Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жұмыстың зерттелу деңгейі: жaстар саясатын зерттеу кезек күттірмес мәcелелердің бірі бoлып тaбылады. Өткен oн төрт жылдың ішінде әлеумeттік және гуманитария салалары бойынша жарық көрген ғылыми және публицистикалық еңбектер жастар қызығушылығының қалыптасуы саясат тақырыбын баян еткендігі байқалады. Кеңес дәуірінде жазылған жастар мәселесіне қатысты зерттеулер мен диссертациялар негізінен идеологиялық бағыт шырмауынан шыға алмады. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған Қазақстан-2050 стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады. [1]
Жастар - яғни, біз болашақтың негізі ретінде өз білімімізбен, жасампаз еңбегімізбен және күш-жігерімізбен өз болашағымызды құрудың жаңа мүмкіндіктерін алуымыз қажет.
Мемлекеттік жастар саясаты - Конституцияда және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген жас адамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық, жеке құқықтары мен бостандықтарын толықтануға негізделеді.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
- жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
- білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету;
- жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асуындағы ерекшеліктерін сараптау болып табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді;
-жас ұрпақты халықтың ерекше әлеуеметтік-демографиялық топ ретінде
статусын және жаңа әлеуеметтік-саяси жағдайдағы олардың саяси және
әлеуметтік белсенділігін анықтау;
- әдістемелік және теориялық тұрғыдан кешенді мемлекеттік жастар
саясатын қажеттілігін негіздеу;
- жастар саясатын қалыптастырушы негізгі шарттардың бірі ретінде
өтпелі кезеңдегі тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-саяси ерекшеліктерін
зерттеу;
- республикада жүргізіліп отырған жастарды әлеуеметтік қорғау
мемлекеттік саясатын зерттеу, ұйымдастыру құрылымын сараптау;
- бұрынғы КСРО кезінде жүргізІлген жастар саясаты мен жаңа жастар
саясатын жүзеге асыру механизмдерімен салыстыра отырып сараптама жүргізу;
- жастар ортасындағы ұлттық сананың қалыптасу үрдісінің ерекшеліктерін зерттеу;
- мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдарға әлеуметтік
сауалнамалар, статистикалық деректердің есебі, материалдық жағдайын,
- жұмыспен қамту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың құқықтық мәртебесін жақсартуға арналган заңдар мен мемлекеттік құжаттар негізінде теориялық-практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша қазіргі таңда жаңа буын өкілдері жоғары интеллектуалды, энергияға толы күші мен талпынысын көрсетуде. Жастар еліміздегі реформалардың тірегі мен қозғаушы күшіне айналуда. Әрине республикамыздағы әр үшінші адам жастар қатарында болса, олардың қоғамда ықпалды топ екендігін аңғару қиын емес.
Сол себептен Қазақстан жастарының жалпы жай-күйі билік жанынан құрылған жастар ісі бойынша арнайы органдардың бақылауында болуы орынды. Қоғамның, мемлекеттік құрылымның, өкілеттік өкімет органдарының назарын жастар проблемасына аударуының бірден бір айғағы - Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі құрамынан арнайы Жастар саясаты департаментінің құрылуы болды.
Жастардың патриоттық сезімін, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыруда олардың әлеуметтік проблемаларын шешудің маңызы зор. Сондықтан, билік өкілдерінің жастарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша атқаратын жұмыстары баршылық. Жастар мен билік арасындағы өзара әрекеттестіктің біріне - әлеуметтік саладағы әріптестік жатады. Қазіргі Қазақстан үшін жастар мәселесін шешуге бағытталған әлеуметтік қызметті құруда жастардың өз ынтасы мен жеке жауапкершілігінің айрықша мәнге ие екендігі айтпаса да белгілі.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері негізінде жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік басқарудың рөлінің теориялық-методологиялық негіздері, олардың жалпы жай-күйі, жұмыспен қамтылу деңгейі, мемлекеттік басқару технологиялары, өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар: - жастар саясатын жүзеге асыруда рухани өмірімізде пайда болған ой еркіндігі мен пікір алуандығы тұрғысынан еліміздегі мемлекеттік басқару тарихи даму белестеріне алғаш рет кең көлемде талдау жасалған; - мемлекеттік басқарутың теориялық және методологиялық мәселелері тиісінше молынан талданған; - Қазақстандағы жастар саясаты бойынша, жастардың жалпы жағдайына шолу жасалып, олардың бет-болмысы толықтай ой елегінен өткізіліп, соны пайымдаулар жасалған; - жастар саясатындағы мемлекеттік басқару жүргізудің технологиясы қарастырылып, шетелдік тәжірибелер тартылған, соны идеялар ұсынылған.
Диплoм жұмыcының oбъeктіcі - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын зерттеу және жетілдіру Қарағанды облысы Осакаров ауданыңдағы ішкі саясат бағытындағы жастардың әлеуметтік және экономикалық қызметі.
Дипломдық жұмыстың құрылымына тоқталсақ.
Менің дипломдық жұмысымның құрылымы кіріспеден, үш тараудан,әр тарау үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмысында 11 кесте және 21 сурет енгізілген.
Бірінші тарауда: Мемлекеттік жастар саясатының бағыттары мен теориялық негіздері жайлы, атап айтатын болсақ жастар саясатының түсінігі, мақсаттары мен қағидалары және жүзеге асыру әдістері мен формалары, үлгілерінің жіктелуі баян етілген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы жайында. Сондай-ақ, жастардын этникалық - діни саясатының теоретикалық негіздері жайлы айтатын боламыз.
Екінші тарауда: Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты дамуын сипаттайтын үрдістерді талдаймыз, Соның ішінде Қарағанды облысы Осакаров ауданыңдағы жастар саясаты жайлы. Қазақстандағы жастардың діни саясатының жағдайы қарастырылады.
Үшінші тарауда: ҚР-да жастар саясатын жетілдірудің негізгі бағыттары қарастырылған. Атап айтатын болсақ Орталық Қазақстан облысы Осакаров ауданыңдағы жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдауын талқылаймыз. Мемлекеттік жастар саясаты дамуының перспективалары жайлы айтамыз.
Жастардың өзекті мәселелері бойынша нақты шешімдерді қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар үнемі ғалымдармен және сарапшылармен кездесулерді ұйымдастырады. Сонымен бірге жастарды кәсіпкерлікке тарту, ішкі туризмді дамыту бойынша жаңа жобаларды іске асыру бойынша міндеттер қойылған.
Мемлекет отандық жастарға қатысты қабылданған шараларға сәйкес, Қазақстан жастардың жаһандық даму индексі бойынша 183-ші орынға ие болды. Жастар ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтік зерттеулерінің нәтижелері бойынша сұралған жастардың 75% -ы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қанағаттанған.

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

0.1 Жастар саясатының түсінігі, мақсаттары мен қағидалары және жүзеге асыру әдістері

Мемлекеттік жастар саясаты - бұл елдегі жас азаматтарды қолдауға бағытталған мемлекетпен жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдық және құқықтық шаралар жүйесі.
Жастар саясатының мақсаты жастардың өмірінің сапасын жақсарту, құқықтық кепілдіктер, саяси және экономикалық жағдай жасауда тұрақтылыққа қол жеткізу болып табылады.
Бұл мақсат бір-бірімен байланысты екі міндетті анықтайды:

Сурет 1- Жастар саясатының екі міндеті
Ескерту - сурет автормен құрылған

Бүгінде қоғамда қызығушылық танытып, ерекше мән беріп отырған түрлі шаралар ел ертеңінің еңселі болуына өзіндік үлесін қосуда. Соның түпкілікті бір тармағы ретінде жастар саясатын атауға болар еді. Оның мемлекеттің саяси ахуалын қалыптастырудағы рөліне қатысты түрлі сыни пікірлердің туындауы бірінші кезекте қоғам өмірінде қаншалықты орын алатындығын аңғартқандай. Десек те, жастар саясатының мемлекеттік шеңберден асып, халықаралық дәрежеге дейін талқылана бастауы, оның қауқарының қандайлығын тағы бір қырынан танытып берді.
Сонымен, қазіргі таңда өзіміздің осы тарапта жасалған заң негізінде түрлі бағыттағы жұмыстар біртіндеп болса да қолға алынуда.
Егер әлемдік тәжірибеге назар аударар болсақ, мемлекеттік жастар саясатын нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін оның айтар едік. Себебі, түрлі елдер қоғамдастықтары тарапынан бұл мәселеге аса мән берушілік өткен ғасырдың аяғында-ақ байқала бастаған. Сонау 80-ші жылдардың орта тұсында жастарға қатысты туындаған заңдарға түрлі тарапта айқын көрініс тапты. 1985 жылдың халықаралық жастар жылы деп белгіленуінің өзі соның бір айғағы болып табылады. Сол уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 40-шы сессиясының күн тәртібінде жастарға арналған заңдарды халықаралық талаптар мен нормаларға сай етіп жасау қажеттігі туралы мәселе көтеріліп, соның негізінде арнайы құжаттар дайындалған болатын. Ал бұл өз кезегінде әлем елдерінің осы тұрғыдағы байланысының берік орнығуына негіз болды.
Ел ертеңі саналатын жастардың қоғам өмірінде алар орны бүгінде соншалықты маңыздылыққа ие болып отыр. Биіктен көрінерлік талапты жастардың қоғам өміріне араласуы бір жағынан уақыттың өзі межелеген белгісі секілді көрінеді. Жас сананың мемлекет негізінің дұрыс қалануында қаншалықты орны барын уақыттың өзі дәлелдеп берді.
Сондықтан болар, жастар болашақтарының басқаның емес, өз қолдарында екендігін түйсікпен түсініп үлгергендей. Олар бірінші кезекте өз қалауларын дұрыс таңдауға мүмкіндік алды.
Мемлекеттің олардан ендігі бар күтетіні - соларды жүйелі түрде жүзеге асыру.Осыдан бірнеше жыл бұрын "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заң өмірге келген еді. Яғни, қыз-жігіттерге бұрын-соңды бағындырылмаған биік белестерді бағындыруға, жаңа көкжиектерге көтерілуге жағдай жасалды. Қолда тұрған заңды игілікті істерге арнау - мезгіл талабы болғандықтан белсенділегі тыңнан жаңа жол тауып, берері мол мемлекеттік жастар саясатын осы Заңға сүйеніп ретке келтіріп отырды. [2]
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты:
-ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделерi мен қажеттiлiктерiн тану;
-Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;
- тән саулығын сақтау және нығайту;
- адамгершiлiк және рухани даму;
- қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру;
- азаматтықты қалыптастыру;
- жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру;
- жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешендiлiк;
- мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға
- жастардың тiкелей қатысуы сияқты принциптерiне негiзделедi.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
- жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
- еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
- жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
- жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
- жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
- Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.
Мемлекеттің келесі бағыттарының бірі болып білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың меншік, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен жетім балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу ұйымдарын бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді, жазасын өтеу орнынан оралғандарды, сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын, қосалқы әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын жасасуын көздейді. Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде, жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын құруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жасау мен жетілдіруді талап етеді.
Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады.
Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-құқық туралы білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар отрядтарын құру, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізу ұсынылады. [3]
Жастарға әлеуметтік көмек көрсету балаларға, жастарға жұмысқа тұру, денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында, мектепте, ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас проблемаларын шешу, өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімделу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі ретіндегі жастарға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсетуге, жас мүгедектерге, уақытын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманиядан, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған.
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер арнаулы қызметтер кешенін, оның ішінде: жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құруды кеңейтеді. Соңғы басымдылықтардың бірі болып жастар мен балалар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Мемлекеттік жастар саясаты - мемлекеттің жастар саясаты доктрина, концептуалдық бағыт беруіне және жас ұрпаққа әлеуметтік-құқықтық қорғанышты (кепілдікті) қамтамасыз ету, оның негізгі мүдделері, қабілеттері, физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес және реформаланушы қоғамның мүдделері мен оның ілгеілеуін ескере отырып, жастардың еркін әлеуметтік дамуға, шығармашылық бастамашылыққа құқығын жүзеге асыру мақсатында, оны тұтастай әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі арқылы қамтамасыз ету қызметі жоғарыда аталғандарды ескере отырып, әлеуметтік жастар саясатына мынадай анықтама беруге болады.
Әлеуметтік жастар саясаты бұл әлеуметтік саясат, ол жастардың қоғамның және өздерінің мүдделеріне сай дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған және осының бәрі жас адамдардың өз тағдырлары үшін, өз отбасының тағдыры үшін жеке жауапкершілік пен бастамашылдыққа негізделе отырып, жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз бөлігіне адресті, мақсатты түрде арнаулы шаралар қолдану арқылы қорғау арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай, жастар саясатына деген қазіргі ғылыми көзқарас ең алдымен оны мемлекет пен қоғамның жалпы әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ретінде мойындауынан тұрады. Ол халықтың әртүрлі санаттарының, соның ішінде ерекше әлеуметтік-демократиялық топ ретіндегі жастардың адрестік және сұраныстары кезінде тиімді болатыны сөзсіз.
Сонымен қатар, жастар саясатының әлеуметтік саясаттағы балалар, мүгедектер, зейнеткерлер мен басқа да әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін халықтың санатына деген қатысы жағынан айырмашылығы оның тек жәрдем беру механизмнен тұрмай, жас ұрпақтың еңбек және шығармашылық әлеуетіне сүйенетін белсенді жаңарған аспектіден тұруы, ол жастар саясатын қоғамның дамуының стратегиялық ресурстары қатарынан қарастыруға мүмкіндік жасайды.
Жастар саясатының мемлекет пен қоғамның іс-әрекетінің дербес бағыты ретінде бөлінуі адамзат өркениетінің қазіргі даму кезеңінің заңдылықтарының бірін көрсетеді.
Бұл процесс қоғамның еңбек және интеллектуалдық ресурстарының әлемдік экономиканың технологияқ қайта құруының жағдайларына, жас ұрпақты әлеуметтендірудің дәстүрлі институттарының (ең алдымен, отбасы және мектеп) дағдарысына, қоғамдағы жастардың рөлінің өсуіне, көптеген жастардың маскүнемдік, нашақорлық және т.б. түрде көрінетін өзін-өзі бұзу мінез-құлқының өсуіне қайта өндірудің күрделілігімен байланысты.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын уақытта өмір сүріп отырмыз, қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. 20 ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен 21ғ. бүгінгі таңдағы жастар арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
Мемлекет қызметі жастардың қоғамдық - саяси процестердегі рөлін көтеруге, демократиялық, азаматтық қоғам құруға жәрдемдесетін үкіметтік емес жастар мен балалар ұйымдарын дамытуға және олармен ынтымақтасуға мүдделі.
Барлық жастар және балалар бірлестіктері мемлекеттік қолдауда тең мүмкіндіктерге ие. Балалар және жастар бірлестіктеріне мектептердің, мектептен тыс мекемелердің, мәдениет мекемелерінің үй-жайлары, спорттық және өзге де құрылымдар берілуге тиіс.
Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде өткізілетін шараларды қаржыландыруда жастардың әлеуметтік жағынан аса маңызды қоғамдық бастамаларына басымдық берілетін болады. Жастар мен балалар бірлестіктерінің қызметін қолдау оларды халықаралық жастар ынтымақтастығына, халықаралық жастар алмасуына енгізуді көздейді.

0.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнамалық негіздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 5081 қарарына, Сәби құқықтары туралы Конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2030. [4]
Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауына сүйенеді.
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады.
Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнамалық негіздерінің жалпы ережелері.
Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1 кестеде көрсетілген:

Кесте 1 - Қазақстан Республикасының жастары жайлы негізгі ұғымдар


Негізгі ұғымдар
1
жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары
2
жас отбасы - ерлі-зайыптылардың екеуі де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесір әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтін толық емес отбасы
3
мемлекеттік жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі
4
жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым - жастар тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдеу, дене тәрбиесі, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі
5
жастарға арналған әлеуметтік қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету
6
жастар ұйымы - негізгі мақсаты әлеуметтік, мәдени, білім беру міндеттерін және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған өзге де міндеттерді шешу, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылатын, мүшелері (қатысушылары) жастар өкілдері болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы)
Ескерту- кесте автормен құрылған

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаттары, міндеттері және принциптері
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рүхани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, үйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:
- жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;
- жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты 2 - кестеде көрсетліген:

Кесте- 2 Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты


Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
1
ерекше әлеуметтік - демографиялық топ ретінде жастардың мүдделері мен; қажеттіліктерін тану
2
Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы
3
тән саулығын сақтау және нығайту
4
адамгершілік және рухани даму
5
қазақстандық патриотизмді қалыптастыру
6
азаматтықты қалыптастыру
7
жастардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру
8
жастардың проблемаларын шешудегі жүйелілік пен кешенділік
Ескерту- кесте автормен құралған

Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды.
Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі құзыретін 2- суретте көруге болады:

Сурет 2. Жастар саясатын іске асыру жөніндегі құзыреті
Ескерту - сурет автормен құрылған

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:
- жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
- жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
- жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
- жас отбасыларын мемлекеттік қолдау;
- жастардың тегін орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
- жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
- балалар үйлерінің мүгедек және тәрбиеленуші жастарының құқықтары мен әлеуметтік қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету;
- жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
- жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тілді дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
- жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- әлеуметтік қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;
- жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
- талантты жастарды мемлекеттік қолдау;
- жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;
- жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан Республикасында жастардың әлеуметтік құқықтары
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін медициналық қызмет көрсетілуіне;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік оқу орындарында тегін жалпы орта білім және бастауыш кәсіптік білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін жоғары және орта кәсіптік білім алуға;
3) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;
4) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін қала аралық темір жол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңінде жеңілдікпен жүруге;
6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмаған адамдарға арналған арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлық, құмарлық, маскүнемдік дертінен емделуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды оңалту жөніндегі қызмет көрсетулерді тұтынуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға;
8) білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен ай сайынғы мемлекеттік стипендия алуға;
9) оқитындардың жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кәсіби білім ақысын төлеу үшін және тамаққа, тұруға және оқу әдебиетін сатып алуға жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге мемлекеттік білім кредиті мен студенттік кредитті алуға әлеуметтік құқықтары бар;
10) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.
Жастардың саяси кұқықтары мен бостандықтары
Қазақстан Республикасының жастары Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде көзделген Орталық саяси құқықтарға және бостандықтарға ие болады.
Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктері, олардың тұрғын үй проблемаларын шешуге жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты еңбек және жұмыспен қамту саласында:
1) жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту;
2) жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің қызметін ұйымдастырушылық жағынан қолдау;
4) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жастардың еңбек бірлестіктерін құру және қызметін ұйымдастыру, соның ішінде оқу орындарының базасында құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының жастарына:
1) жұмысқа орналасуға, кәсіби даярлануға, біліктілігін арттыруға жәрдемдесуге;
2) мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге;
3) мүгедек жас адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқу, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына, соның ішінде дистанциялық оқыту арқылы қол жеткізуін қамтамасыз етуде жәрдемдесуге кепілдіктер беріледі.
3. Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік колдау
1. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледі.
2. Қазақстан Республикасы жастардың кәсіпкерлік қызметін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау жөніндегі шаралар жүйесін белгілейді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттік қолдауды пайдаланатын тұлғаларға:
1) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жастар;
2) жастар ұйымдастырған шаруа (фермер) қожалықтары;
3) қызметкерлерінің жалпы санының кемінде жетпіс процентін өздерінің құрылтайшылары болып табылатын жастар құрайтын ұйымдар жатады.
4. Жастардың кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік қолдау:
1) бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беруді іске асыратын оқу орындарының оқу-өндірістік базасында жастардың кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жәрдемдесуі;
2) жастар арасындағы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын кәсіпкерлік қызметке тарту;
3) жастарға кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту, шарт негізінде оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
4) жастар кәсіпкерлігін қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;
5) белгілі бір жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға келісімдер жасасу мақсатында мемлекеттік органдардың осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалармен ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
5. Мемлекет жастардың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердің, білім берудің, денсаулық сақтаудың түрлі салаларында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге жәрдемдесетін кәсіпкерлерді көтермелейді.
Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау
1. Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді, бекітеді, іске асырады.
Жас отбасыларын мемлекеттік қолдау саласындағы салалық және өңірлік бағдарламаларды қалыптастыру мен іске асыру жас отбасыларына қатысты мемлекеттік қолдау шаралары белгіленетін олардың әлеуметтік қажеттіліктерін талдау негізінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған шаралар жас отбасыларына әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде материалдық және өзге де көмек көрсетуге, тиісті білім беру, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, консультациялық, соның ішінде балалардың денсаулығын сақтауды, оларды тәрбиелеуді және дамытуды, жастлрды әлеуметтік қорғауды, бейімдеуді және оңалтуды қамтамасыз ету жөніндегі басқа да қызметтер көрсетуге бағытталған.
2. Жас отбасыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттік қолдау:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жас отбасыларына жеңілдікті кредиттер беру;
2) оқу орнының әкімшілігімен келісім бойынша студенттер мен оқушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшін оқу сабақтарына еркін қатысуға, баланың бір жарым жасқа толуы кезеңіне академиялық демалыс алуға құқық беру;
3) отбасылық өмірдің проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелері бойынша консультация беру жүйесін дамыту;
4) әлеуметтік қызмет көрсетулер, әлеуметтік көмек ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың жүйесін дамыту;
5) балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жүйесін сақтау және дамыту;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жас отбасыларына жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде білім беру ұйымының жатақханасында бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жай беру;
7) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Талантты жастардың мемлекеттік колдау
1. Қоғамның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сақтау және дамыту, Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени дәстүрлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жастардың талантты және дарынды өкілдерін қолдау және олардың жемісті қызметі үшін жағдайлар жасау жөніндегі шаралар жүйесі жүзеге асырылады.
2. Талантты жастарды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республика-сының мемлекеттік органдары көрсетеді және ол:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен талантты жастар үшін сыйлықақылар, стипендиялар белгілеу, мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім кредиттерін беру;
2) ғылымның, мәдениет пен өнердің аса көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық шеберханаларын, мектептері мен бірлестіктерін құруға жәрдемдесу;
3) жалпы білім беретін мектептерде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің қызметін ұйымдастыру;
4) аса дарынды және талантты жастарды анықтау жөніндегі орталықтарды құру және дамыту;
5) жастардың шығармашылық жетістіктерін анықтау және тарату мақсатында конкурстар, көрмелер, фестивальдар, байқаулар, концерттер, симпозиумдар, оқулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу арқылы, халықаралық жастар алмасуларын ұйымдастыру;
6) дарынды және талантты жастардың шетелдердің білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқыту, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына конкурстық негізде қол жеткізуін қамтамасыз ету;
7) ғылыми-мәдени жұмысты жүргізу үшін жас ғалымдарға, мәдениет, өнер мен білім қайраткерлеріне жағдайлар жасау, жас ғалымдардың әзірлемелерін нақты қолданысқа енгізуге жәрдемдесу, сондай-ақ жастар арасынан шыққан зияткерлік кадр ресурстарын сақтау және дамыту;
8) спорт мектептерінің, клубтарының желісін дамыту, спортта дарынды жас спортшыларды қолдау, жастар арасында спорт жарыстарын өткізу;
9) талантты жастарға қолдау көрсететін жеке және заңды тұлғаларды моральдық көтермелеу арқылы жүзеге асырылады.
Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары халықаралық жастар ынтымақтастығына:
1) халықаралық жастар алмасулары туралы келісімдерді жасасу және іске асыру, жастарды халықаралық бағдарламалар жүйесіне енгізу;
2) жастардың халықаралық ынтымақтастығы саласында халықаралық жастар алмасуларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ақпаратты алуға, құжаттарды әзірлеуге және әріптестерді іріктеуге көмек көрсету жолымен жәрдем көрсетеді.
2. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жастар саясатын калыптастырү және іске асыру
Мемлекеттік жастар саясатын қаржымен қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты:
1) республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті мүліктік жарналары;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін жыл сайын қаражат көзделеді.
Қаржы қаражатының есептік көлемі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстарды есепке ала отырып айқындалады.
3. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберіндегі Іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жасгардың қатысуы
1. Жастар Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және жүргізуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды іске асыру, орталық және жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасау, жастар үйымдарының аталған органдармен өзара іс-қимыл жасауы арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де нысандарда қатысады.
2. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнінде жастардың, жастар ұйымдарының мемлекеттік органдарға енгізетін ұсыныстарын мемлекеттік органдар өз өкілеттіктеріне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қарайды.
Егер аталған ұсыныстарды қарау үшін қаржы қаражатының есебі, ақпарат жинау, құжаттардың жобаларын әзірлеу қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар ақпараттық көмекті жүзеге асырады және аталған ұсыныстарды енгізген жастар мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерімен консультациялар жүргізеді.
3. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру саласында консультациялар мен іс-қимылдарды үйлестіру үшін жастар ұйымдарын олардың келісімімен тартуға құқылы.
Жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іс-шаралар жоспарлары шеңберінде белгілі бір жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық - кеңесші органдардың құрамына кіруге құқылы. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін консультациялық-кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
4. Жастарды мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға тарту мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, екі жылда кемінде бір рет жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын -Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерінің форумын шақырады.
Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын өткізу тәртібі, өкілдік нормалары уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы туралы ережемен белгіленеді.
5. Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы өз құзыреті шегінде жастарға үндеу қабылдай алады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру түралы ұсынымдар әзірлей алады.
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер
1. Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
2. Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:
- психологиялық - педагогикалық, медициналық - әлеуметтік, заңдық көмекті жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;
- өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек;
- жас отбасыларына әлеуметтік көмек;
- еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
- мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;
- жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлықтан, құмарлықтан, маскүнемдіктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру (оңалту);
- құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;
- жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын мазмұнды өткізуін ұйымдастыру, соның ішінде жасөспірімдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегі басқа да функциялар;
- жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.
3. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін көзделген мемлекеттік бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік қызметтердің жастарға арнап мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметі шеңберінде көрсететін әлеуметтік қызмет көрсетулері тегін ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастәр саясатын ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми негіздеу
1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, денсаулығын сақтауға, білім алуға, әлеуметтік қызметке, кәсіптік бағдар алуға, жұмысқа орналасуға, демалуға, әлеуметтік оңалуға, жас отбасыларын қолдауға құқықтарын іске асыру мүмкіндіктері туралы, жастар ұйымдарымен ынтымақтастық нысандары және Қазақстан Республикасындағы ічемлекеттік жастар саясаты саласындағы басқа да құқықтарды іске асыру туралы жастарды хабардар ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Бұл мақсатта жастарға арналған ақпараттық жүйелерді, ақпарат орталықтарын құру арқылы жастарға ақпараттық қызмет көрсетуді кеңейту үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ынтымақтастық жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар жастарды, жастар ұйымдарын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жоспарланатын және жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге міндетті.
2. Мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер ұйымдастырады. Аталған зерттеулер ұзақ мерзімдік негізде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу кезінде ескерілетін міндетті шарт болып табылады.
3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы зерттеулердің нәтижелері негізінде уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тиісті шешімдер қабылдау үшін қарайды.
Жастарға арналған әлеуметтік инфракұрылым
1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік органдардың жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің арнаулы мақсатын өзгерту туралы, тарату туралы шешімдерді қабылдау тәртібі жастардың тіршілігін, білім алуы мен тәрбиесін, дене тәрбиесін, рухани және имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшін мұндай шешімдерді қабылдаудың салдарын тиісті мемлекеттік органның немесе органдардың арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жөніндегі іс-шараларды көздейді.
3. Мемлекеттік меншік мүлкі болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немесе оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
ҚР мемлекеттік жастар саясаты және оның нормативтік негіздері
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясаты
Жастар саясаты туралы
Жұмыспен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік жастар саясатының теориялық негіздері
Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың қағидаттары
Жастар саясаты
Жастар — ел ертеңі
Қазақстандағы жастар саясаты
Пәндер