Жазушының шығармаларынан ұлттық танымның ашылу ерекшелігіне зер салу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
- Талаптан Ахметжан шығармаларындағы ұлттық танымның маңызы мен рөлі . . . Суреткер тұлғасы және шығармашылық еңбек . . . Автор шығармаларындағы ұлттық менталитет . . .
- Талаптан Ахметжан прозасындағы ұлттық құндылықтардың көрінісі . . . Ұлттық характер жасауда кейіпкер сөзінің қызметі . . . Мәтін астарындағы ұлттық құндылықтар жүйесі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұлттың батыр, өнерлі, қайсар, өнегелі болып өсуіне, шешен, алғыр көсем болып қалыптасуына және жамандықты сынап, жақсылықты дәріптеген, көркем әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан талапты да, талантты жазушы Талаптан Ахметжанның туындыларынан кездестірсек болады. Ұлттық таным туралы қарастырғанда дін, діл, тіл, салт - дәстүр мен әдет - ғұрып, әлеуметтік, психологиялық, философиялық дүние талдамына да тоқталып өттік. Қаламы қуаты, ойы ұшқыр, ұлтжанды жазушының қаламы ұлттық танымның озық үлгілерін кейіпкер характері арқылы қалай насихаттайтынын көрнекті жазушымыз Талаптан Ахметжанның туындыларының негізінде зерттеп, талдап беруді диссертациялық жұмысымыздың нысаны еттік.
Тақырыптың өзектілігі. Талаптан Ахметжанның шығармашылық өмірі, оның ішінде прозасы қазақтың ұлттық сөз өнерін, ұлттық құндылықтарын, ұлттық танымын көрсете білген шығармалары басты назарға алынады. Сонымен қатар, қаламгердің шығармалары көркемдік тілдік ерекшелігі және әдеби образ негізінде зерттелгенімен, алайда суреткердің тұлғалық бейнесі мен шығармалары ұлттық таным негізінде арнайы зерттеу қажет ететіні белгілі.
Еліміз тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқан кезеңнен бастап өнер мен ғылымдағы ұлттық таным, қазақ халқының мәдени мұрасын түгендеу қарқынды қолға алына бастағаны сөзсіз. Сондықтан, қаламгердің туындылары ұлттық танымның көркем шығармадағы көрінісін тану үшін алынып отыр.
Сонау Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбергенов бабаларымыздан бастап қарастырыла бастаған ұлттық таным, ұлттық мәдениет, әдет - ғұрып, салт - дәстүрлеріміз еді. Тәуелсіз ел болғаннан кейін, ұлттық таным идеялары тіптен жоғары деңгейде жариялана бастады. Халқымызға ұлттық сананы өзінің әсерлі, көркем шығармаларымен ерекшелене білген дара жазушы - Талаптан Ахметжан еді. Жазушы қаламынан «Нобель сыйлығы», «Сынық қанат көбелек», «Тозақ оты», «Ақиқат жолы», «Қылбұрау», «Айсәуле» атты повестер, «Мұң», «О дүниенің қонағы», «Қала мен қария», «Айқасқа», «Тұма», «Күнәһар», «Шәрбат», «Қара күз», «Махаббат әуендері» сынды әңгіме мен пьесалар туды. Жоғарыда аталған шығармаларда ұлттық құндылықтар, отанға деген сүйіспеншілік, тәуелсіздік жылдарына дейінгі және кейінгі қазақ жастарының патриоттық сезімдерінің қалыптасуындағы көріністері зерттеудің өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ұлттық танымды әрбір халықтың болмысының барлық саласымен тамырлас, астас жатқан қасиетті ұғым ретінде қарағанымыз жөн. Тәуелсіздігіміздің екінші он жылдығында ұлттық идеология мен ұлттық таным мәселесі мемлекеттік дәрежеде көтеріліп, сол уақыттан бері көптеген пікірталастың тақырыбына айналып келеді. Сонымен қатар, ұлттық таным жайлы көптеген ақын - жазушылар тілге тиек еткен. Сол жазушылардың бірі қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған - Талаптан Ахметжан. Жазушының еңбектеріндегі ұлттық танымды қарастыру, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды, ұлттық характерді айқындау, зерттеу басты мақсатқа алынып отыр. Осы орайда атап өтер мәселе Талаптан Ахметжанның екі томдық шығармалар жинағындағы туындыларындағы ұлттық таным мен ұлттық характер мәселесі шығармашық даму үстінде зерттеледі. Қаламгер ұлттық таным және ұлттық характер мәселесін көркем шығармада қалай көрсете білді деген мәселелерді қарастыру негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Ең алдымен суреткер тұлғасы мен шығармашылық еңбектерін зерттеу; Қаламгер шығармаларының жазылу тарихын зерттеу; Жазушының шығармаларынан ұлттық танымның ашылу ерекшелігіне зер салу; ұлттық характер жасаудағы кейіпкер сөзінің қызметін автор қалай көрсете білген деген мәселелер зерттеудің негізігі мақсаты болады.
Осы мақсаттарға байланысты шешімін табар мынадай міндеттер қойылып отыр:
- Жалпы, әдебиеттану саласында қазақ прозасына, оның ішінде «ұлттық таным», «ұлттық характер» және «ұлттық менталитет» ұғымына қатысты барлық ғылыми - зерттеу еңбектері мен диссертациялық жұмыстардың, ойлау жүйесін - ұлт, халық, қазақтың ұлттық мінезі деген сияқты ірі категориялармен астастыра қарау;
- Қаламгердің повесть, әңгімелеріндегі халықтың қанына сіңген салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық мінез-құлық, ұлттық кәсіптің өзіндік қиыншылығы мен қызықтарын шығармадағы кейіпкерлер арқылы көрсетуін, яғни ұлттық характер жасаудағы шеберлік қырларын зерделеу;
- Талаптан Ахметжан шығармаларының астарындағы ұлттық құндылықтарды анықтап, саралау;
- Жазушы туындыларынан ұлттық таным, дәстүр мен әдет-ғұрып, ұлттық характер көріністерін байыптауда оның көркемдік негізін (генезисін) тауып, қолдануларына баса мән беру;
Диссертациялық жұмыстың зерттеу нысаны. Талаптан Ахметжанның «Нобель сыйлығы», «Сынық қанат көбелек», «Тозақ оты», «Ақиқат жолы», «Қылбұрау», «Айсәуле» атты повестер, «Мұң», «О дүниенің қонағы», «Қала мен қария», «Айқасқа», «Тұма», «Күнәһар», «Шәрбат», «Қара күз», «Махаббат әуендері» атты әңгімелері «Екі жүрек» және «Тазша бала» пьессалары алынды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Талаптан Ахметжан шығармаларындағы ұлттық таным мәселесі алғаш рет ғылыми зерттеу нысаны болып отыр. Бұған дейін Т. Ахметжан шығармаларының әр қырына қатысты зерттеу жұмыстары бар. Қаламгер шығармаларындағы ұлттық танымға, ұлттық құндылықтар мен ұлттық характерге талдау жасау арқылы жазушының шығармашылық ізденістері зерттеледі.
Соңғы жылдары қазақ проза жанрында ұлттық менталитет, ұлттық характер ұлттық сананы ояту, ұлттық мүдде, ұлттық мақтаныш тұрғысында қарастырылып зерттеледі. Сонымен қатар, диссертациялық жұмыста ұлттық характердің прозадағы бейнеленуі мен кейіпкерлердің диалогы негізіндегі ұлттық характерді айқындалады. Талаптан Ахметжанның ұлттық танымды, ұлттық характер мен ұлттық құндылықтарды сомдаудағы шеберлігі зерделенеді.
Әр қазақтың ана әлдиімен, әке айбарымен өскен ұлттың өкілі екендігіне мақтану керектігін жеткізе білді. Тұрмыстық трагедияларды жаза отырып, қаламгер кейіпкердің сол қиындықтарды жеңуін ұлттың жан сырынан, ділінен ізденгендігі байқалады. Қазақтың өмір сүру философиясы арқылы ұлттық менталитеті мен ұлттық характер сипаты сараланады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Талаптан Ахметжан шығармашылығы қазақ әдебиеттану ғылымында арнайы зерттеудің нысанына айналып, толықтай жан - жақты зерттеген ғылыми жұмыстар өте аз. Қаламгер шығармаларына қатысты зерттеу жұмыстарды көбіне баспасөз беттерінде, ғылыми басылымдарда, халықаралық конферения басылымдарына жарияланған мақалалардан көре аламыз. Зерттеушілердің көбісі ғылыми еңбектері мен диссертациялық жұмыстарында жазушылардың туындыларына ішінара тоқталған немесе толықтай диссертациялық жұмыс жазылғанмен де басқаша қырынан талданған. Талаптан Ахметжан шығармаларындағы ерекшеліктерге тоқталып, пікір қалдырған, ғылыми талдаулар жасаған Қ. Т. Жанұзақова, Г. Балтабаева, Ш. Елеукенов, Г. Орда, Қ. Раев, Ж. Мазибаева, А. Әбдібаева сынды т. б. зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы. Диссертациялық жұмыстың нәтижелерін «Қазақ әдебиеті тарихы», «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Қазіргі әдеби процесс» сынды курстарды оқыту барысында дереккөз ретінде қолдануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында тарихи -салыстырмалы, проблемалық талдау әдістері пайдаланылды. Зерттеу жұмысының барысында теориялық ғылыми сипаттау, сараптау, топтастыру, ой қорыту және де талдау, жинақтау әдістері қолданады.
Зерттеу жұмысының жарияланымы. Диссертациялық жұмыс барысында төмендегі тақырыптар бойынша мақалалар жарияладық.
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Алаш зиялыларының ғылыми-әдістемелік мұралары: дәстүр мен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференциясында «Талаптан Ахметжан шығармаларының көргемдігі» атты мақала.
- «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми-көпшілік журналының №3(58) 2018 санында «Талаптан Ахметжан шығармаларындағы заман шындығы» атты мақала.
- Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің хабаршысы журналына «Талаптан Ахметжан шығармаларындағы діни, мифологиялық көріністер» атты мақала.
- Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысына «Талаптан Ахметжанның “тозақ оты” повесіндегі әдеби образдар жүйесі» атты мақала жарияланды.
І. Талаптан Ахметжан шығармаларындағы ұлттық танымның маңызы мен рөлі
1. 1. Суреткер тұлғасы және шығармашылық еңбек
Жазушы Талаптан Ахметжан 1961 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Теректібұлақ ауылында дүниеге келген. Қаламгердің балалық шағы Қызылшоқының бауырында, Күршім өзенінің бойында бергі жағында Қаратал ауылы мен арғы жағында Ахметжан түбегінің (Талаптанның атасының атына қойылған) бойында өтті. Әкесі Зайнолда ауылда әр түрлі жұмыстар да істеді. Ескіше оқыған, сауатты, өмірден тоқығаны мол адам еді. Аңыз-ертегілерді көп білетін. Іш тартқан адамымен әр түрлі тақырыптарда ұзақ сырласқанды ұнатушы еді. Абайдың өлеңдерін жиі қайталап оқитын. Құранды түгел оқып шыққан-ды. Намазға жығылмаса да мұсылмандық қағидалармен жүріп өткен кісі.
Шешесі Биғани үй шаруасымен айналысатын адам еді. Мінезі биязы, қолы ашық, жұртқа жағымды еді. Ауылдың үлкен- кішісі осы мінезіне қарай құрмет тұтатын.
Талаптан - үйдегі төрт қыздан кейінгі сүт кенже, жалғыз ұл. Бала күнінде еркін өсті. Ешкім бетінен қаққан жоқ. Мектепте жақсы оқыды. Сегізінші сыныпты кілең «үздік» деген бағаға аяқтады.
Талаптан Ахметжан жайлы мектептегі ұстазы Ақаева Уаш апайымыз қаламгер өмірін былайша баяндап берді: « Мен Талаптанның 5 сыныпта оқып жүрген кезінде «қазақ тілі мен әдебиет» пәніне деген ерекше ықыласы мен бейімділігін аңғардым. Талаптанның әдебиетке деген бейімділігіне әсер еткен өзінің жанұясы болатын. Әкесі Зайнолданы “шежіре” деп айтсақ артық болмас. Себебі, ол кісі өте ұлағатты, ауылдағы ақсақалдардың ішінде өмірдің о жақ, бұл жағын дұрыс бақылайтын, дүниетанымы кең, әдеби шығармалар, аңыз-әңгімелер мен батырлар жырын жақсы білетін-ді. Шешесі ұзын бойлы, кербез, мінезі биязы, түр-тұлғасынан қазақ әйеліне тән барлық қасиеттерді байқауыңа болатын, әдемі әйел болған-ды. Талаптанның бойындағы ерекше қасиетті ең алғаш байқағаным, ол «қазақ тілі» сабағында еркін тақырыпта шығарма жазу кезінде болатын. Мысалға, «Менің мектебім», «Менің қорқынышты күндерім», «Қуанышты сәттер» оның ең алғаш жазған әңгімесі десек болады. Әңгімесін оқи отырып, Талаптанның бойындағы таланттына, ой өрісінің кеңдігіне таң қалатынбыз. Әлі күнге дейін менің есімнен кетпейтіні, ол Талаптанның «Менің қорқынышты күндерім» деген тақырыптағы шығармасы болатын. Ол әңгімесінің қысқа желісі былай еді “Әкеміз екеуміз шөп шабуға барғанбыз. Қол орақпен шөпті шауып, тиістісін арбамызға тиеп алып, әкеміз екеуміз келе жаттық. Әкем аттың басын ауылға қарай тартып, ат айдап барады. Ал, мен болсам екі қолымды желкеме қойып, арбада шалқамнан түсіп жатқанмын. Сол мезетте кенеттен бір құлағыма әлде бір дыбыс естілді, сол жағыма қарай бұрылып қалсам, бір жыланның басы қылтиып шығып тұр екен. Сол жағдайды есіме алсам, әлі күнге дейін жүрегіме қорқыныш ұялатады”. Мінекей, бейімділік деген осындай қысқа шығармаларды жазудан-ақ басталғанын түсінсек болады. Талаптан кішкене күнінен өте әлсіз болатын, тез сырқаттанып қалатын еді. Күршімнің аудандық ауруханасында жатқан кезде, анасына арналған «Анашым» атты қысқа әңгімесін жазып, маған көрсеткен еді. Онда анасына деген балалық махаббаты, анасына деген сағынышы және де бала көңілі, яғни анасын уайымдап, алаңдайтыны жайлы сөз еткен. Ол шығармасы өте бір тамаша шығармалар еді. Кез келген бала қолына қалам алып, жүрегі мен ойындағысын ақ параққа түсіре бермейді. Оған да ыстық қайрат пен ақыл-парасат керек. Талаптан мектеп табалдырығында жүргенде өте белсенді, қоғамдық жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын, қолына домбырасын алып мектепте болатын әр түрлі іс-шараларға қатысатын еді. Ол мектепті тәмәмдап, Өскемен құрылыс-жол институтына түссе де, қолынан қаламын тастаған емес. Студент кезінде де облыстық газет-журналдарға әр түрлі тақырыптардағы әңгімелері басылып шықты. Талаптанның шығармаларындағы оқиғалардың бәрі өмірде болған, әкесі Зайнолдадан естіген әңгімелер желісі бойынша жазылған. Тіпті, кейіпкерлерінің көбісінің аты өзгермей сол қалпы қалған-ды. Талаптанның бойынан еліне, ұлтына деген және жалпы адамзатқа деген ыстық ықыласты байқауымызға болады».
Ал, Талаптанның таланты мен мінезі жайлы құрдастары былай дейді: «Талаптан мектепте оқып жүрген кезде өзінің байсалдылығымен, ұқыптылығымен көзге түсетін. Ол кішкентай күнінен әр кез бір тұңғиық ойда жүретін еді. Барлық пәндерді жақсы оқитын, алайда «қазақ тілі мен әдебиет» сабағын сүйіп оқитын. «Қазақ тілі» сабағынан шығарма жазған кезде, әрдайым Талаптанның шығармалары ұстаздарымыздың назарында болатын. Өйткені Талаптанның шығармалары жүйелі, көркем сөз, баламалар, тіпті теңеу сөздерге дейін қолданып жазатын. Сонымен қатар, Талаптан табиғатты тамашалағанды, жыл мезгілі ауысқан кездегі ерекше құбылыстарды тамашалағанды жақсы көретін еді. Талаптан жарық жұлдыздай жарық ете түсті, дегенменде артынан көптеген мұра қалдырды десек болады. Келешек ұрпаққа үлгі болатындай азаматтардың бірі еді».
Ал. жазушының жары - Риза Әділбекқызы қаламгердің шығармашылығы мен араласқан ортасы жайында «Әр адамның бойында басқа жандардан ерекше етіп тұратын бір қасиет бар болады. Міне, сондай ерекше қасиеттерінің бірі -Талаптанның адамгершілігі еді. Ол ешқашан адамның бойынан кемшілік іздемейтін еді. Адамның бойындағы қай қылығын да әрдайым жақсыға жорып отыратын еді. Кейбір жандар қызметі өзгерсе де, өзгереді ғой. Ал, Талаптан ағаңда ондай мінез болмады. Әйтпесе, Тәкең көптеген жоғарғы лауазымдарда қызмет атқарды. Мысалға, министрлікте қзмет етті, газеттің бас редакторы болды. Бірақ ешқашан адамгершілігін жоғалтып, көкіректенбеген еді.
Талаптанның әңгімелері, өлеңдері және мақалалары аудандық, облыстық газеттерде басылып тұратын. Алайда, ол Құрылыс институтінің түлегі болса да, бар назары әдебиетте еді. Оқуын тәмәмдағаннан кейін, жолдамамен үш жылға Ақтөбеге жұмысқа кететін болды. Бірақ та біз ол кезде отбасылы болғандықтан, жағдайына қарап, Өскеменде қалуына рұқсат берді. Ағаң Өскеменнің Цемент зауытында бас маман болып жұмыс істеді. Әркез шығармалары газет бетінен жарық көріп тұратындықтан, талантын байқаған соң, Талаптанға Алматыға «Жігер» фестиваліне шақырту келді. Кейін ол Алматыдан ерекше көңілмен оралды. Себебі, «Жігер» фестивалінің лауреаты атаныпты. Тәкеңді Қалихан аға, Әкім аға және Оралхан аға сынды әдебиеттің майталмандары жылы қарсы алып, ақ баталарын беріп шығарып салыпты. Соған мерейі өсіп, қуаныштан бал-бұл жайнап келген екен. Оралхан Бөкей өз кітабына «Айналайын, Талаптан, қабырғаң қара жерге тигенше талаптан» деп қолтаңба жазып беріпті.
Біз Алматыға көшіп келуге себеп болған Дидар аға болатын, ал Қалихан аға, Оралған ағалар қамқорлық жасап, Тәкеңе жөн жоба көрсетіп, ағалық ақылдарын айтып жүрді. Әкім Тарази аға Талаптанның ұстазы болды. Туған інісіндей бауырына тартты. Сол жылдары газет басылымдарына «Таразиді таң қалдырған Талаптан» атты мақала да жазды. Тәкең мен Әкім ағаның кейбір бінездері қатты ұқсайтын-ды. Ал қатарластарынан, Қали Сәрсенбай, Роза Мұқанова, Асқар Алтай, Нұрғали Ораз, Бауыржан Омаров, Әнуарбек Әуелбек сынды ақын-жазушылармен жақын болды.
«Тұма» деген атпен 1993 жылдары Талаптанның алғашқы кітабы жарық көрді. Ағаң, ерекше толқыды. Одан кейін бірнеше кітаптары да жарық көрді. Кейін Әкім ағамен бірлесіп жазған кітап диалогтары да баспаға шықты.
Талаптанның қолжазбаларының барлығы да жарық көрген сияқты. Дидахмет аға Талаптанның күнделіктерін, бірқатар қол жазбаларын алдыртқан. Кітап шығару ойда бар еді. Сол кітапты шығарамыз деп жүргенде Дидахмет ағаның өзі де бақилық болды. Тәкеңнің «Тұмар» деген спектаклі жарық көрмеді. Дәулетбек Байтұрсынұлы Тәкең жайлы естеліктерді кітап етіп жинақтап шығарайын деп еді. Материалдар аздау болып, ол кітапта баспа бетін көрмеді. Тәкең «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет айдыны», «Парасат» секілді газет-журналдарда қызмет етті».
1977 жылы көктемде шешесі аяқ астынан сырқаттанып, елу жасында дүниеден қайтты. Баланың оқуы төмендеп кетпесін деп және денсаулығына байланысты қаланың үлкен дәрігерлеріне көрінсін деген ниетпен әкесі сол жылы Талаптанды Өскемендегі апайы Жаңылдың қолына жіберді. Орта мектепті Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернаттан жақсы тәмамдап шығады. Мектепті бітірген жылы, яғни 1979 жылы Өскемен құрылыс-жол институтына оқуға түседі. 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын тәмамдаған. 1987 жылдан бері баспасөз саласында 1987-1990 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық телерадио комитетінде редактор, 1990-1993 жылдар аралығында республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. 1993 жылдан күні кешеге дейін ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі Ұлттық агенттігінде бас маман болып жұмыс істеді.
Талаптан Ахметжан 1988 жылы өткен Қазақстан шығармашылық жастарының Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты. 1994 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Оралхан Бөкей атындағы сыйлығының лауреаты атанды. 1995 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Тұма» атты тұңғыш жинағы үшін 1996 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанды, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының («О дүниенің қонағы» атты кітабы үшін, 2002 жылы), Халықаралық Валентин Пикуль атындағы сыйлықтың ( шығармашылықтағы жетістіктері мен халықаралық әдеби байланысқа сіңірген еңбегі үшін, 2008) лауреаты.
Бұл жинақтың «Тұма» деп аталуы «Тұма» Талаптанның ата-бабасының ата қоныс жері.
2002 жылы «О дүниенің қонағы» атты кітабы үшін халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты атанды. Бүгінгі жастар өмірінен жазылған «Екі жүрек» атты екі актілі трагедиясы Ғ. Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрында қойылды. Талаптан публицистика жанрына да қалам тартып жүреді.
Қазақ қара сөзінің кең айдынына келген - Талаптан «Таразиды таң қалдырған Талаптан» - бүгінде сөз таныр жұртқа әйгілі жазушы. Талаптан ағаның қылқаламынан жүректі шымырлатар талай туындылар туындаған. Талаптан шығармаларының ерекшелігі - кейіпкерлері өмірде бар: жерлестері, достары, туыстары, өзі араласатын адамдары.
Қаламгердің «Тұма» атты әңгімесіндегі кейіпкер Нұртас образы, болмысы мен өмірі Талаптанның өзінің өмірімен тұспа тұс келгендей. «Қиялшыл, қызба жастың бойында әсемдікке деген құштарлық тым ерте оянған еді, келе-келе белгісіз бір тойымсыз сезім мұны әдебиет әлеміне қарай дедектете сүйрей жөнелген. Балалық әуестікпен оқушы кезінде бірдемелерді шимайлап жүруші еді, институттың бірінші курсында оқып жүргенде әңгімесі облыстық газетке басылып шықты ғой . . . Бәрінен де Алматыда өткен жас ақын-жазушылардың семинар-кеңесіне жібергендерін айтсаңызшы. Әлі есінен кетпейді; жер-жерден келген өзі сияқты жастармен кездесіп, аға жазушылардың ақыл-кеңесін тыңдады . . . Көпшілікке танымал өзі сүйіп оқитын жазушы ағасының кітабын қолына алып, бірінші бетіндегі қара сиямен арбақтата жазылған жазуларға тағы да тебірене көз жүгіртті, “Қабырғаң қара жерге тигенше талаптан”, -деп жазыпты . . . » [1. 100] .
«Нұртас сол күндерді сағына есіне алады. Қазір көңілі бастығып, қолына қалам да алмайтын болып кетті. “Күні-түні тыным таппай жанталасқаннан не пайда, ішінле іліп алар дәні болмаған соң”, -деп налыды. О баста әдебиетті сүйе тұра инженерлікті қалап алғандығы түпкі ойы әдебиетті кітаптан емес, өмірден іздеу еді; толыса келе қос жолды тоғыстырып жібермек болған; енді “байтал түгіл бас қайғының” кері келіп, жаңбыр болмай бүрісіп жүрген түрі мынау» [1. 100] . Талаптан Ахметжанның өмірін зерттеп, зерделей келе және «Тұма» әңгімесіндегі Нұртастың өмірі мен образын оқып, сараптай келе автор мен шығармадағы кейіпкер өмірінің ұқсастығын аңғардық. Сонымен қатар, бұл шығармада автор өзінің өміріне сүйене отырып жазылғанын байқадық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz