Мемлекеттік - жекеменшік серіктестіктердің типтері


Мазмұны
2. 1 Салауатты өмір салтын ұстануда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің рөлі және әлемдегі МЖС дамуын талдау
2. 2 Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктердің даму динамикасын талдау
2. 3 Түркістан облысындағы МЖС қызметін бағалау
21
31
52
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК СЕРІКТЕСТІКТІҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ
3. 1 Қазақстандағы МЖС дамуындағы реттелмеген мәселелер
3. 2 Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің дамуын жетілдіру жолдары
72
86
Кіріспе
Зepттeу тaқыpыбының өзeктілігі . «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі уақытта көптеген елдерде бұрыннан қалыптасқан инфрақұрылымды жетілдіру мәселесі тұр. Атап айтқанда, «оңалту» әлеуметтік мекемелерден: клиникалардан, ауруханалардан, балабақшалардан, мектептерден, қоғамдық жолдардан және т. б. талап етеді. Бұл жаңарту маңызды қаржыландыруға жұмсалады, бұл өз кезегінде баламалы қаржыландыру көздерін іздеуді талап етеді. Осы проблемаларды шешудің ең тиімді әдістерінің бірі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік болып табылады.
Қазақстан үшін МЖС-нің мынадай ұғымын айқындауға болады: мемлекеттік - жеке меншік серіктестік-бұл мемлекеттік және жеке сектор арасындағы қоғамдық маңызы бар жұмыстарды және/немесе жобалау; қаржыландыру; құрылыс; қайта жаңарту; оңалту; пайдалану; МЖС-нің негізгі қағидаттарын сақтау жағдайында объектілерге қызмет көрсету жөніндегі Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынастардың жиынтығы.
Мемлекеттің және жеке сектордың әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге өзара әрекеттесуі ұзақ тарихты қамтиды. Алайда мемлекеттік жекеменшік серіктестік соңғы онжылдықта ең өзекті болып отыр. Бір жағынан, әлеуметтік-экономикалық өмірдің күрделенуі мемлекеттің қоғамдық маңызы бар функцияларды орындауын қиындатады. Екінші жағынан, бизнес инвестиция үшін жаңа нысандарға мүдделі. мемлекеттік жекеменшік серіктестік өмірлік маңызды, стратегиялық маңызы бар мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендірудің баламасы болып табылады. Мамандардың арасында билік пен бизнестің өзара іс-қимылының қандай нысандарын мемлекеттік жекеменшік серіктестік-ге жатқызуға болады деген бірыңғай пікір жоқ. Кең түсіндіру билік пен бизнестің экономикада ғана емес, саясатта, мәдениетте, ғылымда және т. б. салаларда сындарлы өзара іс-қимылын білдіреді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты, Қазақстан азаматтарының салауатты өмір салтын ұстануда мемлекеттік жекеменшік серіктестіктердің орны мен маңызын талдап анықтау болып табылады. Осы мақсатқа жетуге орай, келесі міндеттер айқындалды:
- салауатты өмір салтын ұстанудың және мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің теориялық негіздері
- салауатты өмір салтын ұстанудың теориялық мәні
- мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің негізгі сипаттамалары мен ерекшеліктері:
- салауатты өмір салтын ұстануда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің қызметің бағалау
- салауатты өмір салтын ұстануда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің рөлі және әлемдегі мжс дамуын талдау
- Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктердің даму динамикасын талдау
- Түркістан облысындағы мжс қызметін бағалау
- Қазақстандағы салауатты өмір салтын ұстануда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің дамуын жетілдіру
- Қазақстандағы мжс дамуындағы реттелмеген мәселелер
- Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің дамуын жетілдіру жолдары
Зерттеу тақырыбы : Қазақстан азаматтарының салауатты өмір салтын ұстануда мемлекеттік жекеменшік серіктестіктердің орны мен маңызын
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасының азаматтарының салауатты өмір салтын ұстануы
Жұмыстың теориялық негізі: Қазақстан Республикасындағы азаматтарды салауатты өмір салтын ұстану жүйесін дамытудың тәжірибесі мен Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің ерекшіліктері құрады. Жұмыста Қазақстан Республикасындағы азаматтарды салауатты өмір салтын ұстану жағдайын анықтайтын статистикалық мәліметтер, жарнамалық газеттер мен ақпаратты жинақтар қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз тармақтардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыстың көлемі 94 бет.
- САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУДЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 Салауатты өмір салтын ұстанудың теориялық мәні
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық - адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту - медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым - қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектептегі алғашқы сабақтың 4-5 минуты гимнастика жаттығуынан басталса, ерте тұрып таза ауада жүгіріп және арнайы жаттығулар жасалса. Түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да артықтығы болмас еді. Сөйтіп, жан дүниемізді байытып шынықтырар едік [1] .
Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.
Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т. с. с. әсер етеді.
Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.
Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді [2] .
Салауатты өмір салтын ұстануда дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Салауатты өмір салтын ұстануда денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі. Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану. Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу. Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту [3] .
Салауатты өмір салтын ұстануда дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді. Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады. Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады. Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика. Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді. Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау. Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру. Дене тәрбиесінің міндеттері: - денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету; - қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру; - қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру; - негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту; - еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу; - өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу; - гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Салауатты өмір салтын ұстануда дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады. Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады. Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі. Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
Салауатты өмір салтын ұстануда дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу. Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары. Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
Салауатты өмір салтын ұстануда жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек. Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады. Оның нұсқаулары:
• өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
• шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
• арақ ішпе, темекі тартпа;
• аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
• қоршаған ортаны сүй. Айналаға түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;
• денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
• бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
• адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан- дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
• жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
• ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
• ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
• іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет [4] .
Бірақ ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол". Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше. Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың - жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл - денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру. Ел басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және Т. С. С. бағытталған» делінген [5] . «Денсаулық - зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой - пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта - ықылас, ерік - жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын. Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек, бір көрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 50 % дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. Бұл қауыпты жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды, дәрігерлерді, ғылымдарды шындап толғандыруда. Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің негізгі жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл тұрғыда елбасы « Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз - азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады» - деп атап көрсетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50 - 60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қуалаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8 - 10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты - салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді. Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл - қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт - насихат жұмыстарына негіз салды. Салауатты өмір тіршілігі - денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан - жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді. Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау (оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі) ; көңіл күйдің жылдам ауытқуы, еңбек пен ретсіз демалыстың бұзылуы, ауаның, судың бұзылуы; дәрі - дәрмекті және тұрмыс химиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл - қозғалыстың аздығы [6] .
«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz