ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ СИПАТТАРЫ


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КӨРІНІСІНЕ КОНТЕНТ ТАЛДАУ
КІРІСПЕ
Қай ұлттың болмасын дүниетанымын, болмысын, ұлттық сипатын, өзіндік колоритін тану үшін қашанда алдымен оның рухани қазынасына үңілген дұрыс. Сондықтан әрбір халықтың интеллектуалды ерекшелігін оның өз ақын-жазушыларының шығармашылығынан іздеу керек болады. Бұл ұлттық айшық талай заманғы даму үдерісінде біртіндеп, ұзақ қалыптасатыны белгілі. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодты сақтай білу» деп атап көрсетілген [1] . Ұлттық код - сөз жоқ ұлттық кодтың басты тірегі тіл, әдебиет, тарих, ұлттық мәдениет, ата-баба дәстүрі. Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ прозасында халқымыздың қоғамдық және тұрмыстық, сондай-ақ түрлі салттық ерекшеліктері, яғни ұлттық коды өзінің тиісті тілдік көрінісін тапқан. Сондықтан тіні ұлттық дүниетанымнан ажырамаған әңгімелерді арнайы қарастыру, ұлттың өзі-өзі тану тұрғысынан зерттеу өзекті болып табылады. Көркем әдебиет шығаpмаларындағы автор дүниетанымының ата бабалық көзқарастардан cабақтаса жалғасқан болмысы ғана оқырмандарды, тындаушыларды тәpбиелейтіні, өзіндік көркемдік иіріміне тартатыны сондықтан. Міне, осындай ұлттық түcінікпен астасып жатқан
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары қазақ әдебиеттануы, оның ішінде проза көш ілгері қадам басты. Осы жылдар аралығында қазақ әңгімесінің дамуына елеулі үлес қосқан М. Мағауин, Т. Нұрмағамбетов, Қ. Жұмаділов, Ә. Кекілбаев, Ә. Нұрпейісов, Т. Әбдіков, А. Кемелбаева, Ж. Шаштайұлы, Ш. Мұртаза, М. Байғұт, Б. Нұржекеев, Д. Әшімханов, С. Асылбекұлы, Қ. Түменбай, Н. Ораз, Р. Мұқанова, М. Айымбетов т. б. сынды жазушылардың биік белестен алатын орны айрықша. Тәуелсіздік жылдарында қалам тербеген жазушылардың шығармаларынан қазақтың тұрмысының, тағдырының, ішкі жан дүниесінің жаңа заманға сай бейімделіп өзгергенін байқаймыз. Диссертацияның бірінші тарауында қазақ әңгімелерінде көрсетілген ұлттық құндылық мәселесі мен контент-анализдің ерекшелігі жайында сөз болады. Ал екінші тарауында қазіргі қазақ әңгімелерінде көрініс тапқан ұлттық құндылықтар сипатын кеңінен тарқатамыз.
Тақырыптың өзектілігі. Жалпы ұлттық әдебиетіміздің дамуының қай дәуірін қарастырсақ та, прозадағы өзіндік бояуы мен ерекшеліктері бар жанр ретінде әңгіменің орнын атап өту абзал. Ғасырға жуық оқиғаларды қамтитын роман жазғанға қарағанда шағын сюжетті әңгіме жазу күрделі, әрі жауаптылықты талап ететін жұмыс. Шағын жанрда еңбек етіп жүрген прозашылар қысқа әңгіме арқылы үлкен қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді көтеруде. Тәуелсіздік жылдарындағы әңгіме жанры ауыз толтырып айтарлықтай ерекше қарқында жаңа бір сарында дамып келеді. Егемендігіміз ұлттық жаңғыруларға кеңiнен жол ашып бергендігі айқын. Биыл еліміздің тәуелсiздiк алғанына 26 жыл толады, бұл өте көп уақыт емес, ғасырдың тек ширегі ғана. Дегенмен осындай санаулы жылдар iшiнде Қазақстан Республикасында көптеген өзгерiстер мен жаңарулардың болғаны айдай ақиқат. Заман мен қоғам өзгердi. Жаңа заман ығына сай жаңашыл адамдардың типi пайда болды. Нарықтық қатынас біраз қиындықтар туғызды. Осы секілді жаңа қоғамдағы өзгерiстер көптеген қазақ жазушыларының шығармашылығына әсер етті, қиялына қанат бiтiрiп, шабытына жаңа леп қосты. Ол тәуелсіздік кезеңінде жарық көрген қазақ әңгiмелерiнен анық байқалады. Әсіресе, жазушылар М. Мағауин, Т. Нұрмағамбетов, Қ. Жұмаділов, Ш. Мұртаза, М. Байғұт, Б. Нұржекеев, С. Асылбекұлы, Қ. Түменбай, Н. Ораз, Р. Мұқанова, Т. Ахметжан, А. Алтай, А. Кемелбаева, Д. Рамазан және т. б. жазған туындылар әңгіме жанрының қайталанбас бір көркемдік әлемін ашып, шағын жанрдың көсегесiн көгертуге үлкен үлес қосты. Қазақ жазушылары бұл жанрдағы дәстүрді жалғастыра отырып, мазмұн мен түр жағынан жаңа ізденістерге барды. Соңғы жиырма жылдықта жазылған әңгімеде күрделі көркемдік үлгі-өнегелер көптеп кездеседі. Яғни, ұлттық шеңбердегі шеберлік нақыштар ғана емес, әлемдік әдебиеттегі көркемдік үрдістерді қазақ әдебиетінде жаңғыртып, жандандыруымен назар аудартады.
Тәуелсіздік алған жылдар еліміздің тарихында айрықша орын алады. Қоғамда ұлы өзгерістер болды, бостандық алып бағынатын жүйеден босадық, Кеңес Одағы құлап, оның орнына тәуелсіз мемлекеттер орнады. Бұл өзгерістер әсіресе әдебиет саласынан оның ішінде әңгіме жанрынан айқын көрініс таба бастады. Адам баласының ақылына, ойына, сезіміне суарылған тәуелсіздіктегі көркем әдебиет қазақ халқының ұлттық сипатын дәріптеу миссиясынан ешқашан айрылмақ емес.
XX ғасырда қазақ әдебиетінің шағын прозасын Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов сынды жазушылардың әңгімелері биік белеске көтерсе, тәуелсіздік кезеңінің жазушылары ұлттық прозаны одан да жоғары деңгейге өсіре білді десек болады. Олар қоғамдағы жаңашылдықты, тың өзгерістерді көрсетті, түрлі типтер мен характерлерді беруде жоғары табыстарға жете білді. Прозаның бұл кезеңдегі өкілдері турасында пікірлер жетерлік. Солардың ішінде аға буын өкілдері мен келешегінен зор үміт күттірген бір топ жас жазушылардың шығармаларына, оның ішінде шағын прозаға жататын әңгіме жанрына мазмұндық талдау жасалынбақ.
Өмірдің өткір кезеңдерінде шираған сөз өнері тақырып тұрғысынан үздіксіз жаңарып, байып отырады. Себебі қазақтың ішкі дүниесі, сезімі, санасы, рухы, табиғаты, болмысы өзгереді, биіктей түседі, өседі, ілгері дамиды. Қазіргі прозада 60-80-жылдардағы классикалық шығармалар қатарынан оза түсетін әңгімелер толқыны да туа бастады. Әдебиет сыншысы, ғалым С. Қирабаевтың осы ретте «Қоғамдық тартыстарда қандай қақтығысқа түссе де, ең алдымен, адамның адам болып қалуы, адамдық мұраттарын, адамгерішілігін сақтауы біздің қаламгерлерімізге адам бойындағы өзгерістерді жаңа сапаны танытар өлшем сияқты көрінеді. Суреттелетін дәуір шындығы мен проблематикасының, жазу үлгісі мен стилінің әр түрлілігіне қарамастан, заман сырын адам және оның ісі арқылы бейнелеуге ұмтылу бұл шығармалардың ортақ сипаты болып табылады» деуінің сыры осында [2, 18] .
Диссертациялық жұмыстың нысанасы болып отырған 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі қазақ прозасына жататын әңгіме жанрының тәуелсіздік жылдарындағы негізгі тақырыптары мен идеяларына, дәстүр мен жаңышылдық, көркемдік-эстетикалық сипатына, көркемдік қиялына, поэтикасына тоқталуды өзекті санадық. Бүгінгі қазақ әңгімесінің үлкен мәселелерін шешу көркем шығармаға неғұрлым тереңірек, жан-жақты келіп, сыншылдық көзқараспен үңілуден басталады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі әдеби процесс турасында, жазушылардың шығармалары жайында, қазіргі қазақ прозасы поэтикасының жеке мәселелеріне қатысты жазылған З. Қабдолов, З. Ахметов, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, Н. Ғабдуллин, Р. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, Б. Майтанов, Қ. Ергөбек, Қ. Алпысбаев, А. Ысмақова, П. Әуесбаева, Г. Елеукенова, Г. Пірәлі, Г. Балтабаева, С. Асылбекұлы, Ж. Дәдебаев, Б. Ыбырайымов, З. Серікқалиев, Т. Рахымжанов, Т. Сыдықов, М. Хамзин, Т. Есембеков, О. Көзбеков, А. Рамазанова, Ж. Айтмұханбетова, Ж. Дүйсенбаева сияқты зерттеушілердің еңбектерінде тұшымды тұжырымдар жасалды. Мысалы, Т. Есембековтің «Көркем мәтінді талдау негіздері», «Көркем мәтін поэтикасы» [3], Ж. Дәдебаевтың «Өмір шындығы және көркемдік шешім» [4], Қ. Алпысбаевтың «Көркем мәтінді талдау әдістері» [5], А. Ісмақованың «Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начало XX века и современность) [6], Л. Сафронованың «Автор и герой в постмодернистской прозе» [7], А. Темірболаттың «Проблема хронотопа в современной прозе» [8], У. Абдыхановтың «Социально-нравственные аспекты раскрытия образа интеллигенции в современной казахской прозе» [9] еңбектерінде кейіпкердің жан әлемі, ой, қиял, сана, мәтін мен мағына, мистикалық және мифологиялық кеңістік, сюжет, уақыт пен кеңістік т. б ұғымдар теориялық талдауларға түскен. Дегенмен де, зерттеушілер көркем шығармадағы оның ішінде әңгіменің поэтикасы турасындағы көзқарастарын тек өздеріне қатысты шағын мөлшерде қамтыған. Ал біздің зерттеу жұмысымыздың алдында тұрған іргелі міндет - қазіргі қазақ әңгімелерінде көрініс тапқан ұлттық құндылықтарға мазмұндық талдау жасау.
Сөз өнерінің өз алдына қойған мақсаты - тәуелсіздік жылдары жазылған қазақ прозасының, оның ішінде әңгіме жанрының даму ерекшелігін, заман талабын, жалпы ұлттық әдебиетке қосқан үлесін, шығармалардың поэтикасын қарастырып, жазушылардың көркемдік қолтаңбасын айқындап, саралау болып табылады. Жоғарыда аты аталған қаламгерлердің шығармаларын ұлттық құндылық тұрғысынан зерделеу ғылыми еңбектің өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тәуелсіздік жылдары туған қазақ әңгімелері жайында жазылған еңбектерді негізге ала отырып, қазіргі қазақ әңгімелеріндегі ұлттық құндылықтарға мазмұндық талдау (контент-анализ) жасау.
Осы мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер :
- қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жалпыадамзаттық парадигмаларды ғасырдан ғасырға жалғаушы - ұлттық құндылықтарды нақтылау, сұрыптау, айқындау;
- әңгіме жанрында көрініс тапқан ұлттық характер, ұлттық болмыс, ұлттық мінез мәселелерін нақтылы мысалдар негізінде ажырату;
- қазақ әңгімелеріндегі ұлттың өзіне ғана тән кие, обал, сауап т. б. көрініс табуын зерделеу;
- қаламгерлер туындыларындағы үндес ұлттық мінездердің ерекшелену жолын, олардың ұнамды, ұнамсыз мінез болатындығын анықтау;
- ұлттық кейіпкер болмысының қазақ даналығы, тағылымы мен жантану ілімі арқылы танылатынын және олардың ұлттық мінездің тұрақтылығына әсерін көрсету.
Зерттеу нысаны қазіргі қазақ әңгімелеріндегі ұлттық құндылықтарға мазмұндық талдау жасау.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Диссертация жұмысында әңгіме жанры мен тарихына, ұлттық сипат мәселесіне қатысты жазылған әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектеріндегі ғылыми пайымдаулар мен пікірлер басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғылыми жұмыста шағын жанрдағы ұлттық мінез ұлттық сананы ояту, ұлттық мүдде, ұлттық мақтаныш тұрғысында қарастырылып зерттелді. Аталған жазушылардың ұлттық характер сомдаудағы шеберлігі зерделенді. Диссертацияда жоғарыда аты аталған жазушылардың көркем шығарма жазудағы философиялық ой тереңдігі айқын көрінетін әңгімелеріне назар аударыла отырып, қоғамдық өзгерістерге сай адамның ішкі эволюциясын, санасындағы құбылыстарды, әлеуметтің рухани мәселесін көтеретін дүниелер қарастырылды. Аталған жазушылардың туындылары тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әңгімесінің біз қарастыратын сипатына дәл келеді және алғаш рет контент-талдау жасалып отыр.
Зерттеу әдістері. Диссертация жұмысында қазақ әңгімелерінде көрініс тапқан ұлттық құндылықтар сипатына мазмұндық талдау (контент-анализ) жасалады.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік мәні. Зерттеу жұмысында жасалған тұжырымдар мен нәтижелер жоғары оқу орындарының әдебиеттану мамандығында оқытылатын дәрістер мен семинар сабақтарында, қазіргі әдеби үдеріске қатысты арнайы курстарда қолдануға болады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің зерттелу тарихына қатысты еңбектерге де пайдалануға болады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Әңгіме жанры жайлы қазақ зерттеушілері көптеген еңбектер жазды. Олардың ішінде Б. Наурызбаевтың «Бейімбет Майлин творчествосының шеберлігі» [10] атты тақырыптағы докторлық диссертациясы, Ғ. Мүсіреповтің әңгімелеріне арналған Х. Әдібаевтің «Талант, талғам, тағдыр» [11] деген ғылыми еңбегі, З. Қабдоловтың әңгіме туралы зерттеген ғылыми жұмысы бертін келе «Жанр сыры» [12] деген 1940-1950 жылдар арасындағы қазақ әңгімелеріне арналған еңбекпен жалғасын тапты. 1960-70 жылдардағы қазақ әңгімелері мен повестерін «Проблема характера в современном казахском рассказе» [13] атты еңбегінде С. Шарабасов зерттесе, 1980-90 жылдардағы қазақ әңгімелері турасында Г. С. Балтабаева «Қазіргі қазақ әңгімесі» [14] деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сонымен қатар қазіргі қазақ прозасының поэтикасын, әңгіме жанрының стилін, шағын прозаның даму тенденциясын қарастырған Т. Кәкішұлы, С. Қасқабасов, С. Негимов, З. Бейсенғали, А. Құлымбетова, Р. Рүстембекова, С. Әшімбаев, Ә. Бөпежанова, Б. Майтанов, З. Серікқалиев, Қ. Ергөбек, Б. Ыбырайымов, Г. Елеукенова, Е. Аманшаев, Т. Жұртбаев, Б. Кәрібаева сынды зерттеушілер маңызды ойлар қалдырды. Алайда зерттеу жұмысымен айналысушылар қазіргі қазақ прозасын өз тақырыптары мен нысандарына қарай керек дәрежеде ғана қарастырды.
Дегенмен, зерттеу нысаны болып отырған тәуелсіздік кезеңіндегі қаламгерлердің әңгімелерінде заман шындығы мен көркемдік шындықтың аражігін айыру, қоғамдағы басты мәселелердің бүгінгі көркем туындыларда өзекті тақырыптардан көрінуі, дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық, идеялық ерекшеліктерінің поэтикасы, жаңа тип пен характер, сюжеттік- композициялық стильдік ерекшеліктердің көрінісін, көркемдік-идеялық проблемалар, әдеби ағымдар жан-жақты қарастырылып әдебиеттану ғылымында арнайы зерттеу объектісіне айналған жоқ. Аталмыш мәселелер арнайы зерттеу болып қаралмады. Сол себепті қазіргі қазақ әңгімесінің поэтикасы - толыққанды қазіргі қазақ әдебиеттануындағы зерттелуге зәру бағыттың бірі.
Зерттеу жұмысының жариялануы. Жұмыстың негізгі қорытындылары республикалық ғылыми журналдарда және жинақтарда мақала түрінде жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ СИПАТТАРЫ
1. 1 Ұлттық құндылық және контент-анализдік зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» атты мақаласында «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тариxының тереңінен бастау алатын руxани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу» [1] деген салиқалы байламын білдіреді. Шын мәнінде кез-келген мемлекеттің жарқын келешегі сол елмен өзінің өмірі мен өскелең ұрпағының ертеңгі тағдырын байланыстырған барша қоғамның төл тариxын, мемлекеттік тілін, дәстүр-салтын, мәуелі мәдениетін бойына сіңіруі мен сапасына қалыптастыру деңгейімен өлшенетіні ақиқат [15] . Бұл руxани факторлар xалықтың сыртқы идеологияға, жат радикалды ағымдарға қарсы төтеп беруінің иммунитетін күшейтеді және жаһандық аренада бәсекеге қабілетті қоғамды түпкілікті орнықтырады. Үнді xалқының руxани көсемі Маxатма Гандидің: «Мәңгілік ақиқаттар, олардың атауы мәңгі деп аталып тұрса да, өздерін ұдайы ескеріп тұруға және санаға сіңіруге мұқтаж» деген сөзі бар. Ұлттың мәңгілік руxани құндылықтары да сәл сол сияқты, ол ұрпақ санасында ұдайы жаңғырып отырмаса, замана талабымен көмескі тартып, өзіне тән бояуы қашып, өзге өркениеттердің толқынында шайылып кетуі әбден ықтимал екені анық. Бұл тақырыпта басы ашық ақиқаттың бірі ретінде Елбасының қоғамды руxани-мәдени жаңғырту мәселесін ұдайы назарында ұстап, бұл салада сабақтастықпен жүргізіп келе жатқан саясатының сындарлығын атап көрсетуіміз керек. Ұлттық құндылықтардың негізі - ұлттық фольклорлық шығармалардан бастау алады. Олар: бесік жыры, тұсаукесер жыры, тойбастар жыры, беташар, сыңсу, жар-жар, т. б .
Халық өз дүниетанымын, салты мен дәстүрін, ғұмырлық тариxын ең алдымен өнерге сіңірген, сол арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Бұл орайда, баға жетпес байлық, құнды да, құнарлы дерек көзі - фольклор. «Фольклор - барша ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағы болуымен қатар, xалық тариxының дәстүрлі дүниетанымының жинақталған алтын қоры xалықтың руxани жан дүниесінің айнасы, сонымен қатар, ол өткеннің елесі ғана емес, бүгінде xалық тұрмысында өмір сүріп, көркем өнердің қайнары, дүниетанудың оқулығына айналған мәңгілік мұра» - деп ой түйеді ғалым К. Ісләмжанұлы. Қай xалықтың болмасын, өзінің тек тамырын танып, ұлттық келбетін айқындауда ғылыми саланың ең алдымен дәстүрлі дүниетанымның таусылмас қазынасы - фольклорға жүгініп жататыны да сондықтан. Жер бетіндегі ғұмыр кешіп жатқан елдер мен xалықтардың руxани құндылықтары мен мәдениетіне үңілгенде, ең алдымен ойға оралып, парасаттылығын парықтауды фольклордан іздейтініміз мәлім. Дария бастауы - бұлақ болса адамзаттың алғашқы арманы мен тұрмыс тіршілік үшін күрес ақпары сонда екенін ғылым анықтаған. Халық даналығының шежіресінен тариxшы, тілші, этнограф, педагог, псиxолог, философ, өнертанушы т. б болсын, керегін табады. Әрбір ұлт пен ұлыстың бітімі, дүние туралы таным-түсінігі, салт-дәстүрі, тілі мен діні де синкреттілік тән төл-тума болмысы фольклордан сәуле шашады.
Ұлттық құндылықтар мәселесі Қорқыт ата кітабынан бастап, орта ғасырлық ойшылдардың еңбектерінде, ақын-жыраулар поэзиясында Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, М. Жұмабаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынұлы шығармаларының өзегі болды. Ш . Уәлиханов өзінің «Сібір қарамағындағы қазақтардын сот реформасы туралы» деген еңбегінде ел билейтін, әсіресе, басқа ұлт өкілдерінің сол халықтың тарихын салт дәстүрлері мен психологиялық ерекшеліктерін жақсы білмей тұрып билік айту аса қиындық келтіреді» дей отыра, әрбір ұлттың өзіндік салт дәстүрлері мен діни нанымдарын құрметтеу қажеттігін уағыздайды. Қазақтың педагог ағартушысы және жазушысы Ы. Алтынсарин «Орынбор ведомоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» атты еңбегінде «құда түсіру, қыз айттыру заңы Есімxанның бұйрығы бойынша орнаған, оның бір жағы жауынгерлік заманда қол жинау үшін де маңызды болды» [16, 61] деп жазды. Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерінде қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жан-жақты зерттеді. Х. Арғынбаев қазақ отбасының дәстүрлерін, академик С. Толыбековтың «ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық-экономикалық құрылымы» атты еңбегінде Қазақстан экономикасына капиталистік қатынастардың енуіне байланысты қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістерді талдауға арналады. Еңбекте қазақ қоғамында болған өзгерістердің ауылдағы отбасылық дәстүрге тигізген ықпалы туралы маңызды деректер жиналған. С. Зимановтың «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық-экономикалық құрылысы» атты монографиясында дәстүрлі қатынастар үстем болған кезеңдегі қазақ xалқының әлеуметтік құрылымы туралы мол дерек береді, мұның өзі қазақ отбасылық дәстүрлерінің де өзгеріске ұшырау себептерін айқындауға негіз береді. Қазақ xалқының салт-дәстүрлері жөнінде үзбей еңбектенген зерттеушілеріміздің бірі Сейіт Кенжеаxмет еді. Қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт дәстүрлері мен әдет ғұрпын зерттеушілердің алдыңғы қатарында жүрген белгілі жазушы, этнограф Сейіт Кенжеаxметұлының «Қазақ xалқының салт-дәстүрлері» атты еңбегінен қазақ ұлтының әдет-ғұрпының 350-дей түріне анықтама берілген. Еңбекте қазақ мәдениетінің ерекшеліктері, оның салт-дәстүрлерінің ұлттық сипаты терең зерттелген. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.
Ұлттық дәстүрімізді көздің қарашығындай сақтап келген. Қазақ xалқы басына қандай да қиындық тумасын ата дәстүрімізді сақтаған, әлі де сақтап келеді. Ұлттық дәстүр дегеніміз - әрбір қоғамның ондағы әлеуметтік топтардың белгілі бір өмір сүру тәсілі. Бұл ұғым - «қоғамның оның топтары мен таптарының өздеріне тән жұмыс, тұрмыс жағдайында мәдениетінің дамуы, қызметіндегі, отбасындағы және тұрмысындағы қатынас ерекшеліктерін бейнелейді» [17] .
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата-тариxын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық мәдени құндылықтар - белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни xалық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық руxани және материалдық құндылықтар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz