Көлдің атауы және орналасқан орны


Кіріспе
Өзектілігі нарықтық қатынастардың дамуымен және бекітілуімен әр-бір мекеннің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы өте зор орын алып келеді. Ал бұл экономикалық-географиялық орын жөніндегі теорияның әрмен қарай тереңделуіне өз үлесін қосады.
Географиялық сипаттамадағы ең маңызды амал болып салыстыру саналады. Салыстыру амалының көмегі бойынша зерттелу үстіндегі объект тереңірек және нақтырақ зерттеледі.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты Батыс Қазақстан облысында орналасқан Жаңақала ауданының қазіргі кезеңіндегі жалпы географиялық жағдайына, әлеуметтік және экономикалық - географиялық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған.
Қойылған мақсатқа сай келесі міндеттер шешілуі тиіс:
- Жаңақала ауданының табиғат ерекшеліктерін анықтау;
- Жаңақала ауданының халқына сипаттама беру;
- Жаңақала ауданының ауыл шаруашылығына сипаттама беру;
- Жаңақала ауданының әлеуметтік - экономикалық жағдайын талдау;
Зерттеу объектісі болып Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Дипломдык жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде қалаларды экономикалық және әллеуметтік географияның зерттеу бойынша фундаменталды еңбектер қолданылды. Жұмыс барысында келесі әдістер пайдалынылды: тарихи, экономикалық-статистикалық талдау, салыстырмалы-географиялық, картографиялық.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы салыстырмалы негізде пайда болған Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының әлеуметтік- экономикалық жағдайының кешенді бағасы саналады.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы келесіде: «Өлкетану» пәнін оқытқан кезде және жергілікті мемлекеттік бағдарламалар жасаған кезде пайдаланған жөн.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың мазмұны 60 бет мәтіннен, 21 суреттен, 1 кестеден 2 картасхемадан тұрады.
Бірінші бөлімінде Жаңақала ауданының қалыптасу тарихы мен табиғат ерекшеліктері, яғни физикалық-географиялық сипаттамасы беріледі. Екінші бөлімде ауданның экономикалық-географиялық жағдайына сипаттама беріледі (көршілес аудандармен салыстыру негізінде) : халқы, ауыл шаруашылығы, жеке кәсіпкерлік және әлеуметтік-экономикалық жағдайы (тұрмыстық жағдайы, білім беру, денсаулық сақтау) . Үшінші бөлімде Жаңақала ауданының ауылдық округтері бойынша сипаттама беріледі: халқы, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік қамтылуының инфрақұрылымы.
1-бөлім. ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА.
- Жаңақала ауданының қалыптасу тарихы
Бұрынғы Бөкей Ордасының бір бөлігі болып келген қазіргі Жаңақала ауданының жерін мекендеген адамдардың ертедегі тарихына көз жүгіртетін болсақ, бұл маңда өмір сүрген қажырлы халықтың Ежелгі Сақ, кейінгі Сақ Қазақ ұрпақтарына жататынын айту керек.
Жер ұлттық, мемлекеттік, жеке меншікке айналмаған, халықтар ұлтқа, дінге бөлінбеген кезеңде бұл жерде сак-сака деген халық өмір сүрген.
Жаңақала жеріне халықтың орнығуына екі жағдай себепкер болған. Біріншіден бұл өңір мал шарушылығын өркендетуге қолайлы болса, екіншіден балығы көп Қамыс-Самар көлдерінің ырыс-берекесі халықты отырықшылыққа бейімдеген.
Жаңақала өңірі аудан болып қалыптасқанға дейін Бөкей губерниясына қарайтын жеті аумақтық бөліністің бірі он алты болыстан тұратын Қарасамар қисымы болған.
Осы қисымдар әуелі уезд, одан кейін аудан болып қайтан құрылғанда Жаңақала қалыптасты.
Ауданның Жаңақала деп аталуына 1850 жылдарда Қамыс-Самар көлінің жағасына жақын жерде орналасқан қазақ қыстауларына жанастыра қала тәртібімен үй салып, оған Новая-Казанка (Жаңа Қазаншық) деп ат берген Қазан қаласынан келген татар ағайындар еді. Жергілікті халық оны бірден Жаңақала деп атап кеткен. Осы атаумен картаға түсірілген.
Қазіргі Жаңақала ауданының аумағында 1920 жылы Бөкей губерниясына қарасты Жаңақала уезі құрылып, оның қаруында бастапқыда 8, соңынан 22 болыс болған.
1925 жылы губернияларды ірілендіру кезінде Жаңақала уезі ажыратылып, бұрынғы уезд аудандарға айналдырылып, Жаңақала ауданы Қазақстанда жаңадан құрылған 6 облыстың бірі болып Батыс Қазақстан облысына қарады. Сол жылы шағын аудандарды ірілендіру мақсатында Жаңақалаға көршілес Сламихин ауданы қосылды. [9] .
1922 жылы қазіргі аудан аумағында алғашқы коммунистік ячейкада 23 партия мүшесі болса, 1925 жылы ячейка саны 8-ге жетіп, онда 59 партия мүшесі, 77 кандидат есепте тұрған, оның 16-сы әйелдер.
1932 жылы өткен аудандық партия комитетінің ІІ пленумына 25 пленум мүшесі, 60 белсенді, барлығы 85 адам қатысқан.
1942 жылы аудан аумағында 34 бастауыш партия ұйымдарында мүше-кандитаттарды қоса есептегенде 266 адам болса, 10 жыл өткеннен кейін 1952 жылы 36 бастауыш партия ұйымдарында 513 мүше және кандидат болған.
1962 жылы аудан ажырағанда 28 бастауыш партия ұйымдарында 735 партия мүшесі болса, 1983 жылдың соңында 39 бастауыш партия ұйымдарында 1070 СОКП мүшесі мен кандидаттар есепте тұрған.
Жаңақала-киелі өлке. Бұл өңірде күй алыптары Құрманғазы мен Дина, олардың ізбасарлары Мәмен, Қали, Оқап, Шамғондар дүниге келген. Осы өлкеде кіндік қандары тамған Исатай-Махамбеттер ақырып теңдік сұрап, ұлт-азаттық көтерілістің туын көтерген.
Жаңақаланың бірқатар жер атауларын халық ақыны Ғылман Шөрековтың «Исатай-Махамбет» поэмасынан кездестіруге болады.
Осы өңірге келген татар ағайындар жергілікті халықтардан әр түрлі мал өнімдерін алып сауда-саттық жұмысын ұйымдастырып, Астрахан және ішкі Рессей қалаларымен байланыс орнатқан.
Мұнда 1892 жылы тұңғыш орыс-қазақ мектебі ашылып, оған Қазан қаласынан мұғалімділік семинария бітірген И. М. Сиротин деген адам ұстаздық еткен.
Табиғи байлығы мол өңірге өзге жұрттардың қызығушылығы артып, бірте-бірте отырықшылық жүйе қалыптасып, жергілікті жұрт ішкі құмға қарай ысырылып, халық ең шұрайлы мекендерден айырыла бастаған. [9] .
Тарихқа белгілі атақты Исатай-Махамбет бастаған ұлт азаттық көтерілісінің туындау себебі осы әлеуметтік теңсіздіктің салдары еді.
Өткен ғасырларда осы өңірде Ресейдің аса зиялы адамдары да болған. Солардың бірі академик Т. С. Паллас өзінің экспедициясымен 1759 жылы Қамыс-Самар бойында бірнеше ай болып кіші жүз халықтарының салт-тұрмыс және өнеріне байланысты құнды деректер жинаған. 1873 жылы белгілі саяхатшы, Қазан университетінің профессоры, зоолог-ботаник Э. А. Эверсман, этнограф-натуралист Г. С. Карелин мұнда біраз уақыт зерттеу жұмыстарын жүргізген. [12] .
Қамыс-Самар қазақтары 1846 жылы академик А. М. Бутлеровты зоолог-жазушы Н. П. Вангерді, орыстың белгілі химигі М. Я. Киттарды қабылдаған.
Рессейдегі топырақтану ғылымының негізін салушы П. А. Костычев 1884 жылы осы өңірде болды. Сол жылдары атақты орыс оқымыстыларының бірі, антрополог А. А. Харузин Қамыс-Самар өңіріне келіп, антропологиялық деректер жинап, жергілікті адамдардың тұрмыс-тіршілігімен танысты.
Осының бәрі де біздің өңіріміздің мейлінше танымал болуына, өркениеттің орнығуына, осы өңірде мәдениет пен білімнің, денсаулық саласының жақсы дамуына себепкер болды.
Ұлы Қазан Революциясы бұл өңірде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап орнады. 1919 жылдың шілде айының бас кезінде казактың бірінші үлгілі атты әскер полкінің үшінші эскадроны Жаңақаланы ақтардан босату жолында жоғары командованиеден бұйрық алды. [9] .
Құрамында 250 жауынгері бар бұл эскадронды Сейткерей Нұрлыханов басқарды. 1919 жылы желтоқсан айында Астраханнан көмекке келген Қызыл армиясының жаңа күші елді мекендерде бекінген ак казактардың қалдықтарын талқандап, бұл өңірге Кеңес Өкіметін орнатты.
Жаңақала өкңірінде Кеңес Өкіметін оратуға және нығайтуға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кейін Қазақстанда тұңғыш Орталық атқару Комитетінің төрағасы болған Сейітқали Меңдешев көп еңбек сіңірді. [12] .
1920 жылдың басында әкімшілік бөлінісі жағынан Жаңақала уезд болып, оның револоюциялық комитеті құрылғанда төрағалығына Ордадан жіберілген Қамыс-Самар бойының қазағы коммунист Нұғыман Зәліұлы тағайындалған. 1922 жылдың шілдесінде бұрынғы Нарын Уезі әкімшілік - территориялық жағынан екіге бөлінді. Нарынның арғы беті Орда уезіне бағындырылды да бергі беті Шалқар, Таубуйрат, Жиделі, Толыбай, Теректі және Бекетай ауылдары Жаңақала уезінің әкімшілік териториясына енгізілді. 1925 жылдың басында Бөкей Орал губерниясына қосылып, Орал губерниясы болды. Содан бастап бұрынғы уездер Орда, Жаңақала, Жәнібек, Казталовка, Теңіз енді ауданға айналды. 1929 жылдың аяғында Жаңақала әкімшілік - территориялық аудан болып қалыптасты. 1950 жылдың желтоқсанынан бастап ұсақ ұжымшар біріктіріліп, ірілендіру жұмыстары басталып, Бірлік, Буденный, Мухор, Энгельс, Калинин, Балдырған, Жуалыой, Киров, Молотов, Карл Маркс, Ленин, Новый путь, Екпінді ұжымшарлары болып құрылды. 1930 жылдың күзінде Сламихин ауданы ажыратылып, оның бір бөлігі Жаңақала ауданына, екінші бөлігі Казталовка ауданына қарады. Сөйтіп Жаңақала, Казталовка аудандары ірілендірілді. 1972 жылы Жаңақала ауданы қалпынна келтірілді. Оның құрамына 20 мыңнан астам халқы бар жеті шаруашылық, бір мал бордақылау бірлестігі Айдархан, Мәстексай, Жаңақазан, Кармановка, Жаңаталап, Бірлік, Пятимар, Краснагор кеңшар орталықтары болды. [12] .
1. 1-1 карта. Батыс Қазақстан облысының картасы.
- . Жаңақала ауданының физикалық-географиялық жағдайы
Жаңақала ауданы облыс орталығы Орал қаласының оңтүстік-батысына қарай 240 км жерде орналасқан және оңтүстігінде Қазақстанның Атырау облысымен, шығысында Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, солтүстік-батысында Казталовка, ал батысында Бөкей Ордасы аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы - Жаңақала ауылы.
Жер аумағы 20. 8 мың км² көпшілік бөлігі теңіз деңгейінен төмен (3-5м) жатыр. Ауданның Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтың үлесі -14% . Көшім өзенінің Бірқазан көліне құяр жеріндегі ақ жусан, бетеге, сұлыбас өскен шалғынды сортаң топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Іргесі 18 ғасырдың аяқ кезінде Қисыққамыс елді мекенінің негізінде қаланды. Аудан аумағында 32 елді мекен 9 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген. Климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық, топырағы сұр, шалғынды және құмды-батпақты, оңтүстігінде сортаңды құмды. Ірі елді мекендері: Жаңақазан, Жаңажол, Қызылоба, Мәстексай, Пятимар, Көпжасар, Бірлік, Қырықопа ауылдары. Аудан жерімен Жаңақала-Чапаев-Сайқын автомобиль жолдары өтеді. [3] .
Жаңақала ауданының территориясы Каспий маңы ойпатының солтүстік және оңтүстік бөліктерінде терең Каспий маңы тектоникалық ойысы бетінде орналасқан бірте-бірте теңіз суынан кеш айырылуына байланысты Батыс Қазақстан облысындағы ең жас беткі аймақтардың бірі болып табылады.
Жаңақала ауданы территориясының геологиялық жағынан алғандағы ең көне беткі бөлігі шамамен Жаңақала ауданынан солтүстікке қарай орналасқан паралель сызығымен (теңіз деңгейінен 0 м биіктік) сәйкес келеді.
Жоғары плейстоценде Еуразияның солтүстік бөлігінің қалың мұз басуына байланысты (валдай мұзбасуы, 115 мың жыл бұрын басталып, бұдан 10 мың жыл бұрын), қазіргі 45-50 м биіктік белгісіне дейін ойысты Төменгі хвалын (Ежелгі хвалын) бассейіні сулары алып жатты (40-50 жыл бұрын), осы су бассейіндері қоршаған кеңістіктен әкелген саз және құм шөгінділерін құрады.
Төменгі хвалын теңізінің максималды жайылымдар фазасынан кейін бұл бассейн сатыланып тартыла бастады.
Плейстоценнің соңында Төменгі хвалын суларының қайту шегіне жеткеннен кейін, сол мұз басу кезеңіне байланысты салқындауы әсерінен аудан территориясының қазіргі 0 м абсалюттік биіктік горизонталды сызығына дейін Жоғарғы хвалын (Соңғы хвалын) теңізінің (18-16 мың жыл бұрын) сулары басты. Голоценнің басында (12-10 мың жыл бұрын) бұл теңіз сулары кейін қайтты. [6] .
Төменгі ойпаң жерлерде Төменгі хвалын және Жоғарғы Хвалын шөгінділері, қазіргі уақытта көлді, сорлы және жайылымды шөгінділермен бөлініп кетеді.
Каспий маңы тектоникалық ойысы өзінің даму тарихында бірнеше теңіз режімін бастан кешті. Бір биологиялық кезеңнің теңізі, ізінше басқа кезең теңізіне ауысып келіп отырды. Бұл біздің өлкенің, соның ішінде Жаңақала ауданы аумағының геологиялық жағынан беткі беті жас екендігін көрсетеді.
Геологиялық дамудың күрделі тарихы нәтижесінде, кейбір бөліктер бетінің көтерілуі және түсуі процестерінің ұзақтығы (үлкен тереңдікте тұздардың қайта ауысуы салдарынан), ол аудан территориясында төменгі хвалыннен қазіргі кезеңдегі едәуір жас континентальді шөгінді түзінділері мен ежелгі теңіздерден құралған. Сондықтан Жаңақала ауданының территориясы әсіресе құмның оңтүстігінде сазды, саздауытты және құмдауытты шөгінділерден түзілген.
Ауданның жер қойнауынан - Болғайымғұл, Әукетайшағыл, Қарағай және басқа да тұз күмбезді мұнай мен газ кен орындары тән. Сонымен қатар, құрлысқа қажетті кірпіш өндірісіне пайдаға асатын саз кен орындары ашылды. [10] .
Жаңақала ауданының жер бедері, соңғы кезеңдердегі геологиялық даму нәтижесінде тегіс жазықты болып келеді. Аудан территориясын солтүстік және оңтүстік екі бөлікке 0 м абсолюттік биіктік горизонталь сызықтары бөледі. Осы 0 м абсолюттік биіктік сызығынан оңтүстікке және солтүстікке қарай ауданның шеткі аймақтарындағы абсолюттік биіктіктері-9 метрден 6 метрге дейін ауытқиды.
Жаңақала ауданының жер бедері, біздің облысымыз сияқты, Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығысында орналасқан. Жақсы тегістігі мен жас болуына байланысты осы территорияға тек қана сулы - эрозиялық, эолды, көлтабанды және суффозиялық скульптура жер бедері пішіндері тән. Морфологиялық құрылымдар арасында тұзды күмбезді төбелі көтеріңкі жерлер элементтері әлсіз көрінеді. Осы тұзды күмбездермен байланысты жер бедерінің теріс пішіндерін байқауға болады. Мұнда тектоникалық негізде пайда болған жер бедері пішіндері жақсы көрінеді. [6] .
Жаңақала ауданында сулы-эрозиялық жер бедері пішіндерінен Жайық өзенінен ағып шығатын Көшім өзен тармағының төменгі ағысы аңғары тұтасына жуығы және Қара және Сары өзендерінің төменгі ағысының оңтүстік аңғарларының бөліктерін алуға болады. Ауданда Қара өзеніне құятын Мұқыр өзені аңғары толығымен орналасқан. Аталған өзендерден басқа олардың салалары аудан ішінде басталып, аяқталатын бірнеше кішігірім, ұсақ өзендер кездеседі. Жалпы ауданның беткі беті өзен аңғарының көлденең және тігінен бөліктерге бөлінуі салыстырмалы түрде шамалы байқалады. Өзеннің бәрі әлсіз толқынды жазықты бет бойымен ағып өтеді. Көшім өзені 0 м абсолюттік биіктік горизонтальдан оңтүстікке қарай Қамыс-Самар көлдері ойысымен қиылысатын ағынсыз төмен ойпатты жерлерде аяқталады. Қара және Сары өзендері Қамыс-Самар көлдері тектоникалық ойысының ағынсыз төмендеу жерлерінде құяды. Сайлы желі сирек, нашар жетілген.
Мәстексай ауылы мен Мұқыр ауылы маңында ендік бағытта күмбез тәрізді төбелер қатары созылып жатыр.
Ауданның солтүстік шөлейт бөлігіне суайрық кеңістігінде далалық төмен ойпаң жерлер тән. Оңтүстік құмды бөлігінде негізінен эолды жер бедері қалыптасқан. Мұнда ұсақ және орташа дөңесті құмдар, құмды тізбектер, шағылды құмдар мен құмды қазаншұңқырлар кеңінен таралды, олардың кейбіреулерінің түбінде сорлар пайда болады. Құмды жер бедері пішіндері ашық тегіс алқапты-ашықтармен алмасып отырады.
Климаты. Жаңақала ауданы қысы жұмсақ қоңыржай климаттық облыста, жазы жылы, құрғақ климаттық зона шегінде орналасқан. Ауданда қаңтар айының орташа температурасы -13 ﹾ С, шілдеде -25 ﹾ С, жылдық орташа температура +6, 5 ﹾ С; жауын-шашынның ең көп орташа мөлшері (27 мм) маусым және (23мм) қазан айларында, ең аз мөлшері- (11 мм) ақпан айында, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 227 мм-ге тең болады.
Климат жағдайлары кейбір жылдарда көп өзгереді. Барлық жерде жылдың төрт мезгілі анық байқалады.
Көктем кезінде ауа температурасы тез көтеріледі. Бірақ мұндай күннің жылынуы секірмелі түрде өтеді. Себебі салқындық қайталанып келеді, тіпті кейде үскірікте болады. Көктемнің ұзақтығы температура шегінде шамамен тек ай жарымға созылады. Көктем бұл жерде едәуір қуаңшылығымен ерекшеленеді. Жауын-шашын өте тұрақсыз: кейде ылғалды көктемде нормадан көктемде нормадан 3-4 есе көп жауады, ал құрғақ көктемде кейде, тіпті жаумайды немесе болар-болмас қана жауын-шашын түседі.
Жазда күн радиациясының едәуір мол түсу топырақты қыздыртып, құрғатып жібереді және жиі қуаңшылыққа әкеліп соқтырады. Атмосфералық жауын-шашынмен ылғалдануы үлкен өзгеріске ұшыратады: қуаңшылық жылдар, тіпті, мол ылғалды жылдармен кезектесіп отырады. Әсіресе жауын-шашынның айлық және маусымдық түсуі, жылдық түсімнен аз болмайды. Жазғы жауын-шашын үлесі қысқы маусыммен салыстырғанда айтарлықтай көп болып келеді. Жаз кезінде циклондық фронттар өткен кезде жауын-шашын, болмашы жаңбыр түрінде ғана түседі. Нөсер жауып өткенде, айлық нормасынан артық жауын-шашын мөлшері, бір ғана жаңбырлы кезде түседі. Кей уақытта жаңбырсыз кезеңдер 1, 5 -2 ай мерзімге дейін созылады. Жаз тұтастай алғанда, ашық, құрғақ және өте ыстық ауа райымен сипатталады. [9] .
Күзде ауа температурасының амплитудасы жазға қарағанда төменірек, көбінесе бұлтты, жауын - шашын мөлшері азаяды. Температураның төмендеуі айдан айға өтуі басында баяу, күздің соңына қарай өсе түседі, ал қыстың алдында, төмен түсуі қайтадан бәсеңдейді. Қараша айында ауаның орташа айлық температурасы кері минустық белгіге дейін төмендейді. Кейбір жылдарда жауын - шашын түсуіне елеулі өзгерістер болады. Ол жаңбырдың мүлдем болмауынан немесе жаңбырдың мол болуына әкеледі.
Қыста антициклондар жиі байқалады. Ондағы ауаның салқындауы қар жамылғысы әсерінен күшейе түседі, ол үскірік аяздың болуына себебін тигізеді. Сонымен бірге қаңтар мен ақпанда жылымықтар болуы мүмкін. Қысқы маусым бұлтты, бұлыңғыр күндердің басым болуымен сипатталады. Қысқы кезеңнің басталуы тұрақты қар жамылғысының белгіленуінен басталады. Ол орта есеппен желтоқсанның бірінші онкүндігінде түзіледі. Қыс ерте түскен жылдары ол орта есеппен алғанда, көп жылғы мерзімдерден әлдеқайда ерте - қазанның бірінші онкүндігінде, ал қыс кеш түскен жылдары әлдеқайда кеш - қаңтардың екінші - үшінші онкүндігінде түзіледі.
Вегетация периодындағы температуралық ресурстар таралу аймағы бойынша Жаңақала ауданы периодындағы температуралық ресурстар таралу аймағы бойынша Жаңақала ауданы 3200-3400 ﹾ С аралығында, бұл белдеуде мынадай өсімдіктер өсіруге болады: жүгері, күнбағыс, бақша дақылдары. Алайда орташа жылдық жауын - шашын мөлшері 250-300 мм аралығында, оның 150 мм сәуір-қазан айлары аралығында түседі. Онымен қатар аудан қуаңшылық ұзақтығы 60 күннен асатын белдеуде орналасқан. Ылғалдану көрсеткіші бойынша Жаңақала ауданының аумағы құрғақ және өте құрғақ зоналарда орналасқан. Ауданның ылғалдану көрсеткіші солтүстігінде 0, 25-0, 3 шамасында, оңтүстігінде 0, 20-0, 15. [6]
Топырақтың климаттық жағдайы бойынша Жаңақала ауданының солтүстік бөлігіне, Қараөзен және Сарыөзеннің құяр жерінде жер асты сулары жақын орналасқан ойысты жер бедері, ал оңтүстігіне құмды массивтер тән. [Атлас казахской ССР, том 1. Природные условия и ресурсы. ГУГК СССР, М. 1982] .
Ішкі сулары. Аудан территориясында ағыны көптеген көл, көлді - сорлы және көлтабанды ойпатты жерлерде аяқталатын кішік, ұсақ дала өзендері мен өзендер жүйесіне тұрады. Аудандағы өзендердің барлығы ішкі ағынсыз бассейнге жатады, яғни олар суды көл шұңқырларына апарады. Мұндағы өзендер төрт бассейнге жатады: Көшім тармағына, Каспий теңізі бассейіне; Қара және Сары өзендері Қамыс-Самар көлдер жайылмасы бассейіне жатады; ауданның оңтүстігінде оның ішінде негізінен Шежін және Дюра өзен тармақтарына келетін сумен қоректенетін Балықты су жайылмаларының оңтүстік шетінің аздаған бөлігі кіреді.
Көшім өзені тармағы ауданның ең ірі су ағыны болып табылады. Ол оның шығыс бөлігінде орналасқан.
Ол Дөңгелек су қоймасының оңтүстік шетінен бастау алып, Орыс қопа көлінде аяқталады. Жаңақала мен Казталов аудандарының шекарасының кішкентай бөлігі бойымен Жаңаұран ауылынан солтүстік - батысқа қарай 10 км жерден аудан территориясы ішімен ағады. Көшім өзен тармағының аудан территориясы ішіндегі жалпы ұзындығы 89 км - ге жуық.
Көшім өзенінің аңғары құяр жерінен 43 км - ге V тәрізді пішінге ие болады, оның ені 200-600 м, телімнің басында баурайының биіктігі 5-6 м, ал соңында 2-3 м-ге дейін төмендейді. Соңғы 43 км телімде аңғары көлтабанды типі ойыста жоғалып кетеді. Өзен жайылмасы едәуір жетілген, үзілмелі - бір жағасынан екінші жағасына ауысып отырады. Табиғи арнасының иректігі жиі болып келеді. Жағасы аласа, жайпақ қамыс немесе бұталы өсімдіктер өскен. Құяр жерінен 34 км қашықтықтан бастап жағасы тым аласа болып келеді, арнасы көптеген көлдер арқылы ағып өтеді, де соңғы 28 км телімінде арнасы толық байқалмайды. Өзен арнасының иректік коэффициенті 2, 5-ке дейін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz