Церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың қимыл - қозғалыс аймағы


РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі - 62 бет.
Материалдың көрнекі, түсінікті қабылдануы мақсатымен 3 кесте,
3 диаграмма келтірілген.
Пайдаланылған әдебиет саны - 45.
Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын өзекті сөздер: Сал ауруы, балалалар церебральді сал ауруы, церебральді сал ауруына шалдыққан балалар, тірек-қимыл-қозғалысы, гиперкинез, дизартрия, спастикалық диплегия, гиперкинетикалық түрі, иппотерапия.
Зерттеудің мақсаты : Церебральді сал балаларды оңалтуда иппотерапия әдісін тиімді пайдаланудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің пәні: Церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың қимыл-қозғалыс аймағы.
Зерттеудің болжамы: егер, церебральді сал балаларды оңалтуда иппотерапия әдісін тиімді қолданса, ол церебральді сал балалардың қимыл-қозғалысының дамуына оң ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- Зерттеу мәселелеріне қатысты мәліметтерді талдау.
- Церебральді параличі бар балаларды кешенді түзету жұмыстары кезіндегі иппотерапия әдісінің әсерлілігін бағалау.
Зерттеу әдістері: алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер кешенін пайдаландық: зерттеу мәселесіне қатысты әдебиеттерге теориялық анализ жасау, арнайы білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесін зерттеу және жалпылау, бақылау, мұғалім - дефектологтармен, ата - аналармен әңгімелесу, материалды жүйелендіру және жалпылау.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
- Церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың қимыл-қозғалыс бұзылыстарының деңгейінің теориялық негізі нақтыланды;
- Церебральді сал балаларды оңалтуда иппотерапияны қолданудың ерекшелігі нақтыланды;
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы келесі бағыттарға негізделген : түзету -педагогикалық жұмыстың жүру барысын бағалауда, осы топтағы балалардың даму деңгейін анықтауда, церебральді параличі бар балалармен жұмыс негізінде қолдануға арналған.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТАРЫН ТҮЗЕТУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР ТУРАЛЫ АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Церебральді сал балаларға медициналық-психологиялық-педагогикалық сипаттама . . . 8
1. 2 Церебральді сал балаларды кешенді түзету жағдайында қолданатын әдістерге сипаттама . . . 23
2 ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫККАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСЫН ТҮЗЕТУДЕ ИППОТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Зерттеу жүргізу әдістерін ұйымдастыру . . . 46
2. 2 Зерттеу жұмысының нәтижиелілігін талдау . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…. . . . . 60
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) статистикалық мәліметтері бойынша дүние жүзінде мүгедектер саны 10 % -ті, яғни 500 миллион адамды құрайды. Мүгедектер ішінде тірек -қозғалыс аппараты бұзылған (ТҚА) балалар өте көп кездеседі, соның ішінде күрделі бұзылыстардың бірі -церебральді параличі бар балалар (ЦП) .
Соңғы жылдары церебральді паралич диагнозы қойылған балалардың саны едәуір өсуі байқалады. Әр түрлі авторлардың мәліметі бойынша (Нэнси Р. Финни, Хелен А. Мюллер, М. Бакс, Никита М. Н., Семенова К. Л., Махмудова Н. М., Белова Г. И., Бадалян Л. О., Серганова Т. И., және т. б. ) 1000 баланың ішінен 1. 5-2. 5 балаға церебральді паралич диагнозы қойылады [1, 2, 3] . Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеулерде церебральді паралич -орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан пайда болатыны дәлелденген. Церебральді паралич диагнозы қойылған балаларда қосалқы кемістіктер жиі көрінеді. Оның ішінде: көру қабілетінің зақымдалуы - 25%; есту қабілетінің зақымдалуы - 20%; зиятының жетіспеушілігі - 25 %; психикалық дамуының тежелуі - 40 %. Осы категориядағы балаларға көмек көрсетуде медико -кондуктивті -педагогикалық оңалту жұмыстарына, психологиялық оңалту жұмыстарын жүргізуде жаңа бағдарламалар, әдістемелер, коррекциялық бағдарламалар жүйесін өңдеуді, жаңа ақпараттар мен технологияларды енгізуді қажет етеді.
Біздің елімізде де бұл өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында церебральді паралич диагнозымен 9000 бала тіркелген. Елімізде квалификациялық көмек көрсету бағдарламасы әзірленбегендіктен, сонымен қатар жаңа ақпараттық технологиялардың ену мүмкіндігінің төмендігіне байланысты шешуі табылмаған мәселелелер саны көбейе түсуде.
Соңғы жылдары елімізде церебральді параличпен бекітілген күрделі кемістігі бар балаларды емдеу мен бейімдеуге көп көңіл аудару байқалған, бірақ оларға тәрбие мен білім беру назардан тыс қалғандай. Дәрігерлер мен педагогтардың бұрыннан айтуы бойынша бұл балаларды медико -педагогикалық бейімдеу олардың психофизиологиялық жағдайын жақсартуда үлкен маңызға ие.
Біздің еліміз церебральді параличі бар балаларды ерте жастан және мектепке дейінгі жаста педагогикалық оңалтудан тәжірибе жинақтаған. Қазақстан Республикасында квалификациялық көмек көрсету қарастырылмағандықтан жағдай қиындай түсуде. Әлемдік педагогикалық зерттеулер күн сайын бірнеше ауытқушылығы бар балаларды әлеуметтік бейімдеу және оларды жаңа әлеуметтік -экономикалық жағдайда тәрбиелеу мен оқыту жағдайларының жаңа қырларын мазмұндауға болатын мәліметтер анықтауда.
Церебральді параличі бар балаларға ғылыми негізделген және дұрыс ұйымдастырылған кешенді медициналық -педагогикалық көмек балалардың физикалық еңбекке жарамдылығы мен әлеуметтік тұрмыс жағдайларына әсер етеді. Сонымен жоғарыдағы аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттер церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды түрлі бағытта қарастырылғанмен, қимыл-қозғалыс бұзылыстарын түзетуде иппотерапияны қолдану мәселесінің зерттеу нысаны болмағанын байқадық. Демек, церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың қимыл-қозғалысын түзетуде иппотерапияны қолданудың да бірқатар қарама-қайшылықтары кездеседі. Осы қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру деген біздің зерттеу проблемамызды және тақырыбын: «Церебральді сал балаларды оңалтуда иппотерапияны қолдану» деп таңдауға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты : Церебральді сал балаларды оңалтуда иппотерапия әдісін тиімді пайдаланудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің объектісі: Церебральды параличі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы түзету -педагогикалық көмек көрсету процессі.
Зерттеудің пәні: Церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың қимыл-қозғалыс аймағы.
Зерттеудің болжамы: егер, церебральді сал балаларды оңалтуда иппотерапия әдісін тиімді қолданса, ол церебральді сал балалардың қимыл-қозғалысының дамуына оң ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- Зерттеу мәселелеріне қатысты мәліметтерді талдау.
- Церебральді параличі бар балаларды кешенді түзету жұмыстары кезіндегі иппотерапия әдісінің әсерлілігін бағалау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері арнайы педагогика мен психологияның ережелері, қалыпты және ауытқуы бар балалардың дамуы туралы Л. С. Выготский, Г. Я. Трошин, В. И. Лубовский, Т. Г. Щедрин, Л. М. Шипицын және басқа да ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады [4, 5, 9] . Қозғалыс саласының ақауларының құрылымдары туралы ғылыми жұмыстар Л. О. Бадалян, Е. И. Гусев, М. В. Ипполитова, С. С. Ляпидевский, Е. М. Мастюкова, Е. Д. Хомский және т. б. еңбектерінде баяндалады, тірек - қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық технологиясының теориялары Е. В. Клочкова, И. Ю. Левченко, Е. М. Мастюкова, A. A. Потапчук және басқа да ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты айтылған[10, 11, 12] .
Зерттеу әдістері: алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер кешенін пайдаландық: зерттеу мәселесіне қатысты әдебиеттерге теориялық анализ жасау, арнайы білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесін зерттеу және жалпылау, бақылау, мұғалім -дефектологтармен, ата - аналармен әңгімелесу, материалды жүйелендіру және жалпылау.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
- Церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың қимыл-қозғалыс бұзылыстарының деңгейінің теориялық негізі нақтыланды;
- Церебральді сал балаларды оңалтуда иппотерапияны қолданудың ерекшелігі нақтыланды;
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы келесі бағыттарға негізделген : түзету -педагогикалық жұмыстың жүру барысын бағалауда, осы топтағы балалардың даму деңгейін анықтауда, церебральді параличі бар балалармен жұмыс негізінде қолдануға арналған.
Зерттеу базасы. Талғар қаласындағы «Ковчег» мүмкіндігі шектелген балаларға арналған кешен.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, зерттеудің негізгі тұжырымдары келтірілген қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде таңдалған зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделіп, ғылыми аппараты: зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжам, жұмыстың ғылыми жаңалығы, тәжірибелік маңызы, қорғауға ұсынылатын қағидалар туралы мәліметтер баяндалды.
«Церебральды сал ауруы бар балалардың қимыл-қозғалыстарын түзетуде қолданылатын әдістер туралы арнайы әдебиеттерге шолу» атты бөлімде сал ауруы бар балаларға медициналық-психологиялық-педагогикалық сипаттама, сол балаларды кешенді түзету жағдайында қолданатын әдістерге сипаттама берілген.
«Церебральді сал ауруына шалдыккан балалардың қимыл-қозғалысын түзетуде иппотерапияны қолданудың тәжірибелік-педагогикалық эксперимент мазмұны және әдістемесі» атты бөлімде зерттеу жүргізу әдістерін ұйымдастыру мен зерттеу жұмысының нәтижиелілігін талдау қарастырылған.
Қорытындыда зерттеу жұмысының қағидалары, нәтижелері, әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде берілді, зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық, педагогикалық әдебиеттер талданып, ондағы тұжырымдар іріктеліп алынды.
1 ЦЕРЕБРАЛЬДІ САЛ АУРУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТАРЫН ТҮЗЕТУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР ТУРАЛЫ АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Церебральді сал балаларға медициналық-психологиялық-педагогикалық сипаттама
Соңғы жылдары церебральді паралич диагнозы қойылған балалардың саны едәуір өсуі байқалады. Әртүрлі авторлардың мәліметі бойынша (Нэнси Р. Финни, Хелен А. Мюллер, М. Бакс, Никитина М. Н., Семенова К. Л., Махмудова Н. М., Белова Г. И., Бадалян Л. О., Серганова Т. И., и др. ) 1000 баланың ішінен 1, 5-2, 5 бала церебральді паралич диагнозы қойылады. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеулерде церебральді паралич - орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан пайда болатыны дәлелденген. Оның әсерінен тірек-қимыл қозғалысының бұзылуы, сенсорлық, сөйлеу тілінің және танымдық сфераларының зақымдалуы көрініс табады. Сонымен қатар церебральді параличі бар балалардың бойында қосалқы кемістіктер жиі көрінеді. Оның ішінде: көру қабілетінің зақымдалуы - 25%; есту қабілетінің бұзылуы - 20%; зиятының зақымдалуы - 25%; психикалық дамуының тежелуі - 40% көрсеткен.
Шет елдік зерттеулерді қарастыратын болсақ, Церебральді сал ауруына шалдыккан балалардың таралуы 1000 балаға шаққанда Англияда 1, ал АҚШ-та 4 балаға сайкес келген. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) статистикалық мәліметтері бойынша дүние жүзінде мүгедектер саны 10 % -ті, яғни 500 миллион адамды құрайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық генетикалық регистрі мәліметтері бойынша біздің елімізде жыл сайын 2000-нан 3500-ге дейін туа біткен және тұқым қуалау патологиясымен туылады, бұл жаңа туылған 1000 нәрестеге шаққанда 20, 0-24, 3 құрайды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша орталық жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдалуының жиілігі осы жас санатындағы балалардың сырқаттанушылық құрылымында 7, 5-22, 4% құрайды [13] .
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Церебральді сал ауруы диагнозымен 9 мыңға жуық бала тіркелеген. Церебральді сал ауруының пайда болу кезінде мидың жарақаттану уақытына назар аудару керек. Нақты әр 100 БЦС жағдайдың себебі: 30-ы ана құрсағында, 60-ы толғақ кезінде, 10-ы туылғаннан кейін.
Тірек-қимыл-қозғалысында кемістігі бар балалардың жетекші тірек-қимылындағы қызметінің толық жетілмеуі, бұзылуы маңызды ерекшелігі болып табылады. Олардың негізгі тобын орталық церебральді сал аурумен ауыратын балалар (89%) құрайды, ол балалар қимылындағы кемістік психикалық және сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтармен үйлеседі.
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Барлық тірі организмдерге тән қасиет - қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор.
Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.
Адамның қаңқасы. Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек бар.
Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен байланысуын жалғасу дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады. Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді.
Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасынан, қабырғалардың және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны - мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді.
Тірек-қимыл-қозғалысындағы (ТҚҚ) жарақаттар және туа біткен немесе жүре пайда болған аурулар 5-7% балаларда байқалады. Тірек-қимыл-қозғалыстағы ауытқулардың түрлері:
Жүйке жүйесінің аурулары: балалық Церебральді сал ауруы (БЦС), полиемиелит.
ТҚҚ ауытқуларының туа біткен дерті: омыртқа дамуындағы кемістік (сколиоз) ), аяқ-қолдың толық жетілмеуі, туа жаңбас сүйегің шығып кетуі, қол саусақтарының кемтар дамуы.
ТҚҚ -нің жарақаттануынан болған аурулар мен кемістіктер: бас мидың және аяқ - қолдың жарақаттануы: полиартрит; қаңқа ауруы (туберкулез, сүйектегі ісік, остеомиелит) ; қаңқаның жүйелі ауруы (рахит) [14] .
Церебральді сал ауруы кезіндегі қимыл кемістігінің құрылысы:
1. Бұлшық ет тонусының жоғарылауы байқалады. Қимылдағанда бұлшық ет тонусының ұлғаюы тән. Сіреспелік кезінде бұлшық ет қысылады да, сіреспе жағдайында болады. Қысымның төмендеуі кезінде аяқ-қол және дене бұлшық еттері әлсізденіп, салғырт тартады. Қысым төмендегенде бәсең қозғалыс көлемі қалыпты уақыттан біршама артып кетеді.
Қозғалыстың шектеулілігі, көбінесе бұлшық ет күшінің төмендеуімен үйлеседі (сал, парездер) . Мидың зақымдалу тереңдігіне байланысты кейбір қозғалыстар өте шектеулі (парез), немесе мүлде болмауы мүмкін- сал. Бұл жағдайдағы бала аяқ, қолын еркін қимылдата алмайды. Парезде көбінесе ұсақ қимыл-қозғалыстар зардап шегеді.
3. Күшпен қимыл қозғалыстың болуы.
Гиперкинез - бұлшық ет тонус ауысуынан болған күштеп қозғалу гиперкинез бен тремор ретінде көрініс береді. Гиперкинезиялар демалу және қозғалыстада бірдей болады. Бұл балаларда күшпен қозғалу мойын, бас, аяқ-қол дене бұлшық еттерінде байқалады.
Тремор - аяқ қол, саусақтарымен, дауыстың, тілдің еріксіз ырғақты тербелесі. Тремор нақты әрекет жасауда анық көрінеді, мысалы: жазуда.
4. Тепе-теңдік пен қозғалысты реттеу, ұйымдастыруының ауытқуы (атаксия) . Бұл жерде дене атақсиясы отыру, түру және жүру кезінде дене тұрақсыздығы арқылы білінеді. Демеусіз тұра алмайды, жүрісінде аяқтарын кең қояды.
5. Қозғалыс сезімнің бұзылуы (кинестезиялар) . Бұл жерде өзінің денесін ұстау сезімі қиындайды. Қимыл-қозғалысты сезінуді бұлшық еттерде, бұындарда, сіңірлерде орналасақан арнайы сезімтал дене жасушалары (проприорецептірлер) қамтамасыз етеді. Сал ауруы бар балалардың барлығында қимыл-қозғалысты проприорецептер арқылы реттеу бұзылған, сондықтан олар қимыл-қозғалыстары жайлы сезімдерің ажырата білмейді.
6. Тізбектеп қойылған түзету рефлексінің толық жетілмеуі. Статокинестикалық рефлекстер денені тік ұстау, еркін моторикасын дамыту үшін маңызды. Бұл ауытқушылықтын салдарынан бала өзін күту, еңбек ету және оқуда көптеген қиындықтармен кездеседі.
7. Синкенезия -бір қолды бүккенде екінші қолдың еріксіз бүгілуі.
8 Патологиялық тоникалық рефлекстер, олардың көрінісі БЦС ауруының негізгі кемістігі ретінде қарастырылады. Қалыпты дамуда аса байқалмайтын тоникалық рефлекстер бірінші айдан пайда болуы мүмкін. Олар уақытымен азайып, жоғалған кезден бастап, позотоникалық рефлекстер қалыптасады. Бала қалыпты дамыған жағдайда позотоникалық рефлекстер үш айдан кейін болмайды[15, 16] .
Ал Церебральді сал ауруы жағдайында барлық туа, журе пайда болған рефлекстердің уақыты тыс өзгеруіне байланысты қимыл-қозғалыс дамуы бұзылады. Бес-он жастағы баланың қимылының дамуы бір жасар деңгейіне сай болуы мүмкін.
Церебральді сал ауруы жағдайындағы кемістіктің құрылысы психикалық дамуға әсерін тигізеді. Психика дамуындағы кемістік механизмі күрделі және ол ми зақымдануының уақытымен, деңгейімен анықталады. Церебральді сал ауруы кезіндегі психикадағы кемістік танымдық іс-әрекеттің сезім - ерік жүйесінің қалыптасуына зақым келтіреді. Бұл балаларда тіл кемістігінің келесі формалары кездеседі:
- дизартрия - дегеніміз сөйлеу мүшелерінің жүйке тамырлармен қамтамасыз етілуінің органикалық жетілмеуінен пайда болатын дыбыс айтылу жағының бұзылуы. «Дизатрия» термині латын сөздерінен тұындайды: dys - бұзылу, arthson- мүшелену.
Дизартрияның басты көріністері: сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуының ақаулықтары, дауыстың бұзылуы және сөйлеудің жылдамдылығының, ырғақтылығының, екпінділігінің жағымсыз өзгерістері.
Аталынған кемістіктер жүйке жүйесінің шеткі және орталық бөлімдерінің зақымдану аймағына, ауырлығына, пайда болған уақытына байланысты әр түрлі деңгейде болады және бір-бірімен түрлеше үйлеседі.
Сөйлеу тілінің анық, мәнерлі болуын қиындататын, ал кейде тіпті оған кедергі болатын артикуляция мен фонацияның бұзылуы дизартрияның алғашқы кемістігін құрайды, осы алғашқы кемістігінен дизартрияның құрылыс-құрамын күрделендіретін туынды кемістіктер пайда болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz