. Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде-ақ ұлттық мүдде, елдік мұрат дейтін ұғымдарға ерекше екпін түсіріле бастаған. Тоқсаныншы жылдардың орта тұсына дейін жарық көрген көптеген жыр кітаптары еліміз егемендік алғанға дейінгі дәуірде жазылған өлеңдерді құрайды. Яғни, бірен - саран туындылар болмаса, негізінен, өткен кезеңнің жәдігерлері. Оның себебі ақындық дауыстың тоқсаныншы жылдардың басында өте бәсең естілуінен, рухани дағдарыстың салдарынан, кітап шығару ісінің тоқырауынан, т.б. іздестірген жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ поэзиясы да дағдарысты кезеңді бастан өткерді. Тек мерзімді баспасөзде, теле-радио арналарында ғана ақындардың үні құлаққа еміс- еміс естілді. Тоқсаныншы жылдардың орта тұсынан бастап шыққан жыр жинақтарында тәуелсіздіктің тыныс - демі сезіле бастаған. Оны біз идеялық - танымдық деңгейде жүйелеп (мәселен, тәуелсіздік тақырыбының жаңа мазмұнында көрініс табуы, идеялық-көркемдік ізденістердің өмір шындығынан өрбуі, тіл тағдырының толғантуы, мемлекеттік нышандардың жыр арқауына айналуы, т.б.) Егемендік пен тәуелсіздік алған жылдары ең алдымен тарихи санананы ояту арқылы басталды десек, қателеспейміз. Жаңа қоғам құру үшін өткен қоғамдағы тарихымызда нендей құндылықтар ескерусіз қалып еді, нендей асылдарымызды жарқыратып көрсете алмадық деген мәселелерді қарастыра бастадық. Тоқсаныншы жылдардағы қазақ поэзиясындағы идеялық-көркемдік ізденістерге көңіл аударғанда біз мұндай ұғым - түсініктегі жаңа өлшемдерді өзгешелеу сараптаймыз. Қазақ жырында да кеңес дәуіріндегі шек пен шекарадан аспау, идеалогиялық қалыптың шеңберінен шықпау дағдысы бірте-бірте жойылып келе жатқаны аңғарылады. Тәуелсіздігімізбен бірге елімзізге рухани жаңару, яғни дініміздің қайта оралуы ақындар поэзиясына өз үлесін қосты. ХХ ғасырдың соңы - тоқсаныншы жылдары қазақ поэзиясына жас таланттар әкелді. Бұлар өте бір қиын кезеңде әдебиет табалдырығына аттаса да, дәстүрлі қазақ жырының жүгін иықтарына артып, мәртебелі сөз өнерінің ажарын ала келді. Олар үлкендермен үзеңгі қағыстыра, үлестерін сұрай ілгері ұмтылды. Ойлы сөзді образды айтуға, іңкәр сезімді отқа орап жеткізуге тырысты. Мәртебелі поэзияның кешегі жағалауын ертеңге, яғни бүгінгі жағалауға қосқан алтынкөпірліктер поэзиясы шын мәнінде алтын көпір бола білді. Алтынкөпірліктер поэзиясын Маралтай Райымбекұлы, Батырболат Айтболатұлы, Бақыт Беделханұлы, Дәурен Берікқажыұлы, Бақытжан Алдияр, Алмат Исаділ, Алмас Темірбай, Танакөз Толқынқызы, Бердалы қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасымен елеулі үлес қосқан ақындар бүгінгі қазақ әдебиетіміздің рухани байлығы ретінде тәуелсіздік көзқараспен саралана отырып, ақындардың өзіне тән суреткерлік қолтаңбасы айқындалады. Қазақ поэзиясындағы азаттық, тәуелсіздік аңсары 1991-2001 жылдар аралығында өзінің бұрыңғы асқақ ұлттық рухын қайта тапты және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы апыл-тапыл басқан қадамын қалтықсыз қадағалап, рухани демесін, сүйеніш бола білді. Яғни осы аталған 10 жылдықта ақындардың басым көпшілігі Тәуелсіздікті жырлаумен, патриоттық тақырыпты әлеуметтік тақырып ретінде басшылыққа алды. Тоқсаныншы жылдардың орта тұсына дейін жарық көрген көптеген жыр кітаптары еліміз егемендік алғанға дейінгі дәуірде жазылған өлеңдерді құрайды. Яғни, бірен - саран туындылар болмаса, негізінен, өткен кезеңнің жәдігерлері. Оның себебі ақындық дауыстың тоқсаныншы жылдардың басында өте бәсең естілуінен, рухани дағдарыстың салдарынан, кітап шығару ісінің тоқырауынан, т.б. іздестірген жөн. Тәулсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ поэзиясы да дағдарысты кезеңді бастан өткерді. Тек мерзімді баспасөзде, теле-радио арналарында ғана ақындардың үні құлаққа еміс- еміс естілді. Тоқсаныншы жылдардың орта тұсынан бастап шыққан жыр жинақтарында тәуелсіздіктің тыныс - демі сезіле бастаған. Оны біз идеялық - танымдық деңгейде жүйелеп (мәселен, тәуелсіздік тақырыбының жаңа мазмұнында көрініс табуы, идеялық-көркемдік ізденістердің өмір шындығынан өрбуі, тіл тағдырының толғантуы, мемлекеттік нышандардың жыр арқауына айналуы, т.б.) Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты қазіргі қазақ поэзиясында алдыңғы буын ақындары тоталитарлық тәртіптің қысымымен айта алмаған тақырыптық желілі ер тақырыптық желіліер (ұлттық сананы ояту сезімі) бой көтерді. Ұлттық мінез ақындық тұлға арқылы ұлтжандылық, терең ұлттық мазмұн айқын көрінеді. Ұлттық мінездің динамикасы, тарихы халық тарихымен байланыстыра жырланады. Ақындар өлеңдерінде сыншылдықтың басымдылығы анықталды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғам мен адамға түскен ауыртпалықтың сырын ашып, қазіргі қоғамдағы жастардың басына түскен түрлі әлеуметтік мәселелер ақындардың поэзиясында көрініс тапқан. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет үшін ең қиын мәселе жалпы әдебиет қоғамға керек пе немесе қажетсіз бе деген екіұшты ұғымды бірізге түсіруден басталғанын білеміз. Қоғамдық ортада материалдық қажеттіліктер алдыңғы қатарға көтерілген уақытта, рухани құндылықтардың мәні төмендей түскені анық. Қоғамда қалыптасқан әлеуметтік психологияның шығармашылық иесіне әсері. Сонымен қатар әдебиеттің дамуына сыртқы және ішкі факторладың әсер еткенін білеміз. Бұл ретте қоғамдық қоршаған ортаның маңызы өте зор. Сыртқы факторлар ретінде ата-бабамыз ертеден аңсаған егемедік, азаттық. Ал ішкі факторлар олар саяси-әлеуметтік жағдайдың тұйыққа тірелуі, адамдардың, соның ішінде шығармашылық субъектілерінің өздерінің әлеуметтік жағдайларының нашарлауы тәуелсіздіктің ішкі жағындағы кедергілерді көрсетсе керек. Ақындармыз сыртқы факторларды сіңіре отырып, олардың трансформациялануы арқылы жаңа туындыларды дүниеге әкелді. Осыдан барып жалпы поэзиялық шығармаларды жайлаған мұңлы сарын, қиналыс пен күйзеліс, қатулы қабақкүй пайда болды. Мысалы: Б. Алдиярдың
Тағдырымның ап-ащы тамшылары,
Терезесін жанымның сан шылады.
Қоғамды адам, адамды қоғам алдап,
Жорамалдап күн кешу таңсық әлі.
Мұқтажық пен толса өмір мұңға,
Мойын бұрар өлең мен кім ғазалға?!
Көк бөрідей тараған көркем халық,
Ертең барып тұра ма құлбазарға [14, б. 17] Ақындардың тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі қоғамда көрініс алған әлеуметтік тұрмысты, ұлт тағдырын, халық жағдайын баяндайды Аталған өлеңнен ақынның азаматтық тұлғасы мен позициясы айқын көрінеді. Қоғамның мұндай ашық сипатты суретін жиырмасыншы ғасырдың басындағы алаш ардақтыларының жазып қалдырған шығармаларынан көреміз. Өткен ғасыр басындағы қазақ зиялылары төңкеріске дейін және одан кейінгі халық өмірінің барлық тұсын ашық айтуға тырысты. Жастар поэзиясындағы әлеуметтік тақырыптардың бірі - баспана. Бұл тақырып қоғамдағы ең өзекті мәселе болып табылады. Баспана тақырыбына байланысты өлеңдер жас ақындардың шығармаларында көп кездестіреміз. Б. Алдиярдың тас көшелер, тас тұлғалар, тас үйлер деген әлеуметтік- философиялық реңктегі тосын тіркестер қоғамдағы суықтық, қаталдықты көрсетсе, А. Исаділ Қай бұрышта тұрмадым пәтер жалдап, Тар көрпеде қалайша көсілемін [15, б. 17] деген теңеулері әлеуметтік өмірдің ең бір өзекті мәселелеріне, қоғамның рухани келбетін шамалауға сыншылықфилософиялық тұрғыдан келді. Бұл ақындардың өз қоғамын саяси-рухани нормаларын терістеу философиясы өлеңдеріндегі сыншылдық пафосқа нұсқанын тигізе алған жоқ. М. Райымбекұлы Муза өлеңінде [16, б. 18]: Басса да жер дүниені көшкін мейлі, Сен ғана өлмейтін де, ескірмейтін. ...Құдай мен Құраннан соң бір өзіңсің, Тұрмайды басқа нәрсе тырнағыңа, - деп шарықтаған жолдар бар. Ақын Музаны ұлықтайды, жырлайды. Өйткені, Муза- ақын жанының жыр-күші. Маралтайдың да алғашқы сезімінен сыр шертетін Алғашқы сезім [17, б. 18] (Гүлбануға) өлеңінде махаббаттың ұлы құдіреті қарапайым һәм әсем жеткізіледі. Мен сен үшін батыр болғам сол кезде, Мен сен үшін ақын болғам сол кезде деген жолдар бар. Расымен де махаббат не істетпейді. Сонымен қоса:
...Өзгелермен ойнай қалсаң қызғанып,
Өтуші еді жүрегімді мұз қарып.
Бар баланың мұрнын бұзғым келетін,
Қызғаныштан туып кейде қызбалық. Бұл өлеңдерінде ақын өз балалық шағымен байланыстырады, екі кезеңді де, Кеңес дәуірін де, Тәуелсіздік шағын да көрген ақын жыры. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, қоғамдағы болған әлеуметтік, саяси, мәдени өзгерістер қазақ поэзиясына үлкен серпіліс әкелді. Тәуелсіздік жылдар деп аталатын кезеңнен басталған жаңаша пайымдаулар рухани түлеудің жаңа бір кезеңі болды да, қазақ әдебиетінде көркем ойлаудағы жаңа ұстанымдарды алып келді. 1991-2010 жылдар көлемінде қазақ поэзиясында әлемдік өзгерістер мен қоғамдағы қайшылықтар, атап айтар болсақ, саяси, әлеуметтік-философиялык, рухани психологиялық мәселелер түрлі формада көрініс тапты.
Тәуелсiздiк жылдары қазақ ақындары өлең өлкесiнiң өрелi жанры - поэмаға құлаш ұруын үдете түстi. Ел көгiнде желбiреген азаттық туы қазақ ақындарының шабытына шабыт қосты. Поэма жанрының әр дәуiрдегiдей, ең басты көркемдiк ерекшелiгi бұл жылдарда да айқын көзге шалынады. Ақын атаулының бәрi де өз туындысында өзi өмiр сүрген заманның ең үлкен де ауқымды мәселесiн жырлауды басты нысана етiп ұстайтыны аян. Тәуелсiздiк жылдарында да қазақ поэмаларында қазақ қоғамындағы ең өзектi, көкейкестi мәселелердiң көркем суретке айналғанын байқалады. Қазақ халқына тәуелсiздiктiң аса жеңiл жолмен, көктен оп-оңай түсе қалмағаны тарихи ақиқат. Тәуелсiздiкке ғасырлар бойғы ерлiк күреспен, шиеленiскен тартыспен халықтың әрең дегенде қолы жеттi. Мiне, бұл тарихи ақиқатты эпик ақындар өз шығармаларында басты көркемдiк нысана етiп ұстағаны бiрден көрiндi. Атап айтқанда, ХХ ғасырдың аяқ тұсындағы 1986 жылғы қазақ жастарының орыс империясының отаршылдық озбырлық саясатына қарсы қаһармандық күресiне арналған шығармалар эпикалық жанрда, соның iшiнде поэмада да пайда болды. Бұл ретте атап айтуға тұрарлық көркем туындылар: ақындар Асқар Егеубаевтың "Желтоқсан", Зәбира Сүлейменқызының "Желтоқсан ызғары", Несiпбек Айтұлының "Мұқағали - Желтоқсан" атты дастандары. Бұл поэмалар сюжеттi шығармалар емес. Олар жанрдың лирико-публицистикалық саласына жатады. Аталған поэмаларында ақындар сол жылғы (1986, 17-18 желтоқсан) қазақ халқының басынан кешкен қанды қырғынды айқын бейнелеп бердi. Азуы алты қарыс қарулы әскердiң қазақ жастарын аяусыз басып-жаншығанын шынайы шындыққа сәйкес дұрыс суреттедi. Қолында ешбiр қаруы жоқ жас жiгiт, жас қыздардың әдiлетсiздiкке, дүлей зұлымдыққа қарсы ерлiк күресiн биiк шабытпен толғады. Қазақ жастарының қаһармандық тұлғасы осы поэмалардан айқын көрiнедi. Сондықтан да, Асқар Егеубаев, Зәбира Сүлейменқызы, Несiпбек Айтұлының аталған туындыларын тәуелсiздiк жылдарындағы эпикалық жанрдың елеулi жетiстiстiгi деп таныған жөн.
Тіл - ұлттың жаны деген Ахмет атамыз. Сол жанымыз бүгінде жаралы боп, тәнімізден ажырап бара жатқандай. Қазақ қоғамының үлкен дерті де, мәселесінің бірі де бірегейі осы - тіл болып отыр. Ащы да болса шындық өз елінде өгейдің күйін кешкен ана тілі ардақталудан қалып барады. Ұлтына жаны ашитындар мүмкіндіктерінше күресіп бағуда. Мұндайда ақынның да үнсіз қалуы мүмкін емес. Қазіргі қазақ лирикасында ана тіліміздің мәселесін сөз еткен өлеңдер көптеп жазылуда. Жалпы тіл мәртебесін көтеруге орай арнайы мүшәйраларда ұйымдастырылып жүр. Міне, тәуелсіздік алып, тайраңдап жүрсек те, тіліміздің мерейін үстем ету жағынан әлі да сана тәуелділігінен арыла алмай келеміз. Осы жағынан қарағанда жастар поэзиясында Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Ардақ Нұрғазы, Тоқтарәлі Таңжарық, Ұларбек Нұрғалым, Қуаныш Дәлей, Гүлманат Әуелхан, Ықылас Ожай, Ырысбек Дәбей, Серік Боқан, Азамат Тасқараұлы сияқты ізденіс үстіндегі бір топ жас ақын сол бір соны соқпақтарға түрен салғысы келетіндігімен қуантады. Міне, осылайша Тәуелсіздік жылдарында ақындардың қалам тербейтін тақырыптарының енді біреуі тіл тақырыбы болды.
Тәуелсіздік кезеңіндегі ақындардың тіл тағдырына жан ауыртқан ерекше бір себебі дәл сол уақытта қазақ тілі өзінің табиғи қалпын жоғалта бастап еді, бейнелі түрде айтсақ шұбарлану үдерісін басынан кешіп жатты. Осы мәселеге жаны қиналып, бар құбылысты нәзік жүрегімен сезінген ақындар тілбұзарларға жалынды жырлары арқылы тосқауыл бола білді.
Қазақ даласында ол кезде шешімін күткен саяси-әлеуметтік мәселелер де аз болған жоқ. Ұлт зиялыларының қабырғасына батқан жағдай ол ең алдымен отаршылдықтың езгізінің сарқыншағы әлі де сақталуы еді. Халықты азаттығынан, сөз бостандығынан - ай - ыру қасіреті. Мұндайға жаны шыдап тұра алмаған сияқты от тілді, орақ ауызды ақындар елімізде әлі күнге дейін бар отаршылардың жымысқы әрекетіне қарсы күрес жүргізіп, ұлттың амандығы жолында бастарын бәйгеге тікті. Ақындардың халық тағдыры үшін шын күйзеліп жазған жырлары сол кездегі саяси жағдайдан хабардар етіп, көз алдыңа небір қиындыққа толы суреттерді келтіреді. Ақындардың әсіресе тіл туралы толғаныстары, тілді қорғау жолындағы азаматтық, күрескерлік рухы заман болмысымен шынайы үндестік тапқандай әсер қалдырады. Ана тіліміздің жайы ұлт зиялылары айналып өтпеген өзекті мәселенің бірегейі әрі бастысы болды десек, қателеспеспіз. Өйткені ұлтты біріктіретін, халықты сақтап қалатын да туған тілі екенін сол замандағы көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың барлығы дерлік білгені, ұғынғаны сөзсіз. Ақындардың тіл тақырыбына қалам тербеуі заман мен уақыт қажеттілігінен туған өрелі іс, ұлағатты қадам. Әрине, ақын біткеннің тіл төңірегіндегі ой-пікірлері жалғыз өлеңдерінде ғана емес, ғылыми мұрасында да кездеседі.
Тілдің әлеуметтік-психологиялық, философиялық астарына терең үңілу, себеп-салдарын ашып көрсету ақын шығармашылығына тән үрдіс. Мағжан Абай салған реалистік дәстүрден үлгі ала отырып, ақындар өлеңдерінде ана тілінің өзекті тұстарын сөз етті.
Ол заманда елді, жерді, тілді қорғау ұлтшылдық сипат ретінде қабылданып, сол кездегі бірсыпыра оқымыстылардың өміріне айтарлықтай қауіптің төнгені де рас. Алайда ақындар бойында қасық қаны қалғанша халқының құндылығын, тілін, ділін, салт-дәстүрін жоғары бағалап, осы жолда табанды күрес жүргізе білді. Олардың қаламгерлігіне күш-қуат дарытқан да өздерінің ана тілі, соның қадір-қасиеті еді.
Кез келген ақынды түсіну үшін оның қоғамдық ой-пікірімен бірге біртұтас әлем ретінде танудың мәні зор. Бұл ұлттық сананы оятатын, соған қозғау салып түрткі болатын батыл пікірлерінің астарлы ақиқатына жетуге талпыныс жасау болып саналады. Тілді қайта тану деген сөз автордың сөзіндегі мәнділік бастауларды қайта саралау санамыздың сүзбесінен өткізіп, жаңаша бағамдау деген сөз. Ақындардың тілге арнаған өлеңдерімен қазақ руханиятының өзегі болып табылатын қазақ тілін ұлттық санада жаңғыртып отыруды көздегені анық байқалады. Сондықтан қазақ тілі туралы айтқан қазақ ақындарының ой-пікірлерінің құндылығы жоғары деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz