Өлеңге орын табам


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Кенжебаева Ләззат

«АЛТЫНКӨПІРЛЕР» ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАН КӨРІНІСІ (М. РАЙЫМБЕКҰЛЫ, Б. БАБАЖАНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әдебиет, әдебиет ғылымы халқымыздың тарихын, өмірін, күресін суреттеумен немесе оны түсіндірумен ғана шектелмей, қоғам қозғалысына әсер етіп, саналы әрекеттерге бастаса, көп көре бермегенді көріп, көп біле бермегенді білдірсе, қайнаған ойлардың көзін ашып, көбігін сыпыра білсе - оның өмір айнасы болумен қатар халық қазынасындағы асыл ойлардың да айнасы бола біліп, халқына ұстаздық қызмет көрсете білгені. Бұл - сол халықтың бағы, білгір әдебиетінің биік бағасы. Себепсіз салдар жоқ. Бүгінгідей еліміз егемендігін алып (биыл мемлекетіміз тәуелсіздігіміздің 28 жылдығын, Астананың 21 жылдығын тойлайды) өз алдына қазақ халқының тәуелсіз мемлекеті болып отырғанда, небір саясаттардың аузынан аман шығып отырған сәтте, өткеніміз бен бүгінімізге, қоғам дамуындағы қайшылықтарына, халық өміріндегі драматизмдер мен ұлылықтарға, жетістіктер мен кемістіктерге ашық қарап, әділ бағасын беру - шындықты жеткізе білу - біздің парызымыз ғой деп ойлаймыз.

Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауындағы: "Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет" [2] - деген ойларын іске асыруда ғылымның, тарихтың, оның ішінде халық өмірінің айнасы саналатын әдебиеттің атқаратын қызметі шексіз болса керек. Өз ұлтын мақтан етіп, тілін сүйетін ұлтжанды ұрпаққа "алашым-қазағым" деп халқының ар-намысын, болашағын қорғау жолында құрбан болған абзал азаматтарының өмірін, еңбегін жан-жақты зерттеп, кеңінен таныстыру қашан да қажет-ақ.

Шындық философиядағы нақты түсінік. Халық тарихына, оның жасампаз ұлдарының тағдырына, жарқын істеріне объективті түрде қарап, әділетін айту - әдебиетшінің негізгі міндеті. Өйткені, әдебиет - біздің ұлттық қазынамыз.

Айтылмыш «Алтынкөпірлер» поэзиясындағы қазіргі заман көрінісі (М. Райымбекұлы, Б. Бабажанұлы шығармалары негізінде) » атты диплом жұмысындаайтылған ақындаршығармаларын тақырып тұрғысынан екітарауға бөліп қарастырдық. Олар біріншіден, «Маралтай Райымбекұлы поэзиясындағы қазіргі заман көрінісі», екіншіден, «Бауыржан Бабажанұлы поэзиясындағы қазіргі заман көрінісі», яғни өліара немесе «алтынкөпірлер» аталатын буынның тәуелсіздік кезеңіндегі шырқырата шындыққа барып, замана көрінісін айқын бере білген шығармаларының тақырыптық, көркемдік қырларын ашу.

Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз. «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз . . . » [1, 147-148 б. б. -деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір толғанысында: « . . . Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?" [2, 38 б. ] - деп тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін бойына сіңірген, әлбетте, ақындар деп ұғамыз. Қазақ ақындары шығармалары еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Диплом жұмысының зәрулігі де тәуелсіздік талаптарынан туындайды. Біріншіден, аталған ақындар шығармаларын замана көрінісі тұрғысынан қарастырудың, ұлттық таным тұрғысынан баға берудің мүмкіндігі. Екіншіден, көп дүниені бүкпесіз жазуға тырысқан алтынкөпірліктердің шығармаларына тәуелсіздік тұрғысынан баға беріп, ұлттық идея сынды күрделі тақырыппен байланыстыру - өз алдына дербес шығармашылық саласы екендігі де дау тудырмайды. Мұның өзі - тақырыптың зәрулігінің басты себебінің бірі. Қазіргі қазақ поэзиясындағы қайраткер-қаламгерлеріміздің әдеби шығармасына тарихи сабақтастық биігінен қарап бағалау, болашаққа ғылыми бағдар жасау әдебиеттану ғылымының төл ісі болып табылады.

ХХІ ғасырдың гуманистік талап-тілектерін қанағаттандыра аларлықтай ұлттық сана-сезімімізді шыңдап, рухани мәдениетімізді «Қазақстан 2050» ұзақ мерзімді стратегиялық бағытына сәйкес қайта қалыптастыру барысында қазіргі қазақ поэзиясында ой тастап, ұлт мұратына, болашақ ұрпақ үшін бүкіл қайрат-жігерін жұмсап жүрген азаматтардың әдеби-мәдени-рухани шығармашылығына ыждағаттылықпен қарау, зерттеу өскелең әдебиеттің белгісі болса керек.

Диплом жұмысы тақырыбының зерттелу деңгейі. Тәуелсі здік жылдарындағы қазақ поэзиясына қатысты аталған ақындар шығармашылығы қарастырылғанмен, аталған тақырып әдебиеттану ғылымында алғаш рет зерделеніп отыр. Қазақ поэзиясы мен сынына қатысты З. Ахметовтың, М. Мырзахметовтың, М. Базарбаевтың, Т. Кәкішевтің, Р. Нұрғалиевтің, Д. Ысқақұлының т. б. ғалымдарымыздың еңбектері басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының максаты мен міндеттері. «Алтынкөпірлер» поэзиясындағы қазіргі заман көрінісі (М. Райымбекұлы, Б. Бабажанұлы шығармалары негізінде) » атты диплом жұмысындаесімдері аталған ақындардың шығармаларының тақырыптық ерекшелігі мен көркемділік құндылық шеберлігін анықтау, әдеби тіл ерекшелігіне ғылыми талдау жасап, оған тақырып аясында бойлаудиплом жұмысының мақсаты болып табылады. Жоғарыда аталған мақсатты айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

Осы мақсатқа жету барысында төмендегі мәселелерді негізгі назарда ұстау міндет етілді:

- Маралтай Райымбекұлы шығармашылығын жаңа уақыт талаптары тұрғысынан зерттеу мен зерделеу;

- Бауыржан Бабажанұлы шығармашылығын жаңа уақыт талаптары тұрғысынан зерттеу мен зерделеу;

- ақындар шығармаларын тақырып табиғаты, жанрлық-көркемдік жүйесі, тіл-стиль сипаттары аясында қарастыра отырып, шығармаларындағы қазіргі заман көрінісін рухани жаңғыру тұрғысынан бағамдау.

Зерттеу әдістері. Ақындар шығармаларына негізінен салыстырмалы талдау, жинақтау, тұжырым жасау, талдау әдістері жүйесімен жүзеге асты. Авторлар шығармаларын жанрлық даралану, тіл ерекшелігі, сюжет пен композиция, форма мен образ сипатынан жүйелі-кешенді және тарихи-салыстырмалы әдістер аясында айқындалып, аналогия, нақтылы деректер арқылы жинақтаулар жүргізілді.

Диплом жұмысының нысаны . Дипломдық жұмыстың нысаны ретінде «Алтынкөпірлер» поэзиясының белді өкілдері М. Райымбекұлы, Б. Бабажанұлы шығармалары алынды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі. Ақындар шығармаларының поэтикасын қарастырғанда, әдебиеттанудағы кейбір еңбектер негізге алынды. Бұл ретте А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Д. Ысқақұлы еңбектері теориялық, методологиялық бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Диплом жұмысында қазіргі қазақ поэзиясының белді өкілдері М. Райымбекұлы, Б. Бабажанұлы шығармалары тақырыпқа қатысты идеялық-көркемдік, стильдік ерекшеліктері, көркемдеу әдіс-тәсілдері мен жанрлық жүйесі рухани жаңғыру тұрғысынан анықталды.

Құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі және зерттелу деңгейі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері берілген.

І ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ «АЛТЫНКӨПІРЛІКТЕР» ПОЭЗИЯСЫ

« Алтынкөпірліктер» шығармашылығы туралы сөз болғанда әуелі Мағжанның «Мен жастарға сенемін» деген өлеңі оралады. Онда ақын:

Арыстандай айбатты.

Жолбарыстай қайратты -

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін! - деп ағынан ақтарылған болатын.

Ал сол жастар үмітті ақтады ма? Бұл күнде әдебиетте «болмай жатып Белинский, толмай жатып Толстой болғандар» (М. Әуезов) көбейді. Абайды ақын емес, Қожаберген, Сегіз серіні қиял кейіпкері дейтіндер шықты. Қайтеміз - құлақ біздікі, ауыз өзінікі. Барды бағамдағанның орнына оны жоғалтпақшы болған «ұлт зиялыларына» буырқанып тасимыз, таяздығына таңғаламыз. Ең соңында «жаңа ғасыр шалдарының» мінезімен үндемей құтыламыз. Ал сол жастар үмітті ақтады ма? «Біздің жас ақын-жазушыларымыз әдебиетке біз жастар тақырыбымен келеміз деп еді. Асыл тастан, ақыл жастан деген халық қағидасы бойынша үлкендеріміз үлкен үміт еткенбіз. Ол үміт әлі ақталған жоқ». Бұл сөз Ғабит Мүсіреповтың 1984 жылы Жазушылар одағында 82 жасында айтқаны. Қазірде құнын жойған жоқ. Алдыңғы буынның соңғыларға көңілі толмаушылық өткен ғасырдың соңына келгенде талай данамыздың өкпесін қара қазандай қылған түрі бар. Десе де барға қанағат жасайтын, алғы күнімізге үмітпен қарайтын халықпыз ғой. Әуезов 1960 жылы «Жыл келгендей жаңалық сеземiз» атты мақаласында: « . . . Сол жайды бiз өзiмiздiң жастар туғызып жатқан қазақ поэзиясы, қазақ лирикасы жайында айтқым келедi. Осы үш саланың табыстарын жаңа жыл келгендей өнердiң жаңа, жас қайраткерлерi келiп, қазақтың музыка, живопись, поэзия өнерiне жаңа бiр жыл келгендей жақсылық әкеле жатқан сияқты» - деген болатын. Ескерте кетерлігі мұнда Мұхаң прозамыз жайында емес тек «қазақ поэзиясы, қазақ лирикасы жайында» сөз қозғап отыр. Онан кейінгі толқында да Жастар жағына мойын бұрып, олардың шығармашылығы туралы сөз қозғағандар аз болған жоқ. Жастар және олардың поэзиясы төңірегінде Әбіш Кекілбаев: « . . . Жасырақ кездеріңізде, бойларыңда қуат бар кезде көбірек оқып, көру жадыларыңызбен қоса миларыңыздың жұмыс жасауын құлпыртыңыздар . . . Қазіргі жігіттер әдемі сөйлейді, ал, жазған кезде қате-қате жазады . . . қазақтың поэзиясындай мықты поэзия жоқ. Мен өзге ұлттардың әдебиетін біршама білемін, осының ішінде қазақтың өлеңіндей өте мәнді, өте әдемі, барлық жағынан жетілген өлең өте аз. Әсіресе, жастар поэзиясы. Осы поэзияның деңгейіне әдебиеттің қалған жанрлары да жетер болса - қазақ әдебиеті ең бір дамыған, оқсаулы әдебиет боп шығар еді . . . Қазақтың таланттыларының бәріне ортақ бір кемшілік - өзінің жеткен деңгейінде тұра алмайды. Бұл жағынан олар алдындағы Жұмекен сияқты ағаларынан үйрену керек альпинист сияқты . . . алған шыңында қадалып тұра алған», - деп үміті мен талабын қатарынан білдірсе, Асқар Сүлейменов: «Ұрпақ - ұрпақпен ұрпақ. Аға буын ағалық қамқорлығын көрсетсе, рухани мұраның тарих қоржынында қабаттасып қала бермейтініне есеп беріп отыр. Қазіргі жас - тарихтың мұрагері, сондықтанда сол мұраны жетпек жеріне жетелеп кетеді деп, соның азабына да, ауыртпалығына да таймай барады деп үміт артады. Бұл - сенім, бұған қоса жауапкершілік. Аға үміті ақ үміт, оны ақтамағаның өзіңді ойға, етекке тастағаның. Кім өзін тау табанынан көргісі келеді дейсіз? Әдебиеттің жаңа буынына, ең жас буынына бұл туралы әбден ойлану керек. Әншейін көкірек қағып, құрғақ мақтанудың жетегіне еріп емес, өздерінің табысына да, табыс көріне бермейтін тайыздығына да шын суреткерше асықпай, аптықпай, байыпты қарап ап ойланғаны шарт . . . Жаңа буын жаңаның жасаушысы болуға шамасы жетпесе, үлескері болуы керек» - деді. Ақын Темірхан Медетбек жас ақындарды «Алтын көпірліктер» деп атады. Сөйтіп алдыңғы аға буынның өзінен кейінгілерге сынмен, үмітпен, күдікпен қарайтыны мәлім болды. Кезінде (2007 жыл 2 ақпанда) «Қазақ әдебиетінде» «Жастар шығармашылығында поэзия биік, ал проза . . . » деген мақала жариялаған едім. Онда «Жастардың поэзиясынан жалындылық, өсу көрем. Ақын жанды халықтың ұл-қыздары буынсыз тілді бүгінгі кәдесіне жүгіндіріп, ұлт әдебиетіне кәусар бұлақтай құйылып жатқаны мерейімізді өсіреді. Қазақтың қара шаңырағында қайнап жатқан жыр қазанына қарап тоқтықпен марқаясың» - деп жазған еді Жәди Шәкенұлы. Демек осы арада бір көмескі сұрақ жатыр. Яғни неге - поэзия биік, ал проза . . . ? Ендеше қара өлеңге қанығып өскен қазақ баласы болғанымыз үшін сіз болып, біз болып осы сұрақтың жауабын іздеп, қолымызға іліккен өлеңдерден олардың болмысын іздеп көрейікші. Алдыңғы буын аға толқындарға бір көз тастасақ, өткен ғасырдың соңында қазақ әдебиетінің аспанына көтерілген жарық жұлдыздар аз болған жоқ. Олардың шоғырында Т. Айберген, Ж. Нәжімденов, М. Мақатаев, Қ. Аманжолов, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, С. Жиенбаеав, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Жақыпбаев, О. Сүлейменов, М. Шаханов, Ф. Оңғарсынова, Е. Раушан, Т. Медетбек, И. Оразбек, Ж. Әбдіраш, И. Сапарбай, Т. Медетбек, Ж. Бөдеш, М. Айтқожина, Ұ. Есдәулет, Ғ. Жайлыбай, С. Ақсұңқар, Н. Айт, М. Ақдәулетов, Т. Әбдікәкім . . . жұлдыздары бар. Олардың ізін басқан жас буын өкілдерінен ғасырлар өларасында жарқырап көзге түскен Гүлнар Салықбаева, Сабыр Адай, Бауыржан Жақып, Светқали Нұржанов, Маралтай Райымбек, Жарас Сәрсек, Танакөз Толқынқызы т. б. секілді жалынды жастарды атауға болар еді. Ендеше, «енді кіміміз бар?» деген сауалға толық жауап бере алмасақта, талпыныс жасап жаңа ғасырдан жаңа есімдерді іздеп көрейік. Осы арада жас ақын анықтамасы туралы ой білдіре кетсек, өнердің жаспен өлшенбейтігін айтар едік. Әрине, талант жаспен емес, еңбекпен көрінеді. Өз халқына ғана танымал болып қалмай, аты әлемге машһұр болған Байрон, Петефилер жиырма бес-жиырма алты жыл ғана ғұмыр кешіпті. Пушкин, Шоқан, Сұлтанмахмұт, Төлегендер отызға жетер жетпесте-ақ талантын танытып үлгерген екен.

Осыған қарап бүгінгі жастарды «жастар», «жас ақындар» деп бөлгеннен көрі әдебиетіміздің «жаңа легі» деп атаған да теріс болмас еді. Шын мәнінде мәселе олардың атында емес, затында - өлеңінде екенін ескерсек, жайқалған жас майсаның көркінен көрі, күзде беретін дәніне үңілетінімізде де рас. Олай болса бүгінгі «қазақтың қара шаңырағында қайнап жатқан жыр қазанына қарап тоқтықпен марқаюымыздың» себебі неде? Қазақ өлеңінің бастауы қара өлең болғанмен жыраулар жырымен есейіп, өзге ұлт әдебиетімен қанаттанған Абай және Абайдан кейінгі озық ойлы ақындар легінің поэзиямызды ғарышқа көтергенін мақтаныш етуіміз керек. Қазақ әдебиетінің додалы дүбірінде бір-бірімен үзеңгілесе, аузынан ақ көбік бұрқап, ентелей шапқан дүлдүлдер тобы көп болды. Алды тізгін ұстатса, арты қарадан қалысқан жоқ. Осылайша оңымыздан айымыз жарқырап, солымыздан жұлдызымыз туды. Поэзия байырлы­лығымен бе, шағын, өткір жанырлығымен бе өсу, биіктеу жағында ежелден ақ марқалығын көрсетіп келді. Прозамыздан да оқ бойы озып отырды. Бүгінгі жастар жырына үңілсек, оның өсу барысын көп жақтардан байқауға болады екен. Жазба өлеңіміздің тегін тас бетіне таңбалаған іздерімізден іздесек, ол Түркілік дәуірден - бағзы түркі ескерткіштерінен бастау алады. Сол үшінде текті жырды тегімізден іздеген талай ақын тамырын тереңге жайып, жырын арыдан толғады. Төркініміздің тектілігін мақтан көрді. Түрік әдебиетінің мақтанышы Мехмет Юрдақұл: « . . . Мен түрікпін, дінім, ұлтым ұлы ғой, Өне бойым жанған отқа толғандай . . . , » - деп жырласа, қазақ түркісінен шыққан ақын Жұбан Молдағалиев: « . . . Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген . . . », - деп жырлады. Ал, түркілік тек туралы сан қайталаған дана көкірек Мағжан: «Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе? Түрікке адамзатта ел жеткен бе? Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял, үріктің ерлеріне ер жеткен бе? . . . , » - деп асқақ үн қатты. Көне түркілік жәдігерлер Күлтегін, Білгеқаған ескерткіш­терінен бастау алып жыраулар жыры арқылы көркемдік биікке көтерілген байырғы поэзиямыз тудырған рухты жырлардың үні әлі тынған жоқ. Аталар жалғаған асау жырлар ырғақты поэзия түрінде ұлттық айбат, өзгеше кескіндемесімен ұрпақтарынан да өзіндік еншісін алды. Демек, кешегі Темірхан, бүгінгі біздің жастар осы рухты жалындатып, лапылдатып жалғастырып келеді десек еш қателес­пейміз. Сондай ақындардың қатарынан арынды да дарынды жырларымен, селдеген сезімімен өлең өлкесіне қосылған бір топ жас бар. Сол топтың алдыңғы легінде Ұларбек Дәлейұлы Байтайлақ бар. Әсіресе оның соңғы кезде жазған жырларында сондай түркілік екпін, жалынды өсу байқалады. «Мұңлық» өлеңін оқиық:

Алты айлық алыс даламнан асығып жеткен боздағым,

Сағынышымның мың түрлі аруағын несін қозғадың?

. . . Асуда асу бел еді,

Аңқып бір соққан жел еді.

Қуанышым да бар еді, қасіретім де көп еді.

Кешігіп жетер көктемнің сәлемін ала келдің бе,

Құладын құстай құмдағы жанымның шөлін көрдің бе.

Ғасыр да емдеп жаза алмас жүрекке біткен мұңым бар,

Хантәңірідей қайғымды қабағымнан ұғыңдар.

Жылай да жылай жабығып жайлауда қалды қарындас,

Қарай да қарай қамығып қыстауда қалды тамырлас.

Жазыққа біткен бүлдірген - жалаң бұттарға жем болған,

Жарлауға біткен жапырақ - шашылып қара көң болған.

Алтайдың белі ақселеу,

Ақселеу басын ие ме,

Аңырап қалған қарындас әлі де бізді сүйе ме?

Көктоғай бойы көп асу,

Асуға қостар қонды ма,

Жұртымда қалған ақмойнақ, алыпсоқ арлан болды ма.

Ботасын қорғап жаңбырда, желкілдеп боран өтінде,

Шаңырақ салар құба інген боздай ма ауыл шетінде.

Ақсеңгір басы ақ мұнар,

. . . Ағалар кеңес құрды ма,

Жортуыл жолын күзетіп жеңгелер жылап тұрды ма.

Қара шыбындай құжынап байырғы қытай баласы,

Қайнаған базар болды ма атамның қайран моласы . . . Осылай жалғаса береді.

Жол жорғадай төгілген әсем жолдар есіңізге еріксіз Күлтегін тастарын оқуға, жыраулардың жаңа үнін естуге жетелейді. Түркінің ұрпағы тірі екен ғой деп Аллаңызға тәубе қыласыз. Тамсана отырып амалсыздан келесі жырға үңілесіз. «Хат» өлеңі де тура осы өлеңнің үндес жалғасы. Бірақ басқа:

Селенгіге сел жауса да,

Орхон бойын оқ жауса да,

Мен сендерді ұмытқам жоқ бауырлар!

Әр кеш сайын сағынышым ауырлар.

Күн астында келем жалғыз тепеңдеп,

Жүрегімді қалды бұлттар мекендеп.

Дауыл жұлған қайыңдарға жүгірем,

Құлап жатқан Ғұн сардары екен деп . . .

Сендер көрген түсті мен де көремін,

Сендер көрген құсты мен де көремін . . .

Жылау, езілу, егілу, ерлік рухты шақыру деген осылай болатын шығар. Бұл өлеңдерді бұдан ары талдағанннан көрі оқырман өзі-ақ тереңіне бойлайды. Өзінің де түркі қазақ екеніне, осындай ақын ұлы барлығына, жаңа поэзияны да осылай сөйлете алатынымызға мақтанатын болады. Амалсыздан «Селенгіге сел жауса да,

Орхон бойын оқ жауса да . . . » - деп ақынмен бірге күбірлемеу қолымыздан келмейді. Ары қарай оқимыз.

Сенерімді жоғалтсаң да, дерегімді жоғалтпа!

Өлеңімді жоғалтсаң да көгенімді жоғалтпа!

Жегі мұңдар жанды жесе жел өтінде тұрып мен,

Желден сәлем жіберемін,

Жерден ауыр үмітпен . . .

Міне, біз анау-мынау емес нағыз ақынның - түркіден қалған «көк бөлтіріктің» үнін естігендейміз. Тек сыртқы сұлулық қана емес, ұлттық рух, терең пәлсәпа, ішкі ұран қамшының өріміндей жымдасып жатыр. Қайталау, балаңдық, жалаң еліктеушілік емес, қалыптасқан ақынның ауыздықсыз жырына құлақ түріп, талантына тамсанып отырғандаймыз. Енді өлеңнің аяқтауына назар аударайық:

«Селенгіні сел алған жоқ!

Жау алды,

Орхонсуды оқ алған жоқ!

Дау алды.

Дәм бұйырса құшағыңа бір қысарсың оларды . . . ».

Қайтқан құстың ғазалынан у ішіп,

Мен жұбатып тұрмын шерлі анамды . . .

Ақын жүрегі осылайша өзінің жоғын -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлеңнің өзіне ғана тән өлшемді ырғақ
Жамбыл нағыз өлең шебері болған ақын
С. Дөнентаевтың ағартушылық, демократтық бағыттағы шығармалары
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат
Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев
Бекет Өтетілеуұлы, Әріп Тәңірбергенұлы, Бернияз Күлейұлы шығармашылығы
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Ақын Мұхтар Шаханов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz