Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Одағай сөздер, түрлері олардың
өзіндік ерекшеліктері

Пәні: ХІХ ғасыр әдебиеті
Мамандығы: 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
Тобы: 117-16
Орындаған: Қуатбек А.
Қабылдаған: Мыңбаева А.

Шымкент 2019
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.Одағайдың жалпы тарихы, зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.Одағай сөздердің мағыналық топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1.Көңіл-күй одағайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2.Императивті одағай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.3.Тұрмыс-салт одағайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.Одағай сөздердің интонациялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .

4. Одағай сөздердің сипаты мен грамматикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақ тілінің бастан кешкен тарихи белестерін жан-жақты айқындау. Одағай сөздер деп ешқандай да ақиқат ұғымдарды білдірмейтін, тек адамның әр алуан көңіл-күй мен әр қилы сезім райларын білдіру үшін қолданылатын (бірақ олардың атаулары ретінде жұмсалмайтын) сөздерді айтамыз. Одағайлар шығу тегі мен қалыптасу табиғатының ерекшелігіне қарай өзге сөздермен ешқандай да грамматикалық қарым-қатынасқа түспейді.
Одағай сөздердің морфологиялық жағынан да, мағыналық жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өздеріне тән ерекшеліктері өте көп. Одағайлар белгілі бір сөйлемдерге қабаттасып жұмсалатын жарыспа сөйлемдер ретінде жұмсалғандарымен, өздері сөйлем мүшесі бола алмайды.
Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып көрінеді. Бірақ, олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Бір айта кететін жайт, одағайда біріншіден, лексикалық (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
Зерттеу нысаны: Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздер.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты - одағайдың өзіне тән ерекшеліктерін, құрамын, түрлерін зерттеу. Тіл біліміндегі одағай сөздердің, теориялық теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау. Одағай сөздердің қазіргі кездегі қолдану аясын және оқыту әдістемесін тереңірек қарастыру. Бұл мақсаттарды орындау үшін мынадай міндеттердің шешілуі көзделеді:
-қазақ тіл біліміндегі одағайдың даму тарихы мен зерттеген ғалымдар жайында мағлұмат беру;
-одағай сөздердің мағыналық топтары мен түрлері жайында баяндап беру;
-одағайлың лексика-грамматикалық ерекшеліктері және қолданылуы жайында мәлімет беру.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Курстық жұмысымда 6-7 сыныптардың оқулығы, Қазақ грамматикасы, Шора Сарыбаевтың Қазақ тіл білімінің мәселелері, А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі. Морфология еңбектері негізге алынды. Одағайды мысалдармен дәлелдеп, нақтылап көрсету үшін, көркем шығармалардан (М.Әуезов, Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов, Ғ.Сланов, Ғ.Мүсірепов, С.Көбеев, т.б.), әдебиеттерден мысал келтірдім.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Одағай сөздер басқа сөздерге қарағанда бай келеді. Одағайдың кейбір түрі дара күйінде де, қосар күйінде де қолданыла береді. одағайлардың өзңне ғана тән жұрнақтары жоқ, тек субстантвтенгенде ғана болмаса.Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алатындығы.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Курстық жұмысымда одағай сөздердің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын сараптау. Курстық жұмысымның қорытындылары мен тұжырымдарын жоғары оқу орындарында тіл мен әдебиет мамандарын даярлауда оқылатын Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы пәндерін де қосымша пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Одағай сөздердің түрлерін ажыратуда баяндау, сипаттау, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.ОДАҒАЙДЫҢ ЖАЛПЫ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ

Одағай - сөз таптары категориясының бірі. Одағай сөздер - толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер. Қазақ тіліндегі одағай категориясы - басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге арнайы ырғаққа, әуездікке, эмоциялы құбылысқа, интонацияға бай сөз табы. Одағай сөздер тілге көркемдік сипат беріп, көркем шығармада көп қолданылады.Ойды әсерлі жеткізу жағынан одағай сөздердің көркем әдебиетте маңызы зор. Мысалы: - Япырай, қаншалық қайран қаларлық сергектік, сезгіштік бар Михайловта!(М.Ә.) - Қап, Есенейдің бар дүниелігін шаштырып алғанымды қарашы! (Ғ.Мүс.) Ал, публицистика мен ғылыми зерттеулерде одағай сөздерді қолдану сирек кездеседі [2.374].
Одағай, басқа ешбір сөз табына ұқсамайтын, сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшенің қызметін атқармайтын, не шылау сөздер сияқты сөйлемдегі басқа мағыналы сөздермен селбесіп, оларды өзара байланыстырып тұратын дәнекерлік қызметі жоқ, сөйлемдегі басқа мүшелермен синтаксистік қызметке түспейтін, морфологиялық, семантикалық белгілері мен синтаксистік қызметі жағынан өзіне тән ерекшелігі мол сөз табы. Оның қай мағынада айтылғандығын сөйлемдегі тұрған орнына қарап айырамыз. Өйткені, одағай жіктелмеген сөз табы. Одағай сезім үшін айтылмайды, әлдекім оны қунаған боп айтып, іштей жылап тұруы мүмкін. Одағай әр зат атауына, әрі іс-қимыл атауына жақын сараланбаған сөз.одағай басқа сөз таптары сияқты әр түрлі жолмен қалыптасқан.
Адамдар арасында сөйлеу құралы ретінде жұмсалатын тілге сөйлесу, түсінісу үшін керек атауыш сөздер сияқты, бір нәрсенің дәлдігін, өткірлігін білдіруде өте қажет одағай сөздер де тілдің қалыптасу, даму жолдарынан өтіп, бүгінгі қолданылу деңгейіне жеткен. Мысалы, әуел бастағы иә, пірім-ай, ау, пірім-ай, ой, пірім-ай деген бөлшектерден көңілдің түрлі жайына, райына, күйінің әуеніне қарай дыбыстарының түрленуінен, соңғы қосымшалар мен сөз басындағы қаратпалар түбірмен тұтасып кетуінен япырмай, апырмай, ойпырмой секілді одағайлар жасалып, кірігу барысында әр одағайдың айтылу әуеніне қарай соңғы дауысты дыбыстары бірде а бірде о болып түрленген. Тіліміздегі ойбай мен ойбой одағайларның қалыптасуы да осындай [3.564].
Одағай мағынасында жұмсалатын сөздер тұлға жағынан әр түрлі болып
келеді. Оның құрамындағы сөздер негізінен мына сияқты тұлғадағы сөздер
болып келеді: Япырмай! Тәйт! Жек! Ойбай! Жә! Әттең! Шәуім-шәуім! Сап-сап! Шек-шек! Хош! Хайыр! Рахмет! Ассалаумағалейкүм! Шөре-шөре! Құрау-құрау! Ырит соқ! Сияқты азын-аулақ сөздер де осы топқа жатады. Басқа сөз таптарына жататын сөздердің (әсіресе зат есімдердің) интеръективацияланып, одағай мағынасында жұмсалуы жиі кездеседі. Мысалы: Алла! Дариға!, т.б. [21.613].
Тілімізде экспрессивті-эмоционалдық, интонациялық реңкін әлі де болса сақтап тұрған, басқа сөздермен жанасып айтылатын -ау, -ай шылаулары бар. Оларды одағайдан басқа сөз таптарындағы сөздермен тіркесіп келгенде одағай төркінді шылау деу керек те (мысалы, ашуын-ай, балам-ау, Арыстаным-ай!, т.б.), одағайлармен жанаса айтылғанда оларды тіркесіп отырған одағаймен бірге, қоса күрделі одағай деп тану керек. Мысалы: Айналайын-ай, Ойпырым-ай! Шіркін-ай! Ойбай-ау! Бәрекелді-ай! т.б. Бұдан басқа одағай құрамында Па деген! Я деген! Тәйірі деген! Айналып кетейін! Садағаң кетейін! Жағың қарысқыр! Топалаң келгір! Сияқты компоненттері жымдасып, бір-біріне кірігіп, мағыналық жағынан бөлшектеуге келмейтін біртұтас, қатып қалған одағайлы тіркестер бар. Одағайлардың адамның әр қилы сезімін, көңіл-күйін эмоциялды түрде көркем, айқын, дәл жеткізуде ерекше мәні бар. Мысалы, Ой, аррам қат, аррам қатқыр! Танау құрт келгір! Ойбай-ау, енді қайтейін, ойбай! Құдайы құрғыр, қу құдай! Әй, иттің ғана малы-ай, шашымды ағарттың-ау, ойбай!(С.Мұқанов). Осы кішкентай үзіндідегі самсап тұрған одағайлар арқылы жазушының сіздің көз алдыңызға лажы таусылып, қаны қайнап, ашу мен ызаға булыққан адамның кейпін елестетеді.[22.319].
Одағай туралы мағлұматтар революцияға дейін шыққан еңбектерде кездеседі. Ондағы мағлұматтар одағайды сөз табы деп тануда авторлар пікірі әр түрлі болғанын көрсетеді. Кейбір авторлар оны частицаға қосып, морфология қарамағында қарастырса, кейбірі синтаксис ішінде берген.
Одағай сөздің мағынасы толық классификацияға түспеген, авторлар негізінен одағайдың көңіл-күй түріне ғана тоқталған. Атап айтсақ, Н.И.Ильминскийдің Материалы к изучению киргизского наречия, П.М.Мелиоранскийдің Краткая грамматика казахского языка, А.Архангельскийдің Грамматика народно-татарского языка атты грамматикаларында одағай сөздер бірінде жеке сөз табы ретінде аталса, бірінде басқа сөз таптарымен бірге аралас берілген.
1959 жылы жарық көрген орыс тілінің энциклопедиясында одағайға берілген түсініктеме одағай ішкі сезімді, адамның экспрессивтік жай-күйін білдіргенмен, бірақ оны атамайтыны, баяндамайтыны, оның басқа сөз таптары сияқты түрлену қасиетінің жоқтығы, негізінен өзгеріске ұшырамайтын сөздердің класы (сөз табы) ретінде беріліп, ол мағыналы сөздерге де, көмекші сөздерге де жатқызылмаған.[3;40]
Одағайды зерттеудің көне тарихы бар екені белгілі. Оның тарихы сонау римдік тілтанушылардан бастау алады( Варрон б.з.д. І ғасыр). Тағы бір айта кететін жайт, әр дәуірдің, әр елдердің лингвистері одағай мәселесіне өзінше қараған. Одағай лингвистердің бітпейтін дауы болып келеді. Одағайдың лексико-грамматикалық табиғатына деген түрлі көзқарастар, тіпті сипатына сай келмейтін, қарама-қайшы пікірлер де баршылық. Әркімнің талқылауы оның лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшелігін айқындайды және өзіндік қызығушылық тудырады [13.57].
Одағайды алғаш зерттей бастаған М.В.Ломоносов болатын. Ф.Ф.Фортунатов одағайды сөзге ауыспайтын, тек эмоционалды сигнал деп кесіп айтты. К.С.Аксаков болса, одағай ол сөз емес, эмоция мен сезімді білдіретін нәрсе деп есептеді. Ф.И.Булсаев болса, одағайды сөз табы ретінде мойындайды. А.А.Шахматов одағайды сөйлеушінің ниетін білдіретін ішкі көрінісіне жатқызды. В.В.Виноградов одағайды түрлі эмоционалды реакцияның шындыққа негізделген субъектісінің лебізі ретінде қарастырады.
Будагов сөздігін зерттеуші Бәтіш Атабай сөздіктегі одағайларды былайша топтады: көңіл-күй одағайлары:ой, ойбай, уай, апырмай, қап, пай-пай, әй, майда-майда(қап!), айхой, әттеген-ай, ту, бәлі, еміл, бәрекелді, көйт (асық ойнағанда айтылады), шақыру одағайларынан адамға қатысты айтылатын сап-сап сөзі кезігіпті; малға қатысты айтылатын одағайларға қолға үйретілетін хайуанаттарды қайыру, шақыру, тоқтату, айдау, суару, үркіту сияқты мақсаттармен қолданылатын сөздер. Ғалым Бәтіш Атабайдың зерттеуіне қарағанда, жекіру немесе ишарат одағайлары кезікпеген.
Көптеген ғасырлар бойы одағайды зерттеумен айналысқан Русский язык энциклопедиясының авторларының айтуынша: Одағай - не көмекші сөздер тобына, не атауыш сөздер тобына жатпайтын, көңіл-күйді, ерікті, экспрессивті жағдайды білдіретін (атауын емес), өзгермейтін сөздердің (сөз таптары) лексико-грамматикалық тобы [3.561].
Түркі тілдерінде одағайды жеке сөз табы ретінде беру және оның мағыналық топтарын көрсету А.Н.Кононов пен Н.А.Баскаковтың грамматикаларынан бастау алады. Дегенмен, бұл авторлардың одағайды мағыналық топтарға бөлуінде шатастырушылық бар. А.Н.Кононов одағайды еңбегінде дұрыс көрсеткенімен, оның мағыналық түрлерінің қатарына звукоподражательные слова түрін қосып атаған. Бұдан автордың өзбек тіліндегі одағай мен еліктеу сөздердің мағыналары арасындағы ара жігін ажырата алмағандығы көрінеді. Н.А.Баскаков та одағайларды еліктеу сөздерден бөлек қарамайды. Оны атауыш сөздердің қатарына қосып, оның междометия, выражающие чувства, эмоций, настроение, ощущени и пр.; междометия, выражающие недовольство; междометия выражающие призывы деген түрлері барын көрсетеді.[18.364]
Тілдің ғасырлар бойындағы тарихи даму барысындағы оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысы өзгеріссіз қала алмайды. Алғаш рет дербес сөз табы ретінде одағайлар Варонның латын грамматикасында қарастырылып, тіл білімінің тарихи даму кезеңінде одағайлардың грамматикалық табиғатына әр түрлі анықтамалар беріліп отырған. Мұндай анықтамаларды былай топтауға болады:
1)Одағайлар сөз таптары жүйесіне кіреді, бірақ та сөйлемде синтаксистік байланысқа түспей, оқшау тұрады.
2)Одағайлар - құрамы жөнінен, сөздерді сөз таптарына бөлу мәселесінен тыс қарастырылатын синтаксистік топ.
3)Одағайлар сөз таптары жүйесіндегі көмекші сөз қатарына жатады [16].
Одағай сөздердің табиғаты туралы нақты ғылыми пікір айтқан қазақ тіл білімі әлеміндегі ерекше қабілеті бар феномен атанған адам - Құдайберген Жұбанов болды. Одағай әр зат атауына, әрі іс-қимыл атауына жақын сараланбаған сөз. Әй! Мә! одағайларының кімге айтылғандығы, кімді шақыратыны белгісіз. Қап, әттеген-ай дегендер нағыз одағай, ә деген-айдан қалыптасқан. тт екі дыбыс емес, айтуға оңай болу үшін созылған бір т дыбысы. Ғалым одағайлардың хабарлаушы сөздер, құрылысы жағынан жеке сөз, атқаратын қызметі жағынан сөйлем, не сөйлемдер жинағы, бұлар таптасқан сөзді (атауыш сөзді) сөйлемдерде одағайланып тұратынын айта келе, оларды мағынасына қарай шаруашылық одағайлары, қатынас одағайлары, көңіл одағайлары деп үш түрге бөліп, әр мағыналық түрдің қалыптасу тарихына, жасалу жолына, ерекшелігіне талдау жасайды. Алақай, бәрекелде сөздерінің мағынасы да хабарлау жағынан сөйлем сияқты. [8;91-101].
Қазақ тіл білімінде одағай сөздерді жан-жақты зерттеген ғалым - Ш.Ш.Сарыбаев. Ш.Сарыбаев одағай сөздерді еліктеуіш сөздерден 8 түрлі ерекшеліктерімен айқындалатын нақты дәлелдермен көрсетіп, одағайлар мен еліктеуіш сөздерді жеке-жеке сөз табы ретінде қарауды ұсынады.[21] Ш.Сарыбаевтың орыс тілінде жазған кандидаттық диссертациясының бірінші тарауы одағайдың тіл білімінде жеке сөз табы ретінде танылуының тарихын арналған. Төртінші тарауында бір мағыналы одағайлар мен көп мағыналы одағайлар талданып, бесінші тарауында одағайлардың интонациясы мен дыбыстық құрамы қарастырылып, соңғы алтыншы тарауында одағайдың грамматикалық ерекшеліктері сөз етіледі. Кейіннен бұл зерттеу қазақ тілінде жеке монография болып шықты. Бұрынғы оқулықтарда еліктеу сөзбен аралас беріліп жүрген одағай сөздер кейінгі шыққан мектеп оқулықтары мен ғылыми грамматикалараға енгізілгенде оның анықтама-ережелері нақтыланып, түрлері, мағыналары, ерекшеліктері дұрыс көрсетіліп берілді.[5.248].
Ш.Сарыбаевтың зерттеуінше: Одағай категорияссына жататын сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды шақыру, айдау, қарғау мақсатында қолданылады. Бұл категорияның құрамы ала-құла. Мұның құраммында адамның көңіл-күйін білдіретін Ойбай! Япырмай! Әттең! Шіркін! Сияқты сөздер және адамға бұйыру, ишара қылу, тыйым салу мақсатымен қолданылатын Тәйт! Тек! Сап-сап! Жә! Сияқты сөздер бар. Одағайдың құрамында малды шақыру, айдау, қарғау мақсатымен қолданатын Үрит соқ! Шек-шек! Шәуім-шәуім! Шөре-шөре! Сияқты сөздерді де кездестіреміз. Амандасу, қоштасу т.б. тұрмыс-салтымен байланысты қолданылатын Хош! Рақмет! Ассалаумағалейкүм! Хайыр! сияқты азын-аулақ сөздер де осы топқа жатады.
Л.Харитова: Одағай - өзгеріске ұшырамайтын, түрлі сезімдер мен жан толқуларын білдіретін сөздер табы деп анықтама берсе,[15.70] қазақ грамматикалық еңбектерінде: Одағай - адамның ішкі жан ағдайы мен сезімдерін білдіретін сөз табы деген анықтама берілген [13.84]. Осы пікірді М.Балақаев та қолдап, ол да ішкі жан-жағдайды білдіретін сөздерді одағай деп атаған[7.111].
Г.Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың 1948 жылы педагогикалық училищелерде арналып басылып шыққан Қазақ тілінің грамматикасында оқшау сөздерге Сөйлемде сөйлем мүшелерінің ешбір грамматикалық байланысы жоқ тек сөйлемдегі ойдың кімге, неге айтылғанын, айтушының сол ойға көзқарасын, ішкі сезімін білдіру үшін айтылған сөздер деген анықтама бере отырып, оны іштей үш топқа бөлген: қаратпа, қыстырма, одағай сөздер. Осы оқулықта одағай сөздерге мынадай анықтама берген: Оқшау сөздердің бірі - одағай. Одағай сөйлемдегі айтылған ойдағы сөйлеушінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіреді. Қаратпа сөз сияқты одағай да сөйлем мүшесі бола алмайды.
Қазақ тіл білімінде одағай терминін алғаш қолданған А.Байтұрсынов болды. Ғалым: Одағай дейміз, одағайланып, оңашаланып айтылатын сөздерді, - деп анықтама береді. Кейінгі ғалымдардың да, одағайды синтаксистік тұрғыдан зерттеуі А.Байтұрсынов тағылымынан аса алмағандығы көрінеді[14.231]. Мысалы Ә.Төлеуов сөз таптарында - семантикалық ерекшелігі, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі жағынан өздеріне тән мәні бар сөз таптарының бірі - одағай деп, одағай сөздердің мағынасын ашып бере алмаған.
Н.Оралбаева өзінің Қазіргі қазақ тілінің морфологиясында - Одағай - адамның сезімін, көңіл-күйін, бұйрығын, шақыру мәнін білдіретін сөз табы - десе, А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі еңбегінде одағайдың лингвистикалық сөздікте берілген өзіне тән ерекшелікті атап кеткен. Бірақ, одағайға нақты анықтама бермеген. Қазіргі қазақ тіл білімінде жас тілші ғалымдардың еңбектерінен одағайға анықтама іздеп көрсек,[2.44] А.Салқынбайдың Қазіргі қазақ тілін алуға болады. Ол одағайға былай анықтама береді: Сөйлеу тілімізде, лебіз де одағайлардың прагматикалық қолданысы мен қызметі ерекше. Сөйлеушінің не тыңдаушының іс-әрекетке, болған не болатын жағдайға қатысты өзінің эмоциясын, қуанышы мен таңғалысын, сүйініші мен өкінішін білдіру мақсатында жұмсалатын тұлғалар - одағайлар,-деп, одағайдың грамматикалық, семантикалық, функционалды-семантикалық сипатын белгілейді.
Одағайлар Орхон жазбаларында кездеспесе де, Енисей ескерткіштерінде 2 түрі кездеседі екен: йыта - өкінішті, ыйу - әттеген-ай!

2. ОДАҒАЙ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ
ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Одағай сөз табына жататын сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды, хайуанды шақыру, айдау, қорғау мақсатында да қолданылады. Тіліміздегі одағай сөздер осындай мәніне қарай үш топқа бөлінеді:1)көңіл-күй одағайлары; 2)императивтік одағайлар; 3)тұрмыс-салт одағайлары [9.454-455].

1.Көңіл-күй одағайлары. Сөйлеуде сөйлеуші адам хабарды тек қана хабарлап қана қоймайды, хабармен бірге өз ойына өң бере сөйлейді. Бұл топтағы одағайлар адамның әр түрлі көңіл-күйін, сезімдерін білдіреді. Мысалы:-Па, шіркін, өмір болсаң, бол осындай! - Мырқымбай! Мырқымбай! Бай-бай-бай!.. жүрмісің жай (Б.М.). Одағайлардың бұл тобы сан жағынан мол. Семантикалық құбылуы жағынан әр қилы, көп мағыналылыққа өте бай топ. Бұл топтағы одағайлар әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл күйді білдіре алады. Осы қасиетіне орай көңіл күй одағайлары ішінара үш топқа бөлінеді.
А)Жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайлар: Ура! Алақай( қуану, шаттану) Паһ-паһ! Па-па! (сүйсіну, таңдану), Бәрекелді! (сүйсіне қостау, шаттана сүйсіну), Оһо!(таңдану), Субханалла! (таңдану), Бәсе! (қанағаттану), т.б. Мысалы: Е, бәрекелді! - деп Артықбай да мақұлдады (Ғ.М.).
Ә) Жағымсыз көңіл- күйді білдіретін одағайлар: Әттең! Әттеген-ай! Қап! (өкіну), Тәйірі! Түге!(наразылық, реніш), Ищай!(тоңу, жиіркену), Бай-бай-бай! (қатты реніш, кейістік, наразылық), Пішту! (жақтырмау, менсінбеу), Уф! (шаршау), Тьфу!(жиіркенішті,тітіркену), т.б. Мысалы: Қап! - деді де Ұлпан тұра берді.(Ғ.М.). Әй, сен, құтырған қатын, үйі өртенген адамға көңіл айтқаның осы ма? (Ғ.М.). Әй, әттеген-ай! Кезінде білмегенім-ай! (М.Ә.)
Б) Әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл-күйді білдіретін одағайлар. Бұл топтағы одағайлар әдетте көп мағыналы болып келеді. Мысалы, Пай-пай! одағайы қарама-қарсы екі мағынада жұмсалады: а) таңдана, сүйсіне таңырқау. Кәне, басыңа киіп көрші. Пай-пай, қандай жарасады, ә!(Қалменов) [248]. Пай-пай, шіркін Алатау, шандоз едіңнеткен сен! (Ә.Сәрсенбаев); ә)ренжу, наразылық мағынасында: Пай-пай, осы бір емізіп тартатыының-ай! Айтпайсың ба сатырлатып! (Ғ.Мұстафин). Ал, қатын, енді бұлар төбелесті. Пай-пай, аяқтарының астында қаламыз-ау! Бұл оның көп мағыналы сөз екенін көрсетсе керек (М.Әуезов) [21; 614].
Бұл топқа тек қана сезім, эмоцияны білдіретін, сонымен қатар сұрақ, медитация, болжау, сенімділік, күмән, растау, бекіту және білдіру функциясы ретінде әрекет етпейтін т.б. интервалдар да қосылады. Олар үшін эмоционалдық араласу дұрыс емес. Оларда эмоционалдыққа қарағанда құрамында интеллектуалдылық көбірек. Оларды интеллектуалды- эмоционалды деп атауға болатын. Олардың әрқайсысынан жеке эмоционалды және интеллектуалды-эмоционалдық тақырыптар бойынша бөлек топқа бөлу мүмкін емес, өйткені, бірдей үндеу эмоциялық және интеллектуалды көлеңкелерді де қамтуы мүмкін. Мысалы, Бәрекелді! Пәлі! өзара мақұлдауды білдіретін үндеулердің ризалығы, ал екінші жағынан, көтермелеу, көңіл көтеру сезімін қамтиды [21;535].
Көңіл-күй одағайларының бірқатары араб, парсы тілдерінен енген сөздер болып табылады. Мысалға айтатын болсақ, хайыр, хош, ойпірім-ай: ой, ай - қазақтың шақыру одағайы, пір - ұстаз, ійе - парсы; м ( ім: пір-ім) - тәуелдену қосымшасы.

2. Императивтік ишара одағайлар. Бұл топқа адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар екі топқа бөлінеді: а)адамға бағышталып айтылған одағайлар; ә)малға, үй хайуанаттарына бағышталып айтылатын одағайлар [9;455].
А) Адамға бағышталып айтылатын одағайлар. Бұған әрине адамның адресіне, бұйыру, жекіру, тыйым салу мақсатымен қолданылатын Айда! Марш! Тәйт! Сап-сап! Стоп! Кәне! Жә! Тек!(тәк!), Әлди! Әуп! Әлди-әлди! сияқты одағайлар жатады. Мысалы, Жә, тоқтат, ақсақал! Қырық жыл достық болмаса, қырық жыл жаулық та жоқ. Базаралыдан алмаған өшің бар ма еді?! (М.Ә.). Тек, тантымай сөйле! Былғама Нұрғанымды! (М.Ә.). Желігуден жалықты жаным менің, сап-сап, көңілім лепірме, тоқта, тоқта! (Қ.Аманж.)614. Тағы бірер мысал келтіре кететін болсақ, - Ау, жігіттер, бұларың не? (Ғ.М.). - Жә, тұра тұр енді, мен барып шығайын! (М.Ә.). - Әй, әрі кетші мазаны алмай! Тәй-тәй, балам, тәй балғын, жүре қойшы жай балғын. Қаз-қаз, балам, қаз балам, қадам бассаң мәз болам. Әлди-әлди, шырағым, көлге біткен құрағым(Х.ауыз.әдеб.). - Енді аздап сыбырлауларыңа болады. Кәне, кім не айтады? (Газеттен).
Сап-сап! одағайы тыныштыққа бағытталады, сабырға келуді білдіреді. Сап-сап, көңілім, сап көңілім! (Абай). Сап-сап, Шығанақ! - дейді өзіне-өзі ішінен (Ғ.Мұст.). Осы мағынасына орай Тс! одағайы да тыныштықты білдіреді. Тс! Мұғалім келеді, - деді саққұлақ Бектай есіктен сығалап (М.Им.).
Жә! одағайы кез-келген жағымсыз әрекетті немесе сұхбаттасушы үшін жағымсыз әңгімелесуді тоқтатуға шақырады. Жә, ағайын! Бұл қайткенің? Атшабарымды неге сабайсың? (М.Ә.) Жә, жә, осы ат мінгізгендей көрейін. Тек осындаймен мақтанғаныңды қойшы! (М.Ә.).
Бұл одағайдың функциясына Тек! Тәк! одағайлары да араласып, кез-келген қалаусыз әрекетті немесе қалаусыз әңгімені тоқтатуға қызмет етеді. Мысалы: Жалғыз Базаралы ғана қатты зекіп, ашулы ажар танытты: - Тек, тантымай сөйле! (М.Ә.).
Тәйт! одағайы Тек! Одағайының синонимі ретінде бірдей мағынада қолданылады.Тәйт әрі! Оттап, былшылдамай отыр. Тәйт! Оттамай отырыңдар! - деп қарақасқа атты ақырып тастады (С.М.). Кәне, шляпаңды киіп көрсетші. Зылиқа шәлісін тастап киіп алғанда, - Тәйт! - деп жұлып алды да, босағаға бір-ақ соқты (Ғ.Мұст.)[21;536].
Кәне! одағайы басқа тұлғаның сөйлеуге немесе іс-әрекеттер жасауға ынталандырады. Мысалы: Кәне, тұрыңдар! - деп айқай салды (С.Ер.). Кәне, балалар, біз енді аттанайық! (Ә.Әб.).
- Оның Сырымбет дейтін әнін білесің бе?
- Білем.
- Білсең, кәне, айтып жіберші, жиен! (С.М.).
Ал! одағайы да Кәне! одағайы секілді. Ал, тұр! Ал, келіп қалды. (М.Ә.). Ал, айта ғой, жаным! (Б.Аманшин).
Егер Ал! сөйлеу барысында әңгімелесуші әңгімені жалғастыруда сұрау интонациясында қолданса, келесі әңгімелесушіде қызығушылық туады. Мысалы:
- Бір таң қаларлық нәрсе айтайын ба? - деп Сапар көзі жалт-жұлт етті.
- Ал?!
- Осы томағаны оның (бүркіттің) басына бір қаптасам деп... қаптағанда қалай қаптамақсың дейсіңдер ғой?..
- Ал, ия?! (Ғ.Сл.).
Әуп! ұжымдық көтерілу кезінде бір мезгілде күштерді жұмылдыруды талап етеді. Бұл топтың әрекетін ұйымдастырады. Мысалы: Бір топ алынған ағаштарды буып, көлге түсіріп жатыр. - Ал, кәне, ауп!..(Ғ.Сл.). Олжабек әуп! әуп! деп әупілдейді (Ғ.Мұст.)[21;537].
Әлди-әлди! одағайы сәбиді ұйықтатар кезде ананың орындайтын жылы лебіз өлең сөздері. Мысалы: Әлди-әлди ұйықта, жаным, бөпешім. Жылдағыдай үйде жоқ қой көкешің (Х.Ерғ.). Прозада тек этникалық формаларда ғана кездеседі.
Әйдә! одағайы жігерлендіруге, талапқа, іс-әрекетке шақыруды білдіреді. Мысалы: Жә, сөзіңнің керегі жоқ, әйдә, кір мына бөлмеге! (Ә.Әб.). Әйдә соқ! Әйдә жүгір! Әйдә жыла!, т.б.[21;538].

Ә) Малға бағышталып айтылатын одағайлар. Бұл топқа Моһ-моһ! Сорап-сорап! Шөре-шөре! Көс-көс! Шәуім-шәуім! Әукім-әукім! Мәлік келгір! Жамандатқыр! Айтақ! Ақ шелек түскір! Жілігің шағылшыр! сияқты үй жануарларын жемге шақыру, тоқтату, үркіту, айдау, қарғау мақсатымен қолданылатын сөздер жатады.[21.615]. Мысалы, Әукім-әукім! Мал деп осы көк сиырды айтсайшы! (Б.Майлин). - Моһ-моһ!-деп кешкі тынық даланы басына көтерді.(С.Мұқанов). Қошақаным қайдасың? Пұшайт-пұшайт! Шөкетайым қайдасың? Шөре-шөре! Құлыным менің қайдасың? Құра-құрау! Әукешім менің қайдасың? Ауһау-ауһау! Ботақаным қайдасың?Көс-көс! (Хал.ауыз.әдеб.). Күшігім, кә-кә келе ғой (Ә.Н.). - Ауһау-ауһау, - деп Самат бағанадан бері ала сиырын іздеп жүр(Ғ.М.). Баған алақанын бір-біріне ұрып: моһ-моһ деп еді, етекке қарай желе жөнелді (О.Бөкей).
Олар мақал-мәтелдерде кеңінен қолданылған. Мысалы: Құрай-құрай деп қойдан, айқайлай-айқайлай қасқырдан ұят болды. Әйтшу деген атанға күш, әуп деген жігітке күш. Әтшу деген түйеге демеу. Бас білген өгізге ә деген өлімнің қарабасы [9;458].

3)Тұрмыс-салт одағайлары. Бұл топ сан жағынан шағындау болғанымен, өмірде жиі қолданылатын одағайлар. Бұған адамдардың амандасу, қоштасу, т.б. сыйластық жасау мақсатымен айтылатын сөздер енеді. Хош! Рақмет! Хайыр! Ассалаумағалейкүм! Ләббай! Кеш жарық! Құп!, т.б. сөздер жатады [9;615]. Мысалы: Құп! - деді де, қоштасып жүріп кетті агроном (Ғ.Мұст. Шығанақ). Қош, еркін кәрі Атырау толқындары (Ә.Сәрс. Ақша бұлт).
- Ассалаумағалейкүм, Абай аға!-деді.
- Уағалейкүмәссәләм! Е, жігіт не қып суып келесің? (М.Ә.) Ассалаумағалейкүм, - дей мен сақалды адамға қол ұсындым (С.М.).
- Яков!-деді.
- Ләббәй?
- Түсіңдер! (Ғ.Сл.) [21; 547-548].
Тағы да мынадай мысал келтіруге болады: Армысың, Қасым інішек, көптен бері біліс едік. Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым (Төле би). Кендебай есіктен кіріп келіп: -Дат, тақсыр,-дейді. - Датың болса, айт!-дейді хан ақырып. Бұл сияқты сөздер адамдар арасында бір-бірін қоштағанда, не болмаса бір нәрсеге назар аударғанда немесе керісінше қоштамағанда, амандасқанда, қоштасқанда айтылатын сөздер кейде біреу болса да тұтас сөйлем орнына жүреді. Мұндайлардың өз мағынасы түсініксіз де болады Ал, түсінікті болған күннің өзінде олар өз мағынасында тұрмайды. Мысалы: Салаймағалейкүм! түсініксіз, арма, бар бол - дегендер түсінікті, бірақ өз мағынасында емес. Жол болсын! дегенде алғыс айту емес, тілегін тілеу емес, неғып жүрген адамсың дегендей сұрау жатыр. Хайыр! хош! дегендер араб, парсынікі. Бұлар сөйлемге тән жалпы заңдылық бойынша құралмаса да, сөйлем болып табылады. Сол үшін де одағайдың құрамына кіреді [2.92-93].

Одағайлардың семантикалық құбылмалығы әртүрлі. Бірқатар одағайлар контексте бір-ақ мағынада жұмсалса, енді бірі көп мағынада, екі-үш не болмаса одан да көп мағынада жұмсалады. Кейде бұлар қарама-қарсы мәнде де қолданылады. Осыған орай одағайларды білдіретін мағыналарына қарай көп мағыналы одағайлар және де бір мағыналы одағайлар деп екі үлкен топқа бөлеміз.
І. Көп мағыналы одағайлар. Бұл топқа екі немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
Одағай сөздер жайлы
Орыс түркологтарының еңбектеріндегі қазақ тілі сөздерінің тапқа жіктелуі
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі принциптері туралы
Сезім мен эмоцияны білдіретін тіл бірлігі
Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер
Оқшау сөздердің сөйлемдегі қызметі
СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
Пәндер