Мифтік көркемдік қызметі


Аулан Жанар
Ш. АЙТМАТОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МИФОЛОГИЗМ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қазақ пішін қызметініңартып отыруы тақырып өзектілігін айқындайды. Қазіргі проза контексі философиялық және эстетикалық салаларды бір арнаға тоғыстырған. Сондықтан болар, қазақ прозасы жанрларының, оның ішіндеромандардың рухани тынысы кеңейді. Қазақ әдебиетіндегі мифологизм құбылысы М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов және тағы басқа қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларынан бастауалады.
ШыңғысАйтматовтағы миф халықтық аңызды жай баяндап бересалу ғанаемес және мифтік стилизация даемес, суреткер қашан да мифтік аңыздауларды жоғары сатыға көтере мазмұндай отырып, бүгінгі күнге терең түсінікпен назар аударуды көздейді.
ШыңғысАйтматов шығармашылығының алтын өзегінеайналған ұлы гуманизм тамырын сонауесте жоқ ескі замандардан алатын дүниетанымды жаңғыртасуреттеумен тығыз байланысты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Миф - адам ойының алғашқы лабороториясы. Сондықтан да, миф пен мифтік әдебиет өте көп. Мифті зерттеуобъектісіетіп философия, психология, лингвистика, әдебиеттану, археология, антропология, өнертану, теология, логика, мәдениеттану, т. с. с. ғылым салалары қарастырады.
Зерттеу жұмысымызда Ш. Айтматовтың туындыларын, миф поэтикасын қарастырған шетел ғалымдырының іргелі зерттеу жұмыстарын басшылыққаалдық. Ш. Айтматовтың мифологиялық шығармаларына байланысты жазылған еңбектерден Ж. Аймұхамбетованың, К. Сәттібайұлының, Ғ. Есімнің еңбектерін атауға болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты - ШыңғысАйтматов шығармаларындағы мифологизмдіжан-жақты талдау, қазіргі қазақ прозасындағы мифтік шығармашылықтың атқаратын көркемдік аясын ашуарқылы қазақ әдебиетіндегі мифологизмнің орнын бағдарлау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазақ әдебиетіндегі мифологизм табиғатын анықтау;
- Мифтік көркемдік қызметін табу;
- Ш. Айтматов повестеріндегі мифологизмнің қолданылуын талдау;
- Ш. Айтматов романдарындағы мифологизмді қарастыру;
- «Жанпида» романындағы мифологизмнің берілуерекшелігін анықтау;
- «Боранды бекет» романындағы мифологизмнің берілуорнынталдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста төмендегідей бірнеше жайттар ғылыми зерттеугеенгізіліп отыр:
- қазақ әдебиетіндегі мифологизмнің даму бағытына және даму кезеңдеріне ғылыми тұрғыдан маңыз берілді;
- жазушының мифтік шығармаларына жан-жақты талдау жасалды;
- мифологизмнің ерекшеліктері тұжырымдалыпсараланды;
- мифтік аңыздарғасараптама жасалды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. ШыңғысАйтматов шығармаларындағы мифологизм турасындағы ғылыми жарияланымдар, диссертациялық еңбектер; Зерттеуге материал жинау барысында қазақ мифологиясына қатысты бұрын-соңды жинақталған түрлі деректерді мүмкіндігінше түгел қамтуға күш салдық. Диплом жұмысының дереккөзіне Алматы қаласының облыстық кітапханасы мен қолжазба қорларындағы мұралар, сонымен бірге баспа беттеріне жарық көрген жинақтарды да пайдаландық.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Жұмыстағы тұжырымдар мен келтірілген деректерді қазақ филологиясы факультетінің студенттерінеарнаулы курстарға қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу тәсілдері. Зерттеу барысында талдау, салыстыру, жинақтау, сипаттау әдістері қолданылды. Сол сияқты жүйелеу, сұрыптау, талдау зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері ретінде қолданылды. Зерттеу барысындаалға қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін дәстүрлі ғылыми сипаттама, салыстырмалы, мән мәтіндік талдау әдістері қолданылады.
Зерттеу нысаны. ШыңғысАйтматовтың повестері, романдары негізгі материал болды. Оның ішінде «Боранды бекет», «Жанпида» романдары мен «Ақ кеме», «Жәмилә», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повестері.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыскіріспеден, екі бөлімнен, тақырыптың мәнін ашатын үш тараушадан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер берілген.
1 Қазақ әдебиетіндегі мифологизм табиғаты
1. 1 Мифтік көркемдік қызметі
Түрік-моңғол халықтарының фольклорында, соның ішінде халық прозасында миф деген жанрдың бар екендігі туралы мәселе қазақта 1980 жылы С. А. Қасқабасов деген ғалымның тарабынан алғаш рет ғылыми нысанғаайналды.
Миф - қазіpгі қазақ әдебиетіндегі маңызды теориялық мәселегеайналды. Қазіргітаңда мифтік жүйенің көптеген түрлерібар. Қазақтыңақын - жазушылары да мифті түрлі қызметте керегіншеқолданды: ол аллегория да, символ да, архетип те болды, күрделі әлемнің бейнесін берудің, философиялық ой айтудың жақсы құралынаайналды. «Мифологизм элементтеріадам болмысының қарама-қайшылықты, күрделі табиғатын ашып, бүгінгі күннің рухани мәселелерін терең . Қазақ қаламгерлерінің мифтік бастауға ден қоюы - өз дәуірінің көкейкесті мәселелерінен алшақтауыемес, керісінше, сол қоғам жүзегеасып жатқан саяси, экономикалық, рухани , жалпы қоғамдық ахуалғанаразылықтан пайда болды». [1, 3] .
Қазақ балаң кезінен жасаған рухани дүниесі боп саналған мифтер мен жаңа көркемдік мақсатқа ғанаемес, сол заманның өзекті мәселелерін шешуде, өздерінің көңілі толмаған жағдайдан шығудың жолын қарастырудаөзгертіп қолданды. Олардың өткен тарихқа мойын бұруы өздері ғұмыр кешіп отырған уақыттың маңызды, дәуірлік, мәңгілік мәселелеріне деген қызығушылықтан туындады.
Мифтіарқылы тарихи дәуірдің рухани дамуындағы басты ерекшеліктердіашуда қолдануға болады. Оларды мифтің романтикалық пафосы, эмоционалдық және эстетикалық қуаты, экспрессивтік тіл көркемдігі, т. б. қызықтырды. Қазақ жазушылары мифологиялық сарындар арқылы жинақталған символдық бейнелерді жасауға ұмтылды. Сонымен қатар олар дәуірдің рухын суреттейтін өздерінің мифтік образдарын ойлап тапты.
Кеңестік дәуірде М. Әуезов еңбектерінде миф деген атау кездеседі, оған қысқаша түсінік беріп, ежелгіадам тұтынған білім мен дін деген сыңайдаой айтылады. Содан кейінгі кезеңдерде Р. Бердібаев пен Ш. Елукенов еңбектерінде мифке назар аударылады.
Мағжан Жұмабаев туындыларындағы Қойлыбайдың қобызы, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы мұнара, С. Санбаевтың Ақ аруанасы, Бекет бақсысы, О. Бөкеев шығармаларындағы Бура, Кербұғы келеді. Олар ұлтымыздыңөткен тарихына, рухани мұрасынаайрықша мән беріп қана қоймай, өз мифологиясын жасай алатынын айтады. Қазақ қаламгерлері мифтің шығармашылық потенциалын, оның адамзат үшін уақыттан тыс мәнін белгіледі. Осының негізінде дәстүрлі мифті жаңғырту мен оны авторлық концепцияғасай қайта жасауға ұмтылыс күшейіп, қазақ прозасында 1970-і жылдардан бастап жаңа мифология идеясы келді.
Мифология ұзақ уақыт бойы дәстүрлі көркемдік ойлау жүйесінде дайын көркем форма ретінде қызмет етуде. Адамзат тәжірибесінің «түйіні» болып табылатын ондағы мазмұн байлығы, мифтің қасиеті, синкреттілігі әр түрлі бағытта қалам сілтеген қаламгерлерді ғасырлар бойы қызықтырып келеді.
«Мифологияның негізгіірі десірі тақырыбы біреу ғана - ол хаостан космостың реттеліп пайда болуы. Бұнда ұдайы өткен тарих, нақтырақ айтқанда қасиетті қаһармандар әрекет ететін киелі тарих баяндалады». . [1, 5] .
Рас, барлық мифте бұрынғы өткен жасампаздық тарих айтылғанымен, тек бір ғана мифте жасампаздық емес, керісінше күйреушілік баяндалады. Сонымен бірге миф хаостан космостың реттелуін құр баяндап қана қоймайды, ол хаостан қалған қалдықтарға, яғни космосты күйреткісі келетінкүштерге ұарсы күш жүргізеді.
Мифте әрдайым өткен тарих айтылады, бірақ ол бүгінгі өмірдің мәнін түсіндіруге, сол арқылы болашақ нәтижені пайымдауғаарналады. Сол себептен мифте өткен шақ, осы шақ, болашақ - үшеуі тоғысып тұрады. Бұл жанр әсіре түсіндірмелі, себебіол байырғы замандарда (мифтік дәуірде) бабалар орнатқан реттілік пен тәртәптә, үйлесім мен үлгілерді қорғаушы әріорнықтырушы. Оның мәтіндеріосы құндылықтарды растайды, куәлендіреді, ережелейді, сендіреді, сол мақсатта түсіндіреді, демек, мифтің этиологиясы болуы содан. [1, 12] .
Шындығында, мифология мәтінің түпкі мақсаты - бүкіл әлемнің мінсіз кескінін жасау, рәміздеу, суреттеу. Бұнда тұңғыштық сипат айрықша мәнге ие. Күнделікті көзімізге көрініп тұрған барша өмір-тіршілік атаулының маңдайалды тұмса үлгісі мифтік ерекшеуақытта жаралған, пайда болған деп дәріптеледі де, қазіргі қарапайым тірлік сол ілкіозық үлгіні қайталау, еліктеудеп түсіндіріледі. Бұл киелі бейнелер мен рәміздер қауымның өсіп өнуінің, өмір сүруінің айнасы, кепілі, кілті. Түптеп келгенде, мифология осы ұлаңғайыр қызметінің ақырында белгілі қауым мүшесінің, яғни адамның ортаға бейімделуіне әлеуметтік-табиғи күштерге үйлесімдік табуынаайқын бағыт-бағдар беретін ғаламның дәстүрлі бейнесін (традиционная картина мира) сомдап, соның нәтижесінде жалпақ космосқауниверсал классификация жасап береді.
Әлбетте, әлемнің сапалық құрылымын, бір сөзбен айтқанда, мәні мен мазмұнын анықтау үшін мифологиялық таным жұптық тайталас жүйесін пайда болдырып, соған сүйенеді, иек артады. Бұл жақсылық пен жамандық атаулыны тұтас жіктейтін, айыратын, анықтайтын бұлжымаселек, сүзгі. Мифологиялық таным осы логикалық құрал арқылы жалпақ космосқа баға береді. Қысқасы, жұптық тайталастың көмегімен әлемнің қасиеттері (кеңістік, уақыт, әлеуметтік, сандық, сапалық т. с. с) түгел сипатталады.
Әлемдік мифологияда қамтылған тақырып та, сарын да тарихи-типологялық тұрғыдан үндес болып келеді. Мифтің табиғатын тану үшін сарындарды салыстыруемес, оның өзегінде жатқан кереғар ұғымдарды шендестіріп, құрылымдық- семиотикалық талдау жасаудың мәні зор екені ғылымдаанықталған жайт.
Қазақтаадамның тікелей ағаштан туғаны жөнінде миф сақталмаған. Шежіредеқыпшақ руының арғы тегіағашпен байланыстырылады, яғни ағашты, ертеде тотем болғаны айқын. Аңызда қыпшақтың арғы бабасы ағаштың қуысынан шыұұан делінсе, грек мифологиясындағы кейбір нұсқадаАдонисағаштың қуысынан туады. Ежелгі ұйғырлардың ханы Бөгуадамшасөйлейтін киелі қос бәйтеректен туған деген аңыздауды парсы тарихшысы Ата-Малик Жувейни жазып қалдырған. Ал қазақтаадамның дене мүшесі, қаны өсімдіккеайналғаны туралы мифтер бар. Мысалы, бір мифте райхан гүлінің пайда болғаны
Белгілі бір тақырыпқа жазылған көркем шығармаларда өзгеше бітімді миф-аңыздардың бой көрсетуі жазушылар шығармашылығынаерекше бір өзгерісенгізді. Көркем шығармалардағы мифтік сюжеттер ежелгі мәдениеттің философиялық концепцияларын синтездеуге мүмкіндік береді.
Аңыз - өмір материалы, шикі- зат. Сондықтан оны да жинақтаудан, сұрыптаудан өткізгеннен соң, айтар идеяғасай ұтымды пайдалана білу қажет. Халық қазынасында жалпы адамзаттық идеялар мен адамгершілік жағдайлар бой көрсетіп, бүгінгі заманның ділгір мәселелерімен үйлескендіктен, жазушылар даосындайсарқылмас бастауларғакөшті.
Көркем әдебиеттің шырқауында мифтік сюжеттерді, аңыз-әңгімелерді әдеби шығармада қажетіне қарай пайдаланубұрыннан бар процесс. Шығыстың, қазақтың поэтикалық ойлау жүйесіндесөз зергерлерінің мифологиялық бастаулардан тірек іздеуі жиі байқалады. ХХ ғасырда қазақ әдеби үрдісінің дамуында діни-мифологиялық мотивтердің ықпалы зор болғанымен, оның дамуы біркелкіболмады.
Мифтік жүйе ХХ ғасыр басындағы әдебиетте жақсы көріне бастады да, 1930-1960 жылдардағы әдебиетте үстемдік еткен идеологиялық себептердің салдарынан үзіліп қалды, содан кейіннен 1970 жылдардан бастап қазақ әдебиетіндеосы сабақтастық қайта жалғасын тапты. Аңыздық желі, мифологиялық сюжеттер, мотив пен образдар атақты жиіпайдаланылып, көркемдік ізденістердің күрделі де белсендіүрдісі жүрді.
А. Жақсылықов қазақ әдебиетіндегі мифопоэтикалық дәстүр мен діни-мифологиялық, аңыздық сюжеттердің типологиялық, тарихилық тұрғыдағы көркемдік функциясын зерттеуеңбегіндеқазақ әдебиетінде мифологиялық ойлау процесінің генетикалық тұрғыдан сабақтастығы әлі дежойылмағанын, ол үрдістіңАхмет Иассауи (12 ғ. ), Асан қайғы (15 ғ. ) еңбектерінен қосаалғанда ХХ ғасырдың басына дейін орын алғанын дәлелдейді. Зерттеушінің пайымдауынша, «бұл эстетикалық сабақтастық большевиктік идеология және әдебиеттегі репрессиялық тазалаудың, отызыншы жылдардың басындасоциалистік реализм әдісінің директивтіенуінің нәтижесінде ғана үзіліп қалды да, тек жетпісінші жылдардажалғасты» [2, 31] .
Аңыздар мен мифтерді көркем туындыда әдеби тәсіл ретінде қолдану 1970 жылдарынан бастап күшті қарқын алды. Осы кезеңде мифологизм өз заманының тақырыбын идеялық-образдық тұрғыдан шешу құралы ретіндеайқын қолданады. ХХ ғасырдың екінші жартысында, көбінесе 60- 70 жылдардан бастап қазақ әдебиетіндемифтік аңыз-әңгімелерге, романдарға деген ықылас, фантастикаға, философиялық болжамдарға, қиял-ғажайыпқа деген құштарлық осы заман әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін танытады. Ғылыми-техникалық даму мифтік шығармашылыққа жаңа тақырыптар берді. Осы тұстағы қазақ жазушыларының тарихи романдармен бірге, бүгінгі күн тынысын көрсететінсимволдық астарлы мәндегі әңгіме, повестерде, хикаяттарда, күй аңыздарында, т. б. прозалық туындылар түрлеріндеаңыз жаңашапайдаланылды.
Қазақ ақын- халықтың өткен тарихына қатысты ауқымды философиялық тұжырымдарға, толғаныстарға бейімділігімен; халық ауыз әдебиетінің поэтикасымен, эстетикасымен ішкіұқсастығымен; көтеріңкі-эмоциялық, романтикалық стильге жақындығымен әдебиетте ерекше орын алады.
Мифология ұзақ уақыт бойы дәстүрлі көркемдік ойлау жүйесінде дайын көркем форма ретінде қызмет етуде. Адамзат тәжірибесінің «түйіні» болып табылатын ондағы мазмұн байлығы, мифтің қасиеті, синкреттілігі әр түрлі бағытта қалам сілтеген қаламгерлерді ғасырлар бойы қызықтырып келеді.
«Мифологияның негізгіірі десірі тақырыбы біреу ғана - ол хаостан космостың реттеліп пайда болуы. Бұнда ұдайы өткен тарих, нақтырақ айтқанда қасиетті қаһармандар әрекет ететін киелі тарих баяндалады». . [1, 5] .
Рас, барлық мифте бұрынғы өткен жасампаздық тарих айтылғанымен, тек бір ғана мифте жасампаздық емес, керісінше күйреушілік баяндалады. Сонымен бірге миф хаостан космостың реттелуін құр баяндап қана қоймайды, ол хаостан қалған қалдықтарға, яғни космосты күйреткісі келетінкүштерге ұарсы күш жүргізеді.
Мифте әрдайым өткен тарих айтылады, бірақ ол бүгінгі өмірдің мәнін түсіндіруге, сол арқылы болашақ нәтижені пайымдауғаарналады. Сол себептен мифте өткен шақ, осы шақ, болашақ - үшеуі тоғысып тұрады. Бұл жанр әсіре түсіндірмелі, себебіол байырғы замандарда (мифтік дәуірде) бабалар орнатқан реттілік пен тәртәптә, үйлесім мен үлгілерді қорғаушы әріорнықтырушы. Оның мәтіндеріосы құндылықтарды растайды, куәлендіреді, ережелейді, сендіреді, сол мақсатта түсіндіреді, демек, мифтің этиологиясы болуы содан. [6, 12] .
Шындығында, мифологияның басты мақсаты - бүкіл әлемнің мінсіз кескінін жасау, рәміздеу, суреттеу. Бұнда тұңғыштық сипат айрықша мәнге ие. Күнделікті көзімізге көрініп тұрған барша өмір-тіршілік атаулының маңдайалды тұмса үлгісі мифтік ерекшеуақытта жаралған, пайда болған деп айтылады да, қазіргі қарапайым тірлік сол ілкіозық үлгіні қайталау, еліктеу деп дәріптеледі. Бұл киелі бейнелер мен рәміздер қауымның өсіп өнуінің, өмір сүруінің айнасы, кепілі, кілті.
Негізінде мифология осы ұлаңғайыр қызметінің ақырында белгілі қауым мүшесінің, яғни адамның ортаға бейімделуіне әлеуметтік-табиғи күштерге үйлесімдік табуынаайқын бағыт-бағдар беретін ғаламның дәстүрлі бейнесін (традиционная картина мира) сомдап, соның нәтижесінде жалпақ космосқауниверсал .
Әлбетте, әлемнің сапалық құрылымын, бір сөзбен айтқанда, міндеті мен мазмұнын анықтауда мифологиялық таным жұптық тайталас жүйесін пайда болдырып, соған сүйенеді, иек артады.
Бұл жақсылық пен жамандық атаулыны тұтас жіктейтін, айыратын, анықтайтын бұлжымас елек, сүзгі. Мифологиялық таным осы логикалық құрал арқылы жалпақ космосқа баға береді. Қысқасы, жұптық тайталастың көмегімен әлемнің қасиеттері (кеңістік, уақыт, әлеуметтік, сандық, сапалық т. с. с) түгел сипатталады.
1970 жылдары қазақ прозасынаерекше болмысбітімді шығармалар әкелген, туындыларындааңыздық желілерді эпикалық кеңдікпен түйістіріп, сәтімен, өнімдісуреттеген, өзінің көркемдік шешімін әлемге танытқан қаламгерлердіңалдында Әбіш Кекілбаевты ерекшеатауға болады. Ә. Кекілбаев туындыларындағы мифтік жүйелер, аңызды, әңгімелерді пайдалану тәжірибесін алсақ, ол өзіне дейінгіаңыз-әңгімелерді шебер пайдаланып, философиялық, психологиялық мән-мағына, өзіндік концепция жүктейді. Жазушы өз шығармаларындааңыздық сарынды дайын күйіндеалмайды. Ол халық жадындағы аңыз-әңгімелерден ерекше бір күрделі мазмұн, символдық мағына көре біледі. Фольклорлық процесстің көркемдік жетістіктерінен нәр алған Оралхан Бөкеев прозасының стилистикасы поэзия тілімен табиғи суреттелген.
С. Санбаевтың мифологиялық халқының тарихы өзек болған. 1960-жылдардың аяғы мен 70-ші жылдардың басындағы туындыларындаС. Санбаевтың кейіпкерлері үшін жасаған ісі ғанамаңызды болмады, кейіпкерлерініңішкі көңіл-күйі, жан дүниесіндегі өзгерістер деойландырады. Олардың өмірінде болып жатқаноқиғаның нәтижесі тағылымдық өмір сабағы дааса маңызды. Жазушы мифтік-фольклорлық сюжеттерді қазақ халқының өткені мен бүгінін сабақтастыра, салыстыра бейнелеудеқолданды. Бірақ жазушы туындыларындағыаңыз- тарихи тұлғаларына, тарихи оқиғаларғатамсанудан, оларғаеліктеуден гөрі, ондағы оқиға желісінен тыс жатқан маңызды мәселелерді қозғаубасымырақ болды.
Далаадамдарының рухани өмірі - жазушы шығармаларындағы маңызды тақырыптардың бірі. Қаламгер туындылары мифологиялық халықтық сананың ең терең қабаттарын суреттейді.
С. Санбаев туындыларындағы аңыз-әңгіме, мифтерден терең философиялық, адамгершілік бастаулар ашылып, бүгінгі күннің әлеуметтік- рухани мәселелерін жазады. Бабалардың рухани өмірінің тарихын баяндайтынаңыз шексіздік ұғымымен ұштасады. Қаламгер туындыларындаадамның, туған жердің тарихымен, халқының өткенімен және бүгінімен терең байланысы философиялық тұрғыдабаяндалады. Қаламгерді көбіне тарихи оқиғалар қызықтырады. Бірақ рухани-эстетикалық қажеттілікке, жазушының дүниетаным ерекшелігінеорай әр тақырыптың игерілусипаты мен сыры әр түрлі. Көшпелі халықтың белгілі бір тарихи уақыты, өткен дәуір оқиғалары көрініс бергенімен, оның шығармалары үйреншікті мағынадағы тарихи туынды емес.
Қаламгер үшін поэтикалық мифтің адамгершілік-философиялық бастауы, оның қазіргі заман адамдары үшін көкейкестілігі маңызды. Өйткенісуреткер үшін тарихи оқиғаларды нақты баяндау негізгі мақсат емес. Жазушыкөбінесе өткен тарихқа, өмірге эстетикалық көзқарасын танытып, философиялық пайымдаулар жасауғакөп мән береді.
Халық аңыз- әңгімелерінің философиялық мағынасы, ауыз әдебиеті дәстүрінің гуманистік мазмұны, жазушы шығармаларындаерекше өрнек тауып, жаңа қырынан көрінген. Қаламгердің «Ақ аруанасы» - қазақ сөз өнеріне өзіндік қолтаңбасымен, стильдік ерекшелігімен жаңаша леп әкелген туынды. Ол сол тұстағы қазақтың тарихи прозасынан өзіндік ұқсамайтын даралығымен ерекшеленеді. С. Санбаев дайын мифтік сюжетті, аңыздардысол , қазақ үшін киелі болып саналатын аруанажайлы өзінің авторлық мифологиясын тудырған.
Қазақ әдебиетіндегі мифологизмдеайрықша бөліп айтуға тұратын тәсілдердің маңыздысы - мифтік құбылушылық. Архаикалық мифтердегіадамзат тудырған адамның өзге заттардың кейпінеенеалуы жайындағы сенімдері кейінгі жылдар прозасында жаңастилизацияға келді. Адам мен жануар, адам және табиғатты тұтастандыра көрсететін сарынның жаңа заман өңдеуіне түсуі қазақ прозаның дамуына үлесін қосты.
Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі», О. Бөкейдің «Бурасы», «Кербұғысы», Ә. Кекілбаевтың «Бәйгеторысы», С. Санбаевтың « Ақ аруанасындағы» хайуанттарғаадами сипаттар беруде эстетикалық-философиялық астарлары кездесті.
Мифологизмнен қалыптасатын анималистік образдар адамның болмысын-қарым қатынасын тереңдей зерделеудің маңызды тәсілінеайналды.
О. Бөкеев «Бура» шығармасында мифтік аңыз-әңгімелердегі халықтың рухани тәжірибесімен суарылған дәстүрлі бейнеден авторлық мифологиялық кейіпкердісуреттейді. Образ «ғарыштық», «табиғи» деңгейге көтеріліп, экспрессиямен, лиризммен молыққан, жалпылық, жинақтық мән алып, сонымен қатар жаңа мифтік бейнеге, бостандық сүйгіш рухтың бөкеевтік символынаайналған. Суреткерлердің дара шығармашылық ерекшелігін әдебиеттегі дәстүр мәселесімен сабақтас қарастырудың маңызы үлкен. Әр жаңашыл қаламгер өзінен бұрынғы ақындар қол жеткізген көркемдік тәсілдерді, көркемдік даму тәжірибесін игеруарқылы алға жылжиды да, өзі де жаңаой ойлап табады.
Мысалы, Шәкәрім Құдайбердиев дүниетанымының қалыптасуына ұлы Абайдың, орта ғасырдағы сопылар поэзиясының, жыраулар поэзиясының, Л. Толстой шығармашылығы арқау болды. Шәкәрім ақиқатты тану, рухани тұрғыда өзін-өзі жетілдіру ұмтылыстарын, рухани ізденістерін әдеби, көркемдік ізденістерімен ұштастыра білген сирек тұлғалардың бірі болып саналады. Қаламгердің шығармашылығында діни, эстетикалық, философиялық және психологиялық бастаулардың синтезі жүзегеасты.
Қазіргі қазақ әдебиетіндеайқын көрінетін мифопоэтика шығарманың көркемдік әлемін жаңа мазмұнмен, терең уақыттық межемен байытады.
Жазушы тілінің мүмкіндіктерін көтеріп, мәдени метафоралар мен ассоциациялар қорын молайтады. Нәтижесінде мағыналық мәні күшті мифологиялық образдардың, архетиптік сарынның жандану, мазмұн мен пішін тұрғысында жаңару процесі жүреді.
Қаламгерлер өз шығармаларындааңыз-әңгімелерді, діни көнесюжеттердікеңінен қолдану үстінде, бұл өз кезегіндеолардың туындыларындағы кеңістіктік-мезгілдік өлшемдердің күрделі болуынаәкелді. Бұл реттеқаһармандардың ішкі әлемінің ұңғыл-шұңғылын, олардың жан дүниесінің, санасының, жадының, қиялының кеңістіктерін зерттеуге назар аудара бастады. Бұл бір жағынан адаммен байланысты философиялық мәселенің түп негізінебойлауға, екінші жағынан жекеуақыт пен кеңістіктің шекарасын жылжытуғамүмкіндігін кеңейтті.
Адам өткен күннің, қазірдің және болашақтың тоқайласар нүктесіндебейнеленіп, ал оның ішкі әлемітарихи уақытпен, мифпен бірліктесуреттеледі. Мифологизмнің өз дәуіріндегі қоғамда бел алған рухани бастауға қарсы, адамзат дамуына кері әсерін тигізетін жат құбылыстарды әшкерелеудегі көркемдік қызметіерекше. Миф бүгінгі өркениеттің дамусатысында қайталанбас жаңа мазмұнға ие. Ол жаңа қасиеттермен кеңейе түсті.
Ең алдымен, мифологизм өсиетшілдіктен, дидактизмнен, ақыл айтушылықтан арылды. Мифтік сюжеттер шығармада бүгінгі күннің күрделі де қарама-қайшылығы мол адамгершілік, рухани жағдайымен үндес келеді. Қазіргі қазақ романындағы мифологема метафора ретінде, қазіргі болмысты жалпы адамзаттық адамгершілік тәжірибесі контекстінеенгізудің қандай да бір көркемдік тәсілін айқындаудакөрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz