Мұнай қабатшасын игеру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл дипломдық жоба Арысқұм кен орнының мұнай өндіру ұңғымаларының түп аумағына әсер ету әдістерін талдау тақырыбында жазылған.
Дипломдық жоба төрт бөлімнен тұрады:
- Геологиялық бөлімде кен орнының геолого-геофизикалық зерттеулері стратиграфиясы, тектоникасы, мұнай газдылығы және сулылығы жайлы мәліметтер енгізілген.
-Техника-технологиялық бөлімде ағымды игеру мен ұңғымалар қорына талдау жасалған, ұңғымалы гидродинамикалық зерттеу нәтижелері қабат мұнайының құрамы, кен орнының игеру жобалары және ұңғыманың түп аумағына әсер ету әдістеріне талдау жұмыстары қарастырылған.
-Экономикалық бөлімде игеру жобаларын талдаудың экономикалық тиімділік есебі келтірілген.
-Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде экология мен қоршаған орта мәселелері, өрт қауіпсіздігі, меңгеру процесін жүргізу барысында жұмысшылардың техника қауіпсіздігі келтірілген.

Мазмұны
Кіріспе
1. Геологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.Кен орнының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.Кен орнының геология-литологиялық құрылымының сипаттамасы ...
1.3. Тектоника ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4. Мұнайгаздылық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5. Өнімді қабаттың коллекторлық құрылымы, қабат сипаттамасы
және олардың біртексіздігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.6. Мұнайдың, газдың, конденсаттың және судың құрамы және
қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.6.1. Газдан ажыратылған мұнайдың құрамы мен қасиеті ... ... ... ... ... ... .
1.6.2.Қабат жағдайындағы мұнайдың қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
1.6.3.Мұнай құрамындағы бос және еріген газдың сипаттамасы ... ... ... ...
1.6.4.Конденсаттың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.6.5.Жер асты суларының физикалық қасиеті мен химиялық құрамы ... ..
1.7. Физико-гидродинамикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Технико-технологиялық бөлім.
2.1. Игеруді жобалауға арналған геолого-кәсіпшілік және технико-
экономикалық негіздерді дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Ұңғымалар қорының құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
2.3. Қабаттың геолого-физикалық сипаттамасы бойынша пайдалану
обьектілерін бөлу негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Қабатқа әсер етуге арналған жұмыс агенттерін негіздеу ... ... ... ... ... .
2.5. Ұңғымаларды орналастыру және игеріліп жатқан қордың
мерзімі үшін қабаттың шектік қалыңдығының негіздемесі ... ... ... ...
2.5.1. Мұнай қабатшасын игеру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.5.2. Газмұнай кенішін игеру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6. Өндіруші ұңғымалардың пайдалану әдістері мен жабдықтары ... ... ...
2.7. Ұңғыманың түп аймағына әсер ету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7.1. Әсер ету әдістерінің міндеттері және олардың жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.7.2 Қабатқа су айдау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7.3. Терең сорапты ұңғымалардағы парафин шөгінділерімен күресу ... .
2.7.4.Тұз шөгінділерімен күресу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.8. Ұңғыма төңірегіндегі әсер ету әдістерін таңдаудың технико-
экономикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.9 Қабаттың түп маңы аймағының жағдайының диагностикасы ... ... ... ..
2.10. Пайдалану ұңғымаларындағы парафин және смола
шөгінділерімен күресу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.11. Түп аймақты тұз қышқылымен өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
2.12. Қышқыл ерітіндісінің дайындау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.13. Ұңғыманы өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Экономикалық бөлім
3.1. Петро Қазақстан Құмкөл ресорсиз АҚ даму тарихы ... ... ... ... ... ...
3.2. Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3. Кәсіпорын қызметін сипаттайтын негізгі экономикалық
көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.4. арысқұм кен орнында ұңғымалардың түп аумағына әсер ету
әдістерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі.
4.1. Арысқұм кен орнындағы өндірістік процестердің
қауіпсіздігін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2. Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша
ұйымдастыру шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.3. Арысқұм кен орнында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз
ету шараларының тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.3.1. Улағыш заттардың шығуынан және
қауіпті сәулелерден қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.3.2. Электр қауіпсіздік шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.3.3. Қысымда тұрған саңылаусыздандырылған жүйелерді
пайдалану қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.4. Атмосфералық ауаны қорғау, зиян заттардың шығу көздері ... ... ... ..
4.5. Жер асты суларын қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.6. Құнарлы топырақты қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Арысқұм кен орнының игеру жобасы 1999 жылдың 24 маусымындағы № 337 инвестициялар бойынша ҚР минкомитетімен келісілген және Арысқұм мұнай кен орнындағы көмірсутекті шикізатын барлау және өндірілген қоймаларды пайдалану құқығына 1998 жылдың 8 қыркүйегінде №1505 сериясының мемлекеттік лицензиясын иеленетін Харрикейн Құмкөл мұнай АҚ-ның келісім шарты бойынша жасалған.
Мұнай кен орны 1985 жылы ашылған. Алаң бойынша зерттеулердің әртүрлі кезеңдеріндегі сейсмобарлау жұмыстары Тұрлан геофизикалық экспедициясымен жүргізілді.
Кен орындарындағы іздеу барлау жұмыстары Южказгеология Оңтүстік Қазақстандық мұнайгаз барлау экспедициясымен бірге жүргізілді. Ұңғымалардағы кәсіпшілік-геофизикалық зерттеулер ГИС партиясымен орындалды.
Осы еңбекте пайдалану объектілерінің орындалуы, бұрғылауға арналған өндіруші және су айдайтын ұңғымалардың саны және орындалуы дәлелденген, игеру варианттары бойынша технологиялық және экономикалық көрсеткіштер есептелінген, мұнайды өндіру технологиясы, ұңғымалардың өнімдерін кәсіпшілікте дайындау, жинау жүйесінің талаптары және сулану жүйесі дәлелденген.
Берілген жоба РД 39-0147035-207-86 сәйкес құралған және кен орнының өнеркәсіпті пайдалануға орнатуға жобалау - сметалық құжаттаманы дайындауға негіздеме болып табылады.

1. Геологиялық бөлім
1.1. Кен орнының жалпы сипаттамасы

Арысқұм кен орны әкімшілік қатынаста Қазақстан Республикасының Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орналасқан. Кен орнының географиялық орналасуы Торғай ойпатының оңтүстік бөлігі және келесі координаттарымен шектелген: 450-55-460 40 СШ және 640-34 - 65014.
Жақын мекен жайы Қызылорда қаласы (Оңтүстікте 300 км) және Жезқазған қаласы (солтүстік шығыста 280 км) және Жосалы станциясы (оңтүстік батыста 120 км) Солтүстік - шығыста 70 км қашықтықта игеріліп жатқан үлкен кен орны Құмкөл мұнайшылардан вахта - қыстағы орналасқан. Кен орнынан шығысқа қарай Омск-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Ал орографикалық қабатынаста аудан 100-160 м рельеф белігісімен жазықталған. Су жүйесі және жер бетіндегі су көзі жоқ. Жануар және өсімдік әлемі жартылай шөлейт аймағына ұқсас, климат тез өзгергіш, ауа температурасы қыс мезгілінде - 38- 40 0 С дейін, жазда +30 +35 0С-ге дейін. Қар көп емес жауын - шашын негізінен қыс-көктем мезгілдерінде болады. Күшті жел: жазда батыстан; оңтүстік батыстан, қалған жыл мезгілдерінде солтүстіктен және солтүстік - батыстан соғады.
Арысқұм кен орны Құмкөл кен орнымен тегістелген жолмен байланысқан . Техникалық жұмыстармен ауыз суға тереңдігі 80-100 метр жоғары бор су қабатынан алып пайдаланады. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар дамыған. Арысқұм массиві жартылай бекітілген түйіршік бүдірқұмнан құралған.
Ауданның ауа-райы тез өзгергіш, мезгілімен тәуліктік ауаның температурасы тербелісі ылғалдылығы өте тапшы және аз мөлшерде жауын-шашын болып отырады. Жыл бойындағы түскен ылғал мөлшері 150 мм-ге дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі.
Арысқұм кен орнынан солтүстік-шығысқа қарай 87 км қашықтықта Жиқанбұлақ құрылыс құмдарының кен орны және осы бағытта 137 км қашықтықта ұсақ тасты құмды қоспалы Қалмаққырған кен орны бар. Жануарларды суару үшін оларға жақын жерден Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиан ұңғымасы бұрғыланған.
Аудан сейсмикалық емес.

1.2. Кен орнының геология-литологиялық құрылымының сипаттамасы
Арысқұм кен орнының қимасында ертепалеозой іргетасы блогы шоғырланған, терең жатқан мезо-кайнозой түзілімдері қатысады.
Төменгі протерезой-PR1
Іргетас жыныстары төменгі палеозой жасындағы конгломераттармен және сазды жіктастармен ұсынылған жүйелі іргетас шығар жерінде тек бір ұңғымамен ашылған.
Мезозой-Кайнозой-MZ-KZ
Мезозой-Кайнозой шөгінді жынысының түзілімдері екі құрылымдық қабат астына бөлінеді.
Төменгі қабат асты тафрогенді (борлы) және жоғарғы аралық жұқа тасты түзілімдерден және грабен синклиналдармен толтырылған төменгі-жоғарғы юра терригенді түзілімдерден құралған.
Юра жүйесі. (І )
Арысқұм ойпатында юра қимасында үш ритм жиынтығына бөлінеді. Төменгісі - төменгі бөліктің Сазымбай және Айболинск свитасы түрінде жасалған. Ортаңғы ритм жиынтығы - ортаңғы бөліктің дощан және қарағансай свитасы түрінде көрсетілген. Жоғарғы ритм жиынтығы жоғарғы бөліктің Құмкөл және Ақшабұлақ свитасымен жабылған.
Ортаңғы және төменгі бөліктер J14-J21-2;
Қима 5-ұңғымамен ашылған.
Дощан свитасы j1-2d орташа, майда түйіршікті сұр және ақшыл-сұр құм, кварц, саз, цементі және грабилитте жүретін үлкен ұсақты құм кездеседі. Көміртектелген өсімдік қалдықтары көп. Орвида аргелитті қара - сұр түсті ерітінді ағып жатыр. Шөгіндінің қалыңдығы 214 метрден 775 метрге дейін өзгеріп отырады.
Қарағансай свитасы (j2Кс)- қара аргелитке дейін қарасұр ағынды және сұр, ақшыл сұр құм түрінде жасалған. Аргелиттер қарасұр, қараға дейін құм қабатшаларынан көмір шөгіндісімен тығыз. Құм орташа ұсақ тасты, кварцхлоридті мусковидті, цемент-сазды, түйіршік жақсы тапталған қабаттардан тұрады. Бес ұңғымамен өткен қабаттың толық қалыңдығы свита қалыңдығы 196 метрден 355 метрге дейін өзгеріп отырады.
Жоғары бөлік (І3).
Жоғарғы юра түзілімдері Құмкөл плитасының құмды-сазды құрылымдарына және Ақшабұлақ плитасына бөлінеді.
Құмкөл свитасы (J3km) құмшауыт, құм, сұр түсті майда-орташа түйіршікті алевролитті үш горизонтпен күрделі, құрамы кварц, кварцолевролитті слюдистті, массивті, цемент сазды, кей жерлері жартылай қабат түріндегі карбонатты. Горизонттар кен орнын барлық жері бойынша сұр аргелиттері және сазды олевролиттер қабаттарымен бөлінген.
Төменгі Құмкөл свитасының (J3km) қалыңдығы 60-133 м және төменгі бөлігінде ұсақтасты конгломераттар және аргелиттермен ұсақтасты құмдақтармен біркелкі қабаттарынан құралған.
Ортаңғы Құмкөл свитасы (J3km) қалыңдығы шеткі бөліктерінде 275м ден 353 метр аралығында орналасқан.
Ақшабұлақ плитасы (J3аr) Құмкөл свитасына сәйкес , онымен құмды жыныстардың сазды жынысқа қатып алмасуы түрінде айқын шекаралы түрінде жатыр.
Свита екі қосалқы свитаға бөлінген, көлдік-жайылмалы фракциялармен ұсынылған ала түсті карбонатты саздар, алевролиттер және құмдақтардың қабаттасуында жоғары қарай өтетін құмдар қабаттары мен битуминозды саздар және аргелиттермен қалыптасқан.
Бор жүйесі- К
Бор жүйесі ауданында және кен орнында аймақтағы шайылумен және жоғарғы Юраның Ақшабұлақ свитасының бұрышына сәйкес келмеуімен және аймақтағы шайылумен және Юра іргетасы жыныстарында таралған. Оның қимасы төменгі бөлімге - даул, Қарашатау свитасы, ал жоғарғы бөлімі Қызыл қия свитасы құрамында мүшеленеді.
Төменгі бөлік-К1
Даул свитасы ( К1 d) төменгі неокомның төменгі даулына және жоғарғы даулына немесе жоғарғы неокомның жоғарғы даулына бөлінеді. Төменгі қосалқы свитасы негізінде аймақтың мұнайлы Арысқұм горизонтына бөлінеді.
Арысқұм горизонты ( К1 аr) . Горизонтқа әртүрлі түйіршікті құмдармен құмдақтармен және гравилиттермен құралған М- ІІ мұнай газды қабаттар қосылған. Қалыңдығы 9-36м аралығында ауытқиды.
Қарашатау свитасы ( К1 kr) свитасы даул свитасында шайылумен жатыр, саздар түбінде гравилиттер қабаттарымен түзілген сұр құмдақтардан құралған.
Свита жасы апт орташа және альб тесікті- тозаңды кешенмен белгіленген, қалыңдығы 340м .
Төменгі - жоғарғы бөлік- К 1-2
Құмдар және құмдақтардың қабаттасуымен ала түсті сазды алевролиттермен, монтморилонит-каолинитті саздармен құралған, орташа қалыңдығы 265м .
Жоғарғы бөлік- К 2
Оның құрамында төменгі тұран балапан свитасы және жоғарғы тұран-сенонның бөлшектелген түзілімдерімен айқындалады.
Балапан свитасы ( К1 be ) құм және құмдақтар қабаттарымен саздар алевролиттермен ұсынылған қалыңдығы 105м дейінгі теңіздік сұр түсті түзілімдермен қалыптасқан.
Жоғарғы Тұран-сенон ( К1 t2 -sn ) қалыңдығы 80м. Шеткі бөлігіндегі жоғарғы тастар қабаттармен алатүсті құмдар, саздар және алевролиттер қабаттармен ұсынылған.
Палеоген-төртік жүйесі - P-Q
Түзілімдері қиманың жоғарғы бөлігіндегі эолом, құмдармен, алевролиттер, суглинкалармен карбонатты құмдақтар, сұр, жасыл-сұр саздармен ұсынылған.

1.3. Тектоника
Арысқұм кенорны Арысқұм иінді ойысының батыс бөлігін күрделендіре түсетін Арысқұм грабен - синклиналды ең аса көп иілген орталық бөлігінде орналасқан. Арысқұм ойысы Оңтүстік-Торғай ойпатынан шеткі Оңтүстік бөлігіне орналасқан.
Құрылымның құрылысы үш негізгі көрінетін беткейлер бойынша : ІІб , ІІІ а және ІІІб бойынша сипатталған. Барлық беткейлер бойынша құрылым өзімен Солтүстік - Шығыстан басты Қаратау кескіні аймағынан ,Оңтүстік батыстан аяқталған изогипспен шектескен жартылай дөңбек күмбезді болып орналасқан. ІІб - горизонты бойынша құрылымның ең шекті өлшемі 30х60 км.

1.4. Мұнайгаздылық
Оңтүстік-Торғай ойпатының Арысқұм иінді ойысының мұнайгаздылығы Арысқұм кен орнынан шығысқа қарай 70 км-де орналасқан Құмкөл мұнай кен орнының ашылуымен дәлелденген.
Арысқұм иінді ойысында жауын-шашын жиналудағы ірі ырғақтармен байланысты 3 белгіленген және екі келешекті мұнайгазды кешендері айқын көрінеді.
Орналасқан санына байланысты орта юра, жоғары юра және төменгі неоком кешендері жатады.
Келешектегі мұнайгаз санына төменгі юра және жоғарғы неоком кешендері жатады.
Арысқұм кен орнында төменгі неоком түзілімдерінің өнекәсіптік мұнайгаздылығы белгіленген, мұнда арысқұм өнімді беткейі (K1nc1) айқындалған. (K1nc1) беткейі барлық ұңғымаларда қатты айқындалып, кен орны көлемі бойынша жақсы көрінеді. Беткейге мұнайлы сілемдермен газ шоғыры қосылған.
Кеніш үшін жабын болып төменгі неокомныңсаз балшықты жыныстарының қабатшасы қызмет атқарады.
Мұнайлы жиектері газды шоғыры 1053,6 м - 927,8 м тереңдіктегі арақашықтықта орналасқан. Кеніш 14 ұңғымамен сынап көнуі арқылы зерттелген.
Кеніштің мұнайлы бөлігі 5 ұңғымамен зерттелген. №14 ұңғымадан алынған ең жоғарғы өнім 93,6 м3 тәу. мөлшерін көрсетті.
Газдың ең төменгі бөлігі №12 ұңғымада белгіленген және оның ең төменгі деңгейі -884,6 м. Осындай ұңғымадан газ алынған қабат-коллектор табанының белгісі -885 м-ге тең.
№7 ұңғымадан 1023,6-1026,6 м және (-884,7 - 887,7 м) аралықта тәулігіне 73 м3 тәу. көлемде мұнай және 37 мың м3 тәу көлемінде газ алынды.
Жоғарыда айтылған газды-мұнай шекарасы №7 ұңғымадан газды мұнай ағысы алынған арақашықтықтағы қос коллектор қабаттар аралығындағы арақашықтық - 885 м деңгейіне тең болады.
Мұнай-су шекарасы кеніш ауданының үлкен бөлігінде -913 м тереңдік деңгейінде қабылданған.
№8 ұңғымада -902,9-915,9 м белгілерінде 75%-ке дейінгі мұнайлы 2м3тәу. өнімде сулы мұнай алынды. Табан суларын жою үшін 902,9 - 909,9 м тереңдікте орнатылған цемент көпірі нәтижесінде сусыз мұнай алу мүмкін болмады.
ГИС деректерінің интерпретациясы нәтижесі бойынша мұнай қабатының табаны -912,1 м тереңдікке, ал су қабатының жабыны - 913,9 м тереңдікке сәйкес келеді.
№14 ұңғымада -910,7- 916,7 м белгісі аралығын сынау кезінде фонтанды ағын алынбады, ұңғыманы жуу кезінде сағадан 8 м3 мұнай және 0,8 м3 қабат суы алынды.
Осы ұңғымада -902,7- 906,7 м белгісі аралығынан сусыз мұнай фонтаны алынды. Мұндағы мұнай қабатының табаны -912,9 м тереңдікте, ал су қабатының жоғарғы бөлігі -914,7 м. тереңдік белгісінде орналасқан.
Өнімді коллекторларды ашқан №66 с құрылымдық ұңғымада ГИС деректері бойынша мұнай қабатының табаны дәлелденген мұнайға қаныққан кернмен -907,6 м тереңдік белгісінде орналасқан.
№19 ұңғымасының аймағында сумұнай шекарасы -915 м тереңдікте орналасқан. Берілген ұңғымада -913,4 - 915,4 м аралығын және -917,4-919,4м аралығын сынау кезінде 2,64 м3тәу өніммен сусыз мұнай алынды.
№19 ұңғымасында ГИС мәліметтері бойынша мұнай қабатының табаны -915,0 м тереңдік белгісіне сай келеді, ал 1 м қалыңдықтағы қабат-коллекторының табаны -918,0 м тереңдікте орналасқан.
ГНК және ВНК ескерумен кеніштегі газ бөлігінің және мұнай қабатының биіктік қалыңдығы 81-27м - ге тең болады.
Өнімділіктің жалпы ауданы 9021,0 га-ға тең. Осыған байланысты таза газ аумағы 58,6%, газмұнайлы аумағы -12,2% , таза мұнай аумағы- 15,8% және сумұнайлы аумақ -18,4% құрайды.Арысқұм өнімді горизонты кенішінің қабаты тектоникалық экрандалған.
Арысқұм кен орнын барлау процессінде төменгі неоком және жоғары юра қабатшаларынан газ көзі бар екендігі анықталды.
Жоғарыда жатқан төменгі неоком шөгіндісінде №3 ұңғымадан өнімділігі 60 мың м3тәу болатын газ тереңдігі -940-945 м аралығында және -907-910 м аралығында өнімділігі 77,9 мың м3тәу болатын газ көлемі алынды.
Кернді алу деректеріне сүйене отырып кен орнының жыныстары сазбалшықты, аргилитті және сирек кездесетін құмтастар және алевролит қабатшаларынан тұратыны анықталды.
Ал басқа ұңғымаларды сынау кезінде газ көзі табылған жоқ.
№3 және №6 ұңғымаларының қималарын салыстыру кезінде әртүрлі гипсометриялық белгілерде жатқан өнімділікті қабаттар өзара түзетілмейді. Осыдан №3 және №6 ұңғымалар ауданында кішкене газды, құмды-алевролитті линзалардың төменгі неоком шөгінділерінде болуы туралы айтуға болады.

1.5. Өнімді қабаттың коллекторлық құрылымы,
қабат сипаттамасы және олардың біртексіздігі
ГИС деректері бойынша K1nc1ar өнімді қабаты 5-8 құм-гравелитті қабат - коллекторлары түрінде сипатталған. Қатпардың осімен оңтүстік- батыс қанаты жағына ойыстау кезінде тығыз сазды өткізбейтін түзілімдер бөлігінің алмасуы жүреді. Қабат беткейінің ең үлкен бөлінуі №18 және №14 ұңғымаларда белгіленген, мұнда қабат коллекторларының саны 7-8 - ге жетеді.
Жалпы тиімді қалыңдықтар 2,2 метрден 27 метрге дейін өзгеріп отырады. Жалпы тиімді қалыңдықтар қатпардың осьтік бойына сәйкес келеді.
Газға қаныққан қалыңдықтар 3,2 метрмен 12,6 метр аралығында өзгеріп отырады, ал мұнайлықтың толық кескіні тиімді мұнайлылықтың толық кескінінің шектеулі қалыңдығында 1,2 м өзгеріп отырады.
Өнімді қабаттың коллекторлары жоғары сүзілетін-сыйымдылық қасиеттерімен бос цементтелген құмдақтар мен гравилиттер түрінде көрсетілген. Газға қаныққан коллекторлардың кеуектілігі орташа есеппен 0,174 бірлік үлесіне тең ал, мұнайдың кеуектілігі - 0,186, ал үлгілер бойынша кеуектілік 0,225 бірлік үлеске тең болады, осыған сәйкес өткізгіштік 0,003 тен 0,0143 мкм2 аралығында ауытқиды.
1.1-кестеде кеніштің мұнай бөлігінің коллектор жыныстарының сипаттамасы көрсетілген. Бәрінен бұрын, коллекторлардың сүзілу-көлемінің қасиеттері көбірек болжанады, яғни кернді айқындау аса тығыз үлгілерде жүргізіледі, ал сол уақытта бос үлгілер шықпайды немесе талдау негізінде бұзылады. Сынақ деректерінен коллекторлардың мұнай бөлігінің өткізгіштігі орташа 0,142 мкм2 құрайды.
Беткейдің құмдылығы 0,14 тен 0,82 аралығына дейінгі кең диапазонда өзгеріп отырады. Беткейдің орташа құмдылығы 0,58 бірлік үлесті құрайды.

1.1-кесте. Қалыңдық сипаттамалары
Қалыңдық
Параметрлер атауы
Неоком горизонты
1
2
3
Жалпы
Орташа мәні, м
Вариация коэффициенті, %
Өзгеру аралығы, м
18,08
0,379
8,0-35,4
Газға қаныққан
Орташа мәні, м
Вариация коэффициенті, %
Өзгеру аралығы, м
7,9
0,390
1,0-12,6
Мұнайға қаныққан
Орташа мәні, м
Вариация коэффициенті, %
Өзгеру аралығы, м
8,3
0,369
1,2-15,0
Суға қаныққан
Орташа мәні, м
Вариация коэффициенті, %
Өзгеру аралығы, м
9,06
0,759
1,0-22,4
Жалпы тиімділік
Орташа мәні, м
Вариация коэффициенті, %
Өзгеру аралығы, м
11,6
0,541
2,2-27,0

1.2-кесте. Біртексіздік сипаттамаларының
статистикалық көрсеткіштері
Қабат
Анықтауға анықталған ұңғымалар саны
Құмдылық коэффициентінің бірлік үлесі
Жіктелу коэффициентінің бірлік үлесі

Орташа мәні
Вариация коэф-ті
Орташа мәні
Вариация коэф-ті
1
2
3
4
5
6
М-ІІ
19
0,58
0,307
4,1
-
1.3-кесте. М-ІІ горизонтының мұнайгазғақанығуы
және коллектор қасиеттерінің сипаттамалары
Анық-тау әдісі
Атауы

Өткізгіштік
мкм2
Кеуектілік
Бірл.үлесі
Бастапқы
Суға байланыс-ты қанығу
Бірл.үлесі

Мұнайға қанығу, бірл.үлесі
Газға қанығу
Бірл.үлесі

Кернді зертха-налық зерттеу
Ұңғыма саны,
дана
1
4
-
-
-

Анықталу саны, дана
7
20
-
-
-

Орташа мәні
0,0035
0,152
-
-
-

Вариация коэфф.
-
-
-
-
-

Өзгеру аралығы
0,003-0,0143
0,074-0,234
-
-
-
Скважи- наны геофизикалық зерттеу
Ұңғыма саны,дана
-
4
4
-
-

Анықталу саны, дана
-
20
13
-
-

Орташа мәні
-
0,186
0,66
-
-

Вариация коэфф.
-
-
-
-
-

Өзгеру аралығы
-
0,12-
0,52-0,8
-
-
Скважи-наны гидроди-намика-лық зерттеу
Ұңғыма саны,дана
3
-
-
-
-

Анықталу саны, дана
3
-
-
-
-

Орташа мәні
0,142
-
-
-
-

Вариация коэфф.
-
-
-
-
-

Өзгеру аралығы
0,118-

Жобалауда қабылданғаны
0,142
0,186
0,66; 0,61
-
-



0.6. Мұнайдың, газдың, конденсаттың және судың құрамы және
қасиеттері
Кен орны бойынша мұнай, газ және конденсаттың құрамын және қасиеттерін зерттеу ОңтҚазгеология ПГО (Алматы қаласы), ИГИРНИГМ және ОМП ТашГУ және Оңтүстік Қазақстанның мұнай зерттеу экспедициясының зертханасында жүргізілді. Мұнайдың тауырлы сапасын талдау ҚазССР ИХН және ПСАН өткізілді.

1.6.1. Газдан ажыратылған мұнайдың құрамы мен қасиеті
Өнімді қабаттардың мұнайларының физика-химиялық сипаттамалары 6 ұңғыманың (№1п,7,8,14,19,13) 18 беттік сынақтары бойынша зерттелген, олардың 14 сынағы Арысқұм өнімді горизонтындағы мұнай қасиетінің сипаттамасы анықталған. Арысқұм өнімді қабаты мұнайының құрамының өзіндік қасиеттері тұрақты болып келеді.
Мұнай тығыздығы 0,8415 тм3 - тен 0,8957 тм3 аралығында өзгеріп отырады. Ашық фракциялардың болуы (3000С дейін) 7%-тен 33%-ке дейін, ал бензин фракциясы (2000С дейін). М-ІІ өнімді қабатының мұнайлары: аз күкіртті (күкірт құрамы 0,46%-дейін, тек №1п ұңғымасын талдау кезінде 0,84%-ке жеткен), шайырлы (асфальтен-шайырдың құрамы 16,65% дейін), жоғары парафинді (парафин құрамы 9,7 %-ден 27,82% дейін). ИГИРНИГМ талдауы бойынша бензин фракциясы топтық көмірсутекті құрамы бойынша мұнай нафтенді циклға байланысты 59,9% дейін, парафинді тізбекке байланысты 39,1% дейін және ароматты көмірсутектер 16,8%- ден 23,1%-ке дейін.
Мұнайдың қату температурасы +120С тан+240С-қа дейін, жекелеген талдаулар бойынша 290С қа дейін. Мұнайдың қату температурасының жоғары болуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабат жағдайындағы мұнайдың қасиеттері
Арысқұм кен орнының мұнай өндіру ұңғымаларының түп аумағына әсер ету әдістерін талдау
Ұңғылар қорының динамикасы
АУМАҚТЫҚ ПЛАСТИНКА
Арысқұм кен орнының м-іі кешенін механикалық әдіспен игеру және жабдықтарды таңдау
Айдау скважиналары, скв
Айранкөл мұнай кен орны
Кен орнының апт-неоком горизонтын терең-сорапты қондырғылармен игеру
Мұздықтар туралы
Гипотермия
Пәндер