Қазақтың биязы әйелдеріне тән мінезден ада



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
І.Жансүргіров өзінің Ташкендікке тарт атты сықағын 1928 жылы 11 қаңтарда Тілші газетіне бастырған. Онда сөзі мен ісінде береке жоқ кеңестік шенеунік Шойынқұлақтың бір күндік өмірін тартысты күйде әжуалаған. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында шаш ал десе, бас алатын Шойынқұлақ сынды белсенділердің көп болғаны белгілі. Олардың содыры қарапайым халыққа жайсыз тип тұрғаны былай тұрсын, өздерінің күнделікті өмірдегі берекесіздігі адам айтқысыз. Кейіпкерінің жұғымсыз кейпін суреттеп, ұнамсыз іс-әрекетін алақанға салғандай ашып береді. Ондай Шойынқұлақтар өмірде аз кездеспейді, әлі де бар. Оларды ашық судың бетіне шағармай, игілікке, жақсылыққа жету екіталай. Ал солардың аз болғанын, тіпті болмағанын жазушы оны ащы да у тілімен түйреген үстіне түйрей түседі. Ол үшін ап дегенде-ақ оның сырт кейпіне тиісе жөнеледі.
Ол шұжықтай тығыз, қазыдай қызыл күрең, қарынсау дей келе, мінезіндегі сабырсыздықты жолай айта кетіп, оқырман алдына Шойынқұлақтың сыртқы, ішкі келбетін ашып береді. Кейіпкердің болмыс-бітімін толық үшін оқиға ішінде әйелін де қыстыра әкетеді. Әйелі де Шөкеңнің ары жақ-бері жағы. Әдеттегідей ерке, шолжаң, кердең, өз әмірін күйеуіне жүргізе алатын сөзуар, тіпті көнбей бара жатса, көз жасы дайын тұратын ерке-тотай әйел заты. Қазақтың биязы әйелдеріне тән мінезден ада. Оқырман Шөкеңнің әйелі Күлжанмен мынадай ситуацияда кез болады: Шөкең өзіне тән берекесіз әдетіне салып, жұмысқа апыл-ғұпыл жиналып, қобыраған көп қағаздарын қара қапшығына тыққыштап жатқанда, әйелі үстінен түсіп дүрсе қоя береді:
- Қайда безіп барасың ?! Собраниеге, правлениенің отчеты... - деп бүгежектейді Шөкең. Ал әйелі Күлжан бейшараның бұға түскеніне сұға түсіп, дауысын екпіндете: Отчетың да құрысын... Сен де құры! Кет! Жоғал!... [32,8 б.], - деп тас-талқан болады. Күйеуінің әлсіз жағын білетін қу келіншек көз жасын жалп еткізіп те үлгерді. Жаны шыққан байғұс Шөкең дегбір қашып, қоғам жұмысын, отчетын жайына қалдырып, әйелінің көңілін таба алмай дал болды. Қанша жалпақтағанымен, әйелі аптығын басар емес. Сондағы талағы тарс айырылып, ашу шақырғаны, күйеуімен бірге сауда жасау үшін базарға бірге бармауы ғана екен.
Жазушы осындай болар-болмас оқиғаларды кейіпкердің айналасына әдейі топтастырған. Өйткені, оның қызметі осы сауда кооперативіне байланысты болып отыр. Қоғамда жаңа белең алған, халық арасында беделге ие бола алмай жүрген сауда кооперативі осы Шойынқұлақтың қолында. Оны насихаттау өмірге енгізуді іске асыру үшін басты кейіпкерге өкімет үлкен билік пен бедел, лауазым берген. Ал оның тұрпаты мынау - не үйде, не қызметте береке таппай, бос қараң-құраң күй кешуде. Мұны оның кейінгі әрекетінен аңғарамыз.
Әйеліне көп уәделерді жаудырып, әрең босап шыққан Шөкең қызмет қайдасың? деп кеңсесіне жүгірді. Таң атпастан тыпыршып, әуре сарсаңға түсіп, әйелінің қырын қабағына іліккен Шөкең, кеңседе сауда кооперативінің істеген жұмысы бойынша үлкен есеп бермекші. Соған дайындалып жатқан кооперативтік мүшелері құшақ-құшақ қағаздарды ары-бері тасып, әбігерге түсуде. Жиналысқа қатысқан көп жұрт аяқ астынан сұрақ қоя қалса, оған қалай жауап бермекші, оны ойлаған дұрыс. Дегенмен Шөкен қорқулы, өйтпейше көп ел алдында есеп беру оңай ма, ол аздай әйеліне бәр сағаттан кейін келем деген уәдесі де есімде. Асығу керек, асығу, қырсық қылғанда ел де жиналмай қойды, онысы несі екен?! Ел жиналмаса да бастау керек, әйтеуір өтсе болды емес пе, деген тоқтамға келген Шөкең, отчетын бастап кетеді. Есігі мен төрі тай шаптырым кең зал үйдің ішінде бес-алты кісі шашырай қонақтапты. Енді солардың алдында баяғыдан жатталып, әбден мезі болған есебін оқығандай судырата жөнеледі.
Жазушы бұл детальдарды табиғи түрде езу тартқызу үшін әдейі пайдаланған. Әр сатирик жазушының өзіндік қолтаңбасы бардай, Ілияс та сықақ әңгімесін логикалық жүйемен жеткізу үшін уытты тілімен келемеждеу мен сынап-мінеудің әдістерін де шебер пайдалана отырып, Шойынқұлақтың қызметтегі оралымсыздықтары мен сол замандағы басқару жүйесіндегі ойсыз, жетесіз істерді көрсетуге ниеттенген.
Автор есеп берушінің қай сөздерін сықақ әңгімеге арқау етуді де ұмытпайды. Сынар объектісін өткір мысқылға алу мақсатымен оның аузына төмендегі сөздерді салады:
- Жолдастар, кооперативтің ойнайтын ролі үлкен... Кооператив социализмге баратын көпір деген Ленин жолдас. Октябрь төңкерісінің осы жылында ұлы басшыларымыздың ұлы өсиеті жарыққа шығу керек, яғни шығып та жатыр. Кооператив мүшелерінің міндеті одан да үлкен. Жалпы, шаруаға кооперативтің не екенін ұғындыруларыңыз... міндеттеріңіз... Өйткені бізде мүше аздау. Кооперативке мүше болмаған бір шаруа қалмасын!... Біз өзгеге өзіміз үлгі болуымыз керек... Так что, шаруа не сатса, кооператив те соны сатсын. Не алса, кооперативтен алсын. Сонымен, так сказать, саудагерлердің маңдайына соғылсын! [32, 10 б.] - деуіне қарағанда өзі үлгі болып қолға алған кооперативті өркендетер, соның белсенді мүшесі болар деп қалғаныңызбен, Шөкеңнің жиналыста сөйлеген жалынды сөздері былай шыққасын жерде қалады.
Асау әйеліне берген уәдесінде тұра алмай, көп кешіккен Шөкең, өтірікті судай сыпырып ақтала бастайды: ...Жиналыста ұсталып қалдым, халық басып кетті, қырдан да көп қазақтар келіпті. Отчетный докладым болып, правлениенің алты айлық есебін бердім. Мүшелер де активно қатысты. Сауалдан сауал, сұраудан сұрау, қане жіберсінші! Қайтесің, қараңғы жұрт ұғындырғаныңды тәуір көреді. Масса шығып сөйледі. Правление жақсы істеген, алған саясаты дұрыс деп, баяндамамды удовлетворительно деп таныды... деп, ана баяндамасынан әлдеқайда ұзын бір қырын әйгілейді. Қызметтегі жүрдім-бардым, өз ісіндегі шалағайлық қаперіне шығар емес, оның бәрін жиып, әйелінің алдында кеудемсоқтық жасап, шылғи өтірікті лепірте сөйлейді.
Әйелі Күлжанға оның қасиеті бесенеден белгілі. Оның сөзін тыңдап тұрған Күлжан жоқ, тіпті құлақ салып тұрған ол жоқ, оның бар ойы - шоқша сақал күйеуін арбаға отырғызып, тезірек базарға жету. Тек кооперативтің базарына емес, оны құмартып тұрған жеке меншік базар. Елге көрсету үшін бар жақсысын киіп, көзін қылмыңдатып қыр көрсету, өзіне дерек дүниесін базардан алып қайту.
Екеуінің арбаға жайғасып, Шөкеңнің түс-тұрпатының, Күлжанның бет-бейнесінің ойнақылықпен суреттелуі - кейіпкерлердің ішкі ойларымен, іс-әрекетімен объективті жайларға, әдет-дағдыға бағындырылғаны, еріксіз күлкі шақыратын детальдар екенін жазбай танисың.
Әйел қауымы өмірде үлкен маңызды іс атқаратындығы, оларсыз тіршіліктің мәнсіз екені түсінікті жайт. Олардың ішіндегі көңілге кірбің түсіріп жүргендері де жоқ емес. Жазушы бұл поэзияны Қуыршақ атты фельетон арқылы мейлінше ашып көрсетеді. Бұл фельетон 1929 жылы жазылған. Жазушы Оңтүстік Қазақстанда болған бір жайсыз оқиғаны негізге алып, әңгімеге арқау етеді.
Ғасырдан ғасырға созылып жатқан қыз үшін қалың мал алу қазақ ішінде сол кезде сүйек пен қанға сіңген әдет еді. Ал бұл әдетті жою мүмкін емес. Сол тұста өкіметтің бұған қарсы қаулысы да шығады. Бірақ оның заңына қанша қайшы болса да, ауру қалса да әдет қалмайдының кері тиеді.
Жазушы әйелдердің қадір-қасиетіне тоқтала отырып, олардың әрқайсысына нақты мысалдар арқылы лайықты баға береді. Солардың ішіндегі қаламгердің реніш білдіретін бір тобына осы Қуыршақ фельетоны, өзі айтпақшы, бостандықтың да, мәдениеттің де не екенін ажыратпай, дабырға ұшып жүрген санасыз, шалағай, шолақ етек әйелдер жатады. Оны әңгіменің басында - ақ білдіреді. Аяғы, қолы бар. Аузы, мұрны бар. Белі буулы, жеңі сұғулы, төсегі салулы. Ішеді, жейді. Қолдан жасамайды, қатыннан туады. Базарда сатпайды, қазақта сатады. Сақалды балалар ойнайды. Бірінен-бірі алады. Берсе, кетеді, алса, келеді. Тіл болмайды, үн болмайды[33, 11 б.] - деп жеңіл әзілге бұрып, түйін түйеді.
Фельетонның келесі жолдары Шымкент қаласында тұратын Бабас дегеннің үйіне әкеледі. Оның Қатша деген қарындасы бой етіп отыр. Қызға көзі түскен Әбдірахым деген біреу қазақ салтындағы құда түсіп алу немесе алып қашуды мансұқ етпейді, бірден саудаға кіріседі:
- Бабас осында тұра ма?
Қай Бабас?
Кәдімгі ағаш төресі Сәрсенов.
Осында. Бабас шығады.
Кәні, Бабас, қарындасыңа қанша сұрайсың?
Әуелі көр, қолайыңа жақса...
Көріп тұрмын. Құндақтың қолдан жасаған қуыршағындай бала екен. Тек саудасына келіссек.
Мың жарым сом пұл бер де, ал.
Жо, жолдас, ұстаған жерден ағаш та сынбайды. Өзің совет адамысың. Біледі деген қызметкер, оқыған адамның бірісің. Совет тұсындағы қыздың арзандағанын қалай білмейсің? Берсең, мың сом, артыққа ала алмаймын, - деп, екеуі бойжеткен қызды саудаға салады. Қызда үн жоқ, өйткені ол - өз еркі жоқ, үндемейтін қуыршақ. Сауда әрі қарай жалғасады.
"Бір ат қос! Мейлі бопты, [33, 15 б.]. - деп жазушы Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының байырғы диалектісін қыстыра кетеді. Әңгіме қыздың Әбдірахымға сатылғанымен, ол үшін келісілген ақшаның уақтылы қолға тимеуі салдарынан қыз ЗАГС-ке ағасының үйретуімен келісімін бермейді де үйіне қайтады. Әбдірахым дал. Ақша да жоқ, қыз да жоқ. Маңдайы тасқа соғылып, мең-зең болады. Бабасқа адам жібереді. Тіс қаққан Бабас алғашқы құннан бір тиын да түсірмейді. Келген адам Бабасқа қалған 300 сомды ал, қара айғыр да сенікі, қызды бер дейді. Мейлі, бопты, - деп Бабас қала береді. Пұлы берілген қыз ертеңіне Әбдірахыммен кетеді. Әңгіме соңында: Әйелді қуыршақ етуші қулар құрысын! [33, 16 б.]деп қорытады.
Мұның бәрі де - қазіргі уақытқа дейін созылып жатқан қазақ ішіндегі адамдарды жирендірер жаман әдет-дәстүрлер, тартыстар мен конфликт. Осындай тақырыптарға сол кезеңде қазақтың маңдай алды ақын-жазушылары қалам тартқанымен, І.Жансүгіровтің осы сатиралық әңгімесіндей туындылар некен-саяқ. Қуыршақ әңгімесіндегі типтік кейіпкерлер өмірде болған нақты оқиға, нақты адам тағдыры. Осыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаевтың өмір
ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер
Қазақ әйелдеріне тән киімдер
Халық-педагогикасындағы-имандылық-пен-адамгершілік-тәрбиесі
Мінез туралы ұғым
Ұлттық сана дегеніміз не?
Ілияс жансүгіров - сатирик
Исламдағы әйел кісінің алатын орны
Қазақ әдебиетіндегі әйел тағдыры және дәстүрлі отбасы құндылықтарының дәріптелуі
Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызы
Пәндер