Әдебиет - ұлттың жаны


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Нүсіп Гүлжан
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
М. Мағауин шығармаларындағы түркілік таным және оны оқытуды интеграциялау
6М011700-мамандығы - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Алматы, 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі:
PhD доктор Н. С. Балтабаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: М. Мағауин шығармаларындағы түркілік таным және оны оқытуды интеграциялау
6М011700 мамандығы бойынша - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындаған: Нүсіп Г. С.
Ғылыми жетекшісі: профессор Әбдіқалық К. С.
Алматы, 2019
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ . . . 2
- М. МАҒАУИН ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮРКІЛІК ТАНЫМ . . . 5М. Мағауин шығармаларындағы рухани құндылықтар . . . 5М. Мағауин шығармаларындағы түркілік таным көріністері . . . 23
- М. МАҒАУИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ . . . 44Білім беру жүйесіндегі оқытуды интеграциялаудың маңызы . . . 44М. Мағауин шығармаларын оқытуды гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау . . . 50М. Мағауин шығармаларын оқытуды жаратылыстану бағытындағы пәндермен интеграциялау . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің прозасындағы түркілік танымның көріністері талданып жазылған. Әңгімелерінде кездесетін көне түріктердің дүниетанымының бүгінгі қазақ танымымен ұқсастықтары, наным-сенімдерінің қазақ ұлтында сақталып қалған қалдықтары сөз етіледі. Жалпы қазақ халқы - өзінің түп тамыры ежелгі Түрік елі болғандығын мақтан тұтатын, олардың қасқырдан тарадық деген аңызына сенетін халық. Ұлы Көк Түрік мемлекеті, олардың арғы аталары сақ, ғұн мемлекеттері де өз дәуірінде өте күшті, жауынгер халық болғанын, олардың батысқа дейін жорық жасап жарты дүниені өзіне қаратқан ел болғанын білеміз. Осы түбі бір түріктердің салт-дәстүр, әдет-ғұрып, таным-түсінігі бүгінгі күнге жеткен халықтардың болмысынан анық байқалады. Мұхтар Мағауиннің туындыларында мұндай сәйкестіктер аз кездеспейді. Зерттеу барысында ұлттық рухты алғашқы орынға қоя отырып сан түрлі сюжеттер мен образдарды қалыптастырған жазушының «Жаздыгүн шілде болғанда», «Ұлт-аралық жанжал» және «Құмырсқа қырғын», «Көк бөрі», «Қыпшақ аруы», «Жүсіптің қызы Светлана», «Қара қыз», «Қисық ағаш», «Ер Тарғын», ерлік жыры, «Тазының өлімі», «Өлі мен тірі», «Салах-ад-Диннің үкімі» атты шығармалары талданды. Тәуелсіздікке дейін де одан кейінгі алғашқы онжылдықта жазылған жазушының шығармаларында сол кездің ең басты мәселелері қамтылғаны сөз етіліп, еліміздің нық тұрып кетуіне тілекші болған қаламгердің басты идеясы жан-жақты талдауға алынады. М. Мағауиннің ұлт тағдырына қатысты мәселелерді шығармаларында бірде астарлап, бірде ашық түрде жеткізудегі шеберлігі де ашып көрсетіледі. Сондай-ақ, рухани құндылықтарды ұлттық таным тұрғысынан дәріптеудегі өзіндік қолтаңбасы бар жазушы екеніне айқын көз жеткізіледі. Әрбір шығармасы қазақ халқының тамыры тереңде жатқан дәстүрімен, наным-сенімімен, ежелгі түрік халқының рухани қазынасымен астасып, солардан нәр алған әдеби туындылар. Осы шығармалардың өн бойындағы түркілердің таным-түсінігі шығармаларында қалай көрініс бергені зерттеле отырып, шығарманың идеясы, автордың қандай мақсат тұтқаны талданған.
Ұлттық таным, түркілік таным туралы сөз қозғалған жерде ұлтшылдық, ұлтқа қызмет сияқты ұғымдардың қатар жүретіні анық. Мектептегі әдебиет пәнінің оқытылуының негізгі мақсататтарының бірі - ұлттық рухты қалыптастыру. Диссертациялық жұмыста осы ұстанымды негізге ала отырып, М. Мағауиннің шығармаларын интеграциялау жолымен мектепте оқыту жолдары қамтылған. Интеграция, яғни пәндерді кіріктіру арқылы әдебиетті басқа пәндермен байланыстыра отырып сабақ өткізудің тиімді жолдары зерттелді. Әдебиет гуманитарлық білім саласына жатқанымен оны кіріктіру тек осы саламен ғана емес, математика, жаратылыстаруға кіретін пәндермен де байланыс орнатуға болатынын дәлелденеді.
Осындай көптеген мәселелер диссертациялық жұмыс барысында талданып, жазушының түркілік таным аясында жазған шығармалары қамтылған. Зерттеу жұмысы барысында қазақ әдебиетіндегі ұлттық таным, түркілік таным туралы ғалымдардың пікірлеріне, берген анықтамаларына сүйене отырып М. Мағауиннің прозасындағы дүниетаным, нақтырақ айтқанда, түркілік таным мәселелері және оны мектеп бағдарламасы бойынша басқа пәндермен кіріктіріп оқыту туралы сөз қозғамақпын.
Бітіру жұмыстың зерттелу деңгейі мен өзектілігі. Қазіргі таңда жазушының шығармаларының көп бөлігі зерттелген. Алайда, Мұхтар Мағауиннің прозалық шығармаларындағы түркілік таным мәселесі бұған дейін қарастырылмаған. Әрі оның шығармаларын интеграциялау жолымен оқытуға байланысты көптеген пәндермен, оның ішінде жаратылыстану бағытындағы пәндермен байланыс жасалып, мектеп бағдарламасы бойынша сабақ жүргізуге болатын байланыстарға зерттеулер жасалған. Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі де осында.
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин қазақ әдебиетінің төрінен ойып орын алатын жазушыларымыздың бірі. Ол - қазақ әдебиетін ғана емес, қазақ тарихын да түбімен қопарып, қайта жасауға кірісіп кеткен, тарихшы болмаса да қазақ тарихындағы олқылықтардың орнын өзінше толтыруды, қатесін түзетуді өзіне борыш санаған ұлт жазушысы. Оның әрбір шығармасы тікелей немесе астарлы түрде халықпен, оның тарихымен астасып жатыр. Өз шығармашылығынан бөлек тарихта өткен ақын, жыраулардың өлеңдерін жинап, қазақ әдебиетінің қорына өлшеусіз үлес қосты. «Әлденеше ғасырлық тарихы бар көне қазақ әдебиетінің толыққанды шежіресін жасап шығу - болашақтың ісі» [Қобыз сарыны 182-б. ] - дейді жазушы. Осыны басты нысанасы етіп алған жазушының мақсаты айқын көрінеді. Ұлттың қамын жеп, ұлттық рухты ең бірінші орынға қойып жүрген жазушының «Аласапыраннан» бастап соңғы шыққан деректі тарихи хикаясы «Шыңғыс ханға» дейін ұлт мүддесі үшін қызмет етіп келе жатқанын байқауға болады. Руханият мәселесі шығармаларында аз қарастырылмайды. Халықты кемелдендіру жолында жүрген жазушының руханиятты аттап кетпесі айтпаса да анық. Көзбен көрген оқиғаларын, үлкендерден естіген естеліктерін ескіртіп алмас үшін қағаз бетіне түсіріп, халықтың рухани әлеміне, ұлттың рухани байлығына айрықша үлес қосып жүр. Бар білгені мен көргенін мұра ретінде жазып қалдырсам деген мақсатын аңғару да қиын емес.
Бітіру жұмысының мақсаты: Мұхтар Мағауиннің прозалық шығармалырындағы түркілік таным тақырыбын жан-жақты зерттеп, сол мәселенің көтерілу себептерін айқындау әрі оны оқытуды интеграциялаудың жолдарын анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Жазушының образ бен сюжет жасауда шынайы бейнелеуінің ерекшеліктерін айқындау;
- ХХ ғасыр соңындағы проза жанрындағы заман шындығының көріністерін айқындау;
- Жазушы әңгімелерінің тақырыптық ерекшелігін таныту;
- Әңгімелерінің әлеуметтік құндылығын саралау;
- Интеграциялық оқытудың тиімді жақтарын анықтау;
- Жазушы шығармаларын оқытуды интеграциялаудың жолдарын анықтау.
Бітіру жұмысының зерттеу нысыны ретінде Мұхтар Мағауиннің 2002 жылы «Қағанат» баспасынан жарық көрген он үш томдық шығармалар жинағы және «Атамұра» баспасынан шыққан «Қыпшақ аруы», «Тазының өлімі», «Шақан шері» және «Көкбалақ» жинақтары алынды.
Бітіру жұмысының теориялық және методологиялық негізіне Т. Жұртбай, А. Ісімақова, М. Жолдасбеков, Қ. Жұмаділов Қ. Сартқожаұлы, Ә. Қоңыратбаев, Н. Келімбектов, А. Қыраубаева және т. б. қазақ ғалымдарының пайымдаулары мен пікірлері басшылыққа алынды.
Бітіру жұмысының зерттеу әдісі. Мұхтар Мағауиннің прозалық шығармалары негізінен тарихи-салыстырмалы талдау, салыстыру, жүйелеу, тұжырым жасау, жинақтау түрінде зерттеу негізгі нысана етілді.
Бітіру жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тарау, бес тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. М. МАҒАУИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТҮРКІЛІК ТАНЫМ КӨРІНІСТЕРІ- М. Мағауин шығармаларындағы рухани құндылықтар
Ұлттың қамын жеп, ұлттық рухты ең бірінші орынға қойып жүрген бүгінгі жазушыларымыздың бірі - Мұхтар Мағауин. Жазушының «Аласапыраннан» бастап соңғы шыққан романы «Жармаққа» дейін ұлт мүддесі үшін қызмет етіп келе жатқанын байқауға болады. Руханият мәселесі шығармаларында аз қарастырылмайды. Халықты кемелдендіру жолында жүрген жазушының руханиятты аттап кетпесі айтпаса да анық. Көзбен көрген оқиғаларын, үлкендерден естіген естеліктерін ескіртіп алмас үшін қағаз бетіне түсіріп, халықтың рухани әлеміне, ұлттың рухани байлығына айрықша үлес қосып жүр. Бар білгені мен көргенін мұра ретінде жазып қалдырсам деген мақсатын аңғару да қиын емес. Бұл қаламгер туралы Ғ. Мүсіреповтің: «Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от-жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ көрсетеді. Тіліміздің оралымдығын тереңдетуге қосқан үлесі де аз емес», - деген тұжырымды пікірі ұлт намысының айнасы деуге лайық М. Мағауинге берілген шынайы анықтама еді. Үлкен прозашы болуымен қатар М. Мағауин - әдебиет тарихын зерттеуші көрнекті ғалым да. 1960 жылдардың аяғына дейінгі кезеңде зерттеушілеріміз қазақ әдебиетінің тарихын XVIII ғасырда өмір сүрген Бұқар жырау Қалқаманұлынан бастап келсе, М. Мағауиннің 1969 жылы жарық көрген «Қобыз сарыны» атты зерттеу еңбегі осынау межені кемінде үш ғасыр жылжытты. Сөйтіп ол жан-жақты зерттеушілігі мен жанкешті еңбегінің арқасында әдебиет тарихына Қазтуған жырау, Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа сияқты жырауларды да дәлелді түрде әдебиет тарихына енгізуге белсене атсалысты. Мұнан кейін осы бағыттағы зерттеулерін тереңдете түсу нәтижесінде ол құрастырып, түсініктемелерін жазған «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Поэты Казахстана» сияқты кітаптары жарық көріп, халқымыздың рухани игілігіне айналды. Жазушының өз кезінде назар аударған шығармаларының бірі - екі кітаптан тұратын «Мен» деп аталатын өмірбаяндық шығармасы. Мұндағы жазушының шығармашылық жолындағы ізденістері, азаматтық есеюі, мақсат-мүдделері өршіл рухқа баулиды. М. Мағауин шығармашылығы жайлы шағын ойды қорыта келіп, жазушының қазіргі қазақ әдебиет тарихында белгілі бір орынға ие екендігі туралы тұжырымды пікір түюге болады.
Кез келген жазушы өзінің жазу стилімен, жанрымен, қозғайтын тақырыбымен, идеясымен өз оқырманын тауып жатады. Ал жазушы шынайы халық жағдайын ойлап жазса, онда оның оқырманы - сол тілде сөйлейтін және оқитын бүкіл адам. Мұндай жазушы халықтың жазушысына айналары сөзсіз. М. Мағауинді де халық жазушысы деп сенімді айта аламыз. Оның шығармаларындағы кейіпкерлерінің ойы, сөзі, іс-әрекеті қазақтың бейнесін береді. Яғни әр кезеңдегі белгілі бір мәселелерге орай орын алған оқиға барысындағы қазақтың ішкі толғанысы, жан айқайы, сол ойының сыртқа берілуі, бәрі де қазақ қоғамының айнасы іспеттес. Сырттан бақылаушы ретінде өз ойымен оқырманға бағдар көрсетеді әрі адамдардың өзіне бағытталған іс-әрекетке қалай жауап қайтаратынын, халықтың санасы қандай деңгейде қабылдайтынын көрсете отырып әр кейіпкері арқылы сан түрлі образдарды жасаған. Бір қырынан алып қарағанда оның шығармалары психологиялық зерттеу жұмысы сияқтанады. Олай деуімнің себебі, әр шығармадан өмірде кездесетін типтік образдар бейнесін немесе басқа да адамдар кейпін дәл сол қалпында көреміз. Тарихи, замануи шығармалары оқушы адамды ойландырмай қоймайды. Жазушылардың түпкі мақсаты да осы. Қоғамға туындысы арқылы, соның ішіндегі сараланып шаққан сөздері арқылы жол көрсету, бағыт беру. Мағауиннің шығармашылығы туралы жазушы, профессор Т. Жұртбай мынадай ойын білдірген екен: «Шығармашылығын - зерттеуге, талдауға, әртүрлі өлшемдер мен көзқарастардың екшеуіне салуға болар, бірақ, енді оны қазақ руханиятының кеңістігінен, көркем уақытынан, таным тарихатынан, қазақ қоғамының болмысынан ешқашан да алып тастай алмайсың. [Т. Жұртбай; 185] »
М. Мағауин - қазақ әдебиеті үшін ғана емес, жалпы түрік жұрты үшін еңбегін сіңіріп келе жатқан жазушыларымыздың бірі. Оның Аласарыпан тарихи роман-дилогиясы үшін 1984 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілген. Қазақcтaнның Xалық жазушысы, Түркияның Халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері. Мұхтар Мағауин - алғашқы шығармаларымен-ақ әдеби қауым мен оқырман жұртшылықтың назарын өзіне аудара білген қаламгер. Алғаш рет баспасөз бетінде 19 асында көрініп, содан кейін-ақ оқырман назарына жиі ілініп жүрді. Жас жазушының «Жаңылысу», «Ақша қар», «Көкмұнар» сияқты көркем туындылары айналдырған үш-төрт жылдың ішінде-ақ жазылып, ізі суымастан жарық көріп үлгерген шығармалар. Әдебиет тарихы ғылымндағы тұңғыш еңбегі - «Қобыз сарыны» атты кітабы болатын. Сол кезден-ақ жазушы ұлтының тарихын қазбалап, қайта қалауға кірісіп кеткен. «Ақша қар» атты алғашқы әңгімелер жинағы да сөз қадірін түсіне білетін оқырман қауым үшін бағалы дүниелердің бірі болды. Шағын әңгімелері арқылы өзіндік көркемдік стилін, жазу машығын ашып көрсетті. «Тіленші», «Кешқұрым», «Ватерлоо көпірі», «Алтыбақаннан соң», «Тарпаң», «Қияндағы қыстау», «Күтпеген кездесу», «Тұлымханның баласы», «Қияндағы қыстау», «Алтын тіс», «Шеше», «Өткінші», Тәртіпті азамат», «Коммунистік реализм» және тағы да басқа әңгімелерінің көркемдік сапасын ерекше атауға болады.
Қаламгердің қалыптасқан, өзіне ғана тән жазу стилі, сол стилі арқылы жеткізетін түйінді ойы бар. Оның шығармаларында көрінетін идея қазақтың тарихы 550 жыл бұрын бастау алады деген пікірді толығымен теріске шығарады. «Дербес, қазақ атымен аталатын әдебиеттің өмір сүруі - XV ғасырдың орта шенінен басталады» [Қобыз сарыны 16-б. ] дейді М. Мағауин Қазақ хандығының құрылуын алға тартып. Бірақ қазақтың әдебиетінің бастауын сонау Түркі қағанаты, одан бұрынғы сақ, ғұндармен байланыстырады. «Əлі күнге, қазақ əдебиетінің тарихы қайдан басталады, көне дəуір əдебиетін зерттеу қажет пе, жоқ па деген ескі əңгімені көңірсіте бергенше, бізге де осындай едік, ерлік істерге кірісетін кез келген секілді. Жоғарыда аталған үш том, алты кітаптық «Қазақ əдебиетінің тарихын» да қайта жазатын уақыт жетті. [32] » деп жазады ғалымдар «Көне түркі әдебиеті туралы зерттеулер» жинағында. Бірақ қазіргі кезде Күлтегін заманын былай қойғанда, тіпті хандық дәуірдегі әдебиет толыққанды зерттеліп, реттеліп болған жоқ. «Қобыз сарыны», «Алдаспан» секілді ақын-жыраулардың шығармаларын топтастырып, жинақ етіп шығаруының бір себебі - осы. Бұл - оның төл әдебиетімізге қосқан баға жетпес қазынасы.
« . . . ескіден жеткен мұралардың көпшілігінің қазіргі түрік халықтарының қайсына тиесілі екенін дәп басып айта алмайды. Бұл мүмкін де емес. Сондықтан орта ғасырлардан қалған түрік ескерткіштері қазіргі қазақ, татар, анадоль-түрік, өзбек, қырғыз, ноғай, түркмен, т. б. туыстас халықтардың бәріне ортақ әдеби мұра, солардың бәрінің де әдебиетінің басы болып есептеледі. » [Қ. ханд. дәу. әд. 4-б. ] Осындай көзқарасын негізге ала отырып жазушы өзі атаған халықтарды бір-бірімен туыс етіп көрсетеді. Халықтардың туыстығын дәлелдейтін негізгі құралдар - олардың тілі мен әдебиетінің ұқсастығы немесе бір болуы. Осылайша жазушы түркі тектес халықтарды біріктіруге өзінен де үлес қосып жатыр.
Түркі елдерінің басқосуы болған жерде туыстығымызды атамай, тарихымызды еске алмай сөзін бастамайды: «Мың жылдық ежелгі ескерткішімізде айтылғандай: «Түріктің көктегі тәңірі, қасиетті жер-суы: «Түрік халқы құрымасын депті, ел болсын!» - депті. Ендігі міндет, сол елдің іргесін бекіту, қайта көтерілген халқымыздың бақытын баянды ету. » [1; 223] Барлық сөзі мен іс-әрекеті ел үшін еңбек етіп жүрген азаматқа тән қасиетті көрсетеді. XX ғасырдың басында Алаш азаматтары қазақтың көзін ашып, санасын ояту жолында жұмыс жасаса, қазіргі кезде дәл осы іспен М. Мағауин айналысып жүр. Әрбір шығармасында түрік халықтарының дүниетанымы, көзқарасы байқалып тұрады. Ұлы түріктердің ұрпағы екенімізді айқайлап айтпаса да көңілге қонарлықтай етіп жеткізеді. Қазақтың тарихын қазақ өзі зерттемеген, сондықтан оны қайта жазып шығуды шарт санайды. Осы ойы арқылы ол жазулы тарихымыздағы олқылықтардың көп екенін байқатады. Қазақ жеріндегі халықтарды аяусыз қырып-жойды, қанға тоймай Еуропаға дейінгі жерді жаулады деп келген Шыңғыс хан туралы төрт томдық эпопея жазды. Әрі оның негізгі айтпағы: Шыңғыс хан - түрік тектес халықтың ұлы деген ой.
Қаламгер де уақыт перзенті, сол уақыттың елеулі де айтулы оқиғаларын шығармаларына арқау ету - оның қаламгерлік парызы саналады. [Тұрлыбек М. Таным таразысы. 299-б. ] М. Мағауиннің шығармашылығы осы ұстанымға сай келеді. Ол өз заманының жыршысы, өткеннің жоқтаушысы. Тек жоқтап қана қоймай, олқылықтардың орнын толтырумен айналысуда. Өзі айтқандай, Тәңір оған талант беріп, ерекше тағдыр жазған. Ол осы өмірге белгілі бір миссиямен келген. Сол миссияны орындау - оның негізгі шаруасы.
. . . М. Мағауин бүгінгі қазақ прозасының жаңаша тынысын ашты деп мойындауымыз керек. Бұл жаңашылдық тек бір Мағауиннің, бүгінгі біздің заманадастарымыздың үні ғана емес, бұл Мағауин-әдебиеттанушы, Мағауин-тарихшы, Мағауин-өнертанушының үні, яғни, XXI ғасырдың Алаш атты елдің шынайы өкілі ретінде қазақтың намысын жоқтаған ердің үні. [А. Ісмақова]
Кез келген шығарма көркемдік ерекшелігі арқылы өзіне тартатыны белгілі. Бірақ шығарманы толық түсініп, барынша сүйсініп оқуға бұл жеткіліксіз. Шығармада түйіп алар ой болмаса, оған кеткен уақыт зая кеткен болар еді. Жазушының ең басты назар аударар тұсы да осы. Ол шығармаларында ауыл, қала тұрмысын, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдырын психология-философиялық тереңдікпен бейнелейді. «Аласапыран» тарихи романында қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (XVI-XVII ғ. ) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұхара, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған.
Жаңашылдықтың жаңғырығы болған Елбасының бағдарламалық мақаласында ұлттық бірігейлікті сақтау, рухани құндылықтарды дәріптеу мәселесі айырықша орын алғанын білеміз. Елбасы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - ұлттық кодыңды сақтай білу» деп ерекше екпін түсіріп айтқаны рас. Оның ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі жастарды патриоттық сезімге тәрбиелейтіні сөзсіз. «Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы . . . » деген Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, ұлттың тарихын, болмысын, мінезін, құндылықтарын дәріптеуде әдебиеттің орны айрықша екені тағы белгілі. Адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік, қарапайымдылық, тағы басқа қасиеттер рухани азықты байытатын рухани құндылықтар десек, бүгінгі ғылым мен техниканың шарықтап тұрған шағында адамдардан осы рух қажеттілігі, рухани азық алыстап, мейірімнен алшақтап бара жатқан тәрізді. Дегенмен қазіргі рухани азық тапшы уақытта шығармаларына шынайы түрде рухани қажеттілікті байланыстырып отырған жазушыларымыздың көркем шығармалары көмекке қол созғандай. Қазақстанда егемендігімізді алғалы бері руханият мәселесіне қатысты бірқатар істер тындырылып келеді. Ана тілдің мемлекеттік мәртебе алуы, Абай мен Жамбылдың 150 жылдығы кең көлемде аталып өтілуі, 1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлтгық тарих жылы», 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы», 2000 жылдың «Мәдениетті қолдау жылы», 2001 жылдың «Қазақстан тәуелсіздігінің он жылдығы» деп жариялануы және тағы сол сияқтылардың тарих пен бүгіннің сабақтастығын орнатуы нәтижесіндегі атқарылған қыруар жұмыстар елдің мәдени әрі рухани байлығын арттыруға үлкен әсерін тигізді. Тарихта өткен ірі тұлғаларымызды еске алып, олардың мақсат еткен тәуелсіздігін қолдан шығармай ұстасақ, бізге қалдырған аманатына берік болғанымыз. Ал мәдени мұрасының қадірін түсініп, қасиет тұтсақ өзіміздің руханиятымызға қиянат жасамаған болар едік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz