Сәбилік ғұрып жыры


ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗІРГІ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЫСАЛ ЖАНРЫ (Б. ҚОШЫМ-НОҒАЙ, Б. ҮСЕНБАЕВ, Ө. АҚЫПБЕКҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ балалар әдебиетіндегі өзіндік орны, қолтаңбасы бар, мол ізденетін, шығармашылық деңгейі жоғары Қошым-Ноғай, Болат Үсенбаев, Өтепберген Ақыпбекұлы. Олар - қоғам қайраткерлері, ақындар, журналистер. Қаламгерлер өз туындыларында қазақ балаларына арнап көркем шығармалар жазумен келеді, адамның қоғамдағы орнын, қызметін, оның өз дәуірімен қарым-қатынасын балалар зейініне бейімдеп, көркемдікпен ашуға ұмтылған. Ұлтымыздың жоғала жаздаған тілі мен дәстүрін, мінезі мен табиғи қасиеттерін көрсетуге, адам болмысының сан қатпарлы құпияларын ашуға ұмтылуы және оны балалар ұғымынаа бейімдеп жеткізуге тырысуы - жазушылардың шығармашылығының негізгі арқауы. Байбота Қошым-Ноғай, Болат Үсенбаев, Өтепберген Ақыпбекұлы шығармаларындағы образдар жүйесінің байлығы, тіл көркемдігі, сурет, бейне, мінездеу, психологиялық иірімдер, ішкі монолог пен диалог - түгелдей әдебиеттің классикалық үлгілерін үйренуден, оны өз жолымен дамытудан туған жаңалықтар.
Диплом жұмысының өзектілігі. Ұлт болашағы оның тәуелсіздігінде екенін уақыт шындыққа шығарып берді. Ата-бабаларымыздың армандап өткен, жан алысып, жан берісіп күткен тәуелсіздігі қазіргі таңда тұғырына қонды. Кез келген ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткерген тарихи кезеңдері, ең алдымен, сол халықтың әдебиетінде із тастайтыны баршамызға мәлім. Осыған орай, аталмыш балалар ақындары Байбота Қошым-Ноғай, Болат Үсенбаев, Өтепберген Ақыпбекұлының жеке адам санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік, психологиялық, философиялық құбылыстарды, ой ағымына, түс көруді талдауға және де психологиялық сыртқы детальдарға бірден-бір ерекше көңіл аударатындығын ескере отырып, қаламгерлердің поэзиялыық шығармаларының өзіндік сипаты, өзіндік қолтаңбасы мен стилі бар екендігін дәлелдеуге тырыстық.
Байбота Қошым-Ноғай, Болат Үсенбаев, Өтепберген Ақыпбекұлының қаламынан шыққан туындылар бүгінгі күнге дейін жеке дара түбегейлі ғылыми тұрғыдан сараланбаған. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін ақындардың поэзияялық шығармаларын әдебиеттанушы ғалымдар салыстырмалы түрде ішінара қарастыра бастады. Алайда жазушылардың шығармаларындағы кейіпкер характері, шығарма тілі мен жазушылардың өзіндік стилі жүйелі түрде жан-жақты сөз болып, арнайы ғылыми-зерттеу нысанасына айналмағандықтан, қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі мысал жанрына қатысты толығымен өздеріне тиесілі бағасын ала қойған жоқ. Осы тұрғыдан келгенде, суреткерлер қаламынан туған шығармалардың мазмұны мен құрылымын, көркемдік ерекшеліктерін, шеберлік сырларын зерттеу - қазақ әдебиеті ғылымы үшін аса маңызды істердің бірі болып саналады.
Диплом жұмысының нысаны Жұмыстың зерттеу нысанасы ретінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың күні бүгініне дейінгі аралығындағы балалар ақындарының балалар әдеебиетіндегі кең тараған мысал жанрының үлгілерін негіз еткен туындылары деректілік негіз ретінде пайдаланылды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Байбота Қошым-Ноғай, Болат Үсенбаев, Өтепберген Ақыпбекұлының шығармаларының жанрлық, тақырыптық, көркемдік-идеялық ерекшеліктерін саралау. Әсіресе, Байбота Қошым-Ноғай, Болат Үсенбаев, Өтепберген Ақыпбекұлының жас оқырманға ой тастап, психологиялық, философиялық тұрғыданжазылған мысал жанрындағы шығармаларының жанрлық-тақырыптық ерекшеліктерін айқындау барысында өз замандастарының шығармаларына назар аударып, айрықша мән беруге тырыстық. Нәтижесінде, мынадай нақты міндеттерді белгіледік:
-қазақ балалар поэзиясындағы 1990-2019 жылдар аралығындағы негізгі тақырыптарды тұжырымдау;
-әдеби жанрлар мен қазақ әдеби балалар поэзиясы жанрларының сабақтастығын зерделеу;
-қазақ балалар поэзиясында фольклорлық сюжеттер мен сарындардың көрініс табуын жүйелі талдау;
-балалар әдебиетіндегі стильдік-көркемдік ортақтастығына көңіл аудару;
қазақ балалар поэзиясының халық поэзиясында орныққан көркемдік бейнелеу құралдарының қолданылу принциптерін анықтау;
-қазіргі балалар поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдықтың үндесу ерекшеліктерін саралау;
-балалар ақындарының шығармаларындағы мысал жанрын бағамдау.
бүгінгі балалар поэзиясындағы жаңашыл үрдістерді зерделеу;
-жаңаша танымға ие поэзияның тың көркемдік нақыштары, тәрбиелік-тағылымдық ықпалы мен жанрлық ерекшеліктерін көрсету;
-бүгінгі қазақ балалар поэзиясының бастауында фольклорымыз тұрғанын ескере келе, ұлттық дамудың ауыз әдебиетімізге сабақтастығы мен оның бүгінгі жаңаша болмысына зер салу, бейнелік әлеміндегі сын-сипаттарды саралау;
бүгінгі қазақ балалар поэзиясындағы тақырыптар, идеялар мен өткен дәуірлердегі тақырыптар мен идеялар, кейіпкерлер арасындағы айырмашылықтарды, соңғы ерекшеліктерді айқындау, салыстырмалы түрдегі жаңашылдық сипаттарды белгілеу. Бүгінгі идеялардың, тақырыптардың, кейіпкер табиғатының айрықшалықтарын анықтау.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Бүгінгі таңға дейін біршама
ғылыми еңбектерде балалар ақындарының шығармалары талданып, жетістік-кемшіліктері айтылып, жоғары бағаланғанымен, балалар поэзиясына қатысты шығармалар өз бағасынтолыққанды алды дей алмаймыз. Дипломдық жұмыс Байбота Қошым-Ноғай, Болат Үсенбаев, Өтепберген мысал жанрын қарастырғандықтан, жазушылардың суреткерлік шеберлігіне, шығармаларының жанрлық, тақырыптық ерекшеліктеріне, өмір шындығын толыққанды көркем бейнелермен жеткізу бағытындағы ұстанымдарына баса назар аудардық. Зерттеу жұмысында Байбота Қошым-Ноғай, Болат Үсенбаев, Өтепберген Ақыпбекұлының қазақ балалар әдебиетінің тарихына ерекше қолтаңбалары қалыптасқан балалар ақындары екеніне айрықша көңіл бөлдік. Олардың қазақ балалар әдебиетіндегі өзіндік орнын айқындауға тырыстық.
Зерттеу әдістері. Жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде әдебиеттану ғылымының жетістіктері, ізденістері басшылыққа алынды. Әсіресе, қазақ фольклорындағы балалар поэзиясын, оның тарихы мен теориясын, сонымен бірге балалар поэзиясындағы ақындардың шығармашылығын қарастырған еңбектер зерттеуіміздің негізгі әдістемелік тірегі болды. С. Сейфуллин, М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, С. Қирабаев, Б. Уахатов, Р. Бердібай, Д. Ысқақ, Ш. Елеукенов, Ә. Нарымбетов, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, т. б. ғаымдардың еңбектеріне баса назар аударылы, ретіне қарай пайдаланылды. Орыс ғалымдарының да озық зерттеулері назарға алынып, тақырыпты игеру барысында әдістемелік бағдар ретінде кәдеге жаратылды. Балалар әдебиеті психология және педагогика ғылымдарымен де байланысты болғандықтан, осы салалардың жетістіктері де назарда ұсталды.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні. Жұмыстың қорытындысы мен тұжырымдарын Байбота Қошым-Ноғай, Болат Үсенбаев, Өтепберген Ақыпбекұлы шығармаларын жалғастырып зерттеу барысында пайдалануға болады. Сонымен қатар, түйіндері мен негізгі нәтижелерін қазақ балалар әдебиетінің тарихын жазу барысында, балалар әдебиетін зерттеуге арналған еңбектерде, жоғары оқу орындарында дәрістер оқу кезінде, оқулықтар дайындау процесінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы екі тараудан, кіріспе мен қорытынды және пайдалланылған әдебиет тізімінен тұрады.
І ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАНРЛЫҚ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Қазақ балалар поэзиясы - қазақ әдебиетінің кенже дамыған саласы болғанымен, руханиятымызды көркемдік кеңістігін байытуымен қатар, тәрбиелік-тағылымдық жағын да толықтырып отырған әдебиет әлемінің үлкен бір қанаты. Қазақ балалар поэзиясын көп жанрлы, көп сипатты кең арнаға балауымыз - әдеби әлем мен педагогикалық тәрбиенің ұштасуы, бала танымына қуатты әсер ете алатын үлкен идеологиялық құрал ретіндегі мән-маңызына байланысты. Осындай күрделі мәселелердің сабақтастығы нәтижесінде бұл қоғамдық-тарихи-рухани құбылыс есебінде тарихи-қоғамдық ықпалға орай әр қилы дамып келді. Қазақ балалар поэзиясының тарихы әдебиетіміздің кеш дамыса да, кеңге қанат жайған сала екенін әйгілейді. Балалар поэзиясының бастауы іспетті XIX және XX ғасыр басындағы ағартушы-демократ қаламгерлеріміздің шығармашылығындағы қоғамдық ой-пікір ұлттық сипат негізінде бой көрсетсе, кеңес одағы тұсында айтарлықтай алға қадам жасап, кеңестік идеологияның мәнді құралы болды. Ал, еліміз тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, ұлттық таным мен ұлттық пайым, діни сипаттар көкжиегінен көрінген қазақ балалар поэзиясы тағы да жаңару мен жаңғыру үдерісін бастан кешті. Әйткенмен де, осынау үш кезеңде қазақ балалар поэзиясының жалпы көркемдік әлеміне қарап, балалар поэзиясы қай уақытта да халық ауыз әдебиетінің тәжірибесін пайдаланып дамығанын көреміз. Жаңа эстетикалық, адамгершілік мұраттарды нысанаға алған тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ балалар поэзиясы осы дәстүрлі дамудың жолын жалғастырып келе жатқан өзіндік көркемдік әлемі.
Балалар әдебиетінің ендігі басты мұраты - тәуелсіздік алып келген ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады. Кеңес заманының белсенді, ақылы мен ойы ұлттық тәрбиеге емес, биліктің ықпалына бағынған поэзиялық кейіпкері бұл туындыда жоқ, бүгінгі көркемдік әлемдегі ұлттық ерекшеліктері мол кейіпкерлерге назар аударсақ, өткен әдебиетімізге қарағанда бүгінгі қазақ балалар әдебиетінің қаншалықты жаңара, жандана түскенін аңғарамыз. Бүгінгі қазақ балалар әдебиеті өзінің төл арнасын қайта табуда десек, «Бір Аллаға сыйынып» деп Ыбырай атмыз толғайтындай, ұлттық діни сипаттарға ие тұстары бар. Бұлар бүгінгі қазақ балалар поэзиясының көркемдік нұсқаларының дамығанына, түрлене түскеніне айғақ. Мұндай түрлі сипаттардың жалпы шоғырлануынан дәстүр және көркемдік ізденіс, идея мен мазмұн, мәселе мен шеберлік жағынан ғылыми назар аударуға, қорытындысында тәуелсіздік кеңеңіндегі қазақ балалар поэзиясы толықтай зерттеуге болатынын айқындады. Еліміздің тәуелсіздік алуы әдебиеті мен руханиятына кең ұлттық тыныс алып келді. Бұрынғы көзқарастар мен ғылыми пайымдаулардың орынын жаңаша ғылыми көзқарастар басып, жалпы рухани әлемімізді ұлттық сипат пен жаңаша мақсат тұрғысынан байыптау уақыт сұранысынан туындап отыр. Жаңа қоғамдағы елдің өзгеше сипатпен өрлеуін тың тұрғыда обьективті сараптау - жалпы әдебиеттануға ортақ талап. Кеңес одағы әдебиеттануындағы әдістер мен тәсілдер негізінен сол кездегі биліктің ықпалына орайластырылғаны мәлім. Коммунистік идеологиясының қысымы салдарынан ұлтымыздың әдеби дамуындағы ұлттық көзқарас пен ұлттық ой, сипат қалтарыста қалып, тиісті деңгейде сөз етілмей келді. Бұл қазақ балалар әдебиетіне де айтарлықтай әсер етті, көркем дүниелерді негізінен идеологияның көзқарасымен бағалау мәжбүрлігі орын алды. Мұндай біржақты пайымдаулардың салдарынан қазақ балалар поэзиясындағы ауыз әдебиеті мен фольклорымыз рухындағы көркемдік ізденістер, ұлттық сипатпен жаңаша даму жолындағы қадамдар ескеріле бермегені де рас. Осы ретте бүгінгі қазақ балалар поэзиясындағы соны сипаттар мен ізденістер, көркемдік дәстүрлер мен сан алуан жанрлық ерекшеліктер жаңа уақыттың ұстанымына лайықты назар аударуды талап етеді.
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ балалар поэзиясын, сонымен қатар балалар әдебиетінің өзекті жанры мысал өлеңдерді зерттеу өзектілігін бірнеше дәйекпен түсіндіруге болады, біріншіден, еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде жазылып, қазақ балалар поэзиясының кітапханасын байытқан көркем дүниелердің көркемдік көкжиегі кең, шеберлік ауқымы бай, жаңашылдық үрдістері мол, нәтижесінде аталмыш туындыларға ғылыми тұрғыдан назар салатын уақыт жеткенін көреміз; екіншіден, еліміз тәуелсіздік алған жылдарда кеңестік биліктің салдарынан жоғалтып алған ұлттық танымын қайта тапты десек, бүгінгі қазақ балалар поэзиясының осы ұлттық таным шеңберінде жетілуі арнайы сөз етуге тұрарлық; үшіншіден, бүгінгі қазақ балалар поэзиясына үлес қосып жүрген қаламгерлеріміз әдебиетке кеше қосылған жастар емес, кеңес заманында да қазақ балалар әдебиетін байытып, дамытқан салиқалы, сарабдал сөз иелері. Олар ұлт болашағын ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге лайықты шынайы көркем туындылар жариялады. Осындай іргелі шығармашылық ізденістердің көптеп көрінуі, бүгінгі балалар поэзиясын тың тұрғыда байыптау қажеттігі тақырыбымыздың өзектілігін айқындап, тәуелсіз елдің тәуелсіз әдебиетін түбегейлі зерттеуге сұраныс туындатады.
Қазақ балалар әдебиетін арнайы зерттеу кешірек қанат жайғанымен де, бұл салада ғалымдарымыз біршама табыстарға қол жеткізді. Қазақ балалар әдебиеті тарихына айрықша мән беріп, ғылыми шолу жасаған Ш. Ахметов еңбектері белгілі. Әйтсе де, мұндағы кей тұжырымдар мен ойлар уақыт дамуына орай көнеріп, бүгінгі кемел әдебиеттің талаптарына жауап беруге әлсіздік танытатын тұстары да бар. Қазақ балалар әдебиетін түпкілікті жолға қойып, зерттеу шарасы өткен ғасырымыздың екінші жартысынан кейін ғана қолға алынды. Бұл тұста С. Қирабаев, Қ. Мырзалиев, Ж. Әбдірашевтардың ізденістері көрінеді. С. Өскенбаевтың «Қазақ балалар прозасының даму тенденциялары», Б. Ыбырайымның «Қазіргі қазақ балалар прозасы және рухани-эстетикалық даму мәселелері», «Қазіргі қазақ балалар повестерінің көркемдік ерекшеліктері», Е. Құлымбетовтың «Өтебай Тұрманжановтың ақындығы» деп аталатын іргелі дүниелерімен қатар, Қ. Ергөбек, А. Әлтай, Б. Қапасова, Ж. Рүстемова, Б. Ақыш, Ш. Жанаева, Ә. Жәкім, А. Ахтанова және т. б ғалымдардың осы саладағы еңбектерінде қазақ балалар әдебиетінің түрлі жанрлары мен мәселелері зерттелді.
А. Байтұрсынов, М. Ғабдуллин, Б. Уахатов, Ш. Ыбыраев, К. Ісламжанұлы, А. Мамбетованың еңбектері балалар әдебиеті мен халық ауыз әдебиетінің жанрларын, балалар танымына әсерін сараптайды. Бұл еңбектерде балалар әдебиетінің түрлі кезеңі зерттелді десек те, тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ балалар поэзиясы әлі ғылыми назарға ілінбеді. Қазақ балалар поэзиясының мәселелеріне зер салған ғалымдардың, ақын-жазушылардың түрлі сыни мақалалары мен әдеби шолулары әр уақытта жарияланып келді. Болашағымыз - өскелең ұрпақтың елінің көркеюіне үлес қосар азаматы болып, ұлтжанды тұрғыда, рухани дұрыс жетілуіне қазақ балалар әдебиетінің қосар үлесі ерекше. «Тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жас жеткіншектерді мемлекетшіл, отаншыл рухта тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі таңда ұлт ретінде сақталудың бірден-бір жолы - бала бойына елжандылық пен ұлтжандылық рухын орнықтыру екені көп дәлелді керек етпейді». Бірінші Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың ұсынған сындарлы саясатының басым бағытының бірі жас толқынның бойына мемлекетшіл сананы қалыптастыру болып табылады. Балалар әдебиетінің негізгі міндеті - сәбилердің рухани деңгейін көтеріп, қиялын шарықтатар жігерлі де жасампаз жаңа күннің кейіпкерлерін өмірге әкелу» болып табылса, тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ балалар поэзиясы бұл саланың өткен кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай жаңаша сипатпен алға қадам басты. Бұл тұрғыда ұлттық кейіпкер бейнесін ашуды юморлық тәсілдермен жеткізген туындыларға сүйендік. Түрлі мазақтамалардағы салақтық, жалқаулық, еріншектік көп баланың бойында кездесетін, адамның балалық шағына тән мінез болса, ана тілін білмейтін баланы әжуаға айналдыру - тап бүгінгі балалар поэзиясы үшін ұтымды тақырып. Біз сатиралық шығармалардың денінен кейіпкердің ұлттық сипатын сөз етпекті ниет еткен авторлықпозицияны байқаймыз. Ә. Ысқақтың «Кино көргіш Шонай» деп аталатын өлеңінде бүгінгі кейіпкердің тағы бір қырынан сыналуы көрініс тапқан. Автор баланың ой-өрісіне сәйкес келетін, тартымды да, ойнақы оқиға құра білген. Бұл - бала кемшілігін сөз етудің, кәдімгі мазақтаманың бір түрі. Басты кейіпкер Шонайдың бір ғана ермегі бар: ол - күндіз-түні теледидар алдындағы тұтқынға айналуы. «Ван Дам, Шварцнегер дегендерді жатқа біледі. Оларды білмегендерді «Өмірден қалған» деп күледі. Ал өзі, Қобыландыны, Кебекті, Абылайды, Кім екенін білмейді, танымайды». Өз заманымыздың шындығын, бүгінгі кейіпкердің боямасыз бет-бейнесін айна қатесіз көреміз. Қаламгерлеріміз балаларды күлкімен тәрбиелеуді - тәрбиенің ең үлкен түрі ретінде баса назарда ұстайды. Сөгіп ақыл айту өскелең уақыттағы бала психологиясына кері әсер етері заңды. Оған кемшілігін жекіп түсіндіргеннен гөрі жеңіл де, жылы юмормен әшкерелеудің ақылға тән функциясы басым. Сондықтан да ақындарымыз күлкіге баланы тәрбиелеудің жанды құралы ретінде мән береді. Бұларды мазақтама жанрына тән деп танимыз. Ал, Қ. Баянбаевтың «Байлаулы бала» дейтін өлеңіндегі сатиралық нақыш басқаша.
«Күнде көрем Қуатты,
Телевизор алдынан.
Кәрі мысық сияқты,
От басында қалғыған»
Бұл тұста біз көркемдік мәселесін емес, бүгінгі кейіпкердің тұтас танымын сөз етіп отырмыз. Екі ақын да оқиға өзегін өмірден алған. Бұл бүгінгі өркениет заманының ұландарының басында бар жағдай, таныс сурет. Балалар поэзиясы фольклордан бастау алады десек, жоғарыдағы жырдан өзінің түп-тамырынан хабары жоқ, тіпті мүлдем мақұрым кейіпкермен ұшырасып қалғандаймыз. Өзінің тарихын білмейтін, өз қаһармандарын танымайтын, өз құндылығын көрмейтін ұрпақтың пайда болғанын авторлар Қуат пен Шонай бейнесін жасау арқылы көрсетіп, ескерту жасайды. Шығарманың сюжеті жеңіл, тілі мейлінше қарапайым. Жалпы, мінезіне көз жүгіртсек, Шонай мен Қуат жағымсыз балалардың қатарында болуы тиісті еді. Бірақ, авторлар көркемдік шешімді бұл бағытқа құрмаған. Өйткені, Шонай мен Қуат мінезі үлкендердің іс-әрекетінен туған. Үйдегі теледидар күндіз-түні атыс пен шабыс суреттейтін картиналарды көрсететін уақытта кез-келген үйдің баласының басынан табылып қалатын ситуация. Шонай мен Қуат бейнесі қоғамдағы осындай олқылықтар тудырған әдеби өскін немесе әлде әдебиетімізде жаңадан пайда болған жаһанданудың құрбаны, оның көркемдік көрінісі деуге лайық. Ұлттық сипаттағы кейіпкер кіл жақсы мінезден құралмайды. Ұлттық кейіпкердің жағымдысы да, жағымсызы да болады. Қ. Әбілдақызының «Әкеге қарап . . . » дейтін өлеңінен бүгінгі күн сипатын танимыз, ұлттық характердің кері болмысын көреміз.
«- Әке, сіз қайда тудыңыз?
- Атаңдар тұрған ауылда.
- Қалада неге тұрдыңыз?
- Не бар дейсің ауылда?
- Әке, мен де өскенде,
- Шет елде тұрамын.
- Туған жерде не бар деп,
- Әке жолын қуамын!»
Ұлттық негізінен айрыла бастаған, ұлттық бастауын есінен шығарып алған тұлғадан өз түп тамырын танымас адамдар туарына көз жеткізе бастағандаймыз. Баласының сөзі арқылы әкенің шектеулі түсінігін танимыз. Бір ғана ситуацияда әкенің әрекеті ғана емес, өз тегін бағалауды естен шығарып бара жатқан тұтас бір ұрпақты әшкерелеген. Бүгінгі балаларды кешегі балалармен танымдық тұрғыда салыстыру қиын. Ақпараттар тасқыны тәрбиелеген бала мен партия, коммунистер, Ленин жайлы «тәтті ертегілер» аялап өсірген бала арасында үлкен айырмашылық бар. Кешегі бала көп еңбек етіп, Отаннан бір парақ марапат қағаз алғанына қуанатын кейіпкер болса, бүгінгі кейіпкер көп еңбек етіп, көп ақша алуды жөн көретін заманаға бейімделген тип. Сондықтан да бүгінгі бала кешегі күннің баласындай қойшы болмақты, шахтер болмақты армандамайды. Ол өркениеттің жалына жармасып, әлеуметтік даму сатысы жоғары мамандықты көксейді. Мұның себебін жаһанданудың бір көрінісі ретінде түсіндіре аламыз. Жаһандану - ұлттық, отандық, бауырмалдық сезімдерді шын мәнінде тәрк етіп, жаһандық көзқарасқа бағыну болса, жақсы өмір сүру қағидасы болса, өз ұлтына қызмет етемін деген ой санасында мүлдем жоқ баланы жаһанданудың төл перзенті демегенде кім дейміз?
Ақын Е. Елубаевтың «Сұхбатта» деп аталатын өлеңінде ақын мектеп жасындағы барлық бала айтатын, армандайтын «Кім болам?» тақырыбына мән берген. Сөйтсе, бір топ бала ақынға арманын айтады. Жауабын тыңдасақ, баршасы да әлеуметтік жағдайдың жоғарылығын қалап, ақшалы мамандықтың иелері болмақ екен. Бұған қарсы ақын былай деп толғайды:
«Сонда кім қазбақ көмірді,
Кім қорытпақ темірді,
Кім бақпақшы қойларды,
Кім салмақшы жолдарды,
Кім шығармақ күліңді,
Кім жыртады жеріңді,
Кім қорғамақ еліңд?»
Бүгінгі балалар поэзиясында Тоқтар мен Талғат бейнесі жаңа уақыттың жаңа қаһармандары ретінде кестеленіп келеді. Бұл тақырып аясында Қ. Әбілдақызы:
«Қазақтың тұңғыш ұшқышы,
Ғарышкер батыр атанды.
Қыраннан асып шың құсы,
Жер-Анадан бата алды», -
десе бұл қатарда Е. Өтетілеуовтың «Тоқтар - тұңғыш ғарышкер» дейтін өлеңі бар. Ұлттық кейіпкер дегеніміздің өзі - ұлттық психологиямен ұштасып жатқан категория. Сондықтан да ұлттық кейіпкер жағымсыз да, жағымды да болып келеді. Бұны жоғарыда талдау көзіне айналдырған, шығармаларымыз айқындайды. Ақындарымыз бүгінгі кейіпкердің ұлттық бағытын байыту сипатына өзіндік үлестерін қосты. Ұлт ішінен өрбитін жамандық пен жақсылықтың айнасы тәрізді тартыстарды туындату негізінде ұлттық характердің сан-алуан қыры болатынын, оның тек жақсылық шеңберінде сақталып қалмайтынын, бірақ жақсы мінездің жеңіске жететінін бейнеледі. Балалар әлемі үшін құнды, жақсылықтың ұлттық мінезді айқындаушы типтер болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz