Өндірістің экономикалық тиімділігіне əсер ететін факторлар


Мазмұны
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе
Қолданылған əдебиеттер
Анықтамалар
Кəсіпорынның өсуі - бұл негізінен кəсірорын көлемінің артуы жəне өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы) .
Даму деген - шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі жəне жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия жəне техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру.
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - əлемдік сапа деңгейінде бəсекеге қабілетті өнім өндіретін кəсіпорын қалыптастыру
Өнеркəсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі - кəсіпорын əзірлеген стратегияға тəуелді экономикалық категория.
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нəтижесі.
Еңбек құрал-саймандары бұл əртүрлі механизм мен машина, инструмент пен кажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым жəнет. б. нəрселер.
Капитал -өндіріс факторы: өндірістің келесі бір факторы кпитал. Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтид, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі.
Экономикалық ынталандыру - адамдарды өнімді əрі табысты еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың əртүрлі үрдістері мен əдістерін қамтиды.
Өндіріс - бұл коғамның дамуы мен омір сүруі үшім қажеті материалдық жəне рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы қоғмда - бұл абстракцля, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мəмінде жалпыламаны мағнаны білдіреді жəне өнеркəсіп, ауыл шаруашылығың құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Жұмыс күші - бұл адамның дене жəне рухани қабілеттілігінің жиынтығы жəне оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен кызмет көрсетуінде колданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші əрбір кезде ісəрекетте болуы кажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Еңбек құрал-саймандары бұл əртүрлі механизм мен машина, инструмент пен кажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым жəнет. б. нəрселер. Еңбек құрал-саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады.
Капитал -өндіріс факторы: өндірістің келесі бір факторы кпитал. Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтид, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды.
Өндірістік фукнция деп отыратынымыз өніріс факторларының жиынтық шығындары мен максимальды өнім өндіруде өзара байланысын сипаттайтын техникалық арақатынас. Математикалық белгілермен былайша нықтауға болады.
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР-Қазақстан Республиуасы
ШҚ-шаруа қожалығы
АШ-ауыл шаруашылық
АШК-ауыл шаруашылық кооператив
AҚШ-Америка құрама штаттары
ЕО-Еуропа Одағы
га- гектор
кг-килограмм
тг-теңге
т. б. -тағы басқа
т. с. с- тағы сол сияқты
жж. -жылы
Кіріспе
Экoнoмикалық жүйeнiң өзгeруi экoномикaның нeгiзгi өндiрiстiк субьeктi-кəсiпoрынның iс-əрекетіне əсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының басты жəне қозғаушы күштерінің көзі кəсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды.
Бүгінде еліміздің алдында жаңа, өршіл міндеттер тұр. Қазақстанда əлемнің бəсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін барлық алғышарттар бар. ҚР Президенті үстіміздегі жылдың 1-ші наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атап берді. [2] Бұл міндетті орындау үшін жəне шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық -инновациялық даму стратегиясы əзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Қазақстанда Даму банкі, Инновациялық қор жəне басқа даму институттары құрылып, қызмет етіп отыр.
Ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “секірістерге” негізделген елді дəйектілікпен экономикалық жаңарту. Мұндай “секіріс” сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика жағдайында ғана қамтамасыз етіле алады, мұндай экономика əлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының табысты да серпінді бөлігі бола алады жəне болуға тиіс екендігін атап көрсетті.
Таяудағы уақытта елде іскерлік ортаны жетілдіру жəне бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар шешуші шаралар қабылдау жоспарланған.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін отандық өнеркəсіп салалары даму қажет. Инвестициялардың өндіруші секторларға ағылуы жалғасты. Осының нəтижесінде жеңіл өнеркəсіп, машина жасау химия өнеркəсібі жəне басқа да салалар өнімдері нарық талаптарына сəйкес емес болып, оларда өткізу мəселесі шиеленісіп, не мүлдем өнім өндірілмей өнеркəсіп салалары терең дағдарысқа түсті. Міне осылар нəтижесінде өңдеу өнеркəсібі салаларында, біріншіден, өндеріс құлдырауының ең жоғарғы көрсеткіштері, екіншіден, жинақ үшін қор жетіспеушілігі, үшіншіден, ескірген өндірістік құрал - жабдықтар мен машиналарды алмастыру үшін мүмкіндіктердің жəне инвестициялық ынталандырудың болмауы байқалуда. Көптеген кəсіпорындардың төлем қабілетсіздігінің төмендігі олардың шаруашылық қызмет нəтижелеріне, олармен байланысы бар басқа да субьектілер нəтижелеріне кері əсерін тигізді.
Экономиканы көтерудің ең басты тез жəне тиімді жолы - ол өндірістің тиімділігін жоғарылату.
Осы мəселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы. [3]
Диплом жұмысының мақсаты -кəсісіпорынның қазіргі жағдайында өндіріс тиімділігін арттыру мəселесін ғылыми тұрғыда зерттеу жəне нақты ұсыныстар жасау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі қажет:
- Қазіргі экономикалық жағдайында тиімділікті арттырудың теориялық мəселелерін қарастыру;
- Өндіріс тиімділігіне əсер ететін, факторларды жəне оны бағалаудың көрсеткіштерін талдау, жалпы Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы нарығының даму тенденцияларына тоқталып өту;
- «Боранбай» ШҚ-ның технико-экономикалық сипаттамасын беру жəне өндірістік тиімділігін сараптамалар жасау;
- Қазақстан Республикасын мал шаруашылығы нарығының дамуын қолдау мүмкіндіктерін жəне «Боранбай» ШҚ-ның тиімділігін арттыру үшін шетел тәжірибесінен мысалдар келтіру.
Диплом жұмысының зерттеу обьектісі - Ерейментау ауданында орналасқан «Боранбай» ШҚ. Диплом жұмысының теориялық жəне əдістемелік негізін отандық кəсіпорындардың өндіріс тиімділігін талдау, бағалау жəне арттыру бойынша еліміздің жəне шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары мерзімді баспа сөздегі мəліметтер мен ақпараттар, арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар нормативтік құқықтық актілер мен ҚР Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, «Боранбай» ШҚ-ның жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
1 Өндіріс тиімділігін арттырудың теориялық негіздері
1. 1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мəні жəне маңызы
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кəсіпорындарды бəсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, əріптес кəсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.
Қазіргі жағдайында кəсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі жəне дамуы адам ресурстары жəне басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тəуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу жəне кəсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бəсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кəсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кəсіпорынның өсуі-бұл негізінен кəсірорын көлемінің артуы жəне өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы) . Даму деген - шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі жəне жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия жəне техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру. [5]
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - əлемдік сапа деңгейінде бəсекеге қабілетті өнім өндіретін кəсіпорын қалыптастыру, ол үшін өндіріс жұмысшылары жəне акционерлердің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.
Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мəселесі бойынша əр экономист ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.
Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда -ең аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нəтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нəтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламды өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын сипаттайды. К. Маркс былай деген “уақыт үнемі өндірістің əр салаларына жұмыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда” [7] . Өнім бірлігіне еңбек шығынының төмендеуі - жұмыс уақытын үнемдеу заңының мəні болып табылады.
Л. Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз -ең аз шығын шығара отырып үлкен нəтижелерге жету əрекеттілігі, нəтижелілігі [8] . Ал М. Н. Тимохинның айтуынша, өнеркəсіптік өндірістің тиімділігі - бұл оның барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нəтижелілігін көрсететін күрделі котегория [9] .
А. П. Вавилов, А. И. Демичевтердің пікірінше, өнеркəсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз - қаржы, еңбек жəне материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кəсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нəтижелері.
Н. Уоол, Л. Маркузе, Д. Лайну бойынша тиімділік - ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген əдістермен есептесе алады, ең кеңінен
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім өндіру) ;
- өндірістің тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы;
- қаржылық тиімділік: активтердің айналымдығы (кəсіпорын активтері нəтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі) [10] .
Профессор Н. Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік - жалпы алғанда шығындар мен нəтижелердің қатынасы [11] . Кəсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның техникалық (технологиялық) экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (əдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кəсіпорын өндірістің технологиялық тиімді əдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады. [13]
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің əр деңгейінде пайдалы соңғы нəтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы жəне т. б көмегімен өлшенеді.
Өнеркəсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі - кəсіпорын əзірлеген стратегияға тəуелді экономикалық категория. Ол стратегия кəсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта жəне ұзақ мерзімді нəтижелерге сүйенеді.
Сонымен қатар, өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді - ол шаруашылық қызмет нəтижесі жəне өндіру шығындары. Ең басты - нарықты қызметтің нəтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс мен шығындардың қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта. Өндіріс тиімділігі кəсіпорын қызметінің соңғы нəтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді [14] . Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тəуелді. Кəсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын əзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді [15] .
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек жəне қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың əр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа əдістерді əзірлеу, олардың енгізілу жəне сақталуын бақылау;
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нəтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
1) өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2) өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3) өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
4) өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
5) өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы əсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі жəне орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным - экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уəжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет. Алайда, экономикалық əдебиетте «еңбекке ынталандыру» мəнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уəж», «уəжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мəні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік жəне отандық ғалымдардың еңбектерінде əртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тəн интеграциялық тəсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, əлеуметтік-мəдени, құқықтық жəне саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз. Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уəжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы. Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы категория. [15]
Экономикалық ынталандыру - адамдарды өнімді əрі табысты еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың əртүрлі үрдістері мен əдістерін қамтиды.
Сонымен, экономикалық ынталандыру дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық жəне əлеуметтік жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық жəне материалдық емес тетіктердің жиынтығы. Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын қарастырады, олар əкімшілік жəне либералды болып жіктеледі. Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар мен қажеттіліктер, қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс.
Бұлар:
- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске асыруы, зияткерлік əлеуетті дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;
- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі жұмыскерлердің іскерлік қабілетімен біліктілігін арттыру;
- барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің əлдеқайда жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы жаңа ынталар жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру;
- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уəждерімен, əлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық ынталандыруда əлеуметтік фактордың ролі арта түседі. [13]
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену) процесі əсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері: бұрынғы жəне жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың ерекше көрінісі - бой көтере бастаған жəне ескірген экономикалық механизмдер мен тетіктердің арасындағы сəйкессіздіктер, тұрақсыздық. Трансформациялық жағдайдың кері əсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық жəне өндірістік күрделі өзгерістерге тəуелді болса, екінші жағынан, өз ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде əкімшіл-əміршіл жоспарлы жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері əсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар əлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға жəне меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. [5]
Осының барлығы, өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нəтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым жəне меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің мүмкіндігін əлсіретеді. Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру.
Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы. Əлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кəсіпкерлікті жедел дамыту есебінен нақты іске асырылады. Кəсіпкерлік, дербес, ізденімпаз əрекетке дайын, мол табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін қамтамасыз етеді.
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бəсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет.
өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды мынандай белгілермен сипаттауға болады:
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;
- өндірілген тауар сапасының артуы жəне оның отандық, əлемдік нарықты бəсекеге қабілеттілігінің өсуі;
- халықтың материалдық жағдайы мен əл-ауқатының жақсаруы;
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми жəне инновациялық қызмет əсерінің күшеюі, адам капиталын нəтижелі қолдану;
- басқару тиімділігін арттыру нəтижесінде өндірістік ресурстарды пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz