ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ


Мазмұны
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 https://aikyn. kz/2018/06/22/57580. html
транслитерация - бір жазба таңбаларын басқа жазба таңбаларымен дәл беру.
Киберқауіпсіздік - электрондық нысандағы ақпараттың және оның өңдеу, сақтау, беру (электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен инфрақұрылымды) ортасының сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғалу жағдайы.
Кіріспе
Диплом жұмысының басты сипаты. Қазіргі уақытта заманауи ақпараттық-технологиялардың мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге ықпалын тигізіп отыр. Көптеген елдерде цифрландыру дамудың стратегиялық кілті болып табылады. Әлемдік сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2020 жылға дейін әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі цифрлық жүйеде болады және де мемлекетке, бизнеске, қоғамға тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарының бірі қоғам өміріндегі барлық салаларға цифрлы қызметті кеңінен енгізуге негізделген. Бағдарламаны жүзеге асыру цифрлы технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашады, сондай-ақ Қазақстан экономикасының принципті түрде жаңа траекториямен дамуға көшуіне қажетті жағдайларды туғызады. Цифрлық трансформациялау идеясын әлемдік тренд деуге де болады. Елімізде жаңа технологияларды жетік меңгеру үшін қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт - ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт - көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру. Үшіншісі - мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт - IT мамандарды даярлау. Қазақстанда мобильді банкинг, онлайн сауда және цифрлы қызмет түрлерін дамыту қарқын алуда. Алдағы уақытта коммуникацияның дамуына, IT технологияларды жетілдіруге де күш жұмсалмақ. Бұл істе өзге мемлекеттердің табысты тәжірибелерін назарда ұстаған жөн. Елімізде автоматтандыру жүйесі бұрыннан бар екені белгілі. Ал цифрлы технология енді-енді тұрмысқа ене бастады. Қазіргі кезде адамдар жұмысын жеңілдету үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Қызмет көрсету құрылғылары жетілдіріліп, жаңартылу үстінде. Ірі компанияларда, шаруашылықтарда ақылды роботтар жұмыс істей бастады [1] .
Қазақ тілін латын графикасына көшіру Қазақстан қоғамының әртүрлі әлеуметтік топтары арасында қарама-қайшы әсер тудыратын, күрделі үрдіс болып табылады. Осындай қиындықтарына қарамастан, Қазақстан үшін жазу-сызуды реформалау орта және ұзақ мерзімде оның келешегі пайдалы әрі нәтижелі болатыны күмән тудырмайды. Себебі 2012 жылдан бері қарай халық талқысына түскен латын әліпбиін қолдаушылар қатары көбейіп келеді. Қазақ тілін латын графикасына көшіру нығайып келе жатқан тәуелсіз Қазақстанды жаңа заманауи мемлекет ретінде танытудың жолы болмақ. Бұрынғы кезде қазақ тілінің жазу-сызуын халық сыртқы күштердің, сыртқы мәдениет пен саясаттың ықпалы арқылы қабылдаған болатын. Қазір қазақ тілінің жазу формасы үшін латын әліпбиін таңдау саналы түрде, еркін жүргізіліп отыр.
Зерттеудің өзектілігі. 2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Елбасының мақсаты - ұлттың ұлы мұраты. Ол - Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Осы саяси мәні бар мақаланы түсінген халық Латын қарпіне көшу де - еліміз үшін Ұлы көшке ілесудегі батыл бастама екенін мойындағандай болды. Себебі 2017 жылы латынға көшуге қарсылық болған жоқ десе де болады. Жаңа әліпбиге ауысу, төл тіліміздің рухани жаңғыруын қалайтын, қазақ тілінің сапалы қарқынды тілдік қолданысын аңсайтындар қатары көбейгені байқалды. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар екенін, сол орайда бұл істі тезірек қолға алуды тапсырған болатын. Сол уақыттан бері латын әліпбиіне көшудің мәні қоғамда қызу талқыланып, түрлі жобалар да дайындалды. Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы қазаққа керек пе, жоқ па? Көше қалсақ, бізге не береді? Бүкіл қазақ халқының көкейіндегі сұрақ осы. Ұтамыз ба, ұтыламыз ба? Шыққан қаражат орны тола ма, әлде толмай ма? Ең бастысы, өзін ғана емес, елін де, ұлтын да ойлайтын зияткерлік ұлтты қалыптастыруға бұл әліпбидің титімдей болса да септігі тие ме? Міне, осы сұрақтар туындап, оған жауап іздеген телебағдарламалар да басты тақырыпқа латын әліпбиіне оңтайлы көшу мәселесін қойды. Телебағдарламаларда сұхбат берген Институт ғалымдарының пікірлері толықтай көрсетілді. Бұнымен қоса, елдің латынға көшуге қатысты шынайы пікірлері де берілді. Соларға сараптама жасай келгенде, 2012 жылғы латынға көшу пікірлері мен 2017 жылғы пікірлердің арасында айтарлықтай айырмашылық бар. 2017 жылғы көпшілік қауым қазақ тілінің ұлттық негізде жаңғыруына жаңа әліпбидің қажет екенін, жаһандану дәуірінде көштен қалмай, озық технология лебіне ілесу керек екенін сезінгені байқалады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 қарай латын әліпбиі қолданысқа енетіндігн, ісқағаздары, оқу құралдары, мерзімді баспасөз де латын қаріптерімен шығарыла бастайдындығын жеткізді. Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін қазіргі заманғы ттехнологияларға бейімдеп қана қоймай, болашақта ақпараттарға арттырып, кеңістігімізді ұлғайтып, көкжиегіміздің кеңеюіне жол ашады.
Зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, бүкіл дүниежүзіндегі ғаламтор материалдарының 80 пайызы латын жазуымен жарияланады екен, ендеше бұл жазу дүниежүзілік деңгейде негізгі байланыс құралына айналып отырған ғаламтордың арқа сүйейтін негізгі әліпбиі. «Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ XXI ғасырдағы ғылым және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп Елбасымыз айтқандай, латын әліпбиіне көшу заман талабы. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ұлттық санамыздың қайта жаңғыртады.
Латын әліпбиіне көшу - қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.
Диплом жұмысының нысаны. Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен мәселелері.
Диплом жұмысының пәні.
Диплом жұмысының мақсаты.
Осы мақсат негізінде келесі зерттеу міндеттері туындайды:
- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызын, енгізілу барысын, күтілетін нәтижені анықтау
- Тіл біліміндегі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі көрсеткіштері
- Латын графикасына енгізудегі цифрлық технологиялардың рөлін айқындау
- Латын графикасына біртіндеп енгізу барысын анықтау
-
Зерттеу материалдары ретінде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған Н. Ә. Назарбаев жолдаулары, мақалалары, Н. Әміржанова, А. Фазылжанова, А. Шәріпбай еңбектері талдау әдісімен жинақталды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
1 «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы: алғышарттары, барысы, бағыттары
1. 1 «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктері, енгізілуі
Цифрлық технология ғаламшардағы миллиардтаған жанның әдеттегі өмірін адам танымастай өзгертті. Әрі бұл тек байланыс пен ақпарат алмасудың үлкен мүмкіндіктері туралы ғана емес. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрландыру «мәңгілік» дерт саналатын бюрократия мен сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Цифрлық жүйелер мен технологияларды мемлекеттік органдарға қарқынды енгізе бастаған елдер экономикалық және әлеуметтік дамудың бірқатар артықшылыққа тез арада жетті. Халық пен бизнестің мемлекеттік қызметтерге жылдам қол жеткізуі, әртүрлі мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасуды жылдамдату, барлық өзгерістерді автоматты түрде жазатын дерекқорларды қалыптастыру, әрбір шенеунікті және олардың шешімдерін толық бақылауға мүмкіндік туды. Мұның бәрі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын ғана емес, мемлекеттік менеджерлердің қызмет ету ортасын, шешім қабылдау үшін жағдайлар, мемлекеттік бағдарламалардың өзгеруінің жылдамдығы мен тиімділігін өзгертті. Мемлекеттік басқару үшін цифрлық шешімдерінің пайда болуы халыққа мемлекеттік қызметтерді алу, бизнесті жүргізу және қажетті әкімшілік мәселелерді шешуде жаңа мүмкіндіктердің бергенін айтудың қажеті жоқ. Кең мағынасында экономиканың дамуы мен өсу мүмкіндіктері өзгереді - ол жаңа цифрлық технологиялардың көмегімен ашық және тиімді мемлекеттік механизм түріндегі қуатты ынталандыруға ие болады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев бизнестің тиімді жұмыс істеуі және мемлекеттің әрбір азаматына сапалы қызмет көрсетілуі үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының бастамашысы болды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу, экономиканың, жалпы халықтың және әрбір адамның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Әрине халықтың өмір сапасын жақсарту да басты мақсат. [https://fcis. kz/tsifrly-alemge-zhol-qazaqstanda-ne-ozgeredi/]
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында цифрлы экономика құру және еліміздің кәсіпорындарын цифрландыру, интеллектуалды көлік жүйесін және агроөнеркәсіпте ақылды технологияларды енгізу, цифрлы білім беру ресурстарын дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойған болатын.
Заманауи цифрлық технологиялар алға қарай жылдам қадам басқаны соншалықты, бұрын тек қашықтықта дыбысты беру үшін құрылғы ғана болса, бүгінгі күні байланыс құралы ғана емес, сонымен бірге әмиян, кілт, журнал, фотоаппарат, бейнеплеер және т. б. түрінде қолданылады. Қарқынды ілгері даму арқасында принтерлерде құжаттардың парақтарын басып шығарумен қатар ір түрлі салаларда - тамақ өнеркәсібі мен медицинадан бастап ғимараттың құрылысында пайдаланылатын 3D принтерлері арқылы күрделі үш өлшемді проекциялық үлгілерді құру мүмкіндігі пайда болды.
Цифрландыру қазіргі таңда ақпараттандыруды, автоматтандыруды, роботтандыруды және жасанды ақылды қоғамға енгізудің үздіксіз түрленетін, динамикалық өзгерістерге ұшырайтын, масштабталатын және ықпалдасуға бейімделетін қасиетімен ерекшеленеді. [https://www. inform. kz/kz/elbasy-cifrlyk-kazakstan-maksatty-bagdarlamasyn-naktylady-galym_a3031281]
Қазіргі уақытта заманауи цифрлық технологиялар біз қалай өнімдерді шығаруды және қызметтерді көрсетуді ғана емес, сонымен бірге қалай жұмыс істеуді және бос уақытымыз өткізуді, өз азаматтық құқығымызды іске асыруды, балаларымызды тәрбиелеуді айтарлықтай өзгертуде.
Біздің еліміздегі цифрлық технологиялардың дамуы әлем нарығындағы ақпараттық-коммуникативтік қызметтер рөлінің нығаюы мен ақпараттық индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ақпараттық қызметтерді өндіретін және эскпортты жүзеге асыратын біздің еліміздің экономикасын жаңғыртуды жүргізетін отандық кәсіпорындар мен компанияларға қолдау көрсету сияқты осындай шарттар және факторлармен айқындалады. Қазақстанның үкіметі мен мемлекеттік органдары қоғамды ақпараттандыру және ұзақ мерзімді экономикалық өсуді айқындаудағы цифрлық технологияларды дамыту маңыздылығын сезіне отырып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде аталған саланың дамуында белсенді қатысады.
Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстандықтардың өмір сапасын арттырып, ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжаттарды жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін ғаламтор қолданушыларының санын 80 пайызға дейін арттырып, ел тұрғындарының 95 пайызын цифрлық хабар таратумен қамтамасыз ету, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін жеткізу. [ http://adilet. zan. kz/kaz/docs/P17827]
Елбасымыз өзі себеп-салдарлық байланысын көрсеткендей - ең алдымен азаматтардың әлеуметтік әлеуетінің артуы. Қатардағы тұрмыс кешіп жатқан жанның шенеуніктерден мейлінше оқшауланып, бюрократиялық, тіпті кей тұстарда - коррупциялық келеңсіздіктерге тап болмауы. Әрі, тіркеу қағазынан бастап, анықтамаларға дейін әп-сәтте алудың ең болмаса уақыт шығыны тұрғысынан пайдасы шаш-етектен. [https://baribar. kz/61876/tsifrly-qazaqstan-baghdarlamasynynh-tiimdiligi-men-mumkindikteri-qandaj/]
Бағдарлама негізгі 5 бағыттан тұрады:
1. Цифрлық Жібек жолы - ауылдық елді мекендерде интернетке кең жолақты қолжетімділікті жүргізу арқылы жоғары технологиялық цифрлық инфрақұрылымды құру; телекоммуникациялық хабты дамыту; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; деректерді өңдеу орталықтарын салу және т. б.
2022 жылға қарай не өзгереді:
- Қазақстан халқын 4G-мобильдік байланысымен сапалы, үздіксіз қамту
- Жеке адамдар мен компаниялардың ғаламдық деректер жіберу желілеріне барлық жерден және жоғарғы жылдамдықтағы қолжетімділігі
- АКТ дамыту деңгейі озат елдердің отыздығы деңгейіне жетеді
- Киберқауіпсіздікті күшейту үшін Big Data, зиянды код және киберинциденттерді талдауға арналған инновациялық институттар құрылатын болады
Халық интернетке кең жолақты қолжетімділікпен, сапалы мобильді байланыспен, сондай-ақ цифрлық телерадио хабарларын таратумен қалай қамтамасыз етіледі:
1- кесте: Цифрлық телерадио хабарларын тарату жоспары
Қазақстан Республикасының саяси бағдарламалары мен қаулыларын орындау, мысалы киберқауіпсіздік концепциясының бекітілуінің өзі бұл саланың қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Киберқауіпсіздік - бұл құрылымдар, стратегиялар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары, қауіпсіздік кепілдігі, тәуекелді басқаруға қадам, әрекет, кәсіби дайындық, практикалық тәжірибе, сақтандыру, яғни киберортаны, ұйым өнімдерін және қолданушыларды қорғау үшін пайдалануы үшін мүмкін технологиялар. Ұйым өнімдері мен қолданушы іштей жалғанған компьютер құрылғыларын, инфрақұрылым, қосымшалар, шарттар, электробайланыс жүйелері және киберортадағы сәйкес ұауіпсіздік қатеріне қарсы бағытталған жетістікке талпыныстан және ұйым ресурстарының сәйкес қауіпсіздік қатеріне қарсы бағытталған жетістікке талпыныстан және ұйым ресурстарының немесе қолданушының қауіпсіздігін сақтау қасиетінен тұрады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырмасына мыналар жатады:
- қолжетімділік
- түпнұсқалылық және тұрақтылықты қосуы мүмкін жинақтылық
- құпиялылық
Бұл анықтама АКТ қолдануда сенімділік пен қауіпсіздікті бекітумен байланысты қолданылады. IT саласында қауіпсіздікті оқытудың кілттік бағыты төмендегідей болуы керек:
- ақпараттық қауіпсіздік бойынша дайындық облысында тұжырымдамалық негізді кеңейту және тереңдету;
- жоғары оқу орындарындағы студенттерге ақпараттық қауіпсіздікті оқытудың әдістемелік жүйесі түсінігін дәлелдеу және дамыту;
- жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің ақпараттық мәдениет үрдісінің негізін қалытастыруды ашатын ақпаратты қорғауды оқытудың әдістемелік жүйесі моделін әзірлеу
Киберқауіпсіздік бойынша университет бастамасымен Стратегиялық план әзірленіп жатыр. Әзірленетін курстар ҚазҰУ-дың онлайн курстарының ішінде ұлттық платформада онлайн режимде ашық қолжетімділікпен қойылады.
Курстың мазмұнына теориялық және пратикалық құрамдас бөліктер, дипломдық жұмысқа, магистрлік және PhD диссертациясына дайындыққа мүмкіндік беретін ақпаратты криптографиялық қорғау, криптология, бағдарламалау бойынша логикалық интегралдық схемаларды әзірлеу тәсілдері, ақпаратты өңдеу және қорғау құрылымдары кіреді. Мұның барлығы университеттің АҚ аймағындағы және халықаралық қатыенастың дамуында жетекші университет болуына қолдау көрсетеді. 136 бет
Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында жүргізілетін жобаларда ақпарат қауіпсіздігі маңызды орынға ие. Цифрлық технологиялардың дамуы біздің елімізде келесідей факторлармен байланысты: ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлемдік нарықта рөлінің күшеюі және ақпараттық индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған ақпараттық қызметтерді өндіретін және экспорттайтын отандық компанияларға, кәсіпорындарға қолдау көрсету, сонымен қоса еліміздің экономикасын модернизациялау. Осыған орай қаржы-экономикалық салада, білім саласында, тіпті мемлекеттің саясаттың негізгі бағыттарында қолданылатын ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды тапсырма болып табылады. Заманауи талаптарға сай цифрлық технорлогиялар: үлкен деректер қорлары, желілер мен жүйелердің, мобильді технологиялардың және басқа да технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып мемлекеттің маңызды деректерін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады. Осы мақсатта қауіпсіздікті қамтамасыз ететін білікті мамандарды даярлау үшін арнайы оқу бағдарламаларын қолдану үлкен септігін тигізеді.
Компьютерлік жүйелер желілердің қауіпсіздігі бойынша мамандықтарды игерген мамандар жауап бере алатын кейбір компетенциялар мен қабілеттерге тоқталып кетсек:
- Операциялық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-ақпараттық құралдарына қызмет көрсету;
- Операциялық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың ішкі жүйелерін администрациялау ;
- Компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздік саясатын құру және қорғау бойынша талаптарды жасау;
- Қолданушылардың есеп жазбасын басқару, сонымен қоса паролдардың ауысуын, генерациялануын және қайта қалпына келуін басқару;
- Ақпаратты қорғау құралдарының жұмысқа қабілеттілігінің апатты қалпына келуін және резервті көшуді орындау;
- Компьютерлік желілерде желіаралық экрандарды орнату;
- Берілген талаптарға сай желіаралық экрандарды баптау;
- Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-ақпараттық құралдары мен әдістері;
Жоба тапсырмасына мансап орталықтары жұмыстарын белсенді ету кіреді, себебі мансап орталығы түлектердің жұмыспен қамтылуының жоғарылауына әсер етеді және университеттің кәсіпорындарымен серіктестігін дамытады. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру барысында, яғни студенттерге, магистранттарға және мамандарға онлайн курстарды жасау жобаның танымалдылығының артуына себеп болады. 137 бет
2. Креативті қоғам - халықтың цифрлық сауатын көтеру арқылы адами капиталды дамыту, инфокоммуникация технология саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру, креативті тұрғыдан ойлауды дамыту. Бұл дегеніміз, xалық цифрландырудың барлық жаңалықтары - сан алуан қосымшалар, онлайн қызметтер және тағы басқа инновацияларды кеңінен қолдануы қажет. Ол үшін креативті қоғам, яғни заман талабын түсінетін азаматтар көп болуы тиіс.
Цифрлық экономика халықта оның жемістерін пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдылардың болуын талап етеді. Бұл ретте, қазіргі кезде халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығының деңгейі 76, 2% құрайды, және алдағы жылдарда оның өсуі қажет. Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірқатар бастамаларды енгізуде:
1) 3-4 сыныптарда оқуда және күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің жалпы базалық білімдерін қалыптастыратын "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні енгізілді;
2) робототехника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздеріне үйрететін робототехника бойынша 372 үйірме жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, жас ұрпаққа жаңа талаптарды ескере отырып, креативті ойлау мен техникалық дағдыларын дамыту арқылы орта білімнің мазмұнын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.
Техникалық және кәсіби, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz