Мал азығының химиялық құрамы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Биотехнология - биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген, экономикалық жағынан тиімді де маңызды заттар өндіру және жоғары өнімділігі бар микроорганизмдер штаммдарын алу, өсімдіктердің сорттары мен формаларын, жануарлар асыл тұқымдарын шығаратын ғылым мен өндірістің жаңа бағыты.

Тарихи тұрғыдан адамзат көне заманнан бері тіршілігі үшін өсімдіктерді пайдалануда. Жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық түрлерін жанжақты сақтаумен және түрлі пайдалы микроорганизмдер штаммдарын сұрыптау барысында биотехнология өндірістік прогресті ары қарай дамытуға алып үлес қосатындығы сөзсіз.

Биотехнологияның дамуы микробиология, биохимия, энзимология, микроорганизмдер генетикасы салаларының дамуымен тығыз байланыс. Демек, биотехнологиялық ізденістер және оның нәтижелері тікелей түрлі микроорганизмдер штаммдарын зерттеумен байланыс.

Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық корына негізделеді. Берік азык қорысыз шаруашылыктағы мал басының өсіп-жетілуіне жэне өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы - қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес. Сондықтан мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жемшөп қорынан бастайды.

Жемшөп қорын нығайтуды ондағы азық түрі мен мөлшерін көбейтумен қатар, жиналған, қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық түрғыдан тиімді жұмсай білу керек. Оған мал басын азықтандыруды ғылыми түрде ұйымдастырғанда ғана кол жетеді.

Мал организмнің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбімен жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету - малға берілетін азық мөлшері мен сапасына тікелей байланысты. Осыдан қолдағы мал басын ғылыми тұрғыдан дұрыс азықтаныруды ұйымдастыруда жемшөп түрін мөлшерлеу, яғни нормалаумен қатар, оның сапасына қатаң талап қойып, қадағалау қажеттігі туындайды.

Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғымдылығымен анықталады. Оны жеге зерттеп, күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұрғысынан кұнарлылығын білу қажет.

Өсімдікті немесе жануар, микроб тектес азықты дайындағаннан бастап малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялык өзгерістер жүреді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып келгенде коректілігі өзгереді. Өзгерушілік көлемі көптеген жағдайларға, ең алдымен жемшөпті дайындау кезеңі мен сақтау технологиясына байланысты. Ондағы орын алатын биохимиялык өзгерістер барысында азық сапасы жақсарып, қоректілігі жоғарылауы да немесе, керісінше, бір жағынан қоректік заттары ыдырап, ал екінші жагынан қажетсіз, тіпті зиянды, улы заттары жиналып, қоректілігінің күрт төмендеуі де ықтимал.

Зерттеу мақсаты. Мал азығын дайындау барысында, яғни түрлі технологиямен дайындалған сүрлемдерді, сүтқышқылды микроорганизмдер штаммдарын ашытқы ретінде пайдаланып олардың тимділігін анықтау және сүрлемнің сапасын ажырату.

Зерттеу жаңалығы мен міндеті. «Силоплант 34» сүтқышқылды ашытқыларының өсімдіктерден дайындалған сүрлемдерге әсерін анықтап оларға жанжақты биохимиялық сипаттама беру.

Зерттеу мақсаты:

  • бактериялық прапараттарының дайындалған сүрлемдерге әсері;
  • лабораториялық ізденістерде ашытқылардың ашытқыш қасиеттерін жанжақты зерттеп, дайын азыққа органолептикалық және биохимиялық сипаттама беру.

Жұмыстың көлемі мен жүйесі. Дипломдық жұмыс 63 бетке компьютерлік текстпен терілген. Ол кіріспеден, әдебиеттерді шолу, материал және зерттеу әдістерінен, зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан, 12 кесте және 52 әдебиет санынан тұрады.

Орталық лаборатория Сайрам ауданы «Тассай» ауылындағы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болған мекен жайға орналасқан.

Лабораторияның жұмысы ауыл шаруашылығы малдарының өнімдерінің химиялық құрамын анықтау арқылы оның сапасын анықтау болып табылады. Өндірістік практиканы өткізу үшін «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік Орталығы» ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау лабораториясына жолдамамен өз уақытында келіп, жалпы ғылыми мекеменің жұмысымен, оның ішінде орталық лаборатория жұмыс тәртібімен таныстық.

Сонымен қатар лабораторияның басты жұмыстарының бірі ауыл шаруашылығы дақылдарының құрамы мен құндылығын анықтау.

Ғылыми-өндірістік Орталықтың лабораториясы қазіргі заманғы лабораториялық қондырғылармен толық жабдықталған.

Алдымен лабораторияда жұмыс істеудің адам өмірі үшін қауіпсіздігі ережелерімен таныстық.

1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Қазіргі таңда адам мен жануарларға қажет азықтарды дайындауда микробиологиялық әдістер кеңінен қолдануда. Біздің Республикада мұндай ізденістер микробиология және ветеринария институтында көптен бері жүруде.

Алғашқы ізденістер мен зерттеулер өткен ғасырдың орталарында басталған. Алғашқыда сүт ашытқыларын сүрлем дайындауда, соның ішінде қиын сүрленетін өсімдіктерге қолданылған. Биологиялық сүрлегіштерді қолдану барысында олардың азықтың сапасын жоғарлатқандығы байқалған, яғни пайдалы микроорганизмдердің саны көбейіп, зиянды микроорганизмдер саны төмендеген. ғалымдардың зерттеуі бойынша сүтқышқылды микроорганизмдер сүрлем құрамында қант мөлшерін жоғарлататыны байқалған. Демек, азық өте тиімді және пайдалы болып шағады дейді автор. Оның айтуы бойынша құрғақ бактериялық ашытқылар - амилолитикалық сүтқышқылды стрептококк крахмалды, лактоза ыдыратады, В топ витаминдерін синтездейді [1] .

Ғалымдардың айтуы бойнша сүрлемде өтетін ашу процестері 60-65% ылғалдықта өтеді. Сүрленетін жоңыршқаның құрамына АМС ашытқысын қосқанда ашу процесстері қолайлы жағдайда жүріп азық сапасы өте жоғары болғандығы анықталды. Аталмыш ашытқының белсендігін жоғарлату үшін оның құрамына «Силоплант-34» сүрлегішті қосқан өте тиімді болады дейді
[2-6] .

«Силоплант - 34» ашытқысы құрамында протеині көп, нашар сүрленетін өсімдіктергше қолданылады. авторлардың зерттеулері бойынша «Силоплант-34» ашытқышын қолданғанда сүрлем құрамындағы сүтқышқылы мөлшері төмендемейтіні байқалды, әсіресе ылғалдығы өте жоғары (78, 0%) өсімдіктерден дайындалған азықтарда. Бұл ашытқыны қолдану барысында күрделі полисахаридтер ди- және моносахаридтерге дейін ыдырайтыны байқалған. Демек өсімдіктер құрамындағы көмірсулар толық биохимиялық процеске қатысып азықтың сапасын жоғарлатады [7-9] .

Сүрлем дайындауда пропионқышқылды бактерияларда жанжақты қолданылады. Осы бағытта алғашқы ізденістерді. Бұл жұмыстар ылғалдығы жоғары өсімдіктерден азық дайындау кезінде жүргізілген. Азықтардың сапасы өте жоғары және мал өнімділігіне тиімділігі дәлелденген [10] .

ПМБ (пентозды сүт ашытқы бактериялары) сабаннан сүрлем дайындауда қолданатын ашытқылар тобына жатады. Аталмыш бактериялар ылғалдығы 65-70% сабанды сүрлеу барысында оның құрамындағы биохимиялық процестерге оңайлықпен қатыспайтын пентозандарды - арабиноза, ксилоза, сахароза, мальтозаны ыдыратып сүт, сірке және шамалас құмырсқа қышқылдарына айнаодырып ашыту процесіне қосады.

ЦЛБ - целлюлозалитикалық бактериялар тобы (Bacilus acilocaldarius) немесе «Калдарин» қамыстан сүрлем жасауда қолданылатын ашытқы. ЦЛБ өсімдік клетчаткасын ыдыратып полисахаридтерді моносахаридтерге айналдырады. Автор зерттеулері бойынша бидай сабанынан дайындалған сүрлем құрамындағы целлюлоза көрсеткіші 21-23%-ға төмендегені көрсетілген.

Көптеген ғалымдардың тобы бактерияларының келешекте жанжақты қолдануына толық кепіл береді [11-17] .

1. 1. Жасыл өсімдіктен сүрленген мал азығының физикалық және химиялық и курамы

Қазіргі кезде жемшөп құрамын тек зоотехникалық зерттеумен жүргізу жеткіліксіз. Ол азықтың сол кездегі құрамын ғана көрсетеді. Ал мал өнімділігін арттыру үшін азықта өтетін биохимиялық өзгерістерді мал организмінде жалғастырып, зат алмасуына қажетті багытта ықпал еткізуді көздеу қажет. Ол үшін азық құрамындағы жалпы және корытылатын протеинді біліп қана қоймай, оның аминқышқылдарын, ақзатының түрлері мен дисперсілігін, түрлі қызмет атқаратын топтарын анықтайды. Ірі жемшөптегі құрылыстық және энергетикалык көмірсулар арақатынасын, олардың физико-химиялық қасиеттерін зерттейді. Мал маманына малға берілген азықтағы жалпы каротинмен катар оның игерімді түрі -бетакаротиннің каншалықты екенін білу қажет. Сондай-ақ, дайындалған азықтың ферменттік, ингибиторлық, фитогормондық және де басқа маңызды биологиялық пэрменді қасиеттеріне жете үңіліп, анықтау керек [18-21] .

Әсіресе сүрлемдеу, пішендеме салу секілді азыктағы биохимиялык өзгерістерге негізделген дайындау әдістерінде орын алатын құбылыстарды зерттеп, оларды малға жегізбегенде зат алмасуындағы метаболизмді кай жағына жылжытатынын алдын ала болжап, малдың физиологиялык жағдайы мен денсаулығын қанның биохимиялық көрсеткіштері арқылы бақылайды.

Жемшөп дайындауда азық биохимиясымен қатар қажетті зоогигиеналық және малдәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтау қажет, сонда ғана малдың сапасыз жемшөппен судан пайда болатын алиментарлык, яғни азықтық, зат алмасуының бұзылушылығы мен аурулардан сақтандыруға болады. Азықтандыру мен суару гигиенасын сактаған жағдайда ғана мал басының ценсаулығы сақталып, жоғары өнімділігі қамтамасыз етіледі. Ол үшін малга берілетін жемшоп пен судағы органикалық және минералды зат кұрамын, олардың физикалык жәнемеханикалық жағдайын, патогендік, яғни ауру туғызушылық немесеуландырушылық қауіпін, азықтандыру мен суару техникасын қадағалайды. Мұның, әсіресе соңғы кезде күрт нашарлап кеткен сыртқы орта экологиялыкжағдайында, таза да сапалы мал өнімін өндіру арқылы адам денсаулығынсақтауға да зор ықпалы бар екенін ескеру қажет. Демек мал антропогендік, яғни медициналық қыры да маңызды. Өйткенісоңғы кезде ауыл шаруашылығында химиялық қосындыларды көптепқолданудан мал өнімін нитраттар және де бактериялар менсаңырауқұлақтардың уландырушы заттарынан (афлатоксиндер, фузарио-токсиндер, т. б. ) қорғап, таза сақтау мәселесі де күрделіленуде[22] .

Азықтық дақылдарға минералдық тыңайтқыштарды мөлшерлі түрде жеткізіп, өсіру агротехникасын сақтап, тиімді кезеңінде шауып, прогрессивті дайындау тәсілін қолданып дайындағанда азық сапасын көтеруге болады. Оларды малға берерде алдын ала арнайы өңдеуден өткізіп, желінуі мен қорытылымын арттырады. Қажетті өңдеу әдістері арқылы олардың зиянды да улы заттарын залалсыздандырып, дәмділігі мен жұғымдылығын арттырады. Жемшөптің физикалық түрін өзгертіп, бір-бірімен араластырып, қажетті қосындылар енгізу арқылы қоректілігін жоғарылатады.

Азық сапасы мен қоректілігін оның биологиялық толық бағалылығын сипаттайтын, яғни энергетикалық, протеиндік, минералдық және витаминдік жағынан оның мал организімі мұқтаждығын толық өтейтінін көрсетеді. Мұны әсіресе, биологиялық бағалылығы кең көлемде өзгеретін өсімдік тектес азыкты қолданғанда қадағалау қажет. Малға берілетін азықтың қоректілігін, мал организміндегі зат алмасу қажеттілігіне толық та жан-жақты сәйкестіргенде ғана, дайындалған жемшөп қорын тиімді жұмсап, малдан мол да жоғары сапалы өнім алуға жол ашылады [23-28] .

Берілген азық қоректілігі организм мұқтаждығына сәйкестірілмесе түрлі алиментарлық бұзылушылық орын алады да, оның салдарын эндокриндік, яғни ішкі сөл бездерінің қызметінің бұзылуынан туатын және эндемиялық, яғни жергілікті азықтандыру деңгейінің ерекшеліктеріне сәйкес кейбір коректік зат жетіспеушілігінің немесе артықшылығынан туатын зат алмасуының бұзылушылығы асқынған жағдайда аурулар пайда болады. Бұл негізінен азық сапасының төмендеп, азықтандыру деңгейінің, әдеттегі малға үйреншікті құрамының, берілу жағдайының өзгеруіне (пішеннің азайып, жем мен қышқыл сүрлемнің көбейуі, инсоляция мен аэрация жетіспеушілігі, гипокинездік т. б. ) байланысты. Мысалы, ірі қара төлін өсіріп бордақылау кешендерінде жылдық жем шөп шығынының жартысына жуығы жемнен тұрады. Соның салдарынан таз қарындағы ас қорыту мен зат алмасуы бұзылып, эндокриндік жүйеде, бауыр, жүрек, сүйек, тоқыма мен ұлпа кұрылысында дистрофиялық өзгерістер орын алып, бүйректе тас байланып, буында ісік пайда болады [29-31] .

Осыдан барып мал кажетсіз семіріп, сиыр кетозға, остеодистрофияға және бұзаулағаннан кейінгі гипокальциемияға, бордақылаудағы төл таз қарын ацидозы, алкалозы, гипомагнемия, кариес пен флуорозаға жэне де көптеген патологиялық өзгерістерге душар болады. Өндірістік технология бұл ауруларға өзінше жеке сипат енгізеді. Кешендегі малдын ауруы негізінен сырт көзге білінбейтін субклиникалық түрде өтеді де, бір-біріне қабаттасып, асқындырып жібереді. Оның сыртқы, клиникалық белгісі көмескіленгенмен, мал өнімділігін азайтып, өнім сапасын төмендету арқылы шаруашылык экономикасына тигізетін зияны зор.

Жеделдетіп өсіру технолоғиясы көптеген алиментарлық этиологиялық факторлар әсерінен малды коп этиологиялық ауруларға шалдыктыратын-дықтан, мал басжолардан сақтандыру үшін кешенді түрде айғақтау жэне емдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, ал ең дұрысы, тиімдісі қолдағы малдың толық бағалы азықтандыруы арқылы мұндай өзгерістерғе жол бермеу болып табылады.

Мал денсаулығы мен өнімділігіне, өнімінің сапасына ондірістік технологиямен қатар соңғы кезде аса ластанып бара жаткан сыртқы орта тазалығы да күшті ықпал етеді. Адам тіршілігінің нәтижесінде өзгерген биогеохимиялық жағдайдан туған малдың эндемиялық ауруын геохимиялық энзоотия ретінде қарап, олардың адын алуды малдэргерлік-экологиялық тұрғыдан шешуге тырысу қажет. Биогеохимиялық агроэкожүйесі - тек қана ауылшаруашылық емес, сонымен қатар геогигиеналық, антропологиялық және медициналық мәселе екенін атап өту қажет. Мұның әсіресе жергілікті түрғындарды экологиялық таза өніммен қамтамасыз етудегі маңызы зор.

Азыққа өсімдік, жануар және микроб тектес, малды уландырмайтын, оның денсаулығы мен өніміне зиян келтірмейтін, жақсы желініп, қорытылатын заттар жатады. Сонымен қатар мал азықтандыруда өндіріс шығаратын бірқатар қажетті қосындылар (минералды, витаминді, ферментті, т. б. ) қолданылады. Оның бәрі белгілі сапалық талаптарға сәйкес болуға тиіс.

Азық сапсын екі түрғыдан багалайды. Алдымен азықтың тазалығы, жүғымдылығы, малға тартымдыгы секілді сыртқы түрі, иісі, дәмі жэне тагы басқа физика-механикалық қасиеттерімен, ал одан кейін берген азықтың малдың тіршілік қажеттілігін өтеушілік деңгейімен. Сонғысын, әдетте, азықтың биологиялық толық бағалылығы деп атайды. Демек, жалпы алғанда азық сапасы мал мүқтаждығын өтеушілік қасиеттерімен бағаланады десек те болады.

Азық сапасын органолептикалық, яғни сезім мүшелеріне негізделген, бағалау, химиялық қүрамын зерттеу, желінуі мен қорытылуын анықтау арқылы біледі. Осы көрсеткіштерге сәйкес оларды сапалық кластарға бөледі.

Мал азығының ең басты көрсеткіші - қоректілігі. Оны азық құрғак затындағы энергияның шоғырлану дәрежесімен белгілейді (алмасу энергиясы немесе азық өлшемі түрінде) . Азықтың энергетикалық, яғни жалпы, қоректілігі алдымен оның құрамындағы өздері тікелей энергия шығаратын қоректік заттарга (протеин, май, көмірсулар) байланысты болса, екінші жағынан сол қоректік заттардың ас қорыту барысында толық игеріліп, тиімді пайдалануына әсер ететін өздері тікелей энергия өндірмегенмен, организмдегі энергия алмасуына зат алмасу барысын реттестіру арқылы ықпыл ететін минералды жэне де басқа да биологиялык пәріменді заттарга (витаминдер, ферменттер, гормондар, қоректілікке карсы заттар, ингибиоторлар, т. б. ) байланысты болады.

Желінген азық малдың энергетикалық мұқтаждығымен (дене жылулығын сақтауға, механикалық жұмысына, өніміне) қатар, тірі орагнизмде үздіксіз жүретін зат алмасуын (катаболизм мен анаболизмнен түратын) қамтамасыз етуі қажет. Осы түрғыдан азық қоректілігі энергетикалық деңгейімен қоса структуралық, яғни құрылыстық косындылар жеткізушілігімен де бағаланады.

Мал денесінің құрылысына қажет қосындылар негізінен азық протеинімен жеткізіледі. Сонымен қатар минералды заттар (кальций сүйек қүрылысында, микроэлементтер ферменттерде, т. с), кейбір көмірсулар құрылыстық қызмет атқарады. Бұл көрсеткіш бойынша азық сапасы энергия бірлігіне келетін протеин мөлшерімен бағаланып, протеиндік (қорытылатын азотсыз қоректік заттар, яғни май мен көмірсулар қосындысының, қорытылатын азотты, яғни протеинге қатынасын көрсететін) немесе энерго-протеиндік (азықтағы 1% протеинге келетін энергия мөлшерін көрсететін) қатынастармен белгіленеді.

Азық сапасына оның диетикалық, яғни жүғымдылық қасиеттері де әсер етеді. Оларға қүрғақ зат мөлшері, физикалық түрі, сүрлемдеу тәсілі, тазалығы, усыздығы, дәмділігі мен хош иістілігі жатады. Азық сапасын белгілейтін физикалық қасиеттеріне - ылғалдылығы (балаусалылығы), ұсақтыгы (түйіршектелуі), аумактыгы, тығыздығы, ылғыл сорғыштығы жэне ылғыл жогалтқыштығы, жылу өткізгіштігі және жылу жинағыштығы, т. б., механикалық қасиеттеріне - бөлшектерінің бір-біріне жабысқыштығы, жылжымалығы, біріккіштігі, т. б. жатады.

Дайындаған азық малға бергенге дейінгі мерзімде сапалы түрде сақталуы қажет. Азық сақталуы оның өзіндік қасиеттері мен сақтау жағдайына байланысты. Соңғыларынан азыққа күн сәулесі, жылулық, жауын-шашын, жел, ауа ылғалдылығы, т. б. ықпал етеді. Дайындауда қолданылған немесе сақтау барысында пайда болған химиялык қосындылардың да әсері зор. Жарық, әсіресе күн сәулесі азықтағы тотығу барысын мейілінше тездетеді. Оны ксантафил мен каротин пигменттерінің ыдырауынан орын алатын жемшөп бояуының жойылуынан байқауға болады. Тотығуды азықтағы ауа (оттегі), орта жылулығы үдетеді. Жеткілікті құрғатылмаған пішенде (ылғалдылығы 18%-тен жоғары) биологиялық оксидация мен микроорганизмдер тіршілігінен ішкі жылулығы көтеріліп, ол қызып, қарайып, көптеген қоректік заты ыдырап, тіпті жанып та кетуі мүмкін. 14-18% ылғалдылықтағы пішенді дұрыс сақтамаса көгеріп кететінін ескеру қажет [32-35] .

Дайындалып сақталған жемшөпті малға бергенде оның келесі сапалық көрсеткіші - желінуі анықталады. Азық желінуін малға салынған мөлшерінен қалдығын алып есептейді. Оған азық иісі, дәмділігі, физикалық түрі, құрғақ зат көлемі, тазалығы, зияндылық немесе уландырушылықты-ғының жоқтығы эсер етеді. Суда еритін заттар арқылы мал азықтық кышқыл, тұзды, ашты, тәтті дэмін ажыратады. Хош, жұпар иісті азықты мал сүйсініп жейді. Азықтың осы екі қасиеті хеморецепция арқылы азық қорытылуына, сайып келгенде оның өнімділік потенциялына ықпал етеді. Азықтың өнімдік потенциалы 70%-ке оның желінуіне, қалған 30%-ті қорытылуына байланысты. Демек, азық сапасын жақсартып, желінуш жоғарылатудың азыктандырудағы маңызы зор. Тәжірибелік мәліметтер бойынша сапасы төмен пішендеменің жоғары сапалығымен салыстырғанда жалпы желінуі 20-28%-ке, қүрғак затынікі - 31-35%-ке төмендейді екен. Сүрлем құрғақ затының 1 -%-ке жоғарылауы, 0, 1 -0, 17 килограмға ұлғайтады.

Желінген азықтың сапалылығы қорытылымына ықпал етеді. Жемшөп желінгІштігі оның дэміне байланысты. Құрамында азотты, минералды, майлы, кантты, витаминді заттар көп шогырланған өсімдіктің жұмсақ бөлшектері (жапырағы, көк балаусасы) клетчатка мен лигнин шоғырланған ірі бөлігінен (сабағы, қатайғаны) дәмдірек болғандықтан, оларды мал теріп жеп, жақсы қорытады. Бүл жемшөптің қорытылымдылығын сипаттайды. Осымен қатар өндірістік технология жемшөптің механикаландырылған және автоматтандырылған жүйелерде қолдануға ыңғайлы техногендік (түйіршіктелгіш, тасымалданғыш, т. б. ) түрғыдан сипатталуын да талап етеді [36] .

Толық бағалық түрғысынан алғанда әр қоректік зат тобының өзіндік сапа сипаттамасы бар. Айталық, протеиннің су мен түзда тез еритін фракциясы, амин қышқылдық құрамы, минералды заттағы жекелеген макро-және микроэлементтер деңгейі мен өзара басқа да қоректік заттармен арақатынасы, майдың қышқылдық құрамы, жеңіл қорытылатын (ыдырайтын) көмірсулар деңгейі және басқасы. Осының бэрін жан-жакты қамтып, кешенді түрде таразылағанда ғана азық сапасын әділ бағалауға болады.

Мал азығының классификациясы

Мал азықтандыруда қолданылатын сан алуан азық түрін жүйелеп, жіктеп, топтастырады. Ең алдымен тегі бойынша азық өсімдік, жануар және микроб тектес деп бөледі. Малға берілетін азықтың басым көпшілігі өсімдік тектес. Оларды ботаникалық құрамы, қоректілігі мен жекелеген қоректік заттары, технологиялық қасиеттері, организмге әсері бойынша келесі топтарға жіктейді:

1. Көк азық балауса, жайылым оты, екпелі шөп көгі жатады.
Құрамында ылғалдылығы мол (75-85%) болғанымен, кұрғақ заты
биологиялық тұрғыдан өте жоғары, тіршілікке қажетті барлық қоректік
және биологиялық пәрменді затпен толықтырылған. Жоғары қорытылып,
тиімді пайдаланылатын өте жұғымды азық.

  1. Шырынды азық - балауса кезеңінде дайындалғандықтан шырын сөлін сақтап қалған азық. Сүрлем, пішендеме, тамыр-түйнек жемістілер, бақша дақылы жатады (пішендеменің құрғақ затындағы клетчаткасы 19%-тен асатындықтан кейде ірі азыққа да жатқызады) . Мол желініп, жоғары қорытылатын азық. Бірақ сүрлемдеу барысында біршама жеңіл ыдырагыш энергиясынан айырылатынын ескеріп, мал рационында басқа азықпен араластырып береді.
  2. Ірі азық - кептіру барысында ылғалдылығынан айырылып, мейілінше қатайғандықтан осылай атайды. Пішен мен сабан, топан жатады. Клетчаткасы мол болғандықтан кұнарлылығы жағынан жемге тең шөп ұнын да жатқызады. Мал рационын аумақтыты клетчаткамен қамтамасыз етеді. Қорытылымы мал мен қүс түріне, клетчаткасының қатаюына(лигнинделуіне) байланысты өзгереді. Азық клетчаткасын қорытуға микроорганизмдердің маңызы ерекше.

4. Құнарлы азық, яғни жем - астық (көмірсулы) және бұршак
(протеинді) тұқымдастар дәнінен тұрады. Бүл топқа қоректілігі жоғары
наубайшылық (кебек, ұнтақ), сыра қайнату (қойыртпағы) және май өндіру
(күнжара, шрот) қалдықтары жатады.

Өңдеу барысында көп су жұмсалатын техникалық дақылдар калдығы (қант өндірісіндегі - жом, крахмал өндірісіндегі - мезга, спирт өндірісіндегі -барда) ылғалды азықтық қалдықтарға жатқызылады. Олардың қүнарлылығын кептіру арқылы көтереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық құрамындағы қоректі заттардың рөлі мен маңызы малды толық құрамды азықтандыру оған қажетті қоректік заттарды анықтайтын факторлар
Жануар тектес азық
Азық құрамы туралы
Сиыр сүті сапасына әсер ететін факторлар
Азықтың химиялық құрамы
Малазықтық дақылдар және олардың сипаттамасы
Шөп дайындау курс
Мал басына жазғы жайылым кезінде жем-шөп көлемін жоспарлау әдістері
Азық қоректілігінің алмасу энергиясын бағалау
Мал азығын механикаландыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz