Өндірістік практика



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
2.
2.1
I Бөлім.
Өндірістік тәжірибе кезіндегі негізгі мақсаттар мен міндеттер ... ... ... ... ... ... ...

4
2.2
Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
3.
3.1.
II Бөлім.
АзияАгроФуд АҚ өндірістік тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

11
3.2
4.
Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III Бөлім
12
4.1.
Өндірістік тәжірибе қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
5.
Пайдаланылған әдебиттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20

Кіріспе

Мен Болат Әділ Мақсатұлы, өндірістік тәжірибемді "АзияАгроФуд" АҚ - да өттім. Тәжірибенің өту аралығы 06.05.2019 - 03.06.2019. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.
Өндірістік тәжірибе өткен жері: Алматы облысы, Қарасай ауданы , Шемалған станциясы, "АзияАгроФуд" АҚ
oo Өткізілген уақыты: 06.05.2019 - 03.06.2019
oo Мақсаты: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламаларды орнату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу
Өндірістік тәжірибе аталған практика түрі қарастырылған арнайы пәндер циклын оқып - үйрену аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады.
Өндірістік практиканың мақсаты оқытылатын мамандық бойынша негізгі құзырлықты бекіту, кәсіби қызметтегі тәжірибелік дағды мен машықты қалыптастыру.

I Бөлім.2.1.Өндірістік тәжірибе кезіндегі негізгі мақсаттар мен міндеттер

oo практикалық жағдайда теориялық білімдерін дамыту және шыңдау;
oo өндірістік процесті ұйымдастыруды және өндірістік цехпен көмекші қызметтерді басқару әдістемелерін үйрену;
oo курстық жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерге талдау жасау және соның негізінде патенттік шолу жасау;
oo курстық жұмыс тықырыбы бойынша қолданымдағы процестермен жабдықтардың технико-экономикалық, өндірістік, энергетикалық көрсеткіштері туралы материал жинау;
oo еңбекті қорғау және экология, стандартизация, метрология сұрақтарын оқып үйрену;
oo жұмыс біліктілігін қалыптастыру;
oo практика кезінде қоғамдық жұмыстар жүргізу;
oo математикалық модель алу мақсатында, өндіріске жүйелік талдау жасау, технологиялық процестің барлық кезеңдеріне материалдық және жылулық баланс құрастыру;
oo қабылданған технология бойынша критикалық талдау жасау, өндірістік сызба кемшіліктерін табу және оларды шешуге ұсыныс жасау;
oo қолданымдағы өндіру әдістеріне салыстырмалы сипаттама жасау, өндірістік үздікті және үздіксіз болуы мүмкін сызбаларды құрастыру;
oo зиянды қалдықтарды болдырмаудың мүмкін болатын әдістерін және жоба тақырыбы бойынша өндіріс үшін жасау;
oo оператордың жұмыс орнының ұйымдастырылуын бағалау (өндірістік жайдың ыңғайлылығы, эргономикалық және эстеикалық талаптардың орындалуы), сонымен қатар орташа психофизиологиялық факторларды және оларды болдырмаудың шараларын қарастыру;
oo кафедраның және зауыттың тапсырмасы бойынша жеке экспериметтік жұмыстарды жүргізу;
oo арнайы және экономикалық пәндер бойынша алған теориялық білімдерін практикалық жағдайда тереңдету және бекіту;
oo мекеменің технологиялық, энергетикалық, жылулық-күштік жабдықтарын жөндеу және пайдалану бойынша дағдылану;
oo мекемені басқару құрылымын, жұмысшылардың құқығы мен міндеттерін білу;
oo курстық жоба тақырыбы бойынша алынған жабдықты пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қойылатын талаптарды білу;
oo курстық жоба тақырыбы бойынша әдебиеттерге талдау жасау және соның негізінде патенттік ізденіс жасау;
oo еңбекті қорғау және экология, стандартизация және өнімнің сапасын бақылау сұрақтарын оқып үйрену;
oo практика кезінде жеке тапсырма бойынша жұмыс істеу.
oo Мекемеде әрбір студентке аталған мекемеден жетекші беріледі, сол жетекші студенттерді мекеме жұмыстарымен таныстырады. Олардың жұмыс істеуін жетекшілер бақылап отырады. Студент жетекшімен жұмыс орнына келіп, толық жұмыстардың күндерін программа арқылы күнтізбе жоспарын құрады.
oo Жетекші практиканың жұмысын ұйымдастырады, күнтізбенің тәртібін бақылайды, студент жұмысының орны бойынша ауыстырылуы, студенттердің ішкі ережелерінің орындалу тізбегі,күнделікте сақталуы,қажетті есептемені қолдануға мүмкіндік берілуі, техникалық және де басқа да құжаттарға жауаптылығын қарастырып отырады.
oo Жетекшінің қолтаңбасы бар мөр басылған студенттің зертхана күнделігі және есептеме шығарылған зертханада, өндірістік және жалпы жұмысқа арналған мінездемесі.
oo Жетекшінің практика кезінде құқығы бар: студенттің жақсы жұмыс істеуін бағалауға, қажетті жағдайда факультеттің деканатына, университеттің ректорына өз уақытында мәлімет беру.
2.1.1. жыл сайын мекемелермен, ұйымдармен және мектептермен тәжірибе базасы ретінде келісім орнатылады, келесі күнтізбе жылына және оқу жылының басына дейін практика базаларымен келісіп, студенттердің практика өту күнтізбелік кестесі жасалады;
2.1.2. тәжірибе жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер және тәжірбиелі және мамандық ерекшеліктерін және практика базасының қызметін жақсы білетін оқытушылар тағайындалады;
2.1.3. студенттер практика өтетін кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және тәжірибеленушілерді тәжірибе бағдарламасымен қамтамасыз етеді;
2.1.4. ұйымға және студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтеуіне және оның орындалу мерзімдері мен мазмұнына бақылау жасайды;
2.1.5. керек болған жағдайда тәжірибеге жіберілген студенттердің медициналық тексерулерін ұйымдастырады.

2.2.Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері
2.2.1.Студенттері практика өткен кезде міндетті:
белгіленген уақытта практика орнына келуге, және өндіріспен танысуды бастауға;
практика бағдарламасын жауапкершілікпен және толығымен орындауға, бағдарламамен қарастырылған сұрақтарды зерттеуде және жеке тапсырмаларды орындауда өзіндік жауапкершілікті көрсетуге;
өндірістегі ішкі тәртіп ережелерге бағынуға;
қауіпсіздік техникасының ережелері, еңбек қорғау, өндірістік санитория, табиғатты қорғау мен өндірістегі басқа да жұмыс шарттарын қатал сақтауға және танысуға;
қызмет талаптарын қатал орындауға және, штатты қызметкерлермен бір дәрежеде орындалатын жұмысқа және оның нәтижелеріне жауапты болуға;
техникалық құжаттамаларға сәйкес жұмыс ережесін сақтауға және құпия мәліметті сақтауға;
өндірістің ұйымының қоғамдық жұмысына белсенді қатысуға, ӨПМА кафедрасының немесе өндірістегі жетекшінің тапсырмасы бойынша рационализаторлық жұмыстарға қатысуға;
күнделік жүргізуге;
АТУ практика жетекшысыне есеп беру, өндірістегі жетекшінің қолы қойылған және барлық тапсырманың орындалғаны туралы практика базасының мөрімен заңдастырылған студенттің профессионалды практика күнделігін беру;
2.2.2. Ішкі тәртіпті бұзған студенттерге өндіріс жетекшілері ескерту жасап, АТУ ректоратына хабарлауға;
2.2.3. Практика нәтижелері бойынша студенттер ӨПМА кафедрасына практика жетекшісімен тексерілген және ӨПМА кафедрасының бұйрығымен құрылған комиссия алдында қорғалған есеп беруді өткізеді. Есеп беруді қорғаудың нәтижелері орнатылған бағалардың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша дифференциалдық сынақпен бағаланады. Есеп берулер ағымдағы жылдың профессионалды практиканы өту нәтижелері бойынша студенттердің есеп беруін есептеу және тіркеу журналында тіркеледі, және оқу жылы бойы кафедрада сақталады.

Практика өту кезінде құрылатын студенттердің міндеттері
Практика өту нәтижесінде студенттер міндетті
Білуге:
жұмыс орындарындағы еңбек күнінің ішкі тәртібінің ережесін, өндіріс құрылымы туралы білуге, технологиялық үрдістің сұлбасы туралы, шығарылатын өнімнің түрлерін, еңбек ұйымындағы ұйымдастырушылық және қосымша жұмыстар негізін.
Орындай алуға:
өндірісте қолданылатын негізгі терминдерді ажырата алуға, өндіріс құрылымы туралы білуге, технологиялық сызықтарға қызмет көрсету бойынша жеке қиын емес операцияларды орындауға, күнделіктік жазбаларды оқу-танысу есебінің логикалық байланысқан бөлімдеріне жинақтауға және құруға.
Қабілетке ие болуға:
жұмыс орындарында жеке технологиялық операцияларды орындауда.

Практика құрылымы және мазмұны
Практиканың бірінші күні практика жетекшісі студенттерге берілген өндіріс мекемесі туралы дәріс оқуы керек, онда келесілер туралы айтылады:
өндірісті басқару құрылымы;
өндірістік қуат, жұмыс режимі, шығарылатын өнім түрлері;
өнімнің негізгі түрлерінің технологиялық сұлбалары;
өндірістің жөндеу қызметі;
өндірісті шикізатпен, сумен, энергияның барлық түрлерімен қамтамасыз ету;
еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы;
өндірістегі өрт қорғауды ұйымдастыру;
техника-экономикалық көрсеткіштер.
Осыдан кейін өндіріс орнынан берілетін практика жетекшісі студенттермен зауыт бойынша экскурсия жүргізіп, өндіріс орнымен таныстырады.
Директор бұйрығына сәйкес, практикадан өтетін студенттерді өндірістік цехтарға жұмыс орындарына таратады. Практикадан өтетін студент жұмысқа техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау бойынша техникалық минимумды тапсырған соң, сонымен қатар өртке қарсы техника, санитария мен гигиена ережелерін тапсырған соң ғана жіберіледі.
Практика кезінде студенттер сол қалада орналасқан аралық өндіріс орындарымен де танысады.
Жұмысты аяқтаған соң студенттер сәйкес мамандықты алуға байланысты емтихан тапсырады.
Практикаға бөлінген уақыт рационалды таратылып қолданылуы керек. Осыған байланысты, әрбір студент практика алдында өндіріс орнынан берілетін жетекшімен бірге осы бағдарламаның талаптарын ескеріп жұмыс графигінқұру керек.

Өндірістік практика

Өндірістік практиканың негізгі мақсаты курстық жобаны орындау үшін материалды жинау, сонымен қатар жұмыстың мамандандырылу қабілетіне ие болу.
Практика кезінде студенттер келесі есептерді орындау керек:
- теориялық білімді практикалық шарттарда тереңдету және бекіту;
- өндірістік үрдісті ұйымдастыруды және өндірістік цехтарды және қосымша қызметтерді басқару әдістерін зерттеу;
- курстық жоба тақырыбы бойынша әдебиеттер көзін талдау және оның негізінде патенттік қарастыруды құру;
- курстық жоба тақырыбы бойынша құрылғылар мен үрдістердің техника-экономикалық, өндірістік, энергетикалық және т.б. көрсеткіштері туралы ақпарат жинау;
- еңбек қорғау және экология, стандарттау мен метрология туралы сұрақтарды зерттеу;
- жұмыстың мамандандырылу қабілетіне ие болу;
- практика кезінде қоғамдық жұмыстар жүргізу;
- мамематикалық үрдісті дайындау мақсатында технологиялық үрдістің барлық баптары бойынша материалдық және жылу баланстарын құру, өндірістік жүйелік талдауын жүргізу;
- қабылданған технологияның шектік талдауы, өндіріс сұлбасының кемшіліктерін анықтау және оларды жою бойынша әрекеттер орындау;
- оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру деңгейін бағалау (бөлменің ыңғайлылығы, эргономикалық және эстетикалық талаптардың орындалуы), сонымен қатар психофизиологиялық орташа өндірістік факторлар мен оларды жою шараларын бағалау;
- ӨПМА кафедрасының немесе өндіріс мекемесінің тапсырмасы бойынша жеке тәжірибелік жұмыстарды орындау.

Практика мазмұны
Практика өту кезінде студенттер міндетті:
- практика тапсырмалары мен мақсатына сәйкес өндірістік цехтардың, бас механиктің бөлімшесінің, еңбек қорғау және экология бойынша қызметтер, стандарттау және метрология және т.б. жұмыстарды зерттеу;
- экономика, орналасу орнының географиялық сипаттамасы, мекеменің қысқаша даму тарихы, мекеменің ұйымдастырушылық құрылымы, халық шаруашылығында орындалатын функциялар бойынша материалдар жинау;
- негізгі және қосымша цехтардың жұмысын, материалдық жабдықтауды бақылау жүйесі, барлық өндірістік цехтарда және өндіріс мекемесінің аймақтарында технологиялық үрдісті қашықтықтан басқару және реттеуді зерттеу.
Өндірістік цехтар. Әрбір өндірістік цехты зерттеуді шығарылатын өнімнің түрлерін, технологиялық сұлбалар және өндіріс үрдістері, жинақтық шешімдер, өндіріс сызығына кіретін құрылғыларды зерттеуден бастау керек.
Өндірістің технологиялық үрдістерін келесі жоспар бойынша оқып - үйрену қажет:
1) Жартылай фабрикаттарды дайындау станциясы мен оларды өндіру режимдері;
2) Өндірістің жүйелік талдауын орындау, математикалық үрдісті дайындау мақсатында технологиялық үрдістің барлық баптары бойынша материалдық және жылулық баланс құру;
3) Бұйым өндірудің ағындық желісі. Қабылданған технологияның шектік талдауы, өндіріс сұлбасының кемшіліктерін анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар;
4) Өнім өндірісінің технологиялық үрдістері, өндірістің жеке бөліктеріндегі БӨАмА жүйелерін талдау;
5) Өндірістің әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы, мүмкін периодты және үздіксіз сұлбалары;
6) Тапсырма тақыры бойынша нақты өндіріс үшін зиянды заттардың шығарылуын және оларды жою шаралары бойынша мүмкін әдістерді зерттеу;
7) Оператордың жұмыс орнының ұйымдастырылу деңгейін бағалау (жұмыс орнының ыңғайлылығы, эргономикалыық және эстетикалық талаптардың орындалуы), сонымен қатар психофизиологиялық орташа өндірістік факторлар мен оларды жою бойынша шаралардың орындалуы;
8) Цех жұмысының экономикалық талдауы;
9) Кафедра немесе зауыт тапсырмасы бойынша жеке тәжірибелік жұмыстарды орындау.
Өндіріс цехының технологиялық сұлбаларына сәйкес өндіріс сызығының негізгі құрылғыларының түрлері құрылады. өндірістік цехтардың әрбір сызығына қысқаша мәлімет беру керек. әрбір технологиялық сызыққа өндірістің технологиялық сұлбасы салыну керек.
Еңбек қорғау және экология.
өндірістік практика кезінде студенттер өндіріс орнында келесі сұрақтарды қалай шешілгенін қарастыру керек:
1. Тағам өнеркәсібінің өндірісінде қауіпсіздік қызметінің ұйымдастырылуы: өндірістегі микроклиматтық шарттар; өндірістік ғимараттарға қойылатын технологиялық және санитарлық талаптар; нұсқаулар түрлері және жүргізу реті; шуыл мен зиянды әсерден қорғаныш; өндірістік мекемелерді жарықтандыру; электрлік қауіпсіздік; электростатикалық электр өрісінен қорғаныш; жеке қорғаныш құралдары; технологиялық құралдар мен көтеру-көліктік механизмдердің эксплуатациясының қорғанышы; технологиялық үрдістердегі және өндірістік орындардағы өрт қауіпсіздігі; өрт сөндіру құралдары.
2. Табиғатты қорғау туралы заң - атмосфералық ауаның ластануымен күрес шаралары, өндірістік шығындарды тазарту.
Бөлім: Стандарттау және метрология.
Өндіріс орнындағы стандарттау мен метрология мәселелерін зерттеу кезінде студенттер келесі сұрақтармен танысу керек:
өндірістік үрдістердің стандарттау. Технологиялық нұсқауларды реглементтейтін және олардағы технологиялық үрдістердің нормаль режимін қамтамасыз ету бойынша талаптар, нормативтік-техникалық құжаттамалар. Технологиялық құжаттамалардың шығарылатын өнімге қойылатын стандарт талаптарымен сәйкес келуі.
стандарттаудың негізгі принциптері. Технологиялық үрдістің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Технологиялық үрдісті бақылау әдістерін жаңарту және оның типтік технологиялық үрдісін құру жолдары.
Өндірісті технологиялық дайындауды стандарттау. әмбебап жинау құрылғылары. Стандартталған құрылғыларды енгізу. Негізгі құрылымдық элементтер-бөлшектерге, түйіндер, машиналар, қосу бөліктері және т.б. құрылғыларға өндіріс орнының стандарттарын дайындау. Метал кесуші құралдар мен бекіту бөлшектеріне зауыттық шектеуші стандарттар дайындау. өндірістік-техникалық құжаттардың унифицирленген үлгісін дайындау.
Өндірісті техникалық дайындаудың бірегей жүйесі (ӨТДБЖ). Өндіріс орнында өндірісті дайындау жүйесінің қызметі. Жобалау уақытынан дайын өнімді жеткізуге дейінгі өнім өндірісінің мәселелерін кешенді шешу. өндіріс орнында құрылымдық және технологиялық құжаттардың бірегей жүйесін пайдалану. Үлгілер унификациясы және құрылымдық құжаттамаларды қолдану ережесі келесілерден тұру керек:
- метал кесуші станоктардың сипаттамасы;
- операциялар орындауда қолданылатын құрылғылар;
- бөлшектерді дайындауда қолданылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу практиканың бағдарламасы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Балаларға антропометрия жүргізуді үйрендік
Өндірістік тәжірибе қорытындысы
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Дуальды оқыту туралы шарт
Кәсіпорындағы практика жетекшісінің міндеті
Тәжірибе жетекшісі
Пәндер