Қазақ батырларының ерлік істері


Қарабай Әлия Оспанқызы
Тақырыбы: «Жыраулар поэзиясындағы ерлік тақырыбының жырлануындағы көркемдік ерекшеліктер»
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Жыраулық поэзиясы өзінің көркемдік ізденістерімен біршама жетістіктерге қол жеткізген қазақ поэзиясындағы аса ірі дәуір. Жыраулар негізін қалаған толғау жанрында кездесетін көркемдік тәсілдерді зерттеудің маңызы зор. Жыраулар поэзиясының кемелденуіне елеулі үлес қосқан Жиембет, Ақтамберді, Марғасқа, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар жырау шығармалары өзінің мазмұндық құрылысы мен көркемдік тәсілдері жағынан да, түр-стильдік сипаты мен адам бейнесін жасау ерекшеліктері тұрғысынан да жетіліп, даралана түсті. Осыған орай жыраулар поэзиясының әлеуметтік мазмұны байып, көркемдік тәсілдерінің кемелденгенін көреміз. Зерттеу жұмысының мақсаты хандық дәуірдегі толғауларда кездесетін көркемдік тәсілдердің жаңа сатыларын байқау, анықтау. Анығында, батыр образын ашуда қолданылған көркемдегіш құралдарды тауып, талдау. Жыраулар поэзиясындағы ерлік тақырыбының жырлануындағы көркемдік ерекшеліктерді анықтап, жыраулардың тілдік деңгейін саралау зерттеу жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Жыраулар толғауына негіз еткен батыр тұлғалардың бейнесін ашып, біршама сапалық өзгерістерге ұшырағанын байқауға болады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу жұмыста «өткеніңді білмесең, болашақты болжай алмайсың» деген ұстанымды негізге алып, батыр образын бейнелеуде қолданылған көркемдегіш тәсілдерді анықтап, жаңаша үлгілерін қарастырдық. Зерттеу барысында батыр бейнесін берудегі көркемдегіш құралды анықтадық. Зерттеу жұмысының өзектілігі - көркемдік тәсілдердің жаңа сатыларын байқап, анықтау. Жыраулар поэзиясына өзіндік бағасын беру.
Жұмыстың мақсат-міндеттері:
• Жыраулар тілінің көркемдік деңгейін саралау;
• Жыраулар поэзиясындағы ерлік тақырыбының дәріптелуіне баса назар аудару;
• Батырлық, ерлік тақырыбын жырлаудағы көркемдік ерекшеліктерін анықтау;
• Жыраулар поэзиясында кездесетін көркемдегіш құралдарды табу;
• Жыраулар поэзиясының қазақ әдебиетіндегі орнын бағамдау.
Жұмыстың нысаны. Жұмыстың нысаны ретінде «Ай, заман-ай, заман-ай (Бес ғасыр жырлайды) » атты кітап негізге алынып, осы кітапқа енген жыраулар поэзиясының қорына жататын барлық шығармалар талданып, ерлік тақырыбына сәйкес толғаулар алынып талдау жүргізілді. Негимов С. «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» кітабын пайдалана отырып, көркемдегіш тәсілдер топтастырылды. Байтұрсынов А. «Әдебиет танытқыш» еңбегінің нұсқауымен негізгі бөлім жазылды. Жыраулар әдебиетінде кездескен көрнекті сөздер талданып, мағынасына қарай топтастырылды.
Жұмыстың ғылымилығы. Жұмыс қазақ әдебиеті тарихы мен қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет жайлы жазылған еңбектер мен мақалалардың негізгі тұжырымдарын жүйелеп, жинақтаумен ғылыми сипатқа ие болып отыр. Сыздықова Р. «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы», Сыдықов Қ. «Көркемдік өрнектер», және де Негимов С. «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» атты кітаптарға сүйене отырып талдау жасалды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Жыраулар поэзиясының құрамына енетін түрлі толғауларды және де көркемдік ерекшелігін талдаудағы тұжырымдарды жоғарғы оқу орындарындағы XV-XVІІІ ғасыр қазақ әдебиеті пәнінен жүргізілетін дәрістер мен практикалық сабақтарда, арнайы курстарда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Әр тарауға ат беріліп, тараулар тақырыпшаларға бөлініп, зерттеу жұмысы жүргізілді. Соңында қорытынды жазылып, пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І ТАРАУ
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЕРЛІК ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ РУХ
- Жыраулар поэзиясындағы ерлік тақырыбының дәріптелуі
Жыраулық поэзия өзінің көркемдік ізденістері мен өмірдің шындық көріністерін бейнелеуде біршама жетістіктерге қол жеткізген. Жыраулар негізін қалаған толғау жанры жеке түр ретінде қалыптасумен қатар, ең алдымен, әлеуметтік-қоғамдық өмірді, сондағы бір алуан адамдар бейнесін сараптады. Толғау жанрының толысып кемелденуіне кезінде елеулі үлес қосқан Жиембет, Ақтамберді, Марғасқа, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар жырау шығармалары өзінің мазмұндық құрылысы мен көркемдік тәсілдері жағынан да, түр-стильдік сипаты мен адам бейнесін жасау ерекшеліктері тұрғысынан да жетіліп, даралана түсті. Осыған орай жыраулар поэзиясының әлеуметтік мазмұны байып, ел қорғау тақырыбының тұрақтап, көркемдік тәсілдерінің кемелденгенін көреміз. Осы белгілеріне қарап бұл шығармаларды жаңа кезеңде өмірді шындық күйінде бейнелейтін соны сипатты поэзия деп айта аламыз. Мұны жыраулардың адам кейіптемелерін жасаудағы талпыныстарынан да айқын аңғаруға болады. Жыраулар творчествосындағы қалыпты бейнелер жүйесінен мынадай көбісіне тән бір ортақ белгілерді көре аламыз. Олар үнемі белгілі бір тұлғаға (ханға немесе биге, батырға) арнау үлгісінде айтылады да, жырдың ішкі иірім, заңдылықтарына сәйкес өзгенің бейнесін жасау үстінде өз бейнесін ашуға да көңіл бөліп отырған. Мысалы, «Бұдырайған екі шекелі», «Салпаң да салпаң жортармын», «Би Темірге бірінші толғау» толғауларында дәстүрге айналған метафоралық сипат, ал «Айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені» - Қазтуған, «Торлаусыз өскен құланмын, мезгілсіз жусап өрермін» - Доспамбет, «Сен жібексің - мен жүнмін. Сен сұлтансың - мен құлмын» - Шәлгез жырларында теңеудің күрделірек түрлеріне ауысып, біршама сапалық өзгерістерге ұшырайды деп айта аламыз.
Жыраулар поэзиясында батырлардың іс-әрекет, кескін-келбетін ерлік істерімен астастыра баяндау жүйелі дәстүрге айналған. Бұл әр алуан ерекшеліктерімен көрінсе де, осылардың бәріне тән ортақ белгілер де жоқ емес. Авторлары әрі жырау, әрі жауынгер батыр болғандықтан, бұлар өз жырларында өзгелермен қатар өз бейнесін жасауға да мән беріп келген. Осының өзі жыраулар поэзиясындағы шығармашылық қиял мен шындықтың арақатынасын айырып ашуға мүмкіндік беретіні анық. Бұған Үмбетей жыраудың «Бөгембай өліміне» деген толғауы дәлел бола алады.
Үмбетей жырау «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» деген екі жырында басқыншы жауға қарсы күресте жанқиярлық үлкен ерлік көрсеткен айбарлы батырдың асқақ тұлғасын шабыттана жырлайды. «Бөгембай өліміне» атты қысқа ғана (бас-аяғы 30 жол) жырда ол елі үшін туған Бөгембай батырдың заңғар таудай тұлғасы мен өшпестей ерлігін шеберлікпен түйіп сипаттай алған.
Адам бейнесін жасау талабы Бұқар толғауларының да басты бір белгісін құрайды. Үмбетей жырында аталатын қазақтың сол тұстағы әйгілі батырларын ол Абылай бейнесімен тығыз бірлікте алып, бұларды бір-бірін толықтыратын егіз тұлғалар кейпінде жырлайды.
Бұқар жырау өз замандасы Үмбетеймен қатар, жоғарыдағыдай Бөгембай батыр бейнесін жасауға да айтарлықтай үлес қосты. Оның «Қазақтың ханы Абылай» атты толғауы Үмбетей жырына өзінің мазмұны мен жалпы сипаты жағынан көп ұқсас болып құрылса да, жырау мұнда Бөгембай өліміне орны толмас ауыр қаза тұрғысында көңіл айта келіп, оны ел қорғаны, халық тірегі еді деп жоғары бағалайды. Бұл ойын ол көркем де әсем салыстырулар арқылы шебер сипаттайды.
Ал енді, жыраудың Абылай бейнесін жасауы сол кездегі толғау жанрындағы елеулі құбылыс. Ол Абылай ханның халық тағдыры шешілер жауапты кезеңде көрсеткен жанқиярлық ерлігі мен жауға қарсы күресті ұйымдастырғандағы орасан зор еңбегін шалқыта сипаттауға айрықша мән береді. Жырау ел тәуелсіздігін қорғауда көзге түскен ханның әдепсіз іске баспаған әділдігі мен алдын болжағыш ақылдылығын, көрегендігін әр қырынан ашып көрсету үшін оның өткендегі жоқшылыққа толы өмірін әдейі еске салып, бүгінгі басына бақ қонған дәуірімен салыстыра, шендестіре жырлайды.
Асан қайғыдан басталып Бұқармен шектелетін жыраулар поэзиясынан тыс, жаңа мазмұнда әдебиетіміз дами берді. Алдымен, жыраулар поэзиясының даму жолын, тақырыптар аясының кеңеюін, көркемдік ерекшеліктерінің жаңа сатыға көтерілуін және де жыраулардың азаматтық бейнесін ашып алмай болмас. Яғни, жыраулардың сол кездегі қоғамдық рөлі қандай болды деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Түрлі тарихи кезеңдерді басынан өткеріп хандық құрып бөлініп шыққан елдің мақсаты - ел ішіндегі алауыздықты жоя алатын, сыртқы дұшпандарға тойтарыс бере алатын, елдің қамы үшін еңбек ететін әмірші керек екенін түсінді. Енді халық арасында осы идеяны қолдап үгіттеуге ерекше күш салған қайраткерлердің ішінде жыраулар мен шешендер өздерінің құдіретті сөздерімен, үлгі істерімен де басты рөл атқарып, елді біріктіруде орасан зор еңбек сіңірді. Керек жерінде ханның кемшіліктері мен қателіктерін бетіне басып, қажет жерінде мемлекеттік қайраткер қызметін атқарып, елдің ішкі саясатымен де айналысқан. Осыдан келе жырау деген кім деген ойға келеміз.
«Жырау дегеніміз кім?» деген сұраққа қазақ әдебиетінің энциклопедиялық анықтамасында былай дейді: «Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі».
Ал Махмұд Қашқари жырау сөзін «йығру» өлең шығарушы, музыкант деп түсіндіреді.
Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарады. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, кейбірі батыр қолбасы бола жүріп, соғыстағы өз ерліктерін жырласа, кейбірі жанындағы жолдастарының ерлігін мадақтап, бірі ел қорғау парызымыз дей келе, отанды сүюге арналған жалынды ұран-жырлар туғызушы.
«Туындылары адам көңілін дөп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігі және қуатты серпінділігімен ерекшеленеді» [1, 38] . - делінген «Қазақ әдебиеті» еңбегінде, расында да, жыраулар толғаулары өте әсерлі әрі көркемдік қуаты екпінді.
«Жырау - ақпа-төкпе, суырып салма өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлайтын парасаты мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшысы, уақыт, мезгіл сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып, сынай, салмақтай білетін, болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да көрегендіктің дана образы, қисық қылышпен емес, сөзбен сілейтін, бұйрық берер әміршісі, бетің-жүзің демей тура айтар әділ биі, жөні болғанда жыр мен қаруды бірдей жұмсап жауға аттанар жауынгер қолбасы. Жырау ел тағдырын шешер ірі оқиғалар, аса мәнді көкейкесті мәселелер тұсында толғанған» [2, 4] . - деген, жыраудың шығармашылық, әлеуметтік тұлғасын танытарлық пікір білдіреді Сыдықов Қ.
Жырау тұлғасына қатысты ғалымдардың пікірлері сан қырлы болғанымен, барлығында да жырау ұғымының синкреттілігі туралы ой қозғалады. «Сыр бойының жыраулық-жыршылық дәстүрі» атты ғылыми зерттеуінде Б. Жүсіпов: «Көне қоғамда жырау - синкретті тұлға. Орта қоғамда - тарамдалған полихромды (көп қырлы) тұлға. Кейінгі заманда өз бастауына оралып, қайта синкреттелді. Жырау - әрі тотем, кие, билеуші, бақсы, келешек келбетін жасаушы үлгі. Билеуші бақсы ретінде ол қоғам қайшылықтарын, әлеуметтік сырқаттарды емдеуші, жол нұсқаушы. Ол - өз қоғамының дүниетаным шегін анықтаушы. Сондықтан өз қоғамының жемісі бола тұра, ол ұстаз ретінде жырау - сол қоғамның «киесі», демек, киеге тән қасиеттер оған тән. Бұл тұрғыда жырау - әлеуметтік ой-пікірді реттегіш социорегулятор» деген анықтама береді.
Профессор Е. Ысмайылов тек қана қазақ жырлары емес, ноғайлы, қарақалпақ, басқа да Орта Азия Халықтарының жырларының авторы да жыраулар мен шайырлар деп дәлелдейді. Сондай-ақ, қазақтың да белгілі батырлар жырын ең әуелі Шалгез, Сыпыра, Жиембет сынды жыраулар шығарып таратса керек деген құнды пікір қалдырды.
С. Мұқанов: «Сыпыра жырау, Асанқайғы, Бұқар жыраулар XІX ғасырға дейінгі қазақ ақындарының символы, олар хан қасында отырып батырды жырлаумен қатар, сол кездегі мемлекет мәселелерін шешуге қатысады» [3, 56] . - дейді. Расында да Сыпыра, Асан қайғы, Бұқар сынды жыраулар өз заманында мемлекет басшысының кеңесші әрі нұсқаушысы болғаны дәлелденіп отыр.
Е. Байғабылов жариялаған Сыпыра жырау сөзінің бір үзіндісінде ол өзінің алпыстан астам хан көрген қария жырау болғанын хабарлайды:
«Өрлеуге қандай алабың,
Шыңға шықсын талабың.
Алпыс екі хан көрдім,
Несіне оны сұрадың?!
Атқа мінер халы жоқ
Мінсе түсер әлі жоқ.
Жүз сексен жасаған,
Халы осы Сыпыраның» [4, 98] !
Қадым замандардан бастап, қазақ қазақ аталмай тұрып-ақ халық жыраулар мен жыршыларды аса қадыр тұтқан. Академик Әлкей Марғұлан: «Жырау - рубасы ақсақал, халықтың көкейкесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр тудыра бермеген. Ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба алмай тығырыққа тығылған екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Сонда ғана жыраулар халыққа күш-жігер беріп, осы оқиғаның немен тынарын болжап, тебірене жыр толғайтын болған. Болашақты барлап болжам айту - көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басым тәсілі болып саналған» [3, 186] . - дейді, өзінің «Қазақ халқының көне поэтикалық мұрасын жасаушылар туралы» деген мақаласында.
Халық қайғырғанда демеп, қуанғанда қанат бітіріп, ақыл қосатын асыл сөз иесі жырауларды қатты қадірлеген. XV-XVІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар мен ақындардың көпшілігі сарай маңынан көрінеді. Мұндай сипатты Шығыс, Орта Азия елдері ақындары өмірінен де байқаймыз. «Ресейде XVІІ ғасырда патша сарайында ертекші, әңгімешілер (сказочниктер) ұстаған» [5, 16] . - дейді, академик Д. С. Лихачев. Бұл тек Ресейде ғана емес бүкіл Орта Азия мемлекеттеріне тән қасиет дей аламыз.
«Сөзі өтімді, халыққа беделді мұндай адамдарды ел билеушілердің тірек етпеуі өз маңында ұстамауы мүмкін емес еді» [6, 12] . - деген пікір өте дұрыс айтылған. Себебі, қазақ қоғамында да би-шешендеріміз ханның кеңесшісі болып сарайда отырғаны, яғни өмір сүргені белгілі.
«Жырау ұғымы мен жырау тұлғасы XV ғасырға дейін де болған. Дегенмен, тарих мұнарынан аршылып шығып, белгілі бір шығармашылық тұлға ретінде қалғандары XV ғасырдан бастау алады. Сол себепті де жыраулар поэзиясының туып, қалыптасқан кезеңдері XV-XVIII ғасырлар» [7, 5] . - делінеді. Шындығында, ол қазақ мемлекетінің тәуелсіздік алуымен тығыз байланысты болып отыр.
Қазақ жыраулық поэзиясында гректің «аэд» пен «рапсодтары» секілді «жырау» мен «жыршы» деп екіге бөлінеді. Және олардың өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары тек заманының, қоғамның, ел өмірінің әрқилылығы ғана.
Рас «жыр», «жыршы» деген ұғымдар әдебиетіміздің ерте кезеңдерде-ақ туып қалыптасқан. Бұған өз жанынан шығарып айтуға мүмкіндігі бар әр алуан суырып салма ақындар жатқызылып келген. «Жырау» сөзі де осы ұғыммен терең астасып жатыр. Алайда XIX ғасыр мен XX ғасыр басында шығыс сюжетіне байланысты туған қисса, хикая, дастандарды ел ішіне айтып таратушы жаңа бір топ орындаушы - жыршылар пайда болды. Бұлардың көпшілігі суырып салма ақындар емес, тек бұрынғы ақындар жырлаған өз репертуарындағы әр алуан жырларды ел ішінде орындап, айтып таратуды дәстүр етті, сондықтан осы топтағы кейінгі орындаушы жырларды төкпе ақын-жыршылармен, дарынды ақын-жыраулармен бір қатарға қойып атаудың реті келе бермейді. Әрине, бұл топтың ішінде де некен-саяқ ақындық өнері бар, көне сюжетті өзінше үйлестіріп қайта жырлайтын табиғи дарындылары да болды, алайда біз бұлардың өзінде жіктеп ажырата білуге тиіспіз» [9, 90] . - делінген «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» деген зерттеу еңбекте.
Ал Шоқан Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» деген еңбегінде рапсод жөнінде мынадай пікірде: «Жыр дегеніміз - рапсодия. Ол жырламақ деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді. Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуінде тақпақтап айтылады. Негізінен, жырлардың мазмұны бұрында өткен белгілі халық батырларының өмірі мен қаһармандық іс әрекеттері болып келеді. Бұл тұста бір назар аударатын жай, шығармадағы батырдың өмірі мен ерліктеріне байланысты оқиға қара сөзбен әңгімеленіп келеді де, ал өлең-жыр жолдары шығарма кейіпкерлері немесе негізгі қаһарман сөйлегенде ғана басталады» [10, 26] . - дейді.
Жыраулар - басқа тілдік тұлғаларға ұқсамайтын ерекше феномен. Жырау - шығарманы өзі тудырушы, орындаушы, көркем жеткізуші, дәстүр қалыптастырушы, белгілі бір шығармашылық мәдениет қалыптастырушы философиялық болмыс иесі. Сондықтан жыраулар поэзиясын поэтикалық, филологиялық, лингвистикалық, филологиялық, теологиялық пайымдаулармен қарастырған абзал. Жыраулар поэтикасында дүниенің сан түрлі бейнесі көрініс береді.
Жыраулар поэзиясында қалыпты бейнелер жүйесінен көбісіне тән ортақ белгілерді көре аламыз. Олар үнемі белгілі бір тұлғаға (ханға немесе биге, батырға) арнау үлгісінде айтылады. Өз тұсындағы батырларды, қолбасыларды, өз серіктерінің жасаған ерліктерін дәріптеген. Мысалы, Доспамбетті қарастырсақ, өзі әрі жырау, әрі әскербасы болған. Ол өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан, ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Қазақ батырларының бойындағы өрлікті, қайтпастықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Жырау ерлік тақырыбын дәріптеуде ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымды пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен өткірлігін күшейте түседі. Сол секілді бұдан да басқа мысалдар мен дәлелдер көрсетуге болады.
Мәселен, Шалкиіз поэзиясының рухы - ерлік. Ел әңгімелерінің айтуынша Шалкиіз батыр болған. В. Радлов Қырым ноғайларынан жазып алған әңгімесінде, Шалкиіз - батыр, әскербасы, жауынгер, жорықшы жырау болғандығы баяндалады. Батыр болғандығы Шалкиіздің өз шығармаларынан да көрінеді. Шалкиіз поэзиясы белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия деп айта аламыз. Мұны жыраудың қаруы имек садақ пен қайқы қылыш болғанан аңғаруға болады.
«Қатты бір тартып бек атсаң,
Қайырылып барып бек сынар
Қайың оқтың жарқасы» [4, 89] .
Немесе:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz