Географияның оқыту әдістері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Жалпы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ұсынылып отырған «Қазақстан-2050 бағыты» жастарды білімге деген ой жігерлері жоғары деігейде болсын деген ой мен мақсат. Елбасы: Басқа елдермен қатарлас дамушы елдердің қатарына кіру басты білім мен сауаттылықты талап етеді. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, азаматтар мен азаматтшаларымыз, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы аса маңызды» - деп атап көрсеткен болатын [1] .
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: География - ең ежелгі қазіргі заманауи ғылымдардың бірі. Грек тілінде «гео-жер», «графо-жазу». Сонымен қатар «география» сөзі «жерді сипаттау және жазу» дегенді білдіретінін білеміз. Ол бүкіл әлем жер бетінің және оның жеке бөліктерінің табиғат жағдайларын, климаттық жерін халқының шаруашылығы мен әлеуметтік тұрмысын зерттейді. География жалпы негізінен физикалық және экономикалық география болып екіге бөлінеді. География ғылым саласы ретінде ежелгі грекияда туған. Б. з. б. ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «География» деп атаған бәрімізге мәлім. Гректер ғылымға тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғым енгізіп, Еуропа мен Азияны бөлді. Рим ғалымдары оған Африканы қосты. ХVғ. соңы мен ХVІІ ғ. ортасын «Ұлы географиялық ашулар заманы» деп атайды. ХVғ. атақты неміс картографы Мартин Бехаймның глобусында Еуропа, Азия және Африка бейнеленген. Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде д. ж. картасынаАфриканың бүкіл оңтүстік бөлігі, Солтүстік жәнеОңтүстік Америка, Аустралия материктері, Тынық мұхит енді. 1519-1522 ж. ж. Испаниядан шыққан Фернан Магеланның экспедициясы тұңғыш рет д. ж. айнала жүзді. ХХ ғ. 2-жартысында Жер шарындағы ең соңғы ашылған материк Антарктиданы және мұхиттар мен атмосфераны зерттеу қолғаалынды. Дипломдық жұмыстың бастысы осы география пәнінін болашақ жастарғаодан әрі дамыту мақсатында дамыту. Жаңартылған бағыт бойынша, өзгерістер енгізу және оны дәріптеу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: география карталар тақырыбын оқытуда дәстүрлә емес әдіс-тәсілдерін осы география пәнін толық нұсқада зерттеп, әр сатысына баға беру арқылы қортынды шығару және толық жаңартылған бағыт бойынша оқушыларға тақырып ретінде түсіндіру.
Дипломдық жұмыстың міндеті: географиялық карталар тақырыбы бойынша дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер қолдау мен қатар олардың түрін мен бағытын анықтау, соған тұжырымдама жасау.
- География пәні бойыншаорта білім беру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттық жүйесіне сәйкес, «география» пәні «Жаратылыстану» білім саласына енгізілген мектептің негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде міндетті түрде оқытылатын пән екені бәрімізге белгілі. «География» пәнінің білім мазмұны оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Бұл талдамалы материалда еліміздің жалпы орта білім беретін мектептеріне арналған география пәні бойынша:
- оқу материалдарын талдауды;
- оқушылардың дайындық деңгейін;
- пән бойынша білім берудің жағдайын;
- географияны оқытудың әдістемесі мен тәжірибесіндегі инновацияларды зерделеу және анықтау мақсаты көзделген.
Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойғандықтан, аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыдаойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады[2] .
Функционалдық сауаттылықты жаңғыртудың жалпы бағыты Қазақстан Республикасында білім беруді жоғары дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдарының іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартынасәйкес бекітілген [3] .
Орта білімді ресурстық қамтамасыз етудің негізгі элементтері МЖББС - типтік оқу жоспарлары - оқу бағдарламалары - оқулықтар мен оқуәдістемелік кешендері. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру үдерісі 2012 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен №500 бұйрығынасәйкес типтік оқу жоспарлары (әрі қарай - ТОЖ) негізінде жүзеге асырылады. Жалпыға мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес типтік оқу жоспарында пәнді оқуға бөлінетін міндетті және нұсқалық сағат саны анықталған. 2010 және 2012 жылдардағы ТОЖ салыстырмалы талдауы негізгі орта білім деңгейінде апталық оқу жүктемесінің 6-сыныпта 0, 5 сағатқа және 9- сыныпта 1 сағатқа ұлғайғанын, жалпы орта білім деңгейінде өзгеріссіз қалғанын көрсетеді. 6-сыныпта географияның бастапқы курсы оқу жүктемесін 0, 5 сағатқа ұлғайту оқушылардың білік және дағдыларын дамыту қажеттілігімен сипатталады. 9-сыныпта Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география курсын меңгеруге бөлінген оқу жүктемесінің 1 сағатқаартуы (аптасына 2 сағат), функционалдық сауаттылықтықты дамытуға бағытталған практикалық жұмыстар мен тапсырмалар көлемінің ұлғаюына байланысты болды. Республикамыздың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу үдерісі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында айқындалған мақсат және міндеттерге сәйкес әзірленген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітіліп, 2010 жылдың 1- қыркүйегіндегі және 2013 жылғы 3-сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітіліп 2013 жылдың 1-қыркүйегінен қолданысқаенгізілген оқу бағдарламалары «География» пәнін оқытудың мазмұндық, құрылымдық және әдістемелік талаптарына сай ұсынылған.
Жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіздеме болған проблемалар:
- жүйелік іс-әрекеттік тәсілді жүзегеасыру арқылы практикаға бағдарланған іс-әрекетті күшейту;
- білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
- білім беру деңгейлері бойыншаоқу материалдарын қайта бөлу және пәнаралық кіріктіруді күшейту жолымен пән мазмұнын жүйелеу;
- жалпы орта білім мазмұнын бейіндік бағытын жәнесаралауды күшейту;
- қазақстандық компонентті күшейту;
- тәрбие әлеуетін күшейту;
- практикалық, жобалық зерттеу жұмыстарын және эксперименттік тапсырмалардың көлемін көбейту;
- бағдарламаға заманның талабынасай әлемдік жаңалықтары мен Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдарын енгізу [4] .
Дүниежүзі экономикасында елеулі орын алатын жетекшіелдер тақырыптарының мазмұнында экономикалық-географиялық сипаттама беріледі, бұл елдердің Қазақстан Республикасымен экономикалық қарым қатынасына ерекше көңіл аударылған. Оқушыны тұлғалық, дүние танымдық дамыту міндеттері «Адамзаттың ғаламдық проблемалары және оларды шешу жолдары» бөлімінде табиғат, қоғам және экономиканың өзара күрделі қатынастарын оқу және талдау барысында жүзеге асады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлама дүниежүзі шаруашылығының тарихи, өндірістік өзгеріс кезеңдері, қазіргі кездегі ғылыми жетістіктерге негізделген экономикалық жүйе және ғылыми-техникалық революция туралы білімді дамытуға бағытталған. ТМД және Шығыс Еуропа елдерін оқу барысында ХХ ғасырдың аяғында Еуразияның саяси картасындағы өзгерістерге себеп болған қоғамдық-тарихи және экономикалық үдерістерге талдау жасайды [5] .
Оқу бағдарламасында әр түрлі практикалық іс-әрекеттер арқылы жүзеге асатын жүйелі-әрекеттік нәтижелер, пәндік нәтижелер (оқушылар білуі тиіс, орындай алуы тиіс) және тұлғалық нәтижелер көрсетілген. Жалпы білім беретін мектептерде «География» пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы туралы, саналы бірлестігі бар ғажайып ғаламшар ретіндегі Жер туралы түсініктерін және көзқарастарын дамыту, Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе«географиялық» сананы дамыту.
Сонымен, «География» пәні бойынша 2010 және 2013 жылы әзірленген оқу бағдарламаларының айырмашылығы: 6-шы және 9-шы сыныптардағы сағат санының артуында. Практикалық жұмыстар оқушылардың алған білімдерін өмірде қолданаалу дағдыларын, яғни функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұнында қазақстандық компонент кеңейтілген, тәрбиелік мәніне назар аударылған, тәжірибелік, жобалықзерттеушілік тапсырмалардың саны арттырылып, заманауи жаңартуға әсер ететін жаңа материалдар қосылып, оқу материалдарын іріктеу және пәнаралық кіріктірілуін нығайту бағытында жүйеленген. TІMSS халықаралық зерттеулері мен Қазақстанның бастауыш және негізгіорта мектептерінің жаратылыстану білім саласы бойыншаоқу бағдарламаларының салыстырмалы талдауы халықаралық зерттеудің тест тапсырмаларының кейбір тақырыптары еліміздің бастауыш және негізгіорта 9 көрсетті. Бірақ қазақстандық мектеп білімінің мазмұны шамадан тыс «теорияландырылған» деген сипаттамаға ие. Білім берудің жаңа бағдарламаларын және кіріктірілген курстар енгізген елдер жақсы нәтижелер көрсеткен [6] .
«Жалпы білім беретін мектептердің 4-ші және 8-шісынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық зерттеулерінің нәтижелері» Ұлттық есебінде Қазақстан халықаралық зерттеулерге дайындық деңгейіне талдау жасалған. TІMSS тапсырмаларының мазмұндық блогында география пәнінен тестік тапсырмалар 20%-ды құрайды. Оқушылар Жердің құрылысы және физикалық сипаттамасы, үдерістері мен кезеңдері, Күн жүйесіндегіорны туралы білімдерін көрсетулері тиіс. География саласы геология, астрономия, метеорология, гидрология, мұхиттану тақырыптарын қамтиды. TІMSS-2011 «Sсіеnсе Frаmеwоrk» құрылымдық құжатындааталған сала бойынша келесітақырыптарды бағалау белгіленген: 1-құрылымы және физикалық ерекшеліктері, 2-Жердің үдерістері мен кезеңдері, ресурстары, оларды тиімді пайдалану, 3-Күн жүйесіндегі және Галактикадағы орны т. б. 6-7 сыныпқаарналған оқулық материалдары бойынша білім алушылар қандай нәтиже көрсетеалатынына тоқталайық. Тест тапсырмаларының (ашық типті) орындалуын талдау барысында ғылыми-жаратылыстану дайындық деңгейіндеоқушы жауаптарының логикалық ұсынымын бағалау көзделген. Тестке қатысушы еркін (өздігімен) жауап қайтаруы мүмкін. 7-сыныпқаарналған «География: материктер мен мұхиттар» оқулығында (авторлары: Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Қаймулдинова, Алматы, «Атамұра», 2011 ж. ) «Жер қыртысының құрылымы», «Жер бедері» тақырыптары жақсы баяндалған. Тапсырмаларды орындаудың пайыздық көрсеткіштерінің төмен болу себебі - сұрақтардың немесе жауаптардың стандартқасәйкес құрастырылмауында. «Қолдану» әрекеті түрінің оқу-танымдық тапсырмалары, бұрын алынған білімді күнделікті өмірде қолдана білу, сонымен қатар логикалық ойлау мен пайымдау білігін бағалауға бағытталған. Тест тапсырмаларының тақырыптары 6-сыныпқаарналған «Физикалық география» курсынан бастап (авторлары: А. Б. Бірмағамбетов және К. Н. Мамырова, Алматы, «Атамұра», 2011 ж. ) оқылады. 7-сыныпта «Географиялық қабық заңдылықтары» тақырыбын, «Биіктік белдеулерді» қарастыру барысында білімнің өзектілігіартады. Тест тапсырмасында «джунгли» ұғымы қолданылады. Сонымен қатар, қазақстандық мектептердің оқу бағдарламаларында «ылғалды экваторлық ормандар, «ауыспалы ылғалды (сонымен бірге муссонды) ормандар» ұғымдары да қолданылады. Қазақстан 9/10 аумағының жер бедері жазық болғандықтан жәнеоқушылардың көпшілігі таулы жерде болмағандықтан, таулы өлкенің табиғатын бақылау тәжірибелері жоқ. Осы тақырыпқасәйкес тапсырманы қазақстандық оқушылардың 24, 3% жақсы орындаған. Оқу құралдарын әзірлеу барысында «қолдануға» арналған тапсырмаларды енгізудіескеру қажет [6] .
Орта білімді ресурстық қамтамасыз етудің негізгі элементтері - жалпы білім беретін мектептергеарналған оқулықтар жәнеоқу-әдістемелік кешендер. Оқулық - жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісіне мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік оқу жоспары негізінде, сонымен бірге пән бойынша жүйелі түрде мазмұндалған, игеру міндеттіоқу материалдары енгізілген негізгі кітап. Оқу-әдістемелік кешен - мектептегіоқу-тәрбие үрдісінде қолдануға және пәннің базалық мазмұнында көзделген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және терең меңгеругеарналған оқу құралдарының кешені. Оқу басылымдарының сапасы білім сапасын арттырудың ажырамас құрамдас бөліктері болып табылады жәнеоқу әзірленеді. Осыған орай, оқулықтарды жетілдіру білім аясындағы басымдылыққа ие мемлекеттік міндеттердің бірі болып саналады. Нақты бағыт бойыншаоқу әдебиетін әзірлеу, оны сараптау мен басылымнан шығару жүйесісапалы түрде өзгеріске ұшырады, оқулықтар мен ОӘК-ді әзірлеу үрдісін әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету проблемасы қайта қаралып, оның өзектілігіарттырылды. География пәнінің оқу басылымдары оқулық, оқыту әдістемесі, әдістемелік нұсқау, хрестоматия, мұғалім кітабы, оқушыларғаарналған жұмыс дәптері, атлас (кескін карталар жинағымен бірге), дидактикалық материалдар, тест материалдары, аудиовизуалды және мультимедиалық құралдар, электронды оқулық, интерактивті тақтағаарналған электронды құрал, сыныптан тысоқуғаарналған қосымша әдебиеттер және басқалар болып бөлінеді.
Бүгінде республиканың жалпы білім беретін мектептерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 515 бұйрығына» сәйкесоқулықтар мен ОӘК пайдаланылады [7] .
Жалпы орта білім беретін мектептерде география пәнін оқытуғаарналған қолданыстағы оқулықтар (негізгі және баламалы), оқу-әдістемелік кешендері мен құралдарын әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесінесәйкес, келісілген міндетті тәртіптермен сараптамадан өткізіледі. Оқулықтарды сараптау барысындаоқулық материалдары мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, оқу , оқыту сабақтастығының сақталуы, ғылыми негізділігі, оқушылардың жас және психологиялық бағаланады. Оқулық материалы жүйелі баяндалған, қазіргі әлемдегіоқиғаларды суреттейді. Оқу материалын мазмұндау барысындаоқушылардың жас және психологиялық-физиологиялық , бұрын оқылған материалмен өзарасабақтастық сақталған. Мәтіндер сипаттау әдісіарқылы баяндалған, әр практикалық тапсырмаға түсініктеме материал берілген. Негізгі және түсініктеме мәтіндердің ара қатынасы нормағасәйкес келеді. Оқулықтағы тапсырмалардың басым көпшілігі білімдіеске түсіругеарналған, қолдануға, пайымдауға бағытталған тапсырмалар мөлшеріаз. Презентация мен көрсетілім жасауға, проблеманың шешімін іздеуге, түсіндіруге, қорытынды шығаруғаарналған тапсырмалар санын көбейтуді қажет етеді.
- География пәнінің қазіргі мектептегіорны мен рөлі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz