Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
5
Кіріспе: 1 Ауыл шаруашылығының дамыуының басқару теориялық негіздері
5: 7
Кіріспе: 1. 1 Ауыл шаруашылығы саласының мәні және экономикалық маңыздылығы
5: 7
Кіріспе: 1. 2 ҚР ауылшаруашылығын мемлекеттік - құқықтық басқару
5: 14
Кіріспе: 1. 3 Ауыл шаруашылық саласының негізгі бағыттарының шетелдік тәжірибелері
5: 17
Кіріспе: 2 Ауыл шаруашылығының бағыттарының даму деңгейі талдау
5: 28
Кіріспе: 2. 1 Ауыл шаруашылығының қазіргі кезеңдегі жағдайы
5: 28
Кіріспе: 2. 2 Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
5: 42
Кіріспе: 3 Ауыл шаруашылығының мемлекеттік басқаруды жетілдірудің басымды бағыттары
5: 51
Кіріспе: 3. 1 Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытудың басымды бағыттары
5: 51
Кіріспе: 3. 2 Ауыл шаруашылықты басқаруға байланысты нормативтік, құқықтық ұсыныстар
5: 57
Кіріспе: Қорытынды
5: 67
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
5: 70
Кіріспе: Қосымшалар
5: 72

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.

Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенінің барлық салалары мен буындарының қалыпты қызмет атқаруының маңызды шарттарының бірі - оларды мемлекеттік басқару болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік басқару бірқатар әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешумен тығыз байланысты.

Біріншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Қазақстан үшін өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету қажетті талаптарға жеткілікті деңгейде жауап бере алмайды, азық-түліктік қауіпсіздікке қол жеткізу тұтастай алғандағы экономикалық қауісіздікті қамтамсыз етудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Екіншіден, халқының 43%-ті ауылдық елді мекендерінде тұратын ел үшін ауылда жұмыссыдық мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Еңбекпен қамтамасыз етілу неғұрлым жоғары деңгейде болса, онда табыс көзі әлеуметтік тұрақтылыққа әкеледі. Ауылдың барлық әлеуметтік мәселелерін өз мойнына алу үшін мемлекеттің қажетті ресурстары жетіспейді. Сондықтан мемлекет ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына жағдай жасауы тиіс.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығының дамуы нәтижесінде тұтастай экономика үшін едәуір мультипликативті әсер тудыратынын ескеру қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі елде ішкі сұранысты арттырады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуынсыз онымен сабақтас салалардың дамуы мүмкін емес. Демек, агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдау және мемлекеттік басқару оның алға дамуының маңызды алғышарты болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің, елдің сауда және төлем балансын жақсартудың қосымша қайнар көзі болып саналады [1] .

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 10. 01. 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін өркендетудің әсіресе ауылдық жерлерде оны әрі қарай дамытудың негізгі жолдары көрсетілген [2] .

Жолдауда бекітілгендей «Жаңа технологияны және бизнес модельді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігі, ғылыми сиымдылығы болып шаруашылық кооперациясы қажетілігін күшейтеді» [3] .

Қалыптасқан экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында барлық денгейде басқару мен экономикалық ынталандырудың барынша тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру және қолдану қажеттілігі туындап отыр. Нарықтық қатынастарға бейімделу, ауыл шаруашылық өндірісі көрсеткіштерінің, атап айтқанда, сапалы өнім көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерінің артуы, өндіріс, айырбас, тұтыну, өткізудің тиімді жүйелерін қалыптастыру - тиімділікті арттырудың алғы шарттары болып табылады.

Ғылыми зерттелу деңгейі: Ауылшаруашылық саласының негізгі дамыту мәселелерін зерттеуде Абалкин Л. ., Витте С. Ю., Кадиров A. M., Кассиров Л. Н., Никитина Н. В., Никинов А. А., Сафронов Б., Свободен Б. А., Райфайзен Ф., Хусанов А. Х., Югай A. M., және тағы басқа ТМД ғылымдары өз үлестерін қосты.

Отандық терең зерттеген ғалымдар: Аймен А. Т., Белгібаев К. М., Григорук В. В., Есполов Т. И., Есіркепов Т. А., Кемел М., Куватов Р. Ю., Қалиев Г. А., Кубаев К. Е., Молдашев А. В., Сабден О. С., Сатыбалдин А. А., Сигарев М. И., Сүлейменов Ж. Ж., Сундетов Ж. С, . Мырзалиев Б. С. және басқа да авторлардың ғылыми еңбектерінде кеңінен көрініс тапқан.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту жолдарының теориялық және тәжірибелік негіздерін тұжырымдау.

Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:

- ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамытуды теориялық негіздеу;

- ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту жағдайын талдау;

- ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту жолдарын айқындау.

Зерттеу нысаны: Аймақтардың ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтары, әр түрлі деңгейдегі агроөнеркәсіптік кешендері.

Зерттеу пәні: Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту жағдайын арттырудың жолдары, әдістері мен мәселелері зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі: Жалпы зерттеудің теориялық әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мәселелерін зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды. ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, ҚР Ұлттық экономика Министрлігі, нормативтік-анықтама материалдары, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері.

Тәжірибелік маңыздылығы: Дипломдық жұмыста тұжырымдалған ауыл шаруашылығы саласының негізгі бағыттарын дамыту негізінде қол жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқындалды. Жұмыстың теориялық қағидалары мен тәжірибелік тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Ауыл шаруашылығы экономикасы» және «Агробизнесті ұйымдастыру және менеджмент негіздері» және әр түрлі курстарда экономикалық пәндерді оқытуда қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМЫУЫНЫҢ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Ауыл шаруашылығы саласының мәні және экономикалық маңыздылығы

Ауыл шаруашылығы өсімдік шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысатын халық шаруашылығының негізгі саласы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнеркәсіптің көптеген салаларымен байланысты. Соның нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенін, яғни елімізді өнім мен ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ететін саланы қалыптастырады. Өнеркәсіпке қарағанда ауыл шаруашылығы рельефтер, ауа-райы, жер құнарлығы кең аумақта жүргізіледі. Ауыл шаруашылығында көптеген өндірістік процестер мезгілдік сипатқа ие болып келеді, себебі жануарлар мен өсімдіктердің табиғи өсу жағдайымен байланысты. Табиғат жағдайлары өнеркәсіп еңбегінің нәтижесіне қарағанда ауыл шаруашылығы процесіне әсер етеді.

Қазақстанның агро өнеркәсіп секторы қоғамның әлеуметтік және саяси тұрақтылығын, экономиканың дамуында үлкен маңызы бар сала болып табылады. АӨК-нің (Аграрлық-өнеркәсіптік кешен) тұрақты қызмет көрсетуі Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Қазақстанның агроөнеркәсіп секторының, ауылшаруашылық жүйесінің тиімді қалыптасуы, ауыл шаруаылығы өнімдерінің өндірісі мен сату көлемінің өсуі үшін өте үлкен мүмкіндікке ие. Алайда қазіргі таңда ауыл шаруашылығының және ауыл территориясының дамуы әлі де тиімді жағдайда емес. Ауыл аймақтары экономикалық тиімсіз құрамда қалуда [2, 3] .

Барлық шаруашылық санаттарына ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары және үй шаруашылықтары жатады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына мемлекеттік шаруашылықтар және олардың негізінде құрылған басқа өндірістік шаруашылықтар (ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, агрофирмалар және т. б. ), кәсіпорындар мен ұйымдардың қосалқы шаруашылықтары жатады. Үй шаруашылықтарына халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, ұжымдық бау-бақшалар, саяжай учаскелері жатады. Шаруа (фермерлік) қожалықтары өмірлік мұраға қалдырылған қожалық, немесе жерді жалға алып пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізу жүзеге асырылатын еркін кәсіпкерлік нысаны.

Ауыл шаруашылығының табиғи негізі ауыл шаруашылығында пайдалынылатын жер болып табылады. Ауыл шаруашылығы жерлері - ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер учаскелері. Оның құрамына егістік жерлер, тұрақты дақылдар, егістік жерлер, шабындықтар мен жайылымдар кіреді. Ауыл шаруашылығы жерлерінің келесідей түрлері бар: шабындықтар, жайылымдар және егістік жерлері. Ауыл шаруашылығы екі негізгі саладан тұрады: өсімдік және мал шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығының территориялық дифференциясының әлеуметтік-экономикалық факторлары. Қала тұрғындарының өсу темпін күшейту ауыл шаруашылығы территориясының тұрақты өзгеруіне әкеліп отырады.

Осы жағдайда, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып өткен ғасыр ауыл шаруашылығы экстенсивті даму жолынан бас тартып интенсивті дамуға көшеді. Осыны алғаш болып түсінген миллиардтан астам халқы бар Қытай елі табиғи өнімдерді тұтынуға көшті, өз тұтыну өнімінің сапасын ойлай отырып, олар өндіріс көлеміне әсерін тигізіп отырды.

Ауыл аймақтарының дамуында екі альтернативті жолдары анықталады: дамыған, бай елдер және кедей елдер үшін. Алғашқы елдерге өткен еңбекті қолдану тиімді және перспективті, өйткені ол жеткілікті: ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиясын жетілдіру, ал екінші үшін тірі еңбек, яғни еңбек күштері. Бұл әдіс қолмен жұмыс атқаруға қайта көшумеханизация құралдарын қолданудан бас тарту, регресс сияқты көрінеді. Алайда, Қазақстанның реформалық тәжірибесінің өсуі көрсеткендей ол оптималды әдіс болып табылады. Жеке шаруашылықтар негізінен республика тұрғындарын тұтыну өнімдерімен қамтамасыз етеді: ет, сүт, картоп, көкөніс, жеміс-жидектермен. Ал олар тірі еңбекті қоладанады. Болашақта бұл жол да перспективалы. Жер игеруші, қойшы, т. б. өз қажетілігінен үнемдей отырып, өндіріске қажетті құралдарды алу үшін, яғни өткен еңбекке қол жеткізу үшін ақша жинақтайды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде республиканың ауыл шаруашылығы секторында өмір сүру деңгейі біршама төмендеді. Себебі табыс көлемі қажетті өмір деңгейін қамтамасыз ете алмады. Қазақстанның ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қажетті ең қарапайым жағдайы да жоқ. Соңғы он жылдықтарда ауылда көптеген қысқартулар жүруде: мектептер, мәдениет үйлері, мектеп алды мекемелері, медициналық қызмет көрсету бөлімдері азаюда. Оның себебі нарықтық экономикаға көшу себебіне келіп тіреледі. Бірақ біз бұл жерде ауыл тұрғындарының еліміздің тарихи дамуының бастауы екенін айта кету керек. Олар өндірісітік, тұтыну және ауыл шаруашылығы кешендерінің құрылуы мен дамуының негізі болып табылады.

Еліміздің ауыл шаруашылығы нарықтық экономикаға көшу барысында бірнеше кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең, 1990-1994 жылдарды қамтиды. Бұл уақыт аралығында бұрын қалыптасқан меншік түрлері мен шаруашылық құрылымдарының мәжбүрлеп өзгерту тән болды. Өйткені меншікке деген монополия елімізде нарықтық қатынастарды орнатуға жол бермеді, осы кезең ішінде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Қазақстан АӨК мемлекеттік емес меншік формалары 30%-дан 92%-ға дейін өсті.

Екінші кезең, 1995-1998 жылдар аралығы. Бұл ауыл мен ауыл шаруашылық құрылымдарының қатаң нарық жағдайына бейімделе бастау кезеңі басталды. Ол процеске ішкі және сыртқы факторлар елеулі әсер етті. Кәсіпорындардың алдында нақты даму бағдарламаларының болмауы әртүрлі себептермен байланысты бақылаудың босаңсуы да өндірістің құлдырауына өз әсерін тигізді. Халықтың әл ауқаты мен тұтынушылардың қабілетінің төмендеуі ауыл шаруашылығы өніміне деген сұраныстың азаюына, бағалардың төмендеуіне алып келді. Осы кезең ішінде мал басы санының азаюы жаппай етек алды, ірі қара мал саны 1994жылы 80 млн-нан 1998 жылы 4 млн-ға, қой саны 25 млн-нан 9. 6 млн-ға дейін, құс саны 33млн- нан 18 млн-ға дейін төмендедеі. Дегенмен осы кезең ішіндегі негізгі мәселе ел басының 1995 жылдың 22 желтоқсанында қабылдаған «Жер туралы» күші бар жарлығының мәні ерекше болды. Осыдан бастап республикада 3 млн жуық адам жеке шаруашылық жүргізуге арналған жер телімдерінің иесі атанды.

Үшінші кезең, 1999-2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылықы жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастады. Жүргізілген реформалардың нәтижесінде өндірілген өнімнің 99% жеке меншік құрылымдарының үлесінде болды.

Төртінші кезең 2002-2003 жылдар аралығы. Бұл кезең аграрлық өндірістегі реформаны сақтау ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік және ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастыра қарастырылды.

Бесінші кезең 2003-2005 жылдар аралығы, «Ауыл жылдары» бағдарламасының аясында ауыл шаруашылығын қарқынды даму үстінде. Бұл жылдары ауыл шаруашылығының дамуына бет бұрысын сипаттайтын жер, орман, су кодекстері, астық, ветеренария, егінілік, сақтандыру туралы заңнамалар, көптеген заңдар аясындағы актілер, сондай ақ Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Қабылданған осы құжаттар нәтижесінде еліміздің ауыл аруашылығы саласының алдағы алдағы жолы анық. Министрліктің ұсынысы бойынша 2005 жылы «АӨК-ті және ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайына мемлекеттік реттеу» заңы қабылданды. Бұл заң ауыл шаруашылығы мен ауылдың әлеуметтік жағдайына мемлекетті қолдауды тұрақты етіп, АӨК қаржыландырудың көп каналды жүйесін қалыптастырып заңды негізде шешті [4, 5] .

2015-2019 жылдарда Ауыл шаруашылығын дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру нәтижесі болып АӨК және салаларын тұрақты дамыту, 2019 жылы ауыл шаруашылығының жиынтық өнім көлемін 2015 жылмен салыстырғанда 20, 7 % көтеру, отандық өнімдірдің артықшылығын, ұлттық бәсекелестігін дамыту, елді азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың биылғы « Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері » атты жолдауында экономиканы цифрлы технологиялар негізінде дамытуды тапсырдған болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін арттырудың төрт бағыты анықталды [2] .

Бірінші - заманауи негізде нүктелі жер өңдеу. Алқаптардың электронды карталары, нақты метеодеректер, сенсорлар және датчиктер, ғарыш мониторингі және басқа да шешімдерді пайдалана отырып, дәлме-дәл егіншілік элементтерін енгізу аясында агроқұрылымдарда нақты технологияларды енгізудің экономикалық моделін әзірлеу, оны субсидиялаудың жаңа жүйесін енгізуді жоспарлау, қанатқақты шаруашылықтарды анықтап, фермерлерді Ауыл шаруашылық университеттерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен және ауыл шаруашылығын цифрландыру, технологиялар әзірлеумен айналысатын әлемдік компаниялармен бірлесе оқыту.

Екінші -шаруашылықтарда нүктелі жер өңдеу технологиясының экономикалық моделін әзірлеп, оларға үйрету және кеңінен тарату, Ауыл шаруашылық техникасын жедел жаңарту. 2022 жылға дейін Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің техникаға деген инвестиция көлемін 240 млрд. теңгеге дейін жеткізу мақсатында биылдың өзінде 20 млрд. теңгеге ұлғайту.

Үшінші - мал шаруашылығын дамыту. Мал басының 57-60 пайызы үй шаруашылығында шоғырланғандықтан, өнімнің 72 пайызы да осы жерде өндіріледі. Сондықтан ұсақ фермерлердің ірі бордақылау алаңдары бар шаруашылықтармен кооперациясын ынталандыру арқылы мал өнімінің сапасы мен тауарлық көрсеткіштерін жақсартып, ет экспортының көлемін арттыру.

Төртінші - суармалы жерлерді үдемелі игеру. Қазір суармалы жер көлемі 2, 5 млн. -нан 1, 1 млн. гектарға қысқарды. Оны шартты түрде алқапқа айналдыратын болсақ, 7, 0-8, 0 млн. гектар жер айналымнан шыққанын көрсетеді. Егер кем дегенде 1 га суармалы жерден 15 центнер өнім алатын болсақ, жыл сайын 1 млн тоннадан астам астық алынбайды. Сондықтан 65 мың гектарға су беруді қайта қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жоспарланған [20] .

2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму стратегиясы ауыл халқының тұрмыс деңгейiн жақсартуға және қала мен ауылдың арасындағы айырмашылықты төмендетуге бағытталған ұзақ мерзiмдi мақсатты көздейдi. ҚР-сы Президентiнiң Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспары Қазақстанның ЖIӨ (Жалпы ішкі өнім) екi есе арттыруға және ауыл шаруашылығы саласының бәсекелестік қабілетiнiң дамуына ықпал ету арқылы ауылдағы тұрмыс деңгейiнiң тұрақты түрде ұзақ мерзiмдi өсуiне бағытталған.

Ең төмен ЖIӨ тiркелген және елдегі кедей тұрғындардың жартысынан астамы тұратын Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да шетiн жағдай қалыптасқан. Бұл 4 облыстың тұрғындары ауыл экономикасына түгелдей дерлiк тәуелдi. Жердің бос қалуы Оңтүстiк Қазақстан мен Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылығы егiстерiне терiс әсер етуде.

Соңғы кезде Республикада экономиканың аграрлық секторды тұрақтандыруға бағытталған белсенді шаралар жасауда, негізінен ауыл шаруашылығын басқару процесіндегі жеткіліксіздіктерді жоюға бағытталған нормативтік актілер мен заңдар жиынтығы қабылданған.

Сонымен бірге, жоғары нәтижелікке қол жеткізе алмағанымызды мойындауымыз қажет, еліміздің ауылдарының дамуын тежейтін процесстерге әлі де тоқтаулар болмауда, оларға мыналарды жатқызуға болады:

-тұрғындардың миграциялық көшіп қонуының интенсивтілігі әлі де төмендемеуде және негізгі көрсеткіштердің өндірісі жақсармауда;

-ауылдың әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымы онсызда төмен деңгейге жеткен. Ол мемлекеттің денсаулық сақтау, білім, байланыс, тарнспорттық байланыстың әлеуметтік кепілдігіне толық жауап бермейді;

-өзін өзі жою немесе олардың біршама қысқаруы ауыл аймақтарының жүйесінде маңызды өзгерістер байқалуда;

-ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі көтерілмеуде, оның еліміздің ЖІӨ құруда оның үлесі біршама төмендеуде;

-ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің өсуі байқалмауда.

Сонымен, ауыл аймақтарын дамыту мақсатында:

біріншіден, аграрлық қайта дамудың идеологиясын өзгерту, әлеуметтік кепілдерді экономикалық мақсаттылқпен теңестіру, яғни еліміздің аграрлық саласы мен оның жеке аймақтарындағы өзіндік ерекшелігіне қарай реформалаудың қарқыны мен масштабын келтіру қажет, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайдың болуы;

екіншіден, барлық реформалау шараларын жүзеге асыруда ауыл тұрғынының маңызды ролін орнату: саяси, экономикалық, шаруашылық шешімдер қабылдауда жұмысшыныңоған қатысу құқығын кеңейту, оның қандай да құндылықтарды қабылдау дайындығын ескеру, жаң еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда сенімді кәрілікпен қамтамсыз етілуі;

үшіншіден, аграрлық реформалардың негізгі заңнамаларын жетілдіруді жалғастыру: аграрлық саланы кеңейтуге бағытталған заңдар мен нормативтік актілерді қабылдау;

төртіншіден, ұсақтауарлы аграрлық өндірісті мемлекеттік қамтамасыз ету, шаруа қожалықтары мен тұрғындардың азықтану базасын және материалдық-техникалық дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайту; жалпы қолдампаздықтан экономикалық күшті және орта шаруашылықтарды қолдауға көшу; ауыл шаруашылығына қолдануға берілген жерлерді пайдалануды қатаң бақылауға алу; орталықтың жергілікті басшылық іс-әрекетімен қаржылық ресурстарды бөлістіру мен пайдалану; жеке, қосалқы және шаруа қожалықтарының еңбектері үшін әлеуметтік жеңілдіктерді көбейту: еңбек өтілін есептеу арқылы, уақытша немесе толық еңбекке қабілетілігінен айырылғанда, т. б. [6, 7] .

Қазiр ауылды жерде ел халқының 43 % тұрады. Егер Қазақстан тек ауыл шаруашылығына ғана арқа сүйеген ел болса, бұған түсiнiстiкпен де қарауға болар едi. Бiрақ бiздiң бағымызға қарай елiмiздiң мұнай-газ секторы, кен-металлургия саласы, басқа да өндiрiс түрлерi жақсы қарқынмен дамуда. Қалалар мен тұрмысқа қолайлы кенттерде, тiптi кейбiр ауылдық жерлердiң өзiнде шағын кәсiпкерлiк бел алып, оның нәтижесiнде ел экономикасындағы қызмет көрсету салаларының үлесi күрт артып келедi. Алайда, қала мен ауыл арасындағы тұрмыс алшақтығы әлi де сақталып отыр, тiптi, барған сайын тереңдей түсуде. Ресми статистика деректерiне қарағанда, қазiр ауылда тұратындардың үштен бiрiнiң табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен де төмен. Егер бiз ауылымыздың дамуын шын мәнінде қолға аламыз десек, ондағы тұрмыстың жақсаруын көптеген өркениеттi елдердегi секiлдi стандартты өлшемдерге көшiруiмiз керек. Ауыл шаруашылығы кешенді сала, сондықтан да оны мемлекеттік реттеу, қолдау қызметі түрінде жүзеге асырылады [8, 9, 10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ, ӘДІСТЕРІ
Аймақтық даму проблемасы
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы
Нарық жағдайындағы аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару ерекшеліктері
Әлеуметтік - экономикалық дамуды аймақтық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері
Мемлекеттік қызметінде аймақтық басқару органдарды қажеттілігі
Экономикалық аймақтың түсінігін әр түрлі көзқарастардан талдау және қорытындылау экономикалық аймақты ұлттық экономикалық кеңістіктің бөлігі ретінде анықтау
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Инвестициялық инфрақұрылымдық бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz