Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Біздің елімізде болып жатқан әлеуметтік -экономикалық, психологиялық - адамгершілік өзгерістер қоғам өмірінің барлық жүйесін өзгертуге келіп соқтырады. Осыған байланысты біздің бүгінгі мектептің тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердің педагогтары оқытудың және тәрбие ісінің жаңа техникасын талаптарына сай етіп, қайта ойластыру үстінде. Қазақстан Республикасының мектептері өз жылнамасында қайта құру, жаңарту тәрізді сан алуан кезеңдерді басынан кешірді. [1]
Бүгінгі қоғам талаптарын қанағаттандыратын, өсіп келе жатқан жас буындарды тәрбиелеуде олардың бос уақытын тиімді өткізу жолдары әлі толық айқындала қойған жоқ. Тәрбие жұмысы жаңадан бағдарлануды талап етеді және де жас жеткіншектерді тәрбиелеу міндеттерін түбегейлі жақсарту қажеттілігі туып отыр.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 атты өз халқына жолдауында адамның денсаулығын жаңарту, салауаттылар салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттілігі жайлы айтылған. Адамның рухани қалыптастыруында оның ерте балалық шақтан табиғатты бақылап, табиғатпен етене араласып, оны аялап, оған жәрдемдесіп қамқорлық көрсетудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының 2030 - ға дейінгі стратегиясында еліміздің азаматтарын белгіленген басымдықтарды орындап шығуға даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Кейінгі кезде білім берудің жаңа тұжырымдамасы қабылданып, тәрбиенің бағдарламалары белгіленді. Осы айтқандарды негізге ала отырып, мектеп және басқа да оқу - тәрбие мекемелерінде оқуды ұйымдастыру, тәрбиелеу технологияларын модернизациялау қолға алынды. Дегенмен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының біршама бәсеңдегені байқалды. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары көбіне белгілі бір мейрам күндері, ақын - жазушылардың мерейтойларына байланысты жүргізіледі.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігі атты еңбегінде біздің елімізде оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі ретінде мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында жүзеге асырылса дұрыс болатындығын, ол оқушылардың арасындағы сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап өтеді. [2]
Мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың барлық формаларын санап шығу мүмкін емес. Қазіргі таңда озат мұғалімдер, тәрбиешілер тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіріп, оны өз практикаларына енгізіп отыр.
Қоғам - адам - табиғат арасындағы қарама - қайшылықтарды шешіп, жол табу, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мектептердің басты борышына айналуда. Себебі, табиғат - қоғам - адам жүйесіндегі қарым қатынастардың шиеленісуі жылдан жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (1999), Айналадағы ортаны қорғау туралы Заңы (1997) , Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 - бағдарламасы (1996) , Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (1997) , Қазақстан Республикасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы (1998), Экологиялық білім бағдарламасы (1999), Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары (1998), Қазақстан Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы және т.б. құжаттар қабылданды.
Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру сонымен қатар олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі қазір дүние жүзі халқының, ғалымдардың, педагогтардың, саясат қайраткерлерінің назарын аударып отыр.
Қазіргі кезде жер шарында жаппай экологиялық апаттардың таралуы және оның алдын алу мақсатында табиғатты қорғау жұмыстарын түбірінен жаңа негізде жетілдірудің қажеттілігі мәселенің өзектілігін көрсетеді.
Табиғатты қорғау мәселесі - педагогикалық мәселелердің негізгі бөлігі.
Қай халық та, оның ішінде қазақ халқы ұрпағына даланы, бабалардан қалған ата қонысты ұлағаттап, қадірлеуді, сақтауды аманат еткен. Алаштың ардақты тұлғалары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтардың педагогика, психология ғылымдарын негіздеген еңбектерінде жас ұрпақтың қоршаған әлемді, табиғат тамашаларын қызықтап қана қоймай, тіршілікке, табиғат - анаға, ол тарту еткен әсемдікке құмартуға, оны танып - білуге, оның байлығын аялап, қорғауға шақырады. Сол себептіде оқушылар бойында сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыру қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі деп санаймын.
Ғалым - эколог И.Д.Зверевтің пікірінше, экологиялық мәдениеттің мәні - қоршаған ортамен, табиғатпен қарым - қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен қарайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру.
Ал, А.Н.Захлебный экологиялық білім берудің мақсаты - қоршаған ортаға құқық нормалары мен моральдық ұстанымдарынан туындайтын жауапкершілік қатынастың негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығын айтты.
Э.М.Тұрдықұлов болса, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда табиғатты пайдаланудың ғылыми негіздері жөнінде сенімін, практикалық дағдыларын, табиғат ресурстарын қорғау және молайту саласында белсенді көзқарастар қалыптастыруға қажет білімді қалыптастыратын психологиялық процестерді талдайды.
Экологиялық мәдениеттің мақсаты оқушылар бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік қарым - қатынасын жан - жақты қалыптастырып дамыту. [3]
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырудың негізі болса, әр түрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жұмыстары жеке тұлғаның эмоциялық - сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелейді.
Адамның табиғатқа бағытталған кесапат зардаптарын болдырмау үшін ғылыми - техникалық, саяси - әлеуметтік, экологиялық және басқа бірқатар проблемаларды шешу керек. Экологиялық мәдениет мәселесін шешуде педагогтардың Я.А.Коменский, Г.Песталоций, А.Дистерверг тағы да басқа ғалымдардың орны ерекше.
Экологиялық мәдениет. Бұл тәрбиенің мақсаттары:
тәрбиеленушілерде қоршаған ортаға деген жауапкершілік;
табиғатты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық ретінде тану мен оған жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі білімдер қалыптастыру;
нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар экологиялық жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың алдын алуға үйрету;
сонымен бірге қоршаған ортадан ләззат (халықаралық экологиялық қауымдастықтың ұраны) алу арқылы табиғат субъекттерінің баршасына қатысты қайырымдылық сезімін тәрбиелеу.
Экологиялық мәдениетке байланысты іс - әрекеттер мазмұны:
тәрбиеленушілердің қоршаған табиғатты зерттеп, тануы:
табиғаттың экологиялық қалпына талдау жүргізу;
әлем, ел, оқушы жасап жатқан ортаның экологиялық жүйесі проблемаларымен танысу;
адам әрекет-қылығын зерттеп, нақты аймақ пен бүкіл әлемдік экологиялық жағдай, одан болар ықпалдарды (ұнамды не кері) зерттеп білу.
Бүгінгі таңда экологиялық дағдарыстың тереңдеуі оның ішінде табиғатқа тигізіп жатқан зардаптың тым көбеюінің әсерінен көрінуде. Осының негізінде сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдарының жүйелі түрде жүргізілмеуі, бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама - қайшылық тудырады.
Осының негізінде зерттеу тақырыбын Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру деп таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын тәжірибе негізінде анықтап, әдістемілік ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Зерттеу проблемасына байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай отырып, сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыру маңызын ашып көрсету;
2. Тәжірибелік педагогикалық эксперимент материалдарын дайындап, өткізіп, талдап, қорытындылау;
3. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны: жоғарғы сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру .
Зерттеу әдістері:
педагогикалық-психологиялық оқу әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау;
бақылау;
сауалнама жүргізу;
тест сұрақтары;
педагогикалық эксперимент жүргізу.
Ғылыми жаңашылдығы және маңыздылығы: Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында биология пәнінен мазмұнды материалдар жинақталды және әдістемелік ұсыныстар дайындалды.
Зерттеу жұмысының базасы: Ақтөбе қаласы " №1 орта мектеп" ММ
Диплом жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тараулар бойынша қорытынды, жалпы қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу обьектісі, пән мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, әдістері туралы сипатталады.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру деп аталады.
Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері деген бірінші тарауда философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі проблеманың зерттелу деңгейіне талдау жасалынады.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі деп аталатын екінші тарауда оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру барысындағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлі мен биология пәні мүмкіндіктері туралы мәлімет беріледі.
Үшінші тарауда биология пәнін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент тәжірибелік жұмыстар баяндалады, нақтылы ұсыныстар беріледі.
Қорытынды бөлімінде сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған зерттеу жұмысы туралы ой тұжырымы беріледі.
Жұмысты жасауда пайдаланылған әдебиеттер тізімі жасалынады.

1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Қазіргі уақытта әлемдік қоғам назары экологиялық білім беру проблемасына аса назар аударылуда. Себебі, қазіргі таңда кез-келген адам баласы үшін кезек күттірмейтін екі мәселе туындап отыр. Біріншісі, адам қазіргі кезде табиғатпен тығыз қарым-қатынаста болуы, алайда мұның арты орны толмас экологиялық қиын жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Екіншісін таңдар болса, онда биосфераны сақтап қалуға тырысу керек, ол үшін адамдардың табиғатқа деген көзқарасын түбегейлі өзгерте отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажет. Бұны, БҰҰ мен бірқатар мемлекеттердің адам және оны қоршаған орта туралы жаңа бағыттағы білім жүйесін қалыптастыратын, биосфераны сақтап қалуға бағытталған, энергияны және ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізуді міндеттейтін тұрақты даму стратегиясын қабылдауына байланысты түсіндіруге болады. Экологиялық білім беру проблемасына қоғамның назар аударуының тағы бір себебіне, антропогендік түрдегі (табиғи ресурстардың азаюы, биоалуантүрліліктің төмендеуі, қоршаған орта жағдайының төмендеуі, зиянды қосылыстардың көбеюі және т.б.) экологиялық проблемалардың пайда болуы жатады. Қазіргі кезеңде экологияның ғаламдық мәселелері көптеген адамдардың қызығушылығын тудырып отыр. Біздің республикамызда табиғат қоршаған ортаны қорғау саяси, экономикалық және мемлекеттің әлеуметтік тапсырмасының маңыздылығына жатқызылған. Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген: "Мемлекет өзінің мақсатын адам денсаулығын және өмірге қолайлы, қоршаған ортаны қорғау қойылған". Экологиялық мәдениет - әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді элементтерінің бірі болып табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады. Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен табиғаттың өзара қарым - қатынасын реттеу қажеттілігінен туындайды. Б.Т. Лихачевтің пайымдауынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық тұрғыда негізделген еркін қалыптастыруы мүмкін. Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр - сырымен және қасиеттерімен органикалық байланыста болады. Ғылыми әдебиеттерде экологиялық мәдениет ұғымына көптеген түсінік, анықтамалар берілген. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және жақын шет елдік ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық мәдениет - жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың табиғатпен қарым - қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері, білімі, іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі; экологиялық мәдениетке - адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық, материалдық - практикалық, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш - қуатының өлшемі, іс - әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет - адамның табиғатпен ғана емес, әлеуметтік - тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі. [4]
Студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін экологиялық білім мен тәрбие қоса берілуі керек. Себебі, экология негіздерін білу - білім алушылардың бойында қалыптасып, дамитын экологиялық мәдениеттің түп тамыры іспеттес. 1993 жылы Ф.Майром ЮНЕСКО басшылығымен талданған жүргізуші халықаралық жобаның "Әлем мәдениеті" бағдарламасы болды (UNESKO and a cuIture of peace Promoting a GiobaI Movement), мұнда негізгі буын болып "Экологиялық мәдениет" бағдарламасы табылады. Адамзатта ең өзекті мәселе болып жаңа қоғам өмірін ұйымдастыру және бір тұтас білім принциптері болып табылады. Әрбір қоғамның даму сатысында азамат баласының табиғат пен саналы қарым-қатынас жасауының, яғни өзі тіршілік еткен ортасын қорғау мақсатында, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан өзіндік тарихы бар. Ғұлама ойшылдар философ, математик, психолог, педагог, табиғат зерттеушісі Әбу -Насыр -Аль Фараби, Ж. Баласағұн, С. Бақырғани, М. Қашқари сонау ерте кезден -ақ табиғат -- қоғам -- адам арасындағы дамудың өзара байланстығын және оның біртұтастығын өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау ете отырып табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана-сезім тәрбиелеудің негізі екендігін көре білді. Халқымыздың ақын жыраулары Бұқар жырау Қалқаманұлы, Қорқыт ата, Асан қайғы және т.б. барлық уақытта өз жырларында табиғат олардың өзекті мәселесі болды. Қазіргі заманда жеке экология мәдениетін түсіну, бөлек адамның құндылығын мойындайтын, оның білімге құқығы, бақытқа және адамның бастапқы құқығы - таза табиғат ортасында мәнсіз (мағынасыз) өмірсүру мүмкүндігін көрсету. Адам - табиғаттың бір бөлігі, барлық табиғатқа қарсы істелген істер адам табиғатына әсер етуіде мүмкүн және оның психикасына, ойлау қабілетіне, әлеуметтік белсенділігіне ықпал етуі мүмкін. Э.В.Гирусова былай деген "экологиялық мәдениет - бұл біздің ішіміздегі ноосфераның пайда болуы". [5]
Білімді экологияландыру барлық білім жүйесіндегі органикалық және басымдылық бөлімі ретінде қаралады, стартегиялық мақсатты анықтау және жүргізуші бағыттар, оған жаңа құндылық беру, тек қана табиғатта ғана жаңа қарым - қатынас құрастырмайды, сонымен қатар қоғамға, адамдарға. Қолайлы жағдайлардың пайда болуына әрбір адамның құқығын қамтамасыз ету және қоршаған табиғат ортасындағы дағдарысты жоюға мүмкіндігі бар, қоғамды құрастыру шешімдері. Экологиялық мәдениет, жалпыадамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді, адам арасындағы құнды қарым - қатынас көлемі және әлеуметті табиғат ортасындағы процесстің пайда болуы және материалдық және рухани құндылықты және мінезін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы жеке адамды сақтау, экологиялық іс -- әрекетті дәлелдеу және адамзат қызметінің шешімінде және барлық түрлерде игеріледі, табиғатты қорғау және танумен байланысты. Барлық танымдық қызмет кезеңдерінде экологиялық мәдениетті құрастыру келе - келе болады, басқа бөлек жалпы білімберу пәндерінде оқытылады.
Məдeниeт ұғымы eң aлғaш cultura -- өңдeу, eгу дeгeн лaтын cөзiнeн шыққaн. Eндeшe мəдeниeт -- aдaмның тaбиғaттaғы, кeз кeлгeн тaбиғaт нысaнын игeрудeгi əpeкeтi aрқылы жaсaлытын өзгeрiстeр. Кeйiннeн мəдeниeт дeгeн ұғым кeңeйiп, тoлып жaлпылық мaңызғa иeлeндi. Oлaй бoлсa, түптaмыpы eгу, өңдeу бoлсa, тaбиғaтты күту, бaптaу дa мəдeниeт дeгeн cөз. Қaзipгi бiз тəpбиeлeп, бiз бiлiм бeрiп oтыpғaн жaс ұpпaқтың мəдeниeтi қaндaй дəpeжeдe? Cыпaйы cызылғaн, cіз дeп үлкeннiң aлдынaн кeсe көлдeнeң өтпeйтiндeрдiң нeмeсe Мeн дeп өзiн үлкeннeн жoғapы ұcтaйтындap, opынcыз жoл бepмeйтiндepдiң мəдeниeтi қaншaлықты? Oлapдың үлкeндepдeн aлaтын үлгici, көpeтiнi нe? Үлкeндep oлapғa қaндaй тəpбиe бepгeн? Мəдениeттi қapым-қaтынac (өз apacындa, көпшiлiк opтaдa, тaбиғaтқa, өзi жeкe бoлғaндa,) қaндaй дeңгeйдe? Қaзipгi ғылыми eңбeктepдe мəдeниeткe əp түpлi тұpғыдaн aнықтaмaлap бeрiлгeн. Coлapдың iшiндe мəдeниeт aдaмдық əрeкeттiң бeлгiлi бip қыpының жeтiлу дeңгeйi дeгeн дe түciнiк бap. Aмepикaндық aнтpoпoлoгтap Кpeбep жəнe Клaкxoн мəдeниeт ұғымының тapиxынa apнaлғaн eңбeктepiндe мəдeниeт тaбиғaтын, oның құpaмдaс бөлiктepi мeн epeкшeлiктepiн қoғaммeн, тiлмeн, пcиxoлoгиямeн бaйлaныcын тaлдaуды үш бaғыттa жүpгiзeдi: aдaмның тaбиғaтпeн бaйлaныcы, құндылықтapмeн жəнe бaсқa aдaмдapмeн бaйлaныcы жөнiндe. Мəдeниeт көpiнетiн жəнe көpiнбeйтiн қылықтaр мeн icтepдiң үлгiciнeн құpaлaды дeп тe aйтaды. Пpoфeccop М.X.Бaлтaбaeв Пeдaгoгикaлық мəдeниeттaну aтты eңбeгiндe мəдeниeт ұғымынa: Мəдeниeт дeгeнiмiз - aдaм жaсaғaн зaттың жəнe руxaни құндылықтapдың, əлeумeттiк - мəдeни қaлыптың, қaрым - қaтынac пeн мiнeз -құлықты қaлыптacтыpу əдicтepiнiң тapиxи дaму жүйeсi, сoндaй - aқ aдaм тaбиғaтындaғы күштepдiң зaттық өндipic əдicтepiн ecкepe oтыpып дaму əрeкeтi, өз мүмкiндiгiн жүзeгe acыpуды, oның шығapмaшылық eңбeгiнiң aдaмзaт əлeмiн өзгepтугe жəнe игepугe бeғыттaлғaн əлeумeттiк мaңызды шapaлapы, - дeп aнықтaмa бepгeн. Мəдeниeт ұғымы ocымeн қaтap кoғaм өмipiнiң нaқты бip caлacының дaму дeңгeйiн дe көpceтeдi. Ocының мaңызды бip caлacы - aдaм қoғaмының дaмуындaғы жeткeн бip дəрeжeci, жeтicтiгiн көpceтeтiн aйғaғы. Қaзipгi тexнoлoгия жəнe Жaпoнияның экoнoмикaлық дaмуы дeгeн M.Mopитoнның eңбeгiндe: Əp түpлi xaлықтapдың мəдeниeтi мeн сaлттapы oлapдың шығapғaн өнiмдeрiнeн көpiнe бacтaды, - дeп aтaп көpceтiп, - бұл құбылыcты қaзipгi тaңдaғы өpкeниeттiң миы, - дeп сaнaйды. Сoл сияқты мəдeниeт - бiлiмдi мeңгepу нeгiзiндe жoғapы caтығa көтepiлудiң дeңгeйi дeгeн пiкipлep дe кeздeсeдi.
Тәрбие - қайшылықты және ұзақ, үздіксіз процесс болғандықтан, экологиялық тәрбиені тек оқу кезінде ғана емес, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстар барысында да қалыптастыруға болады. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатына жетеді. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда және экологиялық тәрбиелеуде, адамгершілік, кішіпейілдік, гуманистік қасиеттерді тәрбиелеуде, ұлттық өнерді қастерлеу, қорғауға үйретуде берері мол.
Сонымен қоса, тәрбиенің сан алуан формалары мен әдістерін қолданудың маңызы зор. В.А.Сухомлинский көп жылғы тәжірибесін жинақтап, оқушыларды сыныптан тыс уақытта тәрбиелеудің маңызы зор екендігіне тоқталып кеткен. Егер оқушы газет-журнал оқыса, егер де ол үйірмеге қатысып, бақылау күнделігін жүргізсе, онда ол жалпы ой өрісінің дамуы нәтижесінде оқулықтан басқа бір де бір кітаптың бетін ешқашан ашып көрмеген оқушыға қарағанда, үйге берілген тапсырмаларға дайындауға үш-төрт есе аз уақыт жұмсауға мұмкіндік алады - дейді. [6]
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретінде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыру негізі ретінде қызмет атқарады.
Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады.
Қазіргі кезде тәрбие жүйесінде сыныптан тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшілігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың екінші ерекшілігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні: ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болым келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мен бағытқа ие болып келеді.
Кластан тыс уақытта атты мақаласында мектеп оқушыларының сыныптан тыс уақытта эстетикалық тәрбие берумен шығармашылық дағды беретін, болашақ бейімдеуге бағыт сілтейтін аса маңызды жұмыстың бір түрі - әдебиет үйірмелері екендігін атап өтеді. Ол оқушылардың мінез-құлқын, көзқарасын қалыптастырады, диспуттың маңызы зор екендігін атап көрсетеді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, әдептілік пен әдепсіздік, борыш пен ождан, ар мен намыс, бақыт пен махаббат жайлы ойларын ортаға салып, пікір таластырады. Оқушылардың өз ойын айқын, дәл айтуға баулиды. [7]
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық белсенділігін күшейтіп, өмірге деген құштарлығын арттырады, - деген тұжырымға келеді.
З.Әбілова еңбегінде оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру, олардың эстетикалық мәдениетін, талғамын арттыру, сол арқылы өмір шындығын тани білуге үйретуді мақсат етеді. Ол: оқушыларға эстетикалық тәрбие бергенде айналадағы, тұрмыстағы, табиғаттағы және көркем шығармалар мен көркем өнердегі әдемілікті дұрыс көруге, қабылдауға, түсінуге үйретудің маңызы зор. Әсіресе, өмірде кездесетін шын әдемілікті айыра білуге тәрбиелеу қажеттігін айтады. Әдемілікті тек түсініп, қабылдап қана қоймай, сонымен қатар сол әдемілікті ұластыруға эстетикалық талғамдарын дамытуға тиісті екендігін оқушылардың көзін жеткізу әрбір мұғалімдердің міндеті, - дейді. [8]
Б.З.Ақназаров Класс жетекші атты еңбегінде алға қойған мақсаты - республика мектептеріндегі класс жетекшілердің озат тәжірибелерін жинақтап, оны көпшіліктің игілігіне ұсынады. Ол: Кластан тыс жұмыс оқушылардың сабақ үстінде алған білімдерін одан әрі тереңдету үшін септігін тигізеді және оларды адамгершілік қасиеттерге, өздігінен жұмыс істеуге, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Бұл жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуде басты тұлға - класс жетекші. Ол өзінің басшылық рөлін сақтай отырып, оқушылардың инициативасына сүйенеді, олармен пікірлесіп, кластан тыс жүргізілетін шаралардың жоспарын құрады, - дейді. [9]
Экология дегеніміз организмдердің аумақтық бөлінуі мен салыстырмалы санын айқындайтын өзара байланысты ғылыми зерттеу саласы. Ғылыми мағынада бұл терминді 1869 жылы неміс биологы Геккель өсімдіктер экологиясын зерттеуінде тұңғыш рет қолданды. Дарвиннің түрлер эволюциясы туралы теориясы экологияның дамуына серпін берді. Дарвин бойынша, эволюция бір жағынан өзі секілдіні жарату мен мұрагерлік, екінші жағынан, табиғи іріктеу есебінен жүреді. Табиғи іріктеуде тіршілік үшін күресте аман қалуға ең қабілетсіз түрлер жойылып кетеді, өйткені олар тіршілік өрісінің өзгерген жағдайына бейімделе алмайды. Тіршілік өрісінің маңызды қыры - климат және топография секілді факторлармен қатар, шектеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа түрлердің болуы. Алайда, бәсеке еркіндігі әдетте шектеулі болып табылады, өйткені түрлер де өзара тәуелді, өмір торында бір-біріне симбиоздық қатынаста болады, мұның өзі бір түрдің басқа түрге ойдағыдай үйренісуінің, сондай-ақ, табиғи ортаға бейімделуінің нәтижесі (дегенмен мұндайда жекелеген түрлер үстем болады). 10
Философиялық энциклопедиялық сөздікте экологияға төмендегідей анықтама береді: Экология - ағзалардың бір-бірімен және тіршілік ету ортасымен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. 11
Э.Геккельдің берген анықтамасы бойынша: Экология - табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеу. Экология - жер қабатының тіршілік тынысын, өмір сүру заңдылығын, оған адамның ықпалы мен шаруашылық іс - әрекетінің, қызметінің әсерін зерттейтін ғылым. 12
Н.Ф.Реймерс: Қазіргі жағдайда экология биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойынша Жер туралы физика- математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер циклі деп тұжырымдайды. 13
Ю.Одумның пікірінше: Экология - табиғат пен қоғамдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы. 14
Экологияның зерттейтін мәселелері - жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы.
Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерінің педагогикалық тұрғыдан дұрыс барлық түрін жан-жақты дамыту және олардың әрбір мектепте сыныптан тыс тәрбие жүйесін қалыптастыруға қажетті нәрселердің бастысы. Осындай жүйе жасау жөнінде мектепке көмек көрсету үшін 60-жылдары тәрбие жұмысының бағдарламаларын жасауға бірнеше рет әрекет жасалған. И.С.Макаренконың басшылығымен жасалған Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің үлгі мазмұны атты құралы. Бұл бағдарламада жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар беріліп, 1-10 сыныптарындағы тәрбиенің ерекшеліктері, міндеттері жазылған. Бұл берілген ұсыныстар сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнына арналған.
Н.И.Болдырев сыныптан тыс жұмыстың мынадай ерекшеліктерін атап өтеді:
1. Сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізілетіндігінде;
2. Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттер бағдарламалар көмегімен байланысты болмайтындығында;
3. Сыныптан тыс жұмыстармен оқушылар өз бетімен айналысуының басым болатындығында;
4. Сыныптан тыс жұмыстарының жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында;
5. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерің сыбағалы салмағының артқанындығында;
6. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың формалары мен әдістерінің сан алуандылығында;
7. Сыныптан тыс жұмыстардың бұқаралығында.
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың жай-жапсарын зерделей келе, оның екі бағытын атап көрсетуге болады:
1. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар.
2. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары.
Екі жұмыстың да мақсаты оқушылардың сабақ үстінде алған білімдерін тереңдету, қабілеттерін дамыту, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді дарытуды көздейді. Себебі, оқыту мен тәрбие бір процестің бөліп қарауға болмайтын екі тарабы. Сыныптан, мектептен тыс тәрбиелік жұмыстың саяси-идеялық, адамгершілік, дене шынықтыру, ақыл-ой, еңбек тәрбиесі салаларында ұйымдастырылады.[15]
Сыныптан тыс тәрбие жұмысына арналған ғылыми және жекелеген мақалаларды жан-жақты талдай келе, мынадай қорытындыға келеміз: сыныптан тыс тәрбие жұмыстары арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін тереңдетеді, әр оқушы бойында адамгершілік, эстетикалық, мәдени байлықтарын дарытуға көмектесетін маңызды жұмыс түрі болып табылады.
Мектеп оқушылардың жағдайына қарай тәрбиелік маңызы бар әр түрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Мысалы, көлемі шағын шығармаларды бірлесіп оқуды ұйымдастыру, кітап туралы әңгіме өткізу, ұжым болып кітапты талдау, әдебиет кештерін, факультатив сабақтарды жүргізу, экскурсияға шығу, викторина, олимпиада, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру т.б.
Үйірме - өте кең таралған жұмыстың түрі. Үйірме сыныптан тыс жұмыстарыдың топтық түріне жатады. Үйірмелер біріншіден, оқушылардың қызығушылығын арттыруға көмектеседі, екіншіден, мектеп бағдарламасының материалдарын жақсы игеруге ықпал етеді.
Викторина - бұл сыныптар арасында өтетін сұраққа жауап ойыны. Сұраққа дұрыс жауап беру үшін, оқушылар көптеген оқулықтарды оқиды, көңіліне тоқып көп ізденеді. Бұл - жарыс.
Олимпиада - бұл да викторина сияқты сұрақ-жауап жарысы. Викторинадан айырмашылығы: бұл мектеп оқушыларының пән бойынша білімін жинақтау, бекіту, тексеру. Олимпиадалар мектепаралық, аудан, республикалық болып өтеді.
Экскурсия - оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді. Экскурсия әсемділікті түсінуге, танымға, қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі. Экскурсия тақырыппен байланысты өткізіледі. Бала әр түрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, заңдардың байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді.
Факультатив - оның міндеті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқытады. Факультатив сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар байланыстырылады. Факультативтерге қызықтыру үшін мұғалім көкейкес тақырыптарды, оқушыларға ыңғайлы іс-әрекет түрін таңдап, олардың ақыл-ойын, есін, қиялын, жеке қабілеттерін дамытатын құралдарды қолдану керек.
Әрине, бұл жұмыстардың әрқайсысының өз мақсаты, мазмұны, өткізу формалары бар. Сол себепті аталған жұмыстар оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, сынып жағдайына қарай өткізілуі тиіс. Үйірме жұмыстары, экскурсиялар, факультатив сабақтары оқушы бойында табиғатты аялауға, оның барлық байлықтарын сақтауға тәрбиелейтін бірден-бір таптырмас тәрбие шаралары.
Сыныптас тыс жұмыстардың басты ерекшілігі олар еріктілік принципте құралатындығында, яғни оларға қызығушылықпен қарайтын оқушылар қатысады. Оқушылар ынта мен өздерінің қабілеттеріне қарай өздігінен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша жалпы немесе жеке атқаратын жұмыстарға белсене қатысады.Бұдан шығатын қорытынды, мұғалімнің ең алдымен сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуының керектігін білдіреді. Мұғалімдердің басты міндеті - сыныптан тыс жұмысқа оқушыларды түгел тартып, олардың белсенділігін көтеру.[16]
Сыныптан тыс жұмыстардың екінші ерекшілігі - оның міндетті бағдарламалар талабымен байланысты болмайтындығында. Сыныптан тыс жұмыс мазмұны мен оны ұйымдастыру формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне және жергілікті жағдайларға байланысты туындайды. Бағдарламалар әдістемелік нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны бастауыш сынып оқушыларының ынтасы мен қалауы, тілек-талаптарына сай келетіндей тұрғыда қарастырылады. [17]
Сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір ерекшілігі - жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Жас шамасы әр түрлі оқушылардың қатысуы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды, қайта оны жандандыруға көмектеседі. Тіпті бұл әр түрлі сынып оқушыларын біріктіріп, топтастырып, ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Мұнда әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады, оқушылар арасындағы қарым-қатынас этикасы қалыптасады.
Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшілігі - онда өздігінен талпыныс жасау, ізденушілік, көркем шығармамен айналысу басым болуына көмектеседі. Үйірмелерде, спорт, көркемөнерпаздар ұжымдарында балаларды өздіктерінен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, бастауыш сынып мұғалімі бағыттап отырғанмен, жұмыстың барысын, негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйымдастырады. Сыныптан тыс және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау дербестікті дамытуға, үйлесімді іс жүргізуге төселтеді.
Бүгінгі таңдағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Қазіргі уақытта сыныптан тыс жұмыстар қоғамға пайдасы мол, кәсіптік бағдар берудегі өте маңызды да, ықпалды құралы ретінде көрініп отыр. Сыныптан тыс жұмыстарға сабақтан тыс уақытта оқушылармен мектеп жүргізілетін, тәрбие және білім беру сипатында ұйымдастырылған, әрі мақсатты бағыты бар сабақтар жатады. Бұл жұмыстар патриоттық тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Олар жан-жақты дамытуға, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді. Сонымен қоса қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшілігі - оның бұқаралығы. Ол табиғатты, техниканы, өнерді, әдебиетті сүйетін жеке оқушыларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтық және жеке-дара сабақтармен толықтырылып отырады.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы психолог Л.В.Вахидовтың Біз оқушыларға үнемі дайын ақпараттарды берумен шектеліп отырмыз. Сондықтан олар дайын күйіндегі материалды артық күш жұмсап, талдап, ой қорытып жатпай-ақ тыңдап, ең қолайлы жағдайда көрнекіліктерді қарап, қабылдаумен шектеледі, - деген ғылыми пікіріне орай, оқушылардың мұғалімнің көмегі арқылы оқулықтан алған білімін онан әрі жетілдіріп, оны іс-тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытамыз. [18]
Сыныптан тыс жұмыстарға белгілі ғалым-әдіскер С.Жортанов: Сыныптан тыс жұмыстар деп, мектепте, бірақ сабақ кестесінен тыс жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының барлық түрін айтамыз, деген анықтама береді. Бұдан шығатын қорытынды мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқу-тәрбие процесінің жалғасы болып, ол білімділік, тәрбиелік, дамытушылық сипатта жүргізілуі тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстарға берілген анықтамаларға сүйене отырып, сондай-ақ, сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік маңызын түсіне отырып, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар төмендегідей мақсаттарды көздейді:
оқушылардың сабақ барысында алған теориялық білімдерін толықтырып, тереңдетіп, дамытып, оқуға ынтасын арттыруға жағдай жасау;
сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны оқушылардың сынып бағдарламасының мазмұнын толықтыратындай болуы;
сыныптан тыс жұмыстар сабақтан бос кезде оқушылардың дұрыс демалысын ұйымдастыра отырып, практикалық жағынан дағды әрекеттерін қалыптастыру.

2.1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ РӨЛІ

Оқушыларға салауатты өмір салты жайында тәрбие беруде мектептен тыс жұмыс та едәуір орын алады. Олар көбінесе, мектептен тыс мекемелер, кітапханалар, театр, түрлі мәдени ағарту шаралары.
Өкінішке орай, мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау арқылы қазіргі кезде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай кемшіліктер бар. Кейбір мектептер үшін бұл жұмыстың жеке бағыттарын ғана дамыту тән емес, тек белсенділері қатысады.
Біз ғылыми зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде, яғни мектептердің сыныптан тыс жұмыстарын зерттеу жұмысында салауатты өмір салты арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын негізгі талаптарды айқындадық.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бірқатар талаптарды сақтауға байланысты:
oo сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптардың ең маңыздысы - оның өмірмен, практикамен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамның жұмысы айнала, қоршаған өмірмен танысуға және оны көркейтуге белсене қатысуға себепші болуы тиіс;
oo сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Үйірмелік және жаппай сыныптан тыс жұмыс үшін жалпы білімді және дүниетанымды кеңейтуге, адамгершілік және еңбек тәрбиесін беруге, саяси сананы, эстетикалық талғамды және дене қуатын дамытуға септігін тигізетін материал іріктеудің маңызы үлкен;
oo сыныптан тыс жұмыстарды ең алдымен жүйелі, үнемі өткізіп отыру қажет;
oo сыныптан тыс жұмыстар түрлері әсіресе, патриоттық тәрбие беру мәселесі оқушылардың қолынан келетіндей, шамалары жететіндей мазмұнды болуы керек. Егер сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, берілетін тапсырмалар, жеңіл немесе тым күрделі болса, онда оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарға қатысу қызығушылықтары жойылып кетуі мүмкін. [19]
Сыныптан тыс жұмысының, ұйымдастыру формалары мен өткізу әдістерінің оқушылардың даму деңгейіне сәйкес келуі - педагогикалық талаптардың бірі. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі - олардың алуан түрлі және жаңарып отыруы. Бастауыш сынып оқушылары бір сарынды жұмыстарды орындауда ынта көрсетпейді, оларға қызықпайды, назар аудармай тәртіп бұзуы да мүмкін.
Сыныптан тыс жұмыстардың шеңберінде экологиялық жұмыстар дұрыс жолға қойылады, қоршаған ортаның жекелеген түрлері мен табиғат құбылыстарының арасындағы байланыстардың көмегімен әр түрлі кешенді жұмыстар ерікті түрде және белгілі бір қоғамдық бағытқа сәйкес ұйымдастырылады. [20]
Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар алады. Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша топ болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмыстардың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болмайды.
Қазіргі жағдайда сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мәні: ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді. [21]
Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың ең маңыздылығының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамның жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты қорғау, тәрбиелеуде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың орны ерекше. Сыныптан тыс жұмыстардың сан алуан түрлері бар. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелейтін сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттарына қарай төмендегідей етіп топтауға болады:
1. Оқушының өз бетімен жүргізетін жұмыстары:
- табиғатқа бақылау жүргізу;
- табиғат көріністеріне суреттер салу;
- туған жердің өсімдіктері бойынша түрлі кепшөптер жасау;
- табиғат сырын түсіндіруге байланысты әр түрлі баяндамалар, рефераттар жасау, альбомдар шығару;
- табиғат кереметін ашатын әр түрлі ғылыми көпшілік әдебиеттер оқу.
2. Оқушылардың табиғат аясында істейтін жұмыстары:
- оқу-тәжірибе үлескісінде жұмыс;
- табиғат аясында істелінетін іс-тәжіриелік, сарамандық жұмыстар;
- серуенге және жорыққа шығу арқылы табиғаттану;
- әр түрлі табиғаттағы таным жорықтар мен экологиялық соқпақтар;
3. Оқушылардың экологиялық білімін жетілдіру:
- табиғатты қорғауға бағытталған кештер ұйымдастыру;
- жас табиғат зерттеушілер үйірмесі;
- факультатив сабақтар;
- табиғат қорғауға арналған тәрбие сағаттар.
Сонымен, сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптар: оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес лайықты материалды іріктеу, сыныптан тыс жұмыс материалының мазмұнын оқушылардың жалпы даму деңгейлеріне сәйкестігі, олардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға ықпалын тигізу, сыныптан тыс жұмыстардың материалдары оқушылардың табиғатты қорғауға, байлықтарын тиімді пайдалануға ықпал тигізуі тиіс.
Бүгінгі таңда мектепте мұғалімдердің аса жауапты міндеттерінің бірі - оқушылардың санасына қоршаған ортаға, туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге өз үлесін қосатындай азамат тәрбиелеу.
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық тәрбие беруді ұйымдастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Сол арқылы олардың экологиялық мәдениеті қалыптасады. Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын жүргізуде мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, оқушылардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым көбірек ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретінде, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. [22]
Биологиядан білім берудің ерекше түрі (формасы)- сыныптан тыс жұмыс. Сыныптан тыс білім берудің түрі көп. Оған: үй жұмысын орындау, үлескідегі сабақтың жалғасы болып есептелінетін күнделікті бақылаулар, табиғат бұрышындағы жұмыс пен бақылау. Бұл жұмыстардың ерекшелігі, біріншіден, осының қай түрі болса да, сыныпта алған білімінің жалғасы ретінде өтеді де, білімнің байланыстылығы, саналы меңгеру, білімді жаңа ситуацияға қолдану, біліктену сияқты білімді игеру сатылары жүзеге асады. Екіншіден, сыныптан тыс білім алу формасы арқылы оқушылардың дербестігі, ақыл-ой белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Сыныптан тыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Мектептегі тәрбиелік шараларды ұйымдастыру әдістемесі
Мектеп оқушыларында салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің жүйесі
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер