ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Ермахан Ақерке

Қ. ЖҰМАДІЛОВТЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫ

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Бүгінгі таңда ондаған прозалық кітаптардың авторы болып табылатын, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, тұғырлы тұлға, әрі көрнекті жазушылардың бірі Қабдеш Жұмаділовтың суреткерлік таланты, негізінен, тарихи шығармаларымен танылды десек артық айтқанымыз емес. Зерттеуде - жазушының шығармаларындағы кейіпкерді суреттеу шеберлігін, кейіпкерлердің психологиясын, көркемдік ерекшеліктерін, қоғам шындығын қарастырамыз.

Қабдеш Жұмаділовтың шығармалары туралы сөз қозғамас бұрын жазушы өзіндік қолтаңбасымен жазылған туындыларымен ерекше үлес қосқан осы кезеңдегі әдебиеттің жай күйіне қысқаша шолу жасай кеткенді жөн көрдік. Мезгілі жағынан жиырма жылдан астам уақытты қамтитын бұл дәуірде Қазақстандағы әдеби қозғалыс ерекше қарқынмен жүрді. Қаламгер, ақын-жазушылардың қатары көбейді. Әдебиет жанрының түрі бір-бірімен қатарласып, тепе-тең дамыды.

Түрі мен жанр ізденсітер арқылы даму сипатына ие болды. Ал сол кездері жазылған көркем дүниелердің өзіндік ерекшеліктеріне барлау жасасақ, төмендегі жайттар басты назарға ілінеді.

Прозада лирика мен эпика, реалистік, романтикалық әдістер үйлесіп, дерек пен ойдан шығару түйіндесіп жатты. Ә. Әлімжановтың «Отырардан келген сыйлық» (1964), «Махамбет жебесі» (1960), О. Бөкейдің «Қамшыгер» (1970), «Ән салды шағылдар» (1978), Т. Әбдіковтың «Ақиқат» (1978) С. Елубаевтың «Ойсылқара», Т. Жармағамбетовтың «Соңғы хат» (1974), Ә. Кекілбаевтың «Дала баллладалары» (1957), «Шыңырау» (1982), Д. Исабековтың «Қарғын» (1980), «Тіршілік» (1975), М. Мағауннің «Көкмұнара» (1972) жинақтарында жанрлық стильдік ізденістер байқалады.

Қазақ прозасы тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастады. Рухани өмірімізде мұндай серпілісттің болу себебі, халықтың өз тарихы мен ежелгі болмысын жетік білуі керек екендігіне байланысты еді. Қатпары қалың тарих І. Есенбериннің «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Жанталас» (1973), «Алтын орда» (1982), Ә. Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) т. б романдарында көркемдік ерекшелігін тапты. Қабдеш Жұмаділов қазақтың бүкіл сөз байлығының ішінен айтайын деген ойын айқын, ашық, тұжырымды жеткізетін сөздерді екшеп пайдаланады. Шығарманың мәні поэтикалық құдіреттілігінде, көркемдігінде.

Қаламгер романдарында қандай оқиғаны суреттесе де, қазақ халқының адамзат тарихындағы орнын межелеуге ұмтылу тенденциясы сезіледі. Ол адам характерін халық тағдырымен, тарих тағдырымен тамырластырған . Осының негізінде барып адам жанының сыры ашылады. Сол құпияны сезе, көре білетін сезімталдық, сыршылдық - суреткердің негізгі ерекшелігі.

Қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысының жалпы нәтижелері тұжырымдалып берілді. Жазушы романдарының негізгі ерекшеліктері түйінделді. Суреткердің тіл шеберлігі, стилі оның романдарын тұтас қарастыру негізінде анықталады. Біз қарастырып отырған Қабдеш Жұмаділов шығармаларының көркемдік ерекшелігі эпистолярлық мұрасы тұрғысынан жұмысқа арқау болуын зерттеу жұмысының өзектілігі деп білеміз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Еңбекте Қабдеш Жұмаділов шығармаларының идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін сипаттау, олардың бүгінгі жазушы өмір сүріп отырған дәуір шындығымен байланысын, шығармаларының қазақ прозасындағы орны мен мәнін анықтау мақсаты жұмыстың алдына нақты міндеттерді қояды. Қабдеш Жұмаділов мұрасы, әңгімелерінің идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін жүйелеу, суреткердің шығармасына өзек болған замана мәселелеріне сипаттама беру, шығарманың тууына негіз болған нақты өмір құбылыстарының көрінісі мен шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы шығармашылық ізденіс тәсілдері (стилі, деталь, мінездеу, тілі) мен даралығын сипаттау. Ғұмырнамалық романдардағы авторлар ұстанған концепциялардың арақатынасын талдау; авторлардың суреткерлік қолтаңбаларының өзіне тән көркемдік ерекшеліктерін айқындау; шығармалардағы көркем тұлға мен тарихи кезеңнің, өмір шындығының өзара сабақтастығын бір-біріне әсер-ықпалын көрсету; өмірлік деректі көркемдік әдіс-тәсіл арқылы көркем шындыққа көтеру бейнелеу процесін автордың қалай жүзеге асырғанын анықтау болып табылады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттеу жұмысыма проза жанрының табиғаты жөніндегі, сонымен қатар Қабдеш Жұмаділов туындыларының өзіндік ерекшеліктерін танытатын еңбектерін басты бағдар еттік. Әдебиет теориясына байланысты еңбектер Аристотель «Поэтика», Қ. Жұмалиев «Әдебиет теориясы», З. Қабдолов «Сөз өнері», «Әдебиет тану терминдер сөздігі» «Қ. Алпысбаев «Көркем шығарманы талдау жолдары», Т. Ақшолақов «Көркемшығармаға талдау жасау» еңбектері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қабдеш Жұмаділов шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін зерттеу, оның ішінде жазушының эпистолярлық мұрасының шеберлік қырын қарастыру жұмысын басты нысан еткендіктен, біз жазушының негізгі эпистолярлық ғұмырнамалық шығармасындағы тақырып және идея мәселесіне, образдар жасау ерекшелігіне, жазушы шығармаларынан аңғарылатын автордың өзіндік стильдік, тілдік, ерекшеліктеріне ғылыми талдаулар жасалуын жұмыстың ғылыми жаңалығы деп түсінеміз.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ

Ғұмырнамалық көркем шығармалардың типологиялық ерекшеліктері қарастырылған. Жалпы атауы «ғұмырнамалық» проза деп аталуына қарамастан, бұл ыңғайдағы туындылар іштей ғұмырнамалық (автобиографиялық), мемуарлық, эпистолярлық болып жүйеленеді. Олар бір-бірімен табиғаты жақын, әрі бір шығармада элементтері араласып келе беретіні тағы бар. Ішкі жанрлық жүйеде «ғұмырнамалық» шығарма деп, көбіне белгілі бір қоғамда өмір сүрген даңқты адамдардың өмірінен жазылған деректі туындылар аталады. Айталық, кешегі кеңес өкіметі кезеңінде дүние-ғаламның даңқты тұлғалары өмірінен жазылатын «Жизнь замечательных людей» сериясы бойынша 1933 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жарық көріп келе жатқан деректі кітаптар сериясын ғалымдар осыған жатқызады. Бұл - мейлінше кең, тынысты серия. Сонымен қатар осы сериямен сабақтас «Жизнь в искусстве» (1967 жылдан жарық көреді) сериясы да болып саналады. Ол - бірыңғай өнер адамдары өмірін арқау ететін деректі туындылар жүйесі. «Жизнь замечательных людей» сериясын «Өнегелі өмір», «Тамаша адамдардың өмірі» деп тәржімалап жүрміз. Аталған серия бойынша Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасынан қазақтың айтулы азаматтарына байланысты (Шоқан, Сәкен, Қаныш т. б. ) деректі ғұмырнамалық туындылар жарық көргені мәлім. Өзге жанрлардан мұның ерекшелігі - қоғамда даңққа бөленіп өткен тұлға жайында дербес автор (өзге адам) жазады. И. Стрелкова - Шоқан Уәлихановтың, Тұрсынбек Кәкішұлы - Сәкен Сейфуллиннің, Медеу Сәрсекеев - Қаныш Сәтбаевтың өмірі туралы жазды. Біз бұл орайда «Бүкілодақтық» өреде жарық көрген туындыларды ғана айтып отырмыз. Қазақ әдебиетінде ғұмырнамалық прозаның небір асыл үлгілері бар.

Сонымен қатар ғұмырнамалық шығармалардың тағы бір жүйесі - «автобиографиялық» туындылар. Әдебиет тарихында небір тамаша автобиографиялық роман, повесть, әңгімелер жазылған. Бұл жүйедегі шығармалардың авторы кейіпкері атының өзі-ақ айтып тұрғандай - өмірі сипатталатын адамның өзі. Автобиографиялық туындылардың бір ерекшелігі - автор мен кейіпкер бір болып келеді. Автор көбіне өз өмір дерегінен ауытқымай, формасын тауып сөйлейді. Алайда, қоғам өмірін жан-жақты қамтып, эпикалық тыныс алып, кең құлашты суреттеуге бара бермейді. Көбіне-көп шығармалардағы уақыт және кеңістік туралы толғамдарды өмірінен өріп шығады. Автобиографиялық шығармалар көп желілі болмай, көбіне бір-екі тармақты ғана болып өрістейді. Мәселен, Дат жазушысы Андерсен Нексенің «Автобиографиялық повестері», Ғабит Мүсіреповтің өз өмірінен жазған шағын формалы туындысын «Автобиографиялық әңгімесі» деп атағанын білеміз.

Ғұмырнамалық шығармалардың тағы бір жүйесі - мемуар. Мемуар жанрында роман, повесть жазыла береді. Ғұмырнамалық туындылардың бұл жүйесі авторға мейлінше еркіндік береді. С. Айнис, Андрей Белый, Александр Бенуа, Сәбит Мұқанов мемуарлық шығармаларын деп атауға болады. Онда қоғам өмірі басты кейіпкер өмірімен телқабыс алынып, оның қабатында көп желі жарыса қатар тартылып, егізделе суреттеліп кете барады. Кейіпкер табиғаты да эпикалық тыныспен беріліп, характері жан-жақты ашыла береді [1, 259] .

Біз ғұмырнамалық проза дегенде, осының автобиографиялық жүйесіне ден қоямыз. Біз талдайтын шығармалар автобиографиялық сипатта.

Әдеби - көркемдік бастауы тым тереңде болған ұлттық ғұмырнамалық шығармалар уақытпен, дәуірмен бірге алға жылжып, дамып келеді. Жалпы атауы ғұмырнамалық деп алынған туындылар іштей көркемділік - мазмұндық үйлесімі мен формалық баяндауына, жүйелеуіне қарай бірнеше түрге бөліп қауға да болар еді. Мәселен, Ұлы адамдар, ғалымдар, қайраткерлер, жазушылар ғұмырын негіз еткен шығармаларды тек мемуар жанрына жатқыза салу әсте ұтымды емес. Қазақтың ұлттық тарихы мен әдебиетінен өз орнын алған

әл-Фараби, А. Құнанбаев, М. Өтемісұлы, С. Торайғыров, Т. Рысқұлов

т. б. даңқты жандардың өмір тарихынан жазылған дүниелердің негізгі концепциясы жарқын ғұмырдың жаратылысын ашу болғанмен авторлық танымға да мол мүмкіндік беріледі. Бейнелеу ерекшелігіне қарай бұл шығармаларға негізгі фабула өмірлік жол болса да, барлығын ғұмырнамалық жанрға жатқызуға әсте келе бермейді. Бұларды тарихи тұлға өмірінен жазылған көркем туындылар деп қараған жөн. Қазақ ғұмырнамалық шығармаларының кемеліне келгеніне қарамастан, жанрлық жағынан әлі де ара жігін ажырататын мәселелер аз емес [1, 301] . Ғұмырнамалық - көркем проза кейіпкердің өмірнамасын бейнелеумен ерекшеленеді. Бұрынғы кеңестік және қазіргі ұлттық әдебиеттегі эстетикалық талдау осыны дәлелдейді. Бүгінгі қазақ мемуаристикасының қалыптасу жайы бүкіл әлем әдебиетінің озығынан, орыс әдебиетінен оқу арқылы жетіле түскен. Ол ұлттық әдебиетіміздегі мемуарлық дәстүрлердің негізгі жолын ескере отырып, күрделене жаңарған, жаңа мазмұнмен түлеп, мәселен деп бағытта түрлене көркейген жанр. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері назар аудартады. Ескерткіш бойынан биография мен естелік элементтерінің ұшқындарын табамыз. Бұл бүгінгі мемуаристикамыздың, оның ішінде ғұмырнамалық форманың ұлттық саласы сонау көнеден екенін еске алғызады. Алғашқы мемуар ұшқындарының туу себептері ескерткіш авторларының соңына белгі қалдыру ғана мақсатынан емес сияқты. Тоныкөктің «Түрік білгіш қағанының еліне осы ескерткішті бағыштаған, Мен» - деуінде халыққа тәрбиесін мирас етпегі де, үлгі етіп ұрандауы да жоқ еместей. Мүмкін мұндай ескерткіш қалдыру сол кездің дәстүрі үшін аса маңызды болған тәрізді. Орхон-Енисей жазбалары сияқты ескерткіштердегі өмірбаян элементтері сол болған адамның өзі туралы айтқандарына жүйеленеді. Мемуарға енер материалдардан тек естелік қасиет қана байқалуы тиіс деп ойлау бір жақтылық болар еді. Олай болатыны - адам өмірінің ескерткішінен табылар жазбалардың көбінің мемуар - ескерткіштенуі жиі ұшырайды. Мәселен, Л. Н. Толстойдың Ясная поляналық күнделігі күн аттарымен белгіленер күнделіктен гөрі, жазушының өткенді жазып қалдыра берген жалпы әңгіме жазбалары сипаттас. Бұны Л. Н. Толстой « . . . Менің жазбаларым менің оңаша ауылдық өмірімде болып жатқан оқиғаларымның күнделік дәптері іспеттес», - деп атады [1, 487] .

Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаяндық романы «Өткелдер», «Асулар» деген 2 кітаптан тұрады. Автор аталған романды Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдығына арнап жазады және осы естеліктің дүниеге келуіне қайта құру заманының шарапаты себеп болғанын да жасырмайды. Ә. Нұршайықов өмірбаяндық романға «Өнер» баспасының директоры Сұлтан Оразалиновтың қазақ халқының ұлы жазушысы Ғабит Мүсірепов туралы естелік жазып беру жайындағы өтініш хатын оқығаннан кейін кіріскенін атап өтеді. Ғабит жайында не білетінін сарапқа салады. Өз өмірінде, өз жүрегінде ұлы жазушының қандай із қалдырғандығын саралайды. Өзіне жолдаған оның хаттарын құрастырады, бірге түскен суретіне үңіледі. Ол туралы өз дәптеріне жазған жазуларына көз жүгіртеді. Осы романды қалай бастағандығын баяндайды:

« . . . бірден бастай алмадым. Бір күнім босқа кетті. Өйткені естелікке ең алдымен лайықты тақырып тауып алу керек. Айтатын ойыңның бәрі сол тақырыптан тарап, содан өрбуі қажет. Ал мен үстелге отырғанда бірнеше тақырып кемеліп келіп, қаламымның ұшына ілінді. Олар: «Асқар таудың аясы», «Ұлттық мақтаныш», «Ана тілінің асқары», «Парасат нұры», «Ұлы ұстаз», «Маңғаз аға» және «Майталман шебер». Осының қайсысына жіп тағарымды білмей қиналдым. Бұлардан да оңтайлы тақырып табамын ба деп және дәмелендім. Тіпті болмаған соң, тақырыбын кейін қоярмын деп, орнын ашып тастадым да, бұл естелікті бастауға бел будым» [2, 8] . Көркем шығарманың табиғатына әсер ететін негізгі факторлар саясат, қоғам, идеология, тарихи жағдайлар өзгергенде, көркем туындылардың келбеті де өзгеріске түсетіні белгілі. Әсіресе, мұндай факторлық әсердің ерекше күштілігін Кеңес өкіметі орнап, Коммунистік партия билеген кешегі социалистік қоғамдағы әдебиеттерден көреміз. Мұнда тұтас дәуірге татитын ұлы өзгерістердің қалай орнағанын, қалыптасып өркендеуін, нәтижесінің мәнін ашып көрсететін шығармалар жазылған. Егер сол кездегі «Тар жол, тайғақ кешу», «Өмір мектебі», «Орындалған арман», «Көз көргенде» негізгі кейіпкерлер автордың өзі болса, «Аспандағы айқас», «Халқым үшін» т. б. автор өзге тұлғалар ғұмырын бейнелейді. Мұның өзі соңғы мемуар кейіпкерлерінің жалпы ерекшелігін белгілейтін де фактор. Осыдан автобиографияның мазмұнына материал беруші де, дәуір идеологиясын ғұмырнаманы өзгеріске келтіруші екені байқалмайды. Олай болса мемуар сипаттауына да азды-көпті болсын өзгертудің еніп отыруы (кейіпкерлері, объект нысанасы, адам психикасы, адам санасы т. т. ) мүмкін жайлар. Қазіргі қазақ әдебиетінде көркем ғұмырнамалық романдар («Тар жол, тайғақ кешу», «Өмір мектебі», «Көз көрген», «Орындалған арман», «Ұстаздың оралуы», «Қыран қазасы қияда» т. б. ), повестік («Ұшқан ұя»), очерктік («Халқым үшін», «Аспандағы айқас»), әңгімелік («Менің өмірбаяным»), новеллалық («Офицер күнделігі», «Мәңгілік өмір», «Айналайын»), поэзиялық туындылар («Менің өмірім», «Алғашқы адым», «Жолда») т. б. мемуаристиканың қазақ әдебиетінде орныққан түрі. Көлемі және түрі жағынан қазақ ғұмырнамалық шығармаларының мазмұндық ауқымы да, тақырыбы да алуан. Зерттеу объектісіне келу де, ғұмырнамалық мотивтің берілуі де әр түрлі. Мәселен «Өмір мектебі» желісі ғұмырнамаға құрылған. Мұндағы естелік суреттеулер - ғұмырнаманы ашу ретіндегі тәсілдер. Ал, «Тар жол, тайғақ кешу» қоғам өмірінің cан түрлі тартыстарын суреттеу жағдайында басталып, ғұмырнамалық жайды ішкі мазмұнына қарай орайластырады. Кей шығармаларда ғұмырнамалық шығарма соңына дейін бұлтарыссыз, өзге тәсілсіз бір қалыппен қозғалады. Балалық шақтан баяндай келетін шығармалар автобиографиялық - ғұмырнамалық болады. Ал «ғұмырнамалық детальдары аз және кейіпкер өмірдің есейген сәтінің бір мезеттік сәттерін (мейлі көп жылдар болса да) үзік-үзік оқиғаларын қамтитын мемуарлар-мемуар естеліктер» боп қарастырылуы жөн [3, 56] . Мемуар түрінің осындай ғұмырнамалық түрлері жиі кездеседі. Ал, балалық шағы баяндалғаннан бастап, соңғы белестерді жазушының ұсынуы еркіндегі іс. Мәселен, С. Мұқановтың өмірінің есею жылдарын ұсынуы мемуарды тіпті таяу мерзімге дейін жазуға болатынын көрсетеді. Бірақ, С. Мұқанов мемуарлық шығармасын одан әрі созбады. Мұндай жағдай Л. Н. Толстойда да болған. Ол жөнінде Л. Д. Опульская былай дейді: «Кейіннен «Есею жылдары» тұралы толғана отырып, Толстой өзі қолданған «автографияның сарынына көңлі толмайтындығын байқап, ойға алған романын жалғастырмауға ниет етеді» Әдебиетші Наталья Банк «Нить времени» еңбегінде «Күнделікке» байланысты әдебиеттерді мынадай жүйеде:

1) Көркем әдебиетке қатысы жоқ, таза күнделіктер,

2) Күнделіктерден өсіп шыққан көркем, көркем-деректі әдебиет,

3) Күнделіктің әлем әдебиетіне ықпалын қарастырады [4, 28] . Бұл да қызықты бір сәт. Өйткені, күнделік те ғұмырнамалық әдебиеттің ішкі жанрына жатады. Ол - таза күнделіктің мемуар жанрына кіруі. Өз күнделігі, өзгенің күнделігі.

«Словарь литературоведческих терминов» кітабында жалпы мемуар құрамында құрастырылғандықтан да болса керек, түрлі мемуар жазбалары дараланып жатпайды, сондықтан, күнделіктер кесек-кесек қалпында алынады.

Естелікті үш бөлімге (естелік, биографиялық естелік, жол жазба естеліктері) бөлу де нақтылы емес. Бұлай қарау жалпының қарарына соның құрамындағыны да теңгермелеу болмақшы. С. Моминскийдің «Мемуарлық - автобиографиялық жанр туралы» ойында мемуарлық - автобиографиялық жанрының түбегейлі қасиеттері мен туу заңдылықтары өте терең жататынын, мемуар құрамы біршама келісімді болатынын «Мемуарларда, әдетте бірнеше жанр түрлері араласып келіп отырады: естеліктер, жазбалар, күнделіктер, өмірбаяндық» [5, 26], - дегендей жүйеде келтірген. Бұл топшалауды әзірге салыстырмалы дұрыстық деп қарауға болады. Түрлі мемуарлық хат - жазба деректерді, көрген - түйгенін, жол суретін тез сәулелендіріп тастайтын ескерткішті жазбалар, ғылыми және естелік іспетті мақалалар, еңбектер т. б. мемуарлық әдебиеттен тыс қарайтын мәселелер емес. Асылы мемуарлық шығарма қандай жағдайда туады? Ол көбіне қоғамда дүрбелең уақыт өтіп, соның соңынан уақыт-жағдайды таразылаудан келіп туады. Өзін «Ұлы трагикпін» дейтін А. Григорьевтің «Естелік» жазбаларын «Әдеби жәдігерліктер» (Литературные памятники) сериясы бойынша басылымға дайындаған профессор Б. Ф. Егоров былай деп жазады: «Көрініп тұрғандай, уақыттың өзі мемуар жазатындай кез емес болатын: әдетте, естеліктер, құжаттар, хаттар жинағын жасау мен оқуға деген жалпы құлшыныс әлдебір дәуірдің саябырсыған кезінде, біршама тұрақты жағдайда туындайды. Ресейде мұндай: дәуір аздап ертерек, Николай режимінің кұлдыраған және

1 Николайдың өлімінен кейінгі алғашқы жылдарына дөп келген еді. Яғни

50-жылдардың орталары болатын: бұл кезде әдебиет оқырмандарға Герценның «Өткендер мен ойларының» негізгі бөлігін және С. Т. Аксаковтың «Отбасы хроникасын», сондай-ақ балалық шақ пен албырт шақ туралы көптеген автобиографиялық повестерді берді. Алайда, Григорьевтің мемуарлары құрылып жатқан 1862-1864 жылдарға қорытынды жасау мен сабыр мен талдау жүргізуін жайлы уақыт емес болатын: басыбайлы шаруалар жойыла бастаған, елдегі революциялық ахуал зұлымдықпен басып - жаншылған, поляк көтерілісі бой алған және онан талқандалған, әлеуметтік-саяси салада қарқынды журналдық күрес, экономикалық, философиялық, әдеби шиеленіс орын алған кез еді. Әр күні күтпеген кездейсоқ оқиғалар тізбегінен, естелікке мұрша жоқ еді» [6, 256] .

Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» ғұмырнамалық романының негізгі композициялық діңгегі автордың өзі әңгімелейтін естеліктер болса, олардың берілу формаларының өзі біркелкі емес. Автордың бірыңғай баяндаудан гөрі формалық түрлендіруге басымырақ мән бергені көрініп тұр. Айтылып отырған әңгімені растап, бекіте түсу үшін түрлі құжаттарды, баспасөз беттеріне жариялағандарды сыналап кіргізіп отыру - мемуар жанрына тән шығармашылық дәстүр. Бірақ бұлжымастай көрінетін міндетті үрдіс емес. Мұндай құжаттарды көлденең тартпай-ақ жазылған мемуарлық шығармалар қазақ әдебиетінде де кездеседі. Автор алдыңғы айтылған шығармашылық дәстүрді пайдалануға көбірек ден қойған деуге болады [7, 99] .

Бұл дилогияның анықтамасына «естелік-мемуар» деген атау өзінен-өзі сұранып тұр, шығарма табиғатына байланысты солай деп жіктегеніміз қолайлы деп ойлаймыз. Туындының жазылу формасындағы өзгешеліктің қандай көркемдік-идеялық мәні бар деген сұрақққа келетін болсақ, осы соны форма арқылы автордың ең алдымен оқырманды өзіне тарту жағына күш салғаны байқалады. Белгілі бір тұлға жайында (айталық, бұл арада Ғабит Мүсірепов) әнгімелей отырып, жазушы көбінесе сюжеттік желілерді өз төңірегіне қарай құрады, одан қалса, қойын дәптеріне жазып алған әртүрлі әңгімелерді тізбелеп, жайып салудан да тартына қоймайды [7, 156] .

Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» ғұмырнамалық романындағы шығармашылық маңызды факторлардың бірі - автордың жазушылық лабораториясының ашылуы. Ұсынылып отырған кітаптың қалай өмірге келгенін әңгімелеп берумен шектеліп қалмай, айтып келе жатқан әңгімесін шығарманың кез келген тұсынан автор өзінің жазушылық лабораториясына қарай икемдеп бұрып алуға бейім. Мұндай үрдіс екі кітаптың да өн бойынан анық бой көрсетіп, атойлап отырады. Әсіресе өзінің күнделік сипатындағы жазбаларына оралып соға береді.

«Мен және менің замандастарым» өмірбаяндық романының авторы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Қырғыздың даңқты жазушысы
Ғұмырнамалық романдардың жанрлық ерекшелігі
Белгілі әдебиет зерттеушілері
Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі.Әдеби процестің тарихи өзгерістерге ұшырау жолындағы әдеби мектептер
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Медеу Сәрсекеевтің шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Жеке мұрағат қорларының қалыптасуы және дамуы
Тарихи трагедия табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz