Сонет жанрының тарихы


К. САЛЫҚОВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ
КІРІСПЕ
Жұмыcтың жалпы сипаттамасы . Диплом жұмысында Кәкімбек Салықов мұрасы - өткені мен бүгіні қазіргі көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ұлттық код тұрғысынан қарастыра отырып, ақынның мол мұрасының барлық қырының терең тамырлары айқындалады. Бұрын сирек сөз болған ақынның аудармашылық мұрасы, сонет жанрын өркендеткен қомақты шығармалары сараптан өтеді.
Тәуелсіздігіміздің үшінші онжылдығы аяқталар тұста жарық көрген Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» [1] мақаласы - уақыт талабынан туындаған бағдарлы дүние болып табылатындығын уақыт дәлелдеп отыр. Бүгінгідей жер әлем алақанға салған шардай ақпараттың лезде тарап, жаһанданудың жойқын күшіне төтеп бере алмағандар жұтылып жатқан заманда, адам баласының «білектің күшімен емес, білімнің күшімен», ұлттар мен ұлыстардың тіл, діл, салт-дәстүріне негізделген күш қана өзін сақтап қалуға негізгі тетік болатындығы даусыз. Білімнің салтанат құруы турасында Президент мақаласында нақты айтылған. «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» [1] . Төл тарихымызды білу, рухани жаңғыру, білімді ұрпақ тәрбиелеу мәселесінің Ұлт Көшбасшысының 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасынан бастау алғандығы да белгілі. Тәуелсіздік, бірлік, жоғары руханилық, экономикалық өсім, еңбек қоғамы, тарих, мәдениет, тіл, ұлттық қауіпсіздік мәселелері ұлттық идеямыздың қазығы болмақ. Елбасымыз сонымен қатар: «Біз бəріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз. Тəуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл əлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде əлемдік бəсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз - бəсекеге төтеп беру. Əлемдік бəсекеге төтеп берудің басты шарты - күшті рух пен білім» - [2] деп атап көрсетті.
Тәуелсіздік кезеңіндегі ақын мұрасының зерттелуі, рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы ақын қаламыан туған шығармалардың қыр-сыры ғылыми жүйеленетін кез келді. Шығармашылық жемісті жылдары 1970-2015 жылдар аралығын қамтитын ақынның бай мұрасының тақырыптық ауқымы, көркемдік деңгейі, бейнелеуіш құралдары арнайы қарастыруға тұрарлық еңбектер. Бұл тақырып жекелеген қаламгерлер шығармашылығы негізінде, айтылмыш дипломдық жұмыста Кәкімбек Салықовтыың шығармалары арқылы ашылады. Ақынның әдеби туындыларының тақырыбына, көркемдеу әдіс-тәсілдеріне, жанрлық жүйесіне ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіліп, баға берілді.
Тақырыптың өзектілігі . Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз. «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз . . . » [3, 147-148 б. б. -деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақ қаламгерлерінің мұрасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Ұлттық әдебиетімізге неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылды. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір толғанысында: « . . . Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?" [4, 38 б. ] - деп тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін "бойына сіңірген қазақ әдебиеті еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, қазақ әдебиеті ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Бай әдеби-мәдени мұрамызға ұлттық код тұрғысынан қарастыру - уақыт қажетінен туындаған міндет. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешілуі үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны, мойындағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелі мәдениетің»[4, 15] деген ойлы пікірін ХХ ғасыр соңында Қазақстанның егеменді ел ретінде жарияланып, ұлттық рухани болмысының қалыптасқанын уақыт талабы айқындап берді.
К. Салықов әдеби мұрасын ақындық, жазушылық, публицистік шеберлік тұрғысынан зерделеп, зерттеу - бүгінгі уақыт талабынан туындағын маңызды мәселе. Қаламгердің шығармашылық шеберлігі мен стильдік ерекшелігі, қоғамдық-саяси дүниетанымы мен азаматтық көзқарасын анықтаудың теориялық және тәжірибелік мәні зор. Қаламгер шығармашылығын уақыт өлшемінде қарастырғанда ғана өз заманында қозғаған маңызды тақырыптары өзектілігімен, өткір де, көркем тілімен айқындалады. Қаламгердің әдеби мұрасының жанрлық, көркемдік сипатына үңілу - тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
ХХІ ғасырдың гуманистік талап-тілектерін қанағаттандыра аларлықтай ұлттық сана-сезімімізді шыңдап, рухани мәдениетімізді «Қазақстан 2050» ұзақ мерзімді стратегиялық бағытына сәйкес қайта қалыптастыру барысында ұрпақ үшін бүкіл қайрат-жігерін жұмсап, ұлтына адал қызмет еткен қайраткерлеріміздің әрбіреуінің әдеби-мәдени-рухани мұрасы өте ыждағаттылықпен қарауды, терең зерттеуді қажет етіп отыр.
Диплом жұмысындағы тақырыптың өзектілігі өзінің санаалы ғұмырында халқына қайраткерлігімен де, тамаша көркем шығармаларымен де адал қызмет еткен көрнекті ақынның мұрасы алғаш рет құндылық тұрғысынан арнайы қарастыырылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ әдебиетінде К. Салықов поэзияс. Диплом жұмысында зерттеу аясынан қалыстау қалып жүрген ақынның сонет аанрын өркендетудегі шығармаларына тоқталдық. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. К. Салықов әдеби мұрасының тақырыптық ерекшелігі мен көркемділік құндылық шеберлігін ұлттық код тұрғысынан анықтау, әдеби тіл ерекшелігіне ғылыми талдау жасап, оған тарихи бойлау диплом жұмысының мақсаты болып табылады. Жоғарыда аталған мақсатты айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- Кәкімбек Салықов әдеби мұрасына, азаматтық көзқарасына көркемдік құндылық тұрғысына баға беру;
- Кәкімбек Салықовтың әдеби мұрасына кезеңдік сараптамалар жасап, әдеби-көркем құндылықтарын айқындау;
- Қаламгер шығармаларының жанрлық сипаттарын көрсету;
- Кәкімбек Салықовтың әдеби шығармаларының жанрлық, тақырыптық ерекшеліктерін ашып, түрлерін айқындау;
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы . Диплом жұмысының нақты ғылыми жаңалықтары ретінде төмендегідей қол жеткен нәтижелерді атауға болады:
- ақын мұрасы кең ауқымды тұтас зерттеу объектісіне айналып, жан-жақты қарастырылды;
- Кәкімбек Салықов шығармаларының табиғаты ғылыми байыпталды;
- ұлттық код, рухани жаңғыру мәселесінің көрінісі Кәкімбек Салықовтың шығармалары негізінде таразыланды.
Зерттеу әдістері . Кәкімбек Салықовтың шығармаларына негізінен салыстырмалы талдау, жинақтау, тұжырым жасау, тарихи-генетикалық талдау әдістері жүйесімен жүзеге асты. Автордың әдеби мұрасы жанрлық даралану, тіл ерекшелігі, сюжет пен композиция, форма мен образ сипатынан жүйелі-кешенді және тарихи-салыстырмалы әдістер аясында айқындалып, хронологиялық жүйелеу, тарихи параллельдер, аналогия, нақтылы деректер арқылы публицистикалық жинақтаулар жүргізілді.
Диплом жұмысының нысаны . Дипломдық жұмыстың нысаны ретінде ақын шығармалары алынды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі . Кәкімбек Салықов мұрасын қарастырғанда, әдебиеттанудағы кейбір еңбектер негізге алынды. Бұл ретте А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, З. Қабдолов, Д. Ысқақұлы еңбектері теориялық, методологиялық бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.
Әдебиеттану ғылымындағы көрнекті ғалымдарымыздың сын-зерттеу еңбектеріндегі сын-пікірлерін, тұжырымдары мен ой-түйіндерін негізге алдық. Әдебиеттану ғылымының әдебиет теориясы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы салалары басшылыққа алынып, осы саладағы ғылымның көрнекті өкілдері: А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, З. Қабдолов, С. Қирабаев, З. Ахметов, М. Базарбаев, М. Мырзахметов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, Ө. Әбдиманұлы, Қ. Әбдезұлы, Б. Ыбырайым, Т. Тебегенов, Қ. Мәдібай, Б. Омарұлы, С. Негимов, Ж. Тілепов, Т. Рахымжанов, Б. Әбдіғазиұлы, Г. Орда, С. Ержанова, Д. Ысқақ, Р. Зайкенова сияқты көрнекті ғалымдардың зерттеу еңбектері жұмыстың тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық мәселесін тереңдете түсті.
Жұмыс мазмұны . Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І КӘКІМБЕК САЛЫҚОВ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СОНЕТ ЖАНРЫ
Сонет дегеніміз - құрылу жолымен ерекшеленетін лириканың түрі (жанры) . Сонет сөзі итал. Sonetto сөзінен шыққан, яғни сыңғырлаған өлең деген мағына береді. Сонет әрқашанда 14 жолдан тұрады, бұл оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Сонет - тәртібі қатал жанр. Сонет жазу үшін міндетті түрде он төрт тармақтан тұратын өлеңнің алғашқы екі шумағы, одан кейінгі үш тармақтан тұратын екі қатарлы шумақ құрылымын бұлжытпай сақтау керек. Сонеттің пайда болуы туралы көптеген теориялар бар. Ең кең тараған теория бойынша сонеттің отаны - Италия, тереңірек үңілсек Сицилия. Сонетті жазған алғашқы авторлардың бірі Джакомо да Лентино (XIII ғасырдың басы) болып табылады. Алғашқы сонеттің пайда болуының нақты күнін жанрдың миграцияға ұшырауының салдарынан айту қиын. Терминнің өзінде бұл поэзияның сыңғырлаған түрі екені айтылып тұр. Сол үшін сонеттің музыкалылығына ерекше назар аударған жөн. Бұл жанрды зерттеушілердің бірі Л. Г. Гроссманның пайымдауынша, бұл ақындық жүйенің негізгі ерекщелігі - оның сыңғырлауында және музыкалылығында. Сонеттің дыбыстық ерекшелігі, ритмикалық сымбаттылығы, строфикалық ауысулардың тірі әні поэзияны сүюшілерді таң қалдыруда. Музықалылық - сонеттің ажырамас ерекшелігі. Бұл қыз бен жігіттің, яғни тенор мен сопраноның ауысуы мен селбесуінен білінеді. Сонеттің критерийлерін қарастырып, Л. Г. Гроссман дұрыс құрылған сонеттің поэтикасы өте жеңіл, оның практикасы ғана қиын екенін байқаған. Тақырыптың өзектілігі. Сонет бай көркемдік дәстүрі бар поэзияның ерекше жанры. Сонет жанрының дамып, ықпалды маңызға ие болуы әр ұлттық әдебиетте әрқалай. Қазақ әдебиетіне сонет жанрының алғаш келуі тікелей орыс әдебиетімен тығыз байланыста болғаны айтқанымыз абзал. Белгілі қазақ ақыны Хамит Ерғалиев, ұлы ақын У. Шекспирдің сонеттерін Ғафу Қайырбеков т. б. белгілі ақындарымыздың аударуы арқылы келген сонет жанрында, енді қазақ ақындары өздері төл сонеттер жаза бастады. Бұл бағытта ерекше еңбек сіңірген ақын Есет Әукебаев болса, белгілі қоғам қайраткері ақын Кәкімбек Салықов «Сонет шоғыры» /сонет гүл тәждерін\ ұлттық әдебиетімізге әкелді. Міне, осы аталған ақындар шығармашылығында дүниеге келген сонеттер «аударма арқылы, төл шығармалары» бүгінгі таңда қазақ әдебиетінде қалыптаса бастаған осы жанрды арнайы зерттеу қажеттілігін көрсетті. Сондықтан да, қазақ поэзиясындағы сонеттің қалыптасу жолдарын толық тану үшін, жалпы сонеттің жанр ретінде пайда болу жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің өзектілігі келіп шығады. Мұның өзі сонет жанрының он үшінші ғасырда алғаш Италия әдебиетінде пайда болып, бүгінде көптеген әдебиеттерге таралу жолдарын айқындауды қажет етеді. Қазақ поэзиясының басқа жанрларына қарағанда сонет қалыпты формасы бар, ерекше жанрлық дәстүрін сақтаған жанр ретінде танылады. Мәселен, сонеттің осы ерекшелігі жөнінде профессор З. Қабдолов: «лириканың әдемі түрлерінің бірі сонет» «итальянша сонетто», «сонаре» сылдырау, сыңғырау арнаулы өлшеммен, әртүрлі тақырыпта жазылатын сыршыл өлең. ; он үшінші ғасырда Сицилияда туған Данте, Петрарка көп жазған, кейін батыс Европаның басқа елдеріне кең тараған классикалық үлгілерін Шекспир жасаған. Сонеттің арнаулы өлшемі бар дедік: көлемі он төрт жол, алғашқы сегіз жолы бірінші бөлім, катринде, ақырғы алты жолы екінші бөлім терцет. Алайда мазмұн жағынан бұл екі бөлімнің ара жігін ажырату қиын. Сонет қазіргі қазақ лирикасында да бар» (1) деп пікір білдірген. Қазіргі кезеңде сонет қазақ поэзиясында қалыптасқан жанрдың бірі болып отыр. Жоғарыда аты аталған ақындардан басқа сонет жазғандарды айтсақ, олар: Қ. Аманжолов(2), М. Мақатаев(3), И. Оразбаев, Б. Кірісбайұлы. Қазақ поэзиясында негізгі жанрдың біріне айналған сонетті толық, жан жақты зерттеудің өзі бүгінгі күн талабына сай екені көрініс тауып отыр. Европа әдебиет тану ғылымында сонет жанрының тарихы мен теориясы әр ғасырда жан жақты зерттеліп, осы бағытта ірі ғылыми еңбектер пайда болды. Жиырмасыншы ғасырда сонетке арналған И. Бехердің(4), Л. И. Берниковтың(5), Т. А. Кощемщуктың(6) зерттеу еңбектері жазылды. Қазақ әдебиетіндегі сонет жанрыныңғ қалыптасу жолдары аталмыш диплом жұмысында мүмкіндігінше қамтылып, сараланды. Сонет жанрын аудару, оның ұлт әдебиетіне келу жолдары жан жақты талданады. Сондай ақ ұлттық әдебиетіміздегі төл туындылар, ұлттық сонет жанры, оның ерекшеліктері қарастырылды. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиеттану ғылымы поэзия жанрларын зерттеуде аз нәтижеге жеткен жоқ. Алайда, қазақ поэзиясында кейінгі кезеңде қалыптаса бастаған сонет жанрының зерттелуі бір жүйеге түскен деп айта алмаймыз. Жекелеген ақындардың шығармашылығы, оның көркемдік қуатын, поэтикасын, шығармаларының стильдік, жанрлық ерекшеліктерін зерттеу барысында, сондай-ақ қазақ әдебиетінің тарихын зерттеген еңбектерде де сонет жанры туралы жекелеген пікірлер кездесіп қалады. Қазақ әдебиеттану ғылымында поэзияның канондық жанрларының бірі -сонетті арнайы зерттеген ғылыми еңбек жоқтың қасы. Дегенмен, әр жылдары қазақ ақындарының сонеттеріне мерзімді баспасөзде А. Нысаналин, Т. Абдрахмановалардың пікір білдіріп тұрғанын атап өткеніміз абзал. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдебиеттану ғылымында сонет жанрының тарихы мен теориясына арнайы алғаш рет тоқталып, өзекті мәселелеріне көңіл аударамыз. Сонет жанрының қалыптасу, даму жолдарын хронологиялық принциппен, кезең кезеңге бөліп қарастыруды мақсат етіп отырмыз. Дипломдық тақырыпты зерттеудегі алға қойып отырған мақсат ақын шығармалары арқылы сонет жанрының даму бағытындағы негізгі кезеңдерін айқындап алуға мүмкіндік бермек. Поэзияның бұл формасына сөзөнер шеберлері қай кезеңде, қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайларда ден қояды, соның заңдылықтарын да танып білу негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады. Әрбір ұлттық әдебиеттегі сонет жанрының өзіндік ерекшелігімен бірге ортақ типологиялық сәйкестігі де бар. Осы проблемалардың арақатынасы салыстырыла зерттеледі. Қазақ әдебиетінде сонет жанрының тарихы, даму кезеңдерімен бірге жанр табиғатын, көркемдік болмысын да даму стадиясымен сатылай зерттеу қажет деп таныдық. Бұл бағдарда, сонет жанрының теориясына, құрылымдық өзгешелігіне арнайы тоқталамыз. Сонет жанрының қазақ поэзиясына ену жолдары да ерекше екендігіне тоқталамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz