Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІОңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс - әрекеті.

Орындаған: Алтынбек Ә Тобы:113-37 Қабылдаған: Санатбай П

Жоспар:
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру.
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудағы оқыту - тәрбие үдерісіндегі негізгі жұмыстар.
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Денсаулық және салауатты өмір салтын қалыптастырудың гигиеналық негізлдері.

Адам денесінің жетілуі - оның саулығы;егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек.Әл-Фараби.

Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері - осы басым бағыттардың бірі.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүрудегі көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешек өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Елбасымыз міндет етіп қойғандай өзіндік өмір өрнегін жасай алатын, өзіндік даму арнасын белгілеп, өмірдің қиыр көкжиегіне батыл қадам басатын бүгінгі бәсекенің қатал заңына икемді ұрпақтың тұғыры мектептен басталады. Оның алғы шарты оқушы бойында өмірлік бейінділіктерін қалыптастыру мен денсаулығын сақтаумен орындалады- дейді. Еліміздің Ата заңына сәйкес әрбір азаматтың саулығы - мемлекетіміздің саулығы деп есептелінеді. Халық даналығы Елім бай болсын десең - денің сау болсын деп денсаулықтың елдік, халықтық, ұлттық, отандық мағынасына айрықша мән берілген. Сондықтан да әр адам Менің саулығым- ұрпағымның саулығы деп түсінгендігі абзал.
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан-жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден салауатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: оқушылардың психологиялық, дене-қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымды, салауатты өмір салтының ережелерін, жеке бас тазалығын жете түсіндіру; олардың мінез-құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне-өзі қызымет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени-гигиеналық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Мектеп жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі-адам денсаулығы мәдениетін қалыптастырудың негізі болатын Денсаулық бағдарламасын жүзеге асыратын дене тәрбиесі мен спортты белсенді дамыту, білім беру процесіне денсаулық сақтау технологияларын енгізу арқылы оқушының физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты дамуына жағдай жасау әрекетін жүзеге асыру болып табылады.
Егемен елдің туын көкке көтеретін, әрине, өркениетті ұрпақ. Ендеше сол елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
Өкінішке орай, қазіргі кезде жасөспірімдердің бір бөлігі салауатты өмір салтына жатпайтын іс-әрекеттерге баратыны барлығымызға белгілі жайт.
Сондықтан бүгін білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани - адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім және өнер сырларын бойына сіңірген, қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен денсаулықты сақтау және нығайту мәселелеріне айрықша мән берген жөн.
Сабақтарды оқытудың белсенді түрлерін пайдаланып өткізген дұрыс: сюжетті ойындар, тест, реферат, пресс-конференциялар, семинарлар өткізу, ғылыми қарапайым әдебиетпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.
Сонымен қатар валеологиядан алған білім мен тәрбиенің бірлескен жүйесі бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында көптеген іс-шаралар өткізілуі қажет.
Себебі мектептегі барлық жұмыстың бағыты салауатты өмір салтының негізгі құралдарын орындау болып табылады, яғни баланың
- денсаулыққа деген көзқарасын тәрбиелеу;
- жас кезден бастап дұрыс тамақтануы;
- жас кезден бастап белсенді демалыс мәдениетін,қозғалыстың қажеттігіне тәрбиелеу;
- зиянды әдеттердің алдын алу, сол заттардың зиянын түсіндіру[3,4] т.б.
Осыдан келіп оқушылардың денсаулық мәселелеріне байланысты сауаттылығын арттыру мәселесі туындайды.
Мектептің оқу-тәрбие үдерісінде денсаулық сауаттылығын қалыптастырудың негізгі идеясы төмендегі өлшемдер арқылы белгіленеді:
а) оқушылардың денсаулығын жақсарту;
ә) оқушылардың салауатты өмір сүруге сұранысы мен құндылықтық бағыттылығын қалыптастыру;
б) мектепте және мектептен тыс уақытта салауатты өмір сүруді насихаттау;
Мектептің оқу - тәрбие үдерісінде денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудың келесі принциптеріне сүйенеді:

1. Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың оқытудың мақсатына сәйкестігі.
2. Оқу - тәрбие жұмыстарының денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың заңдылығына сәйкестігі.
3. Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудағы оқушының саналылығы және белсенділігі.
4. Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілігі.
5. Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың жүйелілігі және бірізділігі.
6. Денсаулық сақтау сауаттылығына байланысты білім, білік, дағдының бір-бірімен байланысы.
Денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудың негізгі мақсаты болып: Дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудың негізгі құралдары:
1) қозғалысқа бағытталған құралдар.
2) табиғаттың сауықтыру күштері.
Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудағы оқыту - тәрбие үдерісіндегі негізгі жұмыстар:
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
физикалық жаттығулар;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
эмоцияны басу мен тыныштық минуттары;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
сауықтыру гимнастикасы;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
емдік дене шынықтыру;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
қозғалысты ойындар;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
массаж, психогимнастика, тренинг т.б.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
таза ауадағы сабақ.
Денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудан оқушы келесі тұлғалық нәтижелерге жетуі керек:
1) Денсаулық сақтау сауаттылығына байланысты білім, білік, дағдысының қалыптасуы.
2) Оқу сабақтары баланың өзіне сыни көзбен қарау, партада дұрыс отыру, дұрыс жүру ережелерін меңгеру құзыреттілігі.
3) Жалпы дамытушылық жаттығулар кешенін, гимнастика, шаңғы, қозғалыс ойындары түрлерін білу, қажеттілігін ұғыну мен тәжірибеде қолдана білу.
4) Қозғалыс ойындары арқылы денені дамыту әрекетінің қалыптасуы.
5) Дене тәрбиелеу мен денсаулық сақтауға байланысты оқушының танымын, өмірге қажетті, пайдалы дағдысын қалыптастыру құзыреттілігі.
6) Ұлттық ойындарды рухани құндылық деп түсіну, құрметтеу.
7) Табиғаттың сауықтыру күштерін сауатты пайдалана алу.
8) Намыс, шыдамдылық, батылдық секілді тұлғалық қасиеттер құзыреттілігі.
9) Жеке, ұжымдық және отбасылық демалыста және бұқаралық-спорттық көпшілікке арналған жарыстарға қатысуда.
10) Белсенді шығармашылық жұмыстар, салауатты өмір салтын таңдау және қалыптастыруда.
Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Көрнекілік құралдар
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Пәндер