Ұлт және құндылық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі журналистика бұрынғы кезеңдегі журналистикадай емес, өзгеше. Соған орай бұл салада жүрген журналистердің салмақты сөздері, қоғамдық пікірлері де қалың жұртшылыққа әсер етпей қоймайды. Қазіргі аудитория да білімді, білікті мамандарды қажет етеді, атқарған істеріне зор сүйіспеншілікпен қарайды. Сондай мәртебеге ие журналистердің қатары баршылық. Қаламы ұшқыр, қарымды журналистердің күнделікті қоғамда болып жатқан ағымдық мәселелерге ілесіп отыруы, ой ұшқырлығы, терең толғанысқа құрылған дүниелері бүгінгі жас буын журналистер үшін біліп-тануы, зерттеуі, нақтырақ айтсақ, шығармашылығына үңілуі қажет құнды дүниелер деуге болады.

Қазақ телевизиясындағы бағдарламаларды талдап, оның сипатын ашу. Қоғамдық мәні мен айқындылығын, қажеттілігін дәлелдеу. Жалпы студиялық хабардың мақсаты мен міндеті дегеніміз не? Эфирге циклдік хабарлардың таратылуы әлеуметтік тұрғыдан алғанда халықтық мүддеге сай ма, отбасы құндылықтарға қандай әсерін әкелуде деген сауалдарды жан-жақты қарастыруға бағытталған дипломдық жұмыстың өзектілігі де осында.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ телевизиясындағы бағдарламалардағы, қазақ баспасөзіндегі отбасы құндылықтарын жан-жақты қарастыру, зияны мен пайдасын зерттеу.

Осындай мақсат қойылған жұмысты жазу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

- Бүгінгі қазақ дамуына терең бойлай отырып, шығармашылық ізденістер жолында жас журналистерге үлгі боларлық бірнеше көрнекті журналист, қаламгерлердің (Нұртілеу Иманғалиұлы, Қайнар Олжай, Қали Сәрсенбай, Нұртөре Жүсіп, Серік Жанболат) шығармашылық жолымен танысу;

- журналист шеберлігіне қойылатын талаптарды назарға ала отырып, көрнекті журналист, қаламгерлердің (Нұртілеу Иманғалиұлы, Қайнар Олжай, Қали Сәрсенбай, Нұртөре Жүсіп, Серік Жанболат) шеберлік мектебіне, шеберлік иірімдеріне терең үңілу;

- шеберлікті шыңдаудағы тәжірбие алмасу мен кәсіби дамуды үнемі жетілдіру бағытында бірнеше публицистер шеберханасына бойлап қарау.

Диплом жұмысының нысаны.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Зерттеу барысында сипаттама, салыстырма сынды кешенді әдістер басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен (ішкі бөлімшелерден), қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Ұлт және құндылық

Ұлт - деп нені айтамыз? Ұлттық ұғым деп ше? Жалпы қазіргі таңда өте көп ұлт түрі бар. Ұлт деп өзіндік мәні, ерекшелігі, қасиеті, діні, тілі, өзіне тән салт - дәстүрі бар халықты айтамыз. Біздің Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Елімізде 130 мыңнан астам ұлт бар. Бұндай кеңпейілділік пен сыйластық әр елде кездесе бермейді. Ал қазақ халқы үшін қонақжайлылық бірінші орында, біздің ұлттық құндылығымызда осыда. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері көпұлтты мемлекетіміз бір ту астында тату - тәтті өмір сүруде. Бірде орыс ұлттының пасха мейрамын тойлап жатсақ, орыс мемлекеті болса құрбандық шалып, наурыз тойлатып жатады. Елдің бірлігі осыда! Біздің ел үшін ұлттық құндылық - ол дінімізде, тілімізде, салт - дәстүріміз бен тәрбиемізде.

1. 2 Құңдылық ұғымы туралы
  1. Ұлттық құндылықтардың ерекшелігі

Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Әр ұлтты ерекшелендіретін тілі, мақал-мәтелдері, ертегілері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, салт-санасы, әдет- ғұрпы, менталитеті, мәдениеті, тұрмыстық бұйымдары, тағамдары, өнері, ұлттық қолөнері, ұлттық ойындары, т. б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі - ұлттық құндылықтарға жатады. Қазіргі таңда қазаққа тән ұлттық құндылықтарымызды өкінішке орай, өте нашар сақтап жүрміз. Кеңес кезінде көптеген ұлттық құндылығымызды «ескінің қалдығы» деген сылтаумен ұлттың көзін жоюға тырысты. Егеменді ел болғаннан бері ұлтжанды азаматтар ұлттық құндылығымызды қалпына келтіруге ниеттенуде. Бірақ, биліктің ұлттық құндылықтарға деген немқұрайлылығы көп жағдайда кедергі келтіруде. «Нарықтық қатынас, әлемдік қауымдастыққа кірігу» деген сылтаумен ұлттық құндылыққа көңіл нашар бөлінуде. Қазір жалпы ұлттық мүддеге қарағанда, әркім өзінің жеке қара басын көбірек ойлайды. Материялдық құндылықтар алдыға шығып тұрған заманда ұлттық құндылықтар көп ескерілмей қалып жатыр. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. Оны әр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек. Егер халық өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса, ол халық - «ұлт» деп саналмайды. Сондықтан әр ұлт өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтауға тырысады, әрі қорғайды. Қазақ халқы да өзінің ұлттық құндылықтарын сақтауы керек. Италияның жиһанкез кәсіпкері Реналью Гаспирин: «Мен әлемнің 141 елін аралаған адаммын. Солардың ішінде өз мемлекетінде, өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім. Ол - Қазақстан халқы екен», - депті. Егер өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып алсақ, ХХІІ ғасырда біреулер, «Қазақ деген өздерінің ұлттық құндылығы жоқ, бейшара халық екен» деуі мүмкін. Сөйтіп ұлт ретінде бізді әлем мойындамайтын болады. Ұлттық құндылықтар ғасырдан ғасырға жалғасқан, өмірдің сынынан өткен, пайдалы екені дәлелденген. Мысалы, қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, осы уақытқа дейін жетіп отыр. Баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, баланың ана құрсағынан жарық дүниеге келген соң табиғи өсуіне әсер етеді. Жапонның әйгілі медицина ғалымы Гау Щияу Иде Илаң қазіргі заманғы озық аспаптарды қолдана отырып зерттеу жүргізген. Оның зерттеуі бойынша «сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түседі. Алайда өмір есігін ашқан соң жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыру керек» деген қорытынды жасайды. Міне, қазақ халқының ұлылығы, осы процестерді өзінің өміріне пайдаланып, бала жарық дүниеге бейімделгенше, бесікке бөлеп, тербетіп отырған. Ұлттық құндылықтар ауыл мен қалада бірдей дамымайды. Негізінен, ұлттық құндылықтар ауылды жерде жақсы дамиды. Қазақ халқында да ұлттық құндылықтар ауылды жерде қолданылады. Қалада аз немесе тіпті қолданылмайды да. Қалада басқа ұлттардың салт- дәстүрлері араласып кеткен. Халық ауылдан қалаға шоғырлану үстінде. Қазірше ауылды жердің қазағы көп болғанымен, 30-40 жылдан кейін қазақтардың басым көпшілігі қалалық болады. Осы жылдар ішінде Алматының халқы 2 миллионнан, Астана, Шымкент, Ақтөбенің халқы бір миллионнан асады деп күтілуде. Бұлардан басқа да облыс орталықтары бар. 30-40 жылдың ішінде Қазақстан халқы 20 миллион болғанның өзінде 50 пайыздан көбі қалалық болады. Демек ұлттық құндылықтың қолданылуы кемиді. Кейбірі қолданылмайды да. Сөйтіп ұлттық құндылықтар ұмытыла береді. Бұл да ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ұлттық құндылықтарды заманға қарай дамытып, қалаға «көшіре» бастау керек. Кейінгі кезде ұлттық құндылықтарымызды қорлау байқалып жүр. Мысалы «КТК» телеарнасы «Бешбармақ шоу» деп қазақтың қадірлі асы еттің атын қорлауда. Біріншіден қазақта «беш» деген сөз жоқ. Қазақтар «бес» дейді. Адамда барлығы төрт қана бармақ бар, екеуі аяқта екеуі қолда, қалғандары саусақ деп аталады. Қазақтар: «Бес саусақ бірдей емес». «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» деп мақалдайды. «Бес бармақ бірдей емес». «Бармақ бірікпей ине ілікпейді» деп айтпайды. Екіншіден қазақта «Бешбармақ» деген ас жоқ. Қазақтар «ет тағамы» дейді. Кеңестік кездің өзінде асханаларда «Қазақша ет» деп жазатын. Ал «бесбармақ» деп патшалы Ресей кезінде «қазақтар тамақты қолмен жейтін жабайылар» деп мазақтап, қорлап айтқан. Сол кездегі мазақтап, қорлап айтқан атауды енді өзіміз телеарна арқылы бүкіл елге жарнамалап жүрміз. М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, т. б, дүниеден өтіп кеткен классик жазушыларымыздың, қазіргі көзі тірі Ә. Кекілбаев, Қ. Жұмаділов, М. Шаханов, т. б. ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан ет туралы «бешбармақ» сөзін кездестірмейсіз. Өйткені олар бұл сөздің шығу төркінін жақсы біледі. Сондықтан айтуға намыстанады. Намыстанбай жүрген тек осы шоуды ұйымдастырғандар, оны жүргізгендер, оған сарапшы болғандар. Өкінішке қарай, қазір «бешбармақ» сөзін асабалар да, басқалар да жиі қолданатын болып жүр. Ал, сүйікті, қадірлі әншіміз Роза Рымбаева «Беш» деп шырқап, ұн шашқан клипке түсуі, бұл сөздің қайдан шыққанын білмегені өкінішті-ақ. Осыған байланысты, анасын қорғаймын деп Әли де «31-телеарнаның» «Сырласу» ток-шоуында байқамай біраз артықтау сөз айтып қалды. Бұл, ұлттық құндылықтар туралы жастарымызға дұрыс мәлімет бере алмай жүрген үлкендердің кемшілігі. Қазіргі жастар телеарнадан не көрсе соны шындық деп қабылдайды. Жастарды телеарналар тәрбиелеуде. Ал көрші ұлттардың өзі ұлттық құндылықтарын ешкімге қорлатпайды. Өзбектер палауын, қырғыздар да етті қолмен жейді. Бірақ олар ұлттық астарын «бешбармақ» деп қорлатпайды. Өзбектер өйтіп атаған адамдардың тілін кесіп алар еді. Қазақта «Тойбастар» деген дәстүр бар. Сондай-ақ «КТК» телеарнасы қазақтың «Тойбастар» сөзін де қорлап, «Той BestStar» деп атап сайқымазаққа айналдырып жүр. ­Қазақтың ұлттық құндылықтарын және оның атауын қорлағандарды да жазалайтын заң қабылдау керек. Қазір бағамдап қарасақ, талай ұлттық құндылықтарымыз қолды болып кетіпті. Басқалар біздің ұлттық құндылықтарымызға халықаралық патент алып алған. Мысалы, шетелдік сән үлгілерінен қазақтың ою-өрнегінің, қыздарымыздың қосетек көйлегінің нышандары байқалып қалады. Сондай-ақ өзбектер - қазы-қартаны, немістер - қымызды, жапондар - айран мен шалапты өздерінің ұлттық асы деп халықаралық патент алып алған. «Жақсыға әркімнің де бар таласы» деген ғой. Үйір-үйір жылқы үйірген қазақтың «Қыз Жібек» жырында: «Жағалбайлы, жылқысын көптігінен баға алмайды», деген өлең жолдары бар. Ал, үйір- үйір жылқы үйіріп, кертіп қазы-қарта жеп, саба-саба қымыз сапырған, жылқысын көптігінен баға алмаған өзбекті де, немісті де, естіген де, көрген де жоқ едік. Қазы-қарта мен қымызға бұлар ұлттық тағамдары ретінде қалай патент алғандарын кім білсін? Ұлттық құндылықтарды «біздікі» деу үшін халықаралық патент алу керек. Ол үшін жанды, жансыз не нәрсеге де сол елде стандарты жасалуы тиіс. [1] Біздегі тазы итімен айналысушылар оған халықралық патент алайын десе тиісті мекемелер тазыға стандарт жасап бермей отыр. Бұл мекеме ойланып-толғанғанша тағы біреулер оны иемденіп кетуі ғажап емес. Қазақ тазысының жанашыры, «Аймақаралық кинологиялық орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, Халықаралық және ұлттық дәрежедегі сарапшы Нина Макерова ханымның тазы туралы ойын «Егемен Қазақстан» айта келіп: «Сондай-ақ, ол бұл тұрғыда Ауыл шаруашылығы министрлігінің сырғытпа жауаптарына да көңілі толмайтындығын айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда, аталған министрлік бұл мәселемен өздерінің айналыспайтындарын жеткізген. «Сонда кім айналысыды бұл іспен және бұл тұрғыда мемлекеттік қолдау кезек күттірмейтін мәселе», дейді Н. Макерова», дей келе, «Осындай асыл қазынамызды құнттамай жүргеніміз менің жаныма қатты батады. Ашынғаннан кейде ащы дауысым да шығып кетеді… Түрікмендер тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ тазысы мен алабайын заңдастырып алыпты. Біз әлі күнге дейін қалың ұйқы құшағында жүр екенбіз. Бұлай жата беруге болмайтыны анық. Қазірден қимылдамасақ, жоғарыда айтқанымыздай, өкінішке ұрынып қалуымыз әбден мүмкін. Осылай деп әңгімесін әрі қарай жалғады қазақ тазысының жанашыры» деп жазды [2] . Егер ұлттық құндылығымызды сақтай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Жаһандануға жұтылып кетпей, президентіміздің алдыға қойған мақсаты «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құндылық - ұлттың тірегі!

Отбасы құндылығы және медиапсихология

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан», - деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» [3] . Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу - болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды - ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы - қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы - парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемле­кеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениет­термен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан кел­генше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануы­мыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағида­ның біріне айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интел­лектуалды сапаға көтеріп алу тиімді. Отбасы - тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарын игеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. Тұлға отбасында өмірдің мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы - адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Қазіргі таңда әлемдік жаһандану үдерісінің ұлттық мәдениетке, дәстүрлі ұлттық құндылықтарға тигізетін кері ықпалы күшейді. Қоғамымызда осындай үдерістердің үдеуі салдарынан жас буын жат елдің мәдениетіне еліктеп, сан ғасырлық ата дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұмыта бастады. Осыған орай жас ұрпақты ұлттық құнды­лықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы - ұлттық құндылықтарды қалып­тастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары фольклор үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылық­тарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады. Қазіргі таңда отбасы тәрбиесінің көп аспектілі мәселелері мемлекет тарапынан қолдау тауып, Елбасының тікелей бастамасымен бірқатар игілікті істер атқарылуда. Отбасы тәрбиесінің мәселелерi көптеген педагогикалық зерттеулерде де қарастырылған. «Жақсылық жақсы атаның баласынан тарайды» дейді кемеңгер халқымыз.

Осы арқылы тәрбиелі отбасынан тек жақсылық күт десе, шырқы бұзылған отбасын да «Шығады қисық үйден қисық түтін» деп түйреп өтеді ата-бабаларымыз.
Халқымыздың ұлы ақыны хакім Абай баланың өмірді танып-білуіне, оның бойын­да қалыптасар барлық қасиеттеріне бір жауапты адам ата-ана дей келе: «Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі - ата-анадан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе сонысынан жұғады» деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр. «Отан - отбасынан басталады» дейді халық. Отбасының екі тірегі - әке мен ана. Адамды әлеуметтендіру, яғни оның қоғамға енуі, өзгелермен қарым-қатынасы отбасынан басталады. Үлкенді құрметтеп, қадір тұтуды, сыйласа білуді қазақтар отбасында берік ұстанған. Мұны ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан нақыл сөздердің өзінен-ақ байқауға болады. Атап айтсақ, «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды», «Аға әдепті болса, іні әдепті. Апа әдепті болса, сіңлі әдепті», «Әдептің не екенін, әдепсіз адамды көргенде ұғарсың», «Әдепті жігіт өсірсе, ауылдың абыройы», «Жібек мінезді қыз жұртқа жағады». Осы тектес мақал-мәтелдеріміз қазақ халқы әр уақытта әдептілікті құрмет тұтқанын, сыпайы, кішіпейіл адамды басқаларға үлгі-өнеге ете білгендігін, жас ұрпақтың тәлімді, тәрбиелі болып өсуіне ерекше назар аударғандығын айқын көрсетеді.

Отбасылық құндылықтар - ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың негізі. Әр көкірегі ояу қазақ баласының ұлттық құндылықтарды меңгеруі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады. Ұлттық құндылықтар және отбасылық құндылықтар барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Мысалы, философиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, құндылықтар адамға қоршаған әлемдегі құбылыстардың маңыздылығын, әлеуметтік ерекшеліктерін түсіндіру үшін қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі
Ұлттық ерекшеліктердің педагогика ғылымында зерттелуі
Көпұлтты мектептегі патриоттық тәрбие
Құндылықтар философиясы түсінігі
Ұлттық құндылықтар
Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі
Саяси құндылықтар жүйесі
Философиялық құндылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz