Халықты жұмыспен қамту негізі


3. 1
3. 2
КІРІСПЕ
Менім дипломдық жұмысымның тақырыбы «халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттік (жергілікті) басқару жүйесі аса өзекті тақырып, өйткені мемлекет басшысы атап көрсеткендей халықтың лайықты жұмыспен қамтылуы-азаматтарды әлеуметтік тұрғыдын қорғау мен олардың өмір сапасын арттырудың негізі жұмыспен қамту болып табылыады. Алайда Қазақстанның бірінші күндерінде алдынан шыққан мәселелер әлі де толық жетілген жоқ еді. Сондай мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады.
Қазіргі кездегі нағыз өзектіәлеуметті мәселе-жұмысыздықты азайту болып келеді. Жұмыс таба алмай жүргендер азаматтармен азаматшалар ауылда да, қалада да аз емес. Осығанорай, халықты жұмыспен қамту бүгінде мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселе болып отыр. Үкімет түрлі бағдарламалар дайындап, халықты еңбекпен қамту мәселесін шешуге тырысып-ақ жатыр. Елбасының биылғы Жолдауында да бұл мәселеге ерекше көңіл бөлді. Осы орайда, Үкімет ұзақ жылдарға арналған халықты еңбекпен қамту мәселесін шешуге арналған бағдарлама қабылдап, ол биылдан бастап қолға алынуда. Бұл бағдарламаның өзгелерден ерекшелігі сол, онда нақты қаржы тетігі қарастырылған және еңбек нарығының таяу болашақтағы сұранысы ескеріле отырып жасалған.
Міне, осы бағдарлама және халықты әлеуметтік қолдау, еңбекпен қамту жайында. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму саясатындағы басым бағыттардың бірі халықты еңбекпен қамту болып отырғаны белгілі. Шынын айтқанда, мұның өзі бүгінде мемлекеттікмаңызы бар, келелі мәселе болып отыр. Енді екі-үш жылдың ішінде жоғарыда аталған бағдарлама аясында іске қосылатын кәсіпорындарға қажетті жұмысшы мамандарда даярлау қазір өзекті мәселеге айналып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанда жұмыспен қамту жүйесінің өзекті мәселелерін анықтап, халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттік басқару жүйесін талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жүйесінің қалыптасу теориясын негіздеу.
2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі бағыттарын қарастыру.
3. Халықты жұмыспен қамту жүйесін қалыптастыруда батыс елдері тәжірибесін қолдануды қарастыру.
4. Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жүйесін талдау. Қазақстанда халықты жұмыспе қамту жүйесін көтеруде мемлекеттік қолдауды дамыту.
5. Халықты жұмыспен қамтудың- 2020 бағдарламасының ерекшеліктерін қарастыру
6 . Облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі жұмыстың зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жүйесінің қалыптасуының теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілер жиынтығы болып табылады. Нарықпен келген жұмыссыздық адамдардың әлеуметтік жағдайына, тұрмыстық ахуалына кері әсерін тигізгені белгілі. Осыған орай, халықты жұмыспен қамту мәселесіне мемлекетіміз үнемі жете көңіл бөліп отыр, бұл бағытта мақсатты және жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қол жеткен жетістіктеріміз де жоқ емес. Ал, ұзақ жылдырға арналған халықты жұмыспен қамту жөніндегі бағдарлама бұл мәселені түбегейлі шешуге игі ықпалын тигізері анық. Сондықтан, жұмыссыздық мәселесін жан -жақты қарастыруда, оның ішінде жұмыссыздық деңгейін анықтау мәселесіне үлкен көңіл бөлу керек. Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталығы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жұмыс істейді.
Менім дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлімнің өзі үш бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы және Астана қалаларында жергілікті атқарушы органдармен 2011 жылы құрылды. Қазақстанда 200 халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс істеуде. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты - азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру болып саналады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа және жұмыс берушілерге қызмет көрсетуде. Барлық қызметтер тегін ұсынылады. Жұмыспен қамту орталықтарында арнайы дайындалған қызметкерлер жұмыс істейді және бірыңғай жұмыс стандарттары қолданылады. Еліміздің экономикалық дамуына ерекше серпін беретін 2015-2020 жылға дейінгі кезеңгі арналған жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына игі әсерін тигізбекші. «Статистика мәліметінше, өткен жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздар саны 458, 6 мың адамды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 5%-ға дейін төмендеді. Жұмыспен қамту картасы мәліметінше, жақын арадағы перспективада жұмыс күшіндегі қажеттілік сол деңгейде сақталады, жыл сайын 300 мыңға тарта адам. Таяу жылдары еңбек нарығы ерекше демографиялық факторлардың ықпалында болады. Сондықтан мемлекетіміз еңбек нарығына қолдау көрсетіп, жұмыспен қамтуды реттеуге қомақты қаражат жұмсап, белсенді түрде арнайы бағдарламалар енгізуде. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсету жаһандық дағдарыстың қазақстанық енбек нарығына тигізетін теріс ықпалын айтарлықтай женілдетуге мүмкіндік береді.
1. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ РОЛІ
1. 1 Халықты жұмыспен қамту негізі
Жұмыспен қамту - бұл қазіргі еңбек нарығы тәжірибесіндегі ең күрделі мәселердің бірі және оны жетілдіру қазіргі қайта құру сатысындағы басты міндет. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспентұрлаулы қамту жүйесі болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету жүйесі әлеуметтік топтардың тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшыларсанына қосуға даярлау міндеті ауқымында орналастыру тиіс.
Яғни жұмыспен қамтылу дегеніміз - азаматтардың жеке кажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, зандарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі болып саналады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін заң жобасында жұмыспен қамту орталықтарын реформалау және барлық бос жұмыс орындары мен барша елді мекендер бойынша бірыңғай онлайн алаң құру көзделген. Осы мақсатта еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құрайтын «Электронды еңбек биржасы» мемлекеттік интернет ресурсы құрылды. Көптеген елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік жәненақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудіңәлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызметету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтікқорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау жәнеқайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердіңбіріболып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. Жұмыспен қамту көрсеткіші әр түрлі елдердің немесе олардың топтарының еңбек рыногын салыстыру үшін база ретінде қолданылады. Ол ерлер мен әйелдер үшін, сондай-ақ әр түрлі жас топтары үшін жеке есептелінеді. Жыныс белгісі бойынша жұмыспен қамту деңгейін талдау ерекше мүддені көрсетеді, өйткені ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамту деңгейлерінің салыстырмалы ұқсастығы немесе алшақтығы нақты елдің еңбек рыногында қалыптасқан гендерлік айырмашылықтарын сипаттайды.
Мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылғандардың жіктелімі еңбек рыногының, сондай-ақ тұтас алғанда экономиканың серпінін зерделеу үшін маңызды. Жұмыспен қамту мәртебесі қызметкерлердің мінез-құлығын және еңбек жағдайын сипаттау үшін, сондай-ақ индивидуумның әлеуметтік-экономикалық ережелерін анықтау үшін статистикалық негізді береді. Жалданып жұмыс істейтіндердің жоғары үлесі экономикалық дамудың жоғары деңгейі жөнінде куәландырады. Жұмыспен қамтылған халықтың елеулі үлесін отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері құрайтын мемлекет ең алдымен нашар дамыған болып табылады және жұмыспен қамту өсуінің елеулі емес қарқынымен, барлық жердегі кедейшілікпен және көбінесе, ауыл шаруашылық өндірісінің басымдылығы кезінде өндірістік индустрияның жоқтығымен сипатталады. Жұмыспен қамту мәртебесі үш маңызды санаттар арасында жұмыспен қамтылған халықтың айырмашылықтарын жүргізеді, жалданып жұмыс істейтіндер (жаладамалы қызметкерлер) жалданып жұмыс істемейтіндер (өз бетінше жұмыс істейтіндер) отбасына көмектесетін мүшелері (сондай-ақ, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері деп аталатындар) Осы үш топтардың әрқайсысы жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халықтың ерлер мен әйелдер санындағы тиісті үлесі түрінде көрсетілген.
Экономикалық өсу шамасына қарай жұмыспен қамтылған халық ауыл шаруашылық секторынан өндірістік секторына және қызмет көрсету саласына ауысады, бұл өз кезегінде жалданып жұмыс істейтіндер санының өсуіне мүмкіндік береді. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады. Мемлекттік қолдау шаралары ретінде берілетін субсидиялар. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Осыған орай, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша Бағдарламаның қатысушылары болып Қазақстан Республикасының азаматтары. Елімізде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда. Бағдарлама аясында жастар алғашқы жұмысшы мамандығын тегін ала алады. Сондай-ақ, сұранысқа ие мамандықтар мен дағдыларды үйренуге болады. Өткен жылы 80 мыңға жуық адам осы мүмкіндікті пайдаланды, 2018 жылы 628 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды, оның ішінде жұмыссыздар - 509 мың адам және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 119 мың адам.
Сондай-ақ, жастармен қатар жұмыссыз және жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатарынан мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін елу жастан асқан зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі адамдарға басым құқық берілген. 2018 жылы Бағдарламаға 50 жастан асқан 74 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде 57 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. 50 жастан асқан шамамен 6 мың адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді, ал 1, 2 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен қамтылған. Және Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы бойынша «Халықты жұмыспен қамту орталығының» маңызды бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп, оларды жұмыспен қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға біліктілігін жетілдіріп, қайта оқып, қысқа мерзімді курстардан өтуге мүмкіндік беріледі.
Айта кеткен жөн, жыл басынан бері 200 ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат орталық қызметіне жүгінген, оның 174-і қоғамдық жұмыстарға орналасса, 30 ға жуығы тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамту бөлімі бойынша жұмыссыз азаматтарға төмендегідей қызметтер көрсетіледі.
Жұмыспен қамту мәртебесі үш маңызды санаттар арасында жұмыспен қамтылған халықтың айырмашылықтарын жүргізеді жалданып жұмыс істейтіндер (жаладамалы қызметкерлер) жалданып жұмыс істемейтіндер (өз бетінше жұмыс істейтіндер) отбасына көмектесетін мүшелері (сондай-ақ, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері деп аталатындар) . Осы үш топтардың әрқайсысы жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халықтың ерлер мен әйелдер санындағы тиісті үлесі түрінде көрсетілген.
Экономикалық өсу шамасына қарай жұмыспен қамтылған халық ауыл шаруашылық секторынан өндірістік секторына және қызмет көрсету саласына ауысады, бұл өз кезегінде жалданып жұмыс істейтіндер санының өсуіне мүмкіндік береді. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады. Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Я. Ә. Әубәкіров, Т. А. Әшімбаев, Ү. С. Байжомартов, С. Х. Берешев, Н. А. Омаров, А. К. Отаров және т. б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлесін қосқан.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу мемлекеттің қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету халықты жұмыспен қамту негізі, әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Жұмыспен қамту бойынша елімізде бағдарламалар жүзеге асырылуда және ол 3 кезеңді қамтиды
1кезең 2011жылы пилоттық кезең, 2 кезең 2012-2015 жылдар және 3 кезең 2016-2020 жылдарды қамтиды. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік экономикалық ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызметету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтікқорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген.
1. 2 Халықты жұмыспен қамтудын мемлекеттін негізгі бағыты ретінде
Әр саланы алып қарасақ, еліміздің өркендеуіне негізгі болып табылатын адами фактордың танылатындығы баршаға мәлім. Әлеуметтік мәселелерді айқындау және осы бағыттағы бағдарламалық іс-шараларға әркімнің тікелей қатысу мүмкәндігі заңнамамен айқындалады. Жалпы халықты жұмыспен қамту саясатында негізгі бағытын айтар болсақ жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын айтуға болады.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы реттейді.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ҚР-ның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев халықты жұмыспен қамту мәселесін 2012 жылдың басым бағыты ретінде анықтады. 2011 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамту бағдарламасы қабылданған болатын. 2011 жылғы қабылданған бағдарламаны жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстарды айтты. 2011 жылы Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша 84 мыңнан астам адам өтініш білдірді, олардың ішінде 58, 6 мың адам Бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп, әлеуметтік келісімшартқа қол қойды. Жалпы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2011 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Жұмыспен қамту бағдарламасы 2011 жылдың екінші жартыжылдығында 37, 5 мың адам жаңа жұмысқа орналастырылса ал 2019 жылы жұмыссыздықтар 2, 7 есеге азайды.
Осылайша, «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасы жоба ретінде іске қосылған 2011 жылы, бағдарлама көздеген шаралар 98 мың азаматымызға қатысты қолданылды. Бағдарламаны 2012 жылы іске асыруға республикалық бюджеттен 50, 6 млрд. теңге көзделді. Азаматтардың қызметі, олардың мамандық, жұмыспен қамтылу, соның ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу (бала тәрбиелеу, үй шаруашылығын жүргізу, қоғамдық қызмет) түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген. Зандарда көзделген реттерден басқа кезде азаматтарды еңбек етуге әкімшілік жолмен және өзге де күштеудің кез-келген нысандарына жол берілмейді. «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына қүқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» делінген Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1 тармағында.
Заңда жүмыспен қамтылған азаматтардың санаттары белгіленген. Оларға мыналар жатады жеке еңбек шартымен жүмыс істейтін, оның ішінде толық, толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі) . Кірісі бар азаматтар: кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатындар; өз бетімен жұмыспен айналысатындар; қосалқы кәсіпшілікпен айналысатындар және өнімді шарттар бойынша өткізетіндер; жұмысты азаматтық-құқықтык сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, өндірістік кооперативтердің мүшелері, ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер. Қазақстан Республикасының Карулы Күштерінде, ұлттык қауіпсіздік органдарында, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық ұланда, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге де әскери кұрылымдарда кызмет атқарып жүрген азаматтар. Біздің мемлекетіміз азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін мемлекет басқару жүйесі жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Елімізде қазіргі күні халықты табысы жақсы тұрақты жұмыс орнымен қамту ісі жан-жақты бағыт бойынша өріс алып келе жатыр деп айта аламыз. Осы бағдарламаның негізінде өткен жылы елімізде 152 жаңа жоба іске қосылды. Биылғы жылы тағы да осындай 192 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осылардың негізінде жаңадан сан мыңдаған жұмыс орындары ашылатын болады. Жұмыссыз халықтың біраз бөлігі осы жаңа жұмыс орындарына қарай бағытталатын болады. Ал оларды бағыттау тетіктері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында нақты айқындалған. Бағдарламадағы шараларды жүзеге асыру негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі. Бағдарламаны жүзеге асыру басталатын 2011 жыл - қанатқақты кезең болып есептеледі. Осы жылы бағдарламаны іске асырудың тетіктері нақтыланып, олар құқықтық тұрғыдан, яғни заңдық негіздермен қамтамасыз етіледі. Екінші кезең 2012-2015 жылдарды, үшінші кезең 2016-2020 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңдерде бағдарламаны жүзеге асыру жүйелі жолға түсіп, пәрменді сипатқа ие болуы тиіс.
Қазіргі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағдарламаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Осы бойынша бағдарламаға қатысушылардың өзара міндеттемелері айқындалды. Ол міндеттер әлеуметтік келісім-шарттар жасасу арқылы бекітіледі. Көп ұзамай Индустрияландыру картасындағы жобалар мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы шаралар негізінде пайда болған және жаңадан құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істей бастайды.
Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл бағыт өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады.
Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі.
Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тегін жолдамалар беріледі және оқу орнына жеткенге дейінгі жолақы шығындары субсидияланады; лайықты бос жұмыс орындары іздестіріледі және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдем көрсетіледі; жұмысқа психологиялық бейімдеу шаралары ұйымдастырылады.
Егер бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмаса, оған бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады.
Екінші бағыттың мақсаты - жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz