Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Дамыта оқу технологиясы арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеті икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I тарау Оқыту технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
0.1 Оқыту технологиясы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
0.2 Дамыта оқытудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .14
0.3 Дамыта оқыту технологияларын сабақ үрдісінде пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
II тарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.1 Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың сөздік қорын, дұрыс оқу, сауатты жазу мен аудару кабілеттерін дамытуға ықпал жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ..29
2.2 Дамыта оқыту мақсатында жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Қорытынды
Кіріспе
Өзектілігі: Шет тілін оқытудағы дамыту технологияларын қолданып оқушылардың сөйлеу әрекеті икемділіктерін қалыптастыру.
Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастырудың бірден-бір жолы -12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанда да 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін талпыныстар жасалып жатыр.
Білім беру жүйесіндегі реформаның мақсаты - қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ол бүгінгі заман талаптарынан туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді. Олай болса, педагогтардың алдында тұрған бірден - бір мақсат - оқушылардың алған білімдерін, түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, азамат болып жетілуіне көмектесу.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бүгінгі жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер Баланы оқуға қалай үйрету керек?, Ойлауға қалай үйрету керек?, Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек? деген сұрақтарға жауап табатындай, білім нәрін беруге бағытталып отыр. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 18-бабының 8-тармағында: Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі, - атап көрсетілген.
Міне, осы тұрғыда оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік - рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытады, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ғалым М.Чошанов Оқытудың технологиялары - дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуалдық бөлігі- деп көрсеткен болатын.
Жалпы, технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттердегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: техне-өнер, шеберлік, логос-білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, технология терминін қазақ тіліне өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым деп аударуға болады.
Еліміздегі әлеуметтік- экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Осыған орай, оқытудың әр түрлі технологиялары жасалынып, білім беру мекемелерінің тәжірибелеріне енгізілуде.
Сондықтан болар қазіргі таңда мектептердің іс-тәжірибелеріне дамыта оқыту жүйесі кеңінен енгізілуде. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау, тұлғалыққа бағыттау.
Жалпы дамыту, даму терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі.
Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С Выготский, М.Я.Лернер, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. В.В.Давыдов Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы - дейді.
Қазіргі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Орта білім берудің басты мақсаты- әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық- саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін педагог алдымен білім мазмұнының даму тенденцияларымен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білу керек.
Мемлекет келешегі мектептің қандай негізде құрылуына байланысты, қазіргі таңда ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер берілген. Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабылетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оқыту үрдісінде оны ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы да мүмкін емес (В.Беспалько). Шетел тілін белсенді оқытудың бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту, даму технологияларын шығаруға ұмтылу. Шетел тілін белсенді оқытуда педагогогикалық технология- бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы білім алушылар мен мұғалімдер жайлы жағдай туғызудың біріктірілген педагогикалық қарым-қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В.М.Монахов). Жаңа педагогикалық дамыту технологиялары- бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірлген пәндер және әдістемелердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің мазмұнының формалары мен әдістерінің жиынтығы.
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - казақ мектебі түлегінің білім санасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркенитті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді акпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жүмыстар атқару - еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.
Дамыта оқыту - күрделі қүрылымды, біртүтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмүнында, дамытудың негізгі факторында, мүғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың карым-катынас сипатында, танып-білу үрдісін үйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б.
Дипломдық жұмысымның мақсаты- шетел тілін белсенді оқытуда дамыта оқу технологияларын қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу икемділіктерін қалыптастырып, оқушының алған білімін өзіндік ойлаумен ұштастыру қабілетін дамыту. Оқушының оқу, білім алу процесінде жан-жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдату арқылы оқушының ойлауын, табандылығын, зейінін, оқу дағдысы мен іскерлігін және тағы да басқа қабілеттерін дамыту.
Дипломдық жұмыс болжамы. Дамыта оқыту технологиялары арқылы баланың психикасына жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептеледі. Баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дипломдық жұмыстың зерттеудің нысаны. Орта мектептегі шетел тілін оқытудағы дамыта оқыту технологиялары арқылы оқушылардың сөйлек әрекеттері мен икемділіктерін қалыптастыру.
I тарау. Оқыту технологиялары
1.1 Оқыту технологиясы және оның түрлері
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім бері жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалацтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке- ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Оқыту технологиясы-белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады,-деп С. Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді:
oo Оқытудың мақсаты;
oo Білім берудің мазмұны;
oo Педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;
oo Оқушы, оқытушы;
oo Әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:
oo Дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
oo Қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;
oo Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;
oo Біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальды жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В. Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л.В.Зенков).
Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ. (Л.В.Занков).
Психологтар оқу процесінде оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғдай репродувтиктік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты теориялық іс-әрекеті арқылы берілетін болды.
Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбәне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сынптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.
Жақын даму аймағы көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудың байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Өзекті даму аймағы баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтмақтаса істей алатыны жақын даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап жақын даму аймағында, дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кіріс керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.Амонашвали және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерге белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған щартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
Жақын даму аймағында жұмыс істейтін В.Ф. Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е. Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақылой жұмысы басталар тұсы. Мұғалум мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденіге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші әр оқушының мұғалімнің көмегңн алуға әзір тұруы.
Дамыта оқытуда мұғалум жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің жақын даму аймағы бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды. Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принцпитері:
oo Оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
oo Теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
oo Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі дамудың қауіпті жауы;
oo Оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу ісәрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;
oo Барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Бұл принциптер Б. Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.
Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететінін, баланың ішкі жан сарайының ерекшілігі оқытудың оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.
Занков жүйесінің басты міндетібаланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерікжігер, сезім енді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте сақтаудың сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәрсесі, талаптілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсатбаланың барлық адамның қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л.В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.
Л.В.Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.
Жобалап оқыту. Жобалар әдісінің мәнібелгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау ісәрекеті арқылы шешімін табуды алдынала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.
Рефлекторлық ойлау мәні фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.
Жобалар әдісі біріншіден қандай бір мәселені шешуді, екіншіденнәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Жобалар әдісіқандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне жоба ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік ісәрекеттерге көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәселенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері көрнекі болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.
Жобалап оқыту түзу болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.
Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
oo Тәжірибелік құндылықтары болуы;
oo Студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы;
oo Онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы;
oo Оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
oo Өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
oo Студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
oo Кеі спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттірінің ашылуына көмегі болуы;
oo Студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.
Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологияларымен салыстырғанда):
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістерітек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология.
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобалардың түрлері:
Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады:
oo Жобада басты ісәрекет: зерттеу, іздеу, шығармащылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған және т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған, шығармашылық);
oo Жобаның пәндікмазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық жоба;
oo Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау);
oo Байланыстың сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін;
oo Жобаға қатысушылардың саны;
oo Жобаның ұзақтығы.
Ұжымдық оқыту.
Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі.
Мектеп оқушысының оқу әрекетін ұйымдастыруда тек қана ұжымдық оқыту әдісі ғана әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады.
Ұжымдық оқыту әдісі негізінде мұғалімнің күнделікті тексеруі мен оқушының өзінөзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үрдістегі баламен қарымқатынас жатыр.
Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады (XXI ғасырбілім мен ғылым бәсекесінің ғасыры Н.Назарбаев).
Айталық, сабаққа дейін әр оқушы бір мәліметті білді делік (А,В,С,Д). Бастапқы кезеңде оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, бірбіріне білген мәліметін түсіндіреді, партада АС, ВД, сонда екі түрлі ақпаратпен келген баланың білетіні екі есе көбейеді.
Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Монитор әдістемесіжаңа ақпарат алу үшін оқу мәтінімен жұмыс істеуге арналған.Оқу мәтіні мағыналық бөліктерге бөлінеді. Әрқайсысына мәтін бойынша сұрақтары бар карточка дайындалады. Әр карточканың нөмірі және бояу түсі болады. Бұл әдістеме бір балоқушы, ал екіншісімұғалім болатындай жұптық жұмысты қарастырады. Сабақ барысында әр бала барлық мәліметті меңгергенінше еркін ауысып жүреді. Жұмыс соңында мәтін беріледі немесе сұрақтар қойылады.
Мұндай әдістеме барлық оқушының танымдық әрекетін белсендіреді, мәтінмен жұмыс дағдысын қалыптастырады, байланыстырып жүйелі мазмұндауға жұппен үйренеді.
Пікір сұрау әдістемесі ағылшын тілі сабағында кеңінен қолданылады. Бұл әдістеме барлық оқушының сабақты меңгергендіктерін көрсете алғандықтан, кіріспе сабақты да, қорытынды сабақта да қолданылады. Мұндай сабаққа дайындалу үшін мұғалім ең алдымен, тақырыпты талқылауға арналған сұрақтар дайындайды. Жұмыс топтарының саны сұрақтар санына байланысты болады (әдетте 4-5 сұрақ). Сынып топтарға бөлінеді. Әр топ жұмыс алгоритмі мен сұрақ алады.
Топта жұмыс істеп болғаннан кейін ортақ талқылау өтеді. Осылайша, сабақтың өн бойында мұғалім оқушыларды қызықтыратын мәселелер жөнінде ақпарат ала алады. Сондайақ, оқушылардың жұпта, топта жұмыс істеу, талқылау, жүйелеу дағдылары қалыптасады.
Өзара жаттығу әдістемесіжаттығу, бекіту, қайталауды ұйымдастыру мақсатында қолданылады. Ұжымдық оқытудың бұл тәсілі барлық оқушының үнемі жұмыс істеуін талап етеді, жұппен жұмыс істеуде зейін қою, істің байыбына бару сияқты қасиеттерін дамытады.
Тыңдауға, сөйлеуге, білімін жеткізу, білім алуға деген қажеттілік үнемі болатыны белгілі. Оқушылар өз жұптасына түсіндіру керек, ал ол үшін ол бала өзі білу керек, сондықтан да үнемі оқуға деген сұраныс туады. Ол үшін өзіңді және жұптасыңды басқара алу керек, өзіңді бағалау және бақылай алу керек.
oo Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбилеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысыәлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға оқыту мен үйрену процестерін игеру үшін үш тілді меңгеру қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндіге қамтамасыз етіледі. Педагогикалық технология оның ішінде оқыту технологиясы ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:
oo Іс әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;
oo Оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін бағдарламау.
oo Алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М.Чошанов оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі Қала нәтижелә етіп оқыту керек? мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ойпікірлерді саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.
3.2 Дамыта оқытудың теориялық негіздері
Ағымдағы жүзжылдықтың 30-шы жылдары Л.С. Выготский қазіргі замандағы оқытудың концептуалдық қағидаларының бірін тұжырымдады: Оқыту дамытудың аяғында сүйретілмей, оны артынан жетелеп келеді. Егер осы ереженің бірінші бөлімі психикалық даму мен оқытудың байланысын тіркеп отырса, онда екіншісі - оқытудың осындай рөлін қамтамасыз етуші психологиялық механизмдердің қандай екендігі туралы сұраққа жауап ұйғарады. Бұл жерде Л.С. Выготский бала дамуының ...ішкі сипаты бар, бұл жетілу мен оқытудың әсері бірге қосылатын бірыңғай процесс екенін атап өтті. Л.С. Выготскийдің, Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың өздерінің зерттеулері баланың өмірге белсенді бейімделуінің барлық жағдайын бейнелейтін дамыта оқытудың отандық тұжырымдамасы әзірлемесінің психологиялық негіздерін салды: табиғат әлеміне, жалпы адамзаттық мәдениетке, маңызды басқа әлемдерге ену, сонымен қатар, баланың өзіндік сана сезімін дамыту.
Қазіргі уақытта дамыта оқытудың В.В. Давыдов пен Л.В. Занков ұсынған негізгі екі түрі жүйелі түрде зерттелген. Егер біріншісі Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, А.Н. Леонтьевтің ережелеріне негізделсе, екіншісі Л.В. Занков шығармашылығымен тұстас барлық психология-лық және педагогикалық жетістіктердің шығармашылық тұрғыдан қайта өңделген тәжірибесі болып табылады. Соның өзінде Л.В. Занков бұл тәжірибеге өзінің эксперименталдық жүйесін әзірлемес бұрын және оны аяқтағаннан соң да біршама сенімсіздікпен бағалаған болатын. Ол педгогика мен психологияның жетістіктеріне сүйену мүмкіндіктері алдыңғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай кеңейген жоқ деп санады.
Л.В. Занков мектеп оқушыларын қарқынды дамыту міндетін қоя отырып, оның көзқарасы бойынша, оқу материалының заңсыз жеңілдетілуінің, оның қисынсыз баяу оқытылуы және бірсарынды қайталануын сын көзбен бағалайды. Және де сол уақытта оқу материалының өзін де Л.В. Занков теоретикалық білімнің тапшылығымен, дағдыларды меңгеруге бағытталған сипаттының үстірттігімен сипаттайды. Л.В. Занков бойынша, дамыта оқыту ең алдымен, осы оқытудағы жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған. Л.В. Занковтың зерттеген дамыта оқытудың эксперименталдық жүйесінде келесі принциптер орын алады:
oo қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту. Оны жүзеге асыру қиындық өлшемін сақтау, тосқауылдарды жою, оқылатын құбылыстардың өзара байланысы мен жүйелігін түсінуді ұйғарады (бұл принциптің мазмұны оқытудағы проблемалықпен байланыса алады);
oo теоретикалық білімдердің жетекші рөлі принципі, оған сәйкес ұғымдар, қарым-қатынастар, оқу пәнінің ішіндегі байланыс пен пәндер арасындағы байланыс дағдылар қалыптастыру маңыздылығынан кем емес (бұл принциптің мазмұны әрекеттің жалпы принциптерін түсіну маңыздылығымен байланыса алады);
oo мектеп оқушыларының өзінің оқуын өзіндік сана сезімімен ұғынуы. Ол рефлексия, өзін оқу субъекті ретінде ұғынуы (бұл принциптің мазмұны тұлғалық рефлексияны дамыту, өзін-өзі реттеумен байланыса алады);
oo барлық оқушылардың дамуы бойынша жұмыс принципі. Оған сәйкес, жеке ерекшіліктер ескерілуі тиіс, бірақ оқыту барлығын дамытуы тиіс, себебі дамыту оқытудың нәтижесі (бұл принциптің мазмұны білім беру процесін адамгершіліктендірумен байланысады).
Л.В. Занков жүйесінің негізгі ерекшеліктері болып: мектеп оқушыларының жоғары жалпы дамуына бағытталуы (бұл жүйенің басты сипаттамасы); оқытудың жүргізілуінің жоғары деңгейдегі қиындылығы; оқу материалын өтудің тез жылдамдылығы, теоретикалық білімдердің үлес салмағының күрт көтерілуі. Оқытуды берілген жүйесі ойлауды, оқушының эмоциялық саласын дамытады, оқығанының негізгі мазмұны мен жалпы мағынасын анықтауға және түсінуге үйретеді.
И.И. Аргинская, Н.Я. Дмитриева, З.И. Романовскаяның және т.б. Л.В. Занковтың жүйесі бойынша оқытамыз деген еңбектерінде (1991) Л.В. Занковтың әзірлеген принциптеріне негізделген оқытудың біртұтас жүйесі келтіріледі. Онда оқытудың басында, мысалы, бастауыш сыныптарда оқып үйретуде, біртұтас эмоционалдық-эстетикалық күйзеліс болуы тиіс. Сомдалатын образдың тұтастығы, оны қабылдаудың тұтастығы, мәтінді түсіну тұтастығы меңгеру пәндерін ары қарай тереңдету және саралаудың негізі және бастапқы нүктесі.
В.В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқытудың қазіргі жүйесіне ең алдымен, оқушының танымдық әрекеті, танымның бағыты бойынша қарама-қарсы қойылған. Қазіргі оқыту көп жағдайда жекеден, нақтыдан, жалғыздан - ортаққа, абстрактіліге, тұтасқа бағытталған; жағдайдан, фактіден - жүйеге; құбылыстан - мәнге бағытталғаны мәлім. Осындай оқытудың барысында дамитын баланың ойлауы В.В. Давыдов бойыша, эмпирикалық деп аталады. Л.С. Выготский мен Д.Б. Элькониннің жұмыстарының жалпы теоретикалық контексінде В.В. Давыдов оқытудың жаңа жүйесінің дәстүрліден кері: жалпыдан жекеге, абстрактіліден нақтыға, жүйеліден жалғызға бағытталған теоретикалық әзірлемелеу мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. Осындай оқытудың процесінде дамитын баланың ойлауын В.В. Давыдов теоретикалық, ал осындай оқытудың өзін - дамытушы деп атады. Бұл жерде В.В. Давыдов ой-еңбегінің дамуында оқытудың жетекші маңыздылығы ең алдымен, меңгерілетін білімдердің мазмұны арқылы көрінеді деген Л.С. Выготский мен Д.Б. Элькониннің негізгі ережелеріне сүйенеді, одан оқытуды ұйымдастырудағы әдістер (немесе тәсілдер) туады.
В.В. Давыдов эмпирикалық және теоретикалық білімнің алты негізгі айырмашылықтарын келтіреді (бұл жерде білім термині абстракция, жалпылау, ұғым үшін ортақ).
Кесте 1
В.В. Давыдовтың эмпирикалық және теоретикалық білімнге берген алты негізгі айырмашылықтары
Эмпирикалық білім
Теоретикалық білім
1. Білім заттарды, олар туралы ұғымдарды салыстыру барысында пайда болады; нәтижесінде оларда ортақ қасиеттер бөлінеді.
1. Білім тұтас жүйенің ішіндегі кейбір ерекшелік қарым-қатынас-тардың рөлі мен міндеттерін талдау барысында пайда болады, қарым-қатынастар генетикалық тұрғыдан жүйенің барлық көріністерінің бастапқы негізі болып табылады
2. Салыстыру барысында заттардың белгілі бір класқа қатысты бірқатар жиынтығы бөлінеді (олардың ішкі байланысын ашпай ортақ қасиеттерінің негізінде).
2.Талдау барысында генетикалық бастапқы қатынас, жалпыға ортақ негіздеме, біртұтас жүйенің мәні ашылады.
3. Байқауға негізделген білім, затты елестетуде оның сыртқы қасиеттерін бейнелейді.
3.Заттарды ойша қайта құру ретінде пайда болатын білім түсінік шеңбе-рінен шығып олардың ішкі қаты-насы мен байланыстарын бейнелей-ді.
4. Ортақ қасиет формалды түрде ерекше және жеке дарамен қатар қойылады.
4. Іс жүзінде өмір сүретін біртұтас жүйе мен оның әртүрлі нышандарының байланысы жалпыға ортақ пен жеке дараның байланысы ретінде саналады.
5. Білімді нақтылау пәндердің берілген класына кіретін мысалдар мен иллюстрациялар таңдаудан тұрады.
5. Нақтылау біртұтас жүйенің жалпыға ортақ негіздемелерінің ерекше және бірегей нышандарын бөліп шығару және түсіндіруден тұрады.
6. Білімді зердеге түю құралы термин-сөздер болып табылады.
6. Білім ақыл-ой әрекетінің құралдарында, содан соң символ-таңбалық құралдар арқылы көрінеді.
В.В. Давыдов мазмұнды абстрагирлеу және жалпылау барысында алынатын теоретикалық білімін сипаттамасын келтіреді. Ол дамыта оқытудың негізін құрайды. Генетикалық бастапқы негіздеме және ой-еңбек әрекетінің жалпыланған тәсілін анықтау және қайта өңдеу үшін барлық қасиеттердің байланысын белгілеу үшін салыстыру және қайта өңдеудің ғана емес анализдің ойлау әрекетінің (сәйкес синтездің де) маңыздылығы аталып өтеді. Теоретикалық білімнің тағы бір маңызды айырмашылығы - оның қалаптасуы барысында біртұтас жүйе ішінде жалпыға ортақ пен жекенің байланыстары орнатылады, оның мәнін түсіну, ол белсенді ойлау әрекетін ұйғарады (тек қана түсінік емес). Және үшінші, оны да ерекше атап өту қажет, - теоретикалық білімнің өмір сүру түрі. В.В. Давыдовтың теориясында бұл ең алдымен, ой-еңбегі қызметінің әдістері, әрекеттің жалпыланған тәсілдері.
Теоретикалық білімнің және оқытудың негізгі бағытын осылайша түсіну, яғни абстрактіден нақтыға - қолданыстағы дидактикалық принциптердің басқа, психологиялық тұрғыдан түсіндіруіне негізделеді. Мысалы, В.В. Давыдов саналықтың, көрнекіліктің, сабақтастықтың, ұғынымдылық, ғылымилықтың жалпы дидактикалық принциптерін қарастыра келе, олардың басқа, психологиялық-педагогикалық табиғаты бар екені жөнінде айтады.
Біріншіден, сабақтастық принципі оқыту кезеңдерінің сапалық айырмашылықтары принципіне өзгертіледі, олардың әрбіреуі психикалық дамудың әртүрлі сатыларымен байланысты. Екіншіден, ұғынымдылық принципі дамыта оқыту принципіне өзгертіледі, ол жаңа мазмұнмен толықтырылып, дамудың жылдамдығы мен мазмұнын заңда тұрғыдан білім беруші әсер етуді ұйымдастыру көмегімен басқаруға болады. Үшіншіден, саналылық принципінің әрекет принципі ретінде жаңа мазмұны бар. Оқушылар бұл жағдайда мәліметтерді дайын түрде алмайды, олардың әрекет құралы ретінде өту шарттарын анықтай отырып қана алады. Бұл үшінші принцип (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов) оқушылардың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекеті ретінде оқытудың жаңа моделін қалыптастыру үшін негіз рөлін атқарды. Төртіншіден, көрнекіліктік принципін В.В. Давыдов заттық принципі ретінде қарайды. Бұл принципті жүзеге асыра келе, оқушы оның затын анықтап, оны модель түрінде ұсынуы тиіс. Бұл оқытудың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекетінің маңызды сипаттамасы, бұнда процесс пен нәтиженің модельдік, таңбалық-символикалық көрінісі маңызды орын алады.
Оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру негізінде оқу әрекетіндегі дамыта оқыту оның құрылымы мен ерекшеліктеріне сәйкес зерттелінуі тиіс. В.В. Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмұнын ғана емес, оқу әрекетінде осы пәндерді игеру барысында оқушыда қалыптасуға тиіс біліктерді де тұжырымдайды:
1. Жалпы және абстрактілі сипаттағы білімдерді меңгеру, оқушылардың оған қарағанда жеке және нақты білімдермен танысуының алдында жүреді; соңғысы оқушылар өзінің бірыңғай негізі ретіндегі жалпы және абстрактіден шағарады.
2. Берілген оқу пәнін немесе оның негізгі тарауларын белгілейтін білімдерді оқушылар олардың пайда болуының шарттарын талдау процесінде меңгереді, солардың арқасында олар қажетті болады.
3. Оқушылардың қандай да болмасын білімдерінің заттылық көзін анықтауда оқушылар оқу пәнінде ең алдымен берілген білім объектінің мазмұны мен құрылымын анықтаушы генетикалық бастапқы, мәнді, жалпыға ортақ қатынасын анықтай алуға қабілетті болулары тиіс.
4. Бұл қатынасты оқушылар ерекше заттылық, графикалық немесе әріптік модельдерде қайта жаңғыртады, ол оның қасиетін таза түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
5. Оқушылар зерттелінетін объекттің осындай бірлікте ол туралы жеке білімдер жүйесінде генетикалық бастапқы, жалпыға ортақ қатынасын нақтылай алу қабілеті болуы қажет, ол жалпыға ортақтан жекеге және кері ойша ауысуларын қамтамасыз етеді.
6. Оқушылар әрекеттерді ой-еңбектік тұрғыдан орындаудан оларды сыртқы тұрғыда және кері орындауға ауыса алу қабілеттері болуы тиіс.
Мектепте білім беру практикасына енгізілген Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың жүйесі бойынша дамыта оқытуға Л.И. Айдарова, А.К. Маркова, В.В. Рубцов, А.З. Зак, В.В. Репкин. М.М. Разумовский, Г.Г. Граниктің және т.б. еңбектерінде түсінік беріледі. Дамыта оқытудың идеясының өзі Д.Н. Богоявленский, С.Ф. Жуйков, М.Ф. Косилова, И.Я. Каплунович, Б.Е. Хаевтің оқытудың эксперименталдық жүйелерінде [толығырақ 231 қараңыз], сонымен қатар, Т.В. Некрасова, Г.Н. Кудина, Р.Г. Мильруд және т.б. жұмыс тәжірибелерінде қысқаша көрініс тапты. Л.В. Тарасованың ұсынған Жалпы білім берудің жаңа үлгілері. Экология және диалектика еңбегінде негізінен Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқытуының негізгі ережелері пайдаланылады. Осының барлығы дамыта оқытуды мұғалімнің оқыту практикасына кеңінен енгізудің мүмкіндіктері мен болашағына ие бола отырып, шын мәнінде оқушының психикалық дамуын басқаратынын көрсетеді.
Адамның әлеуметтік ортада, арнайы білім беру мекемелерінде жеке тәжірибесін жинақтауы - бұл дамыту, оқыту, тәрбие берудің күрделі өзара әрекетінің нәтижесі, бұл жерде дамыту - оқытудың түпкі мақсаты, ал оның өзі (тәрбие берумен бірге) - дамудың шарты мен негізі болады, оның өзінің деңгейлері, сызықтары мен бағыттары бар. Дамыта оқыту Л.С. Выготский бойынша, алдын алушы дамудың принциптерін табысты жүзеге асыру болып табылады.
Ең алдымен дамыта оқытудың тиімділігін айта кететін болсақ: оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,-деп түсіндіріледі.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.)
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz