НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Әзімхан Ардақ Талғатқызы

НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭТНОЛОГИЯЛЫҚ САНА ЖӘНЕ ЭПИКАЛЫҚ ДӘСТҮР

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

«6М011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Алматы, 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

ӘЗІМХАН АРДАҚ ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Педагогика ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін

алу үшін даярланған

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Тақырыбы: НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭТНОЛОГИЯЛЫҚ САНА ЖӘНЕ ЭПИКАЛЫҚ ДӘСТҮР

«6М011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Ғылыми жетекшісі:

ф. ғ. к., қауымд. профессор

Қожекеева Б. Ш.

2019

Норма бақылау ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

Қазақ әдебиеті кафедрасы

РhD доктор Н. Б. Балтабаева

«___» 2019 ж

«___» 2019 ж

Алматы, 2019

Мазмұны:

КІРІСПЕ . . .

1 НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭТНОЛОГИЯЛЫҚ САНА ЖӘНЕ ЭПИКАЛЫҚ ДӘСТҮР . . .

2 НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ БАТЫРЛЫҚ, ҚАҺАРМАНДЫҚ ЖЫРЛАР . . .

2. 1 БАТЫРЛАР ЭПОСЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ . . .

3. НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ . . .

КІРІСПЕ

Жалпы сиппаттамасы: Ноғайлы дәуірі Еуразиядағы кең далада ерекше роль атқарған көшпелі қоғамның дамуында маңызды із қалдырған кезеңнің бірі болып табылады. Ноғайлы дәуіріндегі көшпелі қоғамның, қоғамдық ойының маңызды мұраларының бірі тәуелсіздікке арнау жырлары екендігі белгілі. Патриоттық жырлар осы кезеңде айшықталып, негізін қалады десек артық айтқандық емес. Қазақ әдебиетінің энциклопедиялық анықтамалығында бұл туралы былай делінген: “Ноғайлы аталып, кейін бір-бірінен бөлініп кеткен түркі тайпаларының көпшілігі өздерінің ноғайлы кезінде жырлаған шығармаларын мүлде ұмытқан, не оның ұзын-ырғасын, үзінді жұрнақтарын ғана сақтаған. Ал қазақ атанған ноғайлылықтар сол кездегі мол мұраға ие болып, көпшілік мұрасын жоғалтпай сақтап қалған. Сөйтіп, бұрын ноғайлы әдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі қазақ әдебиетінің қорына қосылып, оның төл әдебиеті боп кеткен.

Бұл күнде бұрын ноғайлы әдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі Қазақ әдебиетінің қорында сақталып, оның төл туындыларына айналып кеткен. Мысалы, «Ер Төстік», «Жиренше шешен», «Алдар Көсе» т. б. ертегі, аңыздар мен «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге», «Қырымның ҚырыҚ батыры», «Ер Жабай», «Ер Шора», «Орақ-Мамай» сияқты эпостық жырлар - сол ноғайлы заманының мұралары. Қазақтың Қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жатады. Ел жадында батырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді. Рулар арасындағы әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпостың жырларында дәріптелмейді. Елін, жерін қорғауға, халықты басқа жұрттың езгісінен азат етуге жұмсалған батырлық қана ерекше ілтипатқа бөленіп, ел жадында қалады. Қобыланды - Қыпшақ елінің, Алпамыс - Қоңырат жұртының, Ер Тарғын - бүкіл ноғайлы елінің намысын қорғаған батырлар. Бір кезде бүгінгі Қазақ, ноғай, Қарақалпақ ноғайлы елі деген жалпы атпен белгілі болған.

Қазақ халқының ауызша жыраулық творчествосының көптеген ескерткіштеріне, әсіресе, ноғайлы циклындағы: «Ер Төстік», «Едіге батыр», «Қарасай - Қази», «Орақ - Мамай», «Ер Сайын», «Шора батыр», «Қазтуған батыр», секілді батырлар жырына да дәл осындай баға берілді. С. Мұқановтың, Ғ. Мүсіреповтің, С. Бегалиннің, Қ. Аманжоловтың, Қ. Әбдіқадыровтың, А. Тоқмағамбетовтің, Ж. Сыздықовтың, Ә. Тәжібаевтың, Ә. Әбішевтің және басқаларының жекелеген шығармалары идеялық жағынан зиянды, ұлтшыл және саяси тұрғыда қате шығармалар ретінде айыпталды. Қазақ әдебиеттану ғылымының ізашарлары М. Әуезовтің, Қ. Жұмалиевтің, Е. Ысмайыловтың, Т. Нұртазиннің, Ә. Қоңыратбаевтың, Ә. Мәметованың еңбектері өткір сынға алынып, оларға феодалдық-рулық құрылысты марапаттады, өткен кезең ақындарының творчествосына таптық емес көзқараста болды деген айып тағылды.

Жұмыстың өзектілігі: Ноғайлы кезеңінің қалыптасу мәселелері мен сол дәуірдегі тарихи қаһармандық жырлардың өзіндік ерекшеліктері туралы сөз болады. Қаһармандық жырлар мен ел тарихының арасында үлкен байланыс жатуы бүгінгі күні үлкен құндылық болып отыр. Жыр арқылы тарихты танимыз. Елдің өз ішіндегі әртүрлі әлеуметтік мәселелер мен қатар сыртқы жаулардан қорғану кезінде ерлігімен танылған батырлықтың озық үлгілерін танытқан батырлар ерлігінің бейнесін көрсеткен жырлардың маңызы зор. Жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Ноғайлы әдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі қазақ әдебиетінің қорында сақталып, оның төл туындыларына айналып кеткен. Ол кезең айрықша қаһармандық дәуір, батырлық кезең. Ноғайлы кезеңіндегі жырлардың ерекшелігі сюжеттерді ширықтыра, шиеленістіре беретіндігінде. Міне, осы тұрғыдан алғанда, қазіргі кезде қоғамдағы рухани негізімізді танып, құндылықтардың орны мен рөлін дұрыс анықтаудың үлкен ғылыми-тәжірибелік мәні бар. Ноғайлы дәуірінде туған ұланғайыр қаһармандық жырлар мен хандық дәуірдегі жыраулардың арнау, толғаулары елді ерлікке, елін сыртқы жаудан қорғауға үндесе, одан берідегі Махамбет пен Жанкісінің отты жырлары мен ел тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін құрбан еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек, Мағжан, Міржақып сияқты айтулы тұлғалар шығармаларының, майданда от кешкен сарбаздардың жігерін жанып жеңіске жетелеген Баубек, Қасым, Сырбай, ұлттың рухани бүтіндігін басты мұрат тұтқан кешегі Жұбан, Жұмекен, Қадыр, Мұқағали сияқты ақындардың өр рухты жырлары мен бүгінгі Фариза Оңғарсынова, Темірхан Медетбек сияқты ақындар шығармаларының да басты ерекшелігі елдің бірлігі мен тәуелсіздігі, ел қорғау мен ерлікті, батырлықты, адамгершілік асыл қасиеттердің негіз етіп алынуында болатын. Құнарлы жердің ғана нәрлі де мол өнім беретіні сияқты қазақ әдебиетінің терең ойлы, мазмұны терең, көркемдігі келбетті шығармаларының жалғастығын үзбей сабақтастық тауып отыруы ежелден келе жатқан рухани құндылықтарды, әдеби дәстүрді жалғастыра білуі дер едік. Қазақ халқының көркем фольклорлық туындылары - дәуірлер сүзгісінен, халқымыздың ой саралау, талғам, қабылдаулардан, көркем сөз зергерлерінің өңдеу, жетілдіруінен өтіп, дәстүрлі жалғастығын тауып біздің дәуірімізге жеткен асыл мұра. Осы мұраларымызда ел іші бірлігін сақтауға, тәуелсіздіктің тұғырлы болуына, Отанды қорғауға, ерлікке шақыратын құнарлы, философиялық ойлар тұнып тұр деуімізге әбден болады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Магистрлік жұмыстың негізгі мақсаты - ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын мәліметтерді контент талдау жасап, келер ұрпақ бойына ұлт құндылығы насихатталған шығармаларды оқытудың жолдарын ашу.

Зерттеудің ғылыми мақсатына жету үшін төмендегідей негізгі міндеттер анықталды:

- Ноғайлы кезеңіндегі жырлардың әдеби негіздеріне шолу жасау, оның әлеуметтік қызметі мен маңызын зерделеу;

- Ноғайлы дәуіріндегі батырлық, қаһармандық жырларды эпикалық дәстүр негізінде қарастыру;

- Ноғайлы жырларын талдау барысында этнологиялық сана көрінісін нақтылау, жүйелеу;

- Ноғайлы дәуіріндегі жырлардың зерттелу жағдайын және бүгінгі таңдағы қолданылу деңгейін анықтап, сараптама жасау.

- Жыр жөніндегі бұған дейінгі айтылған азды-көпті пікірлердің барлығын да жаңаша ғылыми ой-таныс тұрғысынан зерделеу;

- Қаһармандық сарындардың сипатын саралап, оның өзге эпостардан бөлек өрілімін жыр сюжеті негізінде дәлелдеу

Жұмыстың ғылыми жаңалығы Жұмыстың жаңалығы - табан тірер мәдениеттердің эпос материалының молдығында ғана емес, эпостану ғылымының қазіргі теориялық ізденістері мен де өрелесіп отыруында. Нәтижесінде, қазақтың батырлық жырының поэтикалық бітімі уақыт пен кеңістік, сюжет пен көркемдік тәсілдер тұрғысынан көркемдік жүйе ретінде жинақталуы іс жүзінде жұмыстың ғылыми концепциясына ұласады.

Қазақ фольклорының мән-жайы орта мектепте де, жоғары оқу орнында да оқылатыны мәлім. Ендігі жерде оны танып білудің де жолы өзгеруі тиіс деп білеміз. Әсіресе, батырлық жырды таптық тұрғыдан, өлшеп-пішілген «партиялық», «халықтық», «жалған интернационализм» шеңберінің ішінде ғана сөз етудің, сөйтіп талай-талай эпостың осы өлшемге сыймай қалуының қазір күні өтті.

Байыптай түссек, қазақ эпосын үзіп-жұлқып сөз етудің тәжірибесі енді оны тұтас игеруге, ұлттық нақышын терең тануға ұласуы қазіргі қажеттіліктен туындап отыр. Бұл тұрғыдан келгенде батырлық жырлардың көркемдік шежіресі, халық тарихымен ара қатысы, өнер ретінде даму жолы, ұлттық және жалпы типологилық белгілері ауыз әдебиеті туралы оқулықтардан да орын алуы қажет-ақ.

Қазақ эпосындағы «ноғай дәуірі», толып жатқан рулар мен тайпалардың атаулары, батырлардың үнемі жеңіске жету себептері, жырдағы «бұрынғы өткен заманның» өз бойына халықтың тарихын, мұң-мұқтажын, алдын күткен арман-тілектерін жинақтайтындығы анықталып отыр және осындай сауалдарды ендігі жерде оқулықтарда жауапсыз қалдырудың жөні жоқ.

Магистрлік жұмыс белгілі бір дәрежеде осындай практикалық мәні бар сауалдарға да жауап береді. Оның үстіне «Қазақ эпосының поэтикасы» деген тақырып жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде де арнайы курс ретінде оқытуға әбден лайық. - табан тірер мәдениеттердің эпос материалының молдығында ғана емес, эпостану ғылымының қазіргі теориялық ізденістері мен де өрелесіп отыруында. Нәтижесінде, қазақтың батырлық жырының поэтикалық бітімі уақыт пен кеңістік, сюжет пен көркемдік тәсілдер тұрғысынан көркемдік жүйе ретінде жинақталуы іс жүзінде жұмыстың ғылыми концепциясына ұласады.

Ал енді осындай ізденістің мән-маңызы қандай болмақ? Бұл сауал, сөз жоқ, магистрлік диссертациясының практикалық қызметімен тығыз байланысты.

Жұмыстың нысаны мен деректемелік негізі . Магистрлік жұмыс жырдың Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген басылымдарына, Қазақстан Республикасының ОҒҚ мен М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба қорларында сақтаулы нұсқаларына, түрлі (ғылыми, ғылыми-көпшілік, көп томдық) жинақтарда басылған жарияланымдарына, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архив материалдарына негізделді. Аталған қолжазба қорларында әлі де ғылыми айналымға түспеген материалдар пайдаланылды.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы . Диссертация жазубарысында әдебиеттану мен фольклортану ғылымында іргелі зерттеулер жүргізген отандық жетекші ғалымдардың, сонымен қатар орыс зерттеушілерінің теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.

Тақырыпты игеру барысында М. О. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, А. Орлов, М. Ғабдуллин, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Ә. Қоңыратбаев, Н. С. Смирнова, Р. Бердібаев, М. Ғұмарова, С. Қасқабасов, С. Садырбаев, Т. Сыдықов, Ш. Ыбыраев, Б. Абылқасымов, Б. Әзібаева, Т. Қоңыратбаев, т. б. зерттеушілердің еңбектері ғылыми-әдістемелік бағдар берді.

Жеке батырлық жырларын қарастырған М. Ғабдуллин мен О. Нұрмағамбетованың («Қобыланды батыр»), Т. Сыдықовтың («Алпамыс»), Д. Есенжанованың («Қарасай-Қази»), Е. Мағауиннің («Едіге»), А. Тұрғанбаевтың («Орақ-Мамай»), А. Мамытов пен Б. Қорғанбековтың («Шора батыр») монографиялары мен зерттеу жұмыстары зерттеу жұмысымызда бағыт-бағдар айқындауға көмегін тигізді. Сондай-ақ зерттеуінде үш-төрт классикалық жырларды қарастырған Қ. Бұзаубағарованың, Б. Айтбаеваның диссертациялық жұмыстарын атап кету қажет.

Жұмыстың мақсаты мен міндетіне байланысты тарих, этнография, әдебиеттану, тіл білімі ғылымдарының жетістіктерін таяныш еттік.

Зерттеу әдістері. Жұмыста сипаттау, тарихи-салыстырмалы, типологиялық, талдау, жинақтау, қорыту әдісі қолданылды.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс үш тараудан және оның мәнін ашатын тараушалардан тұрады.

1 НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭТНОЛОГИЯЛЫҚ САНА ЖӘНЕ ЭПИКАЛЫҚ ДӘСТҮР

Ноғай аталған халықтың негізін монғол жаулаушыларының құрамында болған рулар қалыптастырған. Олар жергілікті Қыпшақ тектес елдермен араласып, уақыт өте келе жеке халық ретінде дүниеге келген. Ноғай Ордасы ХІІІ ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. «Ноғай», «ноғайлықтар», «Ноғай Ордасы» деген терминдер алғаш рет ХVІ ғасырдың басында ғана пайда болды. Ноғайлықтар өздерін маңғыт деп, ал өз ұлысын - «Маңғыт жұрты» деп атаған. Оларды көрші халықтар осы атымен білген. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданың уақытша билеушісі түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді. Осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы шыққан [1, 188- 189 бб. ] . ХVІ ғасырдың екінші жартысында Қазан және Астрахань хандықтарының Ресейге қосылғанынан кейін, Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырады, оның ыдырау үрдісінде халықтың бір бөлегі қазақтың кіші жүзінің құрамына енді. Ноғайлар мен қазақтар аралас-құралас отыра берген. Өзара туыс екі Орда - ноғайлар мен қазақтардың бірге көшіп жүрген уағын «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» алтын заман ретінде бағалайды Шоқан. Қазақстан Ғылым Академиясы орталық кітапханасының Қолжазба Қорындағы «Мұрын жыраудың өмірбаяны және қысқа өлеңдері. Көкше батыр» қолжазбасында мынадай мәлімет беріледі: «Ноғайдың әуелі келіп жайлаған жері Әз Жәнібек ханның Астраханнан келіп орын алуымен ноғайлар да осылай қарай өте бастады. Әз Жәнібектен бұрын бұның алдын қалмақ иеленіп қалып бермеген, сонан ноғайдың ерлері қалмақты бостырған. Ноғайдың тарауы үшке бөлінеді: 1) Қарақыпшақ ноғай, оларға: Қобыланды батыр жатады. 2) Қырымды ноғайға жататын: Ер Көкше, Ер Қосай, Айсанның ұлы Ахмет, Ақжонас ұлы Ер Кеңес, Асанқайғы, Ер Абат, Қарға бойлы Қазтуған, Нәрік ұлы Шора, Шынтас ұлы Төрехан т. т. Шер куртты ноғайға жататындар: Алатайлы Аңшыбайдың тұқымы Мұраттың маған айтуы осы» [2, 3 б] . Жалпы ноғай Ордасының қазақ хандықтарының қалыптасуына үлкен әсері болған. Қарақалпақ халқы да осы Орданың құрамына кірген халықтар негізінде пайда болды. Бүгінгі таңда Солтүстік Кавказда осы орда құрамына кірген құмық, балқар, қарашай халықтары тұрады.

Бұл күнде бұрын ноғайлы әдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі Қазақ әдебиетінің қорында сақталып, оның төл туындыларына айналып кеткен. Мысалы, «Ер Төстік», «Жиренше шешен», «Алдар Көсе» т. б. ертегі, аңыздар мен «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге», «Қырымның ҚырыҚ батыры», «Ер Жабай», «Ер Шора», «Орақ-Мамай» сияқты эпостық жырлар - сол ноғайлы заманының мұралары. Қазақтың Қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жатады. Ел жадында батырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді. Рулар арасындағы әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпостың жырларында дәріптелмейді. Елін, жерін қорғауға, халықты басқа жұрттың езгісінен азат етуге жұмсалған батырлық қана ерекше ілтипатқа бөленіп, ел жадында қалады. Қобыланды - Қыпшақ елінің, Алпамыс - Қоңырат жұртының, Ер Тарғын - бүкіл ноғайлы елінің намысын қорғаған батырлар. Бір кезде бүгінгі Қазақ, ноғай, Қарақалпақ ноғайлы елі деген жалпы атпен белгілі болған. Батырлық жырларындағы Қазақтың негізгі жаулары - Қызылбастар, Қалмақтар. Қызылбастар - түркі жұрттары сонау ерте заманнан қақтығысып келген Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы иран тектес халықтар да, Қалмақтар - жоңғар-моңғол тектес халық. Ноғайлы дәуірі әдебиеті туралы алғашқылардың бірі болып Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырда сөз еткен еді. Ол өзінің еңбектерінде Қазақтың батырлық эпосы Ноғай ордасы заманында туған деп тұжырымдайды [3, 138 б. ] . Ол Торғай даласынан «Ер Көкше», «Едіге», «Орақ» жырларын жазып алады.

Кейіннен Сәкен Сейфуллин осындай жағдайларды ескере келіп, эпикалық аңыздауларға «Ноғайлы дәуірінің туындылары» деп сипаттама берген [4, 138 б. ] Қазақтағы батырлар жырының дені «Ноғайлы дәуірінде туды» дей келе, пікірін дәлелдеу үшін сол дәуір жайында тарихи деректер келтіреді. Сонымен қатар жырлардың Ноғайлы дәуірінде туғандығын көрсету үшін бірнеше жырдан («Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қамбар батыр», «Ер Сайын», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Жабай батыр» т. б. ) сөзіне дәлел ретінде үзінділер алады. Сәкен еңбегінде қазақта эпостық жырлар тек «Ноғайлы дәуірінде» туған деген пікір баса айтылады [4, 161 б. ] .

Ноғайлы әдебиеті туралы пікір айтқан тағы бір ғалымымыз Қ. Жұмалиев қазақ эпостарының жасалыну жолдарын ХІV-ХVІ ғасырлардағы Алтын Орда дәуірімен байланыстырған Шоқан Уәлиханов пікіріне сүйенеді. Оның: «Қазақ, қырғыз, өзбек, ноғайдың ауыз әдебиеттерінің бір түрі батырлар туралы жырлар. Бұл жырлардың көбі Алтын Орда дәуірінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда бұл жырлар ХІІІ ғасырдың ақырында, ХV-ХVІ ғасырларда жасалған сияқты» [5, 10-11 бб. ], - деген пікірін дәлелге келтіреді.

"Алаштан Қазақ тараған, Ноғайлыға қараған. Ноғайдан Қазақ бөлініп, үш жүз болып тараған" деген сөз қалған. Осы себептерден де Ноғайлы дәуірінің жырлары Кіші жүз ішінде көп сақталған. Ғалымдар Қырық батыр немесе - Ноғайлы жырларының сақталып, бүгінге жетуіне негізінен адай жыршыларының еңбегі зор дегенді айтады. Мұрын -Алатайлы Аңшыбай ұрпақтары, - Қарадөң ұрпақтары және - Құлыншақ, -Ақжонасұлы Ер Кеңес, - Жаңбыршы, - Телағыс, - Оғыз батырларды Нұрым Шыршықұлынан, - Қыдырбай ұрпағы Қобыланды, - Шынтасұлы Төрехан, -Әмет батыр, - Алау батыр, - Ер Көкше, - Ер Қосай, - Асан Қайғы, - Абат батыр, - Тоған батыр, - Манашы батыр, - Тұяқбай батыр, - Айсаұлы Ахмет, -Қарғабойлы Қазтуған, - Көрұғлыны Қашағаннан үйрендім деген. Бұлар Сыпыра жырау мектебін жалғастырушылар еді. Қазақтың «Қарасай - Қази», «Шора батыр», «Қырымның Қырық батыры», т. б. эпостанушылардың пікіріне Қарағанда, ноғайлы елінің ыдырап, жеке-жеке жұртқа бөлінген дәуірінде (XV ғасырдың соңы) туған жырлар. Жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол Қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Сөйтіп Қаһармандық эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі Қызметін атқарады. Қаһармандық жырлардың өзіне тән ерекшеліктері төмендегі тізбеден көрінеді: жорыққа аттану, батырлардың белдесуі, жекпе-жек, жеңіспен елге оралу, жаудан елін азат ету, бәскелестерді, құлдарды жазалау түрінде болып келеді. Ол кезең айрықша Қаһармандық дәуір, батырлық кезең. Ноғайлы кезеңіндегі жырлардың ерекшелігі сюжеттерді ширықтыра, шиеленістіре беретіндігінде. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті, негізінен екі түрлі арнада дамыды: бірі ауыз әдебиеті, екіншісі қаһармандық мазмұндағы эпос үлгілері. Ноғайлы дәуіріндегі Қаһармандық жырларының өзіне тән ерекшеліктері болды. Қаһармандық жырлар мен ел тарихының арасында үлкен байланыс жатуы бүгінгі күні үлкен құндылық болып отыр. Жыр арқылы тарихты танимыз. Елдің өз ішіндегі әртүрлі әлеуметтік мәселелер мен қатар сыртқы жаулардан қорғану кезінде ерлігімен танылған батырлықтың озық үлгілерін танытқан батырлар ерлігінің бейнесін көрсеткен жырлардың маңызы зор. Бұл ретте ғалым У. Әзібаева: «Екі мың жылдан астам тарихы бар Қазақтың қаһармандық эпикалық дәстүрі - күрделі әрі кең ауқымды құбылыс. Мәні жағынан біртұтас десек те іштей өзгешеліктері жоқ емес. Қаһармандық жырларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: 1) Қазақ эпосының классикалық үлгілері, яғни жекелеген ру-тайпалардың тәуелсіздігі мен тыныштығы үшін күресетін, ешқашан жеңілмейтін батырларды жырлайтын шығармалар; 2) Қазақ Қаһармандық эпосының құрамындағы ноғайлы циклы, яғни жеке ру-тайпаның емес, жалпы ноғайлы жұртының батырларын жырлайтын шығармалар. Бірінші топқа «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» эпостары жатады - деп нақтылайды [ 6, 5 б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қырымның қырық батыры жыры және Мұрын жырау
Ноғайлы дәуіріндегі жырлардың тілдік ерекшеліктері
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
«Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің зерттелуі, тарихи орны
Ә.Қоңыратбаев - фольклортанушы
Ноғайлы әдебиеті
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Батырлық жырлар, батырлар жыры
Қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдер
Доспамбет жыраудың толғаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz