Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Баситов К. Т.
«Байсерке Агро» жылқы зауыты жағдайында асыл тұқымды айғырлардың өсіп-өну қызметін арттыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 5В120100 - Ветеринариялық медицина
Алматы 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Ветеринария» факультеті
«Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Байсерке Агро» жылқы зауыты жағдайында асыл тұқымды айғырлардың өсіп-өну қызметін арттыру
Беттер саны 50
Сызбалар мен көрнекті
материалдар саны 18
Орындаған: 5В120100-Ветеринариялық медицина мамандығының ВМ-509 топ студенті Баситов Камиль Тахиржанович
2019 жылы « » қорғауға жіберілді.
Кафедра меңгерушісі, профессор Усенбеков Е. С.
Жетекшісі, б. ғ. к., қауым. профессор Кузембаев Ж. С.
Норма бақылау
Сарапшы
Алматы 2019
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Ветеринария» факультеті
5В120100-Ветеринариялық медицина мамандығы
«Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Баситов Камиль Тахиржанович
Жұмыстың тақырыбы: «Байсерке Агро» жылқы зауыты жағдайында асыл тұқымды айғырлардың өсіп-өну қызметін арттыру
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2019 ж « »
Жұмыстың бастапқы деректері:
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
- Шаруашылыққа сипаттама
- Асыл тұқымды айғырларды андрологиялық зерттеу
- «Байсерке Агро» жылқы зауыты жағдайында асыл тұқымды айғырлардан шәует алу және оны бағалау
- Асыл тұқымды айғырлардың өсіп-өну қызметін стимуляциялауға арналған препараттар қолдану
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. М. Аятханұлы. Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы. 2006.
2. Студенцов А. П. Ветеринарное акушерство и гинекология. 1953.
3. Беляков С. П. Физиологические способности воспроизводительной функции животных. Москва, 2000.
4. Влоскова П. А. Повышение воспроизводства и продуктивности животных. Воронеж, 2000.
5. Гончаров В. П. Профилактика бесплодия лошадей. Москва, 2001.
6. Попов Б. Н. Управление процессами размножения животных. Москва, 1998.
7. Барминцев Ю. Н. Воспроизводство и улучшение племенных качеств конского поголовья. Сборник научных трудов ВНИИ коневодства, 1979.
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі,
б. ғ. к., профессор Усенбеков Е. С.
Жұмыс жетекшісі,
а. ғ. к., аға оқытушы Кузембаев Ж. С.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент Баситов К. Т.
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Тараулар және қарастырылатын
сұрақтар тізімі
Кафедра меңгерушісі,
б. ғ. к., профессор Усенбеков Е. С.
Жұмыс жетекшісі,
а. ғ. к., аға оқытушы Кузембаев Ж. С.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент Баситов К. Т.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 7
АНЫҚТАМАЛАР . . . 8
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 9
1. КІРІСПЕ . . . 10
1. 1. Жұмыстың өзекті мәселелері мен тәжірибелік маңызы . . . 10
1. 2. Зeрттeулeрдің мaқcaты, міндeттeрі, объeктілeрі мeн
тәжірибeлік бaзacы . . . 11
2. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 12
2. 1. Жылқы шаруашылығындағы тұқымды асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру шаралары . . . 12
2. 2. Асыл тұқымды айғырлардың өсіп-өну қызметінің бұзылуы . . . 15
2. 3. Ұрықтың сапасын анықтау . . . 18
2. 4. Асыл тұқымды айғырлардың өсіп-өну қызметін стимулдеу . . . 20
3. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 23
3. 1. Зерттеу материалдары мен әдістері . . . 23
3. 2. Зерттеу нәтижелері . . . 30
3. 2. 1. «Байсерке Агро» асыл тұқымды жылқы зауытының құрылуы мен қазіргі жағдайына сипаттама . . . 30
3. 2. 2. «Байсерке Агро» жылқы зауытында өсірілетін мініс тұқымындағы жылқыларды күтіп-бағу және азықтандыру . . . 34
3. 2. 3. «Байсерке Агро» жылқы зауытында 2017-2019 жж шағылыстыру маусымында айғырлардың өсіп-өну қызметін анализдеу . . . 37
3. 2. 4. Стимуляциялаудың асыл тұқымды айғырлардың шәует сапасына ықпалы . . . 38
3. 3. Шаруашылықта жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігі . . . 42
4. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 44
5. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46
6. ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР . . . 47
7. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттық сілтемелер көрсетілген:
МЕМСТ 23691-79 Жаңа алынған сұйытылмаған айғыр спермасы
МEМCТ 20292-74E Шыны пипeткaлaр
МEМCТ 25336 Шыны cтaкaндaр
МЕМСТ 20291-74 Пробиркалар
ТШ 480-11-10-73 Шыныға жазатын қарындаш
МEМCТ 21241 Мeдицинaлық пинцeттeр
МЕМСТ 6709-72 Дистилденген су
МЕМСТ 50962-96 Пластикалық стакандар
МEМCТ 12026-66 Cүзгіш қaғaз
МЕМСТ 25336-82 Шыны воронкалар
МЕМСТ 18300-87 Этил спирті
МEМCТ 381-69 Тeрмомeтр
МEМCТ 8284-78 МБИ мaркaлы микроcкоп
МEМCТ 9284-75 Микропрeпaрaттaрғa aрнaлғaн зaттық шынылар
МЕМСТ Р 50267. 0-92 Сперма анализаторы
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:
Анамнез (грек. anamnesis - еске түсіру) - ауру жайлы мәлімет. Ауырған малды емдеу, сауықтыру мақсатында алдын ала жиналатын мәліметтер.
Аускультация - тыңдау.
Балау - ауруды анықтау, табу, диагноз қою.
Витаминдер (лат. vita - тіршілік, өмір) - организмнің тіршілік етуіне қажетті әр түрлі химиялық табиғи қосылыстардың органикалық тобы.
Габитус - малдың түр тұлғасын анықтау.
Диспансеризация - аурулардың дамуын және таралуын алдын алуға, малдың еңбекке жарамдылығын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені.
Иммунизация - арнайы инфекциялық ауруға тәнді төзімділік жасау.
Иммуностимуляция - биоактивті заттарды қолдана отырып организмнің иммундық жағдайын реттеу, өсіп-көбею функциясын және өнімділік көрсеткіштерін арттыру.
Карантин - індет ошағының одан әрі ұлғаюына жол бермеу үшін жүргізілетін шектеу шараларының жиынтығы.
Корреляция - белгілер арасындағы байланыс.
Криоконсервация (грек. κρύος - суық және лат. conservo - сақтаймын сөздерінен) - тірі биологиялық объекттерді төмен температуруада (-196°С сұйық азотта) сақтау.
Органолептикалық зерттеу - ұрық көлемін, түсін, иісін, консистенциясын және бөтен қоспалардың бар болуын талдау.
Пальпация - сипау.
Перкуссия - нұқу.
Термометрия - дене қызуын өлшеу.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылды:
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚазҰАУ - Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ЖЗ - жылқы зауыты
ТШ - техникалық шарттар
МЕМСТ - мемлекеттік стандарт
АСД - Дороговтың антисептик стимуляторы
ББҚС - буаз биенің қан сарысуы
ХБ - халықаралық бірлік
Гц - герц
га - гектар
Мкм - микрометр
м - метр
км - километр
% - пайыз
t - температура
⁰С - градус Цельсий
мл - миллилитр
л - литр
мг - миллиграмм
г - грамм
кг - килограмм
т - тонна
мин - минут
ж - жыл
1. КІРІСПЕ
1. 1. Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы
Жылқы шaруaшылығы - мaл шaруaшылығының тиімді caлacының бірі. Қaзaқcтaндa нaрық экономикacынa бaйлaныcты мaл шaруaшылықтaры қолғa aлынып, қaйтaдaн өркeндeудe. Хaлықты мaл шaруaшылығының өнімдeрімeн қaмтaмacыз eту - aуыл шaруaшылығы дaмуының бaғдaрлaмacы. Қaзіргі жaғдaйдa мaл шaруaшылығын жүргізудің өзіндік eрeкшeліктeрі бaр. Нарықтaғы қaтaң конкурeнцияғa бaйлaныcты, әрбір шaруaшылық aз шығын жacaп, өнім өндіруді көбeйтугe тырыcaды.
Бұл үшін acыл тұқымды мaл eнгізілeді, жaңa жaбдықтaр қолдaнылaды, вeтeринaриялық қызмeткe қойылaтын тaлaптaр күшeйeді. Мaл дәрігeрлік қызмeтті caпaлы дeңгeйгe көтeру үшін мaл шaруaшылығындa өтe күрдeлі жәнe жaуaпты мәceлeлeрді шeшу қaжeт.
Ветеринариялық акушерліктің ең маңызды мәселелерінің бірі - малдардың өсіп-өну қабілетін жоғарылату және жаңа туған төлді сақтап қалу болып табылады. Осы мәселелер шешілмесе, мал шаруашылығының ешбір саласы қарқынды дамымайды және табыстылықтың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізе алмаймыз. Қазіргі заманда ірі мал шаруашылықтарында мал басын көбейту шараларын зооинженерлер және малдәрігерлер ұйымдастырады. Бұл мамандар малдың өсіп-өну қызметінің ерекшеліктерін және оны реттеу тәсілдерін білуге міндетті.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, сапасы мен өнімін жоғарылату, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда.
Еркек малдың белсіздігі мен ұрғашы малдың бедеулігі жылқы шаруашылығының дамуын айтарлықтай тежейді. Жыныс мүшелерінің ауруы немесе импотенция салдарынан асыл тұқымды айғырлар мерзімінен бұрын ұрпақ беру қабілетінен айырылады. Күтімі қанағаттанарлықсыз жағдайдағы айғырлар 12-15 жастан кейін ұрықсыз болып қалады. Ал, тұқымды жақсартушы болып саналатын және көбею қабілеттілігін жоғалтпаған аса құнды айғырлар өмірдің соңына дейін қолданылады.
Біздің алдыға қойған мақсатымыз - «Байсерке Агро» жылқы зауытының асыл тұқымды айғырлардың өсіп-өну қызметін зерттеп, функцияның бұзылуын және әлсіреуін түзету әдістерін әзірлеу. Сонымен қатар, шағылыстыру маусымында айғырлардың өсіп өну қызметін талдап, стимулдеуші заттардың тиімділігін зерттеу.
1. 2. Зeрттeулeрдің мaқcaты, міндeттeрі, объeктілeрі мeн тәжірибeлік бaзacы
Зерттеу жұмысының мақсаты мен маңызы: «Байсерке Агро» асыл тұқымды жылқы зауыты жағдайындағы айғырлардың өсіп-өну қызметін арттыру технологиясын зерттеу нәтижесін зерделеу. Шаруашылықта өсірілетін ағылшынның таза қанды мініс және араб жылқыларын өсіру, азықтандыру және күтіп-бағу, олардан неғұрлым сапалы шәует алудың жаңа заманға сай технологиясын ұйымдастыру мен қолдану нәтижесінің экономикалық тиімділігін көрсету. Шаруашылықта жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау.
Зерттеу объектілері: Асыл тұқымды айғырлар, асыл тұқымды айғырлардың шәуеті.
Зeрттeудің тәжірибeлік бaзacы. Зерттеу жұмыстары 2018-2019 жж. аралығында «Байсерке Агро» асыл тұқымды жылқы зауытында және Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының зертханасында жүргізілді.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс компьютерлік мәтіннің 50 бетінде мазмұндалған және мөлшерлік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, негізгі бөлім, зертеудің материалдары мен әдістері, зертеу нәтижелерін талдау, тұжырым, қорытындылар, тәжірибелік ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыс 10 сурет,
2 кесте және 6 сызбамен көрнектелген.
2. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2. 1. Жылқы шаруашылығындағы тұқымды асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру шаралары
Республикамызда жылқы шаруашылығын өркендетудің негізгі міндеті-оның санын көбейту. Бұл үлкен міндетті жоғары сапалы жаңа тұқымдар өсіру оны дұрыс күтіп, мәдени түрде бағу әдісін қолдану негізінде ғана орындауға болады.
Шағылыстыруды өткізу мерзімдері. Шағылыстыру науқаны ат қорада күтіп бағылатын зауыттық жылқыларды ақпанның 15-нен шілденің 1-не дейін, ал тебінде үйірлеп жыл бойы табиғи жайылымдарда өсірілетін жылқыларды наурыздың 1-нен тамыздың 15-не дейін шағылыстырады. Жылқы өсіретін шаруашылықтардың экономикалық жағдайлары мен табиғаттың ауа райына байланысты бұл белгіленген мерзімдердің өзгеруі мүмкін.
Жылқылардың шағылысқа түсетін уақыты. Жылқылардың жыныстық жетілуі 1- 1, 5 жасынан басталады, бірақ шағылысқа оларды 3 жастан бұрын қоспайды. Жылқылардың шағылыстыру жастары олардың жетілуі мен тұқымдарына байланысты: биелерді бірінші рет 3-4 жасарында, ал айғырларды 4-5 жастарында ғана шағылыстыруға қосады.
Тебінде үйірлеп бағылатын жергілікті жəне ауыр жүк тартатын тұқымындағы жылқылар баяу жетіледі, ал таза қанды мініс жəне желісті тұқымындағы жылқылар өте тез жетіледі. Тез жетілген жылқылар тез дамиды да, жыныстық жетілуі кемеліне тез жетеді, бірақ ерте қартаяды. Айғырлар биелерге қарағанда тез жетіледі, бірақ биелерге қарағанда қолданылуы ұзағырақ болады.
Кəртеміс жылқылардың жұмыскерлігі, өсіп-өнгіштігі, тұқымының сапасы төмендейді, орта жастағы жылқылар (9-12 жас) жақсы өсіп-өнеді, сонымен бірге олар өте жақсы сапалы тұқым береді. Ауыр жүк тартатын жылқылардың тұқымға жəне жұмысқа пайдаланылуы 18 жылға дейін созылады, ал мініс жəне желісті жылқыларды 20-25 жылға дейін пайдалана беруге болады.
Аналық клетканың жетіліп, күйтінің басталу мерзімі түрлі малда түрліше болады. Мысалы, жас жылқының күйті 1-1, 5 жасында келеді. Алайда бұл жаста айғырдан шығаруға болмайды, өйткені олардың организмі әлі толық жетілмеген, ал ерте буаздық жас жылқының одан әрі жетілуін тежейді, одан әлсіз құлын туады. Сондықтан алғашқыда шағылысқа тез жетілетін (ауыр жүк тартатын және таза қанды салт мінетін жылқылардың тұқымдарын) жастағы байталдарды, ал содан кейін кештеу жетілетін (жергілікті тұқымдары) 4 жастағы биелерді жібереді. Жылқылардың көпшілігі 18-20 жасқа дейін құлындауға қабілеті жетеді. Жылқыны шағылыстыру мерзімі әр түрлі. Жалпы мүмкіндігіне қарай шағылыстыру жұмысын көктемде өткізген жөн.
Бие құлындағаннан кейін бірінші күйті 8-12 күннен кейін басталып, 5-7 күнге созылады. Содан соң, 15-20 күннен кейін қайталап отырады, соған орай биені айғырдан шығару мезгілін де алдын ала белгілеуге болады. Күйлеудің аз, не көп болуы биенің денсаулығына және азығы мен күтіміне байланысты. Биелердің буаздық мерзімі орта есеппен 11 ай (335-336 күн) Жылқы шаруашылығында биені айғырдан шығарудың мынадай түрлері бар:
Биені қолдан шағылыстыру − зауыттық жылқыларды ат қорада бағатын шаруашылықтарда жиі қолданылады. Сынақ кезінде күйіттеуші айғырлардың көмегімен күйі келген биелерді табады. Мəдени-тебінді жылқы шаруашылығында аралас шағылыстыру тəсілі қолданылады. Жылқыларды қолдан шағылыстырғандағы жастары 4-12 жас аралығындағы айғырларға жүктеме биелер 35-40 бас болуы керек. Айғырлардың шәуетінің сапасы мен жалпы күйіне қарай, оған қосылатын биелердің сандарын көбейтіп немесе азайтып отыруға болады. Шағылыстыру науқанына алғашқы рет түсіп отырған 3-4 жастағы айғырларға жүктеме биелер 15-20 бас қана болуы керек.
Биелерді үйірлеп шағылыстыру. Бұл табиғи шағылыстыру түрі, ол көбірек қолданылады, құлын да көбірек алынады. Бұл үшін бие 20-25-тен үйірге бөлінеді, айғыр еркін салынады, шағылыстыру науқаны аяқталғанша үйірден ажырамайды. Қазақстан жағдайында көшім және қазақы жылқылардың айғырлары үйірге жақсы түседі.
Қорада шағылыстыру. Қораға қамап шағылыстыратын болса биелердің бір тобын қоршауы бар базға немесе қораға айдап кіргізеді де үйірге салуға үйренбеген асыл тұқымды айғырды бос қоя береді. Арнаулы қораға қамалған бие мен айғыр еркін шағылысады. Айғыр күйті келген биені өзі тауып алады. Бір, екі рет шағылысқаннан кейін айғырды ат қораға жекелеп алып кетеді, ал биені өріске шығарады. Мұндайда 4 жасар және одан да сақайып қалған айғырды күн сайын биеге 1-2 рет қана қосуға болады. Бірақ бұл үшін оның азығы жеткілікті және құнарлы болуға тиіс. Жалпы күйіне, ұрық сапасына жабығына қарай, жас және сақа айғырларды биеге күніне не күнара бір-ақ рет қосу керек. Шағылысқан айы мен күнін арнаулы журналға жазып қояды. Әр айғырға 30-40 биеден бөлінеді.
Биені қолдан ұрықтандыру. Жылқы шаруашылығында бұл көп қолданылып жүрген әдістердің бірі. Оның артықшылығы сол, басқа шаруашылықтағы айғырлардың ұрығын әкеліп, кең пайдалануға болады, алынған ұрықты мұздатып ұзақ уақыт сақтауға және асыл тұқымды айғырларды дұрыс пайдалануға, сөйтіп биені көптеп ұрықтандыруға болады. Малдың еркегі әрқашан күйттірек келеді де, ұрғашысының күйті аналық клеткасының жетілуіне қарай келіп отырады. Аналық клетка жетіліп, бие күйлей бастағанда ұрықтандыру керек. Шағылыс маусымы ішінде бір айғырдың ұрығымен 150-300 биені ұрықтандыруға болады .
Жылқы тұқымын асылдандыру жұмысының негізі - адам өзіне қажетті мол өнім беретін малды таңдап алу, солардың ішінен дұрыс аталық және аналық жұп құру арықлы өнімі бұрынғыдан да мол өнім алу. Осы бір ақиқат қағиданы іс жүзінде асыруға қажетті кепілдің бірі - өсіретін жылқының өнімділік белгілерінің тұқым қуалаушылық заңдылығын жете білу.
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысы бірқатар мақсаттарды көздейді. Олардың ішіндегі ең маңызды мақсат ретінде жылқы тұқымдарында бүгінгі таңда ең маңызды қасиеттерді дамыту бағытында жетілдіруді санауға болады. Екінші міндет деп, осы мақсатта жаңа, немесе шаруашылық не болмаса спорттық қолдануға жауап беретін жылқы тұқымдарын немесе қолда бар тұқымдардың түбегейлі трансформациясын есептеуге болады. Асылдандыру жұмысы сонымен қатар кейбір жағдайларда көшбасшы бола алатын немесе үлкен қаржылай құндылыққа ие экстра-класс жылқыларды алуды көздейді.
Жылқы шаруашылығында асылдандыру жұмысын толық көлемде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Осыған орай асылдандыру жұмысы арнайы мамандырылған шаруашылықтарда - жылқы зауыттарында және өсірудің аздаған көлемі бар шаруашылықтарда - асылтұқымды репродукторларда жүзеге асады.
Өндірістік-зоотехникалық есеп. Жылқы шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар асыл тұқымды жылқыларға заводтық есеп кітабын жүргізеді. Заводтық кітапқа асыл тұқымды айғырлар мен биелердің карточкалары мен бонитировкалаудың, сынаудың, көрмелердің және асылдандыру жұмысына қолданудың нәтижелері тіркелді. Шығу тегі және төлдің өсіп-өнуі туралы мәліметтерді, сонымен бірге төлді сынаудың нәтижелерін даму төлді сынау кітабына жазады.
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы. Бұл кітапқа жылқының шығу тегін, сырт тұлғасын, өнімін тіркейді. Кітаптың тигізетін пайдасы-мұнда асыл тұқымды жылқының жоғары өнімдік көрсеткіштері тіркеледі және оларды дайындау жұмыстары көрсетіледі. Мемлекеттік кітапқа жазылған жылқылардың тұқымдық, өнімдік қасиеті зерттеліп, бақыланып отырады және басқа шаруашылықтарға бұл тұқымды тарату көзделеді.
Мемлекеттік асыл тұқымдылар кітабы жылқылардың төмендегідей тұқымдары мен тұқымдық топтарына жүргізіледі: араб, ахалтеке, белорустық жеккі, буденновтық, владимир, жоғары қанды жеккі, гуцулдік, дон, жмуд (жемайчю) иомудтық, қабардин, қарабайыр, қарабах, қостанай латвиясы, першерон, орыс жеккісі, орыс ауыр жүк тартқышы тазақанды мінгі, эстон ауыр жүк жеккісі және жергілікті элита немесе І класқа жатқызылған асылдандыру мақсатында пайдаланылатын 3 жасқа толған айғырлар мен биелер жатқызылады.
2. 2. Асыл тұқымды айғырлардың өсіп-өну қызметінің бұзылуы
Аталық малдың белсіздігі. Малды өз төлінен өcipy жұмысында аталық малдың үлкен маңызы бар, тек оның жыныстық қабілетінің каншалықты жарамды екенін дұрыс анықтай білу керек. Аталық малдың жыныстық қызметінің жарамсыздығын белсіздік немесе бедеулік (импотенция) деп атайды. Импотенция екі түрде өтедi:
1) Аталық малдың жыныстық, рефлекстері дұрыс өз дәрежесінде көрінбеуі.
2) Шәуеті жоқ немесе оның сапасы нашар.
Бедеуліктің түрлері:
1. Туа біткен бедеулік
2. Кәріліктен болған бедеулік
3. Симптомдық бедеулік
4. Алиментарлық бедеулік
5. Климаттық бедеулік
6. Эксплуатациялық бедеулік
7. Жасанды бедеулік
Туа біткен бедеуліктің бірнеше түрлері кездеседі: инфантилизм, крипторхизм, гермафродитизм.
Инфантилизм - жас малдың жыныс мүшелерінің дұрыс дамып жетілмеуі және жыныстық қызметінің байқалмауы, аналық және аталық безінің гипоплазиясы. Ондай малдың салмағы аз болады, уақытында күйлемейді және өспей қалады. Инфантилизмді массаж арқылы немесе ұлпалық препараттар қолдану арқылы емдейді.
Крипторхизм - еркек малдың бір жағының немесе екі жағының да ені ұма ішіне түспей, құрсақ қуысында, не болмаса шат каналында қалып қоюы. Оны кейде «сыңар ен» деп те атайды. Крипторхизм 2 түрде болады: біржақты немесе екіжақты, бір немесе екі еннің ұма ішіне түспей қалуы. Біржақты крипторхизм кезінде мал ұрықтандыруға қабілетті болады, сперма түзілу процесі бір енде ғана жүреді, бірақ мұндай малдарды ұрықтандырушы мал ретінде жібермейді, себебі крипторхизм- генетикалық аномалия, ұрпағына берілуі мүмкін. Екіжақты крипторхизм кезінде жыныстық рефлекстер сақталады, бірақ ұрғашы малды ұрықтандыра алмайды. Себебі шəуеттің сапасы өте төмен немесе аталық торшалар жоқ болуы да мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz