Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
I
Адамгершілік тәрбиенің ғылыми-теориялық негіздері

1.1
Адамгершілік және адамгершілік тәрбие туралы жалпы түсінік
6
1.2
Мектеп жасына дейінгі бала мен оның адамгершілік тәрбиесі
17
II
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны

2.1
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
27
2.2
Ата-аналар және балалармен жұмыс өткізу
45

Қорытынды
62

Пайдаланылған әдебиет тізімі
66

Қосымша
69

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Елімізде білім берудің бүгінгі жайы қоғамдық өмірдің барлық салаларына түбегейлі өзгертуде маңызды мәнге және оның дамуы жалпы мемлекеттік саясаттың басты буыны ретінде қарастырылып отыр. Өйткені экономикалық қоғамдық жаңарудың қазіргі аяқ алысында білім беру жүйесінің алдында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруге негізгі тірек болатын білімді азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл үшін білім беру саласы халықаралық деңгейдегі сатыға көтерілуі тиіс. Міне, осы талап тұрғысынан қарасақ бала тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы -- адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Ел болам десең, бесігіңді түзе -- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызы айқын екенін көрсетеді. [1-45б]
XXI ғасыр білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру үдерісі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс. Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті адамзат мәдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани-мәдени байлықарын саралай отырып меңгерту, сөйтіп, балаларды өмірге икемделген, жан-жақты жетілген, қабілетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Ал адамгершілік - адамның қалыпты өмірінің маңызды қасиеттерінің бірі. Бірде-бір қоғам өз мүшелерінің мінез-құлқын реттемей тұра алмады. Адамды тек ақылға қонымды адам (homo sapiens) ретінде ғана емес, моральдық адам (homo moralis) ретінде де анықтауға болады. Бұл моральдің үлкен мәні, ол адамның өз еркімен, ішкі ниетпен, басқа адамдардың, қоғамның игілігі үшін іс-қимыл жасауға мәжбүрлемей-ақ, өз еркімен әрекет ете алатындығымен түсіндіріледі. Бұл қабілет болмаса, адам өмірі өзінің әдеттегі формаларында мүмкін болмас еді, адамдар бұл сөздің толық мағынасында адам болмас еді.
Бүгінгі таңда біздің қоғамымызға қауіп төңдіріп отырған экономиканың құлдырауы емес, саяси жүйенің ауысуы емес - жеке тұлғаның бұзылуынан. Материалдық құндылықтар рухани құндылықтарға басым болғандықтан, жас ұрпақтың қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, әділеттілікке, азаматтыққа және отансүйгіштікке көзқарасы бұрмаланған. Бүгінгі күні көше мен бұқаралық ақпарат құралдарының балаға кері әсері туралы көп айтылса да, әлеуметтік зерттеулер отбасының ықпалы басқа факторлардың ықпалынан гөрі күшті екенін көрсетеді. Адамгершілік дамудың міндеті отбасылық тәрбиенің басты міндеті болып табылады. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбы отбасындағы адамгершілік тәрбиесі жайында болмақ.
Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі балалардың отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің теориялық негізін анықтау.
Зерттеу міндеті:
1. Адамгершілік және адамгершілік тәрбие туралы ғылыми-педагогикалық әдебиетке талдау жасау;
2. Адамгершілік, адамгершілік тәрбие түсініктеріне анықтама беру;
3. Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік тәрбиесін отбасында жүзеге асыру әдістерін іріктеу;
4. Мектепке дейінгі жастағы балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу.
Зерттеу болжамы: Егер отбасындағы адамгершілік тәрбиенің теориялық негізі анықталса, онда мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеу нәтижелі жүзеге асады, өйткені отбасында адамгершілік тәрбиені жүзеге асыратын әдістер жүйеленеді.
Зерттеу жаңалығы:
1. Адамгершілік және адамершілік тәрбие туралы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды;
2. Адамгершілік және адамгершілік тәрбие ұғымдарына түсініктеме берілді;
3. Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік тәрбиесін отбасында жүзеге асыру әдістері іріктелінді;
4. Мектепке дейінгі жастағы балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізіліп, нәтижесі талданды.
Теориялық маңызы: адамгершілік, адамгершілік тәрбиесі ұғымдарына анықтама берілді.
Тәжірибелік маңызы: іріктелген әдістер тәрбиешілер мен ата-аналарға ұсыныстар ретінде қолданысқа таратылды, эксперимент барысында ата-аналарға тренинг және семинар өткізілді.
Зерттеу нысаны: балабақшадағы естияр тобының отбасындағы тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: естияр тобы балаларының отбасында адамгершілік тәрбиені жүзеге асыратын әдістері.
Зерттеу базасы: Павлодар қаласы МҚКК №122 мектепке дейінгі гимназия.
Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық еңбектерді, білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттарды, әдістемелік кешендерді талдау, бақылау, сауалнама, әңгіме, синтездеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық, педагогикалық ғылыми зерттеулердегі адамгершілік идеяларының теориялары, отбасы және отбасы тәрбиесі туралы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, құқықтық-нормативті құжаттар.
Диплом құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсат, міндеттері, пәні, болжамы, жетекші идеясы, әдістері, ғылыми жаңалығы баяндалған.
Адамгершілік тәрбиенің теориялық негіздері атты бірінші бөлімде, адамгершілік жайындағы ғылыми тұжырымдамалар, теориялар қарастырылды.
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны атты екінші бөлімде, отбасының адамгершілік тәрбиені берудегі рөлі, маңызы тұжырымдалды.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері түйінделді.

I Адамгершілік тәрбиенің ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Адамгершілік және адамгершілік тәрбие туралы жалпы түсінік
Адамгершілік тек адамға тән асыл қасиет. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрып, дәстүрінде. Адамгершілік - адамның шынайы болмысының мәні, мағынасы. Нағыз адамшылыққа лайық адам өзінің барлық мінез-қылығымен, сипатымен өзгелерді өзін сыйлатуға, құрметтеуге, қолдауға, жақсы көруге мәжбүр етеді. Адамгершілік және оның нормалары кез келген қоғамның адамилығының және өркениетінің негізі. Адамгершілік және оның негіздері құлдырағанда - қоғам да құлдырайды, нәтижесінде адам адами қасиетінен айрылады. Оны адамның руханилығының көрсеткіші десек те артық емес. Адамгершілік негізі - жақсы мен жаманды айыра білуде. Атап айтқанда, қазіргі заманда жақсы мен жаманды айыра білмеу, ажырата білмеу салдарынан адамдар қателікке бойұрып, адамгершілік сипатына қауіп төндіруде. Ұрпаққа рухани азық - адамгершілік тәрбие беру, жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына, яғни тек өзінің ғана емес, айналасындағылардың да сәнді де, мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
Адамгершілік екі тығыз өзара байланысты формада болады - қоғамдық және жеке, тұлғаның мінез-құлқы нормаларының жүйесі және олардың санасына әсер ету тәсілдері ретінде, және жеке тұлғаның моральдық санасы ретінде, яғни қажеттіліктер мен қабілеттердің, идеалдар мен әдеттердің, сезімдер мен көзқарастар, білім мен нанымдардың, адамның мінез-құлқын белгілі бір әлеуметтік ортақтықтың мүддесімен келісу қажеттілігін білдіретін мінез-құлық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы нақты әлеуметтік идеяға сәйкес келетін адамгершілік тұлға адамгершілік тәрбиенің тікелей мақсаты болып табылады. Ал белгілі бір жолмен тәрбиеленуші тұлға адамгершілік моральдың басқа түріне - қоғамдық - және адамдардың бүкіл өмір салтына әсер етеді. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен тәрбиешілердің, ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В.Сухомлинский: Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады дейді. [2-48б] Демек, балаға жан-жақты терең білім беріп қана қоймай, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Адамгершілікті адамның өзінің еркіндігін, жекебас құқығын шектеуі деген қате түсінік те ішінара кездесіп қалатындығы жасырын емес. Адамгершілік қасиеттерге ие, адам атына лайық адамды қалыптастыру сияқты аса маңызды тәрбие мәселелерімен мемлекет айналысуы дұрыс болып табылады. Ол тәрбие балалық шақтан басталуы тиіс. Сонда ғана адамгершілік тамырын тереңге жаяды. Адамгершілік тәрбиесінің адам бойында болуы, отбасына, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата-ана мен тәрбиешіге жүктелген міндет. Білім беріп, бірақ тәрбие бермейтін сабақты балаға пайдасы жоқ сабақ деп түсінген жөн. Мұғалім өзінің пәні бойынша берген сабақтары арқылы тек білім ғана емес басқа тәрбие түрлерімен қатар адамгершілік тәрбиесін де береді. Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеевтің Тәрбиесіз берілген білім, ессіздің қолына найза ұстатқанмен пара-пар деуі ақиқат сөз. [3-192б] Тәрбиені бірінші орынға қоюдың сыры осында. Даналарымыз Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш блғанда оны түзете алмайсың, деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік, рухани құндылық қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие - екіжақты үдеріс. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, бойына адамгершілік қасиетті дарытқан ұрпақ тәрбиелеу. [4-12б]
Адамгершілік ұғымы мен тәрбиесі жайында келесі ғалымдар зерттеген: Әбунасыр әл-Фараби, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Ж.Көпейұлы, Ш.Уәлиханов, Я.А.Коменский, А.С.Макаренко, В.Сухомлинский, Н.И.Болдырев , В.Г.Белинский, А.И.Герцен.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясында адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әр түрлі жағымдары жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілдік, әділдік, қанағатшылдық деп беріген. [5-95бет] Философиялық сөздікте адамгершілік сезім - моральдің шығу тегі мен табиғатын адамға мақұлдау мен айыптаудың қасиеттеріне тән екенін түсіндіретін субъективтік этика. [6-12б] Адамгершілік мінез-құлық - адамдарға жағымды мінез көрсету, мейірімділік, рахымдылық білдіру. Адамгершілік сезім - қоғамдық мәнді және жеке көңіл-күйге байланысты ар-ұждандық сезім. Оған еңбек ету, ұлтжандылық, достық, адалдық, ар-намыс, борыш, ұят, жауапкершілік сияқты қасиеттер жатады. Ал,адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие. Адамгершілікке негізделген қарым-қатынас тәжірибесін игертеді. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды игертумен бірге, тұлғаның ар-ұжданын, танымдық қызығушылығын кешенді түрде дамытады. [7-13б]
Адамгершілік - ол адамның іс-әрекетін, талап-тілектерін, ойлау бейнесін анықтайтын ішкі рухани құндылығы. Адамның ар-ұяты дегеніміз өзінің ішкі құндылықтарын жасау және өмірде соларды ұстану, басшылыққа алу дегенді білдіреді. Демек, адамгершілік пен ар-ұят тығыз байланысты ұғымдар. Абайдың адамгершілік тәрбиесі мен парасаттылық туралы ойын алып қарайтын болсақ, адамгершілік - бұл сөздік қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес тіршіліктің мәнін, дүниенің тәнін төрт тағандап ұстап тұрған ұлы принцип. Адамгершілікке негізделген жерде ғана не нәрсеге де құдірет тұратындығы мәлім. Осы ұлы күш - адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы. Ал, оның белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін кесірі көл-көсір. Демек, адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен, адамгершілік сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың жолы. Абай ақыл, адамгершілік, жоғары саналылық, еңбек тәрбиесіне негізделуін өзінің өлең-жырларының ғақлималарының арқауы етті. Мысалы, Ақыл бітпесе дәулетке, дәулет бітпес келбетке жан-жақты болып жетілу тіреледі еңбекке - деп жырлауы соның айғағы. [8-245б] Адам бойындағы адамгершілік байлықтың - шын мәніндегі ең үлкен қоғамдық рухани байлықтың азая бастауын ешбір табиғи қазына байлықтың молдығына алмастыруға болмайды. Бұл жердің үлкендігі халықтың рухани мәдениетінің үлкендігіне кепіл бола алмайтындығына немесе халықтың ұлылығы сананың аз-көптігімен өлшенбейтіндігіне ұқсас. Абай шығармасындағы адамгершілік концепциясы ақын өміріндегі жақсылық пен жамандықты айыра білуге адамдықтын адал шарты ретінде мән бергенін байқауға болады. Ақын ұғымында жақсылықты тану - жаңалықты қолдау деген сөз, ал жақсылықты қолдай білмеген жамандықтың отына май құюмен бірдей. Ұлы ағартушы ұстаз Абай өз айналасында болып жатқан барлық әділетсіздікті, өтірік пен алдауды, надандық пен қараңғылықты көрді. Мұның бәрі қазақ халқын орға жығады, жас ұрпақтардың тәрбиесіне теріс ықпал тигізеді деп білді, ал ұлы ағартушының бар үміті жастар еді. Сондықтан ол халықты, әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қасарыса шықты. Адамгершілік деген ұғым мен адамгершілік тәрбиесі оның әрбір шығармасынан дерлік айқын және күшті түрде көрініп отырады. Адамгершілік тәрбиесі бойына сіңген адамды Абай батыл, ер, көзге айтудан қорықпайтын, алдына қойған биік мұратына қалайда жетпей тынбайтын талапты адам болуы тиіс деп түсінеді.
Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі адамгершілік тәрбиесі жайындағы ойы: жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, әдептілікке тәрбелеуде мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, нақыл сөздер, әдеби мұралар ұлттық сана-сезімінің қайнар бұлағы. Ол барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін қалптастыруда еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын атап көрсетті. Ыбырай адамгершілікке жеткізетін қарапайымдылық, ұрлықтан аулақтық, мейірімділік, әділдік секілді қасиеттерді қазақтың өмірінен жазған шағын әңгімелерінде жүйелі түрде қазақ балаларының бойына сіңіруге тырысты. [9-78б]
Н.Г.Чернышевский жас өспірімдерге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлеріне, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік сапалар мен қасиеттер қажет деп сесптеген: патриотизм, гуманизм, еңбекке деген сүйіспеншілік, адалдық, әдептілік. Революцияшыл - демократиялық педагогиканың негізін салушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі мәні - адамның адамгершілік қадірі мен абыройына, жоғары міндетіне табанды сенім, отаны мен халқына адал қызмет ету, шындық пен ақиқатты сүйе білу, әділетсіздік атаулыға терең жиіркеніштілік сезім, онымен күресу деп дәлелдейді. Адамгершіліктің осындай мәніне сәйкес Белинский мен Герцен балаларда ең алдымен патриотизм, гуманизм, еңбекке деген сүйіспеншілік, сөзді іспен байланыстыру қасиеттері мен сапаларын тәрбиелеуді көздеді. Олар шынайы, адамның өз отанына деген жалынды сүйіспеншілікте болуын талап етеді деп есептеген. Нағыз тәрбиелі адам Белинскийдің пікірінше: Ең алдымен өз елінің ұлы, соның мүдделері мен мұқтажадрын жүрегіне сақтай білетін, соның адамгершілік жағынан дамуына септігін тигізетін өз отанының азаматы болуға тиіс. Белинский мен Герцен оқушылардың достық пен жолдастық, гуманизм, іс-әрекетке ынтызарлық сезімін, ерік күштерін, ерлікке қабілеттілігін тәрбиелеуді жақтады. Герцен балаларда әлеуметтік ұғымдар ертеден-ақ оянатындығын ескертті. Сондықтан, балалар үшін жүргізілетін адамгершілік тәрбиесі ықпалды болуы үшін, балалар мен ата-аналардың, тәрбиешілердің арасында дұрыс қатынас орнату керектігін айтты. Белинский мен Герценнің үйретуінше, нағыз адамгершіліктің өлшемі мен көрсеткіші сөз жүзінде емес, практикалық іс-әрекет үстінде байқалады, сондықтан адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін - адамгершілік туралы өсиет сөздерді оқып, үйреніп қана қоймай, дұрыс адамгершілік қасиеттерді практикалық іс пен өмір үстінде қалыптастыру керек. Балаға айналасын қоршаған дүние мен өмірді табиғи түрінде іс-әрекет және адам еңбегі арқылы көрсету керек. Кіші жастағы балаларға адамгершілік тәрбиені сіңіру үшін олардың мінезін теріс бағыттардан тазарту қажет, ал ол үшін олардың көз алдында ұнамды үлгілер көрсетілуі тиіс. [10]
Ұлы ойшыл Я.А.Коменский адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі - эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету деп есептейді. Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілдік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Коменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлер айтқан. Оның үлкен еңбегі сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, баламен гуманды қатынас орнатуды жақтады, сонымен бірге мұғалім оқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білу керек деді. Бұл туралы оның мынандай пікірі бар Егер егістікті отамайтын болса, егіске қауіп төндіретін арамшөп өседі. Егер ағаш бұтақтары кесіліп, отырылмаса, жабайыланады. Коменский адамгершілік қасиеттерді дамытудың 16 ережесін ұсынған болатын, оны В қосымшадан көруге болады. Бұл пікірден мектепте ұрып-соғу, жазалау орын алсын демеген, мұғалімдер де, оқушылар да сергек және бірін-бірі қадірлеп отыратын болсын, тәртіптің үлгісін мұғалімнің өзі көрсетіп отырсын дегені анық. Коменскийдің балаларға қандай гуманистік және оптимистік көзқараспен қарағанын оның мына сөздерінен айқын көрінеді: Балалардың қандай болып туары ешкімгі де байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы - біздің қолымыздағы нәрсе. [11]
Балаға, адам табиғатына қатынас кез келген тәрбие тұжырымдамасының тамыры, сонымен бірге гуманистік педагогиканы тоталитарлық-автократтың педагокидан бөліп тұратын айрық, олардың бір-біріне қарсы тұрысындағы басты желі. Бұл қатынастың мәні педагогикалық мәселені шешудегі принципшіл келісте көрінеді. Адамға жоғары құндылыққа сияқты қатынас - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының педагогикасының өзегі. Педагогикалық ойдың болмыстың бірегейлігіне қарай бұрылуы және әр адам тұлғасын сезіну көп жағдайда бірқатар философиялық ағымдардың қалыптасып дамуы арқасында мүмкін болды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани-адамгершілік тәрбиесі тұжырымдамасының негізі Шығыс философтарының, сонымен бірге ХIXғ II жартысында педагогтердің құнды бағдарламаларын тірек еткен. Бұл бағдарлар рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұны жалпыадамзаттық мораль екендігі жөнінде, тәрбие баланың әлеуметтенуіне, өз қылықтары мен түрткілерін қоғам мүддесімен байланыстырған, еркіндік, әділеттілік және мейірімділік идеяларымен жетекшілік ететін азамат адам қалыптастыруға бағытталғаны жөнінде ұстанымдарды қамтиды. Рухани-ащдамгершілік тәрбие идеясы М.Ж.Көпейұлының мұрасында тұтас педагогикалық жүйе ретінде көрінеді. Тұжырымдамасында мақсат міндеттер, ұстаздың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы елестері қамтылған. Ағартушының педагогикалық тұжырымдамасын талдай отырып, оның құрылымы былайша жасалған: адам тәрбиесінің мақсаты, заңдылықтары мен принциптері, тәрбие мен оқытудың мазмұны және әдістері, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынас және отбасының рөлі жөніндегі ойлары. Оның руханилық ілімнің халықтық педагогика тәжірибесімен үйлесімі оған рухани-адамгершілік тәрбиені бірінші орынға қоюға итермеледі. Оның шығармашылығында негізгі назар адам мәселесі мен оған тиімді ықпал ету жолдарын іздестіруге бөлінді. Ұлттық рухы биік азамат- ағартушының көзқарасындағы тәрбиенің басты мақсаты болып табылады. Ал тұлғаны ол руханияттың бастамасы ретінде қарастырды. Сондықтан да ол тұлғаны қалыптастырудың объективті заңдылықтарын зерттеуден, оны дамыту мәселесінен, адам тіршілігінің мәнін анықтаудан аттап кете алмады. Бұл жағдай оның ізденістеріндегі педагогикалық бағытын анықтауға мүмкіндік туғызды. Жалпыадамзаттық, гуманистік мақсаттардың артықшылығын негіздейтін қазіргі кездегі жаңа педагогиканың парадигмасы ең алдымен тұлғаның құндылығы, оның руханилығы ел азаттығы идеясынан бастау алатын рухани-адамгершілік тәрбиесі болып табылады. Өйткені педагогка - адамға оның рухын жоғары көтеруге қалай көмектесу керектігі жөнінде мәселені қойып, талдап зерттейтін ғылым. Педагогика адамды бақытты етуге мүмкіндік беретін механизмді, құрал әдісті анықтайды, адамға өз орынын тауып шығармашыл жеке тұлға болуына көмектеседі. Ұстаздың педагогикалық қызметі білім, іскерлік, дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмей, ең алдымен кішкентай баланы кең пейілді, ақ көңілді адамға айналуға көмектесу керектігімен тікелей байланысты. Бұл іс-әрекеттегі басты мақсат - балаларға рухани тәрбие беру. Рухани тәрбие - әлеуметтік, педагогикалық категория. Философиялық - психологиялық әдебиетте адамның рухани бастауы оның тіршілік әрекетінің қоғамдық және шығармашылық-жасампаздық сипатымен, оның мәдениет әлеміне қосылуымен байланыстырылады. Руханилық пен адамгершілік тұлғаның маңызды, негізгі сипаттамасы болып табылады. Елімізде педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі - оқыту үдерісінде жеке тұлғаның дамуы. Оқушылардың ізгілік қасиетін, қарым-қатынасын қалыптастырудың педагогикалық маңыздылығы, оның ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жеткілікті ашылмауы арнайы зерттеуді қажет етеді. Қазақ халқында ерте кезден келе жатқан адамгершілік қасиеттерінің бастапқы тобына жататын қасиет - ізгілік. Сонымен қатар ізгілік - барша халық арасында кедесетін категориялық қасиет. Оқушылардың ізгілік қарым-қатынас, дағды-әдеттерді қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындауда адамгершілік, ізгілік, әдептілік сияқы азаматтық тегі жақсылыққа бағытталған таным ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктері тұтас тығыз байланыста қарастырылады. Бұл танымдық ұғымдардың мән-мазмұнын талдау мақсатында олардың ғылыми еңбектер мен әдебиеттерге жарияланған жетістіктері арқылы түпкі нәтижелерін анықтауға назар аударылды. [12-41б.]
Әбунасыр әл-Фараби мұраларында ізгілік идеясына өте үлкен мән берілген. Ұлы ғұлама өзінің еңбегінде Тәрбие дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерді дарыту деп өзіндік тұрғыдан пайымдаған. Ал Әлеуметтік-этикалық трактаттар атты шығармасында ізгілікке Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады. Қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арасында біз ізгілік қасиеті мол, игілікті және қайырымды адам боламыз деп анықтама береді. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда Адамгершілік екінші бір адамға жақсылық жасап, көмек көрсетуден тұрады деген ұғым қалыптасқан. Ал Әбунасыр әл-Фараби жоғары айтылған ойларында адамгершілік адамның өз басынан, өзіне деген өзіндік ізгі көзқарасынан бастау алу керектігін айтқан. [13-211б.]
Көрнекі орыс ағартушысы А.С.Макаренко тәрбие мәселесін біріккен күрделі үдеріс деп түсінген. Ол Адамды тек қана санасына әсер етумен тәрбиелеу жеткіліксіз, толық тәрбиеде сана мен іс-әрекеттің бірлігі арқылы оң нәтижеге жетуге болады дейді. Педагогикалық ой-сананы ізгілендіру тұрғысынан қарағанда ізгілікті ой-сана дегеніміз - ең жоғары сана. Ізгілікті - адамгершілік қасиет - адамшылдықтың айрықша белгісі, әлеуметтік-қоғамдық ортада қалыптасқан өмір салтының, адамаралық қарым-қатынас, өзара сыйластықтың негізінде салт-дәстүр, әдеп-ғұрып ықпалымен қалыптасады. Бұл мәселе қоғам, жалпыадамзат қатынасын ізгілендірумен біртұтас ұштасып келеді. Қоғамды ізгілендіру ең алдымен ізгілік, рухани құндылықтарды игеруді керек етеді. Адамзат тіршілігінде өте маңызды орын алатын ізгілк қасиетінің мәні, мағынасы көптеген ғалымдардың зерттеулеріне негіз болған және ізгілік қасиеттердің анықтамасын тұжырымдап, өмір талабына сай бағыттап, бұл асиеттерді адамгершілік, әдеп, имандылық, жауапкершілік адам өмірінде кең таралған қасиеттер мен танымдық байланысы негізінде қарастырады. [14]
Адамгершілікті құрайтын сапа-қасиеттер №1 суретте берілген.
Шоқан Уәлихановтың адамгершілік идеалдарының мәні - қазақ қоғамындағы қоғамдық және адамгершілік зұлымдыққа қарсы күресте, ар-ұят, әділдік, борыш және т.б. ұғымдардың біріншілік ұғымдары екіжүзді діни моральға қарсы күресте. Қазақ халқының адамгершілік сана-сезімінің даму жолы - оның ағартуында. Шоқан Уәлиханов: тек білім мен ағартушылық адамға күш береді және халықтың әл-ауқаты мен адамгершілігі үшін күресте ұлы құрал болып табылады. Тек қана ағартушылық қазақ халқын еркіндік пен адамгершіліктің жетілу жолына шығара алады, - дейді. [15]
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің басты құралдары - ата-аналардың еңбегі, үлгісі дейді Ыбырай Алтынсарин. Балаларда еңбекқорлықты тәрбиелеу - жалқаулыққа қарсы күрестің басты құралы. Ыбырай Алтынсарин адамгершілік тәрбие мазмұнында қандай қасиеттерді бағалайды? Бұл - патриотизм, гуманизм, адалдық, қарапайымдылық, әділдік, жауапкершілік.
Осылайша, өткен жүзжылдықта жарияланған Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің моральдық нормалары - еңбекке деген сүйіспеншілікті, халық мүддесі үшін жанкешті күресті, адалдықты, әділдікті, жауапкершілікті, ғылымды зерделеудегі табандылықты, олардың жоғары этикалық идеалдары біздің заманымызда өз маңызын жоғалтпаған.
Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылдығы дейді Абай Құнанбаев отыз алтыншы қара сөзінде. [16-29б] Адамгершіліктің маңызды қасиеттерінің бірі ар-ұят екеніне күмәніміз жоқ. Адамгершілікті құрайтын сапаның бірі махаббат туралы ұлы Абай атамыз былай деген екен: Махаббат -- өмір көркі рас, Өлген ол да үндемес. Махаббатсыз -- дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар. [17- 87б] Абайдың отыз екінші қара сөзінде мейірімділік жайында айтқан ойы: Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды [16-23б] Әділдікке ешкімді қорламай, әрқайсысына қайтару арқылы, алдаудан аулақ болу, ынта-жігер мен мейірімділік таныту арқылы үйренеді дейді Коменский өзінің адамгершілікті дамытудың 16 ережесінде. [11]
Осылайша, ұлы ақын-жазушылар мен ғалымдардың, қазақтың мақал-мәтеледрінен адамгершілікті құрайтын сапалардың арасынан ең көп кездесетін, қайталанатын қасиеттерді іріктеп алып, осындай сызба жасадық.

Сурет №1 - Адамгершіліктің сапа-қасиетттері
Оның ішінде, әр қасиетке қысқаша анықтама беріп өтсек:
Ар-ұят - ізгілік пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты білдіретін ұғым. Ол адамның әдептілік нормаларды сақтап, одан аспауына, іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға берумен байланысты туындайтын қасиет. Бұл адамның өзінің қоғам алдындағы міндеті мен жауапкершілігін терең сезінуінен туындайды. Ұят ішкі сезіммен байланысты туындап, сыртқы бет әлпет пішінінен көрініс табады. [7-26б] Ал келесі сөздікте, ар-ұят - адам бойындағы адамгершілік қасиеттің өлшемі, тұлғаның өз әрекеті мен ниеті үшін жауаптылығын сезінуі және адамның өзіне-өзі ұждан тұрғысынан баға бере білуін бейнелейтін әдептанулық категория. [5- 394б]. Әділеттілік - дәстүрлі құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгісі тәртібіне тікелей қатысты принцип, адамның қоғам алдындағы ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамның өмір сүру жағдайлары мен сапасын білдіретін әлеуметтік - этикалық категория. Әділеттілік-ізгіліктің ірге тасы. [5-640б]. Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында әдептілікке ерекше мән беріледі. [5-638б] Мағжан Жұмабаев 1922 жылы жазған Педагогика оқулығында әдептілік сендіру, мәдениеттілік, тәрбиенің нақты іске асқан үлгісі екенін айтқан. [18] Әдеп - моральдық категория, адамдар қарым-қатынасында ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіреді. Әдеп - адамгершілік құлық адамдардың қауымдасып өмір сүруінің дәнекері болып табылады. Әдеп нормалары әуел бастан, бір жағынан, қоғамының пайда болуы мен өмір сүруінің шарты болса, екінші жағынан, адамдардың бірлікте өмір сүруге, яғни ізгілікке қабілеттіліктерінің көрсеткіші де болып келеді. [7- 32б]. Махаббат - адам жанының асыл қасиеті, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезім. Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космологиялық ілімінде махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді. [19-401 б] Махаббат - бүкіл адамзатқа тән сезімнің жоғары түрі. Бұл кең мағынада қолданылатын ұғым. [7-140 б]. Мейірімділік - адамның бір-біріне жылылығын білдіріп, оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, адамның шад-шадыман тіршілігі үшін аса маңызды қасиет. Мейірімділік тек жақсылық ойлауышының басқаға игі әрекет көрсетуі, ізгілік жасауы. Мейірімділік жеке адамның жоғары адамгершілік белгісі болып табылады. [7-142б] Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілдік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттере негізделеді. [19- 443б]. Ақыл - адамның ойлау қабілеті, сана-сезімі. [20-27б]. Еңбек - адамның өз қажетін қанағаттандыруға бағытталған жұмыс, қызмет. Отанға, қоғамға көрсеткен қызмет, жақсылық. [20- 175б]. Патриотизм - өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік, барша күш қуатын Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім. [20-475б]. Жауапкершілік - бір іске жауап беру, міндетіне алушылық. [20-206б]
Сонымен, ағартушы-ғалымдардың адамгершілік жайында сөздеріне сүйене отырып, адамгершілік - деген сөзге анықтама беретін болсақ, белгілі бір рухани ұстанымдарды: ар-ұят, әділеттілік, махаббат және мейірімділік, қайырымдылық ұстанымдарын ұстану, оларды өз өмірімізде басшалаққа ала отырып, өмір сүру.
Ал, адамгершілік тәрбиесі - жеке тұлға бойында мінез-құлықтың, белгілі бір сипаттардың, олардың бір-біріне, отбасына, өзге адамдарға, мемлекетке, Отанға қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту үшін тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі. [5-105б] Адамгершілікке тәрбиелеу адамның дүниеге, адамдарға көзқарасын анықтайды, педагогикалық ықпал негізінде мінез-құлқын, сезімдерін қалыптастырады. адамгершілік - адам - ардың бір-біріне, қоғамға қатынасын қамтитын мінез-құлық ұстанымдары мен ережелерінің жиынтығы. Оның мәні түрлі қоғамдық қатынастар барысында жеке тұлғаның өзара қатынасына арқау боларлық міне-құлық әрекеттерімен анықталады. Біріншіден, адамгершілік тәрбиесі халықтық мұра ретінде қарастырылады; екіншіден, жалпы адамзаттық құндылықтармен бірлікте айқындалады; үшіншіден, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, рухани заңдылықтарымен түсіндіріледі. Адамгершіліктің ерекшелігі - өзімшілдіктен, өз басын ғана ойлаудан арылу, көпшілікке қызмет ту, халықтық істің сәттілігі, мемлекеттік игілік, әділеттілік үшін әрекет ету болып есептеледі. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында белгілі бір мінез - құлықтардың сипаттарын қалытастыру, өзіне және өзге адамдарға, отбасы мүшелеріне, туған жеріне ,табиғат пен қоғамға, мемлекет пен Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез-құлық, тәртіп нормалары мен ережелерін дарыту мақсатын жүзеге асыру бағытындағы ересек адамдардың, тәрбиеші, мұғалімдердің қызметі. Абай Адамның адамшылығы, адамгершілігі ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан деген. Адамгершілік тәрбиесі - меңгерген идея, қоғамдық мораль нормалары мен ұстанымдары, іс-тәжірибелік әрекетке қатысу негізінде тұрақты моральді сапаны, адамгершілік қажеттілікті, сенімді және сезімді, қасиетті, дағдыны және мінез-құлық әдетін, әдепті қалыптастыру үдерісі. Жеке адамның үйлесімді дамуының, рухани ізгілікнегізінде қалыптасуының жетекші жағы. Адамгершілік адам жанының қабылдап алған рухани сапасы. Адамның жақсы қасиеті оның табиғатынан тыс болуы мүмкін емес. Табиғат адамға игіліктерді, адамдық қадір-қасиетті түсінуіне, қабылдауына мүмкіндіктер береді. Бұл мүмкіндіктер бара-бара шын мәніндегі адам жанының жақсы сапаларының біріне айналады.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие жүйесі әр елде алуан түрлі даму деңгейінде болып отыр. Оның басы себептері: мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекет пен қоғамның қатынасына, қоғамдағы әлеуметтік экономикалық жағдайларға, әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениетіне, аймақтық ерекшелігіне де байланысты болмақ. Соның ішінде шет елдердегі адамгершілік тәрбиесі Қазақстандағы адамгершілік тәрбиесінен аса қатты айырмашылығы жоқ. Себебі, адамгершілік қасиеттер барлық адамзатқа бірдей беріледі деп айтуға болады. Шет елдерде адамгершілік тәрбиенің көрінісі A қосымшада көрсетілген. [21]
Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі - оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа..., Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға -деген мақалдардан көруге болады. [1-170б] Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер - қазақ тәрбиесінде адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау - адамгершіліктің бір негізі. Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі - адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Адамгершілік тәрбие - мектеп жасына дейінгі балалардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру; олардың бір-біріне, отбасына, достарына, айналадағы адамдарға, қоршаған ортаға, Отанына деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі педагогтардың, тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамзат қоғамының тарихи даму тәжірибесіне көз жүгіртсек, рухани-адамгершілік тәрбиесінің мәні үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерін көздегені белгілі. Қай заманда болмасын адамзат баласы рухани-адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалаған. Бүгінгі таңда да бұл мәселе біздің қоғамымызда алдыңғы қатарда. Мемлекет басшысы жаһандану үрдісінде жастар саясатына ерекше көңіл бөліп, ХХІ ғасыр жаңару кезеңі, жастар қоғамды, экономиканы дамытушы, қозғаушы күш деп айтқан болатын. Тарихпен дәлелденгенгенгей, жастар - кез-келген мемлекеттің болашағы болғандықтан, жастардың тұлғалық құндылығын, рухани-адамгершілік қасиеттерін, құзыреттілігін дамытуға баса назар аудару қажет. Рухани-адамгершілік тәрбие адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның ішкі дүниесінде қалыптасатын ішкі еркінің сезімі. Осы негіздерге сүйене отырып, рухани-адамгершілік тәрбие - тұлғаның бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту деуге болады.
Адамгершілік тәрбиенің теориялық негізін этика, әдеп, инабаттылық, мінез-құлық көркемдігі, парасаттылық құрайды. Адамгершілік тәрбиесі міндеттерінің негізі - оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, саналы көзқарасын, сөзі мен ісінің бірлігін, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесі - адамның санасы, адамгершілік сезімі, ар-ұяты, адамгершілік еркі, қоғамдық бағалы қасиеттері бір-бірімен байланысты тұтас адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру; жас ұрпақтың туған жерге, өскен ортасына, ата-анасына, бауырларына, Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзінің өзіне деген қатынасын, сезімін дамыту; қазіргі өмір талабына сай тұтас адамгершілік, имандылық, ізгілік, әдептілік қасиеттерін тәрбиелеу. Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие үдерісіндегі жетекшілік рөлі өзгеріп тұрады. Абайдың пікірінше: адамгершілік мұраты - Толық адам. Ол адамда үш-ақ қасиет (нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат) иесін қалыптастырудан тұрады. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны - жүйеленген адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерді, сапаны, сезімді, ізгілікті сананы қалыптастыру бағытында сан салалы жұмыс түрлерін жүргізе отырып жастарды көркем мінез-құлық ережелері, мораль нормалары туралы біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру. Адамгершілік қасиеттер әлеуметтік, қоғамдық ортаның ықпалымен қалыптасатындықтан отбасы, мектеп, оқу-еңбек орындарының тәрбиелік әсерін орынды, дұрыс ұйымдастыруға баса назар аударған дұрыс. Адам баласына деген мейірім ең жақын адамын - ата-анасын, бауырларын сүюден басталады. Адамды ең биік құндылық ретінде бағалау осы сүйіспеншіліктен бастау алады. Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихының барлық сатысында дамып, қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып жетіледі. Адамгершілік қасиеттер мен әдеп нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін сақтаған жан ғана әлеуметтік-қоғамдық, құқықтық заң ережелері мен заңдылықты үйлесімдікті сақтай отырып өмір сүреді. Өзгеріске толы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайға бейімделіп, өмірден өз орнын табуына көмектесу - бәрі-бәрі тұлғаның ізгілікті қасиетіне байланысты. Ізгіліктің басты арқауы - өз халқыңның төл мәдениеті. Оған ұлттық бағдар тән. Ізгілік қасиет - адамның білімі мен намысы, сенімі, ар-ұжданы, мұраты, мақсаты, әлеуметтік әдет, мінез-құлық, тәртіпті, қатынасты реттеуші негіз ретіндегі дүниетаным діңгегі. [22-11б]

1.2 Мектеп жасына дейінгі бала мен оның адамгершілік тәрбиесі

Адамгершілік тәрбиеі жеке адам және қоғам туралы ғылымдардан бөліп алып қарауға болмайды. Ол - философия, психология, физиологияның табыстарына сүйеніп, оның дамуына ерекше әсер ететін этика ғылымы. Қазіргі уақытта ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу деңгейі жалпы қоғамды қанағаттандырмайтыны - педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі. Теріс факторлар әсер ететін адамның ішкі адамгершілік тұрақтылығын қалай нығайтуға болады? Бұл сұрақтарға жауап отбасы тәрбиесінде жатыр: ерте жастан бастап баланы тек қана алу ғана емес, сонымен қатар беру қабілетін қалыптастыру; риясыз, қайырымдылықты, біреуге мейірімді іс жасаған адамның қуанышын сезінуін дамыту. Осылайша, отбасындағы адамгершілік тәрбиенің үш шарты ерекшеленеді: өз баласын білуі, оны отбасылық қатынастар мен іс-әрекет жүйесіне қосуы және ата-аналардың өзін-өзі жетілдіруі. Балалардың бойында адамгершілік - ерік, дербестік, ұйымшылдық, табандылық, жауапкершілік, тәртіптілік сияқты қасиеттерін тәрбиелеу өзекті міндет болып табылады. Шаруашылық-тұрмыстық, қол еңбегі, өсімдіктер мен жануарларды күту бойынша еңбек - отбасы жағдайында дербестік, ұйымшылдық, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу үшін неғұрлым тиімді. Ата-аналар өз баласының еңбек қызметіне адамгершілік мотивтерді енгізуі тиіс: көмек көрсету, көңіл бөлу, қамқорлық көрсету сияқты, бұл мотивтерді қызмет мақсатында байланыстыру, осы байланысты әртүрлі әдістермен бекіту, балада жұмысты қажетті нәтижеге дейін сапалы жеткізуге ұмтылысын туғызу. Еңбек қуаныш әкелуі керек. Еңбек баланың дене күшін, баланың денсаулығын нығайтады. Ол назарды, ақыл-ойды, көңіл-күйді талап етеді, есте сақтау қабілетін нығайтады, ойлауды дамытады. Отбасындағы балалардың өз уақытын жалқаулықпен өткізбес үшін, өмірін осылай мақсатқа ұмтыларлықтай ұйымдастыру маңызды. Айналасындағыларға қамқор болу - отбасы тәрбиесіндегі ең бағалы рухани сапа болып табылады. Бала тұлғасының адамгершілік бағыты оны қоршаған ортамен байланыстыратын қарым-қатынас негізінде қалыптасады және бұл қарым-қатынас адамгершіліктің қаншалықта мазмұнды екеніне байланысты болады. Бала көрсететін қамқорлық әр түрлі себептерге негізделуі мүмкін: бір бала ересек адамға қуаныш сыйлағысы келеді, оның еңбегін жеңілдетеді, ал екіншісі өзінің көмегі мен қамқорлығы үшін сыйақы алуға үміттенеді. Өзімшіл балалардың ата-аналары балаға ештеңе талап етпей, бәрін өздері жасаған жағдайларда пайда болады. Балалардың қамқор бола білуі көбінесе отбасылық тәрбие жағдайларына байланысты. Бір отбасында ата-аналар адамгершілік тәрбие мәселелеріне мұқият қарайды. Бірақ жалпы жағдай ата-аналардың тұтынушылық сұраныстарымен, адамгершілік тәрбие мәселелеріне қызығушылықтың болмауымен анықталатын отбасылар да кездеседі. Мұндай отбасыларда отбасы мүшелерінің арасында қамқорлық жоқ. Осындай отбасыларының балалары мектепте басқаларды құрметтейтін немесе сүйетін мұғалімнің немесе тәрбиешінің тікелей ықпалымен ғана қамқорлық жасай алады. Ата-аналардың мақұлдауы оның жұмысын ынталандыратын сүйгіштігін нығайтады. Формаларының жалпы заңдылықтарын талдайды. Баланың моральдік бет-бейнесі, ең алдымен оқу, еңбек, ойын қоғамдық пайдалы жұмыс кезінде әр түрлі қызмет процесінде және өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынас процесі үстінде қалыптасады. Сонымен бірге,балаларды тұрақты түрде адамгершілік жағынан ағарту ісінің, олардың моралық нормалар мен ережелер білімдермен қаруландырудың маңызы зор. Адамгершілік жөнінде білімділер дұрыс іс-әрекеттер жасаудың, балалар бойында мінез-құлықтың дұрыс нормаларын қалыптастырудың маңызды алғы шарты болып табылады. Бұл білімдер баланың жеке бастық тәжірибесінің шектеушілігін жеңуіне, бұрын басынан кешірмеген жағдай кездескенде дұрыс бағыт-бағдар ұстауға, өзінің және өзгелердің мінез-құлқын сапалы түсініп, дұрыс бағалай білуіне көмектесетін болады. Адамгершілік нормалары мен ережелерін игеру дегеніміз, тұтастай алғанда адамгершілік ойлау қабілетін қалыптастырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Адамгершілік тәрбиесіне профессор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың бағыттары
Отбасының қазіргі жағдайы
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Отбасы тәрбиесінің мазмұнын ашу
Отбасылық тәрбиенің теориялық аспектілері
Жанұя тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Баланы отбасылық тәрбиелеу және оның мәні
Пәндер