Ертегілер


Жоспар:
- қиял ғажайып ертегі
- Өгей шешенің зұлымдығы
- Қаңбақ шал
- Жалмауызды алдаған қыздар
Қиял ғажайып ертегі
Ертеде бір патша болыпты. Сол патша қанша кітап сөзін, құран сөзін білетін білімі терең кісі болыпты. Бір күні ескіше қазақ кітабын ашып отырған кезінде адам баласы қандай жүйрік болса да, кемшілік келейін десе, оңай екен деген сөзді тауып алады. Сонан соң мен өзім бірсыпыра елді билеп тұрмын, білімім артық, маған не кемшілік бар дейді. Сүйтіп отырғанда көшеден айқай шығады. Тастап, тура ентелеп ханның алдына барады. Бір уәзір келеді де: «Бір нәрсе көрдім не екенін білмеймін, соны, патшам, сізге көрсетуге келе жатырмын», - дейді. Патша далаға шығып қараса, заулап жанып бір от бара жатқанын көреді Уәзірге: «Менің дүлдүлімді әкел», - дейді. Уәзір дүлдүлді әкеледі. Оған мінеді де тұра қуады. Қуады да шаһардан екі шақырым шыққаннан кейін жетеді. Жетіп келіп қараса, жүні сусылдаған алтын киік. Әлгі жарқыраған сол киік болып шыққан. Киік бір батпаққа қабырғасынан батып жатқан. Патша «енді бұған барсам ат жығылады, киімім былғанады» деп, барша киімін сыпырып тастап жаяу, жалаңаш киікті ұстауға қасына келеді. Патша қасына келгенде санынан батпаққа батады. Киік сілкініп-сілкініп қойып еді, айдары беліне түскен ақ жігіт болды. Сонан соң патшаның киімін киіп, атын мініп, «қош, патша» деп, шаһарға қарай жүріп кетеді. Хан батпақтан бір мезгілде шығып шаһарға келіп еді, балалар тас лақтырып қуып шаһарға жуытпай тастады, «жалаңаш жүрген жынды кісісің» деп, сонан кейін «бүйтіп тірі жүргенше суға ағып өлейін» деп өзен шетіне келсе, судың жағасында бір кемпір мен шал отырады. Патша келісімен суға түсіп өлем дейді, шал өлме дейді. «Өлмей қайтем, киімім жоқ, тамақ жоқ». Сонан соң кемпір бір ескі көйлегі мен кішкене нан береді. Шал: «Сен бүйтіп жүрме, қалаға барып қайыр тіле» - дейді. Мойнына бір дорба салып алады да шаһарға келеді. Садақа сұрап төрт бес күндік тамақ тауып алады. Патша бір мезгілде үйіме барып көрейін, шын бар ма екен, қатын балаларымды, уәзірлерді көрейін мені таныр ма екен деп келеді. Келіп ханға «ассалаумағалеикум» деп қайыр садақа деп, уәзірлерді қағып тастап, тура ентелеп ханның алдына барады». «Сен кімсің, қай жердің кісісісің», - дейді хан. Сонда осы шаһардікімін дейді. Көрген білгенін бәрін тегіс баяндап береді. Сонан соң бір уәзірін шақырады да: Мынаны жеті қайта боз биенің сүтіне шомылдырып алып кел - дейді. Жеті қайта шомылдырып алдына әкеліп бергеннен кейін, мүсәпірдің қолынан ұстайды. Кітаптың бетін ашқаның рас па? - деді. Ол рас деп жауап қайырады. Бұдан былай көңіліңе астамшылық ойлама!- дейді де: Міне тағын, міне жұртың, міне елің, мен Жәбірейіл періштемін, - деп тағын өзіне беріп жоқ болады.
-Өгей шешенің зұлымдығы
Ертеде бір байдың бір ұл бір қызы болыпты. Екеуі де шешеден жастай жетім қалыпты. Қызы үлкен, ұлы екі жасар екен. Жылы өткен соң, бай екінші рет үйленіпті. Ол қатыны кісі етіне жерік болыпты. Бірде тоқалы айтады: «Маған осы кішкене балаңды сойып бер» - дейді. Бай баласын қимай жылап еңіреп, не істерін білмейді. Үлкен қызы әр ауылға іс тігуге барады екен. Сонда әлгі кішкене інісі де апасынан қалмай бірге еріп барып жүреді екен.
Бір күні әкесі қызына айтады: «Шырағым, сен ауылға барсаң, інің мұнда қалсын», -депті. Қыз байғұс әкесінің қатынына сойып беретінін білмей тастап кетеді. Қыз кеткен соң әкесі баласын қатынына сойып береді. Қатын баланың етін жеп болады да, сүйегінің бәрін жуып бір жерге қояды.
Бір уақытта қыз келсе, інісі жоқ. Үюлі тұрған сүйекті көреді. Қыз бұл ненің сүйегі? -деп сұрайды.
Әкесі жылап: - Шырағым, уақыт солай, қатыным сойып жеді, - дейді.
Қыз жылап сүйектің бәрін жиып, бір ақ шүберекке түйіп, орманның ішіне барып, бір ағаштың бұтағына байлап қояды. Бір уақытта сүйекке жан бітіп, ақ шымшық торғай болып ұшып кетеді. Ұшып келіп, бір саудагердің арбасына қонады. Қонады да керуен басына «Мен бір жыр жырлайын, ақысына бір уыс тебен ине бересің», - дейді. Жарайды дейді керуен басы.
Әкем мені сойды екеш,
Апам аты Қарлығаш.
Ақ шүберекке түйді екеш,
Тоғай басына қойды екеш.
Тоғай басы есіркеп,
Қанат, құйрық берді екеш, - деп тебенін алып ұшып кетеді. Тағы да бір мейіз сатқан керуенге келеді.
- Мен бір жыр жырлаймын, бір уыс мейіз берсең, - дейді.
- Жарайды, - дейді керуеншілер.
Әкем мені сойды екеш,
Апам аты Қарлығаш.
Тоғай басы есіркеп,
Қанат, құйрық берді екеш, - деп мейізін алып ұшып кетеді, тағы да бір тебен сатқан адамға келіп айтады.
- Мен бір жыр жырлайын, бір уыс тебен берсең, - дейді.
- Жарайды, - дейді ол адам.
Әкем мені сойды екеш,
Апам аты Қарлығаш.
Ақ шүберекке түйді екеш
Тоғай басына қойды екеш,
Тоғай басы есіркеп,
Қанат, құйрық берді екеш, - деп оның да тебенін алып, ұшып кетеді. Баяғы әкесінің үйіне келеді. Әкесі қой бағып жүр екен, келеді де жырлайды.
Сонда әкесі тағы бір айтшы! - дейді.
-Аузыңды аша ғой, айтайын, - дейді торғай. Әкесі аузын аша бергенде, торғай бір уыс инені тастап жібереді. Әкесі қақалып табанда өліп қалады. Енді сойғызып жеген шешесіне келсе, бір топ қатындармен әңгіме соғып отыр екен, тағы да жырлайды:
- Сонда шешесі тағы да жырлашы, - дейді.
- Аузыңды аша ғой жырлайын, - дейді торғай. Аузын аша бергенде, бір уыс тебенді тастап жібереді. Шешесі де инеге қақалып, тұншығып өледі. Сонан соң торғай бір үйге келсе, апасы жылап отыр екен.
Әкем мені сойды екеш,
Апам аты Қарлығаш.
Ақ шүберекке түйді екеш,
Тоғай басына қойды екеш,
Тоғай басы есіркеп,
Қанат, құйрық берді екеш, - дейді.
- Мынау менің қарағым ғой тағы бір жырлашы, - дейді апасы.
-Аузыңды аш, - дейді торғай. Апасы аузын ашқанда торғай бір уыс мейізін тастап жібереді де, апасымен екеуі жылап көріседі. Апалы - інілі екеуі қартайғанша бірге тұрып, ұзақ өмір сүреді, барша мұратына жетеді.
Қаңбақ шал
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті . Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне - бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық - деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР - дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады . Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп - кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! - деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! -дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.
Жалмауызды алдаған қыздар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz