Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері
ТЕРРОРИЗМНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе бөлім: Таңдалған тақырыптың өзектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Қазіргі заманғы терроризімнің шығуы және оның мәні ... ... ... ... ... ... . 7
1.1 Терроризмнің қылмыстық құқықтық түсінігі. ... .7
1.2 Терроризмге әсер ететін алғы шарттар мен себептер ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
1.3 Терроризмнің психологиялық сипаты ... .26
1.4 Орталық Азия елдеріндегі террористік қауіп-қатерді талдау ... ..35
2 Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері ... ... ... ... ... ..46
2.1 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары бойынша терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
2.2 Терроризм үшін қылмыстық жауапкершіліктің кейбір мәселелері ... ... ...58
3 Терроризммен күрес: негізгі бағыттары мен проблемалары ... ... ... ... ... .61
3.1 Терроризммен күрестің түсінігі, принциптері, мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
3.2 Қазақстан Республикасында терроризммен күресті жүзеге асыратын субъектілер және олардың құзіреттілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
3.3 Терроризмге қарсы күрес жүргізу және террорға қарсы күрес жүргізудегі ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 6
3.4 Терроризммен күрестегі әлемдік тәжірибенің кейбір қырлары ... ... ... ..69
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... .
Кіріспе
Таңдалған тақырыптың өзектілігі:
Террор және терроризм - адамзат пен қоғамның барлық даму кезеңінде жалғасып келе жатқан түйіткілі шешілмеген мәселелердің бірі. Өткен ғасырдың аяғындағы террористік ұйымдардың санының ұлғаюы және олардын өте тез дамуы әлемдік саясаттың өзгеруімен және халықаралық - құқықтық қатынас субъектілерінің артуымен туындаған. Лаңкестік қауіп-қатердің жаһандану жағдайында, адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне ешкім кепіл бере алмайды. Сондықтан лаңкестік көріністерге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру үшін халықаралық қоғамдастықтың өзара бірігіп заманауи ғылымның мүмкіндіктерін қолдану арқылы шара қолдануы қажет.
Қазіргі қоғамдағы негізгі ерекшелік сол, әлем мемлекеттерінің өзара байланысы артып отыр. Интеграция үрдістері ғаламдану құбылысына жол ашып отыр. Бұл факторлар өзінің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктерін де алып келді.
Оның ішінде, бүкіл әлемдегі мемлекеттер үшін кейінгі он жылдықта адамзатқа төнген ортақ қауіптердің қатарына терроризм келіп қосылды. Оның қоршаған ортаға да, адамзат қауіпсіздігіне тигізер қауіпі өте үлкен. Сондықтан да, бүгінгі күні халықаралық қауымдастықтың алдында жедел түрде шешілуі керек мәселелердің бірі, дүние жүзіндегі терроризмді қаржыландыру саласындағы қаржы ағымының алдын алу, тоқтату болып табылады. Көптеген мемлекеттер терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте берілген тізімді басшылыққа алып, өз аумақтарындағы тізімге ілінген террористік (экстремистік) ұйымдарды қаржыландыратын топтарды ұстау бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Әлемнің көпшілік мемлекеттері адамзатқа қауіпті терроризмнің алдын-алуға үлкен қаржы жұмасауға мәжбүр болып отыр.
Осы қалмыстардың алдын-алу бойынша 2001 жылы 28 қыркүйек күні БҰҰ - ң Кеңесінде әлем елдерінің келісуімен терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Конвенцияны қабылдануын көруімізге болады. Аталған конвенцияға біздің еліміз 2002 жылы 2 қазанда ратификацияланды.
Бірақ осыған дейін, елімізде 1999 жылы 13 шілдеде Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы , және де 2005 жылы 26 ақпанда Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңдары қабылданды.
Терроризмді қылмыстық құқық бойынша сиппаттасақ, қылмыстық құқықтың 10-шы тарауы яғни Қоғамдық Қауіпсіздікке Және Қоғамдық Тәртіпке Қарсы Қылмыстық Құқық Бұзушылықтар бөлімі қарастырылған соның ішіндегі 6 бабы қарастырылған:255, 256, 257, 258, 259, 260 бабтары.
Мемлекетіміздің тоғыз жолдың торабында орналасуы, геосаяси жағынан қолайлы болуы, бұл лаңкестік қауіптің орын алуына үлкен мүмкіншіліктер тудырады. Оған дәлел ретінде, Орталық Азиялық көршілес мемлекеттер Қырғызстан мен Өзбекстанда болған жағдайларды атап өтуге болады. Қырғызстандағы Бапкент оқиғасы терроризмнің ушығуына алып келсе, Өзбекстандағы экстремистердің лаңкестік әрекеттері ішкі күштердің тарапынан қолдау тауып аталған оқиғалардың орын алуына алып келді.
Терроризмнің мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында да тигізер зардабы зор. Ол Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, елдегі әр түрлі конфессия өкілдерінің арасында саяси, діни, ұлттық-этникалық тұрғыдан қарама қайшылыққа әкеліп, қақтығыстардың болуына әкеліп соқтырады.
Қазіргі кезде діни фундаментализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп[1]. 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық жаңа кезеңіне негіз болды.
Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизим мен терроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте актуальды мәселе.
Біріншіден, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.
Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға қақпа рөлін атқарып тұр. Себебі, мұнда негізгі интеллектуалдық және техникалық потенциал және үлкен табиғи ресурс шоғырланған. Қазақстан әрі Европалық, әрі Азиялық мемлекет. Ал оның Орталық Азиядағы көршілері туралы бұлай деуге болмайды. Қазақстандағы діни ахуалдың да басқалармен салыстырғанда өз ерекшелігі болып отыр.
Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға тигізер ықпалы қандай? Ауғанстандағы талибандарға, Аль-Каеда ұйымдарына соққы бергенімен, орта азиялық мемлекеттерге діни экстремизм қаупі сейілген жоқ. Мұнда халықаралық экстремистік ұйымдардың ұялары сақталған. Оған есірткі, қару-жарақ тасымалы, босқындар мәселесі қосылуда. Осы жағдайды саяси тұрғыдан салыстырып зерттеудің үлкен маңызы бар.
Үшіншіден, Қазақстанда терроршылдықтың әлеуметтік негізі жоқ дейтін жалған пікірді әшкерелеу де актуальды. Қазіргі кездегі мемлекет басшылары мен саясеткерлердің Орталық Азия аймағында терроршылдықтың ислам дінімен ешқандай байланысы жоқ деген пікірлері зерттеушілерді ойландырмай қоймайды. Сондықтан бұның сырын ашу ісі де маңызды. Терроризмнің дінмен байланыстырылуы, біздіңше, тегін емес. Осы күнге дейін діни фундаментализм идеясының мәні және оның адамдардың психологиясы мен мінез-құлқына әсері толық зерттеліп болған жоқ. Лаңкестің жолға түскен адамдардың іс-әрекеті неліктен дінмен байланыстырылады? Неліктен терроризм мен антитерроризм арасындағы күрес діни белгілеріне қарай жүргізіледі? Діни идеялардың қайта күшейе түсуінің Қазақстанда діни экстремизмнің бас көтеруіне қаншалықты ықпалы бар? Адамның немесе белгілі бір топтың лаңкес екенін анықтаудың критериі неде?
Төртіншіден, держава мемлекеттер тарапынан лаңкестікке ғана күресте қарсы кінәлілерді біліп алмай, оның туу себептерін анықтап алмай тұрып беталды соғыс жүргізу орын алуда. Олай болса діни экстремизм, исламдық терроризм туралы әлемдік ақпарат құралдарындағы даурықпа науқаншылдықтарда, біздіңше, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақтылық басым. Оны ашып көрсетпей болмайды.
Бесіншіден, еліміз тәуелсіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды. Көп жыл кеңес тегеурінін көрген мұсылман қауымы Құран-Кәрімді еркін оқуға мүмкіндік алды. Мұсылман дінін басқаратын, оның дамуын реттейтін, ұйымдастыратын, уағыздайтын тәуелсіз басқарма құрылды. Егер 90-шы жалдарға дейін дін апиын деп келсек, енді діннің рухани жағынан пайдалы екеніне көңіл бөліне бастады. Бірақ, әлі де болса елде діннің шынайлығы қалыптасып болған жоқ. Бұл салада бұрмалаушылықтар, діни дүмшеліктер жетіп жатыр. Осының негізінде діни фанатизмге байланысты терроршылдық қаупі пайда болуда. Сондықтан оның себептерін зерттеу қажет болып отыр.
Алтыншыдан, көп ретте ислам дінін тек қана мәдениет пен адамгершілікке байланысты қарастыру орын алуда. Ал дұрысында мақсат, біздіңше, одан кеңірек болуы керек. Турасын айтқанда діни экстремизм қандай жағдайда пайда болады, ол қалай терроршылдыққа айналады, не себептен саяси билікке жету құралына айналады деген мәселе ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Терроршылдықты зерттеу және оны жүйелі түрде талдау қоғамдық ғылымдар үшін өте өзекті мәселелердің бірі екені анық. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде терроризмге қарсы күрес жолдары ашып көрсетілген [2]. Осы тақырып бойынша бірнеше дөңгелек үстелдер өткізіліп, ғылыми-практикалық маңызы бар конференциялар, мерзімді басылым беттерінде көпетеген мақалалар жарияланған, әртүрлі көзқарастағы ғылыми еңбектерде жан-жақты сараптау және талдау жасалынған. Әсіресе Қазіргі жағдайдағы терроризммен күрес проблемалары атты тақырыпта өткізілген ғылыми-практикалық конференцияны ерекше атаған жөн.
Дипломдық жұмысты жазуда келесі заң ғылымы саласындағы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазылды.
Терроризм және онымен күрес мәселелері туралы мынадай көптеген шетел ғалымдарының еңбектері жарық көргені мәлім: З. Бжезинский, Г. Киссинджер, Э.Д. Кингстон - Макклори, Р. Конквест, Е.П. Кожушко, М. Азлиев, В.В. Устинов және т.б. зерттеген [3].
Қазақстанда дау-жанжалдарды болдырмау, тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қазақстандық ғалымдар С.М. Абдулпаттаев, А.И. Артемьев, Ә.Қ. Бақаев, Ғ. Есім, Ж.Х. Жүнісова, Ә.Н. Нысанбаев, М.С. Машан, С.Г. Федосеев, криминологиялық ғылым жағынан зерттеген Е.І. Қайыржановтың , А.Н.Ағыбаевтың , Алауханов Е.О.және т.б. еңбектерінің мәні мен құндылығы ерекше пайдаланылды.
Терроризм қылмыстардың ауыр түріне жататын болғандықтан, оның жолын кесуді айқын білмей тұрып, бұл үлкен проблемаға қарсы тұру тиімсіз әрі дұрыс бағыт бермейді. Сондықтан терроризмнің ұғымын ашық және терең зерттей отырып, оның пайда болуын, шығу себептерін, психологиясын анықтап шешуге тырыстық. Барлығын байланыстыру арқылы терроризммен күресудің дүниежүзілік методикасын қолдана отырып, біз оған қарсы іс-әрекеттің механизмін жасап, оны құқықтық реттеудің жолын қарастырдық.
Зерттеудің методологиялық негізі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ғылыми - танымдық әдістер қолданылды: салыстырмалы-түсіндіру, ғылыми талдау, сараптау, сипаттау және публицистикалық. Мұның өзі авторға біржақты позиция мен догмалардан аралып, зерттеліп отырған мәселені сыни, объективтік тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді. Зерттеудің методологиялық негізін анықтағанда, қазіргі кезде ғылымда орын алып отырған зерттеудің ғылыми тәсілдерін - аналогия және эксктрополяцияны -басшылыққа алдық.
Ұсынылған негізгі ережелер: Зерттеліп отырған мәселенің маңыздылығына байланысты біз жаңа идеяларды ендіре отырып, оны қоғам өмірінің даму заңдылықтарымен сәйкестендіріп, негіздеуге тырыстық. Тақырыпты зерттеудің қиыншылығына қарамастан терроризмнің шығу себептерін, түрлерін, күресу әдістерін ғылыми түрде жан-жақты талдап, терроризм құбылысының мәнін ашуда ғылыми жүйелілікті қолдандық. Жұмыстың - ғылыми жаңалығы - бұрын көп қарастырылмаған терроризм психологиясы.
Бүгінгі таңда - бұл құбылыс Камикадзе-Шаһид түрінде етек алып отырғандықтан, біз осы мәселені жан-жақты зерттеуге тырыстық. Сондай - ақ тағы бір жаңалығы - жұмыста теория мен практиканың бір-бірімен ұштастырылуы.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысының негізгі практикалық маңызы сол, оның ой-тұжырымдары, сарапталған мәліметтері жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек береді деп және cтуденттердің өзінің білімдік қажеттігін одан әрі дамытады деп айта аламыз. Сондай-ақ, жұмыста көрсетілген бұл зұлымдыққа қарсы күрестің әдістерін іс жүзінде де мемлекет тарапынан қолдануға болады деп есептейміз.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі дәйектелген. Мәселенің зерттелу деңгейі анықталып, дерек көздері сараланады. Еңбектің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы ашық көрсетіледі.
Жұмыстың Қазіргі заманғы терроризмнің шығуы және оның мәні деп аталатын бірінші тарауында терроризмге анықтама бере отырып, оның түсінігі ғылыми түрде талданылды. Жұмыста терроризмнің пайда болу себептерінің түрлі жақтары қарастырылып, террордың және терроризмнің психологиясына түсініктеме берілді. Тарауда экстремизм және терроризм туралы айта келіп, олардың түрлері мен айырмашылығына тоқтала отырып, Орталық Азияда және Қазақстанда экстремизм мен терроризмнің таралу жолдары туралы айтылады. Бірінші тарау түгілімен теориялық мәселелерге арналса, екінші тарау Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері деп аталып, терроризм қылмысымен күресудің практикалық жолдарын ашып береді, үшінші тарау Терроризммен күрес: негізгі бағыттары мен проблемалары
Қорытындыда жұмыстың негізгі нәтижелері мен тұжырымдары жинақталған.
1. ҚР-ның Қылмыстық Кодексі бойынша терроризмге жалпы сипаттама.
1.1 Терроризмнің қылмыстық құқықтық түсінігі.
Терроризмнің жалпыға бірдей (немесе толықтай) анықтамасын беру өте қиын, біз бұл құбылыстың қарапайым сипаттамасын берумен шектелеміз. Көп жағдайда мамандар құқықтық жағынан емес, терроризм туралы құбылыс ретінде қарайды. Көптеген ғылымның (әлеуметтану және психология, қылмыстық құқық және криминология, білімнің басқа салалары) өкілдері зерттейді, бірақ әдетте мәселе жалпы деңгейде қаралғанда, социологиялық бағытта бөлінеді. Алайда, терроризм, ең алдымен, оны жеңу үшін зерттелетіндіктен, мамандар құқықтық мәселелерді, қылмыстық құқықты және криминологиялық зерттеулерді шешуде, көптеген басқа да ғылыми талдау түрлеріне ауысады.
Терроризм (латын сөздігінен аударғанда - қорқыныш, қасірет дегенді білдіреді) - бұл халықаралық қызметтің түрлі субъектілеріне қысым жасау үшін экстремистік ұйымдар қолданатын саяси күрес әдісі. Осыған байланысты терроризмді (халықаралық лаңкестік) ретінде қабылдауға болады. Алайда, бұл құбылыс біздің қоғамымызда қалыптасқан күрделі әлеуметтік-саяси процестердің катализаторы болды.
Терроризм, жеке азаматтарға қарсы жасалған өлтіру мен басқа да зорлық-зомбылық актілерінде көруге болады.
Терроризм қазіргі кезде әлемде кең таралған өте қауіпті құбылыс. Сондықтан терроризмді зерттеу өте қиын. Ең алдымен, бұл лаңкестік анықтамасының жалпы түсінудің, әдістерінің жоқтығымен тікелей байланысты. Менің ойымша терроризммен өзін мойындату үшін - тек үрей, қорқыныш арқылы жүзеге асырат. Көптеген террор идеологтары мен лаңкестердің өздері де терроризмді - күш көрсету, қоғамға өздерінің әрекеттері арқылы резонанс тудыру екенің мойындайды. Адамзат күш көрсетуден, ешқашан бас тартпаған. Заманауи терроризмнің басты қозғаушы күші - қазіргі заманғы мәселе. Әртүрлі елдердің дамуы, дамымаған елдердің өмір сүру деңгейінің төмендігі, кедейшілік, жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, сауатсыздық, мұның бәрі терроризмнің пайда болуына қолайлы жағдай туғызады.
Соңғы 5-10 жылда терроризм әлеуметтік мәселе ретінде тек жеткілікті және оперативті мемлекеттік және қоғамдық бақылауды ғана емес, сонымен қатар ғалымдар мен практиктердің антитеррорлық қызмет платформасына бірігуін талап ететін өткір жаһандық проблемаға айналды. Бұған назар аудара отырып, сарапшылар атап көрсеткендей, лаңкестік - бұл елеулі қорғаныс механизмдері әлі табылмаған қауіп түрі. Қазақстанда терроризмге қарсы жұмыстар жүргізіліп жатсада, бұл тұрғыдан әлі осал. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, біздің елімізде соңғы 10 жылда көптеген қауіпті террористік актілер жасалды, ұлттық қауіпсіздік комитеті және т.б. органдар біріге жұмыс атқарып көбінің алдын алды. Сондай-ақ олардың халыққа тигізер әлеуметтік салдарын есте ұстауымыз керек.
Қазіргі терроризм ұғымы белгілі бір жоспар арқылы жасалып отырған,әлем елдерінің мемлекеттік құрылымын шайқалту үшін жасалып жатқан қауіпті саяси ұстаным деуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, біздің ойымызша, лаңкестікке қарсы күрес теориясын айтуға болады, ол тиісті саясаттың бағыттарын айқындайды және практиканы байытады. Мұнда терроризммен күрес тұжырымдамасымен, осы күрес стратегиясын және тактикасын тығыз байланыстыру керек. Бұл лаңкестікке қарсы күрес теориясына және практикасына үлкен пайдалы үлес қосатын ұғым. Ол оң нәтижеге және осы күрестің тиімділігіне бағытталған.
Терроризмнің тәрбиеленушісі ретінде кез- келген адам болуы мүмкін, тіпті бай, уәкілетті адамдармен қатар жәй және ешбір қатысы жоқ кедей адамдар да болуы мүмкін.
Осы қылмыс кең масштабты және аса қауіпті қылмыс болғанымен терроризм ғылымда жетік зерттелмеген болып табылады.
Терроризмге байланысты қылмыстық заңда қысқаша түсініктер, жекелеген баптар бар, сондай-ақ терроризм туралы қылмыстық және криминалистикалық зерттеулерде жекелеген бөлімдер, терроризмнің тарихы туралы біраз оқулықтар да жеткілікті, бірақ та әлі күнге дейін терроризм жөнінде үлкен ғылыми зерттеулер, монографиялар жоқтың қасы.
Дүние жүзіндегі ғалымдардың арасында да терроризмнің түсінігі жөнінде келіспеушіліктер көп. Әрбір мемлекет терроризмге өз қылмыстық заңы бойынша түсінік береді, бірақ барлық мемлекеттер мойындаған терроризм жөнінде біртұтас түсінік жоқ. Бұл жағдай әрине терроризммен күрес жүргізгенде өте үлкен қиындық келтіреді.
Терроризмнің себептерін анықтау үшін оны жан-жақты, яғни тарихи, мәдени, психологиялық және саяси аспектілері бойынша талқылап зерттеу керек.
Терроризм қазіргі кездегі ең қауіпті қылмыс болып табылады жөне де кең қанат бара жатыр.
Терроризм ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда, ал халықаралық терроризмнің алдын-алу өте қиын болып табылады. Себебі террористер қылмысты жасауға дайындық әрекеттерін бір мемлекеттің аумағында жүзеге асырып, оны іске асыруды басқа бір мемлекеттің аумағында жүзеге асыруы мүмкін. Бұндай қылмыстың алдын-алу үшін басқа да мемлекеттердің органдарымен ынтымақтас- тықты нығайтып, күшейту керек. Терроризм ол бүкіл дүниежүзіне төніп түрған қауіп, сондықтан да ол қай мемлекеттің аумағында жасалмасын онымен күрес жүргізгенде барлық мемлекеттердің құқық қорғау органдары бірігіп іс -қимыл жасау керек.
Қылмыстық заң терроризмді қылмыстық қол сұғушылықтың ең қауіпті түрлерінің бірі деп есептейді, ол субъектіні қорқыныш, үрейге, қоғамдық пайдалы қызметтің парализациялауына, үкіметтің және басқарудың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіру арқылы, қылмыстық мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылуына негізделген. Терроризм - көп объектілі қылмыс ретінде қарастырылады. Ол қоғамдық қауіпсіздікке, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, меншікке және т.б. зардап әкеледі.Терроризм азаматтардың белгілі шеңберіне, кейде қалалар мен әкімшілік аудандардың тұрғындарына, билікке аса үлкен қауіп төндіру мүмкін, бұл жерде әкелетін ең үлкен зардаптардың бірі адамның өмірі . Терроризм әрқашан қауіпті салдарға әкеледі. Жалпы, бұл қоғамдық мүдде үшін өте ауыр қайғы.
Терроризмнің әлеуметтік зардаптары қоғам өмірінің және қызметінің әртүрлі бағыттарына еніп, өздерінің үрейін тудырады және олардың бәрінің әлеуметтік мәні бар. Терроризм туындатқан кез-келген шығын (зиян, залал) кез-келген сандық эквивалентте есептеп көрсетілуі мүмкін емес. Дегенмен, осыған байланысты жұмыстар жүргізілуге тиіс. Біз барлығын нақты жасауға тырысуымыз керек. Терроризмнің салдарын бағалап әрқашан қоғамның қауіпсіздік деңгейін зерттеп, азаматтарды қорғау және экстремизмге қарсы тиімді күресу, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті жою үшін жоспарлы жұмыс жасау қажет . Лаңкестік әрекеттерді қараған кезде оны бірінші тыңғылықты зерделеу қажет. Сарапшылардың айтуынша, террористік актілерді жіктеу және олардың: түрлерін - террористер типологиясын - терроризмнің алдын алу жөніндегі шараларды дифференциациялау жүйесін негізге алу керек. Қылмыстық заң терроризмнің жіктеу критерийлерін ресми түрде анықтайды тиісінше кінәлі тұлғаның типологиясын жасайды және терроризмнің жалпы құрамын анықтайды соған мысал келтірсек. Ол үшін қылмыстық кодекстегі Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар тарауының баптарының мәнімен құқықтық тілде айтқанда диспозициясымен танысамыз. Осыған байланысты терроризмнің қылмыстық құрамын анықтап аламыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 255 бабы бойынша: Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалат, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру. Бұл жерде қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, оларды реттейтін қатынастар түрі. Адамның өмірі денсаулығы, меншігі мүліктік немесе сезім мүдделері.
Терроризмнің объективтік жағынан ерекшелік белгісі - осы баптың диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптарының нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни, өрт қою, жарылыс жасау немесе өзге де әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет жасалғанымен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да, қылмыс аяқталған деп танылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза табуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып табылады. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызатын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субъективтік жағынан қажетті белгісіне заңда қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың, шет мемлекеттің немесе халықаралық үйымның шешім қабылдауына ықпал ету деген арнаулы мақсаты қосып көрсетілген.
Қылмыстың субъектісі -- 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 255 бабының 2 тармағында осы қылмысты ауырлататын түрлері: бірнеше рет; азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолдана отырып жасалғаны үшін қатаң жауаптылық көзделген. Қылмыстық кодекстің 11-бабында бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі туралы анықтама берілген. Атыс қару-жарағының түсінігі туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы желтоқсандағы Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау жасау туралы заңында анықтама берілген.
Бірақ бүгінгі күнге дейін терроризмнің мәселелері осымен толық зерттеліп болды деуге болмайды. Оның саяси-әлеуметтік негіздерін ғылыми зерттеу жағы Орта Азиядағы басқа мемлекеттермен қатар Қазақстан үшін де өзекті болғанымен, тіпті жеткіліксіз, яғни терроризммен күрес мәселелері актуальды күйінде қалып отыр. Діни радикализмнің, әсіресе ваххабизмнің зиянды салдарлары туралы ғылыми жұмыстар жеткіліксіз. Терроризмнің шығуының өзі оның шалағай мұсылмандардан әлеуметтік негізінің болуында. Сондықтан да, исламдық фанатизмге жол бермеу шараларын қарастыру қажет.
Орта Азиядағы діни экстремизм мен терроризм көптеген заңсыз әрекеттермен, мысалы, есірткі, қару, сатумен, адамдарды ұрлаумен тікелей байланысты. Олармен күрес жолдары әлі де болса толық жолға қойылған жоқ. Бұл елдерде, оның ішінде Қазақстанда да, халықтың қару саудасында, есірткі бизнесіне сұранысын жоюдың саяси стратегиялық шаралары жеткіліксіз.
Уәкілетті орган дар мен министірліктер және ішкі, сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіліп жыл сайын дамып келеді.
Үшінші мыңжылдықтың басында терроризмнің тотальды қаупі - ұлттық қауымдастықтардың және мемлекеттер шекарасының шеңберінен шығып, халықаралық сипат алып кетті. Адам айтқысыз қантөгіске әкелетін зорлық идеологиясы күшейе түспесе бәсеңдейтін емес. Онымен күресте барлық елдердің күшін біріктіру қажеттігі де осында.
Бұл жұмыстың мақсаттары мен міндеттері осы айтылғандардан туындайды.
Терроризм мен лаңкестіктің адамзат тарихында мыңдаған жылдар бойы орын алып, өзгеріп отырғаны, оның адам айтқысыз күшейген кезі ХХ ғасырдың аяғы мен XXI ғасыр екені дәлелденеді.
Әлемдік державалар АҚШ, Ресей, Германия, Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Франция т.б. мемлекеттер үнемі әлемдік басылымдылыққа ұмтылған, әлі де ұмтылуда, келешекте де ұмтыла бермек. Олардың дамушы елдерге көрсеткен қысымына жауап ретінде қазіргі әлемдік терроризм өмірге келді. Сонымен қатар артта қалған елдердің өз ішіндегі билікке жетуді көздеген террористік топтар өз әдістерін белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Осы ретте әлемдік терроризмді С. Борбасов екі топқа бөледі: бірінші топ, дамыған державалар саясатына жауап беру мақсатында әрекет ететін, мемлекеттік шеңберден шығып, әлемнің кез-келген нүктелеріне әрекет ете алатын интернационалистік байланыстары бар лаңкестер. Екінші топ, үшінші дүние мемлекеттеріндегі нақты саяси басшылыққа немесе саяси бағытқа қарсы әрекет ететін сол, елдегі билікті иемденуді немесе бөлісуді мақсат тұтқан топтар [12]. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес саясаты, қазіргі кездегі АҚШ - ң стратегиялық доктринасымен тығыз байланысты болып отыр. Бұрыңғы қорқыту доктринасының орнына, яғни, Американың жауы деп саналатын елдерге соққы беру саясаты нақтыланып, оның орнына халықаралық терроризм ұялаған елдерге қарсы алдын - ала соққы беру (превентивті) стратегиясымен ауыстырылады. Сөйтіп халықаралық терроризммен күрес көптеген мемлекеттердің тарапынан қолдау тапқан жаңа әлемдік тәртіп орнатуға немесе, басқаша айтқанда, Американдық үстемдік дәуіріне алып келді. Бірақ, сонымен қатар, біраз мемлекеттер оның ішінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері, бұл жаңа дәуірде Американың біржақты саясатын шектейтін бұрынғыдан да жаңа стратегиялық саясат керектігін алға тартуда. Ондай идея Араб мемлекеттері Лигасына, сол сияқты, Европалық және Азиялық елдер мен халықтардың көңілінен шығып отыр.
Қазіргі кездегі терроризмнің сипатын талдап қарайтын болсақ, олардың көпшілігі құпия ұйымдарға кіретін жасырын жұмыс жүргізетін топтар болып келеді. Сондықтан оларды іздеп табу, анықтау оңай емес. Терроршылардың бәрі бірдей өздерін көзсіз өлімге тігетіндер емес. Мамандардың айтуынша, камикадзеге(шахидікке) баратын террористердің үлес салмағы 1-2% дан аспайды екен. Ондайлардың өз сенімдері бар: жан қинамай әдемі өлу, содан кейін пейіштен бірақ шығу. Бұлардан басқа екінші бір тобы тура өлімді қаламаса да , қажет жағдайда өлуге де дайын тұратындар 20-30% . Террористердің ішінде көпшілігін құрайтыңдар - террорист жалдамалылар. Олар - 50% құрайды, теракті үшін ақша алады. Террорист - идеологтар болса ешқайда бармай, ешнәрсеге қыстырылмай жай ғана отырып террорлық актіге тапсырыс береді. Олардың саны - 10% дан аспайды және өте қауіпті. Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін. Ол, Құранда басқа діндегі адамдарды өлтіруге шақырмайды. Сондықтан дін атын жамылған террор мен исламды бірдей деп қарауға болмайды. Діни лаңкестік сол дінді саясаттандыру арқылы жасалады. Ол да түрлі идеологиялық әдістер арқылы жасалады. Мысалы, жихад ұғымын пайдалану әдісі. Жихад сөзінің синонимі қайрат ,жігер . Яғни ислам дінінде жихад ету, - талпыныс көрсету, жігерлендіру, қайрат көрсету мағыналарын білдіреді. Бірақ осыны шектен тыс саясаттандыру негізінде экстремизм мен террорды жүзеге асырады.
Терроршылардың ойынша, терроризм өз мақсатына жету жолындағы қандай бір мейірімсіз құрал қолданылса да өзін-өзі ақтайды. Шындығында діни терроризм дегеніміз - діни ұрандарды жамылып саяси және т.б. мақсаттарға жету жолындағы адам айтқысыз қантөгіс арқылы бейкүнә адамдарды жоюға әкелетін құрал. Бірақ осыған қарамастан кейінгі уақытта кез-келген террорлық актіге тек ислам діні кінәлі деген айдар тағылуда.
Ислам діні мен террорлық актілер не себепті байланысты түрде қарастырылады? Алдымен соны анықтап алу қажет. Біріншіден, идеологиялық мүмкіндіктің бәрі батыс БАҚ- тарының қолыңда болғандықтан. Екіншіден, исламның Батысқа өз қарсылығының күшеюінде. Үшіншіден, қанды оқиғалардың барлығын тек исламистер деп атаудың өзі ислам дініндегілерді одан сайын ашындыра түседі. Ал турасын айтқанда, Батыс саясатшыларының ислам мен террор біртұтас деп түсіндіріуі орынсыз. Тек ғана ислам дініндегілердің саясаттандырылған үркердей бір бөлігі ғана өлімге құштар террористер. Мұндайлар радикалды исламның догмаларын жамылып, билік үшін терроризмді кәсіп еткендер. Бұл жоғарыда айтқандай, оны саясатқа пайдаланудың нәтижесі. Олай болса бүгінде әлемде болып жатқан жанжалдардың бәріне тек ислам кінәлі деу қате. Діни экстремизм тек қана исламдық болмайды, бұл әртүрлі діни және мистикалық секталар ретінде де бой көрсетеді.
Исламды саясаттандырудың М.С. Әшімбаев айтқандай, төрт түрлі сценариі белгілі: Тәжікстандағыдай діни-кландық; Шешенстандағыдай сепаратистік; Өзбекстандағыдай оппозициялық-биліктік; Қырғызстандағыдай сырттан болатын қақтығысқа тартылу сценариі. Осыларға қарап Қазақстанға исламды саясаттандырудың кезегі келіп тұр деп алаңдауға болады.
Билікке қол жеткізу мақсатындағы күш қолдану, біздіңше, тікелей саяси террор болып табылады. Ондай терроризм саяси қарсыластар жағын қорқытуға бағытталады. Бұл жағдай таза күш қолдану саясаты ғана болып қоймай өз мақсаттарына жету үшін діни астарды да қоса пайдаланады. Сөйтіп саяси террор оппозицияның нағыз радикалды бөлімі ретінде де көрініс береді. Мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылу оппозициялық терроризмді күшейтеді. Геополитикалық бәсекелестік те саяси террорға жатады. Яғни ол үлкен саясаттың бірі. Көптеген діни фундаменталды, экстремистік ұйымдар геополитикалық саясаттың қолшоқпары ғана. Ондай қарулы қақтығыстар географиялық шектеуді және белгілі бір соғыс шекарасын білмейді, құпия түрде жүзеге асырыла береді. Осындай өте қауіпті және болжап болмайтын қарулы террорларды соғыстың жаңа түрі деуге болғандай. Кейбір сарапшылар үшінші дүниежүзілік соғыс басталады деп те жүр.
Діни экстремизмді көптеген авторлар әлеуметтік немесе саяси қарсылық көрсету түрі мен әдісі десе, екінші біреулері оны геополитикалық бәсекелестік құралы деп санайды. Діни экстремизм, - делінген Қазақстан Республикасының заңында, - Қазақстан Республикасының конститутциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тектік - таптық және рулық араздыққа, сондай-ақ адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге бағытталған, шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттердегі діни сенім бостанлығына берілушілік. Саяси экстремизм ұғымы қалыптасқан саяси жүйеге және орын алып отырған саяси қатынастарға қарсы бағытталған радикалды іс-әрекеттерді білдіреді. Бұл ретте ол терроршылдықтан басқа да шараларды, яғни әскери төңкеріс, бүлік, революциялар сияқты түрлі күштеу акцияларын, сондай-ақ конституциялық құрылысты өзгертуге бағытталған ұрандар мен мемлекетке қарсы айтылған пікірлерді қамтиды. Ал саяси экстремизмнің мақсаты - мемлекеттік билікті белгілі бір саяси топтың үстемдігінен жеңіп алу болып табылады. Бұндай экстремистік қозғалысты жақтаушылар түрлі исламшыл партиялар мен ұйымдар құрып, осы арқылы қоғамдық саяси өмірді реттемекші болып әуреленуде. Мысалы, әскерендірілген Адолат ұйымы Өзбекстанның Наманган облысында құрылғаны белгілі. Олар өздерінің бұл өлкеде исламдық мемлекет құру жоспарын жасырмайды. Бұдан басқа да құрылған Хизб-ут-Тахрир, ваххабистер бірлестіктері бұл аймақта үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұлардың Ташкентте билікке қарсы үлкен террорлық жарылыстар жасағаны белгілі. Бұл терроршыл, экстремисшіл қозғалыс көрші елдерден, мысалы, Пакистаннан, Ираннан, Ауғанстаннан, Түркиядан көмек алып отырғаны белгілі. Бір қарағанда бұл діни бағыттағы қозғалыс болып отырғаны көрінгенімен, саяси-экстремистік бет-бейнесін айқын көрсетіп отыр.
Діни экстремизм мен терроризмнің айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар. Экстремизм тура өзін алғанда терроризм емес, соған әкелетін жол. Діни бағыттағы экстремизмге итермелейтін, біздіңше, мынадай факторларды атап айтуға болады: дін жолынан тайғандардың көбеюі; өзге діндердің басымдығы мен қысымы; Қазақстан жағдайында мұсылмандардың түрлі діни секталарға көптеп тартылуы; ұлттық дәстүрлердің бұзылуы; Батыстық дәстүрдің демографиялық жағдайға қауіп төндіруі; қылмыстық және коррупцияның өршуі. Осындай жағдай соңғы жылдары Орталық Азия мемлекеттеріне үлкен қауіп төндіріп отыр. ТМД-ның құрамындағы Орта Азиялық республикаларға діни экстремизм мен терроризмнің ықпалы Ауғанстан жағынан күшті болып отыр. Оның қатерлі қауіпі алдымен Тәжікстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда мықтап орын алды.
Террорлық актілерді сонымен қатар былайша типтеуге болады:
Әскери техникалық- тұрғыдан қарағанда терроризмді: әуедегі, азық-түлікті уландыру, химиялық-биологиялық қаруларды қолдану, ядролық объектілерді бүлдіру, АЭС-тер мен плотиналарды бұзу, компьютерлік және информациялық деп жіктеуге болады.
Моральдық-психологиялық - тұрғыдан терроризм ерекше қатыгез, аморальдықтың жоғары түрі, құрал таңдамау және т.б. Осының бәрінде олардың көздейтін ортақ мақсаты - психологиялық қысым көрсету.
Террорлық актілерді К.В. Жаринов мынадай бес түрге бөледі: диверсия, адамның өміріне қастандықжәне өлтіру; рейдтер және хайджекинг, аманаттарды ұстау.
Диверсиялық акті деп - жарылыс жасау, улы заттарды тарату, транспорт құралдары мен ғимараттарды жарып жіберуді айтуға болады. Ол үлкен адам шығынына әкеледі. Оның психологиялық эффектілігі де күшті.
Адам өміріне қастандық жасау, өлтіру - лаңкестіктің негізгі бір әдісі болып табылады. Оны қаруланған топтар жүзеге асырады.
Хайджекинг - транспорт құралыдарын, яғни ұшақтарды, поездарды, автомобильдерді, корабльдерді басып алу арқылы жүргізіледі.
Лаңкестердің аманаттарды басып алуы - көпшілік орындарында көбірек назар аудару үшін қолданылады. Мысалы оған 2002 жылдың қазан айындағы Москвадағы оқиға жатады.
Рейдтер - өкімет билігінің назарын аудару үшін белгілі бір жерлерде өткізілетін лаңкестік акция. Мысалы Ресейдегі 1995 жылғы Буденновскідегі жасалған рейд.
Терроризмнің тамырлары терең және қатты шатасқан. Олардың әрқайсысын ваххабизм, талибан, Аль-Каеда, Аль-джихад, Өзбекстандағы исламдық қозғалыс (ИДУ), шахид, Европада ИРА, Испаниядағы Баск ұйымы т.б. өзіндік идеология салады.
Қазіргі терроризмді халықаралық және бір мемлекеттің шеңберінен шықпайтын ішкі терроризм деп бөлуге болады. Терроризм сол сияқты түрлі топтар тарапынан жүргізілетін мемлекеттің емес және өз режимін сақтап қалу мақсатындағы халықты қорқыту үшін жасалатын мемлекеттік терроризмге де бөлінеді. Терроризм көп түрлі: әлеуметтік терроризм, ұлтшылдық терроризм, діни терроризм, саяси жүйеге қарсы терроризм және т.б. Енді осыларды талдап қарайтын болсақ, әлеуметтік терроризм - радикалды, революциялық, антикапиталистік мақсатты көздейді; ұлтшылдық терроризм - ұлтазаттық мақсатында жүргізіледі (баскылық ЭТА, ирландық ИРА, Тамил Исламдық, Албандық Косованы азат ету Армиясы және т.б.); діншілдік терроризм - негізінен радикалды исламизм. Бұл шын мәнінде жасанды терроризм болып табылады. Ол Таяу және Шығыста орын алған әлеуметтік және ұлттық - діни күрестерді ислам атымен бүркемелеуге байланысты өршіді.
Терроризмге қарсы күрес тұжырымдамасы қылмыстық-құқықтық жүйеде бірінші орынға көтерілуі керек. Осыған сүйене отырып, тәжірибе өзінің стратегиясын және тактикасын анықтай алады. Терроризмге қарсы тұру тұжырымдамасының ең маңызды сипаттамасы оның заңды негізділігі, дәлелділігі және олардың тәжірибеде жүзеге асырылу мүмкіндігін анықтайтын қорытындылардың сенімділігі болып табылады. Бұл терроризмге қарсы күресті ұйымдастырудың тұжырымдамалық негізін құрайтын қорытындылар. Терроризмге қарсы саясаттың сипатын түсіну үшін тұжырымдама өте маңызды. Бұл осы күрестің дамуына қатысты біздің идеяларды тереңдетуге мүмкіндік береді. Тұжырымдаманың мәні терроризмге қарсы күрес туралы біздің түсінігімізді тереңдете отырып, ол тиісті саясатты одан әрі нақтылауға қызмет етеді. Ол ұйымдық және басқару мәселелерін шешуде туындайтын барлық міндеттерді анықтайды. Сонымен бірге тұжырымдама практиканы жаңа идеялармен, теориялық тұрғыда күресті ұйымдастырумен тікелей байланысты басқарушылық шешімдерді басқаруға және қабылдауға теңдестірілген тәсіл терроризм.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік саясатының іске асырылуымен және терроризммен күресуді ұйымдастырудың барлық идеялары, тұжырымдары, нұсқаулықтары концептуалды түрде бір-бірімен байланысты. Терроризмге қарсы күрес тұжырымдамасы, мемлекеттік саясаттың маңызды ережелері, стратегиясы мен тактикасы, фактілер, тұжырымдар мен терроризмге қарсы күрестен гөрі кең мағынадағы тұжырымдар арқылы анықталады, бірақ оған тікелей әсер етеді. Терроризмге қарсы тұру тұжырымдамасын құрайтын барлық теориялық ережелер әрдайым тәжірибеге байланысты және тікелей оған әкеледі. Тиісті ғылыми-тәжірибелік қызметтің тәжірибесін қорыту ретінде терроризмге қарсы әрекет тұжырымдамасы ұжымдық ой мен ұжымдық еңбектің жетістігі болып табылады. Бұл тәжірибе тұрақты түрде тұжырымдамаға айналды, бұл терроризмге қарсы тұрудың сенімді жолдарын табуға көмектеседі.
Терроризм проблемаларын зерттеу барысында, келесі негізгі жасалу керек жұмыстарды қамтиды:
- терроризм феноменінің мәнін тұжырымдамасын зорлық-зомбылықтың басқа түрлерінен айырмашылығы айқын анықталуы керек;
- олардың әрқайсысының табиғаты мен ерекшелігін анықтау арқылы терроризмнің түрлі көріністерін терең талдау және ғылыми жіктеу жасау қажет;
- терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны ішкі және халықаралық заңнамалар саласында қатаң санкциялау бағытында әзірлеу және дайындау;
- отандық және шетелдік арнаулы қызметтердің тәжірибесін және практикасын ескере отырып, терроризмге қарсы тиімді стратегияның принциптерін, әдістерін және технологияларын әзірлеу;
- терроризм актілерінің кез-келген ақпаратын және алдағы актілерін жинау, өңдеу және сараптаудың тиімді жүйесін құру және бүкіл халықты осы қызметке толық тарту;
- лаңкестік актілерді жасаушылардың типологиясы мен психологиясын тереңдете зерттеуді ұйымдастыру.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, терроризмге қарсы нормативті-құқықтық базаны жетілдіру керек. Терроризмнің криминалдық негізін елеп-ескермесе ол үлкен зардаптарға әкелет.
Террористік әрекеттер елдегі қылмыстық үдерістерден ажыраспайды, сондықтан қылмыстың құрылымында елеулі орын алады. Сондай-ақ, басқа нәрсені ескеру керек: қылмыстық террор әлеуметтік-қауіпті, әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде қарастырылады.
Кез-келген террорлық акт - ең алдымен қылмыс әдетте ол аса ауыр қылмыс. Бұл ереже қазіргі кезде заңдарда нақты анықталып отыр. Бұл Қылмыстық кодекс пен Терроризмге қарсы күрес туралы ҚР заңында көрсетілген.
Қылмыстарды статистикалық есепке алу жүйесінде террорлық актілер туралы, сондай-ақ зардап шеккен адамдар туралы барлық ақпаратты қамтитын орталықтандырылған ақпараттық банкке ие болу маңызды. Мұндай ақпаратты барлық мүдделі ұйымдар мен ведомстволар пайдалана алады. Терроризмді сыбайлас жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен байланыстыру ерекше маңызды.
Ең алдымен, терроризм не, - деген сұраққа жауап беру қажет. Әдетте тар және кең түсінік беріледі. Әр түрлі терминдер пайдаланылады, және олар бір-біріне қайшы болып келеді. Халықаралық және отандық терроризм тұжырымдамаларын бөліп шығару маңызды, бірақ олардың арасындағы айырмашылықтарға қарағанда ортақ көп нәрсе бар деуге болады.

Қазіргі шетелдік және отандық ғылымда, халықаралық терроризм ұғымын Террология арнайы ғылыми пәні аясында қарастырылады. Қазіргі кезде осы құбылыстың философиялық, саяси және психологиялық аспектілерін айқындайтын түрлі ғылыми көзқарастар негізінде түсіндіретін бірнеше мектеп бар. Террология сарапшылары халықаралық терроризм түрлерін мақсаттарға, құралдарға және т.б. сәйкес бөлуге, Террология ұғымын жіктеуге тырысуда.
Бірінші - әлеуметтік-саяси лаңкестік;
Екіншісі - ұлтшылдық;
Үшінші - діни лаңкестік;
Төртінші - мемлекеттік терроризм. Олардың әрқайсысының әртүрлі ерекшеліктері бар.
Яғни бұдан шығаратын қорытынды бізге де Террология ғылыми пәніне назар аудару керек сияқты. Әрине ол еліміздегі лаңкестік проблемалар бойынша зерттеулердің табысты дамуына үлес қосады. Мүмкін ол пәнді мектептер пен ЖОО-да беру керек.
Ең бастысы қазіргі қоғамның діни және психологиялық тұрғыда сауатсыздығы, тез сенгіштігі. Бұл жағдайда қоғамдық қауіптің өте жоғары дәрежесі туралы айтуға болады, оған интернет арқылы немесе тиым салынған әдебиеттер арқылы келіп жатқан ақпарат ағымы үлкен қауіп төңдіреді. Осыған байланысты лаңкестік идеясы тез туындап қылмыстық көріністердің барлығы арқылы жүзеге асады.
Терроризмнің бағыты көп қырлы зерттелетін болса да, актуалды мәселе болып оның ұғымы (тұжырымдамасы) болады. Осы айтылғандар зерттеудің бастапқы нүктесі болады, және негізгі бастауларын алады.
1.2 Терроризмге әсер ететін алғы шарттар мен себептер.
Адамзаттың бейбіт өміріне қауіп төндіруші кұбылыс ретінде терроризм қаупі XXI ғасырда тіптен күшейе түсті. Терроризмді ауыздықтауға Қазақстан да аса мүдделі. Себебі, терроризмде шекара жок. Оның соққысына әлемнің әрбір мемлекеті ұшырауы ықтимал. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz