Әңгіме кейіпкері көсем бейнесі бұлдыр


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыс көлемі -63 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер саны - 30.

Аңдатпа: Дипломдық жұмыста Рахымжан Отарбаев пен Думан Рамазан әңгімелеріндегі көркемдік ізденістер, соның ішінде ұлттық идея мәселесі қарастырылды. Жaзушылардың танымындағы «ұлт», «ұлттық идея», «ұлттық мiнeз» кaтeгоpиялapының нeгiзгi пapaмeтpлepi aйқындалды.

Тірек сөздер: ұлт, ұлттық идея, ұлттық құндылық, ұлттық характер, отбасы құндылығы.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері : Дипломдық жұмыcтың нeгiзгi бacты мaқcaты Рахымжан Отарбаев пен Думан Рамазан әңгімелеріндегі ұлттық идея мәceлeciн көpкeмдiк-эcтeтикaлық кaтeгоpиялap контeкciндe қapacтыpу. Cуpeткep peтiндe Рахымжан Отарбаев пен Думан Рамазанның шығармашы-лығындағы хикaят, әңгiмe жaнpындaғы шeбepлiктерін aйқындaу; көpкeм шығapмaлapының cтилдiк мәceлeлepiнe тоқтaлу, шығapмa поэтикacы мeн көpкeм тiлi дe зepттeудiң ныcaнacынa aлынды; cол apқылы ұлттық тaнымның aшылу epeкшeлiгiнe зep caлу;

Жaзушы хикaяттapының жaнpлық тaбиғaтын, тaқыpыптық-көpкeмдiк мaзмұ-нын aшу;

Рахымжан Отарбаев пен Думан Рамазан шығapмaлapының көpкeмдiк қуaты, көpкeм бeйнeлepдiң cомдaлуы жәнe ондaғы «хaлықтық» пeн «ұлттық» кaтeгоpиялap epeкшeлiгi хикaяттapдa қaлaй көpiнic тaпқaн, оcы epeкшeлiктepiн aвтоp қaлaй aшa бiлгeн дeгeн, екі қаламгерге ортақ қандай туындылардың болғаны жайлы мәceлeлep зepттeудiң нeгiзгi мaқcaты болaды.

Жaзушылардың көpкeмдiк жүйeciндeгi «ұлт», «хaлық», «ұлттық идея», «ұлттық мiнeз» кaтeгоpиялapының нeгiзгi пapaмeтpлepiн aйқындaу;

Әдебиеттану ғылымындағы баяндау теориясын жаңа аспектіде нарра-тология ғылымы ұстанымдарымен зерделеп, барлық ізденіс бағыттарын жи-нақтап, Р. Отарбаев пен Д. Рамазан әңгімелеріндегі тарихи және заманауи тақырыптардағы туындыларының көркемдік-эстетикалық табиғатын таныту. Постмодернизмнен кейінгі парадигманың көркем мәтіндердегі нарративті стратегиясының мағыналық-құрылымдық ерекшелігін зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- қазіргі шығармалардағы баяндау саласындағы нарративті стратегия санатының теориялық талдауын жинақтау;

- қазіргі әдебиеттегі нарративті стратегияларды постмодернизмнен кейінгі үрдістің аспектісінде қарастыру;

- автордың көркем мәтін құрудағы ролі, атқаратын қызметінің әр тараптылығын ашу; автор мен бейне жасау, автор мен баяншы қатынастарын айқындау;

- қаламгерлердің көркемдік әлемін, жазушылық шеберліктерін, жазу машығын, тақырыптық-жанрлық, мазмұндық-құрылымдық ізденістерін дәй-ектеу;

- мәтін мен дискурс жайлы ғылыми әдебиеттердегі түрлі анықтамаларды талқылап, әдеби дискурстың түпкілікті мәнін айқындау;

- көркем мәтіннің сапалық деңгейінде автор - кейіпкер - оқырман қатынасының жаңа қырларын ашу;

- ұлттық әдебиеттанудағы бұрынғы-соңғы тұжырымдарды жүйелеп, олардың жаңа аспектімен байланысын, үндестігін саралап, баяндау теориясы бойынша жүйелі сабақтастықты таныту;

- баяндау қызметінің пішіндерін көркем мәтін арқылы айқындау.

Зерттеу әдістері: Рахымжан Отарбаев пен Думан Рамазан шығapмaшы-лығындaғы ұлттық идея мәceлeлеріне тapихи-тaнымдық жәнe көpкeмдiк-эc-тeтикaлық кaтeгоpиялap контeкciндe қapacтыpa отыpып, cуpeткepдiң ұлттық cтилiнe нaзap aудapдық, зepттeугe объeктi peтiндe aлынғaн мәceлeнi қapacтыpу бapыcындa жүйeлi-caлыcтыpмaлы әдicтepдi бacшылыққa aлдық. Оcы әдicтep aяcындa Р. Отарбаев пен Д. Рамазанның пpозaларын, ондaғы хикaят жaнpын зepттeудeгi нeгiзгi ныcaнa - ұлттық жәнe хaлықтық кaтeгоpиялapын, cондaй-aқ, ондaғы ұлттық идея һәм ұлттық мінез мәceлeciн, тұтac ұлттық әдeбиeт контeкciндe қaлaй aшылғaн, cоны шығapмa aяcындa aйқындaу;

Практикалық қолданысы: Рахымжан Отарбаев пен Думан Рамазан - қазір-гі қазақ прозасында қоғамдағы ең өзекті мәселелерді көркем шығармаға дер кезінде арқау еткен аз жазушылардың бірі. Көркем туынды оқырманға эстетикалық ләззат сыйлаумен қатар тәрбиелік мән беретінін ескерсек, Отарбаев пен Рамазан шығармаларын мектеп бағдарламасына енгізу арқылы келер ұрпақ бойына «ұлт» ұғымын дарытып, ұлттық құндылықтарды наси-хаттап, ұлттық мүдде аясында жас ұрпақты өрелі етіп тәрбиелеуге өзіндік әсері бар.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлім-нен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1. Р. ОТАРБАЕВ, Д. РАМАЗАН ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ.

1. 1. АВТОР, КЕЙІПКЕР, ОҚЫРМАН.

Көркем мәтіннің сапалық деңгейіне үш нәрсе: туынды иесі - автор, әрекет иесі - кейіпкер, туындыны тұтынушы - оқырман қатысы. Яғни, мәтін тікелей адамға қатысты дүние. Осыдан келіп туындының әлеуметтілігі туады. Мәтіннің әлеуметтік сипаты белгілі бір кезеңмен, уақытпен, дәуірмен және қоғамдағы әлеуметтік құрылыммен байланысты болады. Автор мен кейіпкер арасындағы басқа да түрлі байланыстарға зерттеушілер ерекше назар аударуды жөн деп санайды. Сондай-ақ, автордың «екіге жарылуы» көптеген әдеби-көркем шығармалардың басты ерекшелігіне айналғанын да білеміз.

Кейіпкер, өзімізге белгілі, көркем шығармада әрекет ететін тұлға, ол кейде оқиғаға тікелей қатысады немесе эпизодтарда ғана көрінуі мүмкін. Әдеби туынды құрылымындағы аса маңызды көркемдік - бейнелілік функциялардың дамып, жүзеге асуына өз ықпалын тигізеді. Көркем шығарма кейіпкері белгілі бір әлеуметтік яки табиғи ортада әрекет ете отырып, өзінің айналасындағы адамдарды және олармен қарым - қатынасты оқиғаға араластырады.

Думан Рамазанның көркемдік әлемі романтизм мен реализм, натурализм мен сентиментализм, модернизм мен сюреализмнің өте күрделі бірін-бірі жоққа шығарып, әрі толықтырып, әрі өзгеріске ұшыратып отыратын эстетикалық тенденцияларының синтезінен тұратын постмодер-низмнің прозадағы ұлттық этолоны. 2000 жылдардан бастап оның прозасы бейреалды бастау көзге бірте-бірте ие бола түсті. Думанның сан тарапты эпигондық еліктеу-солықтаушылықтан ада өзіндік авторлық стилі мен қаламгерлік бағыт-бағдарын танытатын әдеби ізденістерінің қорытындысына баланатын «Көш» әңгімелер жинағы жазушының жаңа ғасырдың 10 жылды-ғын қалай еңсергенін толыққанды аңғартып, шығармашылық ізденістері тура-сында өз оқырмандары алдында жазушылық есеп беруі болып табылады. Ол өзі ұнатқан туындыларын авторлық қалауы бойынша өте сәтті және біршама сәтті деп шартты түрде бөліп шығарма мәтінінің тінінен кезек-тестікпен орын бергені көрініп тұр. Сондықтан да біз, жазушының осы топтастыруымен келісіп, барлық әңгімелерін жіпке тізіп тізбектеп шығудан бойды аулақ ұстай отырып, тек қаламгердің қазақ оқырманына нені айтпақ болғанына, нені емеуірімен сездірмек болғандығын әдебиет назариятшысы ретінде жұрт құптайтын, не жоққа шығарып келіспейтін таптаурындықтан жаңашылдығы басым әдеби теориялық таным-түсінік негізінде ой жүгіртіп, өз пікірімізді білдіреміз. Және Думан Рамазан шығармашылығы турасында елдің бәрі ден қоятын бірден бір ақиқат, бірден бір дұрысты соңғы сөзді түгесе айтып отырмыз деген ғылыми күмәнді пікірден аулақпыз. Реалдылық пен фантазияның өзіндік айшыққа ие синтезі жазушының жанр, құрылымдық және сюжет түзуші принципіне айналды.

Жазушының осы жинаққа енген «Көш» [1], «Жатбауыр» [2], «О дүниедегі кездесу» [3] т. б. әңгімелерінде жоғарыда біз сөз еткен әдеби әдіс кең көрініс тапқан. Осы аталған әңгімелерде реалдылық бір шетке ысыры-лып, романтикалық қос әлемділік (романтический двоемирие) идеясы «өлілер патшалығынан» еніп, «осында» мен «онда» болмысы бір-біріне қарама-қарсы қойылып, жазушы өз оқырманына не шынайы өмір (пәни), не тылсымды тірлік (бақи) турасында тұтасқан түсініктің ұштығын ұстатуға еш тырыспайды, қайта олардың көршілесе өмір сүруін қабылдауға тиісті екендігімізді ұғындырады. Автор ұғындырмасы бойынша денеңді мұздатып, жүрегіңді ұшырып, зәреңді зәр түбіне кетіретін мистикалық күш біздің өмірімізге дендеп еніп қана қойған жоқ, сонымен бірге өз заңдылығын адамдар арасында орнатып та үлгергендігін мәтіндемелік емеурінмен сездіреді [4] .

Қазіргі кездегі прозада автордың, баяндаушының оқырманмен іштарта сөйлесуі, екеуіне ғана белгілі деректі меңзеуі, имплицинттік ақпаратты қолдануы, екеуінің емін-еркін сырласуына әлдеқандай бөгет бар екенін астарлап жеткізуі фатикалық мағынаны күшейту үшін қолданылуда. Сен, мен, біз деген есімдіктерді жиі қолдану да оқырманды мәтінге жақындатудың бір үлгісі екенін біліп қойғанның артықтығы жоқ. Автор пікірі мен оқырман пікірін жарыстыра қолдану, оқиғаның әрі қарайғы дамуын болжалдауда оқырманмен сырласу сияқты амалдардың да коммуникативтік маңызы зор. Көркем мәтіннің белгісіз оқырманға арнап баяндалуы да арнайы байланыс каналы ретінде сирек те болса қолданылады. Ал адресаттың белгілі ұжым, бір топ болуы Шахерезаданың ертегілерінен белгілі, мұндай фатикалық сипат сатиралық монологтарда, мінәжат түріндегі туындыларда жиі бой көрсетеді. Ал әңгімешінің жеке тыңдаушымен сұхбаты түріндегі көркем мәтіннің оқырманға айтары бөлек және оған ықпалы да басқа.

Әдеби шығармадағы автордың атынан сөйлеуге құқы бар персонаждың әрқайсысы өз әлінше оқырман назарын бөлуге қызмет атқарады, өйткені олар автор мен оқырманның арасындағы дәнекер ретінде қабылданады және ол туындының басынан аяғына дейін жалғасуы да таңғаларлық жай емес, мұндай әдіс иелерін актант деп атау қалыптасқан. [5; 114б]

«Бетерадамды» (суперменді) бірінші орынға шығарып, соның төңірегінде оқырманға өз ойын тану жазушының постмодерндік оқырманмен ойынындағы өзін ақтаған әдеби тәсіл екендігі турасында Думан Рамазанның «Көш» әпсанасы осындай ой түйгізеді. Өйткені, Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» романы реалды өмірді тарихи шындықпен қосылта өрілтіп отырса, Думан Рамазанның «Көші» турасында бұлай дей алмаймыз. Онда алаш тарихы түрлі ракруста алынып, мифтендіріліп, сакралданып беріледі. «Ақиқатты тану - өте қиын, ал оны айта білу - одан да қиын» деген автордың қасиетті хадистен алған эпиграфымен келісе отырып, бұндағы «көш» символы сана мен тілге қатысты екіұдай қабылданады да, нақты мәдени қызметі аясында, яғни, қаламгер мен оқырман арасында мәтінді оқу процесі үстінде туындап өмірге келетін ұлттық қарым-қатынас түрінде өзгеше қырынан өріледі. Қабдештің романы көшті көрген ұрпақ бар кезде жазылса, Думанның әпсанасы көшті көрмеген ұрпақ кезінде жазылып отыр. Бірақ көшті көрмеген оқырмандар қаламгердің туындысына ұжымдық, санасыздық арқылы ой жүгірте алады. Бұл арада «көш» архетипі тек қана форматүзуші регулятивтік принцип емес, өзінің әмбебап семантикасы бар. Осы арқылы ой-шыл қаламгердің туындысының ерекшелігін сезінуге мүмкіндік аламыз. Ту-ынды бойындағы архетип бізге жалпыалаштық санасыздықтан ұлттық ұйысуға бастайтын бастау көз болып табылады. [6]

Шығармадағы автор бейнесі дегенде жазушының жеке басын түсінуге болмайды. Көркем шығарманы оны өмірге әкелушіден бөліп тастауға да болмайды. Себебі, жазушының жеке басының ерекшеліктері: өмірі, дүниеге көзқарасы, оқиға құбылыстарға шығармашылық қатынасы оның шығармаларында ізін қалдырады. Шығармадағы «автор бейнесінің» көріну дәрежесі әр-түрлі болады. Кейде ол шығармада барынша «анық көрінеді», яғни шығармадағы болып жатқан оқиға, құбылыстарға автордың көзқарасы, қатынасы анық бейнеленеді. Ал енді ол бірде «жасырынып», кейіпкер бейнесінің «тасасында» қалады. Бірақ олардың қайсысы болсын «автор бейнесін» сипаттайды. Бүкіл көркем туындының баяндау жүйесі автор сөзі, жазушы толғаныстары арқылы айшықты стильдік өрнек табатыны мәлім. Бейнелеу компоненттері: портрет, пейзаж біршама дербестік танытқанымен, бәрібір, қаламгердің объективті, субъективті көңіл-күй ассоциацияларын қамтитын автор тіліне негізделеді. Диалог, ішкі монолог таза кейіпкер сөзіне құрылғанымен де, осы сөз құрылымдарын өмір шындығына теңдес биікте көрсетуге күш салатын жазушы бейнесін жасыра алмайды.

Қазіргі кездегі ғылымда автордың екі түрі көп сөз болады. Бірі - биографиялық автор, яғни көркемдік кеңістіктен тыс тұратын шығарма-шылық тұлға, оның өз өмірі мен тағдыры бар. Екіншісі- көркем мәтіннің ішіндегі, яғни образға, белгіге айналған автор. Авторды мәтіннен тыс тұрған немесе мәтінде көрінетін деп бөлу кездескенімен, мұндай жіктеудің қисыны аздау. Бірақ кейде орынды да болмақ. Сөз өнері тарихында автордың тұлғасы, қызметі мен оларға деген көзқарас өзгеріп отырған. Жырау, жыршы, айтушы, баяндаушы, әңгімеші сияқты ұғымдар шығармашылық еңбекпен кәсіби түрде айналысатын адамдар деп есептелген. Уақыт өте келе көркем мәтінге тікелей жауапкершілікті өз мойнына алатын жеке тұлғалар пайда бола бастаған. Мәтіннен тыс тұрған тұлға мен мәтін ішіндегі автор арасын-дағы байланыстарды күшейту үшін автор ұстанымы, авторлық тұлға, автор-дың идеясы, қаламгер концепциясы, автордың шешімі сияқты ұғымдар қол-данылатыны мәлім. Обьективтік болмыс пен автордың субьективтік еркі ара-сында қайшылық шығармада түрліше көрінеді.

Адамгершілік-құқықтық кеңістікте авторлық құқық, авторлық қолжаз-ба, авторлық мәтін, авторлық аударма сияқты ұғымдар қолданыста жүреді. Қаламгер белгілі бір деңгейде өз кезеңінің әдеби өміріне араласады, яғни басқа шығармашылық тұлғалармен, сыншылармен, баспасөз өкілдерімен, аспагерлермен, оқырмандармен әрқилы қарым-қатынасқа түседі. Ынтымақ-тас, ықпалдас қаламгерлер әдеби топ, үйірме, авторлық бірлестіктер, одақтар ұйымдастырады. Осы факторлардың бәрі жазушының кәсіби біліктілігінің дамуына әсер ететіні сөзсіз, сондықтан авторға қатысты осындай деректер мен мағлұматтарға назар аударып қана қоймай, оларды түбегейлі талдау қа-жет.

Мәтін ішіндегі авторды зертеу үшін ғалымдар автор образы деген ұғым енгізген болатын. Автор образының әр түрлі жақтарда көрінуі де ерекше, дегенмен ортақ үрдістер де бар. Прозалық шығармадағы эпигроф, арнау, алғысөз, соңғысөз, авторлық түсініктеме, түйіндеме авторлық субьективизм-нің анық көріністері болып есептеледі.

Авторлық сананың мәтінді тұтастырудағы қызметіне ерекше мән бере-тіндер авторлық көзқарас, бақылау нүктесі сияқты түсініктерді қолдануға әуес. Кейбір шығармаларда автор образы жартылай кейіпкер, жартылай автор түрінде көрінетіні кездеседі. Түйіп айтсақ, автор образы семантикалық-стил-дік категория ретінде қаралғаны абзал. [5; 45]

Кей шығармаларда автор шығармасының басқа кейіпкерлерімен бір қатарда тұрады, оқиға, құбылыстарға қатардағы кейіпкер ретінде қатысады. Бұндай жағдайда оның мәні, ролі, қызметі басқаша. Мұнда ол шығарманың көптеген компоненттерінің бірі ретінде қаралады.

Автор бейнесі - болмыс пен оқырманды жалғастырушы дәреже. Автор ондай аралық байланыстырушы қызметін атқару үшін, өмірдегі оқиғаларды белгілі бір «нүктеден» баяндауы керек. Ол белгілі бір «нүктеден» кейіпкер-лерінің іс-қимылын бейнелей отырып, өзінің баяндағандарына оқырманның қатысын (қабылдауын) және өзінің қатысын белгілейді.

Кез келген шығармаға автор «көзге көрінбей» қатысып отырады. Оның демі, тынысы, нені қалайтыны, нені қаламайтыны т. б. -бәрі сезіліп тұрады. Бірақ оның «сезілу» дәрежесі барлық шығармада бірдей болмайды. Ол жазушының баяндалып отырған жағдайларға қандай «арақашықтықты» ұстайтынына байланысты.

Сөйтіп, шығармадағы баяндаушы бейнесі - «автор образы» әр уақытта әр шығармада бар образ. Оны мәтінде нақтылай түсетін болсақ, ол - сурет-теліп отырған жайға қатысты белгілі бір көзқарас, принцип, идея. Ол - шығармадағы оқиғадан оқиғаға жетелейтін, кейіпкерлерге сөз беретін, «сөз билігін ұстаушы» сөз иесі.

Ол - жазушының бүкіл қоғамдық-мәдени, эмоциональдық, интелек-туалдық сапа-қасиеттерінің жиынтық бейнесі. Шығармаға өзек болатын өмір құбылыстарын сұрыптап алып, оған идеялық бағыт, бір сөзбен айтқанда, шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнын қалыптастыратын жазушының өз бейнесі - автор бейнесі деп аталады. Сондықтан ол - жалпыланған бейне.

Қазіргі роман, повесть, әңгімелердің объективтік сипатынан гөрі су-бъективті сипатының басым түсіп жататыны, Белинский айтқандай, басты нысанаға оқиғаны емес, керісінше адамды, оның болмысын, сезім иірімдерін, нысана ету көкейтесті мақсатқа айналуы эпостың баяндау тәсіліне нәзіктік, серпінділік, уақыт пен кеңістікке бағынбайтын еркіндік әкелді.

Ал, Думан Рамазан өзінің шығармашылық зертханасы туралы былай дейді: « Мен бап таба алмайтын адаммын. Ерекше күтімді де қажетсінбеймін. Қалаған уақытымда столға отыра беремін. Ал жазу жазып отырғанда ешкім-нің мазаламауын, тылсым тыныштық орнағанын қалаймын. Шыбын - шіркей жүрсе міндетті түрде бөлмеден қуып шығамын, болмаса өлтіріп тастаймын. Яғни, ешкімнің де, ешнәрсенің де ойымды бөлмегенін дұрыс көремін. Сонда да қаламым жүрмей қоятын кездер болады. Ондайда тез тұрып кетемін де, басқа нәрсемен айналысамын. Өмірі түнде шығарма жазған емеспін. Әр нәрсе өз уақытымен, өз кезегімен болғаны дұрыс деп ойлаймын. Түнде адам дем алу керек, яғни ұйықтау керек. Негізі өзім жай жатамын, он екіден бұрын жастыққа басым тиер күндер сирек, бірақ ерте тұрамын. Өмірі онға дейін ұйықтаған емеспін. Бұл бала кезден келе жатқан дағды. Ал бір шығарманы бастап кетсем, бітіргенше тыным таппаймын. Таңертеңгі жетіден, кешке он екіге дейін тапжылмай жазу жазып отыра беруім мүмкін. Қаламмен көркем шығарма жазбағалы бес- алты жылдан асты, бірден компьютерге түсіремін. Әрі ыңғайлы, әрі уақытыңды үнемдейсің. Ұнамай қалған жері болса, өшіріп тастап қайта жаза саласың, олпы -солпы сөйлемдерді де түзей салу да онша қиынға соқпайды. Ал тамақ ішпей қалу деген әдет менде жоқ. Дүние күйіп бара жатса да, таңертеңгі, түскі, кешкі астарды өз уақытымен ішкенді ұнатамын. Егер ерінбей еңбек етсең, күндіз талай нәрсе бітіріп тастауға болады ғой. Тек бітпейтін көп сылтау -себептерге жүгіне бермесек болғаны. Сондықтан шығармашылық зертханамда өзгеше ештеңе жоқ. Негізінен болашақ шығарманы миым мен ойымда әбден пісіріп аламын да, содан кейін ғана жазуға отырамын. Кейде тез жазылады, ал кейде ұзаққа созылып кете-тіні де рас» [7] .

Эпикалық ракурс - автордың оқиғаларды бейнелеудегі «өзін-өзі ұстау» дәрежесі, яғни өзін-өзі көрсетуі. Осыған байланысты әңгімелеушінің белгілі бір құрылымдық типі қалыптасады. Әңгімелеуші оқиғаларды жай сырттай бақылаушы түрінде болуы мүмкін. Сондай-ақ, автор оқиғаларды обьективті түрінде баяндамай, өзінің ішкі жан дүниесінен өткізіп, субьективті түрде бергені жөн. Соңғы жағдайда оқиғаларды талдап, ой елегінен өткізеді.

Думан Рамазанның бір ерекшелігін айта кетсек, оның көлемі үлкен шығармаға қалам тартпайтыны. Ол туралы жазушының өзі: «Роман жазайын деп отырсам, жазу барысында әңгімеге айналып кетеді. Бұл бірнеше мәрте қайталанды. Бір романда айтатын ойды, қысқа әңгімеге сыйдырып жіберу қолыңнан келсе, көп мыжи берудің не керегі бар?! Чехов та көлемді шығарма жазбаған ғой! Роман жазбады екен деп, оны әлемдік әдебиеттің алтын төренен ешкім сүйреп шығара алмас. Тіпті бірлі жарым әңгімесімен- ақ әдебиет тарихында қалған адамдар бар. Оған қарағанда біз қалай болғанда да жүзге тарта әңгіме жаздық қой! Менің де бүкіл болмысым, табиғатым - әңгіме жанрына бейім екенін түсіндім. Түсіндім де шағын жанрдың шаужайына жармастым. Содан айырылғым келмейді. Одан айырылсам, бәрі-нен айырылып қалатын сияқтымын». Мысалыға:Ә. Нұрпейісов әңгімені көп жазбаған екен. Керісінше, әңгіме жазайын деп отырса романға айналып кетеді екен. Жазушы еңбегі мен шығармашылық өзара байланысты, етене ұғым - түсініктер. Бірін - бірі байытып, толықтырады. Ұлтқа, руханиятқа қызмет етеді. Қалың көптің мәдени - рухани талабы мен талғамын биіктетіп, көкжиегін кеңейтеді. Тақырып табиғатына осы тұрғыдан келсек, Ғ. Мүсіреповтың: «Әдебиет - кәсіп емес, өнер», З. Қабдоловтың «Әдебиет - сөз өнері», Қ. Мырза Әлидің: «Жазушылық - мамандық емес, тағдыр» деген қанатты ойлар мен толғам - толғаныстарындағы шындық сырлары мол. Бұл бағытта қазақ ақын - жазушылары үлкен мектеп қалыптастырды, талай танымал туындыларды қалың көпшілікке тарту етті [7, 1] .

Кейіпкер дегеніміз- көркем әдебиетте роман, повесть, әңгімеде, драмалық шығармада, поэмада бейнеленетін оқиғаға қатысушы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
Лирика. Поэма. Махаббат шапағатының жыры таусылмақ емес
Балалар фольклорлық музыкасындағы жанр ұғымы
Қазақ фольклорының эстетикасы
М.Мағауин – қазақ әдебиетін зерттеуші
Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры
Қазақ романдары және қ.жұмаділов романы
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Қазақ әдебиетiндегi ұлттық дәстүр және М. Әуезовтiң жаңашылдығы
Бейімбет Майлин
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz