Зергерлік бұйымдар сыры


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

І. Қазақтың қол өнер туындылары

1. 1. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары . . . 5-11

1. 2 Зергерлік бұйымдар сыры . . . 12-16

ІІ. Тұмар жасау технологиясы және оқушыларға үйрету жолдары

2. 1 Тұмардың тарихы . . . 17-20

2. 2 Мектепке дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық жағынан

дамуында педагогтың тәрбиелік рөлі . . . 20-24

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зертеудің көкейкестілігі. Тұмар - халқымыздың ұғымында киелі мағынаға ие болған құнды дүние. Сан ықылым заман бұрын, қағаз жоқ, тауар хат кезеңде сауда-саттық жасап алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып үшбұрышты етіп тігілген қалта . Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Қазақтың қол өнері - «алтын кемер белге сән, асыл жиһаз елге сән» деген халық сөзін әрдайым адам баласына паш етіп келе жатқан бай қазына. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Тұмар тағу ырымы түркілік дәстүрдің айқын бір көрінісі болып саналады. Қазақ үшін - көк, күн, от, су сияқты, қара жер де киелі ұғымдардың бірі. «Қара жер» - киелі жер деген мағынада. Бұрынғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір уыс топырағы болған. Тұмар сөзінің өзі түркінің «тума иер» - «туған жер» деген сөздерінің кірігуінен пайда болған.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға тұмар жасау технологиясын түсіндіру.

Зерттеудің обьектісі: Тұмар

Зерттеу мақсаты: білім беруде мектепке дейінгі жастағы балаларға тұмар жасау технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру және былғарыдан тұмар жасау технологиясының әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

-Тұмар туралы түсінік

-Тұмардың жасалу технологиясын түсіндіру.

Зерттеудің практикалық мәні: Зерттеу нәтежелерін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен педогогикалық практика кезінде студенттер пайдалана алады

Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Қазақтың қол өнер туындылары

1. 1. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары

Қазақ халқының зергерлік өнері ерте замандағы шеберлердің тамаша дәстүрлерін жалғастыра отырып, ғасырлар тереңіне бойлай енген. Ол этнос мәдениетін құрайтын маңызды бөліктерінің бірі болып табылады.

Қазақстанның археологиялық олжалары өткен заман зергерлерінің асқан шеберліктерін паш етеді. Мысалы, Алматы облысы, Есік қаласында табылған қалыптау, ойма, батырма, көз салу техникасында орындалған әйгілі Шілікті бұйымдары (б. д. д. 7 - 6 ғ. ғ. ), киім-кешегі жануарлар бейнеленген алтын жалпақ қаңылтыр белгімен сәндендірілген (б. д. д. 6-5 ғ. ғ. ) ертедегі жауынгер («Алтын жауынгер») жерленген бірегей комплекс. Өздерінен кейін «хайуанаттар стилінің» (б. д. д. ІҮ ғ. ) тамаша үлгілерін қалдырған ертедегі берелдік шеберлер өз өнерлерімен таңқалдырады. Зевакино, Ақмер, Құлажорға, Славянка, Юпитер, Пчела селоларының маңындағы зираттардан әдемі ат әбзелдері, үзеңгі және белдік жиынтықтары табылған.

Әшекейлердің кейбір түрлері, мәселен, қимасында дөңгелек болып келетін білезіктер ұзақ хронологиялық кезең бойында көрініс табуда. Оларға ұқсас білезіктер қола, ертедегі темір дәуірлеріндегі зираттардан, ХІІ ғасырдағы Отырар қазынасынан табылды.

Қазақтардың зергерлік өнері кәсіби сипат алды, бұл өндіріс ерекшелігімен байланысты болды. Алтынмен және күміспен жұмыс істейтін шеберлерді «зергерлер» деп атаған, «зер» - парсыша алтын, алтын әшекей деген сөзді білдіргендіктен де «зергерлер» деп атаған. Зергерлер жеке дара жұмыс істеген, шеберліктерін көбіне өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырған.

Зергер жасайтын бұйымдардың түр-түрі бай болған: бұған әйелдер әшекейлері, киімге арналған заттар, дене тазалығының жабдықтары, асқа байланысты құралдар, киіз үйдің ағаш бөлшектерін сәндендіруге арналған белгілер, жиһаздар, ағаш және былғары ыдыстар, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат әбзелдері енеді. Материал ретінде алтын, күміс, асыл тастар, інжу, маржан, түрлі-түсті шынылар пайдаланылған. Зергерлердің басты өнімдері қоғамның барлық жіктері арасында үлкен сұран ысқа ие болған әйелдердің зергерлік әшекейлері болған, бұдан эстетикалық табиғатына ғана емес, сонымен бірге салт-санаға, дәстүрге, барлық идеялық-діни кешендерге байланысты бірқатар функциялық мән-мағынасы айқын танылған.

Қазақ зергерлік өнерінің ерекшелігі шағын түрінің өзіндегі көрнектілігінде және мүсіндік айқындылығында, әшекейлерінің орналасу симметриясы, әшекейі мен негізінің алмасуында. Қазақ зергерлері металдың әдемілігіне әрқашанда білгірлікпен көңіл аударып отырған.

Кейбір деректер бойынша, қазақ зергерлері ХІХ ғасырдың басынын бастап металды, күмісті, алтынды Орта Азияның, Шығыс Түркістанның базарларынан сатып алатын болған. Сонымен бірге, материалдарды әсіресе ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанда көптеп келген татар көпестерінен де сатып алып отырған. Күмісті сатып алудың белгіленген бағасы болған. Күміс салмағының бір бірлігі (мысқал) 4 грамға тең келген және 20 тиын тұрған. Күміс кесек-кесекпен сатылып, былай айқындалған: күміс кесегі тайдың тұяғындай (бір тай тұяқ) - 80 мысқалға; қойдың тұяғындай көлемі (бір қой тұяқ) - 45 мысқалға; сиырдың көзіндей (бір сиыр көз) - 30 мысқалға тең деп саналған.

Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, оларға бейнеленген ою-өрнектері олардың әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік.

http://www.vkoem.kz/catalogs_vkoem/kazahskie_juvelirnye_ukrashenija_kaz/images_foto/39.jpg
:

Алқа - омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u51491/karu/3.jpg Білезік - күмістен, алтыннан соғылатын, білекке салатын әйел бұйымы. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т. б. түрлері бар.

http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/images-41.jpg Бес білезік - алтын, күмістен, асыл тастардан көз орнатылған күміс шынжыр арқылы бес сақина бекітілген аса қымбат білезік

http://massaget.kz/userdata/uploads/u51491/karu/5.jpg Жүзік - қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атаулары бар.

Балдақ - алтыннан, күмістен соғылған жұмыр сақина.

Жеңілгек - жейде жеңіне тағылатын бұйым. Теңге жеңілгек, күміс жеңілгек, меруерт жеңілгек деген түрлері болған.

Күміс отаға - күміске орнатылған бармақтай асыл тас. Бас киімге, батырлар дулығасына қадалған.

Қолтықша - иыққа іліп жүретін тіктөртбұрышты тұмар-сөмке. Күнделікті ұсақ-түйек заттар мен тіл-көз тиюден сақтайтын қасиеті бар нәрселер салынады.

Маңдайша - сәукеле т. б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым

http://egemen.kz/wp-content/uploads/2014/12/%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D0%B1%D0%B5%D1%83.jpg Кемер белбеу - негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шектелген аса қымбат белбеу.

http://www.vkoem.kz/catalogs_vkoem/kazahskie_juvelirnye_ukrashenija/images_foto/40.jpg Қын - кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым.

http://vkoem.kz/catalogs_vkoem/kazahskie_juvelirnye_ukrashenija/images_foto/25-26.jpg Қапсырма - әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырма, ілгек деп те атайды.

Оқшантай - ішіне шағын зат салынатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.

Өңірше - салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі-түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі. Ерлердің жейдесі мен әйел көйлегінің омырауы әдемілікпен қатар, тіл-көзден сақтану мақсатында өрнекпен безендірілген.

Сырға - құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Қыздардың әсем келбетінің қалыптасуына әсер етеді. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т. б.

Сәукеленің сырғасы - күмістен жасалған, көп қатарлы сырға пішіндес арнайы салпыншақ.

Тамақша - қазақ қызының мойынға тағатын әшекейінің бірі. Барқыт сияқты матадан сырып тігіледі, бетіне моншақ, меруерт, күміс тиындар тізіліп, төмен жағы маржан моншақтармен көмкеріледі.

Талмоншақ - бірнеше қатар тізілетін моншақтар.

http://vkoem.kz/catalogs_vkoem/kazahskie_juvelirnye_ukrashenija/images_foto/35.jpg Тұмар - сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар.

Үкіаяқ - бас киімге тағылатын үкі тұяғына ұқсатып соғылатын күміс тұғырға орнатылған бұйым. Бұйымға шынжыр арқылы тиындар, моншақтар, қоңырау сияқты бөлшектер ілінеді. Кейде кішкентай баланың бесігіне іліп қоятын болған.

http://gazeta-tur.ucoz.ru/_ph/2/153947338.jpg Шекелік - сәукеле, тақия, басқа да баскиімге тағылатын тағым. Бірнеше бөліктен тұрады әрі оларға тағылатын әшекейлер үзбелі болып келеді. Қозалы шекелік, шошақ шекелік, ширатпа шекелік деген түрлері бар.

Шаштеңге - қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай.

Шолпы - шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым. Түрлі сәндік салпыншақтармен әсемделген құрылымы күрделі бөлшектер күрделі пішіндегі жалпақ тастарға қондырылады.

http://images.kz.prom.st/1280202_w640_h640_27112011429.jpg Шашбау - қыздар шашымен қоса өрілетін моншақты, зерлі, күміс шынжырлы әсемдік тағым. Ұзындығымен ерекшеленеді. Кейде қара баудан жасалып, шашты ұзын және қалың етіп көрсету үшін қолданылады.

Шашқап - шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ, жапсырмалармен безеңдерілген, екі өрімді шаштарға арналған бұйым.

1. 2 Зергерлік бұйымдар сыры

Қазақтың қол өнері - «алтын кемер белге сән, асыл жиһаз елге сән» деген халық сөзін әрдайым адам баласына паш етіп келе жатқан бай қазына. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Кез-келген бұйым ою-өрнексіз сәнді болмайды. Ендеше ою-өрнек дегеніміз не? Оның құдіреттілігі, кереметтілігі қандай? Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) - әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Тарихи - ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алады. Бұған дәлел - қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті. Қазақтар өздері жасаған ою-өрнектің атауын таба білген. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратын белгілі. Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі. Бұйымдарда жан - жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т. б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген. Осы атауларды олар өз тіршілігіне лайықты қолдана білген.

Еліміздің әрбір аймағында өзіндік стиль ерекшеліктері, үлгілері болған. Сондай-ақ, ою - өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған. І - топқа ою - өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар болса, ІІ - топқа жалпы ою - өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Үлгіні ойып, кесіп, қиып қиюластыру «Ою» деп аталады. Ал киім - кешекке, түскитізге және т. б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, бақұрға және қоржынға түсірілетін түрі. Геометриялық бедерлерді «Өрнек» дейді. өрнекті тасқа, ағашқы күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақтың ұлттық ою - өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше 200 - дей түрін ғана анықтады. Бүгінде, өнертанушы Садық Қасиимов пен архитектор - ғалым Тілеутай Бәсенов ою туралы біраз деректер қалдырды. Ою - өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынадай топтарға бөлген: Өсімдік типтес ою - өрнек («жапырақ», «үш жапырақ», «шиыршық», «ағаш») ; Зооморфтық - ою - өрнек (жан - жануарлардың табиға және мифтік бейнелері) «қошқармүйіз», және оның түрлі нұсқалары «қосмүйыз», «сынық мүйіз», «қырықмүйіз», сондай - ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты»; Космогониялық өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз») . Сонымен бірге ою-өрнектердің өзіндік мән-мағынасы бар. Мәселен, «Аққу қанаты», «жауқазын», «гүл», « жұлдызгүл» - бұл өрнектер «күнің ашық болсын» деген ізгі ниетпен салынған.

«Аққу қанаты» - өрнегі бақыттың, сұлулықтың, тазалықтың, ұлулық пен адалдықтың мағыналық белгісінде өрнектелген. «Су ою» да байырғы, киелі. Су ертедегі ұғымда жаратушы адамдардың бірі ауырған адамдарды сумен ұшықтайды. Көне түрік жазбаларында»от ана», «су ана» деген тіркестер кездеседі.

«Тау оюы» - мәңгіліктің, күш - құдыреттің символы. Әрбір ою - өрнектегі атау жай ғана атау емес, сол атаулар арқылы ою - өрнектің тал бойында жасырын жатқан сырды, маңызды да мағыналы ойды алуға болады. «Орамал балдақ» - оюының атауында да мағыналы мән жатыр, «орамал» - әйелдер басына тартатын жаулық, «балдақ» - шымылдықтың бау өткізетін шығыршығы, ілгегі, яғни, орамал мен балдақ жаңа түскен келінге шымылдық тұту басына жаулық салу сияқты қазақ салтының шартты бейнесі ретінде бейнеленген.

«Орамал балдақ» - өрнегінің жан - жағына «тұмар», «гүл оюы», «су оюлары» салынып, аққурға қызыл, жасыл, көк түспен тоқылады. Мұнысы - «туған жердің гүліндей жайнап, сарқырап тоқтамай, ақпай судай мәңгілік халқына қызмет ет» - деп халықтың жаңа түскен келінге айтатын арман тілегі.

«Түйетабан» - түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Қазақтың көркем өнерінің құндылықтарын, көркем-эстетикалық дүниелерін еуропалық өнерлерден таба алмаймыз. Сондай-ақ, ою-өрнекті тек көзіңе оттай болып басылатын көркемдігімен ғана керемет деуге болмайды, басқа да қырларымен құдіретті. Бұл сөзіме дәлел ретінде қазақ ою-өрнектерін 10 жылдай зерттеген космоэнипсихолог Елена Гомердің зерттеуіндегі мына сөйлемін айтуға болады; “Әрбір өрнек - ол зор төзімділік пен тұ­рақтылықты игерген тұрақтан­дырылған жүйе. Ою-өрнек әлем сырына үңілуге, сондай-ақ адам­ның денесі мен психикасына қо­­л­ай­лы әсер етуге мүмкіндік бе­ре­ді. Елена Гомердің айтуынша, қа­зақы оюлар табиғат-ананың туын­дыларына иек артқан, қазақ халқының сан ғасырлық тәжірбиесімен тексерілген энергоақпараттық белгілер. Ғасырлар қойнауынан жеткен және қазақ халқының сан ғасырлық тәжірбиесімен тексерілген бұл энергоақпараттық белгілер ішкі-сыртқы кеңістіктің үндесуіне, бейбітшілік пен ма­хаббатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ, ою-орнектерді зерттей келе жеті түрлі оюдың түрі мен қасиетін ұсынды. Тоқталып өтсек; денсаулық оюы - денсау­лы­ғыңызды жақсартады. Отбасы оюы - отбасы қаты­насын жақсартып, шаңыра­ғыңыз­ды шаттыққа бөлейді, бе­реке-бірлікті күшейтеді. Сәттілік белгісіндегі ою - ал­ғ­а қойған мақсатыңызға жетуге кө­мектеседі. Ақша белгісіндегі ою - сізді табысқа жетелейді, лауа­зы­мыңыз­дың өсуіне де ықпал ететін кө­рінеді. Махаббат белгісіндегі ою - бұл туралы айтып жатудың өзі ар­тық. Шығармашылық оюы - шы­ғармашылық тоқырауда жүрген­дердің шабытын оятады екен. Қорғаныш белгісіндегі ою - сізді теріс энергиядан, залалды оқи­ғалардан қорғайтын болады.

Бүгінде қазақы ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен тігілген қазақща көйлектермен шеберлердің жасаған зергерлік бұйымдарын тағып, киіп жүрген жастарымыз баршылық. Аталмыш екі зат бір-бірін толықтырып тұрса, көздің жауын алары хақ. Сондай-ақ, ұлттық болмысымызды аша түседі. Қазақтың ұлттық қолөнер туындыларына ешқандай ұлттың дүниелері жетпейтініне сенімдімін. Mыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық қоңыр ою-өрнектерімізді, қазіргі жаһандық заманда аман сақтап, жастарымыздың бойына ұялата білу біздің парызымыз. Өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді.

тумарша.jpg https://shabyt.files.wordpress.com/2011/03/img_1535.jpg?w=300&h=224

« ТҰМАРША » ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш - осындай тұмарлар тіл-көздөн сақтау үшін адамдарға ғана емөс, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын кәмкеруде кездеседі

костумарша.JPG

« ҚОСТҰМАРША » ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылады да, екі геометриялық үшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі «тұмарша» өрнегі секілді тіл-көздөн сақтау дегенді білдірмейді, тек эстетикалық тұрғыдан өшекей ретінде қолданылады.

ІІ. Тұмар жасау технологиясы және оқушыларға үйрету жолдары

2. 1 Тұмардың тарихы

Тұмар тағу ненің белгісі? Тұмар - халқымыздың ұғымында киелі мағынаға ие болған құнды дүние. Сан ықылым заман бұрын, қағаз жоқ, тауар хат кезеңде сауда-саттық жасап алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып үшбұрышты етіп тігілген қалта . . .

Қазіргі кезде тұмар таққан жастар көбейіп келеді. Алайда, сол тұмарды не үшін тағып жүргенін өздері де білмейді. Мұсылмандықтың белгісі ме, әлде ырым-жырым ба? Әлбетте, тұмардың тарихы тым тереңде жатыр. Сенбесеңіз, ел аузында әл-Фараби бабамыздан қалды дейтін әңгіме де бар.

Ұлы ұстаз қартайып, бір топ шәкірттерінің басын қосып: «Сендерге аманатым бар, құпияны сақтап, шартын орындасаңдар ғана ашамын»-дейді. «Айтқаныңызды екі етпейміз»-деп шәкірттері де бірауыздан уәде береді. Сонда ұстаз оларға киізден тігілген тұмарды ұсынып, өз қабірінің басында ғана ашуды міндеттейді. Араға көп уақыт салмай данышпан дүниеден өтеді. Шәкірттері арулап жерлеу рәсімі кезінде әлгі тұмарды ашып қараса, ішінен бір түйір қағаз шығады. Оған: «Бұл - мен туған жердің топырағы. Қабіріме осы топырақты салыңдар»-деп жазып кеткен екен. Ғұламаның әлгі өтініші үлкен тебіреніспен, толқумен орындалыпты. Ол кезеңдерде дәл қазіргідей туған жердің қадір-қасиеті артық тұрса керек . . .

Тұмар тағу ырымы түркілік дәстүрдің айқын бір көрінісі болып саналады. Қазақ үшін - көк, күн, от, су сияқты, қара жер де киелі ұғымдардың бірі. «Қара жер» - киелі жер деген мағынада. Бұрынғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір уыс топырағы болған. Тұмар сөзінің өзі түркінің «тума иер» - «туған жер» деген сөздерінің кірігуінен пайда болған. Кейінірек мұсылман дінінің орнығуына байланысты тұмардың ішінде дұға жазып салу салт-дәстүрі қалыптасқан.

Тұмарша Иә, тұмар халқымыздың ұғымында өте киелі мағынаға ие болған. Қайырылмас ғасырлар бұрын қағаз жоқ, тауар аз кезде, сауда-саттық жасау мақсатымен алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда, бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып, үшбұрышты етіп тігілген қалташыққа, яки тұмарға туған жердің топырағын толтырып алып шығатын-ды. Бұл туған жерге, туған елге деген перзенттік парыздың белгісі болса керек.

Тұмар - Түркі халықтарының дәстүріндегі туған жерді қадірлеп, қастерлеуден шыққан сенім. Аяулы дәстүр. Осы бір дәстүрді барша қазақ жастары біліп жүрсе екен!

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/7/73/%D0%A2%D2%B1%D0%BC%D0%B0%D1%80.jpg

2. 2 Мектепке дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық жағынан дамуында педагогтың тәрбиелік рөлі

Мектепке дейінгі жастағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің өрісі кеңейіп, өз деңгейінде жүргізілуі тәрбиешілердің ұлттық психологияны, халықтық тәлім-тәрбие дәстүрлерін тиянақты меңгеруіне және өз жұмысында сапалы пайдалана білуіне байланысты. Балабақша тәрбишісі бағдарламалық және оқу-әдістемелік талаптарды орындаушы ғана емес, ол балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысында кездесетін күрделі мәселелерді өздігінен шешетін, оны жүзеге асыратын ұстаз.

Қазіргі кезеңде баланы тұлға ретінде қалыптастыру, оның бойына ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүр мұраларын сіңіру, имандылыққа тәрбиелеу бүкіл халықтық іске айналып, жұртшылық назарын аударуда.

Тәрбие тағлымы баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен қоғам өміріндегі білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал жамап келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зергерлік бұйымдар сыры Қазақ зергерлік бұйымдарының шығу тарихы
Қазақтың қолданбалы өнері
Зергерлік өнердің тарихы
Күмісші шебер алуан түрлі бұйымдар жасайтын
Қазақ қолөнерінің асыл мұрасы
Тұмар
Ұлттық бұйымдар
Ою-өрнектер
Қазақ халқының ағаш төсектің көркемдеп жасау, әрлеу, әдіс – тәсілдерін игеру
Қазақтың зергерлік өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz