Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті
«Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері»
Дипломдық жоба
ІV КУРС
Факультет : Филология факультеті
Кафедра : Қолданбалы және теориялық тіл білімі кафедрасы, Қазақ әдебиеті кафедрасы
Мамандық: 5В020500
Орынбаева Алтынай Романқызы
Жетекшісі: ф. ғ. к., доцент С. С. Мұхтаров
Ақтөбе
2019ж
Кіріспе . . .
І. Кеңесбаев және фразеологизм мәселелері
ІІ. Қазіргі таңдағы фразеологизмдердің зерттелуі . . .
ІІІ. І. Кеңесбаев және орта ғасыр жазба ескерткіштерін зерттеу мәселесі
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ тілінің абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктеткен ғалым әрі академик Ісмет Кеңесбаев өз өмірін шығармашылық пен ғылым жолына арнады. Жұмысымызда өмірі мен еңбек жолдары турасында сыр шерттік. Тіл білімі тарихына соның ішінде тұрақты фразеологизм саласына қосқан үлесі орасан.
Ғылымды толықтай зерттеп, оны әрі қарай дамытуға, оның туған топырақтан нәр алып таралуына себеп болатын әрі оның бар қиындығын көре жүріп, нәтижесін сол ұлттың ғылыми жетістігі етіп көрсетуге бар өмірін арнаған адам ғана шын мәнінде үлкен ғалым деуге болады. Академик Ісмет Кеңесбаев -өзін қалыптасыра білген, есімін ел жадына жаттатыра білген үлкен тұлға. Әуелден мұсылманша хат танып, одан кейін Түркістан қаласындағы орта мектепте, содан соң 1922-1926 жылдардан бастап білім нәрімен сусындап, түрлі оқу орындарын тәмәмдаған. 1931-1934, 1988 -1994 жылдары аралығында жасаған еңбектері мен қызметтерін кеңінен ашып, еңбекқор қырын аңғара түстік. Ғалымның бұл еңбек жолын қарастырудың өзіндік маңызы бар. Алдымен, академиктің ғылым жолындағы талмай еткен еңбегін байқасақ, екіншіден, білімділікті, талпынысты, еңбекті дәріптейтіндігіне көз жеткіздік.
Ғалымның ерекшелеп айтар еңбегінің бірі 1977 жылы жазылған «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» деп аталатын еңбегі арқылы қазақ тіліміздің тұрақты тіркестерін бір қалыпты, тиянақты, толық әрі жан-жақты зерттеулер жасағанын байқадық. Сонымен қатар бірнеше ғалымдар жасаған зерттеулер мен оны талдауды басты назарда ұстап, қазіргі фразеологизмдермен салыстыра зерттедік. Ғалымдардың қазақ тіл фразеологизмдерінің қолданыстарын саралап анықтау арқылы зерттеушілердің жасаған еңбектерінің қазақ тіл білімінде алатын орнын нақтылап, қол жеткізуге болады. Мұның бәрі жинақтала келіп, диплом жұмысының көкейкестілігін айқындайды.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Ғалымның тіл мәселесіне қатысты еңбектері мен зерттеулерінің ерекшеліктерін қарастыруды жұмысымызда мақсат тұттық. Ісмет Кеңесбаевтың тіл біліміне қатысты еңбегі соның ішінде фразеологиялық сөздігімен қоса, қазіргі фразеологизмдермен салыстыра зерттеп, академик І. Кеңесбаевтың орта ғасыр жазба ескерткіштерін зерттеу мәселесі- жұмыстың басты міндеті. Осы мақсатқа жету барысында көптеген міндеттер қойылды:
- Ісмет Кеңесбаевтың өміріммен еңбектерін зерттей отырып, тіл біліміне қосқан үлесін анықтау;
- Ғалымның фразеологияға қатысты еңбегін кеңінен талдау;
- Қазіргі фразеологизмдердің зерттелуі туралы басқа да ғалымдардың еңбектерін талдап, пайымдау;
- Фразеология саласына қатысты айтылған әр түрлі көзқарастарды салыстыру;
- Тұрақты фразеологизмдерге қатысты айтылған сыни-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік ой-пікір қалыптасыруға тырысу;
- Ісмет Кеңесбаевтың орта ғасыр жазба ескерткіштерін талдай отырып, осы кезеңде жарық көрген тілге қатысты еңбектерді талдау;
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері: Диплом жұмысын жазу барысында Ісмет Кеңесбаевтың « Қазақ тіл білімінің мәселері» деп аталатын еңбегі және басқа да ғалымдардың тұрақты фразеологизмге қатысты еңбектері басшылыққа алынды. Жұмыста сонымен қатар талдау, жинақтау, салыстыру сынды әдістері қолданылды. Салыстыру мақсатында І. Кеңесбаев пен Г. Смағұлованың фразеологиялық сөздіктері алынды. Қазіргі фразеологизмдерді зерттеу барысында арнайы сайттар мен баспа беттеріне жарық көрген мақалалар қолданылды. Ал нақты фразеологизмдерді талдап, оны әр түрлі көзқараста зерттеу барысында А. Темірешева, Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиев және Өмірзақ Айтбайұлы т. б ғалымдардың еңбектері басты назарда болып, басшылыққа алынды. Сонымен бірге көптеген тұрақты фразеологиялық сөздер пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы.
Диплом жұмысы жалпы үш жоспардан тұрады. Кіріспе бөлімнен сондай-ақ Кеңесбаев және фразеологизм мәселелері, Қазіргі таңдағы фразеологизмдердің зерттелуі, І. Кеңесбаев және орта ғасыр жазба ескерткіштерін зерттеу мәселесі сынды үш бөлімнен тұрады. Сонымен бірге қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімен тұрады.
Қандай да бір тарих деңгейінде қалыптасып, өз орнын алған ұлтты алып қарайтын болсақ, олардың ештеңемен салыстыруға келмейтін үш байлығы бар. Оның бірі- ұлттық сенім, екіншісі- ұлттық тіл, үшіншісі- ұлттық өнер мен салт-дәстүр.
Қазақ тіл білімінің туып, қалыптасуы, дамуы бүгінгі кемелденген шағына жетіп, биік деңгейге көтерілуі, оның іргетасын қалап, қазақ тілін ғылым ретінде қалыптастырған құрметті есімдермен тығыз байланысты. Қазақ тіл білімінің тарихында оның ғылыми - теориялық негізін салған ғалымдардың әрқайсысының орны ерекше.
Ғылымды толықтай зерттеп, оны әрі қарай дамытуға, оның туған топырақтан нәр алып таралуына себеп болатын әрі оның бар қиындығын көре жүріп, нәтижесін сол ұлттың ғылыми жетістігі етіп көрсетуге бар өмірін арнаған адам ғана шын мәнінде үлкен ғалым деуге болады. Ел-жұрты оның еңбегіне сай лайық тұлға деп дәріптейді алады. Академик Ісмет Кеңесбаев -өзін қарыптасыра білген, есімін ел жадына жаттатыра білген үлкен тұлға. Бұл сөз екі қазақтың біріне айтыла бермейтін уақыт еншісінен ғана екшеленіп бұйыратын сирек сый. Солардың бірі де бірегейі- Қазақ ұлттық Ғылым академиясының іргетасын қаласқан ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімін қалыптастыруышылардың бірі, филология ғылымының докторы, академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев. [1, 26]
Кеңесбаев Ісмет Кеңесбайұлы 1907 жылы ақпан айының 15-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Жанысата ауылында дүниеге келген. Алдымен ауылда мұсылманша хат танып, одан кейін Түркістан қаласындағы орта мектепте, 1922-1926 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақ ағарту институтында оқыған. Кейін келе, 1926 жылы осы институт Қазақ педагогикалық институты болып қайта құрылған кезде соған кезде түседі де, оның екінші курсын бітіргеннен кейін Ленинградтағы шығыстану институтының түркология бөлімшесіне (ол кезде түркология семинары деп аталған) ауысып, осы институтты 1931 жылы бітіріп шығады.
Ісмет Кеңесбаевтың ғылым жолында болашақ тағдыр-бағытын айқындаған жылдар осы институтты білім алған жылдары болды. Мұнда ол А. Н. Самойлович, В. В. Бартольд, С. Е. Малов, И. И. Мещанинов, Л. В. Щерба, тағы басқа профессорлардан сабақ алып, жалпы лингвистикалық және түркологиялық терең білім алды.
Қазақстанға қайта оралып, халық ағарту комиссариатында әдіскер әрі Алматыдағы Қазақ педагогикалық Институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінде) қазақ тілінің мұғалімі болып қызмет істейді.
1931-1934 жылдары Қазақ АКРС халық ағарту комиссариатында әдіскер, 1933-1936 жылдары Алматы дәрігерлік институты тілдер кафедрасының меңгерушісі, 1936-1939 жылдары КСРО Қазақ Ғылым академиясының Тіл және әдебиет секторының аға ғылыми қызметкері, 1943-1951 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті, 1951-1961 жылдары Тіл және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, ал 1947-1951 жылдары және 1957-1961 жылдары осы институттың директоры болса, 1961-1978 жылдары Тіл білімі институтының директор қызметін атқарған. Кейін 1970-1976 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик - хатшысы, 1985-1987 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Президиум мүшесі, 1988 -1994 жылдары Қазақстан Республикасы ұлттық Ғылым академиясының Президиум кеңесшісі болды. [1, 27]
Ісмет Кеңесбаевтың өмір жолы, еңбекке араласуы, ғылымдағы бағыт - бағдары да, негізінен алғанда, ХХ ғасырдың 30-жылдарында басталды. Ғалымның сол жазған сауат ашу әліппесімен қоса, жылдары жарық көрген бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі оқулықтары соңғы жылдарға дейін бірнеше рет басылып шықты. Егеменді еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ана тілімізге дейін көзқарас бұрынғыдан да гөрі жандана түсті. Қазақ бөлімін былай қойғанда, орыс аудиторияларында қазақ тілі сабағы өтілетін болды. Осындай игілікті шаруа 30-жылдары қолға алынған. Бұған сол тұста педагог-ғалым Ісмет Кеңесбаев өзіндік үлгісін қосты. Атап айтсақ, ол 1939 жылы орыс мектептерінің жоғарғы сыныптарына арнап қазақ тілі оқулығын жазды, осы оқулығы туралы диссертация қорғап, фиология ғылымының кандитаты деген ғылыми атаққа ие болды. Ал 1945 жылы филология ғылымының докторы атағын алды. Ісмет Кеңесбаев -Қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясына, лексикографиясы мен этимологиясына, тіл тарихы мен туыс тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасына арналған көптеген іргелі еңбектердің авторы. Қазақ тілінің фонетикасы мен фразеологиясының зерттелуі Ісмет Кеңесбаев есімімен байланысты. Ісмет Кеңесбаевтың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде 1977 жылы «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» жарық көрді. Ісмет Кеңесбаевтың басшылығымен 1959, 1961 жылдары екі томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» және 1961 жылы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», 1978, 1981 жылдары екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» жарыққа шықты. [1, 28]
Академик Ісмет Кеңесбаев өзінің өмір жолындағы ғылым мен ұстаздықты қатар ұстаған ғалым.
Ісмет Кеңесбаев қазақ фразеологиясының теориялық мәселелерін қазақ тіл білімінде алғаш қалыптастырды, жеке пән ретінде негізін салды. Өткен ХХ ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ фразеологиясының зерттеу арналары ғылыми сараланып, тілдік фактілерге қарай тармақталып, күні бүгінге дейін бұлақтардан, өзендерден нәр алғандай алтын арқауын үзбей келе жатқан шексіз мұхит айдынына айналды.
Академик І. Кеңесбаевпен бірге ғылым жолында ілгері-кейінді үзеңгілес болған Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев сынды тілші ғалымдардың қазақ тіл біліміндегі зерттеу нысандары неліктен кең ауқымды болды екен деген сұрақтар еріксіз ойға оралады. Әлде олардың ерекше таланты ма, әлде, «шабыттың туы арындап, әр қиынға салған шақтағы» туған тілдің оларға артқан ардың ісі ме екен? . . . Қалай десеңіз де ұлылардың атағымен алысқа кеткен керуен көшінде көпшілікке белгілі жалпы қазына болса да, оларды тану, таңдау, қажетке жарату бір дәуірдің ғана үлесі болмағанына қуанасың. Әлгінде айтқан олардың кең ауқымды зерттеу нысандарының нәтижелері бүгінгі тілтанымдағы ғылыми ізденістерге бағдаршам болды.
Мәселен, академик І. Кеңесбаевтың тіл білімінің жалпы мәселелерімен қоса, қазақ әдеби тілінің даму проблемалары, қазақ тілінің фонетикасы, емле мәселелері, қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясына қатысты еңбектері қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз қосылған үлес деп бағаланады.
Ғылымға әркімнің бар таласы демекші, жалпы фразеологияға қатысты біраз ғалымдар С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев т. б есімдері көптеген деңгейлерде аталып келеді. Алайда белгілі бір ғылыми бағыт ретінде фразеологиялық зерттеулердің хронологиялық тұтастығын сақтаған және айтылған ой-пікірлері жинақталып, дер кезінде тасқа басылып, авторлық құқықпен танылып жүргені де осы академик Ісмет Кеңесбаевтың есімі. [2, 30]
200-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы, бірнеше ғылыми еңбектердің редакторы Ісмет Кеңесбаевтың осындай жан-жақты ғылыми-педагогикалық, қоғамдық қызметін үкіметіміз жоғары бағалап, оны «Ленин», «Қызыл Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің «Құрмет Громотысымен» марапаттады. 1978 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығын алды. Ең алғашқы «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған ғалымдардың бірі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымының докторы, профессор Ісмет Кеңесбаев 1995 жылы 16 қаңтарда 88 жасында Алматы қаласында дүниеден өтті.
Ісмет Кеңесбаев есімін есте қалдыру мақсатында Алматы қаласының Таусамалы ауданында көше аты берілді және талай ақын-жазушыларымыз жырға қосқан Теріскей өңіріндегі Қаратау баурайында орналасқан Таукент кентіндегі №36 жылы қазақ орыс мектебіне аты берілген.
Халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт-бағдар сілтеген, халықтың тарихында мәңгілік есімдері ерекше аталатын зор тұлғалардың бірі- филология ғылымының докторы, профессор Ісмет Кеңесбаевтың есімі және еңбектері ұлтымыздың жарқын болашаққа беттеген ұлы керуенімен жасай беретіні ақиқат. [1:28]
1. Қазақстан мектебі, №6, 2017 [1, 28]
2. Г. Смағұлова «Тіл білімінің тарландары» Алматы, «Қазақ университеті»2009ж
Ісмет Кеңесбаев 1944 жылы «Қазақ тіліндегі тиянақты сөз тіркестері» атты докторлық диссертациясын қорғап, профессор атағын алды. Бұл- фразеология саласы бойынша күлкі түркі әлеміндегі тұңғыш айтулы еңбек тұғын. 1946 жылы іргетасы қаланған Қазақ ССР Ғылым академиясының құрылтайшыларының бірі, толық мүшесі (академик) әрі Академияның вице-президенті болып сайланады. Бүкіл саналы ғұмырын отындық ғылым мен білім игіліне қызмет етуге арнаған ғұлама ғалымының ерекше ұйымдастырушылық қабілеті әсіресе алғашқы күннен бастап Тіл әдебиет институтын басқарған жылдарда (1947-1951; 1954-1956; 1957-1961) және жеке шаңырақ көтерген Тіл білімі институтында ұзақ жылдар яғни 1961-1978 жылдар аралығында директор болған кезінде жарқырай ашылды. Сонымен бірге кейінгі жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімінде академик-секретарь, кеңесші қызметтерін атқарады.
Ғалымға 1978 жылы «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты іргелі еңбегі үшін Ғылым мен техника саласындағы Қазақ ССР-нің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл жазушы үшін үлкен маңдай тердің тәтті жемісі екені анық. Ғылым саласында ақырын жүріп, анық басатын адамдар ғана ғылымнан өз орнын алып, жасаған әр бір ісі еленіп отырады. Соның бірі І. Кеңесбаев деп қалеспей айтуға болады. Оның жасаған еңбектері мол, қызметтері биік. Академик 1945 жылы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері ал 1977 Қарақалпақ АССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері болады. Сондай-ақ 1978 жылы «Орал -Алтай қоғамының» Құрметті мүшесі болса, кейін 1988 жылы «Түрік Тіл қоғамының» толық мүшесі болады. 1970-1995 жылдары «Советская түркология» журналының редколлегия мүшесі болып қызмет атқарса, сонымен қатар 1973 және 1995 жылдар аралығына дейін СССР совет түркологтары комитетінің мүшесі болған. Ісмет Кеңесбаев орасан зор орден және медальдармен марапатталған. Көпшілік бұндай құрметке толықтай лайықты деп санайды. Себебі ғалымның тер төгіп жасаған еңбектері мен зерттеулері ауыз толтырып айтарлықтай.
Академик І. Кеңесбаев қазақ тіл білімінің және түркітану мен алмаистиканың алуан түрлі салалары бойынша құнды зерттеулер жазды. Қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы, қазақ әдеби тілінің өзекті мәселелері, ана тіліміздің грамматикалық құрылымы мен лексика- фразеологиялық жүйесі сонымен қоса қолданбалы тіл білімінің жай күйі ғалым еңбектерінде егжей-тегжейлі сөз болып, толықтай зерттеулер жасаған.
Фонетика мен фонологияға қатысты зерттеулерін ешқашан тоқтатпаған ғалым фонемалардың құрамы мен құрылымы, екпін мен буын, орфографиямен орфоэпия түйіткілдерін шешуге атсалысты. Қазақ фонологиясындағы зерттеудің экспериментті тәсілінің қалыптасып, дамуына қосқан үлесі өз алдына бір төбе екенін айта кеткен жөн.
Академик І. Кеңесбаевтың фразеологияны қазақ тіл білімінің дербес саласы ретінде қалыптастырушы, олардың теориялық негізін салушы ғалым екендігі баршаға аян. Ол алғашқы зерттеулерінің өзінде-ақ тілдегі лексика - семантикалық құбылыстардың табиғаты, сөздік бірліктегі лексикалық мағынаның құрамы мен құрлымы, туралы күрделі теориялық тұжырымдар жасаған болатын. Осылайша ол қазақ тіл білімінде лексикология мен лексикографияның, семасиологияның ортақ тәсілдерін анықтап, олардың дұрыс шешілуіне жол ашты.
Ғұлама ғалымның айтулы еңбектерінің бірі- оның жарты ғасырлық ғылыми ізденістерінің нәтижесі, сонау 1977 жылы жарық көрген соң бірден жоғары бағаланып, биік мәртебелі атаққа ие болған «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» болып табылады. Өзіміздің төл фразеологиямызды толық қамтыған, тұтас дүниеге айналдырып, оның қолданбалы практикалық құрал ретінде әрі бірегей ғылыми зерттеу ретінде бағасын арттырып тұр.
Академик Ісмет Кеңесбаев оқулықтар жазумен қатар қазақ тіліндегі әліпби, графика, орфография салаларының ғылыми мәселерімен де шұғылданды. Дей тұрғанмен, оның ғылымдағы басты зерттеуі қазақ тіл білімінде мүлде зерттелмеген тың сала - қазақ тілінің фразеологиялық жүйесі екені бәріне мәлім. Отызыншы жылдардан бері ғалымның өзі жинақтап, жүйелі түрде зерттеп келе жатқан фразалық тіркестерді ғылыми- теориялық жақтан тереңдете зерттеуді академи өз алдына мақсат етеді. 1944 жылы І. Кеңесбаев зерттеу еңбегін толықтай түрде аяқтап «Қазақ тіліндегі тиянақты сөз тіркестері» деген тақырып бойынша докторлық диссертация қорғайды. Аталған еңбекте қазақ тілінің екі мыңнан астап фразалық тіркестері және оған қоса, төрт жүзден астам қос сөздері ортағасырлық шағатайша түркі жазба тіліндегі шығармаларда, қазіргі қырғыз, қалмақ, татар, ұйғыр, түркімен өзбек тілдерінде сондай-ақ құрылымы бөлек араб, парсы, моңғол тілдерінде кездесетін баламаларымен салыстырмалы түрде жасай отырып зерттейді. Ғалымның ресми оппоненттері қатарында қазақтың тау тұлғалы жазушысы Мұхтар Әуезов, Бүкілодақтық түркітанушылар комитетінің басшысы, одақтық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі С. Е. Малов, араб тілдерінің аса көрнекті маманы, одақтық, Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Н. В. Юшманов болады. Тағы айта кететіні, академик ғалым 1945 жылы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін және профессор атағын алады.
1946 жылы алғашқы құрылтайшылардың бірі болып өтеді. Ол Қазақ ССР Ғылым академиясы құрылған кезде төл академиямыздың құрылтайшысы еді. Бқл академияның толық мүшесі болып сайланған академик ол бай көтергеннен бастап 1951 жылға дейін вице-президент қызметін атқарушысы болады. Сол қызметінде жүріп, 1946 жылдан бастап бәрімізге таныс, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы болып, яғни ұстаздық қызмет атқарады.
Ғалым 1947-1951 мен 1957-1961 жылдар аралығанда Тіл және әдебиет институтында басшылық етеді. 1961 жылы жаңадан құрылған Тіл білімі институтына директор болып тағайындалады да, 1978 жылға дейін осы институтқа ғалым өзі басшылық етеді. Бүкіл саналы ғұмырын отандық ғылым мен білім игіліне қызмет етуге арнаған алып азаматтың биік тұлғасында, табиғатында үш қасиет айдан анық аңғарылады. Болмысы бөлек ғалымды зерделі зерттеуші ғалымдықтың, тәлімгер ұстаздықтың, парасатты ұйымдастырушылықтың бірлігі, бүтіндігі деп басып айтуға негіз бар. [3, 8]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz