Павлодар қаласы ауасының ластану көздері


Қaзaқcтaн Рecпубликacының Бiлiм жәнe ғылым миниcтрлiгi
C. Тoрaйғырoв aтындaғы Пaвлoдaр мeмлeкeттiк унивeрcитeтi
ХАМИТОВ МАКСАТ КЕНГЕСОВИЧ
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
5В073100 мaмaндық - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір
тіршілігінің қауіпсіздігі»
Пaвлoдaр
Қaзaқcтaн Рecпубликacының Бiлiм жәнe ғылым миниcтрлiгi
C. Тoрaйғырoв aтындaғы Пaвлoдaр мeмлeкeттiк унивeрcитeтi
Сәулет-құрылыс факультеті
«Кәciптiк oқыту және қоршаған ортаны қорғау» кaфeдрacы
Қoрғaуғa жiбeрiлгeн
20___жылы ___
Кaфeдрa мeңгeрушici М. К. Бейсембаев
(қoлы) (аты-жөні, тегі)
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
Павлодар қаласындағы ауаны зиянды заттардан тазалау шараларын дайындау
5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мaмaндығы бoйыншa
PhD докторы,
аға оқытушы
Пaвлoдaр
2019
Нормативті сілтемелер
Дипомдық жұмысында келесі нормативті құжаттарға сілтемелер қолданылған:
- Экологический кодекс РК. − Астана, 2007
- Кодекс Республики Казахстан от 9 января 2007 года № 212-III «Экологический кодекс Республики Казахстан» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 28. 04. 2016 г. )
- http://stat. gov. kz/faces/pavlodar/
Мемлекеттік стандарттағы құжаттар:
- РД 52. 04. 667-2005 «Документы о состоянии загрязнении атмосферы в городах для информирования государственных органов, общественности населения»
- "Уақытша ұсынымдар . . . , Алма-Ата, Новосибирск, 1991"; "ОНД-90, С. -Петербург, 1992"
Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
Дипомдық жұмысында мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Экологиялық қолайсыз аймақ - бұл экологиялық жағдай мен халық денсаулығы белгіленген өлшемдерге сәйкес келмейтін, жер участкісі, ауа немесе су кеңістігі.
Ластану - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық - химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі.
Зиянды заттар шығарындылары - адамның іс - әрекеті нәтижесінде, қоршаған ортаға түсетін, әр түрлі қалдықтар.
Шық - ауаның қанығуынан туындайтын температура.
Конденсация - сулы будан сұйыққа айналуынайтады (ол - 40 о С температураға дейін байқалады) .
Сублимация - (-40 о С -тан төмен температурада байқалады) .
Қоспа - бірнеше жай немесе күрделі заттардан құралатын жүйе.
Концентрация - химияда - қоспа, ерітінді, қорытпа құрамындағы заттардың салыстырмалы мөлшері. Концентрация ұғымы ерітінділердегі еріген зат молекулаларының салыстырмалы мөлшерлерін сипаттау үшін қолданылады.
Селетибті аймақ - тұрғын ғимараттар, спорттық ғимараттар, жасыл екпелер және кей жерлерде халықтың демалыс үшін қысқа мерзімді, сондай-ақ болашақта оларды орналастыру үшін арналған елді мекен аумағы;
ШРК - атмосфералық ауадағы ластаушы заттың шекті рұқсат етілген концентрациясы, қазіргі және болашақ ұрпаққа тікелей немесе жанама қолайсыз әсер тигізбейтін, адамның жұмысқа қабілетін төмендетпейтін, оның оның көңіл-күйі және санитарлық-тұрмыстық өмір сүру жағдайларын нашарлатпайтын концентрация;
ШРШ және ШРТ нормативтері - шекті рауалы шығарынды және шекті рауалы төгінді нормативтері;
СИ - стандартты индекс - қалада ең көп өлшенген кез келген ластаушы заттардың бір жолғы максималды концентрациясы, ШРК бөлінген (РД 52. 04. 186-89 атмосфера ластануын бақылау бойынша басшалыққа сәйкес) ;
ЕКҚ - ең көп қайталануы - % ШРК асып кеткен - қалада ауаның кез-келген ластаушы затпен ШРК-дан асып кетуінің барынша жоғары қайталануы;
АЛИ - атмосфераның ластану индексі - атмосфераның ластану көрсеткіші;
ҚОменТРМБМЖ - Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі;
ОБЗ - озон қабатын бұзатын заттар;
ҚОӘБ - қоршаған ортаға әсер ету бағасы;
ЗҚК - заттың қауіптілік критерийі;
НЛЗК - негізгі ластаушы заттар критерийі;
ҰОҚ - ұшпалы органикалық қосылыстар;
ЛЗ - ластаушы заттар;
РМ - өлшенген заттар;
ҚТҚ - қатты тұрмыстық қалдықтар;
АЖС - автожанармай станциясы;
ҚР - Қазақстан Республикасы;
СЭС - санитарлық эпидемиялық станция;
ММ - мемлекеттік мекеме;
СҚА - санитарлы қорғау аймағы;
ПФ - Павлодар филиалы;
ЖЭС - жылу электр станциясы;
ЖШС - жеке жауапкершілік серіктестігі;
МАЭС - мемлекеттік аудандық электр станциясы;
РМК - Республикалық мемлекеттік мекеме;
АҚ - акционерлік қоғам;
ҚӘДБ - атмосфераға ластаушы заттардың қауіпсіз әсер ету деңгейінболжау;
Мазмұны
- Ауа бассейні ластануының климаттық потенциалы
Кіріспе
Адамзат табиғаттың барлық компоненттерiн азды-көптi дәрежеде пайдалануда. Ғылыми-техникалық прогрестің алға басуының нәтижесінде адамдар табиғатты қорғау, пайдалану, оның тиімділігін арттыру жолында зор жетістіктерге қол жеткізді. ХХ-ХХІ ғасырларда ғылыми-техникалық прогрестің арқасында табиғатты пайдалану, оның байлығын игеру қарқыны артты. Өнеркәсіп бірнеше есе өсті, энергия қуатын, жер қойнауы мен теңіз байлықтарын пайдалану көбейді, шикізаттың жаңа түрлері іске қосылды. Осының арқасында адамдардың мүмкіншілігі, табиғи ортаға тигізетін әсері артты. Өндiрiстiң дамуы табиғи қорлардың азаюына қосымша, қоршаған ортаның ластануы сияқты жаңа проблема ала келдi. Өндiрiстен шығатын керексiз заттармен алдымен ауа, топырақ, су қоймалары ластануда. Бұл ластану жағымсыз әсер етiп қана қоймай, адам баласының денсаулығына да қауiп төндiруде. Жиырма бірінші ғасырға дейiн адам баласының табиғатқа әсерi жер шарының әр түкпiрiнде өзiнше қажетiне қарай әртүрлi жүргiзiлген болса, қазiр ол бүкiл планетаны қамтып отыр. Қазақстан Республикасының егемендік алғанына 28 жыл толып отыр, халқымыз өз қазба байлықтарын игеруге қол жеткізді. Бұл жетістік төл табиғатымыздың тепе-теңдігін қорғау мен сақтаудағы егемендік. Күн сайын табиғи байлықтың азаюы, ауа райының ластануы бұл проблеманың адам пайдасына шешiлуiн тежеп шиеленiстiре түседi, өндiрiстiң дамуына кедергi жасайды. Қазіргі таңда ауаның тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда, сондықтан оның сапасы, тазалығы алаңдатпай қоймайды. Табиғи қорларды пайдалану барысында айналадағы қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелерге кезінде өз дәрежесінде айтарлықтай мән берілмегендіктен, оған нәтижелі бақылаудың жоқтығы салдарынан республиканың көптеген аймақтарында зиянды қалдықтар көбейіп, табиғи орта ластануда. Сөйтіп, жердегі тіршіліктің күрт нашарлануына себепкер болып отыр. Мұның барлығы адамның іс-әрекетінен табиғи қорларды, яғни ауаны, өзендер мен көлдерді, жерді және оның астыңғы қабатындағы қазба байлықтарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауды және оларды тиімді, үнемді пайдалануды күшейту қажеттілігін тудырады. Сондықтанда қоршаған ортаны ластамай таза ұстау бүгінде барлық жұртшылықтың алдына қойылып отырған түбегейлі міндет. Болашақ мамандардың қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсер етудің сипаты мен көлемі, зардаптары туралы, атмосфераның ластану жағдайларын бағалаудың әдістері жайлы, қоршаған ортаны ластаудан және таусылудан қорғау саласында ұлттық және халықаралық заңдардың құқықтық нормалары туралы түсініктері болуы қажет.
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде ауаның ластану мәселесі дүние жүзі бойынша ең бір көкейкесті мәселе болып отыр. Ауаның ластануы - әртүрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Олар жер бетіндегі жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және адамдардың өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді. Адамның тіршілік ететін ортасының жағдайын жақсарту қазіргі уақытта дамыған қоғамның алдыңғы қатарлы міндеттерінің біріне жатады. Қазіргі уақытта өндіріс орындарына, энергетика және автокөліктерге таза, қалдықсыз технологияның енгізілгендігіне қарамастан, ластанған ауа әлемдегі барлық адамдардың денсаулығы үшін қатерлі болып табылады.
Еліміздің экологиялық қолайсыз аймақтарының бірі - Павлодар облысы. Орталығы Павлодар қаласы. Павлодар - индустриалды, өнеркәсіптік орталық.
Павлодар қаласы үшін күн тәртібіндегі өткір мәселелердің бірі экологиялық жағдай. Қаламызда ауаның ластану деңгейінің жоғары болуы автокөліктер газы мен өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысына байланысты. Зиянды заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауыттар, жылу энергетикасы, ғарыш кемелері мен ұшақтар болып табылады.
Бұл жұмыстың маныздылығы Павлодар қаласының ауасы жағдайының ластануын қарастыру. Ауаның құрамы, оны ластаушы көздер, олармен күресу шаралары, фактілерге сүйене отырып дамыта оқыту. Адамның табиғатқа деген көзқарасын қалыптастыру және экологиялық тәрбие беру. Бұл келтірілген ғылыми-әдістемелік мәліметтер Павлодар қаласы ауасының экологиялық жағдайын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты - Павлодар қаласының ауасындағы негізгі зиянды заттарды анықтау және олардан ауаны тазалау бойынша шаралар дайындау.
Мақсатпен байланысты келесі міндеттер қойылды:
- Павлодар қаласының ауасы ластануының негізгі себептерін айқындау;
- Қаланың ауа кеңістігіндегі негізгі зиянды заттарды анықтау;
- Павлодар қаласының ауасының ластануының адам денсаулығына әсерін қарастыру;
- Ауаны ластаушы факторлардың зиянды әсерін азайту үшін бірқатар шараларды ұсыну;
Теориялық маңыздылығы Жұмыстың териялық құндылығы Павлодар қаласы ауасының ластану деңгейін анықтаудан және оның зиянды заттардан тазалау бойынша заманауи техникалық шешімдер әзірлеуден тұрады.
Тәжірибелік маңыздылығы Дипломдық жұмыстың зерттеу нәтижелері осы бағытта мақалаларды жазу барысында қолданыс табады және университеттердің оқу үрдісінде дәрістер оқу, зертханалық жұмыстар жасау барысында қолданылуы мүмкін.
- Павлодар облысының табиғат жағдайының ерекшеліктері
1. 1 Павлодар қаласының физико-географиялық жағдайы
Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы - Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте - Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік - шығыста - Новосібір облыстарымен, шығыста - Алтай өлкесімен, оңтүстікте - Қазақстан Республикасының Шығыс - Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста - Ақмола және Солтүстік - Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр. Қазіргі кезде 127, 5 мың ш. км. аймақты алып отыр [1] .
- сурет - Павлодар қаласы
Павлодар облысының жер бедері екі бөлікке бөлінеді. Солтүстігінінің негізгі бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы - Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Cарыарқаның солтүстік-шығыс сілемі, солтүстік-шығысын Құлынды даласы алып жатыр. Жер беті мұнда теңіз деңгейінен 120 - 150 м биіктікте, Ертіс аңғарында 100 - 110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі көбінесе ұсақ төбелермен алмасып отыратын жазықтардан тұрады. Мұнда Баянаула (1026 м), Қызылтау (облыстың ең биік жері - Әулие тауы, 1055 м), Желтау (959 м) және Семізбұлақ таулары орналасқан. Ертіс өзені облыс жерін шығыстан солтүстік - батысқа қарай ұзына бойы қиып өтеді. Өзеннің облыс бөлігіндегі ұзындығы 420 км және оған бір де бір сала қосылмайды. Оң жағалауы биік жарқабақты, сол жағалауы жайпақ. Қараша айының орта кезінде өзен суы қатып, наурыз айында мұздың қалыңдығы 115 см - ге дейін жетеді. Облыс жеріндегі ұзындығы 147 км болатын Ертіс - Қарағанды каналы Екібастұз қ. мен Ақсу кентін сумен қамтамасыз етеді. Облыстың батыс жағымен кішігірім Өлеңті және Шідерті өзендері ағып өтеді. Облыста көлдер көп (1210 көл) . тауларында көлдер тектоникалық ойыстарда (Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл), Ертіс бойындағы көлдер жайылмадағы қазаншұңқырлар мен ескі арналарда, ал жазықта әр түрлі көлемді қазаншұңқырларда орналасқан. Ірі көлдері: Сілетітеңіз (ауданы 965 км²), Жалаулы (398 км²), Қызылқақ (180 км²), Үлкен Әжболат (110 км²), Маралды (80 км²) . Тұщы көлдер көбінесе Ертіс жағасы мен облыстың солтүстік бөлігінде тараған. Одан оңтістікке қарай тұзды көлдер саны арта береді. Жер асты суларының құрамы әр түрлі. Сарыарқа жағындағы тау жарықшақтарында жер асты сулары жер бетіне әр түрлі бұлақтар арқылы шығады. Жалпы, облыс аумағында тәулігіне 3816, 5 мың м 3 болатын пайдалануға жарайтын жер асты суының 11 кен орны барланған. Қазіргі кезде тәулігіне 118, 5 мың м 3 су беретін 6 су көзі пайдаланылады. Жер асты суының негізгі горизонты Ертіс артезиан алабында орналасқан. Мұнда судың минералдығы 4, 4 - 5, 5 г/дм 3 . Құрамы бромды, йод - бромды келген. Олардың жалпы минералдығы 8, 0 г/дм 3 .
Павлодар облысының жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Ертістің шығыс жағының жер қыртысы негізінен құм, құмдауыт және саздақ топырақтан, ал сол жағалық аңғары плейстоцен кезеңінің сортаңданған бозғылт топырағы мен ауыр саздақ топырақтан түзілген. Сарыарқа шоқыларында көбінесе тастақты-қиыршықтасты қоңыр топырақ, ал шоқыаралық жазықтарда сортаң, саздақ топырақтар дамыған. Облыстың өсімдік жамылғысы қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тән селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Облыстың қиыр солтүстігін қайың мен теректен тұратын ормандар алып жатыр. Олар 44, 0 мың га жерді қамтиды. Оңтүстікке қарай даланың сұр, қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала қалыптасқан. Оңтүстік-шығысындағы құмды өңірде қарағай ормандары, Ертіс өзенінің жайылмасында шалғындар мен тоғайлар тараған. Қазіргі заманғы Ертістің жағалуындағы Павлодар облысының орталығы - Павлодар қаласы. Павлодар өңірі аумағына жасалған бірінші экспедициялар Сібірде мемлекеттік биліктің нығайтылуынан және Тобол губерниясын белгілегеннен кейін басталды. Коряков пошталық форпост Ертістің жағасында 1720 жылы пайда болды. 1838 жылы форпост аттас станица болып өзгерді, ал 1861 жылы - Павлодар қаласы деп аталды [2] .
Қазіргі кезде Павлодар қаласының ауданы 267 км 2 құрайды.
1. 2 Павлодар қаласының ауа бассейінінің қазіргі жағдайы
Павлодар облысы - Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД - нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық - өндірістік кешен ретінде тарихи қалыптасқан. Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда. Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7 % - ы, республикалық көмір өндірісінің 70 % - ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40 % - ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машина жасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті. Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі - аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу МАЭС, сондай - ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады [3] .
Қалада орналасқан ауаға шығатын зиянды заттардың жалпы шығарындысы өндірістік кәсіпорындарда қалыптасады. Сонымен, шығарындының жалпы 26 % - ы - Павлодар қаласында қалыптасады. Павлодар қаласы бойынша ауаның ластағыш көзі, қоршаған ортаға эмиссияның негізгі үлесін беретін экологиялық қауіпті І санаттағы кәсіпорындар болып табылады (санитарлық қауіптің 1 және 2 класы), оның ішінде, жоғары күлді көмірмен жұмыс жасайтын жылу және электрлік станциялары, олардың жалпы шығарындылары Павлодар өңіріндегі шығарындылардың 85 - 86 % - ын құрайды. Басқа ірі табиғат пайдаланушылардың жалпы шығарындыларының үлесі 10 % шамасында құралған.
Шығарындылардың қалған 4 % - ы II, III, IV санаттағы экологиялық қаупі бар кәсіпорындардың шаруашылық әрекетінен құралған, өндіріс және жаңадан ашылып жатқан өндірістік цехтар мен учаскелер санының өсуіне байланысты, осы санаттағы табиғат пайдаланушылардан атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындысы жыл сайын артып бара жатқанын айта кету керек.
2017 жылы ірі кәсіпорындардың стационарлы көздерінен ауаға шығатын зиянды заттардың эмиссиясы 532, 2 мың тоннаны құраған. II, III, IV санаттағы кәсіпорындардың шығарындыларын қоса алғанда 568, 3 мың тоннаны құраған.
2016 жыл ішінде ірі кәсіпорындардан шыққан шығарындылар 581, 5 мың тоннаны, ал II, III, IV санаттағы кәсіпорындардың шығарындыларын қоса алғанда 620, 0 мың тоннаны құраған.
Жүргізілген талдау көрсеткендей, зиянды заттардың жалпы шығарындыларының төмендегені байқалады.
Павлодар қаласының қоршаған ортаға шығатын шығарындыларының жалпы массасының төмендеу себебі, қаланың электрэнергия көлемінің қысқаруы болып табылады («Павлодарэнерго» АҚ ЖЭС 1, 2) . Жалпы Павлодар қаласының электрстанциялары 2017 жылы тек 60 % ғана пайдаланылған [4] .
Павлодар қаласы Республикамыздың ең ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі екенін атап өткенбіз. Ең ірі өнеркәсіп салалары:
Қара металлургия
Сала облыста Ақсу қаласындағы зауыты арқылы әйгілі. Ферроқорыту Ақсу зауыты - ТНК «Казхром» АҚ филиалы болып табылады. Зауыт Ақсу қаласында орналасқанымен Павлодар қаласының атмосфералық жағдайына әсерін тигізеді. Феррохром, ферросилиций, ферросиликомарганец, ферросиликохром секілді әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнімдерді өндіреді. Ақсу қаласындағы ферроқорыту зауыты - әлемдегі ең ірілердің бірі - пайдалануға 1968 жылы берілген. Жылына 1 млн. тонна өнім өндіреді. Дайын өнімді зауыт Теміртауға, ТМД (Ресей, Украина, Белоруссия, Грузия, Өзбекстан) мен қиыр шетелдердің (Люксембург, Жапония, Германия, Австрия, Швеция, Болгария, Румыния және т. б. ) металлургиялық зауыттары мен комбинаттарына жібереді. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде 4, 5 кг шаң, 2, 7 кг күкіртті газ, 0, 5 - 0, 1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді.
Түсті металлургия
Өнеркәсіптің жас саласы. Қазақстанның алюминий өндірісінің алғашқысы - Павлодар қаласындағы «Қазақстан Алюминийі», қуаттылығы жылына 1, 5 млн тонна, 1964 жылы қазан айында салынған және пайдалануға берілген. Кәсіпорын алюминий, сонымен қатар керамика, отқа берік материалдар мен электр өнеркәсібі материалдарын өндіру үшін қажет шикізат болып табылатын глинозем өндіреді. Жолай бокситтардан галлий мен пятиокись ванадия шығарылады. Галлий - шетелдерде үлкен сұранысқа ие сирек металл. Ол Жапонияға, Германия мен АҚШ-қа экспортталады.
Республикада түсті металлургия кластерін құру мен дамыту мақсатында қалада бастапқы алюминийді өндіру үшін «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ салынып, іске қосылды. 2009 жылы Павлодар алюминийі ресми түрде Лондон металл биржасында тіркелді, ол Қазақстандық электролизді зауыты өнімдерінің халықаралық стандартта екендігін дәлелдеді және бастапқы алюминийді биржалық бағада жеткізуге жол ашты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz