Кейіпкер тілі мен тілдік тұлғаның байланысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Құсайынова А.
Кейіпкер бейнесіндегі тілдік тұлға
(Мұхтар Әуезовтің драмалық шығармалары негізінде)
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Ақтөбе, 2019

Қорғауға жіберілді
____________
Кафедра меңгерушісі,
ф.ғ.к., АӨМУ доценті _________Айтбенбетова А.Қ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Кейіпкер бейнесіндегі тілдік тұлға

Орындаған: 4-курс студенті Құсайынова А.
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент А.Қ.Айтбенбетова
Ақтөбе, 2019
Диплом жұмысын орындауға тапсырма
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі,
ф.ғ.к., АӨМУдоценті_________Айтбенбетова А.Қ
________ 2019ж
диплом жұмысын орындауға
ТАПСЫРМА

Студент Құсайынова А.
Жұмыстың тақырыбы: Кейіпкер бейнесіндегі тілдік тұлға

Диплом жұмысында қарастырылуы тиіс сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны:

Жұмыстың аяқталу уақыты: мамыр, 2019 жыл

Жұмыстың шығыс мәліметтері
Диплом жұмысында қарастырылуы тиіс сұрақтар тізімі немесе Ұлттық мәдени құндылық ретіндегі ұлттық тілдік мұраны, ұлттық ділді, ұлттық психологияны терең меңгерген Мұхтар Әуезовтің тілдік тұлғасын зерттеу - ұлттық болмыс пен халықтың дүниетанымын тануда маңызы зор. Екіншіден, әлемдік деңгейдегі философиялық, психологиялық теориялық біліммен қаруланған және оларды өзінің драмалық шығармаларында таныта алған жазушы М.Әуезовтің сөз сиқырын, көркемдік әлемін тану үшін оның шығармашылық тілін қазіргі лингвистикада белсенді дамып келе жатқан лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, психолингвистика бағыттарымен байланыста кешенді сипатта қарастыру - көкейкесті мәселе. Үшіншіден, қазақ тілінің даму, баю тарихындағы ірі тұлғалардың құнды мұралары қазақ мәдениеті, тілі мен әдебиетінің тұтастығын сипаттайды, сол себептен де осы сабақтастықтағы М.Әуезовтің орны мен рөлін тану да маңызды болып табылады. Бұл маңыздылық әсіресе зерттеу нысаны ретінде шығармашылық мұрасы өзіндік қайталанбас өрнегімен оқшауланып тұратын, тіл мен мәдениет дамуына елеулі үлес қосқан тілдік тұлға алынған кезде арта түседі.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Маслова В.А. Лингвокультурология . − М.: Академия, 2001.− 208 с.
2. Нұрдәулетова Б.И. Конитивтік лингвистика.− Алматы, 2011.− 311 б.
3. Нұрмұқанов Х.М. М.Әуезов драмалық шығармаларының эмоционалды-экспрессивті лексикасы. - Алматы, 1969. - 301 б.
4. Ұжымдық монография. М.О.Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны. - Алматы: Evo Rress, 2014. - 524 б.
5. Сыздық Р. Сөз құдіреті. - Алматы: Санат, 1997. - 224 б.
6. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері. - Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2006. - 86 б.
7. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2002. - 360 б.
8. Тымболова А. Драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы. - Алматы: Елтаным баспасы, 2013. - 328 б.
Тапсырма берілген күн : 25. 09. 2019 жыл.
Ғылыми жетекшісі______________ А.Қ.Айтбенбетова
Тапсырманы орындауға алған
студент_________________ А.Құсайынова
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Тілдік тұлғаның теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Тілдік тұлғаның драмалық шығармалардағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.2 Драмалық шығармалардағы кейіпкер келбеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.3 Кейіпкер тілі мен тілдік тұлғаның байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 24
2 М. Әуезовтің тұлғасын танудың тілдік бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.1 М. Әуезовтің драмалық шығармаларындағы тілдік тұлғаны тану
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.2 Тілдік тұлға деңгейлерінің шығармадағы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.3 Жазушының тілдік тұлғасын танытатын көріктеу құралдары ... ... ... ... ... ..42
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазіргі тіл білімінде адамзат қауымының ғасырлар бойғы тіл арқылы дүние бейнесін тануға ұмтылған талабынан келіп, шындық болмысты танудың белсенді формасы болып табылатын тілді тұтынушы, дүниетаным өзегі - тілдік тұлғаны зерттеу проблемасы бой көтерді.
Ұлттық мәдени құндылық ретіндегі ұлттық тілдік мұраны, ұлттық ділді, ұлттық психологияны терең меңгерген Мұхтар Әуезовтің тілдік тұлғасын зерттеу - ұлттық болмыс пен халықтың дүниетанымын тануда маңызы зор. Екіншіден, әлемдік деңгейдегі философиялық, психологиялық теориялық біліммен қаруланған және оларды өзінің драмалық шығармаларында таныта алған жазушы М.Әуезовтің сөз сиқырын, көркемдік әлемін тану үшін оның шығармашылық тілін қазіргі лингвистикада белсенді дамып келе жатқан лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, психолингвистика бағыттарымен байланыста кешенді сипатта қарастыру - көкейкесті мәселе. Үшіншіден, қазақ тілінің даму, баю тарихындағы ірі тұлғалардың құнды мұралары қазақ мәдениеті, тілі мен әдебиетінің тұтастығын сипаттайды, сол себептен де осы сабақтастықтағы М.Әуезовтің орны мен рөлін тану да маңызды болып табылады. Бұл маңыздылық әсіресе зерттеу нысаны ретінде шығармашылық мұрасы өзіндік қайталанбас өрнегімен оқшауланып тұратын, тіл мен мәдениет дамуына елеулі үлес қосқан тілдік тұлға алынған кезде арта түседі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. М.Әуезов шығармаларының идеялық-мазмұндық мәні мен тақырыптық, жанрлық-бейнелік ерекшеліктері және тілінің лингвостилистикалық сипаты негізінен әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан біршама зерттелген. Ол еңбектерде ақынның философиялық, эстетикалық, психологиялық қырларына назар аударылған тұстар бар. Дегенмен ақын шығармалары негізінде оның әлеуметтік және жеке мақсат-мүдделерінің сипатын, тілдік қабілеті мен оны шығармаларында қалыптастыру дағдыларының жиынтығы арқылы бейнеленген даралық қасиетін тұтастай ашу, соған сай шығармашылық ұстанымын айқындау нәтижесінде тілдік тұлғасын зерттеу өзекті болып табылады. Осыған орай, драматург тілін кешенді түрде зерттеу, оның рухани құндылықтарын, дүниеге берген өзіндік бағасын бағамдауға мүмкіндік туғызатын тіліндегі жеке ғалам бейнесін қарастыру ерекше қызығушылық туғызады. Бұл мақсатқа жету үшін тіл тұтынушының тілдік қолданысы вербалды-семантикалық, лигвокогнитивтік, прагматикалық деңгейлерде анықталатын тілдік тұлға теориясының үш деңгейлік әдісі тиімді болмақ.
Зерттеудің нысаны - Мұхтар Әуезовтің шығармалары тілінің мәдени-танымдық, прагматикалық сипаты.
Зерттеу пәні - Мұхтар Әуезовтің драмалық шығармаларының лингвокогнитивтік және уәждемелік әлеуеті.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Біздің жұмыстағы мақсатымыз - қазақ тіліндегі тілдік тұлға мәселесін әр қырынан қарастырып, соның негізінде М. Әуезовтің драмалық шығармаларында көрініс беретін тілдік тұлғаларына талдау жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Көркем мәтінді жүйелі-семантикалық талдауға қатысты тілдік тұлға түсінігінің сипаттамасын беру;
Тілдік тұлғаны танудағы мәтін мен дискурс мәселелеріне баса назар аудару;
М.Әуезовтің шығармаларын вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейге бөліп қарастыру;
Көркем шығармадағы ғаламның тілдік бейнесінің концептілік құрылымын нақты тілдік деректермен дәйектеу;
М.Әуезов дискурсындағы кірме сөздердің, тарихи-мәдени контексті беретін сөздердің қолданылу мәнін анықтау арқылы оның тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейіне талдау жасау;
М.Әуезов шығармалары тілі негізінде ол өмір сүрген кезеңдегі әлеуметтік жағдай мен қоғамдық ахуалды, оларға деген ақын көзқарасын, прагматикалық ұстанымын анықтау;
Кейіпкер тілі мен тілдік тұлға байланысын саралау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
oo автор мен оқырман арасындағы қатысым үдерісінің басты нышандары анықталып, тілдік тұлғаның өзіне тән белгілері ажыратылды;
oo М.Әуезовтің шығармаларында халықтық мақал-мәтелдерді түрлендіріп қолданудағы мақсаты, афоризмдерді жасаудағы жолы сараланды, ұлттық болмыстан ақпарат беретін лингвомәдени бірліктер мен теңеулер қаралды.
oo М. Әуезовтің драмаларының ұлттық мазмұны негізінде әдеби тілінің концептуалдық құрылымы анықталды.
oo драмалық шығарамалар бойынша тілдік бірліктердің қатысымдық моделінің мазмұны мен құрылымы анықталды;
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш зерттеудің нәтижелері мен пайымдауларын орта және жоғары оқу орындарында дәрістерде, Жеке тілдік тұлға шығармашылығының тілін талдауға бағытталған арнайы курстар мен семинарларда, практикалық дәрістерде, тәжірибелік сабақтарда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының болжамы. Тілдік бірліктер қолданыс барысында коммуниканттардың мақсатына қарай түрлі қатысымдық мәнде қолданылады. Автор драмалық шығармада қатысымдық бірліктерді әр түрлі мағыналық реңктерде пайдалану арқылы коммуникативтік және сөйлеу актілерін толық қамтиды; тілдік қатынас үдерісін дүниетанымдық тұрғыдан жан-жақты жүзеге асырады.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер. Дипломдық жұмыста сипаттау, лексика-семантикалық талдау, когнитивтік-концептуалдық талдау әдістері, ішінара статистикалық талдау тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. М.Жұмабаевтың поэзиясы мен прозасы тілін зерттеу барысында алынған нәтижелер мен ұсынылған тұжырымдар қазақ тіл біліміндегі тілдік тұлға теориясы мен ғаламның тілдік бейнесінің зерттелуін толықтыруға септігін тигізіп, когнитивтік тіл білімі, мәтін лингвистикасы, прагмалингвистика салаларына өзіндік үлес қосады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында талдау, жинақтау, жүйелеу, кешенді талдау, саралау, сипаттау әдістері, концептуалдық, компоненттік-семантикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Тілдік тұлғаның теориялық мәселелері
Қазіргі филология ғылымында біртіндеп орныққан антропоцентризм бағыты зерттеушілердің алдына өзара тығыз байланысты және бір-бірінің шарты болып табылатын екі мәселені шешу қажеттілігін қойып отыр: біріншіден, адамның тілге тигізген әсері; екіншіден, тілдің адамға, оның ойлау жүйесіне, мәдениетіне етер ықпалы қандай дәрежеде екендігін анықтау. Осымен байланысты лингвистикалық зерттеулердің қазіргі кезеңінде тілдік тұлға терминіне қатысты мәселе орын алды.
Антропоөзектік парадигмада тілдік тұлға түсінігі мен оның анықтамасының пайда болып, оның зерттеу қағидасы мен теориясы орыс тіл білімінде жасалғанымен, тіл және тұлға мәселесі, тілдің қызметі мен өмір сүруін оны тұтынушы тұлғамен байланыстылықта зерттеу идеясы тіл білімінде барлық кезеңдерде де болды. Еуропа тіл білімінде бұл теорияның пайда болуының тарихи алғышарттары тілдің әлеуметтік табиғаты, тіл мен сөйлеудің, жеке адам мен ұжым тілінің ара қатынасы туралы мәселелердің қозғалуымен сипатталады. В.А.Маслова Тілдік тұлғаға алғаш бетбұрыс жасалуы неміс ғалымы Й. Вайсгербердің есімімен байланысты, ал орыс тіл білімінде алғашқы қадамды тілдік тұлғаны зерттеудің екі жолын, яғни автор тұлғасы мен кейіпкер тұлғасы арқылы шығу жолдарын көрсеткен В.В.Виноградов жасады, − деп көрсетеді [1, 118].
Тілдік тұлға терминін нақтылап, ғылымға енгізген академик Ю.Н. Караулов Русский язык и языковая личность еңбегінде тілдік тұлға теориясына қатысты тілді зерттеуге байланысты ғылыми тәсілдерді жинақтап, сонымен қатар В.В. Виноградовтың және Г.И.Богиннің еңбектерінде қарастырылған тілдік тұлға ұғымын толықтырады.
Тілдік тұлға мәселесіне зерттеуші үш тұрғыда келетіні белгілі:
1) Сананың қалыпты және өзгерген күйіндегі тіл, сөзжұмсам және сөйлеу қызметі психологиясын зерттей отырып, яғни психолингвистика тұрғысынан;
2) Тілді үйрену процестеріне талдау жүргізетін лингводидактика тұрғысынан;
3) Таза филологиялық тұрғыдан, көркем әдебиет тілін зерттей отырып қарастыру, өйткені Тілдік тұлға дегеніміз - тілде және тіл арқылы көрініс тапқан тұлға. Оның негізгі белгілері тілдік құралдар негізінде реконструкцияланады [2, 38]. Әрбір мәтіннің ар жағында тұлға, яғни оның авторы тұрады.
Тілдік тұлғаның даралық сипатын оның шығармаларының ерекшелігін танытатын мәтіндер негізінде зерттеуге арналған еңбектер қатары көбейе түсуде. Осы тұрғыда тілдік тұлға мәселесі қазіргі орыс тіл білімі мен қазақ тіл білімінде төмендегідей бағыттарда қарастырылып келеді деп шартты түрде белгілейміз:
1)нақты тұлғаның тілін оның когнитивтік және прагматикалық интенцияларын назарға ала отырып талдау;
2) көптеген ғылыми еңбектерде тарихи тұлғалар тілін диахрониялық тұрғыдан сараптау орын алған, жыраулар тілдік тұлғасын олардың поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесін таныту арқылы зерттеген Б.И. Нұрдәулетова: біздің зерттеуіміздің нысанынына айналып отырған жыраулар феномені ерекше тұлғалық нышанда танылады. Жыраулық тілдік тұлғаны талдау арқылы көз жеткізген тілдік тұлға туралы өз пайымдауымыз бар. Біздің ойымызша, тұлға - интеллектуалды ерекше жаратылыс иесі - дейді. I Петрдің тілдік тұлғасына диахрониялық тұрғыдан сипаттама берген Қазақстандық ғалым Н.И. Гайнуллина автор образы мен кейіпкер бейнесі проблемасының тіл білімінде кең көлемде зерттелуіне байланысты нақты тілдік тұлғаны бөлек, өз шығармашылығында көркем тілдік тұлғаны жүзеге асыратын көркем сөз шеберлерінің, яғни ақын-жазушылардың тілдік тұлғасын бөлек қарастыруды ұсынады [3, 12].
3) бөлек-бөлек мәтіндер негізінде тілдік тұлғаны модельдеуге арналған зерттеулер де пайда бола бастады: А.А.Реформатсийдің тілдік тұлғасын оның ғылыми еңбектерін зерттеу материалдары негізінде Е.В. Красильникова бастаған авторлар тобы; сот материалдары арқылы А.Ф.Конидің тілдік тұлғасын З.В. Баишева қарастырған; Б.С.Каримова қазіргі кездегі саясаткердің тілдік тұлғасын публицистика материалдары негізінде зерттеп, бірегей тілдік тұлға, элитарлық тілдік мәдениетті ұстанушының тілдік тұлғасы терминдерін қатар қолданады; Қазақ ғалымы Қ.Жұбановтың ғылыми еңбектері негізінде тілдік тұлғасын зерттеген Ф.Е.Терекова оны кәсіби қызметіне байланысты әлеуметтік тұрғыдан түсіндіріп, оны қазақи тілдік тұлға ретінде таниды; О.Ф.Кучеренко Л. Толстойдың тілдік тұлғасын оның хаттарының негізінде зерттеп, күшті тілдік тұлға терминін қарапайым тілдік тұлғаларды тілде, ғылымда, тарихта, өнерде із қалдырған өзіндік орны бар тұлғалардан ажырату үшін қолдануға болатындығын айтады .
4) шығармадағы кейіпкерлердің тілдік тұлғасын ашу арқылы шығарма авторының тілдік тұлғасына шығуды мақсат тұтқан зерттеулер де кездеседі.
5) тілдік тұлға бойындағы қасиеттерді оның ұлттық болмысына сай қарастырған еңбектер ғалым Ю.Н. Караулов зерттеуінен бастау алатыны сөзсіз. Осы тұрғыда әсіресе, орыс тіл білімінде біркелкі зерттелген бұл мәселеге қазақ тіл білімінде қазіргі таңда шындап ден қойылып, зер салынып өзіндік сала ретінде дамып келеді. Өз зерттеуінде ұлттық тұлға терминін қолданған Ислам Айбарша ұлттық мәдениеттің тілде орныққан тілдік бейнелеріне талдау жасайды. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттарын зерттеген Ш.М.Елемесова дара тіл өзгешелігін лингвостилистикалық және псохолингвистикалық сабақтастықта талдайды.
Соңғы кездері тілдік тұлғаны түсіндіруге бірнеше бағытта келу үрдісі қалыптасқандығын байқауға болады:
1. Тілдік тұлға болып табылатын жеке адам қалыптасуының негізгі жүйелерін анықтау (тегі, өмір сүрген ортасы, әдеби және тілдік, ұлттық-мәдени ықпал т.б.);
2. Жеке адамның тілдік тұлғалық болмысын құрайтын жеке қасиеттерін танытатын ерекшеліктерді көрсету, яғни оны өз бетінше білім алу,өзін-өзі жетілдіру, тәрбиелеу, өз тілдік тәжірибесін ұрпақтарына мұра етіп қалдыруда жеке жауапкершілігін сезіну, білім дағдыларын игеру, шеберлік дағдыларын меңгеру, игерген білімдері мен тәжірибесін болмыс өзгерту үшін қолдану т.б. қасиеттерден тұратын күрделі, көпсатылы зерттеу нысаны ретінде оның тілінің ассоциативтік-вербалдық, лингвоковнитивтік, прагматикалық деңгейлерін сипаттаудан тұратын деңгейлік талдау арқылы қарастыру қажет екені айқындалды [4, 14].
Көрсетілген деңгейлердегі жеке тұлғаның ұлттық болмысын ашудың маңыздылығы туралы ғалым Ж.А.Манкееваның пікірлеріне жүгінсек: Аталған деңгейлердің дамуының белгілі бір тілдік тұлғада көрініс табуы әртүрлі дәрежеде өрістеп, түрлі сипатта көрінеді. Оның шығармашылық танымдық мазмұны дүниетанымдық, мәдени құндылықтар жүйесінен тұрады. Сондықтан тілдік тұлғаны алдымен ұлттық тілдік тұлға ретінде түсінеміз. Себебі тілдік тұлға табиғаты тұлғаның ұлттық мәдени сатысымен тікелей байланысты, − [5, 281] болып шығады.
Cонымен бірге тұлғаның өмір сүруінің негізін құрайтын, оның мақсаттары, ниеттері мен ұстанымдарын белгілейтін шығармашылық қажеттіліктері туралы да айтуға болады. Тұлғаның қоршаған әлемге, айналадағы басқа адамдарға, өзіне деген қарым-қатынасы арқылы анықталатын құндылықтар жүйесі, яғни адамның материалдық және рухани игіліктері мен мұраттары, белгілі бір әлеуметтік, мәдени және адамгершілік құндылықтарды таңдап алуының себептері оның танымындағы ғалам бейнесін ашу арқылы анықталынады. Ал танымы мен мақсат-мүдделерінің прагматикалық әлеуеті оның тілі арқылы көрініс табады.
Зерттеушілер тілдік тұлға қалыптасуына әсер ететін факторлар ретінде баланың өскен ортасындағы жағдайды, мектепте білім алу процесі мен білім берген оқытушылардың тілдік тұлғалары типтерін, прецеденттік мәтіндер сипатын, яғни жеке адам тілді қолдану барысында үлгі етіп алатын мәтіндерді атайды. Тілдік тұлғаның элитарлық типінің қалыптасуына классикалық көркем әдебиет мәтіндері тірек болып табылады - деп тілдік тұлғаның қалыптасуы сәби кезінде басталып, өмір бойына жалғасатындығын айтады.
Тілдік тұлға типтерін градациялау (басқыштарға орналастыру) тарамдалған, бұтақталған күйде болуы мүмкін, ең кең таралғаны тілдік тұлғаны үш саты тұрғысынан қарастыру. Ол зерттеушінің тіл мен адам мәселесіне қай тұрғыдан келуіне, яғни абстракция дәрежесіне байланысты болады.
− Тіл нақты мәтіндер материалында зерттелуі мүмкін; ол мәтіндер тілдің жалпы жүйесінің мәтінде, нақты тіл ұстанушы - жеке тілдік тұлғаның сөйлеу актілеріндегі нақты көріністері ретінде қарастырылуы ықтимал.
− Тіл сол тілде жазылған нақты мәтіндерден тыс алынып, ұлттық тіл, этнос тілі, ұжым тілі ретінде және өзге ұлттық тілдерге, басқа тілдік құрылымдарға қарама-қарсы қойылып қарастырылады, бұл ұлттық тілдік тұлғаны талдауға мүмкіндік береді.
− Тілді жалпы зерттеу - homo sapiens үшін типологиялық жағынан жалпы, әмбебеп, семиотикалық және антропологиялық мәні зор тілдік жүйені зерттеу, бұл тілдік тұлғаны жалпы адамзаттық ауқымда қарастыруға мүмкіндік береді [6, 11].
Сонымен, тілдік тұлға деп бір жағынан, кез келген тіл ұстанушыны түсінсек, екінші жағынан, тілдің жүйелік ұғым, түсініктерін, мәтіндерді функционалды талдаумен қосатын индивидтің тілдік қабілетін сипаттаудың кешенді тәсілін түсінеміз. Өз еңбектерінде тілдік тұлғаға берілген бірнеше анықтаманың ішінен Ю.Н. Караулов мына нұсқаны дұрыс көреді: Тілдік тұлғаның астарында мәтінді жасаушы мен қабылдаушы, адамның ерекшелігі мен қабілетінің жиынтығын айтамыз, олар (мәтіндер):
а) құрылымдық-тілдік күрделілігі дәрежесі бойынша;
ә) болмысты қаншалықты дәл және терең бейнелейтіндігі бойынша;
б) белгілі бір мақсаттық бағыттылығы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.
З.А. Абдуллина Тілдік тұлға дегеніміздің өзі ұлттық тіл ортасында ұлттық құндылықтар арасында тәрбиеленген, ұлттық рух пен ұлттық тілді толық меңгерген жеке адам, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған индивид, − деп тұжырымдайды.
Б.И. Нұрдәулетова тілдік тұлға терминіне мынадай анықтама береді: Тұлға - интеллектуалды ерекше жаратылыс иесі. Кез келген адам мен болмыс тұлғаның деңгейін бере алмайды. Кез келген шығармашылық адамы жеке-дара тұлға бола алмайтыны белгілі. Тұлғаға ең алдымен даралық қасиет тән. Яғни, өзгелер деп атауға болатын жалпылама ортақ болмыстан ерекшеленіп бөлініп шыққан өзіндік бітім-болмысымен анықталуы қажет. Екіншіден, тұлға адамзатқа тән құндылықтарды тап басып тани білуі, сезініп қабылдай алуы тиіс және сол құндылықтар үддесінен өзі де көрініс беруі керек. Үшіншіден, тұлға тудырған интеллектуалды таным нәтижесі белгілі бір мәдениет түрінде (сөз өнері, сурет, мүсін, музыка т.б.) көрініс беруі қажет [3, 148].
Ф.Б. Қожахметова: Тілдік тұлға - тілді нақты қолданушының жіктеме белгілерінің ғана жиынтығы емес, аялық білімнің де көрінісі, ғаламның тілдік көрінісі негізінде анықталатын суреткердің әлем үлгісі − деп анықтайды. Өзге жеке адамдарға ұқсамайтын өзіндік ерекше сапалық қасиеті бар бірегей адам ғана тұлға бола алатыны белгілі. Яғни, елден ерек адам емес, тұлға талаптарына жауап беретін адам - тұлға. Адам тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады. Тілдік тұлға да солай. Тұлға өзге адамдармен, әлеуметтік институттармен қатынаста, әлеуметтік байланыстар жүйесінде танылуы тиіс, таныла отырып тарихи тұлға ретінде белгілі болады. Демек, тұлға өмірінің мәні қарым-қатынас құндылығы деңгейінде ашылады.
Тілдік тұлға ұғымы қоғамдық қарым-қатынастар, мәдениет жүйесі арқылы анықталынатын және биологиялық ерекшеліктер себепші болатын саналы қызмет пен қарым-қатынастар субъектісі болып табылатын тұлға ұғымын тірек етеді. Тұлға - шығарманы жасаушы, сонымен қатар тарихтың, мәдениеттің әрі өнімі, әрі субъектісі. Адамның қажеттілігі таным, ойлау және қарым-қатынас құралы болып табылатын тіл арқылы қанағаттандырылады, сол себепті тұлға тіл арқылы, яғни тілдік тұлға ретінде ашылуы керек.
3.1 Тілдік тұлғаның драмалық шығармалардағы рөлі
3.2 Драмалық шығармалардағы кейіпкер келбеті
Сөйлеу тілі өзіндік сипатта болады және қарым-қатынас жағдаяттары жеке коммуникацияға тән. Бұл экстролингвистикалық факторлар өздерінің қызметін әр түрлі тілдік деңгейде көрсетеді, әсіресе сөйлеу тілінің белгілері коммуникацияның жеке тәсілдерімен синтаксистік деңгейде айқын байқалады. Сөйлеу тілінде негізгі конституативті, эллипсис, сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі болады. Синтаксистік деңгейде сөйлеудің белгі беретін сапасы ретінде сөйлеу тілінде толымсыз сөйлемдер пайдаланылады. Дегенмен, олардың мағынасы көркем диалогте диалогке қатысушыға да, үшінші жаққа да, бөгде біреуге де айқын болады. Көркем диалог өнерінің құралы ретінде тұрмыстық қатынасы бейнелейді. Сөйлеу белгісін қарастыруда лексикалық деңгейдің қиындығы сонда, қазіргі күнде сөйлеу тіліндегі лексикалық жүйенің әлі біркелкі даусыз ғылыми ұстанымдары жоқ. Солай бола тұра, кейіпкер тіліндегі сөйлеу тілінде лексикалық бірліктерді талғау кейіпкер таңдауымен анықталады, әрине, кәдімгі кейіпкер тілі үшін. Диалогтегі сөз семантикасына анализ жасауда ерекшеліктер байқалады. Драмадағы диалог сөйлеу тілі диалогіне бағынышты бола отырып, коммуникация заңдылықтарына әсер етіп қана қоймай, оқырманға эстетикалық әсер ететін жаңа өріс қалыптастырады. Диалогтегі қосалқы сөз мағынасы реалистік драмада жазушының барлық көркемдік жүйесі және идеялық талпыныстарымен сәйкес келе отырып, эстетикалық жағынан бірден-бір әсер ете алады. Драмалық стиль тарихынан белгілі бұл сөйлеу тілінің ерекшеліктері әр жазушының өзіндік әдіс-тәсілдері арқылы көрініс береді. Характерлерді өңдеудегі белсенділік дәрежесі және диалогтегі сөздің семантикалық күштілігін таңдау арқылы драматург шеберлігін айыруға болады. Мәселен, жазушылар көркем шығарма жүйесінде сөзді жағдаятқа қатысты ұғыну маңызды сюжеттік рөл атқарады, ал этимология мен әлеуметтік-тілдік қолданыс комизм тіл бірлігі ретінде ғана пайдаланылады. Бірқатар драматургтердің шығармаларындағы кездесетін психологиялық диалогтегі сөздің мағыналық толығуы апперцепция заңдылықтарымен байланысты. Ал, кейбіреулерінде сөз эмоционалды-субъективті жағынан жетіліп, басты бола отырып жанданады [10,122].
Драматург пьесаларында семантикалық қарама-қарсылықтағы маңызды рөл, оның жалпы стиль заңдылықтарымен, яғни кейіпкер тіліндегі семантикалық-стилистикалық принцип құрылымымен байланысты.
Қазақ драматургиясында образ жасауда сол образ арқылы кейіпкер тілі үлкен рөл атқарады. Драматургтің сөз қолдану ерекшелігі, сөз оралымдары, сөйлем құрылысы кейіпкер тілінен көрінеді. Кейіпкер тілі тілдік қабаттың экспрессивті жүгін көтеріп тұрады. Жазушы жеке тұлғаның образын ашуда оны сөйлету арқылы стильдік жүк артады. Кейіпкер тілі образды ашады. Орыс тіл білімінде кейіпкер болмысын танытатын тілдік құрал - диалог екенін бірқатар ғалымдар өздерінің еңбектерінен көруге болады. Атап айтқанда, Л.В.Щерба,
Демек, әдеби кейіпкер бейнесін психологиялық нысан ретінде зерттеу оның мазмұндық саласының көрінуіне алып келеді. Яғни тұлғаның осы және басқа мінез-құлқында және оның мағыналық нұсқауында көрінетін тұлғалық мағына.
Адамның өзінің қажеттілігі мен қызығушылығына тәуелділігінен белгілі бір затқа деген бейімділігі туындайды. Затқа деген қажетті лік пен қызығушылықтың жоғалуынан адамда біршама қиналыс пен тынышсыздану байқалып, ондай жағдайлардан босағысы келеді. Бұның салдарынан алдымен, көп жағдайда белгісіз динамикалық тенденция туындайды, айқындау көзқарасы тұрғысынан алғанда бұл бейімділік ұмтылысқа айналады. Сүйген жанға деген ұмтылыс (сүйіспеншілік)
Жағымсыз энергиялық қуатты сөздер Қарагөз драмасында Қарагөз бен Сырым қашпақшы болған кезде белең алады. Мысалы,
Жабай (ақырып). Құдайдың қарғысы тиген жүзіқаралар!.. Не қып тұрсың?! Құдай-ау мынаны көргенше, көр көзім неге шықпайды менің?! (Сырымға.) Сені өлтірмесем, кәпір болайын! Байла екеуін де!
Мөржан (Қарагөзді ұстап алып). Жүзіқара, жерге кір! Жүзің неге күймей тұр, арсыз! Өлтір, өлтір екеуін де!
Жабай. Ұста! Ұста арсызды!
Ал тілек ұғымды беруші қуатты сөздер көбіне жасы үлкен ересектер тарапынан адам санасына дайын код түрінде берілетін мәдени ақпараттар. Мысалы, Асан өлеңдете сөйлеп:
Жаңа өмір, міне, туды атқан таңдай,
Балалық дәурен өтті, кетті шалғай.
Қызыл жібек шымылдық мұнда әкелді,
Ақ үйің алтын сарай енді болғай.
Ағайын тілеуіңде бәрі қалмай,
Көп тілеуі қалған жоқ сірә болмай.
Атта да оң аяқпен босағаңды,
Сонымен, кейіпкерлердің көңіл-күйлерін көрсетуі, олардың іс-әрекеттері, яғни репликаларындағы барлық күрделі тартыстар драмалық шығарманың өн бойындағы синергияны қамтиды. Сондықтан мұнда жекелеген әрекеттегі психологияны бөле-жара қарауға болмайтын бірыңғай трагедиялық сюжет қалыптасады.
1 М. Әуезовтің тұлғасын танудың тілдік бейнесі
2.1 М. Әуезовтің драмалық шығармаларындағы тілдік тұлғаны тану мәселесі
Aбaй шығapмaшылығы, зерттеушілердің тануынша, хaлықтың aуызшa және жaзбa еcкеpткiштеpiнде caқтaлғaн көне қaзaқ мәдениетiнен, шығыc мәдениетiнiң ұлы шығapмaлapынaн - тәжiктiң, aзеpбaйжaнның, өзбектiң пoэзияcынaн, opыcтың клaccикалық туындыларынан, coл apқылы Евpoпa мәдениетiнен нәp aлғaн. М. Әуезoв көpcеткен ocы үш ұлы қaйнap бұлaқтың iзiн oның өз шығapмaлapындa дa, әcipеcе, Aбaй жoлы эпoпеяcынан анық аңғаруға болады. Жaзушы cөздiк жaғынaн менiң poмaндapымның Aбaй өмip cүpген тapихи дәуipге cәйкеc еpекшелiктеpi мoл. Oның үcтiне мен Aбaйдың өз шығapмaлapының cөздiк қopынaн
Қорыта келгенде, ұлы суреткер-жазушы М.Әуезoвтің тұлғалық болмысын толық танудың, яғни Әуезовтануға дәйек болатын ғылыми-танымдық негіздің бірі - тілдік тұлға теориясы, оның танымдық-шығармашылық әлеуетін сипаттайтын тілдік құралдар: этнографиялық тіл деректері мен ұлттық-мәдени атаулар, шешендік сөз үлгілері мен мақал-мәтелдер, окказионалды фразеологизмдер мен риторикалық сұраулар, т.б. деп анықтауға болады. Мұхтар Әуезов - өзіндік тілдік әлемі бар шығармашылық тұлға, ұлт тілі мен тарихын, рухани мәдениетін терең меңгерген тілдік мәдени құзірет иесі. Демек, тілді сүю арқылы ұлтты сүюдің тамаша үлгісін көрсеткен, ұлттық тілдік тұлға деңгейінде танылған Мұхтар Әуезов сынды ұлт перзентінің рухани мұрасын антропоөзектік бағытта жаңаша зерттеп-зерделеудің маңызы зор екендігін түсінеміз.
Когнитивтік сипат тұлғаның интеллектуалдық (зиялылық, парасаттылық және рухани) өрісі, яғни, ойлау үдерісін жорамалдайтын адамның танымдық әрекеті негізінде байқалады. Әрбір жеке адам бойында өзінің даму барысындағы
Сөзді ойната білу шеберлік, шешендік болуы мүмкін, бірақ ойды ойната отырып, белгілі бір ұлттың концептуалдық дүниетанымындағы когнитивтік кеңістікті тілдік астармен әдіптеу кез келген суреткердің қолынан келе бермейді. Тілдік тұлға санасында концепт қалыптасудың ерекшеліктері, ең алдымен, зерттелінетін, яғни концептіні репрезенттейтін лексемадағы жеке, авторлық мағынаның берілуімен байланысты. Ел - дәстүрлі танымда белгілі бір жерді мекендейтін, адамдардың тарихи қауымы. Ел сөзі ғылыми әдебиетте негізгі екі мағынада саяси және мәдени этникалық мағынада қолданылады. Алғашқы мағынасында ұлт сөзінің синонимі болып табылады. Халық этнологиясында ел сөзі өзім-өзге оппозициясының контексінде түсіндіргенде негізгі ұғым болып табылады. Халық ауыз әдебиетінде өз халқы туралы жақсы түсінік қалыптастырылады, ал өзге ел туралы физикалық, әлеуметтік немесе моральдық қатынастар ауытқымалы болады.
а) Ел - панасыз бала моделі
М. Әуезовтің Еңлік-Кебек пьесасындағы Абыз аузынан шыққан мына бір сөздерде елдің алаңсыз қалпы от шашып ойнаған балаға бейнелене ассоциацияланып, ел басына төніп келе жатқан қауіп-қатер болмай қоймайтын құбылыс ретінде сипатталады:
Абыз... Барары жоқ, байлау жоқ,
Ерім қайтып күн көрер!
Бәріңнің де нәрің жоқ,
Елім қайтып күн көрер?!
Кәрі көңіл - о бір зар. Күні еңкейіп көлеңке басқан бейуақтай. Самал желі мұздай, көк майсаны сыздай етті. Ызғар сезген бойым бар. Панасыз ел - баладай... Аспанда қара бұлт ақ бұлтпен шарпысып, телегей ойнап дауылдап ол келеді. Соны білмей бұл бала тас ошақтың басында от шашып ойнайды, от шашып ойнайды. Қамыққан қамқор қаны... Бек буынған бағлан батыр қаны.
Бұл жердегі қара бұлт пен ақ бұлт шарпысып деген авторлық метафора ел басына төніп келе жатқан жамандықты имлицитті түрде адресатқа жеткізіп тұр. Сондай-ақ бұл бала тас ошақтың басында от шашып ойнайды, от шашып ойнайды деп автор ассоциациялық когезияны, оның ішінде бейнелік когезияны шебер қолданып тұр. Ассоциациялық когезиямен ұштасып, ақиқаттың сезім арқылы қабылданатын объектілері туралы түсінік оятатын байланыс түрлерін И. Гальперин бейнелік когезия деп түсіндіреді .
ә) Ел - ер тірегі моделі
Ұлттық дүниетанымдағы ер елі үшін туып, елі үшін өледі деген пікір М.Әуезов драмаларында ерекше мәнге ие, елі еріне қамқор болуы керек деген пікір айтылады. Мысалы:
Қарамеңде. Ағайын, көзіңе қан толып, түгіңді сыртыңа теуіп, бүгінгі сөзге осынша түйіліп отырсың. Осының артынан ертеңгі сөзге, ертеңгі бәлеге көзіңді салдың ба? Айтып отырған сөзіңнің жеңілі білегінің күші бар, жүрегінің түгі бар, осы отырған аламанның маңдай алды бір туысқан бауырының қанын төгем дейсің немесе екі ру елдің еңкейген кәрі, еңбектеген баласының қанын төгіп, жасын ағызамын дейсің. Ел шырқын бұзамын дейсің. Қай сөзіңде мақұлдық бар? Қай сөзіңде қасиет бар? Неңді қадір тұтайын! Қайран халқым, азғаның ба әрекемен осындай! (Жым-жырт. Аздан соң) Арадан жол тап, тыныштық ойла. Артыңдағы етегіңнен ұстаған еліңнің мойнына артқан қарызын ойла. Бізді апарып арандат, жаңа жерден жау тауып әкел деп ешқайсыңның елің де тапсырған жоқ.
Жомарт (аздан соң). Қазаққа қамқор болған Қараменде деп аталып едің! Ұғушы құлақ болса, айтылмай қалған сөз жоқ! Батагөй қарттың сөзін сенің аузыңнан естіп отырмыз (Наймандар ыза болған пішін білдіреді. Тым-тырс.
Осы үзіндідегі қ әрпіне құрылған аллитерациялық құбылыс пен интонациялық үзілістер Қарамеңде мен қалың қауым арасындағы эмоционалдық ахуалды, мәдени-этникалық дәстүрді автор адресатқа асқан шеберлікпен танытып
Сел - қар мен мұздың еруінен, қатты нөсердің әсерінен болатын су тасқыны. Бостандық үшін ешқашан күресін тоқтатпаған қазақ халқы Ресей отаршылдығына қарсы ірілі-ұсақты көптеген көтерілістер жасады. М.Әуезовтің ұлт-азаттық көтерілістер тақырыбын сөз еткен Бекет, Хан Кене, Түнгі сарын драмалары бар. Түнгі сарын пьесасының негізгі тақырыбы - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Пьесада патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің бұратана халықтарының ер азаматтарын (19 бен 25 жас арасындағы) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салуға, окоптар қазуға) реквизициялау туралы жарлығына тасқын судай кемерінен асқан халықтың қарсы шығады. Осы бір тарихи оқиғаны М. Әуезов пьесасының алтын өзегіне айналдырған. Көтерілісті бастаушылардың бірі - Тәнекенің ояз Казанцевқа айтқан сөзі арқылы көтерілістің туу себептерін, көтерілісшілердің алға қойған мақсатын түсінуге болады. Патшаның айдауына көніп, болыстың озбырлығына төзіп, жігіттерді ажал оғына бергенше, бас көтеріп, қарсы шығып, азаттық жолында өлуге даяр. Яғни июнь жарлығы - төзімнің бітуі, ең соңғы шегі. Алайда тасқын селдей күш көрсеткісі келген елдің күш қайраты Тұяқ серпіп еді. Бишара миллат ә, зұлмат түні әлі баста... Арылған жоқ деп мұғалім айтқандай сәтсіз аяқталса да, Жантастың Еттен өтіп, сүйекке жеткен қорлық, зорлық еді. Әйтеуір соған қарсы бір де болса қылыш суырып, оқ аттық. Қалғаны не болса да, арман емес деген сөзінен автордың сол көтеріліске деген өзіндік көзқарасын келер ұрпаққа шебер жеткізе білгенін көруге болады. Бұл жерде автор тілдік тұлғасының тағы бір қыры - азаматтық тұлғасы ашылады.
2.3 Жазушының тілдік тұлғасын танытатын көріктеу құралдары
Қазақ драмалық шығармалар тілін алғаш зерттеген ғалымдарға С. Ордалиев, Х. Нұрмұқанов, Р. Нұрғалиев т.б. жатқызуға болады. С. Ордалиевтің 1964 жылы шыққан Қазақ драматургиясының очеркі атты кітабында М. Әуезовтің пьесалары тақырыптық-идеялық жағынан зерттелсе, Х. Нұрмұқановтың 1969 жылы жазылған М. Әуезов драмалық шығармаларының эмоционалды-экспрессивті лексикасы атты кандидаттық жұмысында драмалық шығармалардың тілі алғаш зерттеліп, М. Әуезов пьесаларының тілін сөздердің лексикалық тура мағынасынан көрінетін эмоционалдылық пен экспрессивтілік аясында синоним, омоним, антоним, аллогизм, оксюморон, архаизмдер, неологизмдер, варваризмдер, диалектизмдер, табу түрлерін талдайды. Сондай-ақ сөздердің ауыс мағынада және бейнелі қолдануынан көрінетін эмоционалдылық пен экспрессивтілік ретінде метафора, эвфемизм, кейіптеу, метонимия, синекдоха, символ, аллегория, сарказм, литота, эпитет, теңеу түрлерін сипаттайды [12, 97].
М. Әуезовтің драмаларын зерттеген ғалым - Р. Нұрғалиев 1985 жылы шыққан Айдын еңбегінде Абай трагедиясына, ондағы билік сахнасына кеңінен тоқталады. Пьесаның роман тіліне көшуін сөз ете келіп, салыстырмалы зерттеу жүргізеді. Ғалым: Халық өмірінің ең терең қабаттарын қопара ашып, күрделі әлеуметтік, психологиялық, философиялық жайларды қозғайтын шығармада бұрынғы пьесадағы сюжет иірімдерін, ситуациялық жағдаяттарды, жаңа мақсатқа орай жазушының өзгерте, құбылта, дамыта пайдалануы орынды, заңды еді, - деп баға береді [13]. М. Әуезовтің Түнгі сарын драмасындағы әдеби кейіпкерлерді, оның ішінде әйел образын жан-жақты аша отырып, М. Әуезовтің әйел образын сомдау ерекшелігі туралы: Әйел сезімдерінің небір ыстық шұғылалы, сәулелі күйлердің табанға басылуын шіміркене бейнелейді,- дейді [13].
Сахна тілін сөз еткен зерттеуші А. Зекенова М. Әуезов драмаларының тіліне лингвостатистикалық талдау жасаса, А.Тымболова М. Әуезов пьесаларын лингвопоэтикалық жағынан Ғ.Мүсіреповтің пьесаларымен салыстыра зерттеді. Драматургия жанрын жан-жақты талдаған академик З.Қабдолов драма туралы Г.Белинскийдің мына сөзін басшылыққа алады: Драма - эпос пен лириканың қосындысынан туған үшінші, тірі, өз алдына бөлек, аралық әлем - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz